Жиреншенің Қарашашқа құда түсуі

Бір жылдары Жиреншенің әйелі өледі. «Ел құлағы елу» деген емес пе. Пәленшенің аулында бір шалдың қызы бар, өзі сұлу, өзі ақылды, шешен, тапқыр дегенге іздеп шығып, шалдың аулына жақындай бергенде табытқа салып апара жатқан адамды көреді. Жиренше де солардың соңынан ере береді. Бір ақсақалды шалдың қасына кеп: «Әке, мын...

Kazakh
Жиреншенің Қарашашқа құда түсуі
Бір жылдары Жиреншенің әйелі өледі. «Ел құлағы елу» деген емес пе. Пәленшенің аулында бір шалдың қызы бар, өзі сұлу, өзі ақылды, шешен, тапқыр дегенге іздеп шығып, шалдың аулына жақындай бергенде табытқа салып апара жатқан адамды көреді. Жиренше де солардың соңынан ере береді. Бір ақсақалды шалдың қасына кеп: «Әке, мынау өлген адам ба, жоқ тірі адам ба?» – деп сұрайды. Шал Жиреншеге жекіп «тірі адамды табытқа сала ма екен?» деп ұрсып тастайды. Жиренше онымен қоймай пісіп тұрған бидайдың жанынан өте бергенде «Әке, мынаны адам жей ме, жоқ па?» деп шалдан тағы сұрайды. Шал «жейтін наныңды білмейтін қандай сорлысың» деп бұрынғыдан да гөрі батылырақ сөйледі. Бағанағы табытқа салған адамды көміп, жұрт үйді-үйіне тарқай бастайды. Жиренше манағы шалға: «Сіздің үйден сусындауға бола ма?» дейді. «Неге болмасын, шырағым» деп шал Жиреншені үйіне кіргізіп, төсек салып отырғызады да, далада жүрген қызына: «Мына бір ақылынан адасқан жазған екен, сусындатып жібер. Маған өлген адамды «әлі тірі ме» деді. Пісіп тұрған бидайды «адам жей ме, жемей ме» деп сұрайды. Қандай жазған екенін қайдам» дейді. Сонда қыз тұрып: «Ой, әке-ай! Бекер айтасыз, өлген адамды «тірі ме, өлі ме» деген сөзі – егер сол өлген адамның артында баласы жоқ болса, онда оның өлгені. Ал, баласы бар болса, онда оның өлмегені. Пісіп тұрған бидайды «адам жей ме, жоқ, жемей ме» деген сөзі – сол бидайды еккен адамға бұйырса жей ме, жоқ бұйырмаса да жей ме деген сөзі едің депті. Әкесі: «Шырағым, бұ шіркіннің жұмбақтап сөйлегенін мен қайдан білейін» деп тоқталады. Қыз тұрып: «Сөзінің төркіні жаман екен, Жиренше қу болмаса жарар еді» депті. Жиренше құда түсіп, сол қызды алады. Қыздың аты Қарашаш сұлу еді, баяғы өзінің іздеп шыққан қызы да сол екен.
English
The Proposal of Zhirensha to Karashash
One year, Jiren's wife passed away. Isn't it said, "The ears of the people are fifty"? In a certain village, there was a beautiful and intelligent girl, eloquent and resourceful. As Jiren was searching for her, he approached the old man's house and saw people carrying a coffin. Jiren followed them. He came up to an elderly man and asked, "Father, is this a dead person or a living one?" The old man scolded Jiren, saying, "Would they put a living person in a coffin?" Not stopping there, Jiren passed by some ripe wheat and asked the old man again, "Father, can a person eat this or not?" The old man replied, "What a fool you are, not knowing what bread you can eat." After burying the person they had put in the coffin, the people began to disperse to their homes. Jiren then asked the old man, "Can I have a drink at your house?" The old man replied, "Why not, my son," and invited Jiren into his home, setting him down on a bed. He then called out to his daughter, saying, "This one seems to have lost his mind; give him something to drink. He asked me if the dead person is still alive. He also asked if a person can eat ripe wheat or not. I don't know what kind of fool he is." The daughter then stood up and said, "Oh, father! You speak in vain. His question about whether the dead person is 'alive or dead' means that if the dead person has no children, then he is indeed dead. But if he has children, then he is not dead. His question about whether a person can eat ripe wheat or not means whether the person who planted that wheat will be able to eat it or not." The father replied, "My son, how would I know that this fellow speaks in riddles?" The girl then said, "His words are quite strange; it would be fine if Jiren were not a trickster." Jiren proposed and married that girl. Her name was Karashash, and she was indeed the same girl he had been searching for.