Сәтемір хан (Ақсақ Темір)

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалып, күндерде бір күн далада ойнап жүріп, бір бұзылған үйдің түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап тұрса, бір аяғы ақсақ құмырсқа үйдің төбесіне қарай бара жатып, орта жеріне барғанда құлап түседі. Тұра салып тағы өрмелейді. Бағанағыдан жоғары барғанда тағы құлап түс...

Kazakh
Сәтемір хан (Ақсақ Темір)
Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалып, күндерде бір күн далада ойнап жүріп, бір бұзылған үйдің түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап тұрса, бір аяғы ақсақ құмырсқа үйдің төбесіне қарай бара жатып, орта жеріне барғанда құлап түседі. Тұра салып тағы өрмелейді. Бағанағыдан жоғары барғанда тағы құлап түседі. Ақыры өрмелей-өрмелей, қисаямисая үйінің төбесіне шығып кетеді. Сәтемір хан мұны көріп ойға кетті дейді: «Жаратылыстағы ең кіші мақұлық құмырсқа – о да талап ете-ете ұмтылып, ақыры мұрадына жетті. Мұнда отырып бір нәрсе көбейтпей, айдалада ойнап жүргенім жараусыздық екен», – деп, шаһарға барып бір ғалымның үйін сыпырып, ақысына оқу оқыпты. Ақырында сол Сәтемір атақты болды.
English
Satemir Khan (Timur the Lame)
On the seventh birthday of Satemir, he was left an orphan by his grandfather. One day, while playing outside, he grew tired and leaned against the side of a broken house. As he looked around, he noticed an ant with a lame leg making its way to the top of the house. Halfway up, it fell down. It immediately got back up and climbed again. When it reached a higher point than before, it fell again. Finally, after climbing and climbing, it managed to reach the top of the house, albeit leaning to one side. Seeing this, Satemir the Khan fell into thought: "The smallest creature in creation, the ant, also strives and strives, and in the end, it achieves its goal. It is unworthy of me to sit here doing nothing and playing around," he said, and went to the city, where he cleaned the house of a scholar in exchange for an education. Eventually, Satemir became famous.