Kazakh
Екінші ұстаз
Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып:
– Өзіңе лайықты орын тауып отыр, – депті. Сөйтсе, әл-Фараби тура әмір тағына барып отырады. Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде:
– Мына түрік әдеп сақтамады ғой, – депті.
Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да:
– Тақсыр, мен жетпіс тіл білемін, – депті. Ыңғайсызданып қалған әмір, халпелер: «Кешіріңіз, сіз екінші ұстаз екенсіз ғой, байқамай қалдық», – деп оған жол береді.