Ақсақ Темір туралы (ІІ нұсқа)

Ақсақ Темір өзі жетім бала болады. Сол Ақсақ Темір жәна сол сияқты кілең жетім он төрт бала болып, кісілердің малын бағатын көрінеді. Үйсіз-күйсіз жетім, панасыз балалар далада малда жүріп, күні бойы ермек етіп, бір-бірін хан сайлап, басқалары бұйрығын орындап сөйтіп жүреді екен. Жәна олар күн сайын біреуі, күн сайын б...

Kazakh
Ақсақ Темір туралы (ІІ нұсқа)
Ақсақ Темір өзі жетім бала болады. Сол Ақсақ Темір жәна сол сияқты кілең жетім он төрт бала болып, кісілердің малын бағатын көрінеді. Үйсіз-күйсіз жетім, панасыз балалар далада малда жүріп, күні бойы ермек етіп, бір-бірін хан сайлап, басқалары бұйрығын орындап сөйтіп жүреді екен. Жәна олар күн сайын біреуі, күн сайын біреуі хан болады екен кезекпен. Бірақ олар Ақсақ Темірді хан қоймайды екен. Бір күні Темір: – Мені неге хан қоймайсыңдар? – дейді. – Олай болса ертең сен хан бола ғой, – дейді басқалары. – Олай болса, ертең мен хан боламын, менің бұйрығымды орындайсыңдар, – дейді. Басқалары: – Орындаймыз, – дейді. – Онда ертең біреуің қазан, біреуің аяқ, біреуің қасық, біреуің пышақ, біреуің табақ, – деп, әйтеуір әрқайсысына сондай заттарды тауып әкелуге міндеттейді. Балалар: – Әкелеміз, – дейді. Ертең келгенде барлығы да әкел деген затты әкелген. Енді Ақсақ Темір өз қарауында бағып жүрген байдың бұзауының біреуін алады да сояды. Балалар қуанысып жейді. Темір балаларға: – Сендер хан болғанда біреуің осындай қылмайсың, – дейді. Сөйтіп, олар етті жеп, қалғанын даладағы тамға апарып, ит-құс жемейтін жерге қояды ертеңге сақтап. Содан кешке келгенде малды жоқтап Темірден сұрайды. Сонда Темір: – Балалар мені бүгін хан сайлады, соған той қылып мен сойдым, – деп анығын айта салады. Содан бай ашуланып Темірді сабап, «хан болуын қара» деп қуып жібереді. Темір басқа жолдастарына: – Мені қуып жіберді. Мен ескірген тамға барып жатамын. Сендер соған қарай малдарды айдап келерсіңдер, – дейді де, тамға барып жатып алады. Содан ол кідірмей тамға келіп жатады. Жатқанда мынадай көрініс болады: Бір тышқан жоғарыда тұрған етті біліп, барғысы келіп, тамға өрмелеп шыққысы келеді. Бірақ орта жолға барғанда тайып жығылады. Тағы өрмелейді, тағы жығылады. Тағы шығады, тағы жығылады. Не керек, тоқсан тоғыз рет өрмелеп жығылады. Оған да қарамай жүзінші өрмелегенде барып жығылмай шығып, етке жетіп, жей бастайды. Бұл көріністердің бәрін манадан көріп жатқан Темір ойлайды: «Мына тышқан ғой етке баруды талап етіп, сол етке барғысы келді. Бірақ сол барам деп жүргенде тоқсан тоғыз жығылды. Сонда да ол талабын қойған жоқ. Ақыры жүз дегенде іздегеніне жетті. Ал енді менің осы тышқандай жігерім жоқ па? Кел, мен де осы хандығымды тастамайын, сірә, қоймасам тышқан құсап ақыр хан болармын», – деп ойлайды. Сөйтіп жатқанда малды айдап балалар да келеді. Келгесін балаларға