Қойшы бала

Атақты Жәнібек хан бір күні аңда жүріп адасыпты. Бір тауға шыққан екен, бір бала қой жайып, ағаш түбінде сыбызғы тартып отыр екен. Сыбызғысының дауысы сондай әйбат көрінді. Хан баламенен сөйлескен еді, әлгі ештеме көрмей, қой ішінде өскен баланың ашық жүзі һәм түзу берген жауабы бек ұнасты ханға. – Кел, мұнда мынау бал...

Kazakh
Қойшы бала
Атақты Жәнібек хан бір күні аңда жүріп адасыпты. Бір тауға шыққан екен, бір бала қой жайып, ағаш түбінде сыбызғы тартып отыр екен. Сыбызғысының дауысы сондай әйбат көрінді. Хан баламенен сөйлескен еді, әлгі ештеме көрмей, қой ішінде өскен баланың ашық жүзі һәм түзу берген жауабы бек ұнасты ханға. – Кел, мұнда мынау бала қалай деп ойлайсың? – деді хан келе жатқан уәзіріне. Хан тағы да әр турадан сұраған еді, бала бәріне жауап қайырды. Өзінің өткірлігімен, ашықтығыменен хан менен уәзірді бек қайран қалдырды бала. Хан баланы өзімен бірге әкеткісі келді, оған өнер-білім білгізіп, жақсылап асырамақ үшін. Жаман жерден алып, жақсы жерге отырғызған гүл қандай жақсы өседі, бала да сондай өнер тауып, бір ұлы данышпан адам болды ақырында. Хан оған есім қойды Әлібек деп. Күннен күнге оны жақсы көре бастады һәм ақырында өзін қазынашы қылды патшалыққа. Әлібекте жақсы қылықтың бәрі болды. Сенімділік, жаһаттық, мархабаттық, халі жеткенше жақсылық қылатын сұрағанға, әйтеуір, ханның қол астына қараған өзге ұлықтарға ұқсамаған мінезі. Қылған қызметіне, көрсеткен жәрдеміне ешбір ақы алмаған. Сондай болып жүрсе де, Әлібек ғайбаттан құтылмаған. Ханның өзге сарайдағы нөкерлері көре алмай, не түрлі амал қылып ханменен шағыстырған. Хан оған көп құлақ қоймады. Себебі ханның өзі данышпан адам еді, бірақ Әлібектің сорына қарай Жәнібек хан өліп, орнына баласы хан болды. Бұл әкесіне тартпаған, адамға сенбейтін, діні қатты, сараң еді. Шөлдеген кісі бір кесе суды қандай сүйсе, кісі өлтіруді сондай жақсы көретін еді. Әлібектің дұшпандарына сондай адам керек еді. Бұлар күнде үстінен айтып тұратын болды. Хан әуелі оған құлақ қоймады. Бір уақытта олардың айтқандары рас сықылды көрінді. Хан бір күні бағалы тас орнатқан қылышты қарағысы келді. Бұл қылышты әкесіне бір патша сыйлаған екен. Қылышты ешбір жерден таба алмады қазына қағазында жазулы болса да. «Мұны қазынашы алды» деген ойға келді, ханның дұшпандары іле-шала Әлібекті ханға шағыстырды. «Әлібектің қылғанының бәрі арам. Себебі өзі мұнда жалаңаш келген бала еді, осы күні қанша үйлер салдырған, алтын, күміс жасауына һәм сайманның барлығына есеп жоқ. Қазынадан ұрлап алмаса, оны қайдан алды?» Солай деп ханға айтып отырғанда Әлібек кіріп келген еді. Хан қатты қаһарменен қарап айтты: – Әлібек, сенің сенімсіздігің маған белгілі. Сен мұнан былай менің қазынашым емессің. Мен саған қатты бұйырамын екі жұмада қазынаның есебін бер! Әлібек мұнан қорқа қойған жоқ. Себебі көңілі таза еді. Бірақ ойлады: «Менің дұшпандарым екі жұмада тағы мұнан жаман бірдеме табар» деп. – Ұлы хан, менің жаным сенің қолыңда. Мен қазынаның кілтін