Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз

Шежіренің һәм елдің айтуынша, қазақтың әуелгі ханы Алаша хан деген болған екен. Түркі халқының бәрі де өздерін өзінің батырларының, не хандарының есімімен атамақ рәсім екен. Сол себепті қазақтар өзін «Алаш» деп, яки «Алаштың халқы» деп атаған. Мұны қазақтың мақалы да көрсетіп тұрады. Мәселен: «Алаш алаш болғалы, Алаша...

Kazakh
Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз
Шежіренің һәм елдің айтуынша, қазақтың әуелгі ханы Алаша хан деген болған екен. Түркі халқының бәрі де өздерін өзінің батырларының, не хандарының есімімен атамақ рәсім екен. Сол себепті қазақтар өзін «Алаш» деп, яки «Алаштың халқы» деп атаған. Мұны қазақтың мақалы да көрсетіп тұрады. Мәселен: «Алаш алаш болғалы, Алаша хан болғалы» деген қазақтың мақалы бар. Қазақтар һәм қайсы бір Сібірдегі ноғай халықтары «Алаштың азаматымыз» деп айтады өзін-өзі. Бұл сөздерге қарағанда бір күндерде қайсы бір ноғай халқы һәм қазақ халқы бір хан болып тұрған деп ойлауға мүмкін. Қиыншылық болған уақытта қазақ һәм ноғайлар бір-біріне айтады «Алаштың азаматы емеспіз бе!» деп. Алаша ханның кім екенін, оның қайдан шыққанын мынадай қылып айтады: Алаша хан Бұхар ханының баласы екен. Бұхар ханының баласы әлденеше екен. Хандық орынды жалғыз-ақ үлкен баласына береді екен де, өзгелеріне бір-бір облыс қана билеп тұруға қалдырады екен. Алаша кенжелерінің бірі болып мінезі бұзық, өзі күшті жарадкер ер туған. Бір шаһарға бас болып тұрғысы келмей, толық хан болғысы келіп, Бұхарда толық хан бола алмайтын болған соң, өзге жерден хандық іздеуді ойлап, бөтен жаққа баруға әкесінен сұрады. Әкесі оған рұқсат қыла қоймады. Анау ыңғайы келген жерде сұрай берді. Ақырында әкесі қасына қол жиып алып, бөтен жақтан өзіне бақ іздеуіне рұқсат берді. Алаша ханға көп ерлер жиылды. Осы әскеріменен Алаша хан жүріп кетіп, көп жерлер аралап жүріп, нешелер мехнат көріп кезіп жүріп-жүріп, Алаша хан қазақ ішіне келген екен. Бұлар көп құрмет тұтып, көп меймандостық көрсетіпті. Қазақ халқы өзіне ұнаған соң, Алаша хан мұнда қалған. Қазақ сол уақытта көшпелі екен. Жан-жағындағы көршілес халқыменен өштес, атыс-шабыс бола береді екен. Ер, өзі шешен, зейінді адамды өздеріне бастық қылып қойып, қазақтар соның айтқанына ұйиды екен. Біраздан кейін Алаша хан ерлігін де, шешендігін де, зейіні барлығын да көрсетті. Қазақтар мұны құрметтей бастады һәм кешікпей-ақ өзін қол басы қылды. Өзінің қолыменен Алаша хан әр қайда жауды жеңе берген. Әрі-беріден соң өзін қазақтар хан қойған. Алаша ханның аты өзге екен. «Алаша хан» деп қазақтардың қойған аты, себебі өзі ала киімге әуес екен. Мүлде ала киім киеді екен. Және де Алаша ханды бір түрлі қылып айтады. Бұл айтқанында да оны «Бұхар ханының баласы еді» дейді. Алаша хан жасында алапес болған