Абылай туралы

Әбілпейіз деген Бұхарада хандық құрып тұрған. Оның Мәрәйім деген бас уәзірі болады. Мәрәйім Әбілпейіз ханға білдірмей, соңына ханға қарсы адамдарды ертіп, ханды өлтіру жолын қарастырады. Күндердің бір күнінде Мәрәйім Әбілпейізді мейманға шақырып, шарап ішіп мас болған ханды өлтіріп, ертеңіне өзін хан деп жариялайды. Әб...

Kazakh
Абылай туралы
Әбілпейіз деген Бұхарада хандық құрып тұрған. Оның Мәрәйім деген бас уәзірі болады. Мәрәйім Әбілпейіз ханға білдірмей, соңына ханға қарсы адамдарды ертіп, ханды өлтіру жолын қарастырады. Күндердің бір күнінде Мәрәйім Әбілпейізді мейманға шақырып, шарап ішіп мас болған ханды өлтіріп, ертеңіне өзін хан деп жариялайды. Әбілпейіздің үй-мүлкін «хан таланды» деп талатып, үйін құртып жібереді. Әбілпейіздің әйелі бес жасар Абылай деген баласымен қашып, өзі қолға түсерден бұрын: «ханның баласы деп тірі жанға айтпай асыра» деп Ораз деген мүсәпір шалға береді. Бес жасар баланы Мәрәйім іздеткеннен кейін-ақ, Ораз қария баланы алып қашып Түркістан шаһарына келеді. Түркістанда біраз жыл тұрып, ең ауыр қалде өмір сүреді. Жалданып күндерін көреді. Ақыры күн көре алмай, «Сарыарқа, Көкшетау деген жақ жақсы. Барған адам өмірі көрмеген тойыншылыққа кездеседі» деген хабар естіп, Ораз қария Арқадан келген көп түйе керуенге ілесіп Сарыарқа деген жерге келеді. Арып-ашып келе жатқан Ораз жас баласын ертіп сусын ішуге Арқалық деген бір бай ауылына келеді. Бай шалды баласымен жалшы етіп алады. Жас Абылай көп ұзамай жылқышы болады. Не жақсы аттарды мініп, ат құлағында ойнайтын шабандоз қатарының арасында беделі асып, абыройлы бола бастайды. Оны сезген аталық және өзінің баласының жоқтығынан Абылайды өкіл бала етеді. Оған баланың келбеті де себеп бола- ды. Өйткені Абылайға біткен сүйек сұлулығы мен реңділік ешкімге бітпеген. Ораз шалға бір жесір кемпірді қосып, өз алдына үй етіп қояды. Күндердің бір күнінде хан Жәнібек жар салып ел жинап, екі рет қазақ ауылын шауып алған қалмақтың Қалдан ханына барып кегін алу үшін көп сарбаз жинайды. Ол көп қолға қосылмақ болып Абылай өкіл әкесінен рұқсат сұрайды. Аталық рұқсат етпейді. Талапты Абылай түн ішінде қашып келіп, хан Жәнібектің көп қосынына қосылады. Қалдан ханның еліне жеткенде дайындалып тұрған көп ләшкер қолымен хан Жәнібектің алдынан қарсы шығады. Екі жақтың сарбазы бетпе-бет келіп, Қалдан ханның атақты батыры Шырыш жеке соғысқа шығады. Шырыш батырдың түрін көрген қазақтарға қорқыныш кіріп, ешбір жан мен барам деп тілемейді. Қатты қысылған хан Жәнібек: «кім талапкер?» деп айқай салады. Шарт түйінген науша жас жігіт келіп ханнан рұқсат сұрайды. Қысылып тұрған хан кім екенін сұрамай-ақ, рұқсат етеді. Үлкен майдан алабында Абылаймен Шырыш батыр ұрыс жасап, Абылай Шырышты өлтіреді. Өлген батыр мен қалған батырға қарай екі жақтың көп қолы айқайлап ат қойып, ұрыс басталады. Батырынан айырылған қалмақ ханы жеңіліп, қашады. Екі хан бітісіп, Абылайға Қалдан хан қызын береді. Қайтып келген соң хан Жәнібек орнына Абылайды хан сайлап, Абылайдың хандық дәуірі сол заманнан басталған. Абылайдың қалмақтан алған әйелінен Қасымхан туған, бір әйелінен Уалихан туған. Абылай Бөген бойының Боралдайымен ұштасқан жерінде ауырып жатып, Көкшетаудағы баласы Уалиханды шақырады. Уалихан Көкшетаудан ауырып жатқан әкесіне он алты күн салып атпен жүріп жетеді. Абылай ауырып жатып елдің билерін жиып алып, баласы Уалиханды орнына хан сайлағанын айтады. Абылай өлісімен оның балаларының арасынан араздық туып, күшейе бастайды. Қасым ханды «қалмақсың, хан емессің» деп шеттете бастайды. Оған шыдамаған Қасым хан бөліне көшеді. Екі арасынан жанжал шығып, ол бала-шағаға шейін араздасуға алып