малды кейін айдатып жібертеді. Сосын кешегі қалған етті жеп алып, Темір бар балаларды ертіп қала ауып, басқа бір үлкен қалаға бармақ болып кетеді. Сонымен олар бұл қаламен қоштасты. Бір күндері баяғы қаладан тіпті алыс басқа бір қалада мынадай хабарлар болады: «Осы қаланың теріскейінде банды келіпті, пәлен жерде, пәлен керуенді шауыпты, түлен жерде түлен керуенді шауыпты, адамдарын банды қатарына қосыпты. Сөйтіп күннен күнге әскері көбейіп бара жатыр екен, бастығы бір айлашыл, сұм дейді», – деп хабарлар жайыла бастайды. Бұл баяғы жетім балалар бастығы Темір болады. Ол уақытта олар үлкен жігіт болған. Сөйтіп әскер болып керуен тонап, әскерін де, малын да, дүниясын да көбейтеді. Бұл қала бір үлкен хандықтың орталық қаласы екен. Ханы бар екен. Бір күні ханға да хабар келеді. Сондай бандылар екен деп. Хан мыңдай әскер жібереді. Бұны Темірлердің қаладағы бір адамы Темірлерге жеткізеді. Енді Темір келетін уақытын жобалап түнде келетінін біледі. Сөйтеді де, түнде әскерлер әрқайсысын бір-бір қапқа салады да, бір түйеге екі қаптан артады. Сөйтіп тек өзінен басқасының бәрін қапқа салып артып, өзі адам болып түнде келе жатқан әскерлерге қарсы келеді. Бұны ешкім көрген жоқ. Көргенменен түнде танымайды. Әскерлерге келгесін, әскерлер Темірді сұрайды: – Оның бандысы қайда екен, өзің неғып жүрсің? – дейді. Сонда Темір: – Мен бір керуен едім, қасымда он шақты атты адам бар еді. Олар осы алдымызда бір банды бар деп соны байқай кетті де, мен мына түйе жүктерімен қалып, осы түнге дейін келмегесін, бір жағымнан келіп банды шауып кете ме деп қорқып қайтып келе жатқамын. Сіздерді әуелі банды ғой деп қорқып, тағы да келіп қалғасын, жалтаралмай қорқа келіп едім. Жақсы болды, сендер екенсіңдер, – дейді. Жәна: – Сендер бүгін осы жерде жатыңдар, мені бір жақтан келіп шауып кетер. Мен қорқам, әрі менің қасымдағы аттылар таң атқанша келер, соған қараңыз, – дейді. Олар айтқанын істеп, жататын болады. Енді бұ да жататын болады. Түйенің жүгін шешуге келгенде: – Жүгі жеңіл, осылай жата берсін, – дейді. Сонымен барлық әскер жатады. Әскерлер түгел ұйқыға кете бергенде Темір барлық түйені шешіп, адамдарының барлығының қолына қылыш беріп, енді шеттен әскерлердің басын кесе бастайды. Ұйықтап жатқан жерде басын кескенде басқалары білмейді. Сөйтіп, нобайлап қырады. Азғантайы қалғанда Темірлер айғайламасын ба: «Банды келіп қалды, тұрыңдар, тұрыңдар!» – дейді. Енді жалма-жан әскерлер тұра бастаса бәрі тұрмай жатыр, тек азғантайы ғана тұрған. Олар жатқанында бастары кесіліп, қырылып қалған. Сол жерде әскерлер біліп ұрысуға шыдамай қаша-қаша жөнеледі. Сонымен Темір қолымен соғысып қойсын ба, қырып жойып жеңеді. Сөйтіп, ханның осындай көп әскерін кейін қайтармайды. Тағы сол сияқты жіберген хан әскерлерін жеңіп, ақыры сол қаланы алып ханын өлтіріп, өзі хан болады.
