Асан қайғының баласы Абат туралы

Асан қайғының Абат деген бір баласы болыпты. Ол өте батыр, ер және кең көрінеді. Бұл Орақ, Мамайлармен бірге талай соғысқа қатынасқан екен. Бұл өте кең болыпты. Жұрт «Абат кең» деп шуласыпты. Сол уақыттағы хан оның кеңдігін сынайын деп Абатты бір жаққа жұмсайды. Бұның бір сұлу әйелі болады екен. Сол әйелді ол өте жақсы...

Kazakh
Асан қайғының баласы Абат туралы
Асан қайғының Абат деген бір баласы болыпты. Ол өте батыр, ер және кең көрінеді. Бұл Орақ, Мамайлармен бірге талай соғысқа қатынасқан екен. Бұл өте кең болыпты. Жұрт «Абат кең» деп шуласыпты. Сол уақыттағы хан оның кеңдігін сынайын деп Абатты бір жаққа жұмсайды. Бұның бір сұлу әйелі болады екен. Сол әйелді ол өте жақсы көреді. Абат келер кезде әйелінің қасына екі құл жатқызыпты, екеуін екі жағына және екеуінің екі қолын әйелдің астына салдыртыпты. Абат келеді, келсе, әйелінің қасында екі құл жатыр. Бір-бір қолдары әйелінің астында. Бұл екеуінің екі қолын әйелінің астынан алып: «Бұлай жата ма екен?» деп, үстіне салған екен дейді. Сөйтіп, оның нағыз кең екенін біліпті. Асанқайғы осы баласымен бір жаққа көшіп бара жатса, әлгі Абат өліпті. Сонда сол жерде көп ауыл бар екен. Асанқайғы сол ауылға: «таң атқанша үй басына бір-бір кірпіш даярласын» депті. Таң атқасын даяр болыпты. Сонымен оны там салып, қойыпты. Оның моласы Келес өзенінің бойында бар екен дейді.
English
About Abat, the son of Asan Qaygy
Aсан Қайғы had a son named Abat. He was very brave, a hero, and broad-minded. He had participated in many wars alongside Oraz and Mamai. He was very broad, and people called him "Abat the Broad." At that time, the khan wanted to test his broadness and sent Abat somewhere. He had a beautiful wife whom he loved very much. When Abat was coming back, he had two slaves lie beside his wife, one on each side, and placed their two hands under her. When Abat arrived, he saw two slaves lying next to his wife, each with one hand under her. He took the two hands out from under her and said, "Is this how one lies?" and placed them back on top. Thus, he realized his true broadness. While Aсан Қайғы was moving with his son to another place, Abat had died. At that time, there was a large village nearby. Aсан Қайғы told that village, "Prepare one brick for each house by dawn." By dawn, they were ready. So, they built a house and placed it there. It is said that his grave is located by the Keles River.