Қожа Ахметтің ұлының өлімі (ІІ нұсқа)

Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қожамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның: «Кімде-кім ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін», – деген сөзі Сури халқының құлағына жетеді. Күндердің бір күнінде Шаһзада Ибраһимді бір ағаштың түбінде ұй...

Kazakh
Қожа Ахметтің ұлының өлімі (ІІ нұсқа)
Сури халқы қаншама таяқ жегендеріне қарамастан, Қожамен жауласуын қоймайды. Қожаның Ибраһим деген бір ұлы және бір тамаша аты болады. Бір күні оның: «Кімде-кім ұлымның өлім хабарын естіртсе, соған атымды беремін», – деген сөзі Сури халқының құлағына жетеді. Күндердің бір күнінде Шаһзада Ибраһимді бір ағаштың түбінде ұйықтап жатқан жерінен басын кесіп алып, оны бір сүлгіге орап, Қожаның алдына әкеліп тастайды. Қожа олардан «Бұл не?» деп сұрайды. Жаңа піскен қауын әкелгендерін айтады. Қожа істің мән-жайын түсініп, іші өртене отырып бәрібір атын береді және соңынан қан дауы болып, араларында мәңгі-бақи дұшпандық қалмасын деп өлтірген адамға қызын да береді.
English
The death of Khoja Akhmet's son (Version II)
Despite the many beatings the Suri people have received, they do not cease their enmity with Khoja. Khoja has a son named Ibrahim and a magnificent horse. One day, his words, "Whoever brings me news of my son's death, I will give them my horse," reach the ears of the Suri people. One day, Shahzada takes Ibrahim's head while he is sleeping under a tree, wraps it in a towel, and brings it to Khoja. Khoja asks them, "What is this?" They say they have brought him a fresh melon. Understanding the situation, Khoja, burning with rage, still gives them his horse, and later, to ensure that there will be no eternal enmity between them, he also gives his daughter to the man who killed his son.