Абылайдың іздеттіруі

Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сезген Абылай сарбаздарына: – Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, ұлы жүз Жалайырының Ескелді атты азаматы бар. С...

Kazakh
Абылайдың іздеттіруі
Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сезген Абылай сарбаздарына: – Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, ұлы жүз Жалайырының Ескелді атты азаматы бар. Сол батырды алдырып, бір жасаққа қолбасы жасаңдар, – деп нұсқау береді. Ескелдінің де тепсе, темір үзетін, айбынданса, орда бұзатын кезі екен. Абылай хан қолқа салған Ескелді қаптаған жау жасағына тойтарыс беруге бірден аттанады. Қалмақтардың алғы тобының қалың шебіне қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, жеңіске жетеді. Ескелді бастаған ел қорғаушылар Іле, Бақанас бойында да жоңғарлардың жойқын күшіне қарсы шығып, елі мен жерін азат еткен. Онан кейін Қабанбай батырдың қолына қосылып, жоңғарлардың есін жиғызбай қатты соққы беріп, шекарадан асыра қуған. Іле өзенінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің бойындағы, Текелі тауы мен Қапал қырындағы жоңғар шапқыншыларын талқандауда да Ескелді бастаған сарбаздар ерлігі ел есінде көп сақталып, ескі шежірелердің арқауына айналған.
English
The search for Abilai
Abilai also held Eskeldi in high regard. One day, sensing the ferocity and commotion of the Kalmyk invaders' warriors, Abilai instructed his soldiers: – We are about to be cornered; gather all the able-bodied men. There is a brave man here, both a warrior and a marksman, wise and eloquent, a leader of the people, named Eskeldi from the Great Zhuz Jalayir. Bring that hero and make him the commander of a detachment, – he ordered. At that time, Eskeldi was in his prime, capable of great feats. When Abilai called upon him, Eskeldi immediately set out to confront the overwhelming enemy forces. He struck fiercely at the dense ranks of the Kalmyks, breaking their fortifications and achieving victory. The defenders of the land, led by Eskeldi, also stood against the formidable strength of the Zunghars along the banks of the Ili and Bakanas rivers, liberating their homeland. After that, he joined forces with the hero Kabanbay, delivering a heavy blow to the Zunghars and driving them beyond the borders. The bravery of the soldiers led by Eskeldi in defeating the Zunghar invaders on the northern shore of the Ili River and along the shores of Lake Balkhash, as well as in the Tekeli Mountains and the Kapal Heights, has been preserved in the memories of the people and has become a part of ancient chronicles.