Мөңке мен Аяз қарттың әңгімесі

Мөңкенің бала жігіт кезінде әкесі Бекарыс Жиделібайсын жеріндегі Аяз атты дана қарттан бата алып келуге жұмсайды. Мөңке қасына алты-жеті жолсерік ертіп, көп күн жүріп, сұрастыра-сұрастыра Аяз қарттың аулына келіп, шеттегі жұпынылау қараша үйден шығып тұрған ақсақалға сәлем беріп, іздеген үйін сұрайды. – Аязды қайтесің?...

Kazakh
Мөңке мен Аяз қарттың әңгімесі
Мөңкенің бала жігіт кезінде әкесі Бекарыс Жиделібайсын жеріндегі Аяз атты дана қарттан бата алып келуге жұмсайды. Мөңке қасына алты-жеті жолсерік ертіп, көп күн жүріп, сұрастыра-сұрастыра Аяз қарттың аулына келіп, шеттегі жұпынылау қараша үйден шығып тұрған ақсақалға сәлем беріп, іздеген үйін сұрайды. – Аязды қайтесің? – дейді ақсақал. – Сәлем берейін деп едім, – дейді Мөңке. – Аязға сәлем берем деп келетіндей сен кімнің баласы едің? – дейді ол тағы да. Мөңке аты-жөнін айтады. Сонда қарт баланы сынамақ болып: – Сен Бекарыстың баласы болсаң, «бір бала бар әкеге жете туады, бір бала бар кері кете туады» деген бар еді. Сен соның қайсысы боласың? – депті. Мөңке кідірместен: – Атаға жете тусам деп жүрмін, ата жолын қусам деп жүрмін, – депті. Жас жігіттің жауабына риза болған Аяз қарт Мөңкені құрмет тұтып, жолдастарымен үйге түсіріпті. Бар ақуалынша сыйлапты. Әр алуан ақыл-кеңес алып отырып, сөз арасында Мөңке Аязға: – Алыстағы аруыңызбен қандайсыз? Жаныңа жақын қаруыңызбен қандайсыз? Алып келіп бергенді алумен қандайсыз? – депті. Бұған Аяз: – Алыстағы аруыммен араздастым. Жақындағы қаруыммен қастастым. Алып келіп бергенді алмай, керек емесіне жармастым, – деп жауап беріпті. – Екі ескегіңіздің екпіні қандай? – Жасыңызда берген несиеңіздің қолға тиюі қандай? –деген Мөңкенің сұрағына: – Екі ескегіме бір кеспек қостым. Жасымда берген несием бүгінгі несібеме айналды, – деп жауап беріпті. «Ақыл жастан, асыл тастан, ауру астан, дау қарындастан шығады. Жүйрік топқа түскен аттан, өсиет өнеге көпті көрген қарттан шығады» деген даналық ой түйіндері де осында айтылған екен. Аяз қарт Мөңкеге батасын беріп, кетерінде: – Балам, әкеңе деген аманатым бар еді, апарып тапсыра аласың ба? – депті. – Аманатыңыз ауыр болмаса, ала кетейін, – дейді Мөңке. – Білген кісіге жеңіл де емес, білмегенге ештеңеге тұрмайды, – дейді қарт. – Айтыңыз, ала кетейін, – деген Мөңкеге Аяз дана: – Қаратаудың басынан қар жауды. Қара бұлақтан су ақты. Көрінгенмен керісетін болдым. Керме иықпен тебісетін болдым. Осыны әкеңе жеткіз, – деп қоштасып қала берген екен. Былай шыққан соң Мөңкенің жолдастары онымен Аяз қарттың арасындағы жұмбақ айтыстарына түсінбегендіктерін айтып, мәнін сұрайды. Сонда Мөңке былай деген екен: – Мен сөз арасында өзінің қал-жағдайын сұрадым. Ол «алыстағы арумен аразбын» деп көзін кіреуке шалғандығын, «жаныма жақын қаруыммен қастастым» деп тістен қалғандығын, «алып келгенді алмай, керек емесіне жармастым» деп күшті тамақтан қалып, аталаны ас еткендігін айтып шағынды. «Екі ескегіне бір кеспек қостым» деп жүруден қалып, қолына таяқ алмаса болмайтындығын, ал «жасымдағы несием бүгінгі несібеме айналды» деп, аялап бағып күтіп отырған балаларына дән риза екендігін білдірді. «Білген кісіге жеңіл де емес, білмегенге ештеңеге тұрмайды» деп сендердің сөз мәнісіне түсінбегендеріңді, әлде де түсінулеріңнің қиын екендіктерін шенеп өтті. «Қаратаудың басына қар жауды» деп әбден қартайып, шашы ағарғандығын, «қара бұлақтан су ағатын болды» деп екі көзінен су ағатын болғандығын, «көрінгенмен керісетін болдым» деп ұйқыдан қалғандығын әкеме айтып шағынып, «мен келген жасқа сен де кел, сол жасты аманат қылып жібердім» деген сөзі еді, – депті.