келеді. Бұл араздық Кенесары мен Шыңғыс арасынан да шығады. Уалиханның баласы Шыңғыс және басқалары Петерградқа оқып «ұлы» шенге еге болып, қазақ даласын патша әскерінің басып алуына жәрдемдескен. Уалихан ауылына патша солдаты келеді, Қызылжар, Ақмешітке патша солдат тұратын кірепіс салады деген хабарды естісімен Кенесары ауылы Көкшетауды тастап, Түркістанға қарай қаша көшеді. Кенесары қашып көшіп келе жатып, Түркістанға барып «қазақ дуанын» шақыратынын хабарлайды. Кенесары, Наурызбайдың бірнеше ауылымен қашып бара жатқанын және қазақ дуанын шақыратынын Уалихан ауылы естіп, қасына солдат алып, көп адаммен артынан қуады. Қуғыншыдан хабар алған Кенесары ауыл еркегімен бірге жасырынып кетеді. Ауыл шабуылға дайындалып, еру болып отырып қалады. Көкшетаудан келген көп қуғыншы Кенесары ауылын шауып, оның бар жарар мүлкін, малын алып, қатын-балаға шейін таяққа жығып, Кенесары, Наурызбайды қолға түсіре алмай, Кенесарының Күнімжан деген әйелін біраз адаммен ұстап алып кетеді. «Кенесары Күнімжанын жанынан жақсы көреді. Сондықтан іздеп келмей тұрмайды. Сонда өзін ұстаймыз», – деп жоспар жасайды. Бұл оқиғадан соң Кенесары көп қол жинап, қолға түсіп Ақмешітке кеткен Күнімжанға барады. Кенесары астыртын жаушы жіберіп, Ақмешіт қаласында бекініп жатқан үш жүз солдаттың барын біледі. Ескі шапанға май құйып, патша әскері жатқан ағаш дуалға от қоймақ болады. Қалмақ Қараберкін деген майлаған шапан арқылы дуал түбіне от қойысымен, дайындалып тұрған Кенесарының атты жігіттері найзаның басына түйреп тұрған бір-бір бума қу ақ шөпті шауып барып жанған отқа тастайды. Өрт күшейіп солдаттар сөндіре алмай ағаш қорғаннан қашып шығысымен аңылып тұрған Кенесары үш жүз солдатты түн ішінде жеңіп, ондағы қару жарағын қолға түсіріп, тұңғыш рет Кенесары қаруланады. Тұтқыннан Күнімжанды таба алмай, Ақмешіт қаласындағы барлық ұлықтардың қатын, қызын айдап қайтып ауылына келеді. Ақмешітті патша солдатынан тазартумен қатар, өзіне көп сарбаз жиып алады. Қатын-баласынан айырылғандардың іздеуімен Күнімжан барлық ауыл дүниесімен қайтарылып, қолға түскен әйелдерін қайтып алады. Ағыбай, Бұғыбай, Беркін, Жуман тағы басқа өзіне серік көп батырлар жиналады. Міне, Кенесары, Наурызбайдың патшаға қарсылығы осылай басталады. «Қазақ дуанын» шақырып, оған көп ел қатысады. Қатар жатқан қырғыз, өзбек халқына дуан атынан сарбаз көмек сұрап он екі адам жібереді. Патшаның сыбайласы Уалихан ауылына қарсы күресуге шақырады. Станпулға әскер оқуына бала жібермек болып, қалмақты патшаға қарсы күреске шақырады. Бастығы Нысанбай етіп Піспек, Тоқбаққа кісі жібереді. Тәшкенге адам жібереді. Өзбек халқы оны мақұлдап патшаға қарсы күреске күш жинап, Ақмешітпен Түркістан арасындағы патша әскерімен қазақтардың ұрысына қосылады. Ол сарбаздарды Кенесарының Сыздық деген баласы басқарып жүреді. Ол кезде Кенесары ауылы Әулиеатаға қарай көшіп келе жатады. Қырғыздардан көп жігіт алып, патша солдатына қарсы бармақ болады. Алдынан Піспек барған адамдары шығып, қырғыздардың игі жақсылары сарбаз бермей, қайта өзімізді мазақтап, көп әуреледі дейді. Сол қарсаңда Кенесарының өзі мініп жүретін тортөбел аты ұрланады. Оны қырғыздың ұры жұмсайтын игі жақсысы ұрлатып алып барады. Екі жақты бірдей қорлық көрген Кенехан өжеттікке салып, ауылын шауып қорқытып сарбаз алмақ болады. Қорлықты әбден көрдік деп, Нысанбай келіп жырлаған. «Тортөбел ат ұрланып, оны да қырғыз ұрлаған. Кенекем сонан өшігіп, қазаққа барып бұздырды Қанайдың тамын сырлаған. Ханға қырсық сол болып, палуандар тойға жолыққан».
English
About Abilai
