Абылайдың тұтқын болуы (ІІ нұсқа)

Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен. – Кісімді өзіме қайырып берсін, – дегенде, Абылай: – Қолынан келгенін менен аямасын, – деп бермей қалған екен. Бұл туралы Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңт...

Kazakh
Абылайдың тұтқын болуы (ІІ нұсқа)
Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен. – Кісімді өзіме қайырып берсін, – дегенде, Абылай: – Қолынан келгенін менен аямасын, – деп бермей қалған екен. Бұл туралы Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңтажысы болсын, Аюке болсын баршасына ат шаптырып, «Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты. – Көктің астында, жердің үстінде Абылай бар болса қоймасын, ұстап алыңдар, – деп және қалмақтың жайсаңдарына жарлық беріпті, – Абылайды тірі ұстап алып келгендеріңе Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін! – деп. Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды ұстап алып кетіпті, жанындағы жолдастары білмей қалыпты. «Абылайды тірі ұстап, алып келе жатыр!» деген соң, Қалдан Шерін жарлық қылыпты: – Абылайды маған көрсетпей, жеті күн, жеті түн зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтаңдар. Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тігіп, соның ішіне жалғыз қойыңдар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салып, алып барып, қолына ұстата қойыңдар. Тобықтай тоң май қара суға ерімес. Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяқтағы суға қолын салып жіберіп, майды аузына бір-ақ қағып қояр. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас. Мұны осылайша сынайық, – дейді. Ханының айтқан жарлығын айтқанынша қылып, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйдің ішіне жападан-жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суды ішіне тобықтай тоң май салып, апарып қолына ұстатты. Абылай суды ішіп еді, май не ерімеді, не аузына бармады. – Үрсем, кетпейтұғын неме едің, өпкенмен, келетұғын емессің ғой! – деп, қолыңдағы аяқты, – Бар, ендеше! Көріп тұрған жігіт-желеңдер Қалдан Шерінге бір-ақ айтты дейді. – Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой! – Енді бір төрт жендет жалаңаш қылыш алып: «ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды, сіздің мейманыңыз толды. Құдайдың сізге бұйрықты жазуы осы болды» деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер. Біреуіңнің астыңа тығылып, басын қорттаса, шауып, өлтіріп тастаңдар. Егер сар қасқа текеше қасқайғаннан қасқайып отырып қалса, шаппаңдар. Тағы қайтып келіңдер, не көргендеріңді айтып келіңдер! – дейді. Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірместен, қабағын қағып, жасқанбастан отыра берді дейді. – Жүрегі тас па, мүйіз бе, түсі де қашпады, – десіп, айтысып келді дейді. Қалдан Шерін тоқсан саркардасын жиып, бәрін өзінен артық жасап киіндіріп, бір үйдің іші лық тола қатар түзеп отырып, өзі орнында отырмай, көп саркарданың бірі есепті болып, бұлардың арасына кіріп отырды да: – Абылайды осы үйге шақырып келіңдер, ешқайсың қағылып, орын бермеңдер! Қара болса, «бос жер – босаға ғой» деп босағаның қасына, оттың басына, бала күндегі отырып өскен жеріне отыра кетер. Ақсүйек болса, баса көктей жоғары өтіп, төрден отырып, мені айтпай танып, сұрамай білер, – дейді. Бұлар мұнда ретін түзеп отырысып, Абылайды шақырып келіп, үйге кіргізгенде, жан-жағына жалтақтап қарамастан, тақтың үсті бос тұрғанын көріп, тұпа-тура барып, таққа мініп, Қалдан Шеріннің отыратұғын орнына отырды. Ол тақтың үстінде қалмақтың табынатұғын тасы, хандарының Құдай деп сыйынатұғын қуы болады екен де, оның қақ қасында Қалдан Шеріннің орны болады екен. Қалмақтар Құдай болмысының қасына отырғанын ауырлап: – Ол жерге неге отырасың? – деп қауқылдасты. – Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да, менің әруағым басты да, өз орнында өзі отыра алмай, босып кетті. Енді бұл жерге мен отырмағанда, шайтан отыра ма?! – дейді. Қалмақтар біріне-бірі қарасып: – Бұл сөзге не айтамыз? «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген