Тоқтамыс хан мен Едіге батыр

Бұрынғы ноғай ұлдарынан Тоқтамыс деген хан болыпты. Оның «Түкті аяқ» дейтін сұңқар құсы болатын, жылында бір туып, үштен артық жұмыртқаламайды екен. Сол сұңқарды тәрбиелеп бағып тұратын Құттықая деген бір адам болатын. Сол сұңқар жұмыртқалаған уақытта Темір хан деген хан Құттықаяға кісі жібереді: «Сұңқардың бір жұмыртқ...

Kazakh
Тоқтамыс хан мен Едіге батыр
Бұрынғы ноғай ұлдарынан Тоқтамыс деген хан болыпты. Оның «Түкті аяқ» дейтін сұңқар құсы болатын, жылында бір туып, үштен артық жұмыртқаламайды екен. Сол сұңқарды тәрбиелеп бағып тұратын Құттықая деген бір адам болатын. Сол сұңқар жұмыртқалаған уақытта Темір хан деген хан Құттықаяға кісі жібереді: «Сұңқардың бір жұмыртқасын ханына білдірмей маған жасырып беріп жіберсін», – деп. Құттықая бір жұмыртқасын жасырып беріп жібереді. Тоқтамыс хан: «Сұңқар нешеу туды? – десе, – «Екеу туды», – дейді. Темірхан беріп жіберген жұмыртқасын тауыққа бастырып шығарады. Әбдан темір қанат болып жетіскен соң күнде Темір хан аңға шығып, сұңқарын құсқа салып, құс алдырып жүреді. Бір күндерде Тоқтамыс хан аңда жүрсе, бір сұңқар бір үлкен құсты қуып келіп, Тоқтамыс ханға жақындағанда алады. Артынан Темір хан қуып келіп сұңқардікі деп алып кетеді. Ол сұңқарды Құттықаяның Темір ханға ұрлап бергенін Тоқтамыс хан біліп, Құттықаяға: «Саған жазаңды берермін!» – дейді. Сонан Құттықаяны сұңқар бағудан шығарып, ыссыда түйе бақтырады. Қорегі күнге беретін бір үйрек болады. Соны қорек етіп, ыссыда шөлдеп, тау арасында түйесін бағып жүреді. Бір күндерде Құттықая көлеңкелейін деп бір таудың үңгіріне кірсе, бір сұлу қыз ұйықтап жатыр екен. Құттықая көреді де айрылмайды: «Сені мен әйелдікке алам» деп. Қыз құтыла алмаған. – Жақсы. Саған тиейін мына шарттармен, – дейді, – Әуелі, түнде үй сыртынан келіп білдірмей үй сығалама. Екінші, түнде жатқанда төсім үстіне қолың салма, үшінші намазда тұрғанда аяғыма қарама! – дейді. – Егер де осы үш затты істесең, мен саған жоқпын, – дейді. Сөзін қабыл етіп, әйелдікке алып жүреді. Құттықая тыным көрмейді де, ыссыда түйесін бағып жүреді. Бір уақыт келіп үйінен тамақтанады. Қорегі – баяғы бір үйрек. Ұқсатып, жүнін жұлып, пісіріп сорпалап қояды. Бір күні Құттықаяның үйіне бір мүсәпір адам келсе, басқа беретін ас болмағандықтан, әйелі баяғы Құттықаяға пісіріп қойған үйректі аяғымен мүсәпірге береді. Мүсәпір көбін жеп, сорпасын ішіп, сарқытын қайырып береді. Әйел алып барып, жауып қояды. Сонан Құттықая келген соң әйелі: – Әй, әттеген-ай, басқа ас болмағандықтан, пісіріп қойған үйрегіңді бір мүсәпір келген соң беріп қойып едім, – деп, қалған сорпасын алып берейін деп аяқтың бетін ашып қараса, үйрек бүтінімен тұр екен. Құттықая ішіп, жеп алып, әйеліне: – Қалай кетті? – деп сұрап, ізіне түсіп келсе, бір таудың үңгірінде қырық шамалы кісі намаз оқып жатыр екен. Бұ да келіп намазға тұра қалады. Әбдан намаз оқып болған соң, Құттықаяға: – Не тілегің бар? – дейді. Сонда Құттықая: – Маған хан ұлын таққа қоймастай бір бала бер! – дейді. Құттықаяға әлгі қырық адам бата береді де, бір алма береді. – Осыны ортасынан жарып, жартысын өзің, жартысын әйелің жесін. Қас сорлы болмасаң, бір балалы боларсың, атын «Едіге» қой, – дейді. Сонан