Әз Жәнібек ханның Жанпоз атаны туралы аңыз

Ханның Жанпоз атан деген түйесі болыпты. Бұл Жанпоз атан ханның ханымы келіншек болып түскенде оның ақ отауының шаңырақ түйесі болып келген бозінгеннің ботасы екен. Ханым өзімен бірге келген ботаны өте жақсы көріпті. Бота еркін атан болыпты. Ауыр жүкке мықты, алыс жолға өте шыдамды болғандықтан, ол «Жанпоз атан» атанып...

Kazakh
Әз Жәнібек ханның Жанпоз атаны туралы аңыз
Ханның Жанпоз атан деген түйесі болыпты. Бұл Жанпоз атан ханның ханымы келіншек болып түскенде оның ақ отауының шаңырақ түйесі болып келген бозінгеннің ботасы екен. Ханым өзімен бірге келген ботаны өте жақсы көріпті. Бота еркін атан болыпты. Ауыр жүкке мықты, алыс жолға өте шыдамды болғандықтан, ол «Жанпоз атан» атаныпты. Хан өрік, мейіз, күріш, Бұхардан шай, қант, кездемені алдырады екен. Жолдың алыстығы соншалық – ханның керуендері кей жылдар қыстап қалып келеді екен. Сонда жолай қанша түйе өлсе, соның жүгін әлгі жануар Жанпоз атанға арта береді екен. Қанша артса да, ол атан көтере береді екен. Өзіне артылған жүктің бәрін хан ордасына әкеле береді екен. Сондықтан, болмаса ханым үйінен келген бота болған соң ба, Жанпоз атанды хан да жанындай жақсы көреді. Ол өзінің бір күні малшы жалшыларын жинап алып: – Сендер білесіңдер, менің барлық ырыс, құтым мына Жанпоз атанда тұр. Байқаңдар, егер де кімде-кім осы Жанпоз атанды ұры алды, ұраға жығылды немесе өлді деп естіртер болса, мен оның көмейіне қорғасын құйып өлтіремін! – деп ескертті. Осыдан былай малшылар Жанпоз атанды ойға қарай тайраңдатпай, өрге қарай маймаңдатпай, жазық жерге бағады. Жайлы жерге жатқызады. Оны ұрыдан да, ұрадан да сақтайды. Сонымен айлар өтеді. Жылдар өтеді. Бір күні ел көшеді. Хан ордасының шаңырағы хан мен ханымның жақсы көретін Жанпозға артылады. Барлық көштің басы – ханның көші. Хан көшінің басы – Жанпоз атан. Оның бұйдасы қара жорғаға мінген ханымның қолында болады. Көш жүріп келе жатады. Хан өзінің игі жақсыларымен ол қонатын жерге озып кетеді. Жануардың қартайғаны ма, әлде жазым болды ма, жарты жолға жетпей бір ордан ойға қарай ылдилап түсіп келе жатқанда Жанпоз атан сүрініп кетеді де, омақаса құлайды. Құлайды да, өз омыртқасы үзіліп, тұяқ серіппей пышаққа ілінеді. Адам атаулы ат үстінде, түйе атаулы жүк астында көш тоқтап, ел аңырып қалады. Хан көшінің алдына басқа көштің түсуі жақсы ырым емес. «Сен бар, сен бар!» дескенімен, ханға хабар етуге ешкімнің батылы бармайды. Ақырында ел Жиреншеге қолқа салады. «Сіз барыңыз», – дейді. «Жарайды, барайын. Өзім үшін туыппын, өзім үшін өліппін», – дейді де Жиренше кете барады. Ол далақтап шаба жөнелмейді, өзінің әшейіндегі жүрісімен бүлкілдете береді. Бір белден асқан соң, бір белден асады. Бір бұлаққа кідіріп, атын да шалдырады. Сөйтіп жүргенде шалқай түс болады. Ел қонатын жерге келіп, атынан түскен ханның көзі көш келетін жақта. Ыстық күн құрып барады. Шаңырқап шөлдей бастаған ханның шыдамы кетіп, халі де азаяды. Ол бір кезде дөңнен асып келе жатқан Жиреншені көреді. «Ау, жүрсеңші!» деп айғайлап та жібереді. Оған асығатын Жиренше ме, бір тебініп қойып бүлкілдете береді. Ханға жақындаған сайын белі түседі. – Апырай амандық па, көш қайда? – Амандық, тақсыр, амандық. Осыны айтып Жиренше асықпай атынан түсіп, ханның жанына келеді. – Амандық болса, көш неге келмей жатыр? – Әлгі жануар Жанпоз атан сүрініп кетіп, содан жұмған көзін ашпайды, көсілген аяғын жимайды. Сонымен көштің кідіріп тұрғаны, соны қайтеміз деп сізге ақылдасуға жіберді. Жиреншенің сондалық аспай-саспай сөйлегеніне шыдамаған хан: – Ойбай-ау, ол итті өлді десеңші, – деп айтып қалыпты. Сонда Жиренше іліп әкетіп: – Әлей, тақсыр, өлді деген өз аузыңыздан шықты, – депті.
