Асан қайғы

Асанқайғы жеті жыл желмая мініп жер кезіпті. Ол сонда тыныш жақсы жер қарап, сөйтіп жүргенде Маңғыстауға үш келіп, үш кетіпті. Маңғыстауды өзі жақсы депті. Бір келгенде екі баласымен келіп, екі баласына: – Маңғыстау жақсы ма? – дегенде, екі баласы: – Ой, шамалы ғой, – депті. Сонсын Асанқайғы: – Сендер білмейсіңдер ғой,...

Kazakh
Асан қайғы
Асанқайғы жеті жыл желмая мініп жер кезіпті. Ол сонда тыныш жақсы жер қарап, сөйтіп жүргенде Маңғыстауға үш келіп, үш кетіпті. Маңғыстауды өзі жақсы депті. Бір келгенде екі баласымен келіп, екі баласына: – Маңғыстау жақсы ма? – дегенде, екі баласы: – Ой, шамалы ғой, – депті. Сонсын Асанқайғы: – Сендер білмейсіңдер ғой, түбінде Маңғыстаудан жақсы жер жоқ, – деп желмаямен кеткен екен. Сол кеткеннен Тесік тауға барып тесігінен өтеді де, өзі бітеп тастайды екен дейді. Оның артынан Мөңке би т.б. соның жолын қуыпты.
English
Asan Qayğı
Asanqaygy traveled the land for seven years on his swift horse. During that time, he was searching for a peaceful and good place, and while doing so, he came to Mangystau three times and left three times. He considered Mangystau to be good. On one visit, he came with his two sons and asked them: – Is Mangystau good? – to which his two sons replied: – Oh, it's just okay. – Then Asanqaygy said: – You don't know, in the end, there is no better place than Mangystau, – and he left on his swift horse. After that, he went to Tesiq Mountain, passed through its hole, and then sealed it up, they say. Following him, Mönke Bi and others pursued his path.