Абылай ханмен соңғы кездесу

Жалайыр елінің бір топ игі жақсылары ел арасындағы бір даулы істі бітіріп, үйлеріне қайтып келе жатып, бір байдың ауылына қонған екен. Олардың ішінде Жылкелдіұлы Ескелді де болыпты. Ертеңінде әлгі қонақтар жолға қайта шығарда Ескелді: – Маған рұқсат етіңіздер, мен түске дейін осы ауылда қала тұрайын аялдап. Осы жолдың...

Kazakh
Абылай ханмен соңғы кездесу
Жалайыр елінің бір топ игі жақсылары ел арасындағы бір даулы істі бітіріп, үйлеріне қайтып келе жатып, бір байдың ауылына қонған екен. Олардың ішінде Жылкелдіұлы Ескелді де болыпты. Ертеңінде әлгі қонақтар жолға қайта шығарда Ескелді: – Маған рұқсат етіңіздер, мен түске дейін осы ауылда қала тұрайын аялдап. Осы жолдың бойымен бір атақты адам Тәшкен жаққа келе жатқанға ұқсайды. Мен сол кісіні көріп, тілдесіп қалуым керек, – депті. Жанындағы кісілер: – Оу, Есеке, ол кісің кім? – дейді. – Оны кейінірек біле жатарсыздар, – дейді Ескелді. Сонымен жолдастары кетіп, Ескелді сол ауылда қалып қояды. Сонда кетіп бара жатқандардың біреуі: – Ескелдіні былайғы ел «көріпкел, сәуегей» деп жүр ғой. Оны осы жолы байқайық, – дейді. Ескелдінің айтқанындай, уақыт түске таяғанда, ұзын қара жолдың бойынан бір топ аттылар көрініпті. Олар садақ асынып, найза ұстаған жасауылдар екен. Олардан соң астында есік пен төрдей бозжорға аты бар, ер-тоқым әбзалдары алтындалған бір адам анадайдан жарқ-жұрқ етіп көзге ерекше түседі. Өзі зор денелі, сұсты, келбеті келісті, ұзын қара мұртты екен. Басында құндыз бөркі болса керек. Басқалары сол кісінің жан-жағын қоршап келе жатыпты. Ескелді таяп барып жанындағылардан: – Бұл кім? – деп сұрағанда әлгілер: – Бұл – Абылай хан. Тәшкенттің бегі қонаққа шақырып, соған кетіп бара жатыр. Біз нөкеріміз, – дейді. Мұны естіген Ескелді топтың алдына таман барыпты да, ханға анадайдан тағзым етіп: – Ассалаумағалейкум, алдияр, хан! Сіз үшін құрбан болсын жан! Ақсұңқар құс мекендеген жерінен алысқа ұзап ұшпаушы еді. Егер алыстап ұшса, қайта келуі қиын деуші еді қариялар, – депті ізетпен. Сонда хан Абылай Ескелдіге бұрыла қарап: – Болар іске бөгет жоқ, бұқпантайлап үйден шықпай отыратын әдет жоқ менде! – деп атының жүрісін тоқтатпай кете берген екен дейді. Хан нөкерлері көзден ұзап кеткенше орнынан қозғалмаған Ескелді әулие: – Исі қазақ сыйлаған, жамандыққа қимаған, хан ием, келмеске кеттің-ау! – депті дауыстап. Мұны сол маңайдағылардың бәрі естіпті. Ескелдінің сол ойлаған қаупі ақырында расқа шығып, Абылай хан Тәшкенге тартқан сол сапарында опат болып, Көкшетауға жете алмай, Түркістан түбінде көз жұмыпты. Ескелді әулиенің көріпкелдік, сәуегейлігі осылай екен, қарақтарым, – дейді алматылық ақсақал Дәуітбек Нұртазаұлы.
English
The Last Meeting with Khan Abylai
A group of prominent figures from the Jalayir people, after resolving a dispute among the people, stopped at a wealthy man's village on their way home. Among them was Yilkelduuly Eskeldi. The next day, as the guests were preparing to leave, Eskeldi said: – Please allow me to stay in this village until noon. It seems that a famous person is coming from the Tashkent direction along this road. I need to see and speak with that person, – he said. The people around him asked: – Oh, Eskeke, who is this person? – – You will find out later, – replied Eskeldi. So, the companions left, and Eskeldi stayed in that village. One of those leaving remarked: – The people say that Eskeldi is a "seer, prophet." Let's see if he is right this time, – he said. As Eskeldi had predicted, as noon approached, a group of horsemen appeared along the long black road. They were armed with bows and holding spears. Following them was a man riding a large gray horse, with a saddle adorned with gold. He stood out from afar, being large in stature, imposing, handsome, and sporting a long black mustache. He was likely wearing a sable hat. The others were surrounding him. Eskeldi approached and asked those nearby: – Who is this? – They replied: – This is Khan Abilai. He is going to Tashkent, invited by the beg of Tashkent. We are his retinue, – they said. Upon hearing this, Eskeldi moved closer to the front of the group and, from a distance, bowed to the Khan: – Assalamu alaikum, esteemed Khan! May my life be a sacrifice for you! The white falcon would not fly far from its home. If it flies far, the elders say it is hard to return, – he said respectfully. Then Khan Abilai turned to Eskeldi and said: – There is no hindrance to what is meant to be; I do not have the habit of hiding at home! – and continued on without stopping his horse. Eskeldi, who did not move from his spot until the Khan and his retinue were out of sight, exclaimed: – O my Khan, whom all Kazakhs honor and do not wish harm upon, you have gone to the unreachable! – he said loudly. Everyone nearby heard this. Eskeldi's foreboding eventually came true, as Khan Abilai perished on that journey to Tashkent, unable to reach Kokshetau, and passed away near Turkestan. This is how Eskeldi the saint's prophetic abilities were, my dear ones, – said the elder Dauitbek Nurtazauly from Almaty.