Abilpeiz was ruling a khanate in Bukhara. He had a chief minister named Marayim. Without informing Abilpeiz, Marayim plotted to kill the khan by gathering people against him. One day, Marayim invited Abilpeiz for a feast, got him drunk, and killed him, declaring himself the khan the next day. He looted Abilpeiz's property, claiming it was "the khan's plunder," and destroyed his house. Abilpeiz's wife fled with their five-year-old son, Abilay, and before being captured, entrusted him to an old beggar named Oraz, saying, "Raise him without telling anyone he is the khan's son." After Marayim began searching for the boy, Oraz took him and fled to the city of Turkestan. They lived in Turkestan for several years, enduring hardships and making a living as hired laborers. Eventually, unable to survive, Oraz heard news that "the Saryarka and Kokshetau regions are good. Those who go there encounter feasts they have never seen before," and he traveled to Saryarka with a caravan of camels coming from Arka. Exhausted, Oraz took his young son to a wealthy village called Arkalyk to drink. The rich man took the old man and his son as laborers. Young Abilay soon became a herdsman. He gained respect and honor among the horsemen, riding fine horses and displaying his skills. Noticing this, the wealthy man, due to the absence of his own son, adopted Abilay as his own. This was also due to Abilay's striking appearance, as he possessed a beauty and charm that no one else had. Oraz married a widowed woman and established his own household. One day, Khan Zhanibek called for the people, gathering many soldiers to take revenge on the Kalmyk Khan Kaldan, who had raided the Kazakh villages twice. Abilay sought permission from his adoptive father to join the khan's army. The adoptive father refused. Determined, Abilay secretly fled at night and joined Khan Zhanibek's large army. When they reached Kaldan's territory, they were met by a large army prepared for battle. As the soldiers faced each other, Kaldan's famous warrior Shyrish stepped forward for a duel. Upon seeing Shyrish, fear gripped the Kazakhs, and no one wished to volunteer. In a moment of desperation, Khan Zhanibek shouted, "Who is the challenger?" A young man who had made a vow stepped forward and asked for permission from the khan. Without asking who he was, the khan granted permission. In the great battlefield, Abilay fought Shyrish and killed him. As the fallen warrior's body was seen, both sides shouted and the battle commenced. The Kalmyk khan, having lost his warrior, was defeated and fled. The two khans made peace, and Kaldan gave his daughter to Abilay. Upon returning, Khan Zhanibek appointed Abilay as khan in his place, marking the beginning of Abilay's reign. From the wife Abilay took from the Kalmyks, Qasym Khan was born, and from another wife, Ualihan was born. While Abilay was ill at a place where the Boralday meets the Bogent, he called for his son Ualihan from Kokshetau. Ualihan arrived on horseback sixteen days later to find his ailing father. Abilay, while sick, gathered the elders of the land and announced that he had appointed his son Ualihan as khan in his stead. After Abilay's death, discord arose among his children and began to intensify. Qasym Khan was marginalized, being called "you are a Kalmyk, you are not a khan." Unable to endure this, Qasym Khan moved away. A conflict arose between them, leading to enmity even among their families. This discord also emerged between Kenesary and Shyngys. Ualihan's son Shyngys and others went to Petersburg to study and gained the title of "noble," assisting the Russian army in occupying the Kazakh steppe. When the tsar's soldiers came to Ualihan's