Төле бидің сөзге тоқтауы

Жаздың ел жайлауға шыққан күндерінің бірінде Арқадағы құдаларына барып, қонақшылап келе жатқан Төле би қайтар жолда бұрыс болса да, Қазыбек бидің ауылына ат басын бұрады. Жанындағы жолдастарымен үлкен би Қазыбектің ордасына келіп, «сөйлес» қылғанда, ауылдас ағайынның дауына билік айтып отырған Қазыбек «біреуің шығып жо...

Kazakh
Төле бидің сөзге тоқтауы
Жаздың ел жайлауға шыққан күндерінің бірінде Арқадағы құдаларына барып, қонақшылап келе жатқан Төле би қайтар жолда бұрыс болса да, Қазыбек бидің ауылына ат басын бұрады. Жанындағы жолдастарымен үлкен би Қазыбектің ордасына келіп, «сөйлес» қылғанда, ауылдас ағайынның дауына билік айтып отырған Қазыбек «біреуің шығып жолаушының жөнін біліңдер» дей қоймайды. Бұл өзі ешнәрсе демеген соң күтуші жігіттер де қозғалмайды. Сыныққа сылтау іздеп жүрген қыңыр би көп күтсін бе, атының басын бұрып алып жөніне жүре беріпті. Сәлден соң билік сөзін байлап болған Қазыбек қызметшілерінің біріне: – Жаңағы жолаушы кім болды екен, сыртқа шығып білші, – дейді. Бұл кезде Төле би атын жай бастырып, ауылдан дауыс жетерлік жер ғана ұзап кеткен екен. Бидің қызметшілерінің бірі белдеуге байлаулы тұрған аттардың біріне міне салып, қуып жетіп, Төле биді таниды да, алдынан шығып атынан түсе салып, сәлем береді де: – Төле би ата, біздің би үйде, ордаға жүріңіз, – деп шылбырына жармасады. – Жоқ, біздің жолымыз алыс. Бір барған жерімізге қайтып барып жүре алмаймыз, – деп атын тебініп қалады да, Төле жолдастарына: «ал, кеттік», – деп жүре береді. Қызметші ордаға қайтып келгенде Қазыбек жігітін сөйлетпей-ақ: – Біліп едім Төленің бұрылмасын. Бізден қателік болды. Бергі ауылдардың біреуі ме деп, қапы қалғаным-ай! Ол екі айтпайтын, айтқанынан қайтпайтын Төле ғой. Енді ол менің бұл қылығымды кез келген жерде бетіме басады-ау, – деп шын қынжылып, өкініп қалады. – Өзіңіз бармасаңыз, ол қиқар шал бізді кісі құрлы көретін емес, – деді жаңағы жігіт. – Айттым ғой, ол енді менің өзіме де қайырылмайды, – деді Қазыбек. Әкесінің тізесіне басын сүйеп барлық әңгімені үнсіз тыңдап жатқан сегіз жасар Жолжақсы бала үй ішіндегілер бір сәт дағдарып қалғанда басын көтеріп алып: – Осы үйдегі атамның асау ала тайын дәл қазір ұстап ерттеп беріңдерші, мен ол қисық шалды алдыма салып, сатырлатып қуып келейін, – дейді. – Қой, қарағым, ол сенің қолыңнан келмейді. Атаң – өзім барсам да Төле қайырылмас деп отыр ғой, – дейді үлкендердің бірі. – Иә, солай, Төкең айтқан бетінен қайтпайтын қатал адам ғой, – деседі үй ішіндегілер. Бала барамын деп болмайды. Манадан бері еңсесі түсіп, екі иығы салбырап кеткен Қазыбек бала сөзіне селк етіп: – Баланың бетін қақпаңдар! Барыңдар да қалаған тайын ұстап беріңдер, – дейді. Ала тартқан ала тайдың басын Төле би кеткен жаққа бағыттаған бала сай-сайды өрлеп, қырат-қырлардың тасасымен ала тайын құйғытып келіп, Төле би тобының қарсы алдынан шыға келеді. Ұлы бидің алдына тақап келіп тізгін тартқан бала сәлем берген соң: – Мен мына ауылдың қозы баққан баласы едім, құрып қойған қақпандарымды қарап