осы екен-ау! – десті. Сонда Қалдан Шерін өзін танып қойғанын біліп: – Уа, Абылай, Сәру қайда? – дейді. – Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды, – дейді. Екінші қабат Қалдан Шерін және сұрады: – Сәру қайда? – деп. – Сәрумін деп Сәру айтпады, кеспеймін деп қару айтпады, – дейді. Үшінші мәрте және сұрады: – Сәру қайда? – дейді. – Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді ізде! – деді. Қалдан Шерін саркардаларына: – Бұл не дегені? – дейді. – Өзің қарап отырып, тағыңнан айрылып қалдың. Осы күнде тақ үстінде мен отырмын да, көп қара бұқараның бірі есепті сен отырсың. Осы сағатыңда басыңды алдырсам, кім менің алдыма шығады? «Жарлық менде, жабдық сенде болды» деген сөзі десті, – дейді. Сонда Қалдан Шерін Абылайды пенде қылып алдырғанына, сынаймын деп орнына шығарып алғандығына пұшайман болып, ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қолын ұстап, жарасып, елдесіп, Топыш сұлуды Абылайға беріп, қазақтан не заманда олжаға түскен, өсіп-өнген бірталай жанды азат есепті қылып, Абылайға қосып, рулы ел қылып, көшіріп қайтарған екен. Осы күнде белгілі ата жоқ, «кімсің» десе, «төлеңгітпіз» дейтұғындар солардың тұқымы. Қалмақ жұрты Қалдан Шеріннің бұл қылығын ұнатпай, «Топыш сұлуды өзіміздің біреуімізге бермей, Абылайға берді» деп араз болысып, ақырында қалмақ Қалдан Шеріндей ханын өздері өлтірген. Қалдан Шеріннің ханымы Қарабас ханым, онан туған Айжан – жалғыз. Әкесінің орнына соны сайлап, үш жылға жеткізбей, екі көзінен айырып, соқыр қылып, қаңғытып қоя берген. Аюкенің Абылайды жезде көріп, Топыш ханымды апа көріп, бірнеше үй өздеріне ерген қалмақпен Абылайға келген. Сонан соң қалмақ бүлінген, ақырында шүршітке қарай ауып кетіп бара жатқанда, балалары жылағанда айтады дейді: – Қу мұндар, неге жылайсың, Сорқара, Сортың бар ма? Сөрелеп жайған етің бар ма, Көнек, Долағайың бар ма, Көнекте тұрған қымызың бар ма, – деседі дейді. «Сарқара, Сорты» деген, «Көнек, Долағай» деген Сарыарқаның сауырысы, шөбі шүйгін жерлері болса керек.
English
The captivity of Abilai (Version II)
Kalдан Sherin encountered his younger brother Seru during a campaign, and Abilai killed him. The warrior Syna, who had come from the Kalmyks, fled from Kalдан Sherin and sought refuge with Abilai. - "Return the person to me," he said, to which Abilai replied: - "Let him do what he can, but I will not give him up." In response, Kalдан Sherin sent out a call to all the Kalmyks, including his own people and Ayuke, dispatching a force called "Süzeki's hand." - "As long as Abilai is under the sky and on the earth, do not let him escape; capture him," he ordered the Kalmyk nobles, "I will give you the beautiful Topysh, daughter of Ayuke, without a bride price if you bring Abilai to me alive!" While hunting with a falcon in Kokshetau, one of the Kalmyk nobles captured Abilai, and his companions were unaware. When they heard, "They are bringing Abilai alive!" Kalдан Sherin issued an order: - "Do not show Abilai to me; keep him in prison for seven days and nights, do not give him food or water, let him stay hungry. On the eighth day, take him out of the prison, set up a white yurt in the wilderness, and place him inside it alone. Bring him a bowl of plain water with a piece of fat the size of a fist. The fat will not dissolve in the water. If he tries to sip it, it will not reach his mouth. If he is clever, he will dip his hand into the water and take the fat in one go. If he is noble, even if he is starving, he will not want the fat. Let us test him this way," he said. They followed the king's order, and on the eighth day, they placed Abilai alone inside the white yurt and brought him a bowl of plain water with a piece of fat in it. When Abilai drank the water, the fat neither melted nor reached his mouth. - "What kind of thing are you that does not go away when I blow on it, and does not come when I kiss it!" he said, holding the bowl, "Go then!" The onlookers reported this to Kalдан Sherin. - "There is some