үйіне келіп, алманы екеуі бөліп жейді. Әйелінен бір бала туады, атын Едіге қояды. Бір күні Құттықая түнде келіп үй сығаласа, әйелі бас терісін жұлып алып, битін қарап отыр екен. Түнде төсіне қолын салса, төсінен жүрегі жылтылдап тұрады екен. Намазға тұрғанда аяғына қараса, екі аяғының басы кейін қарап тұр екен. Әйелі біліп еріне айтады: – Сен әуелдегі айтқан шартты сөзді бұздың. Мен саған енді жоқпын, мынау бала – асылзада бала. Мұны жақсы тәрбие ет, – деп, ғайып болыпты. Сөйтіп жүргенде Құттықаяны Тоқтамыс хан шақырып алып, жендеттеріне өлтіртеді. Ханның жолдастары айтады: «Мұны өлтіргенмен болмайд, мұның бір баласы бар. Оны да өлтіру керек», – дейді. Ханның баланы өлтіретінін біліп, баланың бір көршісі бұл баланың асылзада екенін біледі екен. Едігені бесігімен үйіне апарып, үйіндегі жас баласын бесігімен Едігенің орнына апарып қояды. Хан ол баланы да өлтіреді. Едіге есін білгесін-ақ, өзі теңдес балаларға бас бола бастайды. Балалар онымен жиналып ойнағанда Едігені хан қылады. Едіге сегіз-тоғызға келгенде Тоқтамыс хан сұрап алып жылқы бақтырады. Түнде жылқы бағып, күнде таңертең ертеменен Тоқтамыстың үйіне сәлем беріп кіргенде хан селк ете түседі. Оны әйелі біліп ханға айтады: – Осы сіздің аруағыңыздан Едігенің аруағы күшті-ау! Неге десең, Едіге есіктен кіргенде сіз селк ете түсесіз, – дейді. Хан: – Қайдан менен Едігенің аруағы күшті болсын, – дейді. Бір күні әйелі Едігенің келер қарсылығында ханның жанбасының астына бір ине қадап қояды. Ханды сынау үшін Едіге есіктен кіргенде хан селк ете түскенде ине сырт етіп, сынып кетеді. Хан ханымына айтады: – Енді Едіге келгенде сиіп, сідігіңді құйып қой, – дейді. Ғадатта Едігеге бір үлкен аяқпен қатық, айран ұйытып құйып береді екен. Бір күні хан әйелі аяқтағы қатық, айранның үстіне сиіп қойып, Едігеге келгенде ұстата береді. Едіге ұрттап жұтып жіберіп, тамсанып-тамсанып: – Айран тәтті екен, ыдысы ескірген екен, – деп аяқты алдына қойып, қылышымен төрт бөліп шауыпты да, үйден шығып аттанып кетіпті. «Ыдысы ескірген екен» дегені, ханның әйелі үлкен кісі екен дейді. Едігенің артынан Кеңестің ұлы Кенжембай деген бір адам шауып барып: – Хан шақырады, қайта жүр, үйге түс! – десе де қайтпайды. Келген кісіні қуып жібереді. Сонан Едіге тоғыз жолдаспен жорықта жүргенде келе жатса, бір жерде қазылып жатқан көп аттың ізін көріп, Едіге айтады: – Қабартен дәу Темірханды шабады деген қабар бар еді. Бұл солардың ізі болар, – деп ізге түсіп жүреді де, жолдастарына айтады: – Көлденеңнен қосылған көк атты болып араласып, әлім келсе, қазан асуға кірісіп қарайын. Қонған, түстенген жерде ет тастап кетермін. Соны жеп ере беріңдер, – дейді. Сонан Едіге батыр көлденең қосылған көк атты болып, қазан асуға, ас пісіруге араласып, қонған түстенген жерге ет тастап кетеді. Соны жеп жүре береді. Бір күні түстенуде Дәу Едігеге айтады: – Бүгін түстенетін жерге күшті қолды түсірудің билігі сенде, – дейді. Едіге күшті қолды көп суы бар алыстағы жерге қондырады. Дәу шатырын тігіп, Қанкей, Тінекей деген Темірханның екі қызын екі жағына алып жатып, ұйықтап қалады. Едіге жай тасын жайнатып, күнде іс етіп, күннің қызуына шыдай алмай, алпыс шақты жолдасы алыстағы суға шұбырады. Олар