village, upon hearing that the tsar's soldiers were building a fort in Kyzylzhar and Akmeshit, Kenesary's village abandoned Kokshetau and fled towards Turkestan. While fleeing, Kenesary announced that he would summon the "Kazakh Duan." Hearing that Kenesary and Nauryzbay were fleeing with several villages and summoning the Kazakh Duan, Ualihan's village sent soldiers and many people to pursue them. Upon receiving news of the pursuers, Kenesary hid with the men of the village. The village prepared for an attack and remained alert. Many pursuers from Kokshetau raided Kenesary's village, seizing all valuable possessions and livestock, beating the women and children, and failing to capture Kenesary and Nauryzbay. They managed to capture Kenesary's wife, Künimzhan, along with several others. "Kenensary loves Künimzhan dearly. Therefore, he will not rest until he finds her. We will capture him then," they planned. After this incident, Kenesary gathered a large force and went to find Künimzhan, who had been taken to Akmeshit. Kenesary secretly sent a messenger and learned that there were three hundred soldiers stationed in Akmeshit. He planned to set fire to the wooden fort where the tsar's army was located using an old coat soaked in oil. When the Kalmyk Karaberkyn set fire to the coat at the base of the fort, Kenesary's mounted men, who were ready, cut bundles of dry grass and threw them into the flames. The fire intensified, and as the soldiers could not extinguish it and fled from the wooden fort, Kenesary, who had been lying in wait, defeated three hundred soldiers in the night, seizing their weapons and for the first time arming himself. Unable to find Künimzhan among the captives, he returned to his village with all the wives and daughters of the officials from Akmeshit. While cleansing Akmeshit of the tsar's soldiers, he also gathered many soldiers for himself. With the search for those separated from their families, Künimzhan was returned along with all the village possessions, and the captured women were reclaimed. Many brave warriors, including Agybay, Bugybay, Berkin, and Juman, gathered around him. Thus began the resistance of Kenesary and Nauryzbay against the tsar. Summoning the "Kazakh Duan," many people participated. They sent twelve men to the neighboring Kyrgyz and Uzbek peoples to request military assistance. The tsar's accomplice called for a struggle against Ualihan's village. Planning to send a young man to military training in St. Petersburg, he urged the Kalmyks to fight against the tsar. He sent people to Pispak and Tokbak, and to Tashkent. The Uzbek people approved this and began to gather strength to fight against the tsar, joining the battle between the Kazakhs and the tsar's army between Akmeshit and Turkestan. These soldiers were led by Kenesary's son, Syzdik. At that time, Kenesary's village was moving towards Aulieata. They intended to take many young men from the Kyrgyz to fight against the tsar's soldiers. However, Pispak's men came out to meet them, and the good people of the Kyrgyz refused to provide soldiers, instead mocking them and causing much trouble. On the eve of this, Kenesary's prized horse, Tortoebel, was stolen. A good man from the Kyrgyz, who was known for his cunning, had taken it. Having faced humiliation from both sides, Kenesary, in a fit of bravery, threatened to raid the village to gather soldiers. Having endured enough humiliation, Nysanbay came and recited: "The Tortoebel horse was stolen, and the Kyrgyz took it. Kenekem, enraged by this, went to the Kazakhs and destroyed Kanay's house."