соң өзіне жүз кісі нөкер беріп, шаһардан қуып жіберген екен: «алапесің жазылғанша мұнда келме» деп. Неше жерді аралап, аяғында қазақ жеріне келген екен. Оны мұнда бек құрмет көрсетіп, қонақ қылыпты. Сонан кейін қазақ арасында тұрып қала беріпті. Біразда-ақ қазақтар ол ақылды ер болған соң, өзін жақсы көріп, хан қойыпты. Алаша хан өзі мықты, ер хан болыпты. Оның уақытында қазақ айналасындағы жауларының бәрін жеңісіпті, жалғыз атын айтса, дірілдеп қорқатын етіп. Қазақ ханының ерлігі, күштілігінің даңқы алысқа кетті. Мұны Алаша ханның әкесі Бұхар ханы да естіді. Әкесі баласының мұндай болғанына қуаныш қылып, көруге құштар болып, мынау деген жігіттен жүз жігіт жіберді: «Барып Алаша ханды тауып, Бұхарға шақырып кел», – деп. Онан-мұнан сұрап, Алаша ханды іздеп жүріп, ақырында тауып, әкесінің хатын беріпті. Бұл хатта әкесі өзінің сағынғанын айтып, кел деп шақырған екен. Алаша хан «барамын» деп айтса да, жүре қоймады. Өзін іздеп келген жүз жігіт Алашаның құрмет қылып сылағанына бек шат болып жата берді. Ақырында мүлде сонда тұрып қалды. Ол кезде Бұхар ханы бұлардан ешбір хабар таппай, тағы бір жүз жігіт іздеуге жіберді. Бұлар да келіп іздеп тауып шақырып еді, Алаша хан онда да бармай қалды. Келген екінші жүз кісі де мұнда тұрып қала берді. Алаша хан өлгеннен кейін қазақ үшке бөлінді. Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз болып, әлгі оны іздеп келген жүз жігіттің әрқайсысы бір ру ел болды. Бұрын келген жүз жігіт Ұлы жүз аталған. Онан соң келгені Орта жүз аталған, онан соңғы келгені Кіші жүз аталған. Және үшінші түр қылып айтады: Алаша хан Бұхар ханының баласы еді. Бұхар ханы солтүстік жақтағы халыққа аттанып, көп хандарды орнынан тайдырып, неше елді өзіне қаратып, оларға хан қылып өзінің жақын ағасын, інісін, баласын қойған еді. Сонда қазақ халқына хан қылып өзінің баласы Алаша ханды қойған екен. Қазақтан ықтиярсыз, зорлықпен хан болған себепті Алаша хан қорқып, өзіне Бұхарадан һәм өзге жерден жалдап көп нөкерлер ұстапты. Сол көп әскері болған себепті қазаққа хан болып, халықты жөнге салып ұстап тұрыпты дейді. Қазақ халқы да Алаша ханды өзі ер, әділ, ақылды болған соң жақсы көріпті. Және ол хан болып тұрған уақытта қазақтар айналасындағы жауласқан халқын жеңіп тұрыпты, һәм қайсы біреулерін өзіне қаратыпты. Алаша ханның жалғыз Жошы деген баласы бар екен. Өзі жасынан-ақ мінезі қаттылығын, ерлігін, қуатын, қисық мінездігін көрсете бастапты. Хан баласының мұндайлығына разы болып ойлайды екен: «балам менің орнымды басуға тұратын» деп. Жошы ханды әкесі де һәм қазақ халқы да еркелетіп, күтіп өстірді. Баланың не қыламын дегенін ешкім қақпай, қазір даяр қылып тұрды. Кішкентай ашуланса, айналасындағы адамдардың бәрі қорқып, дірілдеп тұрушы еді. Бәрі де Жошы ханның айтқанын қылып, оған жағуға