Орманбет хан әңгімесі

«Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде» деп айтылатұғын Орманбет Есіл, Нұра бойында «Тоғанастың тоқсан екі көлінде» жайлап, қыстап жүрген күнінде Орманбет ханның үйіне үш жаяу келіп қоныпты. – Кім боласыз? – деп сұраса: – Дін исламның қорғаны, шариғаттың шегесі, қазығы халифа жұртының кісісіміз, – депті. – Жол бо...

Kazakh
Орманбет хан әңгімесі
«Он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде» деп айтылатұғын Орманбет Есіл, Нұра бойында «Тоғанастың тоқсан екі көлінде» жайлап, қыстап жүрген күнінде Орманбет ханның үйіне үш жаяу келіп қоныпты. – Кім боласыз? – деп сұраса: – Дін исламның қорғаны, шариғаттың шегесі, қазығы халифа жұртының кісісіміз, – депті. – Жол болсын, неғып жүрсіздер? – дегенде: – Халифа патшасы жіберіп еді: «Үш қашқын қашты. Сол үш қашқынның барған жері бүлінеді, құриды. Соны мұсылманның қай жұртына барып паналаса, сол орамында болған мұсылман патшалары ұстап берсін» деп бізді солардың соңынан қудырып жіберді, – десіпті. Орманбет хан: – Біздің бұл орамға ондай жын-саяқ келген жоқ, – депті. Онда ол үшеуі айтыпты: – Сіздің қол астыңыздағы жұрттан таптық, бар екен, – депті. – Ол қайда жүр екен? – депті. – Оның қайда жүргенін айтайық: ұстап, байлап, бізге аяқ-қолын кісендеп беретұғын болсаңыз, – депті. – Жарайды, айтқандарыңша қылып, бекітіп берейін, – депті. – Бекітіп берсеңіз, ол үш қашқынның дөкейі, аса бұзылған ат-шамынысы зорлық еді, онан соңғысы ұрлық еді. Онан соңғысы өтірік еді. Сол үш залым сіздің қоластыңызға келіп, қорғалап тығылған екен. Соны ұстап берсеңіз, жұртыңыз жұрт болып отырады да, оны ұстап бермесеңіз, ел-жұртыңызға бүліншілік кіреді, – депті. Сонан соң Орманбет ойға түсті дейді: «Менің бұл жұртыма мұндай жаман пиғылдар араласқан екен. Әуел ақырдан бері қарай ұрлықтың, зорлықтың, өтіріктің араласқан жері оңбаушы еді. Қой, мен көптің аузын тыя алмаспын. Онан да басымды алып қашайын», – деп, бір түнде ғайып болып, жоғалып шыққан екен. Сонда кетіп бара жатып, көп қойшыға душар болып, бесін намазының уақытысы екен. – Балалар, мен намаз оқып алғанша, атымды ұстай тұр, – деп айтса, Ормамбет хан екенін танымайды, тілін алып, атын ұстап тұрмапты. Ішінде бір кішкенелеу жасырақ бала: – Қырық жыл баққанмен, қой мұратқа жеткізбес. Құдайдан қорқынышлы әз ағаның атын ұстап, батасын алсам, бір мұратқа жеткізер, – деп айнала тұра қалып қашан намаз оқып болғанша бүлк етпей, атын ұстап тұрып, қолтығынан алып аттандырып, батасын алып қалыпты. Сонда Орманбет хан балаға айтып кеткен екен: – Менің атым – Орманбет. Мен деген жұрт осы төбенің басына тастан там салып, маған оқитұғын Құранын, қылатұғын батасын қыла берсін! Мен енді бұл ел-жұртқа жоқпын. Менен соң он сан ноғайлыға сен үлгі айтарсың. Сенен соң ноғайлы деген жұрттан төбе басына шығып, төре берер ұл тумас. Біздің бұл жұрт жайлады Нұра менен Есілді. Арқаның тарлау шөбінің Арқасымен есірді. Бір қараның орнына Сый-сипатқа берісті. Баласын зарлап, қақсатып, Малша жұмсап жесірді, Таласып байлар қонысқа, Жетім-жесір, нашарды Қонысынан көшірді. Абиыр, бағын дау алар, Қимаған малын жау алар. Жер-су адыра, тұл қалар, Кейінгі үрім-бұтаққа Қылып бір кетті кесірді. Бұ жерден ауар қонысы, Ауқаты болар қол ісі. Бір-бір ұшар көзінен Өн бойы Есіл, Нұраның Малдың бір жатқан өрісі. Өзінен-өзі бүлінді Ноғайлы мырза баласы. Күн-түн боп Орыс кірісі. Үлкені кетер көре алмай Бейнетті жүрер өле алмай. Кедейліктен тентірер Алумен тауып бере алмай. Алдына салып желкелер Мәскеудің казак-орысы. Осындай бірнеше кейінгіде болашақ оқиғаларды айтып: – Ал, балам, енді қалғаны болса, жұртқа өзің айтып баян қыла берерсің, – деп аузына түкіріп, көз алдында қыбылаға қарап, жөнеле берді дейді. Сонан соң қайтып Орманбетті «көрдім, білдім» деген жан жоқ. Сол бала Мөңке би атаныпты. Сол айтуы бойынша ноғайлар баланың: «Осы жерде амандасып қалдым» деген жеріне там салып, соны осы күнде «Орманбет тамы» деп айтысады.
