Әйтеке би

Үйсін Төле бидің Қалманбет деген ұста қоңшысы болыпты. Төленің үйінің сыртында табиғи өсіп тұрған қисық қайыңды кесіп алып, өзіне ер соғып алады. Ер біткен соң, әдемілігіне қызыққан Төле би: – Иә, Қалмамбет, бұл ер менікі болады. Себебі бұл қайың менің үйімнің сыртында өскен, көп болғанда істеген ақыңды аласың, – дейді...

Kazakh
Әйтеке би
Үйсін Төле бидің Қалманбет деген ұста қоңшысы болыпты. Төленің үйінің сыртында табиғи өсіп тұрған қисық қайыңды кесіп алып, өзіне ер соғып алады. Ер біткен соң, әдемілігіне қызыққан Төле би: – Иә, Қалмамбет, бұл ер менікі болады. Себебі бұл қайың менің үйімнің сыртында өскен, көп болғанда істеген ақыңды аласың, – дейді. Қалмамбет: – Дүниенің жүзінде қисық қайың жалғыз осы ма? Ұнатқан ағашты кес те, ер жасап ал, бұл ерді бермеймін, – деп шалқаяды. Ерді өзінше ала алмайтынына көзі жеткен Төле: – Онда мына қоңсылас отырған Кіші жүз еліне барып төрелесейік, – деп екеуі аттарына мініп, ерді қанжығаға байлап алып жолға шығады. Былай шыққан соң Төле би: «ойпырым-ай, бір ер үшін жүз асып төрелікке барғаным жөн болмас, жол-жөнекей ұшырасқан адамның төрелігімен-ақ бітісейін» деген оймен: – Уа, Қалмамбет, анау алдымызда көрінетін көп қара Кіші жүздің жайылып жатқан малы болса керек. Сол малдың ішінде қандай да бір адам бар шығар. Сол адамға барып төрелесек, сен тұрасың ба? – дейді. – Сіз тұрсаңыз, мен тұрдым, – деп жауап береді. Сөйтіп, бұлар жайылып жатқан үйір-үйір жылқының ішіне келсе, мал бағып жүрген жайдақ тайға мінген бір бала екен. Бала тайынан түсіп келіп, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Сәлемнен кейін Төле мен Қалмамбет: – Мына ерге таласып келеміз. Жөні осылай-осылай, – деп жасырмай барлық жағдайды айтып, өздерімен таныстырып өтеді. Бала: – Екеуіңіз де әкемдей үлкен кісілерсіздер. Төрелік біреуіңіздің пайдаңызға шешілсе, екіншіңіздің көңіліңіз қалып қояды. Мені қойып мына тұрған ауылға барып өздеріңіз қатарлы адамға төрелесіңіздер, – деп бала жуытпайды. Баланың кішіпейіл, ақылды сөзі таңғалдырып: – Қарағым, «қой асығы демеңіз, қолға жақсы сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы жетсе, атадай» деген, өзіңе тұрдық, айт төрелігіңді, – деп жатып жабысады. Жабысып болмаған соң бала: – Олай болса, екеулеріңіз де тымақтарыңыз бен қамшыларыңызды беріңіздер. Аузыма түскенімді айтайын, – дейді. Қамшы пен тымақтарын алып, екеуінің қамшысын екі жағына шаншып, ортасына жаңағы ерді қояды. Сонан соң: – Қапталың – қайың, қасың – тал, Қалмамбет соққан бір ерсің. Үйсіннен шыққан Төлесің, Адамсып жүрген немесің. Қасыңдағы көршіңмен Қу ағашқа таласып, Не бетіңмен келесің? Нәпсіңе беріп ерікті Өтірікке жан берсең, Зәузатыңмен күйесің, – деп ерді лақтырып тастап, бала тайына мініп, малын қайыруға тартып отырады. Төреліктен жеңілген Төле би бетініп қалып, төрелігімен таңғалдырған баланың аты-жөнін білуге артынан барып сұрағанда, ол: – Атым – Әйтеке, руым – әлім, Алшын атаның баласы боламын, – деп жауап береді. Міне, сол күннен бастап Кіші жүз алшыннан шыққан Әйтеке би Ұлы жүздің Төле биінің, Орта жүзде қаз дауысты Қазыбек бидің қатарына ілесіп, атақты би болған.
English
Aitike Bi
Uysyn Tole bi had a blacksmith named Kalmanbet. He cut down a crooked birch tree that was growing naturally outside Tole's house and made a saddle for himself. Once the saddle was made, Tole bi, fascinated by its beauty, said: – Yes, Kalmanbet, this saddle will belong to me. Because this birch grew outside my house, you will receive your due for your work, – he said. Kalmanbet replied: – Is this crooked birch the only one in the world? Cut down any tree you like and make a saddle; I will not give you this one, – he boasted. Seeing that he couldn't take the saddle by force, Tole said: – Then let’s go to the Little Juz people nearby and settle this, – and they both mounted their horses, tying the saddle to the saddlebag and set off. After they started, Tole bi thought: “Oh dear, it wouldn’t be right to go to arbitration over a saddle; I’ll settle it with whoever we meet along the way.” So he said: – Oh, Kalmanbet, there must be a lot of livestock grazing ahead of us from the Little Juz. There might be someone among those animals. If we go to that person for arbitration, will you stand? – – If you stand, I will stand, – he replied. Thus, they arrived among the grazing herds of horses and found a boy riding a wild colt. The boy dismounted and greeted the older men. After the greeting, Tole and Kalmanbet: – We come here arguing over this saddle. The situation is as follows, – they openly explained everything and introduced themselves. The boy said: – You are both older men like my father. If the arbitration favors one of you, the other will be disappointed. Instead of me, go to someone of your kind in the nearby village for arbitration, – the boy insisted. The boy’s humble and wise words astonished them: – My dear, “Do not say ‘it’s just a sheep’s tail,’ it’s good in hand; do not say ‘he’s younger,’ if he’s wise, he’s like a father,” we stand by you, tell us your arbitration, – they insisted. When they couldn’t convince him, the boy said: – In that case, both of you give me your hats and whips. I will tell you what comes to my mind, – he said. Taking their whips and hats, he stuck their whips on either side and placed the saddle in the middle. Then he recited: – Your side is the birch, your companion is the willow, You are a saddle made by Kalmanbet. You are Tole, who came from Uysyn, Not a man of worth. With your neighbor beside you, Competing over a worthless tree, What face will you show? If you give in to your desires, And sacrifice truth for lies, You will suffer with your lineage, – and throwing the saddle away, the boy mounted his colt and rode off to gather the livestock. Tole bi, defeated in arbitration, was left astonished and went back to ask the boy’s name, who replied: – My name is Aiteke, my clan is Alim, I am the son of Alshyn Ata, – he answered. Thus, from that day on, Aiteke bi, who came from the Little Juz Alshyn, joined the ranks of Tole bi of the Great Juz and Kazybek bi of the Middle Juz, becoming a famous bi.