әбдан кетіп болған соң, шатырдың сыртындағы қаңтарулы тұрған шұбар атқа Едіге батыр: «ия, Алла!» деп мініп, есіктің алдына келіп, найза сымен шатырдың есігін көтеріп қайырып тастап қараса, Дәу ұйықтап жатыр екен. Едіге екі қызға «шық!» десе, «Дәуден қорқамыз» дейді. Едіге батыр садағын суырып алып, қақ жүректен атқанда Дәу жан ашуымен тұра жүгіргенде, шұбар аттың құйрығы қолына түседі. Едіге: «Әй, шұбар жылқы, құйрығың шолақ болсын!» – деп дұға етеді. Сонда шұбар аттың құйрығы үзіліп кетеді. Шұбар жылқының құйрығының шолақ болуы Едігенің дұғасынан дейді. Едіге батыр суға шауып келсе, алпыс кісі екі бөлініп, су жағасында жағалық ойнап жүр екен, отызы «Едігелікпіз» деп, отызы «Қабартен дәулікпіз» деп. Едіге отыз кісіні өз қасына алып, Дәулікпіз деген отыз кісіден жиырма тоғызын өлтіріп, біреуін қоя беріпті: «Еліңе барып, көрген-білгеніңді айтарсың» деп. Сонан Едіге жолдастарымен Темір ханның екі қызын алып елге келіп, «Тоқтамыс ханды шабам» деп жүрген хабарын естіп, Тоқтамыс қашады. Едіге артынан қуып, Қызғыш көліне барған жерде жетіп, Тоқтамыс ханды өлтіріп қайтады. Сонан келген соң Едіге Тоқтамыстың орнына хан болады. Тоқтамыстың бір батыр баласы болып, баяғы Тоқтамысты шапқанда о да бір жаққа қашып кетеді. Аты Қадірберді жас сұлтан дейді. Едіге батырдан Нұрадын деген бір батыр бала болады. Жігіт болған соң өлтіруге Нұрадынды іздейді. Бір жерлерден табады. Ақ отауын тігіп отырғанын Қадірберді жас сұлтан Нұрадынның хабарын естіп, есіктен төрге шейін іс қадап, төрге жебе төсеп қояды. Нұрадын сәлем беріп үйге кіргенде жас сұлтан айтады: – Жүрер жерің – мынау, отырар жерің – анау, – дейді. Нұрадын темір істің үстін басып, қарш-қарш еткізіп, аяқтан шашыраған қан бет-аузын жуып, төрдегі жебенің үстіне отыра кетеді. Жебе Нұрадынды ұстайды, жібермейді. Сонда Қадірберді жас сұлтан Нұрадынға айтады: – Әй, Нұрадын, Аллаң еш бермесін мұрадың, Толғай, толғай жүгірген, Тоқпақ жалды торғай Күзде төрімде Мұны неттің, Нұрадын? Жағасы алтын шөкіш Мұны неттің, Нұрадын? Толғамбалы алтын ала балтамды Мұны неттің, Нұрадын? Жұрт иесі атамды Мұны неттің, Нұрадын? Нұрадынның жауабы: – Әй, Қадірберді, жас сұлтан, Ақылың көп бас сұлтан, Сұрасаң, мен айтайын, Айтайын да қайтайын. Тоқпақ жолда торғай көзді түріңді Тәңірі өзіме бергенде Ер астынан алғанмын, Өз астыма салғанмын. Жағасы алтын мың шөкіш, Тәңірі өзіме бергенде Ер иығынан алғанмын, Өз иығыма салғанмын. Толғамалы алтын ала балтаңды Тәңірі өзіме бергенде Ер қолынан алғанмын, Өз қолыма салғанмын. Жұрт иесі атаңды Арқыратып ақ құрбанға шалғанмын. Ұлы да жолға салғанмын. Бұлқыншақтан қисықпын, Буыршыннан тентекпін. Тезге салсаң, түзелмен, Санымнан бұйда өткізсең, оңаймын, Баба түкті Шашты Әзінің сойымын. Сонан Нұрадынның ұсталған хабарын Едіге естіп, Қадірберді жас сұлтанға кісі жіберіпті. «Өткенді селге берелік, қалғанды елге берелік. «Өткен өрел, қалған салауат» дегендей, жас сұлтан келіп қонақ болсын!» – депті. Сонан Қадірберді жас сұлтан Нұрадынды босатып, Едігеге алып жүреді. Жолда бір терең судан салмен өтіп келе жатқанда Едіге Қадірберді жас сұлтанды салдан итеріп жіберіп, салдан құлатып суға ғарық болыпты. Сөйтіп, Тоқтамыс ханның тұқымын құртыпты дейді.
