Алаша хан

Барс дейтін ханның қол астында бір балгер болады екен. Балгерге таңертең ылғи бал аштырады екен: «Балыңа не түссе, ашығын айт!» – деп. Бір күні балын ашып: «Сіздің осы қарауыңыздағы халықтан бір шұбар бала туады. Сол бала сенің басыңды алады», – депті. Хан сонда әмір еткен екен. Әрбір жүкті әйелдің тізімін алдырып, соғ...

Kazakh
Алаша хан
Барс дейтін ханның қол астында бір балгер болады екен. Балгерге таңертең ылғи бал аштырады екен: «Балыңа не түссе, ашығын айт!» – деп. Бір күні балын ашып: «Сіздің осы қарауыңыздағы халықтан бір шұбар бала туады. Сол бала сенің басыңды алады», – депті. Хан сонда әмір еткен екен. Әрбір жүкті әйелдің тізімін алдырып, соған күзет қояды екен. «Егер шұбар бала туған адамды тұқымымен құрт!» деп. Бір күні бір жас әйел төсегінен жылап оянады. Күйеуі: «Неге жылайсың?» – дегенде, «Түсімде бір ақсақал ішімнен таяғымен түртті, ішіңнен шұбар бала туады», – деп. Күйеуінен рұқсат алып тау арасына кетеді екен. Келер жылы шұбар бала туады екен. Бала үш жаста есік алдына келсе, келген бала кетпейді екен. Сөйте-сөйте бес жүз құрбысы болады екен. Содан бұлар тауға кетеді екен. Қару-жарақ соғады. Содан шұбар бала хан болады екен. Алаша хан осы екен дейді.
English
Alasha Khan
There was a soothsayer under the rule of a khan named Bars. Every morning, the khan would have the soothsayer read his fortune: "Tell me honestly what you see!" One day, the soothsayer revealed: "From the people under your command, a speckled child will be born. That child will take your head." The khan then commanded that a list of every pregnant woman be compiled, and guards were assigned to watch over them. "If a person gives birth to a speckled child, eradicate them and their lineage!" he ordered. One day, a young woman wakes up crying from her bed. When her husband asks, "Why are you crying?" she replies, "In my dream, an old man poked me with a stick, saying that a speckled child will be born from you." After getting permission from her husband, she goes into the mountains. The following year, a speckled child is born. When the child is three years old, he comes to the door, and the child does not leave. As time goes by, he gathers five hundred friends. Then they go to the mountains. They forge weapons. Eventually, the speckled child becomes a khan. They say this is Khan Alasha.