Ақ ата

Жасында Ахметті Ақ ата деген Сайрамдағы бір молдаға оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ болса керек, содан «Ақ ата» атанады. Сол кісі кезекті сабағынан соң балаларға: «Үйге барған соң, Құдайдың көзіне түспейтіндей етіп бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!» деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалар...

Kazakh
Ақ ата
Жасында Ахметті Ақ ата деген Сайрамдағы бір молдаға оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ болса керек, содан «Ақ ата» атанады. Сол кісі кезекті сабағынан соң балаларға: «Үйге барған соң, Құдайдың көзіне түспейтіндей етіп бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!» деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалардың бәрі сойылған тауық, қораздарын ұстаздарына беріпті, тек Ахмет қана алып келген қоразын мұғаліміне тірідей беріпті. Мұны көрген Ақ ата неге бұлай болды деп сұрағанда жас бала: – Ұстаз, кешірім өтінемін. Мен қоразды соя алмадым, себебі мен қай жерге тығылып сойсам да, Құдай көріп тұрған жоқ па? – депті. Сонда Ақ Ата: – Бәрекелді, Ахметім! Менің өзім де сен туралы осындай бір сырлы құпияны білу үшін істеген едім, – деген екен.
English
White Ancestor
In his youth, it is said that Ahmet was sent to study with a cleric named Ak Ata in Sayram. This man was said to have white hair and eyebrows, which is why he was called "Ak Ata." After one of his lessons, he instructed the children, "When you go home, bring back a chicken or a rooster that has not been seen by God's eye!" The next day, all the other children brought their slaughtered chickens and roosters to their teacher, but only Ahmet brought his rooster alive. When Ak Ata saw this and asked why it was so, the young boy replied: – Teacher, I apologize. I couldn't slaughter the rooster because no matter where I hid to do it, isn't God watching? – said he. Then Ak Ata responded: – Well done, my Ahmet! I had done this to learn such a secret about you as well. –