Қожа Ахмет Ясауи

Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті: – Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға симайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек, – депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: – Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетемін, – деп Ясы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт өткен соң, ата-анасына сәлем берейін...

Kazakh
Қожа Ахмет Ясауи
Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті: – Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға симайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек, – депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: – Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетемін, – деп Ясы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт өткен соң, ата-анасына сәлем берейін деп Сайрам қаласына келгенде әке-шешесі: – Е, қарағым, қайда болдың, кай жерден қоныс таптың? – деп сұрапты. Сонда ол Ясы қаласын, яғни кейіннен өзіне ғимарат салынған жерді атапты. – Балам, сен ол жердің халқымен сұхбаттастың ба? Не байқадың? – деген Ибраһим шайхқа Ахмет. – Иә, ата, сұхбаттастым. Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады. Соны біле тұра неге қоныс тептің дерсіз, жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін, – деген екен.
English
Khoja Akhmet Yasawi
Once, Khwaja Akhmet's father said: – Well, my son, as they say, two rams' heads cannot fit into one cauldron, so one of us must leave this place, – he said. Then Khwaja Akhmet stood up and said: – You are an elder, I am young, I will leave, – and settled in the city of Yasi. After some time, when he came to the city of Sayram to greet his parents, they asked: – Oh, my dear, where have you been, where have you settled? – they inquired. He then mentioned the city of Yasi, the place where a building was later constructed for him. – My son, have you conversed with the people of that place? What did you notice? – asked Ibrahim Shaykh to Akhmet. – Yes, father, I conversed with them. The people there will pat you on the back, they will trip you. Knowing this, why did you settle there, you might ask; it is easy to set the good on the right path, let me also try to set the bad on the right path, – he replied.