жаһат қылатын еді. Жошы өскен соң әкесі өзінің не қыламын деген ықтиярына жіберіпті. Өзі теңдес жастарды қасына жиып алып, ойын-күлкі сауықпен жүріпті. Үлкен жиын той қылып, ел жиып, ат шаптырып, балуан тұрғызып, мылтық атып ойын қылар еді. Тойға келген халықтар күні-түні ойын-күлкіге батар еді балуандардың күресін көріп. Сонда Жошы ханға ешкім не күреске, не ат үстіне, не мергендікке шақ келмес еді. Алаша хан баласына қарап қуанады екен. Әрбір сондай тойдан кейін қасына теңдестіріп алып Алаша хан аңға шығар еді. Сонда аңның қызығына түсіп кетіп, Бетпақ далада неше жұмадай жоғалып кетер еді. Ол кезде Бетпақ далада құлан, киік һәм өзге аңдар көп екен. Алаша хан баласының нөкерлеріне қатты бұйрық береді екен: «Жошы ханның қуғында қасынан қалмай, күтіп жүріңдер, жазым болмасын. Егерде бір жаманшылық бола қалса, бәріңе де жаман болады. Кім «балаң жазым боды» деп айтса, соның аузына еріткен қорғасын құямын», – деп. Жошы хан аңды көп алған сайын қызыға берді. Бір күні бір аңды қуып жолдастарынан көп озып кетті. Алдындағы қуып келе жатқан құланы бір үйір құланға қосылып кетті. Жошы хан топ құланға садақ атып еді, олар қашпады, қайта өзіне ұмтылып, басып-жаншып, тістеп, өлтіріп кетіпті. Жалғыз бір шынашағы сау қалыпты. Өзгесін аң жеп кетіпті. Жошы ханның жолдастары артынан ізіменен келіп сүйегін жинаған екен, жалғыз шынашағынан басқасын таба алмапты. Бұл шынашақты бір жібек бұйымға орап алып, нөкерлері елге келіп, ешқайсысы Алаша ханға айтуға батпапты. Сол уақытта Кетбұға деген Алаша ханның жақсы көретін ақыны бар екен, қарт екен. Алаша хан бос уақытта оған өлең айтқызып, естіп отырады екен. Кетбұға Жошы ханның өлгенін есіттірмекші болды. Домбырасын алып сұраусыз ханның үйіне кіріп келіп айтты: – Құдай тағаланың рахметі жаусын саған, һәм сенің қол астыңдағы барлық жанға, бұлардың тыныштығын тілеймін! – дейді. – Саған не керек? – деп бұдан Алаша хан сұрады. – Тақсыр хан, сенің қуанышың – менің қуанышым, сенің қайғың – менің қайғым, – деді Кетбұға. – Мен бүгін бір жаман түс көрдім. Менің қайғым қатты, жүрегім жарылып бара жатыр. Сол себепті үйіңе рұқсатсыз кіріп келдім жалғыз-ақ саған басқа түскен қайғымды айтуға. Басыма не қайғы түскенін айтпаймын, бұл турадан менің домбырам айтсын, – деді Кетбұға. Домбыраның шегін күйге түзеп алып, Кетбұға тарта бастады. Мұның ұзын саусағы домбыраның бетін тарсылдатып, шегін зырылдатып сөйлетіп, әр түрлі мұңды күй тарта бастады. Алаша хан құлағын салып тартылған мұңды күйді есітіп отырып айтты: – Не себептен сен маған мұндай зарлы күйлерді тартасың? – деп. – Басыма бір қайғылы күн туды, тақсыр хан! – деп домбырашы қысқа жауап берді де, тоқтамастан домбырасын шерте берді зарлы күйге салып. – Бұл не ғажап? – деп Алаша хан айтты, – Япырмай, менің Жошы ханым бірдеңе болып қалды ма, мұны аң жеп қойды ма? – Тақсыр хан, Жошының өлгенін жалғыз өзіңізден естідік, – деп үйдің сыртында халық шулап қоя берді. Бұл хабар сондай жаман хабар болды, хан Жошы баласының өлгенін естіп, талып қалды. Есін жиып алып Алаша хан зарлап жылады. «Жошы, Жошы!..