жүргенімде айырылып қалдым. Жол жөнекей көзіңізге қозы түскен жоқ па, ата? – дейді. Көрмей қалдым ба дегендей жан-жағына мойынын соза бір қарап алған Төле би: – Қарағым, бізге қозылар кездескен жоқ, – деді тізгінін жинап жүруге ыңғайланып. – Ата, осы сіз Төле би атам емессіз бе? – дейді бала тайын тебіне түсіп жақындап. – Болсақ болармыз, – дейді Төле би. – Қозысы құрсын, кешке дейін бір тауып алармын. Сіз кездесе қалсаңыз, сұрап алармын деп жүрген үш сұрағым бар еді. Сұрасам жауап бересіз бе? – дейді бала. – Сұрай ғой, – дейді би. – Бірінші сұрағым ағайын арасының аласы туралы. Ағайын адамдар араздасып, бір-біріне ренжісіп жүреді. Олардың өкпесі немен тарайды, – дейді. – Дұрыс айтасың, балам. Ағайын арасында араздық болып тұрады. Өзің күнде көріп жүрген ауылыңды алайық, ауылыңда адамдардың пейілі кең, дастарқаны мол, сабасы қымызға иіндеп тұратын бір үй болады. Сол үйге қымыз іше сен де барасың, мен де барамын. Сөйтіп жүріп тіл табысып, татуласып кеткендерін адамдардың өздері де білмей қалады, – дейді Төле. – Екінші сұрағым: ерлі-байлылардың араздасып барып татуласуы еді, – дейді бала. – Е, балам, бұл сұрақтың жауабын үйлі-баранды болғанда өмірдің өзі береді. Тақа білгің келіп бара жатса, айтайын, ерлі-зайыптылардың араздығы бір жұмадан аспайды, өкпелері төсекпен тарайды, – дейді би. – Енді үшінші сұрағымды тыңдаңыз, ата, – дейді бала, – ата, аға мен іні біріне-бірі өкпелеп араздасып қалады ғой. Солардың өкпесі немен тарқайды? – дейді бала астындағы тайын тебініп, Төлеге жақындай түсіп. – Иә, олар да араздасып тұрады. Бірақ аға – бордан, іні – зордан болады. Бордың атасы – тас, анасы – құм. Тас мүжіледі, құм үгіледі, іні кесірлі болса да, аға кешірімді болуы керек, – дейді Төле би. – Талайды сөзбен табанына таптаған тәкаппар би, түстің бе қақпаныма. Менің де естиін дегенім осы сөз еді. Жаңа ғана ініңнен бір білместік болып еді, соны кешірмей жоныңды сыртқа салып кетіп бара жатырсың. Бұр атыңның басын! – деп, бала Төле бидің атының шылбырынан шап беріп ұстай алады. – Сен жеңдің, мен жеңілдім. Шылбырымды қоя бер, жетексіз жүріп отырайын, – дейді би атасы. – Олай болса, менің бір шартым бар, ата, – дейді бала. – Оныңды да тыңдайық, – дейді би. – Бастығы би атамның өзі болып сіз қайырылмай өкпелеп кетті деп сандарын соғып қалғанда, мен: «қазір ол шалды алдыма салып сатырлатып қуып келейін» деген едім. Алдыма түсіп шауып отырсаңыз, мен соңыңыздан түсіп қуып отырайын, – дейді бала. – Ол тілегің де болсын. Алдыңа түсіп шауып отырайын. Қуып отыратын сен ғой. Атымды ұрсаң ұр, өзімді ұрма, – дейді Төле. Содан ала тайға мінген бала атағы алты алашқа белгілі биді алдына салып: – Ендігәрі ініңе өкпелеп ақ орданы аттап кетесің бе? Түс деген соң, түс Қазыбек атамның ордасына, – деп айғай салып келе жатады. Мұны естіген үйдегілер қаз дауысты Қазыбек бидің өзі бастап далаға шығып, Төле биге құшақтарын жайып аттан түсіріп алыпты. Қазыбек балаға риза болып: – Бұдан былай сенің атың «Төле биді сөзден тоқтатып, аттан түсірген тапқыр бала» болсын, – деп бата беріпті.