English
Khan Tokhtamysh and Batyr Edige
Once, there was a khan named Tokhtamysh from the Nogai people. He had a falcon called "Tükti Aiaq," which laid only one egg a year and never more than three. There was a man named Kuttikaya who raised and cared for this falcon. When the falcon was about to lay eggs, a khan named Temir sent a messenger to Kuttikaya: "Let him secretly give me one of the falcon's eggs without informing the khan." Kuttikaya secretly gave him one egg. When Tokhtamysh khan asked, "How many eggs did the falcon lay?" Kuttikaya replied, "Two." Temir khan incubated the egg he received from Kuttikaya with a hen. Once the chick grew strong, Temir khan went hunting every day, using his falcon to catch birds. One day, while Tokhtamysh khan was hunting, a falcon chased a large bird and caught it near Tokhtamysh. Temir khan came after and took the falcon, claiming it was his. Tokhtamysh khan realized that Kuttikaya had stolen the falcon for Temir khan and said to Kuttikaya, "I will punish you!" Then, Kuttikaya was removed from falconry and made to tend camels in the heat. His only food was a duck that he fed to the camels. One day, while seeking shade, Kuttikaya entered a cave and found a beautiful girl sleeping. He saw her and couldn't resist: "I will take you as my wife," he said. The girl couldn't escape. "Fine. I will agree under these conditions," she said. "First, do not come to the house at night without warning. Second, do not touch my chest while I sleep. Third, do not look at my feet while I pray!" she warned. "If you break any of these three rules, I will no longer be yours," she said. Accepting her words, he took her as his wife. Kuttikaya did not rest and continued to tend his camels in the heat. At one time, he returned home to eat. His food was still that same duck. He plucked its feathers, cooked it, and made soup. One day, a beggar came to Kuttikaya's house, and since there was no other food, his wife gave the beggar the duck she had cooked. The beggar ate most of it, drank the soup, and returned the leftovers. When Kuttikaya returned home, his wife said, "Oh, alas! Since there was no other food, I gave your duck to a beggar." She went to get the remaining soup, but when she opened the pot, the duck was whole inside. Kuttikaya ate and asked his wife, "How did it go?" Following the trail, he found about forty people praying in a cave on a mountain. He joined them in prayer. After finishing, they asked Kuttikaya, "What is your wish?" Kuttikaya replied, "Give me a child who will not let the khan's son ascend the throne!" The forty people blessed Kuttikaya and gave him an apple. "Split this in half; you eat one half, and your wife eats the other. If you are not unfortunate, you will have a child, and name him 'Edige,'" they said. After returning home, they shared the apple, and his wife gave birth to a son, whom they named Edige. One night, when Kuttikaya peeked into the house, he found his wife pulling out her hair and checking for lice. When he touched her chest at night, her heart was beating rapidly. When she stood to pray, he saw her feet were turned backward. His wife realized and told him, "You have broken the conditions I set at the beginning. I am no longer yours; this child is of noble descent. Raise him well," and she vanished. While this was happening, Tokhtamysh khan summoned Kuttikaya and had him killed by his henchmen. The khan's companions said, "It is not enough to kill him; we must also kill his child." Knowing that the khan intended to kill the child, a neighbor realized the child was of noble descent. He took Edige in his cradle to his home and placed his own young child in Edige's cradle. The khan killed that child as well. As soon as Edige became aware, he began to lead the other children. When the children played together, they made Edige their leader. When Edige was about eight or nine, Tokhtamysh khan summoned him to tend horses. At night, while tending the horses, Edige would visit Tokhtamysh's house to greet him in the morning, causing the khan to startle. His wife informed the khan, "The spirit of Edige is stronger than yours! When Edige enters through the door, you jump." The khan replied, "How could Edige's spirit be stronger than mine?" One day, the khan's wife placed a needle under the khan's pillow to test him. When Edige entered, the khan startled, causing the needle to snap. The khan told his wife, "When Edige