Жапақ батырдың Сары қазақ атануы (VІІ нұсқа)

Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді. Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да, қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйырады. Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға түсіріп, қасындағы бірнеше би...

Kazakh
Жапақ батырдың Сары қазақ атануы (VІІ нұсқа)
Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді. Сүйікті ұлының қазасын естіген Қалдан кім болса да, қайда болса да, ұстап алдына әкелуді бұйырады. Қалмақтар аң аулап жүрген Абылайды тұтқиылда қолға түсіріп, қасындағы бірнеше би және атығай руының әйгілі батыры Құдайберді Жәпекпен Қалданға алып келеді. – Менің ұлымды қай жерде өлтірдің? – деген сұраққа, Абылай былай жауап береді: – Сен мені айыптап отырсың. Бірақ оны өлтірген халық, мен тек сол халықтың қалауын орындап, Шаршының басын алдым. Қалданның бұл жауапқа разы болғаны соншалықты – «мюн, мюн» деп бірнеше рет қайталайды да, жендетін тоқтатып, Абылайды киіз үйге қамап, қатаң бақылау қояды. Абылайдың нағыз азабы сонда басталады. Шаршының анасы ұлын өлтірген қазақты (қырғызды) көру үшін күнде келеді, келген сайын оған қарғыс жаудырып лағынеттейді. «Сен оны не үшін өлтірдің», «оған қалай қолың барды» деп айыптайды. Абылайдың төзімі таусылады, бір күні ана тісін шықырлатып өзінің әдеттегі сауалын қойып жұдырығын түйе ұмтылғанда, ол былай деп жауап береді: – Сенің ұлың сияқты қаңғыған құлдар қайда өлмеді дейсің, кәрі қалмақ! Әйел күйеуіне жүгіріп, астамсыған қазақты өлтіруді талап етеді. «Абылайды өлтіріп жүрмесін» деп қорыққан Қалдан, оны және Жәпек батырды тұтқыннан босатып жібереді. Аманатқа Жапақтың ұлын қалдырады, ол өзінің батырлығымен және тапқырлығымен көзге түсіп, Сары қазақ атанады.
English
The naming of Zhapak Batyr as Sary Kazakh (Version VII)
Abilai's Capture by Kaldan Seren. During one of the attacks by the Dzungars on the Kyrgyz, Abilai kills Kaldan's son Sharsy in a duel. Upon hearing of his beloved son's death, Kaldan orders that whoever it may be, wherever they are, should be captured and brought before him. The Kalmyks ambush Abilai while he is hunting and take him, along with several elders and the famous warrior of the Atigai tribe, Qudaiberdy Zhapek, to Kaldan. – Where did you kill my son? – Kaldan asks, to which Abilai replies: – You are accusing me. But it was the people who killed him; I merely fulfilled the will of that people and took Sharsy's head. Kaldan is so pleased with this response that he repeatedly says "mün, mün," stops his executioner, confines Abilai to a yurt, and places him under strict surveillance. Abilai's true suffering begins then. Sharsy's mother comes every day to see the Kazakh (Kyrgyz) who killed her son, cursing and condemning him each time. She accuses him, saying, "Why did you kill him?" and "How could you lay your hands on him?" Abilai's patience wears thin, and one day, when the mother grits her teeth and poses her usual question while raising her fist, he responds: – Where do you think wandering slaves like your son did not die, old Kalmyk! The woman runs to her husband, demanding that the arrogant Kazakh be killed. Fearing that "Abilai might be killed," Kaldan releases him and Zhapek from captivity. He leaves his son as a hostage, who distinguishes himself with his bravery and resourcefulness, earning the name Sary Kazakh.