English
The acceptance of words by Tole Bi
One day during the summer when the people were out in the pastures, Tole Bi, who was visiting his in-laws in Arka, decided to head towards the village of Kazibek Bi on his way back, even though it was a bit out of his way. When he and his companions arrived at Kazibek's yurt and began to "talk," Kazibek, who was adjudicating a dispute among the villagers, did not say, "One of you go out and find out who the traveler is." Since he said nothing, the attendants also remained still. The stubborn bi, who was looking for an excuse to leave, did not wait long and turned his horse around to continue on his way. After a while, when Kazibek finished his adjudication, he said to one of his servants: – I wonder who that traveler was, go outside and find out, – he said. At that moment, Tole Bi had only just moved far enough from the village to be heard. One of the bi's servants quickly mounted one of the horses tied to the saddle and rode off, recognizing Tole Bi, he approached him, dismounted, and greeted him: – Tole Bi Ata, our bi is at home, please come to the yurt, – he said, grabbing the reins. – No, our journey is long. We cannot go back to where we have already been, – Tole replied, kicking his horse and continuing on with his companions: "Well, let's go." When the servant returned to the yurt, Kazibek, without letting the young man speak, said: – I knew Tole wouldn't turn back. It was our mistake. I thought it might be one of the nearby villages, and I missed my chance! He is Tole, who never changes his mind once he has made a decision. Now he will remind me of this behavior anywhere, – he lamented sincerely. – If you don't go, that stubborn old man won't consider us as people, – said the young man. – I told you, he won't even turn to me now, – replied Kazibek. The eight-year-old Zholzhaksy, who had been silently listening with his head resting on his father's knee, raised his head when the adults fell silent for a moment and said: – Please catch and saddle my grandfather's wild foal right now, I will take that crooked old man and chase him away, – he said. – No, my dear, you can't do that. Even if I go, your grandfather thinks Tole won't turn back, – said one of the elders. – Yes, that's right, Tole is a strict man who doesn't change his mind, – the others in the house agreed. The boy insisted he would go. Kazibek, who had been downcast with his shoulders slumped, perked up at the boy's words: – Don't discourage the child! Go and catch the foal he wants, – he said. The boy, directing the wild foal towards the direction Tole Bi had gone, climbed the hills and galloped through the valleys, and soon appeared in front of Tole Bi's group. Approaching the great bi, the boy pulled on the reins and greeted him: – I was a boy herding sheep from this village, and while checking my traps, I lost track of them. Did you happen to see any sheep on your way, Ata? – he asked. Tole Bi looked around as if to say he hadn't seen any and replied: – My dear, we haven't seen any sheep. – He was preparing to gather the reins. – Ata, aren't you Tole Bi? – the boy asked, urging his foal closer. – We might be, – replied Tole Bi. – Forget the sheep, I will find one by evening. I have three questions I wanted to ask you if you would answer them, – said the boy. – Go ahead and ask, – said the bi. – My first question is about the disputes among relatives. Relatives often quarrel and hold grudges against each other. How do they resolve their grievances? – he asked. – You are right, my child. Disputes do arise among relatives. Take your own village for example; there is a house where the people are generous, the table is abundant, and the kumys is always flowing. You and I both go to that house for kumys. While visiting, they find common ground and reconcile without even realizing it, – Tole explained. – My second question is about married couples who quarrel and then reconcile, – said the boy. – Ah, my child, the answer to this question is given by life itself when one becomes married. If you want to know, I will tell you: the quarrels between spouses do not last beyond a week; their grievances are resolved in bed, – said the bi. – Now listen to my third question, Ata, – said the boy, urging his foal closer to Tole. – Brothers often hold grudges against each other. How do their grievances get resolved? – he asked. – Yes, they do have disputes. But the elder is like clay, and the younger is like stone. The father of clay is rock, and the mother is sand. The rock crumbles, the sand erodes, and even if the younger brother is troublesome, the elder must be forgiving, – Tole Bi explained. – The proud bi, who has trampled many with his words, have you fallen into my trap? What I wanted to hear was this very word. Just now, your younger brother made a mistake, and you are leaving without forgiving him. Turn your horse around! – the boy exclaimed, grabbing Tole Bi's reins. – You have won, I have lost. Let go of my reins, I will ride without a guide, – said the bi. – Then I have one condition, Ata, – said the boy. – Let's hear it, – said the bi. – When your bi, who is my elder, left in anger without turning back, I said: "Now I will take that old man and chase him away." If you ride ahead, I will follow behind and chase you, – said the boy. – Let that be your wish. I will ride ahead. You are the one who will chase, – said Tole. Then the boy mounted the wild foal and, leading the well-known bi of the six clans ahead of him, shouted: – Will you ever leave your younger brother in anger and step over the white yurt? Since it is a dream, let’s go to Kazibek Ata's yurt, – he shouted as he rode along. Hearing this, the people in the house, led by the famous Kazibek Bi, rushed outside, opening their arms to welcome Tole Bi down from his horse. Kazibek, pleased with the boy, said: – From now on, may your name be "the clever boy who stopped Tole Bi with words and brought him down from his horse," – and he blessed him.