қайдасың, жалғызым!» деп, мұның екі көзінен бұлақтай болып жас ақты. Еш адам үйге кіріп, ханды уатуға бата алмады. Осындай жылаумен тамақ ішпей Алаша хан үш күн, үш түн жатты. Мұның халқы жиылысып ақылдасты, қалайша ханды уатып, көңіл айтып, жылағанын қойғызсақ екен деп, ешбір адам Алаша ханның үйіне кіруге батпай, барша жиылған адамдар тыста қамалып тұрады. Алаша ханның бір ақылды қатыны бар еді, еріне ой түсіріп, көңілін баспаққа амал қылды: – Хан, сен қайғырып жатырсың, халқың ғау-ғау көтеріп, бүлік шығарып жатыр, – деді. – Неге менің халқым бүлік шығарып жатыр? – дейді хан. – Сенің халқың екі дай болып жатыр. Себебі бір бай өзінің тамырына бір уақытта ат басындай алтын сыйлаған екен, уақытында мұндай бірдеме берер деп. Ол тамыры ештеме бермеген соң, «өзім бергенімді бер» деп жатыр. Жуырда бұлар биге түсті. Билер әділдік қылмады. Билердің жартысы: «бергенін қайыруға тиістің» дейді, жартысы: «қайырмауға тиісті» дейді. – Ах, олары қалай? Билікті әділ айтпаған, сыйды ала білген кісі, бере де білсе керек емес пе? Алтын алғанды шақыр мұнда! – дейді Алаша хан. – Ұлы хан, кішкентай сабыр етіп, маған сөз айтуға рұқсат қылыңыз. Алла тағала баланы саған өзі берді, өзі алды. Құдіреттің хүкіміне көну керек. Алла тағала Жошы ханды саған сыйлап еді, сыйлаған Аллаға сен де сыйлай біл, қайғырып жылама, Құдайдың рахметі көп, таусылмайды, – деді. Бұл сөз көңіліне кіріп, Алаша хан қайғыруын қойды. Алаша ханның бір Домбауыл деген бек қуатты құлы бар екен. Өзінің байына ақ көңілімен қызмет қылатындығына, һәм ерлігін Жошы хан бек жақсы көреді екен. Домбауыл да Жошы ханды жақсы көреді екен. Жошы ханның өлгенін естіген соң ант ішіпті: «Құланның бірі қалғанша қырармын» деп. Домбауылдың екі жүйрік аты бар екен. Біреуі «Қабанқұлақ» деген, біреуі «Әнкей» деген. Сол аттарының бірін мініп, бірін жетектеп алып, Жошы ханды өлтірген құлан жатқан аралға қарай жөнеліпті. Құландар Домбауылды көрген соң-ақ Бетпақ даладан өте Шуға қарай қашқан екен. Домбауыл қуып жетіп, қыра беріпті. Соншадан бес-ақ құлан тірі қалып, қорқып сол бесеуі де Шудан өтіп кетіпті. Ол бес құлан өткен жерді осы күні «Бес құлан» деп атайды. Бес құлан деген жерден бес шақырымдай арада таудың бауырында Қабанқұлақ деген аты зорығып өліп, ол араны «Қабанқұлақ» қойыпты. Онан әрмен бес шақырымдай барған соң, екінші аты – Әнкей ұшып өлген екен. Ол араны «Әнкей» деп қойыпты. Осы күні сол араны Әнкей деп атайды.
English
There are many stories among the Kazakhs about Alasha Khan and his son Jochi Khan.
