Kazakh
Асан қайғының хан аталуы
Асан қайғының шын аты Хасен екен. Хасеннің жігіт күнінде Еженхан деген мәнжу ханы қазақ халқына жарлық еткен екен: «Қазақ айғырын кісінетпесін, егер айғырдың даусын естісе, менің қорамдағы бедеулерім құлын тастайды. Егер бедеулер құлын тастаса, қазақ еліне ауыр жаза көрсетемін!» – депті. Қазақ халқы бұдан қатты қорқып сасады. Халықтың қорыққанын көрген Хасен ел басшыларына:
– Сіздер қорықпаңыздар, қасыма қырық мерген қосып ханға мені жіберіңіздер. Олар менің айтқанымды істесін, – депті.
Хасенге қырық мерген қосып, ханға жібереді. Хасен мергендерін ертіп, Еженхан тұрған шәріне қарай жолға шығып, жолда кездескен елдің итін қырып өлтіре береді. Осылай хан тұрған қаланың итін де қыра бастайды. Қалада ешкім қарсы келе алмайды. Сонымен қала халқы ханға келіп:
– Қасында қырық мергені бар біреу неше түрлі иттердің бәрін қырып, өлтіріп жатыр. Неге дегенге жауап жоқ. Өз алдыңызға алдырып тоқтатпасаңыз, ит қалдыратын емес, – деген соң хан кісі жіберіп шақыртып алдырып:
– Сен кімсің? – деп жөн сұрапты. Хасен:
– Мен қазақпын, – депті. Хан:
– Сен неге бұл итті өлтірдің? – депті. Сонда Хасен:
– Тақсыр, иттерді өлтіретін себебім – жас кезімде, қозы бағып жүргенімде қозыма қасқыр шауып, қозыларымды қырып жатқанда мен бар даусыммен алға шауып, иттерімді шақырдым. Маған бір де бір ит келіп қасқырдан қозыларымды айыруға көмектеспеді. Мен сонда өзім сондай серт етіп едім. Осыдан өзіме өзім келетін күн болса, даланың иті болсын, қаланың иті болсын, қырамын деп едім, – дейді. Хан айтады:
– Сенің мынауың тентектік қой. Сенің онда шақырғаның даладағы иттер ғой. Қаланікі емес қой, – депті. Хасен айтады:
– Мен шақырғанда даланың, қаланың итін де шақырдым, – дегенде, хан айтады:
– Сенің даусыңды даладағы ит естісе, естір. Қаланың иті қалай естиді? – депті. Хасен айтады:
– Тақсыр, айғырдың даусы жеткен жерге адамның даусы жетпей ме? Хан:
– Тіліңді Тәңір кессін, енді айғырдың даусын естіртпе дегеннен қайттым. Сенің атың Хасен болса, хан атын қостым! – деген екен.
Асан қайғы аты алғаш хан атанады.
English
The title of Asan Qaygy as a khan
Aсан Қайғы's real name was Хасен. In his youth, Хасен received a decree from Еженхан, a Manchu khan, stating: "Do not let the Kazakh stallion neigh, for if I hear the voice of the stallion, my mares in the corral will drop their foals. If the mares drop their foals, I will impose a heavy punishment on the Kazakh people!" The Kazakh people were greatly frightened by this. Seeing the people's fear, Хасен said to the leaders of the nation:
– Do not be afraid, send me to the khan with forty marksmen. Let them do as I say, – he said.
They sent Хасен with forty marksmen to the khan. Хасен set out towards the city where Еженхан was located, killing the dogs of the people he encountered along the way. Thus, he began to kill the dogs in the city where the khan resided. No one in the city dared to confront him. The townspeople then came to the khan and said:
– There is someone with forty marksmen who is killing all kinds of dogs. There is no answer to why. If you do not stop him, there will be no dogs left, – after which the khan sent someone to summon him.
– Who are you? – he asked. Хасен replied:
– I am Kazakh. – The khan asked:
– Why did you kill this dog? – Хасен responded:
– Your Majesty, the reason I kill the dogs is that when I was young, while tending my lambs, a wolf attacked and was killing my lambs. I called my dogs with all my might, but not a single dog came to help me separate my lambs from the wolf. I then made a vow to myself that if I ever had the chance, whether it be a dog of the steppe or a dog of the city, I would kill them, – he said. The khan replied:
– This is foolishness. The dogs you called were from the steppe, not from the city. – Хасен said:
– When I called, I called both the steppe and city dogs, – to which the khan responded:
– If the dog in the steppe hears your voice, it will hear. How can the city dog hear? – Хасен replied:
– Your Majesty, does not a human voice reach as far as the voice of a stallion? The khan said:
– May the Almighty cut your tongue, I have warned you not to let the stallion's voice be heard. If your name is Хасен, I have added the name of the khan! – Thus, Асан Қайғы was first named khan.