English
About Akhsaq Temir (Version II)
Akсақ Temir was an orphan child. That Akсақ Temir and thirteen other orphan children were seen herding people's livestock. Homeless and helpless orphans wandered in the fields, amusing themselves all day long, electing one another as kings, while the others followed their orders. They took turns being king every day, but they never made Akсақ Temir king. One day, Temir said: – Why don’t you make me king? – he asked. – Then you can be king tomorrow, – the others replied. – Then tomorrow I will be king, and you will follow my orders, – he said. The others replied: – We will follow them. – Then tomorrow one of you will bring a cauldron, one will bring a leg, one will bring a spoon, one will bring a knife, and one will bring a plate, – he instructed, assigning each of them to find such items. The children replied: – We will bring them. The next day, when they arrived, everyone brought the items they were instructed to bring. Now Akсақ Temir took one of the calves belonging to the rich man he was herding and slaughtered it. The children rejoiced and ate. Temir said to the children: – When you are kings, none of you will do this. – Thus, they ate the meat and took the leftovers to the shed in the field, placing it where dogs and birds wouldn’t eat it, saving it for the next day. Later, in the evening, when the livestock was missed, they asked Temir about it. Then Temir said: – The children made me king today, and I slaughtered it for the feast. – The rich man became angry, beat Temir, and chased him away, saying, “Look at him claiming to be a king.” Temir said to his companions: – They chased me away. I will go lie down in the old shed. You will drive the livestock there, – and he went to lie down in the shed. Then he quickly came to the shed and lay down. While lying there, the following scene occurred: A mouse, knowing about the meat above, wanted to go and climbed up to the shed. But halfway up, it slipped and fell. It tried to climb again, but fell again. It climbed again and fell again. In total, it climbed ninety-nine times and fell. Nevertheless, on the hundredth attempt, it climbed without falling, reached the meat, and began to eat. Temir, who had been watching all these events, thought: “This mouse was determined to reach the meat and wanted to go there. But it fell ninety-nine times while trying. Still, it didn’t give up. Finally, on the hundredth try, it achieved what it sought. Now, do I not have the same determination as this mouse? Come, I will not give up on my kingship; surely, if I persist like the mouse, I will eventually become a king,” he thought. While he was thinking this, the children came driving the livestock. When they arrived, he let the children drive the livestock back. Then, after eating the leftover meat from yesterday, Temir decided to take all the children and head to another large city. Thus, they bid farewell to this city. One day, far from that city, in another city, news spread: “There has been a band of robbers in the northern part of this city; they have attacked a caravan here and there, and have added the people to their ranks. Thus, their army is growing day by day, and their leader is said to be a cunning and treacherous man,” the news began to spread. This leader of the orphan children becomes Temir. By that time, they had grown into young men. Thus, they became an army, robbing caravans, increasing their forces, livestock, and wealth. This city was the central city of a large kingdom. There was a king. One day, news reached the king about these robbers. The king, thinking they were indeed robbers, sent a thousand soldiers. One of the people in the city informed Temir about this. Now Temir knew the time of their arrival and that they would come at night. So, at night, the soldiers put each of them into a sack, loading two sacks onto one camel. Thus, they packed everyone except Temir into sacks and he, as a person, went out to meet the soldiers at night. No one saw him. Even if someone saw him, they wouldn’t recognize him at night. When he reached the soldiers, they asked: – Where is that robber? Why are you here? – they said. Then Temir replied: – I was part of a caravan, and I had about ten horsemen with me. They noticed that there was a band of robbers ahead and, since I was left behind with the camel’s load, I was afraid that the robbers might attack from one side, so I was returning. At first, I was afraid you were robbers, but when I saw you, I came here cautiously. It’s good that it’s you, – he said. And he added: – You should stay here tonight; I fear that someone might come and attack. I am afraid, and my horsemen will arrive by dawn, so keep an eye out for them, – he said. They did as he said and settled down to rest. Now he also lay down. When it came time to unload the camel: – The load is light; let it stay like this, – he said. So all the soldiers lay down. As the soldiers fell into a deep sleep, Temir unloaded all the camels, gave swords to all his men, and began to cut off the heads of the soldiers from the edges. While they were sleeping, they didn’t realize what was happening. Thus, he quietly killed them. When only a few remained, didn’t Temir shout: “The robbers have come! Get up, get up!” Now, as the soldiers began to stand up, not everyone was getting up, only a few were. Those who were lying down had their heads cut off and were slaughtered. At that moment, the soldiers, realizing what was happening, couldn’t bear to fight and fled in panic. Thus, Temir fought and defeated them. Therefore, he did not let the king’s large army retreat. He defeated the other soldiers sent by the king in a similar manner, ultimately taking the city, killing the king, and becoming king himself.