According to the genealogy and the people's accounts, the first Khan of the Kazakhs was named Alasha Khan. It is a tradition among all Turkic peoples to name themselves after their heroes or khans. For this reason, the Kazakhs referred to themselves as "Alash" or "the people of Alash." This is also reflected in a Kazakh proverb: "Since Alash became Alash, since Alasha Khan became Khan." The Kazakhs and some Nogai peoples in Siberia say of themselves, "We are the citizens of Alash." From these words, one might think that at some point, the Nogai people and the Kazakh people were united under one khan. In times of hardship, the Kazakhs and Nogais would say to each other, "Aren't we citizens of Alash!" The story of who Alasha Khan was and where he came from is told as follows: Alasha Khan was the son of the Khan of Bukhara. The Khan of Bukhara had several sons. He would give the khanate to his eldest son and leave the others to govern one province each. Alasha was one of the younger sons, known for his rebellious nature and strength. Not wanting to be just a governor of a city, he wished to become a full khan. Since he could not become a full khan in Bukhara, he thought of seeking a khanate elsewhere and asked his father for permission to go to another land. His father did not grant him permission. He kept asking until his father finally gathered a retinue and allowed him to seek his fortune elsewhere. Many warriors gathered around Alasha Khan. With this army, Alasha Khan set off, traveling through many lands, enduring various hardships, and eventually arrived among the Kazakhs. They treated him with great respect and hospitality. Since the Kazakhs liked him, Alasha Khan decided to stay there. At that time, the Kazakhs were nomadic. They were often in conflict with neighboring peoples, engaging in battles. They would appoint a brave, eloquent, and wise person as their leader, and the Kazakhs would follow his commands. After some time, Alasha Khan demonstrated his bravery, eloquence, and wisdom. The Kazakhs began to respect him and soon made him their leader. Alasha Khan defeated enemies everywhere with his own hands. Eventually, the Kazakhs proclaimed him their khan. Alasha Khan had a different name. The name "Alasha Khan" was given by the Kazakhs because he was fond of wearing red clothing. He always wore red garments. Additionally, there is another version of the story. It is said that Alasha Khan was the son of the Khan of Bukhara. The Khan of Bukhara, having set out to the northern peoples, overthrew many khans and brought several nations under his control, appointing his close relatives, brothers, and sons as khans over them. Thus, he appointed his son Alasha Khan as the khan over the Kazakh people. Because Alasha Khan became khan over the Kazakhs against their will and by force, he was afraid and hired many retainers from Bukhara and other places. It is said that because of his large army, he was able to maintain order among the Kazakh people. The Kazakh people also loved Alasha Khan because he was brave, just, and wise. During his reign, the Kazakhs defeated their surrounding enemies and brought some of them under their control. Alasha Khan had a single son named Jochi. From a young age, he began to show his strong character, bravery, power, and stubbornness. The Khan was pleased with his son's qualities, thinking, "My son is worthy to take my place." Both his father and the Kazakh people cherished and nurtured Jochi Khan. No one dared to stop him from doing what he wanted; they prepared everything for him. When he was a little angry, everyone around him would be frightened and tremble. Everyone would do what Jochi Khan said and would strive to please him. As Jochi grew older, his father allowed him to do as he pleased. He gathered peers around him and engaged in games and festivities. He would organize large gatherings, inviting people, racing horses, holding wrestling matches, and shooting guns for entertainment. The people who came to the festivities would be immersed in joy day and night, watching the wrestlers. At that time, no one could match Jochi Khan in wrestling, horseback riding, or marksmanship. Alasha Khan would look at his son with joy. After each such celebration, he would take Jochi Khan hunting. However, he would often get lost in the excitement of the hunt, disappearing for several weeks in the Betpak Dala. At that time, there were many wild horses, gazelles, and other animals in the Betpak Dala. Alasha Khan would give strict orders to his retainers: "Do not leave Jochi Khan's side while he is hunting; keep watch over him, lest any harm befall him. If any misfortune occurs, it will be bad for all of you. Whoever says, 'Your son has perished,' I will pour molten lead into their mouth," he would