Әйтекенің жекпе-жектегі жеңісі

Жоңғар әскерлері үнемі күтпеген жерден қазақ даласына жойқын шабуыл жасайтын. Сондықтан да әр шабуылы бейғам жатқан қазақ ауылдары үшін шексіз ауыр соғатын. Әр ауылдың азаматтары хабарланып, тізе қосып үлгерместен қалың жауға дара-дара соғысатын. Көптің аты – көп: көзсіз ерлер нөпір жауға төтеп бере алмай, майдан далас...

Kazakh
Әйтекенің жекпе-жектегі жеңісі
Жоңғар әскерлері үнемі күтпеген жерден қазақ даласына жойқын шабуыл жасайтын. Сондықтан да әр шабуылы бейғам жатқан қазақ ауылдары үшін шексіз ауыр соғатын. Әр ауылдың азаматтары хабарланып, тізе қосып үлгерместен қалың жауға дара-дара соғысатын. Көптің аты – көп: көзсіз ерлер нөпір жауға төтеп бере алмай, майдан даласында қапыда шейіт кетіп жататын. Ат жалын тартып мінер еркек кіндік қалмаған ауылдар ауясыз тоналып, өртелетін. Мал-мүлік жау қанжығасына ілініп, қыз-келіншектер әйелдікке, күндікке әкетілетін. Ойламаған жерден өрт боп тиген жау қашан қазақ ауылдарына жаппай хабар барып, батырлары қол жинап, қарулы қарсылық көрсеткенше, даламызға тым бойлап еніп үлгеретін. Жау ізінде аңыраған ана, шырқыраған сәби, шашын жұлып, бетінен қанды сорасын ағызған жесір, шұбалған шаң, жалындаған өрт, шудаланған түтін қалып жататын. Бейғам жатқан ауылдарға аш бөрідей тиіскен жау өздеріне қарсы асығыс аттанған үркердей-үркердей шағын қазақ жасақтарын таудан құлаған топан судай жұтып, ілгерілей берді. Сол екпіндері Нұрата тауына жеткенше толастамады. Бұрын қайраты кесек бітімінен ғана байқалатын, бірақ бұрын-соңды беліне қару тағынып, жауға қайрат көрсетпеген Әйтекені ол кезде сол аймақ айыр тілді шешен, кемел ақыл иесі, қара қылды қақ жарған әділ би деп қана танитын. Бұл жолы Самарқан төңірегіндегі Алшындардан асығыс жиналған бес мыңдық қолды Әйтекенің өзінің басқаруына тура келді. Әйтеке бес мыңдық қолмен қалың жауға Нұрата мен Қыз-Бибі төңірегінде бетпе-бет келеді. Жоңғарларды бастап келе жатқан бұл жолы Қалдан-Бошақтының өзі екен. Екі жақ бір-біріне жақындай бере, жоңғар ханы суырылып алға шығады. Әйтеке де кідірмей өзгелерден ат басын оздырып, алға ұмтылады. Бұрын Тәуке ханның сарайында бір қайыра ұшырасқан екеуі бір-бірін жазбай таниды. Қалдан-Бошақты бірден өктем, өпірем тиісіп, кекете-мұқата айбар шегеді. – Әй, Әйтеке, сені қазақтар бұрын «Айыртау» ұранды, айыр тілді би демеуші ме еді. Қатындарың қылыш ұстайтын бір ұл тумағаны ма? – Қазақтың қай-қай ұлының да қамшысын жеген қалмақсың ғой, – дейді Әйтеке. – Бұл жолы биінің қамшысын татып көр! Мүмкін, ақылың осыдан кейін кірер! – Сенің басың менің қанжығамда бүгін. Ханыңнан бастап талайыңның басың мына менің қанжығамда екенін ұмытайын деген екенсің, қу жақ би! – Салқам Жәңгірдің қапыда қалғаныңа масайрап, бұтыңды көп көтере берме! Күлін шашқан көк долы қатын құсап салғыласа бермей, соғысатын қаруыңды таңда! Сосын менің сенен жасым үлкен, кезегімді бер! – Сен менен үш-ақ жас үлкенмін деп бұлыңды өткізе алмайсың. Менің жолым үлкен. Мен – ханмын, сен – қарасың. Кезек – менікі! – Оныңа да көндім. Қырып кететін болсаң, ал баста! – Ажалыңа асықпа! Біз екеуміз әуелі сөзбен сынасып көрелік. Әйтпесе, қазір қаның суша шашылған кезде сенің шешендік, сыншылық өнеріңді көре алмай қалармын. Әйтеке: – Біз қай-қайсысына да әзірміз. Қалдан-Бошақты: – Онда сен мына менің қай атамнан хан екенімді айтшы! – Сенің қара басың ғана хан. Арғы аталарың тексіз құл. – Оны немен дәлелдейсің? – Жаңа жекпе-жекке шығып келе жатып, арт жағыңа үш қайыра жалтақтадың. Текті хан сен секілді жан-жағына жалтақтамас болар! – Бұл сөзің дәлел емес. Қазымырдың қызыл сөзі. – Онда сені шешеңнің қазіргі әкем деп жүрген кісіңнен емес, есігіндегі құл қытайдан тапқанын қалмақтар ғана емес, бүкіл қазақтар біледі. Осындай сыбысты бұрын да өз жұртының арасынан құлағы шалатын Қалдан-Бошақты түнере түсіп барып, мүлдем мұндай әңгімені құлағына ілмеген сыңайда, тез бойын жинайды. – Сен секілді айдаладағы тілін сауып, күн көріп жүрген тексіздің сөзі маған сын емес! Енді сен мына менің астымдағы атыма сын айт! – Атың – жүйрік, ойға-қырға бірдей. Күні-түні жортсаң, бүйір қақпайтын мықты. Бірақ бәрібір таза қанды арғымақ емес. Есекке шатысы бар. – Дәлелде! – Таза қанды арғымақ қоңыраудай күңгірлеп кісінер болар. Ал сенің атың жаңа ішін тартып, үсті-үстіне азынады. Бүйтіп есек қана қышқырады. Қалдан-Бошақтының астындағы аты әу баста шынында арғымақ тұқымы екені рас-ты. Бірақ, мықты болады деп, құлын күнінде есекке телігені де рас-ты. Қалдан-Бошақты қан жұтқандай боп, тас мүсінге айналғандай сілейген күйі қолынан найзасы төмен түсе беріпті. Ханның қаралай масқара болғанын көрген мыңбасының бірі «Қаула! Қаула!» деп әмір береді де, қалмақтар лап қойып, жан алып, жан беріскен қан майдан басталып кетеді. Бірінші күні күші басым жауға Әйтеке қолы төтеп беріп бағады. Екінші күннің өздеріне ауыр соғарын білген бір қазақ сарбазы кешке таман өтірік аттан ауып қалғансып, жау қолына түседі. Қалдан-Бошақтының алдына барғанда ол: «Әйтекеге Самарқаннан, Бұқара, Керминеден қарулы көмек келе жатыр, алды таң алдында жетеді» деген өтірік мәлімет береді. Бұған иланған және Самарқан мен Бұқарадан ылғи мылтықты жасақ келетінін білетін Қалдан-Бошақты: «Жаман хабар жеткізгені үшін» әлгі сарбазды қазыққа отырғызып өлтіреді де, таң алдында әскерінің басын негізгі күші жатқан Сайрам жаққа бұрады. Оларға қуа жүріп соққы беруге күші аз қазақ жасағының қауқары жетпейді. Кейін бел шешіп, тыныс алған сәтте бір сардар Әйтекеге реніш білдіреді. – Найзасын төмен түсірген сәтте қалмақ ханын неге шауып тастамадыңыз! Ханы өлген қалмақ одан әрі бізбен соғысып жарытпас еді. – Ол – хан. Мен – қарамын. Сөйте тұра, сөзім сүйегінен өткен кезде хан екенмін демеді, жау екенмін демеді. Уәжге бөгеліп, қаруын төмен түсірді. Қару кезенбегенді өлтіре салу – қарақшы мен тексіздің ісі. Иілген басты қылыш кеспейді. Менің сол жерде қалмақ ханына қару көтергенім – қазақ деген халқымның беделіне қарсы қару көтергенім емес пе?! Одан кейінгі менің билік сөзіме жат түгіл, жақыным да көнбес еді, – дейді Әйтеке. Сонда да әлгі сардар қарсы дау айтып бағады. Оған ренжіген Әйтеке: – Ақылды жау сені көкке көтерер, ақымақ дос сені көрге итерер. Ақылды қасыңнан қорықпа, ақымақ досыңнан қорық деген осындайдан шыққан екен-ау! – деп бұрылып жүре беріпті. Сөйтіп, тапқырлығымен, батылдығымен, көрегендігімен исі қазақты ғана емес, ата жауды да мойынұсындырған Әйтеке жекпе-жекте ешбір қантөгізсіз жеңіске жеткен екен деген аңызға бергісіз ақиқат ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге де жетіпті.