English
The legend of Janpoz Ata by Khan Az Zhanibek
The Khan had a camel named Janpoz. This Janpoz was the calf of a grey mare that had come to the Khan's white yurt when his wife had married him. The Khan's wife loved the calf very much. The calf had grown into a strong camel. Because it was strong for heavy loads and very enduring for long journeys, it was named "Janpoz." The Khan would send for apricots, raisins, rice, tea from Bukhara, sugar, and cloth. The distance of the journey was such that the Khan's caravans would sometimes spend the winter on the way. In those cases, whatever camels died along the way, their loads would be transferred to Janpoz. No matter how much was loaded onto it, Janpoz would carry it. It would bring all the loads assigned to it to the Khan's palace. Therefore, perhaps because it was the calf that came from the Khan's wife, the Khan loved Janpoz dearly. One day, he gathered his herdsmen and warned them: – You know that all my wealth and fortune lie with this Janpoz. Be careful, if anyone hears that this Janpoz has been stolen, fallen, or died, I will pour lead down their throat and kill them! From that day on, the herdsmen took care not to let Janpoz wander off or stray uphill, but instead kept it in flat areas. They laid it down in comfortable places and protected it from thieves and dangers. As months passed and years went by, one day the people were moving. The roof of the Khan's yurt was being carried for Janpoz, whom the Khan and his wife loved. The head of all the migrations was the Khan's caravan. The head of the Khan's caravan was Janpoz. Its lead was held by the Khan's wife, who was riding a black horse. The caravan was moving along. The Khan, along with his noblemen, went ahead to the place where they would camp. Whether it was due to the animal's old age or some misfortune, before reaching halfway, as it was descending from a hill into a valley, Janpoz stumbled and fell. It fell, breaking its spine and getting caught by its hoof. All the people on horseback and all the camels under the load stopped, and the people were left in shock. It was not a good omen for another caravan to overtake the Khan's caravan. Although they whispered among themselves, "You go, you go!" no one dared to inform the Khan. Finally, the people urged Jirenche. "You go," they said. "Alright, I will go. I was born for myself, and I will die for myself," Jirenche replied and set off. He did not rush; he continued at his usual pace. After crossing one hill, he ascended another. He paused at a spring and let his horse rest. While he was doing this, it began to get dark. When he arrived at the place where the people would camp, the Khan was watching from his horse in the direction of the approaching caravan. The hot day was exhausting him. As the Khan's patience began to wear thin, he saw Jirenche coming over the hill. "Hey, hurry up!" he shouted. Was Jirenche in a hurry? He just gave a little kick and continued at his leisurely pace. As he got closer to the Khan, he lowered his head. – Is everything alright, where is the caravan? – Everything is fine, my lord, everything is fine. Saying this, Jirenche dismounted leisurely and approached the Khan. – If everything is fine, why isn't the caravan coming? – That animal Janpoz stumbled and has not opened its eyes since, nor does it retract its stretched legs. That's why the caravan is delayed; they sent me to consult with you about what to do. Unable to bear Jirenche's calm and unhurried speech, the Khan exclaimed: – Oh dear, just say that it’s dead! Then Jirenche quickly replied: – Oh my lord, the word "dead" came from your own mouth.