Хакім ата

Хакім Ата қара торы, ал Әнуар ана болса аппақ және сұлу болатын. Бір күні Хакім Ата жуынып жатқан кезде, Әнуар Ана төсекке жатады. Оған қарап жатып, кезінде Боғра ханның қызы болып, енді мынау қара адамға үйленгенін ойлап кетеді. Хакім Ата бұл ойын түсініп қояды. «Сен мені ұнатпайсың, бірақ менен кейін тісінен басқа ақ...

Kazakh
Хакім ата
Хакім Ата қара торы, ал Әнуар ана болса аппақ және сұлу болатын. Бір күні Хакім Ата жуынып жатқан кезде, Әнуар Ана төсекке жатады. Оған қарап жатып, кезінде Боғра ханның қызы болып, енді мынау қара адамға үйленгенін ойлап кетеді. Хакім Ата бұл ойын түсініп қояды. «Сен мені ұнатпайсың, бірақ менен кейін тісінен басқа ақ жері жоқ, менен де өткен қара адамға тұрмысқа шығасың», – дейді. Әнуар Ана өкініп, жылайды. Бірақ болар іс болған еді. Хакім Ата дүниеден көшетін кезі жақындағанда Хорезмдегі ұлдарын шақыртты және оларға: «Өлімімнен кейін қырық күнін өткізген кезде күн шығысымен Қағба тұрғынынан қырық абдал келеді. Солардың арасында көзі жақсы көрмейтін, бір аяғы әмір бір қап-қара абдал да болады. Аналарыңды үйленуі үшін күтуі керек мерзімі бітісімен, сол адаммен некелестіріңдер!» Шындығында да, Хакім Ата қайтыс болғаннан кейін қырық күн өткен соң абдалдар келеді. Бірақ олардың арасында қара абдал болмай шығады. Балалар оны сұрайды. Оның артта қалғанын естігеннен кейін, шақыртып алады. Оның аты Зеңгі болатын. Әкелерінің өсиеті бойынша, аналарын Зеңгімен некелестіреді. Бұл Зеңгінің әулиелігін ол кезде ешкім білмейтін. Зеңгі Ата әйелін алып, өз еліне кетіп қалады. Әнуар Ана бұрынғы күйеуінен қалған кереметтің зардабынан Зеңгіден көп қиындық көреді. Бірақ шыдамдылық танытады және басқа әйелдерге бұл жөнінде үгіт-насихат, ақыл береді.
English
Hakim Ata
Hakim Ata was dark-skinned, while Anuar Ana was fair and beautiful. One day, while Hakim Ata was washing himself, Anuar Ana lay down on the bed. As she looked at him, she thought about how she had once been the daughter of Bogra Khan and now married to this dark man. Hakim Ata understood her thoughts. "You do not love me, but after me, you will marry a man even darker than me, who has nothing white on him except for his teeth," he said. Anuar Ana regretted and cried. But what was to happen had already happened. When the time for Hakim Ata to depart from this world approached, he called for his sons from Khorezm and said to them, "After my death, when you have completed the forty days of mourning, at sunrise, forty saints will come from the Kaaba. Among them will be a blind man, one-legged, and a completely dark saint. Once the waiting period for your mother to remarry is over, marry her to that man!" Indeed, after forty days following Hakim Ata's death, the saints arrived. However, there was no dark saint among them. The children asked about him. After hearing that he had been left behind, they called for him. His name was Zengi. According to their father's will, they married their mother to Zengi. At that time, no one knew about Zengi's sainthood. Zengi Ata took his wife and left for his homeland. Anuar Ana suffered greatly from the remnants of the miracles left by her former husband. However, she showed patience and advised other women about this matter.