һәм өзге сіздің құрметіңіздің белгісін қазір столыңызға салуға даярмын. Егер мендей құлыңа мархабатың болса, мен сұрайын деп тұрмын қазынаның есебін қазір алуды менен. Әлібектің бұл арызы ханға бек ұнасты. Ертеңінде хан қазынаның есебін алған еді, бәрі түгел екен. – Қылышты өлген хан өзі алып, асыл тастарын өзге нәрсеге орнатқан, – деді Әлібек. Бұған хан ештеме айта алмады рас болған соң. Қазына ақшасы һәм өзге бағалы нәрселері түгел көрінген соң хан ештеме айта алмады. Сенімсіз адам өзінің ойлағаны рас шықпаса, ыза болады ғой. Хан да ашуланып, ойланып, ішінен өзге бір амал тағы тапты. Нөкерлері Әлібектің үйі жасаулы, байлығы артық дегені ойында болып, уәзірінің үйін көруге барды. Хан келсе, құр үйінің төрт қабырғасынан басқа һәм жүріс-тұрысқа аса керекті нәрселерден басқа дәнеме жоқ һәм жасаудан да бір нәрсе де жоқ. Хан қайран болып тұрды не айтарын білмей. Бір патшалы жұрттың қазынасын билеп тұрған Әлібектен ханның қол астына қарайтын орта жабайы адамдар салтанатты тұратын көрінді ханға. Өзінің сенбегеніне ұялып, кеткелі тұр еді хан, қасындағы нөкерінің бірі жанындағы бір есікті ымыменен көрсетті патшаға. Сонан соң патша жан-жағына қараған еді, бір есік тұр екен үлкен екі құлып салған. Есікке хан жақын келіп Әлібектен сұрады: – Осынша мықтап жауып бұл үйде не сақтайсың? Әлібек әуелі не айтарын білмей сасып қалды, артынан түзеліп айтты: – Ұлы хан, бұл үйде менің ең қымбатты нәрсем бар, мұнан бұрын көрген мүліктің бәрі хандікі. Бұл үйде тығулы жатқан менің байырғы мүлкім бар. Мен сізден, алдияр, сұраймын, бұл есікті «аш!» деп сұрамаңыз менен. Сенбейтін ханға Әлібектің қорыққан түрі қауіпті көрінді. Хан қатты бұйырды: – Аш есікті! – деп, Әлібек есікті ашқан еді, хан үйге кіріп көрді. Үйдің ағартқан төрт қабырғасынан басқа ештеңе жоқ екен. Жалғыз-ақ қойшының жыртық-жыртық киімі, бір сыбызғы, бір таяқ һәм бір малшының қалтасы тұр шегеде ілулі. Бәрі таң қалды. Ханның өзіне бұл қылғаны ыңғайсыз болып көрінді. Себебі өзі ойлаған еді, тығулы жатқан алтын, күміс бар ғой ол үйде деп. Әлібек адалымен айтты: – Ұлы хан Жәнібек мені далада, қойда жүргенімде алғанда бар менің мүлкім осы еді. Мен бұларды сақтап жүрмін. Бақытты жасымдағы белгі деп. Ұлы Жәнібек сондай мархабатты еді, менің бұл нәрселерімді өзіме қалдырды. Ұлы патшам, сіз де бұл нәрселерімді өзіме қалдырады ғой деп ойлап тұрмын. Һәм маған бостандық берерсіз қайтадан туған жеріме баруға, сіздің салтанатты байлығыңызда жүргеннен де, онда мен қойымды бағып, кедейлікте жүргенімде бақытты болған едім, – деді. Әлібек ханға мұны айтып үндемей тұрды. Тұрғандардың бәрінің көңілі бұзылды. Үлкен қадір тұтқанының белгісі деп хан үстінен шекпенін шешіп, Әлібекке кигізді. Жек көргендері, ғайбаттағандары ада болып, адал Әлібекке мұнан былай ешкім сөз айтушы болмады. Әлібек көп ғұмыр сүріп, әділдік, адалдықтың құрметін көріп тұрды. Әлібектің адалдығы мақал болып, біреудің адалдығын көрсетейін деген кісі айтар еді: «Оның адалдығы Әлібектей» деп.