nobility in this man!" Then four executioners came with naked swords: "The king has issued an order, and you have received guests. This is God's decree for you," they said, and prepared to strike with swords. "If one of you hides under the table and gets his head chopped off, kill him. If the pale horseman remains sitting upright, do not strike him. Come back and tell me what you have seen!" When the executioners arrived and carried out Kalдан Sherin's orders, without any hesitation, Abilai sat there, unflinching. - "Is his heart made of stone or horn? His color did not change," they reported back. Kalдан Sherin gathered ninety commanders, dressed them better than himself, and filled a house with them, while he himself did not sit in his place but mingled among the commanders. - "Bring Abilai to this house; do not let any of you give way! If he is common, he will sit by the door, by the fire, where he grew up as a child. If he is noble, he will pass above and sit in the place of honor without asking or recognizing me," he said. They arranged themselves and, when they brought Abilai in, he looked around without glancing back and saw the throne empty, went straight to it, and sat down in the place where Kalдан Sherin would sit. On the throne was the stone that the Kalmyks worshipped, a place where their kings prayed to God, and beside it was Kalдан Sherin's place. The Kalmyks, feeling the weight of someone sitting next to the divine, exclaimed: - "Why do you sit there?" - "This place belonged to Kalдан Sherin. His spirit has fled, and my spirit has taken over; he cannot sit in his own place and has fled. If I do not sit here, will the devil take this place?!" The Kalmyks looked at each other: - "What can we say to this? 'There is no objection to the one who finds the words' is indeed true!" Then Kalдан Sherin, realizing he had been recognized, asked: - "O Abilai, where is Seru?" - "There were many who favored him, but the bad name remained with us," he replied. Kalдан Sherin asked again: - "Where is Seru?" - "Seru did not say he was Seru, nor did he say he would not cut," he replied. For the third time he asked: - "Where is Seru?" - "Instead of looking for the unseen Seru, look for the one who is visible!" he said. Kalдан Sherin asked his commanders: - "What does he mean by this?" - "You are sitting there and have lost your throne. Today I sit on the throne, and you are counted among the common people. If I were to take your head now, who would come before me? 'The order is with me, and the provisions are with you,' he said," they reported. Then Kalдан Sherin regretted having brought Abilai as a mere man, having brought him to his place to test him, and he jumped up, took Abilai's hand, reconciled with him, gave Topysh to Abilai, and freed many people who had been captured and grown among the Kazakhs, uniting them with Abilai and returning them as a tribe. To this day, there is no known lineage; when asked "who are you," they would say "we are the Tölengits," and they are the descendants of those people. The Kalmyk people did not like Kalдан Sherin's actions, saying, "Instead of giving Topysh to one of our own, he gave her to Abilai," and eventually, the Kalmyks killed their own king, Kalдан Sherin. Kalдан Sherin's wife was Karabas, and their only child was Aizhan. They appointed her in place of her father, but within three years, they blinded her, leaving her to wander. Ayuke, seeing Abilai as a brother-in-law and Topysh as a sister, came to Abilai with several households of Kalmyks who had followed them. After that, the Kalmyks were scattered, and when they were about to flee to the Shurshits, they said to their crying children: - "Why do you cry, you wretched ones? Sorkara, do you have Soryn? Do you have meat spread out? Do you have your old mare, Dolagay? Do you have your kumys standing in the old mare?" They say. "Sorkara, Soryn," "Koneke, Dolagay" refer to the lush pastures of the Saryarka region.