English
Aitek's victory in the duel
The Dzungar forces would constantly launch devastating attacks on the Kazakh steppe unexpectedly. Therefore, each attack would hit the unsuspecting Kazakh villages with immense severity. The men of each village would fight individually against the dense enemy before they could gather and unite. The multitude of men could not withstand the overwhelming enemy, and many would fall in battle unexpectedly. Villages without a single male to ride a horse would be mercilessly plundered and burned. Livestock would be taken by the enemy, and women and girls would be taken as captives. The enemy, striking like a fire from an unexpected direction, would penetrate deep into our land before news reached the Kazakh villages, and before the heroes could gather their forces and mount an armed resistance. In the wake of the enemy, there would be a wailing mother, a crying infant, a widow tearing her hair and bleeding from her face, swirling dust, raging fire, and billowing smoke left behind. The enemy, attacking the unsuspecting villages like a hungry wolf, continued to advance, swallowing the small Kazakh detachments that hastily set out against them like a flood from the mountains. Their momentum did not cease until they reached the Nurata mountains. At that time, the previously untested Aiteke, who was known only for his robust physique, was recognized in that region as a wise speaker, a man of sound judgment, and a just judge who could split a black thread. This time, he was tasked with leading a hastily assembled force of five thousand from the Alshins around Samarkand. Aiteke, with his five thousand troops, faces the dense enemy near Nurata and Kyz-Bibi. This time, it was Kalden-Boshakty himself leading the Dzungars. As the two sides drew closer, the Dzungar khan stepped forward. Aiteke also did not hesitate, urging his horse ahead of the others. They recognized each other, having met once before in the court of Khan Tauke. Kalden-Boshakty immediately arrogantly taunts and mocks Aiteke. – Hey, Aiteke, didn’t the Kazakhs once call you the “Ayrtau” war cry, the two-tongued judge? Have your women not given birth to a son who can wield a sword? – You are a Kalmyk who has been whipped by every son of Kazakh, – replies Aiteke. – This time, taste the whip of a judge! Perhaps this will bring you to your senses! – Your head will be on my saddle today. You seem to have forgotten that many of your heads, starting from your khan, are under my saddle, you cunning judge! – Don’t get too cocky just because Salqam Jangir has fallen into your hands! Don’t keep raising your legs like a woman who scatters her ashes! Choose your weapon for battle! And remember, I am older than you, so yield to me! – You cannot claim superiority just because you are three years older than me. My path is greater. I am a khan; you are a commoner. The turn is mine! – I agree to that. If you are going to destroy me, then go ahead! – Don’t rush to your doom! Let’s first test each other with words. Otherwise, when your blood is spilled like water, I won’t be able to witness your eloquence and critical skills. Aiteke: – We are ready for anything. Kalden-Boshakty: – Then tell me, from which of my ancestors am I a khan? – Only your own head is a khan. Your forefathers are base-born slaves. – How do you prove that? – Just now, as you were coming out for a duel, you glanced back three times. A noble khan would not look around like you! – Your words are not proof. They are the red words of a miser. – Then everyone, not just the Kalmyks, knows that you are not the son of the man your mother calls her current husband, but rather a slave found by the Chinese at her door. Kalden-Boshakty, who had previously heard such rumors among his own people, darkened his expression but seemed to dismiss such talk, quickly regaining his composure. – Your words, like those of a base-born person living in the wilderness, are not a challenge to me! Now criticize my horse beneath me! – Your horse is swift, equal on land and in the hills. It will not tire even if it roams day and night. But it is still not a purebred steed. It has the traits of a donkey. – Prove it! – A purebred steed would neigh like a bell. But your horse just snorts and whinnies. Only a donkey makes such sounds. It was true that the horse under Kalden-Boshakty was originally of purebred lineage. However, it was also true that it had been mistaken for a donkey in its youth. Kalden-Boshakty, as if blood had drained from him, stood frozen like a stone statue, his spear lowering. Seeing the khan’s disgrace, one of the commanders shouted, “Charge! Charge!” and the Kalmyks rushed in, leading to a bloody battle of life and death. On the first day, Aiteke’s forces managed to withstand the stronger enemy. Knowing that the second day would be difficult for them, one Kazakh soldier pretended to have fallen from his horse in the evening and was captured by the enemy. When he reached Kalden-Boshakty, he falsely reported, “Aiteke is receiving armed reinforcements from Samarkand, Bukhara, and Kerminen, and they will arrive before dawn.” Believing this and knowing that armed forces always came from Samarkand and Bukhara, Kalden-Boshakty executed the soldier by impaling him for delivering bad news and redirected his troops towards the main force stationed near Sayram at dawn. The small Kazakh detachment did not have the strength to pursue and strike them. Later, when they had a moment to rest, one commander expressed his resentment to Aiteke. – Why didn’t you strike down the Kalmyk khan when he lowered his spear? A Kalmyk without a khan would not be able to fight us further. – He is a khan. I am a commoner. Even so, when my words passed through to him, he did not claim to be a khan or an enemy. He hesitated and lowered his weapon. Killing someone who is not ready for battle is the act of a bandit and a base-born person. A bowed head is not cut by a sword. Raising my weapon against the Kalmyk khan there would be raising it against the dignity of my people, the Kazakhs! After that, even my closest kin would not yield to my authoritative words, – said Aiteke. Still, the commander continued to argue. Upset, Aiteke replied: – A wise enemy will elevate you, while a foolish friend will push you into the grave. This saying about not fearing the wise enemy and fearing the foolish friend originated from such experiences! – and he turned away and walked off. Thus, with his wit, bravery, and foresight, Aiteke not only made the entire Kazakh people submit but also the ancestral enemy, achieving victory in single combat without shedding any blood, a truth that has been passed down through generations like a legend and has reached us as well.