Kazakh
Оқшы ата
Оқшы ата жас кезінде жетім қалып, ел жағалап, қыпшақ ішіне келіп, жалғыз қызы бар кемпір-шалға өкіл бала болады. Ер жеткенде егін егіп, диқаншылық кәсіппен айналысып, әлгі кісілерді өзі асырайды.
Жас жігіт еңбекшіл ғана емес, Құдай бойына қасиет берген дарынды азамат болып өседі. Оның кірпігінің қалыңдығы сондай – көзін жауып тұрады екен. Кірпігін қолымен көтеріп қалғанда, бір күншілік жердегіні көретін қасиеті болған. Мал жоғалтқан адамдар өзінің жоғының дерегін білу үшін Көгентүпке келеді екен. Ол кірпігін көтеріп қалып: «Малыңыз пәлен жерде жайылып жүр», – деп жөн сілтейді. Барса, расында солай болып шығады. Көгентүптің аты елге біртіндеп осылай тарайды. Сол бір заманда елді қалмақтар жаулап алады да, оның ханы елге өз тәртібін орнатады. Жебір билеуші жұртқа:
– Мені күнде бір үй асырап, қалыңдыққа бір қыз беретін болсын! – деген шарт қояды. Хан жарлығы екі болмай, орындала бастайды. Тәлкекке түскен ел күңіреніп, күйзеліске ұшырайды. Қарсы шығар амал таппай дағдарады.
Осындай күндердің бірінде ханды күтіп, қыз беру кезегі Көгентүптің ата-анасына да жақындайды. Көгентүп күншілік жерде арпа орып жатыр екен. Арпа оруға жүрерде ата-анасына айтады:
– Алда-жалда бір жаманшылық төнсе, атым бір хабар білдірер, бұл озбыр ханның азабынан әлі-ақ құтылармыз, – деп атын қалдырып кетеді. Кезек кемпір-шалдың үйіне, оның жалғыз қызына да келеді. Екі қария зар илеп жылағанда кермеде байлаулы тұрған ат тыпыршып, кісінеп қоя береді. Кісінеген атының даусы күншілік жерде арпа орып жүрген Көгентүптің құлағына жетеді. Озбыр ханға қатуланған Көгентүп Аллаға сиынып, бір арпаның қылтығын алақанына салып, дұшпанға бағыттап, үрлеп жібереді. Сол хан қаза табады. «Жауызды өлтіріп, халықты азаптан құтқарған кім болды екен?» – деген түрлі әңгіме тарайды. Бірінің қылышы, бірінің қанжары, енді бірінің пышағы қанды талай жігіттер: «Ханды өлтірген – мен», – деп шығады. Сол кезде Көгентүптің ата-анасы:
– Біздің баламыздан да сұраңдаршы, сол білер кім өлтіргенін, – дейді. Жиналған жұрт кеншілік жерде жүрген Көгентүпке адам жіберіп алдырады. Келген соң «ханды мен өлтірдім » деп таласқан талай азаматты көріп, Көгентүп сұрайды:
– Хан неден өліпті?
– Жүрегінен жаралы болып өліпті, – дейді халық.
– Онда жүрегін жарып көріңіздер, егер арпаның қылтығы жүрегінде қадалып тұрса, менің атқан оғым, – дейді Көгентүп. Расында солай болып шығады. Шын есімі Көгентүп жігіт содан былай «Оқшы» атанады.
English
Okshy Ata
In his youth, Okshy Ata became an orphan and wandered from place to place, eventually coming to the Kipchak region, where he became a foster child to an elderly couple with a single daughter. As he grew up, he engaged in farming and supported the couple himself.
The young man was not only hardworking but also a talented individual blessed by God. His eyelashes were so thick that they covered his eyes. When he lifted his eyelashes with his hand, he had the ability to see things a day's journey away. People who had lost their livestock would come to Kögentüp to learn about their missing animals. He would lift his eyelashes and say, "Your livestock is grazing over there," and indeed, it would turn out to be true. Thus, the name of Kögentüp gradually spread throughout the land.
At that time, the Kalmyks invaded the land, and their king established his own order. The tyrannical ruler demanded, "Let one household feed me every day, and let one girl be given to me as a bride!" The king's decree was promptly fulfilled. The oppressed people were left in despair and found themselves at a loss for how to resist.
One day, as the time came for the king to receive a girl, it was also approaching for Kögentüp's parents. Kögentüp was harvesting barley a day's journey away. Before leaving to harvest, he told his parents, "If any misfortune befalls us, my horse will give a signal; we will soon be freed from this tyrant king," and he left his horse behind. The turn came to the elderly couple's house and their only daughter. As the two elders wept, the horse tied up in the yard began to stomp and whinny. The sound of the whinny reached Kögentüp, who was harvesting barley a day's journey away. Angered by the tyrant king, Kögentüp prayed to God, took a barley husk in his palm, aimed it at the enemy, and blew it away. The king died.
Rumors spread, asking, "Who could it be that killed the tyrant and saved the people?" Some claimed it was their sword, others their dagger, and still others their knife, with many young men declaring, "I killed the king." At that moment, Kögentüp's parents said, "Ask our son; he will know who killed him." The gathered crowd sent someone to fetch Kögentüp from the barley field. Upon his arrival, seeing many men arguing that they had killed the king, Kögentüp asked, "What did the king die from?"
"He died from a wound to his heart," the people replied.
"Then cut open his heart; if the barley husk is lodged in it, it was my shot," Kögentüp said. Indeed, it turned out to be true. From that day on, the young man, whose real name was Kögentüp, became known as "Okshy."