comes, hide your urine." Traditionally, they would serve Edige a large bowl of sour milk or yogurt. One day, the khan's wife poured her urine into the bowl of sour milk and yogurt before serving it to Edige. Edige drank it all and remarked, "The yogurt is sweet, but the bowl is old." He then placed the bowl down, cut it into four pieces with his sword, and left. When he said, "The bowl is old," it meant the khan's wife was an old woman. After Edige, a man named Kenjembai, the son of Kenges, chased after him, saying, "The khan calls you back; come, return home!" but Edige did not turn back. He sent the man away. Then, while Edige was on a campaign with nine companions, they came across many horse tracks. Edige said, "There was news that the great Temir khan was to be attacked. These must be their tracks." He followed the tracks and told his companions, "Let us mix in as blue horsemen and, if possible, join in the cooking. I will leave meat where we camp and rest. You can eat that and follow me." Thus, Edige the hero mingled as a blue horseman, joined in cooking, and left meat where they camped. They continued to eat it. One day, while resting, the giant said to Edige, "Today, you have the authority to bring down a strong force for our meal." Edige directed the strong force to a distant place with plenty of water. The giant set up his tent, taking two daughters of Temir khan, Kankey and Tinekay, to sleep on either side, and fell asleep. Edige, feeling the heat, sent about sixty of his companions to the distant water. After they had gone far, Edige mounted a spotted horse that was tied outside the tent, saying, "Yes, Allah!" He rode to the entrance, lifted the tent flap with his spear, and saw the giant sleeping. Edige told the two girls, "Get out!" but they replied, "We are afraid of the giant." Edige drew his bow and shot the giant in the heart. The giant, in pain, tried to run, but Edige caught the giant's tail. Edige prayed, "Oh, spotted horse, may your tail be short!" Then the tail broke off. It is said that the shortness of the spotted horse's tail was due to Edige's prayer. When Edige rushed to the water, sixty men were playing on the shore, split into two groups, with thirty saying, "We are Edige's men," and the other thirty saying, "We are the men of Qabarten." Edige took thirty men to his side, killed twenty-nine of the men from Qabarten, and spared one, saying, "Go back to your people and tell them what you have seen." Then Edige returned with his companions, bringing Temir khan's two daughters, and upon hearing that Tokhtamysh was fleeing, he pursued him. He caught up with Tokhtamysh at the Kyzghysh lake and killed him. After returning, Edige became the khan in Tokhtamysh's place. Tokhtamysh had a brave son who also fled when Tokhtamysh was killed. His name was Qadirberdi, the young sultan. Edige had a brave son named Nuradin. When he grew up, they sought to kill Nuradin. They found him in a place where he was setting up a white tent. Upon hearing about Nuradin, the young sultan set a trap from the door to the throne, placing a spear on the throne. When Nuradin entered and greeted him, the young sultan said, "This is where you will go, and that is where you will sit." Nuradin stepped onto the iron trap, causing blood to splash on his face, and sat on the spear on the throne. The spear held Nuradin and would not let him go. Then the young sultan said to Nuradin: "Hey, Nuradin, May Allah never grant you your wish, Run, run, you flying sparrow, What have you done, Nuradin? Your collar is made of golden spoons, What have you done, Nuradin? Your golden axe with a handle, What have you done, Nuradin? Your ancestor is the lord of the people, What have you done, Nuradin? I am crooked from the twist, I am wild from the whirlwind. If you restrain me, I will not straighten, If you pass a bridle through my thoughts, I am easy, I am of the lineage of Baba Tükti Shashty." Then Edige heard about Nuradin being captured and sent a messenger to the young sultan Qadirberdi. "Let us leave the past to the flood and give the rest to the people. As they say, 'The past is gone, the future is blessed,' let the young sultan come and be our guest!" Thus, Qadirberdi released Nuradin and brought him to Edige. On the way, while crossing a deep river by ferry, Edige pushed Qadirberdi off the ferry, causing him to fall into the water. Thus, it is said that Edige destroyed the lineage of Tokhtamysh.