say. As Jochi Khan continued to catch many animals, he became increasingly excited. One day, while chasing an animal, he got far ahead of his companions. He joined a herd of wild horses while pursuing a gazelle. Jochi Khan shot an arrow at the herd of wild horses, but they did not flee; instead, they charged at him, trampling and biting him to death. Only one finger remained intact. The rest of him was devoured by the animals. His companions, following his trail, gathered his bones, but could not find anything except for that one finger. They wrapped the finger in a silk cloth and returned to the people, but none of them dared to tell Alasha Khan. At that time, there was an old poet named Ketbūğa, whom Alasha Khan loved dearly. In his free time, Alasha Khan would listen to him recite poetry. Ketbūğa wanted to inform him of Jochi Khan's death. Taking his dombra, he entered the Khan's house unannounced and said: "May God's mercy rain upon you and all those under your command; I wish for their peace!" "What do you want?" Alasha Khan asked him. "My lord, your joy is my joy; your sorrow is my sorrow," said Ketbūğa. "I had a terrible dream today. My sorrow is great; my heart is about to burst. That is why I entered your house without permission, just to share my grief with you. I will not say what misfortune has befallen me; let my dombra speak for me," said Ketbūğa. After tuning the strings of his dombra, Ketbūğa began to play. His long fingers struck the dombra's surface, making the strings resonate, and he started to play various sorrowful melodies. Alasha Khan listened intently to the mournful tune and said: "Why do you play such sorrowful melodies for me?" "I have encountered a tragic day, my lord!" the musician replied briefly and continued to play the sorrowful tune without stopping. "What is this? Oh my, has something happened to my Jochi Khan? Has he been eaten by a beast?" "My lord, we have heard of Jochi's death only from you," the people outside began to shout. This news was such a terrible blow that upon hearing of his son Jochi's death, the Khan fainted. Regaining his senses, Alasha Khan cried out in despair. "Jochi, Jochi!... Where are you, my only one!" Tears flowed from his eyes like a spring. No one dared to enter the house to comfort the Khan. In such sorrow, Alasha Khan did not eat for three days and three nights. His people gathered to discuss how they could comfort the Khan and stop his weeping, but no one dared to enter Alasha Khan's house, and all the gathered people remained outside. Alasha Khan had a wise wife who sought to console him and calm his heart: "My lord, you are grieving; your people are raising a commotion and causing unrest," she said. "Why is my people causing unrest?" the Khan asked. "Your people are divided into two factions. One wealthy man gifted a large amount of gold to his relative at one time, expecting something in return. When that relative did not give anything back, he is now demanding, 'Give me what I have given you.' Recently, they went to the judges. The judges did not act justly. Half of the judges say, 'You must return what you have given,' while the other half say, 'You are not obliged to return it.'" "Oh, how can that be? A person who cannot speak justly in judgment, who has received a gift, should also know how to give, right? Call the one who received the gold here!" Alasha Khan said. "Great Khan, please be patient and allow me to speak. God has given you the child, and He has taken him away. You must submit to the decree of the Almighty. God has gifted you Jochi Khan; you must also know how to give back to the one who has given, do not grieve, for God's mercy is abundant and never-ending," she said. These words entered his heart, and Alasha Khan ceased his mourning. Alasha Khan had a powerful servant named Dombauyl, who served his master with a pure heart and was greatly fond of Jochi Khan. Dombauyl also loved Jochi Khan. Upon hearing of Jochi Khan's death, he swore, "I will kill a wild horse before I die." Dombauyl had two swift horses. One was named "Qabanqulaq," and the other "Ankei." He mounted one horse and led the other, setting off towards the island where Jochi Khan had been killed by the wild horses. As soon as the wild horses saw Dombauyl, they fled from the Betpak Dala towards Shū. Dombauyl pursued them and began to kill them. Eventually, only five wild horses remained alive, frightened, and they too crossed over to Shū. The place where those five wild horses crossed is still called "Besh Qulan" today. About five kilometers from Besh Qulan, at the foot of the mountain, Qabanqulaq died from exhaustion, and that place was named "Qabanqulaq." After going another five kilometers, the second horse, Ankei, also fell dead. That place is still called "Ankei" today.