Асан қайғы туралы (ІІ нұсқа)

Асан қайғы мен баласы Абат ауылдан жүз қадамдай қашықтап кеткенде әкесі артынан айқайлап: – Әй, Абат-ау! – деген екен. Сонда Абат: – Ия, түсіндім, – депті. Жолдастары Абаттан әкесінің не дегенін сұрапты. «Оның жолда кездесетін бір сөзі қалған екен. Ол сөзі «жаңбырлы күні жанбауыраймен жүрме, атың тайып жығылады» деген...

Kazakh
Асан қайғы туралы (ІІ нұсқа)
Асан қайғы мен баласы Абат ауылдан жүз қадамдай қашықтап кеткенде әкесі артынан айқайлап: – Әй, Абат-ау! – деген екен. Сонда Абат: – Ия, түсіндім, – депті. Жолдастары Абаттан әкесінің не дегенін сұрапты. «Оның жолда кездесетін бір сөзі қалған екен. Ол сөзі «жаңбырлы күні жанбауыраймен жүрме, атың тайып жығылады» деген ғой», – депті. Жігіттер әкесінен барып сұраса, солай деген сөз болып шығады. Олай болса, Абаттың өзі де әкесінен кем емес, тапқыр, ойшыл екені аңғарылады. Болмаса Асан қайғыдан жұрт: – Асеке, дүниеде кім мырза, кім қорықпайды, кім қызғанбайды? – десе, бәріне де: – Абат қорықпайды, Абат қызғанбайды, Абат мырза, – деп жауап береді екен. Оның да себебі бар. Жұрт Абаттан: – Сіз неліктен мырза болдыңыз? – десе, ол былай деп жауап беріпті: – Мен далада көп жүремін, талай жерді аралаймын, сүйтіп жүріп молалардың үстінен шығамын. Сонда бір кезде даңқы шыққан өте бай адамдардың сүйегі шығып, қурап жатады. Жарлы адамның да сүйегі жатады. Осыны көріп: «бай болсаң да өліп, осындай сүйегіміз құриды екен ғой. Тіршілікте өзіне-өзі қимай, ішпей-жемей жиған мал, ешкімге ауыстырғысы келмеген дүние бәрі де адам үшін құр әуре есебінде қалады екен. Олай болса, тірлікте бай болып, мал жинамай, сараң болып атағың шықпай-ақ, халық қатарында күн көруге болады» деп ойлаймын, – деген екен. – Болмаса, қорықпайтыным былай, – деп айтады, – жол жүріп келе жатыр едік. Біз қырық шақты атты едік, жүріп келе жатқанда ортамыздан бір қоян көк бұта арасынан тап бола кетті. Қоянды қоралап тұра қалдық. Жігіттер өздерінің найзасын оңтайланып тұрды. Қоян қамаған бізден құтыла алмастай болған сияқты. Өлім-өмір арасында тұрған қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ол сол тұрған жігіттердің біреуінің үстінен ата жөнелді. Күні бойы аңдып тұрған біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Әншейінде «қорқақ қоян» сол мезгілде өзінің ойын қорытса керек. Ажал келмесе, құтылуға болады екен. Олай болса, ажал келмесе, жасанған жаудан да қорқуға болмайды. Сондықтан мен батырлықты содан бастадым, – деген екен.
English
About Asan Qaygy (Version II)
When Asan Kairi and his son Abat had walked about a hundred steps away from the village, the father shouted back: – Hey, Abat! – he said. Then Abat replied: – Yes, I understand. – His friends asked Abat what his father had said. "He had one saying left for the road. It was, 'Don't walk in the rain without a cover, your horse will slip and fall,'" he said. When the young men went to ask his father, it turned out that he indeed said that. Therefore, it becomes clear that Abat is just as clever and thoughtful as his father. Otherwise, when people asked Asan Kairi: – Asan, who is a master in this world, who is fearless, who is not jealous? – he would answer: – Abat is fearless, Abat is not jealous, Abat is a master. – There is a reason for this. When people asked Abat: – Why have you become a master? – he replied: – I walk a lot in the steppe, I travel to many places, and while doing so, I come across graves. At times, the bones of very wealthy people who were once famous come out and lie there decayed. The bones of poor people also lie there. Seeing this, I thought: "Even if you are rich, you die, and our bones will decay like this. In life, the wealth that one hoards without parting with it, not wanting to exchange it with anyone, becomes nothing but a futile effort for a person. Therefore, one can live among the people without being rich, without accumulating wealth, and without being stingy." – he said. – Otherwise, my fearlessness is like this, – he said, – we were traveling. We were about forty horsemen, and while we were moving, a rabbit suddenly appeared from among the green bushes. We stopped to surround the rabbit. The young men readied their spears. It seemed that the rabbit could not escape from us. The rabbit, caught between life and death, sought only one way to escape. It jumped over one of the standing young men. We, who had been watching all day, thought it was doomed and could not escape. Usually, the "timid rabbit" must have concluded its thoughts at that moment. If death does not come, there is a way to escape. Therefore, if death does not come, one should not be afraid of a feigned enemy. That is why I began my bravery from there, – he said.