English
The Shepherd Boy
The famous Khan Zhanibek got lost while hunting one day. He climbed a mountain and saw a boy tending sheep, playing a flute under a tree. The sound of the flute was so beautiful. The Khan spoke with the boy, and he was impressed by the boy's bright demeanor and straightforward answers, which were quite pleasing to him. – Come, what do you think of this boy? – said the Khan to his approaching minister. The Khan asked various questions, and the boy answered them all. With his sharpness and openness, the boy astonished both the Khan and the minister. The Khan wanted to take the boy with him to educate him in arts and knowledge and to raise him well. Just as a flower taken from a bad place and planted in a good place grows beautifully, the boy found such talent that he eventually became a great sage. The Khan named him Alibek. Day by day, he began to love him more and eventually made him the treasurer of the kingdom. Alibek possessed all good qualities: trustworthiness, generosity, kindness, and a character that was unlike the other nobles under the Khan's command, as he did good to those in need without expecting any reward. Despite being like this, Alibek was not free from slander. The Khan's other courtiers, unable to bear him, devised various schemes to turn the Khan against him. The Khan initially paid little attention to them. However, at one point, what they said began to seem true. One day, the Khan wanted to see a sword set with precious stones. This sword had been gifted to his father by another king. He could not find the sword anywhere, even though it was recorded in the treasury documents. He thought, "The treasurer must have taken it," and the Khan's enemies quickly turned Alibek against him. "Everything Alibek has done is suspicious. After all, he came here as a naked boy, and now he has built so many houses, and there is no accounting for the gold, silver, and all the tools he has. If he didn't steal from the treasury, where did he get it?" While they were saying this to the Khan, Alibek entered. The Khan looked at him with great anger and said: – Alibek, your untrustworthiness is known to me. From now on, you are no longer my treasurer. I command you to provide the treasury's accounts in two weeks! Alibek was not afraid of this. His heart was pure. But he thought, "My enemies will surely find something worse in these two weeks." – Great Khan, my life is in your hands. I am ready to place the key to the treasury and other tokens of your honor on your table right now. If you have mercy on a servant like me, I ask you to allow me to take the treasury's accounts now. Alibek's plea pleased the Khan greatly. The next day, the Khan received the treasury's accounts, and everything was in order. – The sword was taken by the deceased Khan himself, and he had set the precious stones into something else, – said Alibek. The Khan could not say anything since it was true. Once the treasury money and other valuable items were found to be intact, the Khan could not say anything. An untrustworthy person becomes angry when their assumptions turn out to be false. The Khan, too, became angry and thought of another scheme. His courtiers had mentioned that Alibek's house was well-furnished and that he had excessive wealth, so he went to see the minister's house. When the Khan arrived, he found that apart from the four walls of the empty house and a few essential items for living, there was nothing else, and there were no furnishings either. The Khan stood astonished, not knowing what to say. To the Khan, it seemed that the wild people living under the Khan's command were more lavish than Alibek, who was managing the treasury of a kingdom. Embarrassed by his disbelief, the Khan was about to leave when one of his courtiers pointed to a door with a gesture. Then the Khan looked around and saw a door with two large locks on it. The Khan approached the door and asked Alibek: – Why do you keep this house so tightly locked? Alibek was initially at a loss for words but then composed himself and replied: – Great Khan, I have my most precious possession in this house; everything else I have seen belongs to the Khan. I have my old possessions hidden in this house. I ask you, my lord, not to command me to "open" this door. Alibek's fearful demeanor seemed dangerous to the Khan. The Khan commanded sternly: – Open the door! – and when Alibek opened the door, the Khan entered to see. Apart from the four illuminated walls of the house, there was nothing. Only a shepherd's tattered clothing, a flute, a stick, and a shepherd's pocket hung on a nail. Everyone was astonished. The Khan found this situation awkward for himself. He had thought there would be hidden gold and silver in that house. Alibek spoke honestly: – Great Khan Zhanibek, when you took me from the field, my possessions were all that I had. I have kept these as a sign of my happy youth. The great Zhanibek was so generous that he left these things for me. Great King, I believe you will also leave these things for me. And you will grant me freedom to return to my homeland; I was happier tending my sheep in poverty than living in your splendid wealth, – he said. Alibek stood silently after saying this. Everyone present felt disheartened. As a sign of great respect, the Khan took off his cloak and draped it over Alibek. Those who hated and slandered him were proven wrong, and from then on, no one dared to speak against the honest Alibek. Alibek lived a long life, witnessing the respect for justice and honesty. Alibek's honesty became a proverb, and when someone wanted to demonstrate another's honesty, they would say: "His honesty is like Alibek's."