English
The Tale of Mönke and Old Man Ayaz
In his youth, Mönke was sent by his father Bekarys to receive a blessing from the wise elder Aiaz, who lived in the land of Zhidelybaysyn. Mönke took six or seven companions with him and traveled for many days, inquiring along the way until he arrived at the yard of the elder Aiaz. He greeted the old man who emerged from a modest, shabby house and asked for the home he was looking for. – What do you need Aiaz for? – asked the elder. – I came to greet him, – replied Mönke. – Who are you to come and greet Aiaz? – he asked again. Mönke introduced himself. Then the elder, wanting to test the boy, said: – If you are Bekarys's son, there is a saying: "Some children are born to reach their fathers, while others are born to stray away." Which one are you? – he asked. Without hesitation, Mönke replied: – I aspire to reach my grandfather, I strive to follow the path of my ancestors. Pleased with the young man's answer, elder Aiaz honored Mönke and invited him and his companions into his home. He treated them with all his hospitality. While sharing various pieces of advice, Mönke asked Aiaz: – How is your distant beloved? How is your close weapon? How do you feel about what you have brought? – To this, Aiaz replied: – I have quarreled with my distant beloved. I have been betrayed by my close weapon. I have not taken what was brought to me, but instead clung to what is unnecessary. – What is the force of your two oars? – How is it to receive the debt you gave in your youth? – to Mönke's question, Aiaz answered: – I added one piece to my two oars. The debt I gave in my youth has turned into my sustenance today. The wise thoughts, "Wisdom comes from the young, precious stones from the old, illness from food, and disputes from sisters. The swift horse comes from the experienced elder," were also expressed here. Before Mönke left, elder Aiaz gave him his blessing and said: – My son, I have a trust for your father; can you deliver it? – – If your trust is not too heavy, I will take it, – said Mönke. – It is not heavy for the knowledgeable, but worthless for the ignorant, – said the elder. – Tell me, I will take it, – said Mönke, to which Aiaz the wise replied: – Snow has fallen from the top of Karatau. Water has flowed from the black spring. I have become entangled with what is visible. I have become entangled with the shoulder of the burden. Convey this to your father, – and he bid farewell. After leaving, Mönke's companions expressed their confusion about the riddle-like exchanges between him and elder Aiaz and asked for clarification. Mönke then explained: – I inquired about his condition in the conversation. He indicated that he was "quarreling with my distant beloved," suggesting he had become blind, that he was "betrayed by my close weapon," implying he had lost his teeth, and that he was "clinging to what is unnecessary," meaning he had become weak from strong food and had turned to simple meals. When he said, "I added one piece to my two oars," he meant he had become dependent on a stick, and when he said, "the debt I gave in my youth has turned into my sustenance today," he expressed his deep satisfaction with the children he has raised and cared for. He criticized those of you who did not understand the meaning of the words, saying it would still be difficult for you to comprehend. When he said, "Snow has fallen from the top of Karatau," he was lamenting his old age and gray hair, and when he said, "water has flowed from the black spring," he meant he had begun to weep. When he said, "I have become entangled with what is visible," he was complaining about his sleeplessness, and when he said, "come to the age I have reached, I have entrusted that age to you," he was referring to the age I have come to, – he said.