English
The Tale of Khan Ormanbet
"When ten Nogais were destroyed, when Ormanbet Khan died," it is said that Ormanbet, while grazing and wintering by the Esil and Nura rivers, had three foot travelers come to his house. - Who are you? - they asked. - We are the defenders of the religion of Islam, the nails of the sharia, the people of the caliphate, - they replied. - May your journey be safe, why are you traveling? - he asked. - The Caliph sent us: "Three fugitives have escaped. Wherever those three fugitives go, that place will be ruined and destroyed. If they find refuge in any Muslim land, the Muslim kings there should capture them," they said. Ormanbet Khan replied: - No such troublemakers have come to our land, - he said. Then the three said: - We found them among your people, they are here, - they said. - Where are they? - he asked. - If you can capture and bind them, we will tell you where they are, - they replied. - Alright, I will do as you say and secure them, - he said. - If you secure them, the leader of those three fugitives is a great troublemaker, the first is a robber, and the last is a liar. Those three villains have come to your land and are hiding. If you capture them, your people will be safe, but if you do not, your land will face destruction, - they said. Then Ormanbet fell into thought: "Such evil intentions have mixed with my people. From the beginning, places where robbery, violence, and lies have mingled have never prospered. Well, I cannot silence the mouths of the many. I should rather run away," he thought, and disappeared in one night. As he was leaving, he encountered many shepherds, and it was the time for the afternoon prayer. - Children, hold my horse while I pray, - he said, but they did not recognize him as Ormanbet Khan and did not hold the horse. Among them was a younger boy: - Even if I keep the sheep for forty years, they will not reach their goal. If I hold the horse of the revered elder and receive his blessing, I will reach my goal, - he said, standing still until the prayer was over, holding the horse, and then he helped him mount and received his blessing. Then Ormanbet Khan told the boy: - My name is Ormanbet. Let the people build a stone house on top of this hill and continue to recite the Quran for me and give their blessings! I am no longer here for this land. After me, you will be the one to guide the ten Nogais. After you, no noble child will be born from the Nogai people who will rise to the top. Our people settled By the Nura and Esil. The narrow grass of the Arka Grew with it. In place of one black, They offered gifts. Mourning for their children, They used them like livestock, The rich quarreled over land, The orphans and the poor Were displaced from their homes. Honor and fortune are taken, What one cannot part with is taken by the enemy. The land and water will be desolate, Bringing misfortune to the future generations. From this land, there will be a new settlement, Its sustenance will be through labor. From one eye to another, Throughout the pastures of Esil and Nura, The livestock will be scattered. The Nogai noble's son Will be ruined by himself. Day and night, the Russians will enter. The elders will leave without seeing And will suffer without dying. The poor will wander Unable to find sustenance. The Cossacks of Moscow will lead them by the neck. After recounting several future events: - Well, my son, if there is anything left, you can tell the people yourself, - he said, spitting into his mouth, looking towards the qibla, and set off. After that, no one saw or heard of Ormanbet again. That boy became known as Mönke Bi. According to that saying, the Nogais built a house where the boy said: "I have greeted here," and to this day it is called "Ormanbet's House."