Қисса Зейне Зайуб

Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды жұрт азғалы. Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр, Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы. Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса, Адамнан ақыл кетер қарны ашса. Ғалам деген падишаның заманында Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша. Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан, Пенде иман с...

Kazakh
Қисса Зейне Зайуб
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды жұрт азғалы. Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр, Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы. Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса, Адамнан ақыл кетер қарны ашса. Ғалам деген падишаның заманында Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша. Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан, Пенде иман сақтаса құп жарасқан. Ғалам деген падишаның заманында Бiр байбатша болыпты дәулетi асқан. Жiгiттiң жиырма бес деген шағы, Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы. Шаһарында оған жетер жан болмады, Тәңiрi о да болса берген бағы. Патшаның әдiл екен жұртқа сөзi, Халқына жағады екен һәр мiнезi. Көрсетпей тiрi жанға сақтайтұғын Патшаның Зейне Зайуб жалғыз қызы. Зейненiң сөзi тәттi шекер балдай, Тұрады көрген жанның сабыры қалмай. Көркiн көрген жандар кетер емес, Нұры-дүр он төртiншi туған айдай. Мiнезiн сол сұлудың жан бiлгендей, Жаманның маңайына кiм келгендей. Патшадан сондай көркем бiр қыз туды, Патшаның бала туып көңiлi тынды. Осыған той-тамаша қыламын деп, Патша халық билеген жұртын жиды. Әдiлдiкпен жұрттарын қинайды екен, Қорқытып қойдан жаман санайды екен. Ұрлық пен қарлығын қойдырам деп, Аптада шарбаққа елiн қамайды екен. Патша жұртқа қылады қатты тарлық, Қылмысты патшадан көрер зарлық. «Шаһарда сұлу қыздарды қызыма нөкер қыл, жиып кел», – деп, Бады Сұлтан уәзiрiне қылды жарлық. Бады Сұлтан сұлу қыздарды келген жиып, Бәрi келдi атлас пен қамқап киiп. Олардың да баршасы да сұлу екен, Көрген жан тоқтау қылмас нәпсiн тыйып. Зейненiң күн түседi қабағына, Жетпейдi ай сәулесi тамағына. Шаһардан таңлап алып келген қыздар Һешбiрi тең келмейдi тырнағына. Жаратқан бұл жаһанды Құдай шебер, Құданың құдiретiне пенде көнер. Шаһарда одан артық қыз болмады, Қырық қызды ылажсыздан қылды нөкер. Қырық қыздар бiр сарайда отырысты, Тамаша қылды ойнап һәрбiр iстi. Байбатша екi ат жегiп келе жата, Қыздардың сарайына душарласты. Әйнектен бiрталай қыз көрiнедi, Бәрi де басарға аяқ ерiнедi. Қырық қыздардың бәрi де аққу құстай, Зейне қыз тоты құстай түрленедi. Байбатша жұрттан асқан жомарт едi, Мырзаның күнде базар жүрген жерi. Зейнеге ғашық болып ол байбатша, Күзеттi сол әйнектi күнi-түнi. Мұратқа иманды адам шапшаң жеттi, Құдайым сүйген құлын пендем дептi. Байбатша салтанатты адам екен, Хан қызы үйде отырып көңiл еттi. Хан қызы үйде отырып көңлi кетiп, Әйнектен бiр нәрсенi тастайды ендi. Өзi алар өзi берген аманатты, Һәр жерде қорлық көрмес қолқанатты. Бiлмейдi не екенiн ол нәрсенiң, Қойнына салып алып үйге қайтты. Жарасар мұсылманға Алла десе, Қор болмас ақыреттiң қамын жесе. Қойнындағы нәрсенi қолына алса, Алтыннан қақпағы бар асыл кесе. Байбатша келе жатып ой ойлады, Iшiнде ойламаған ой қалмады. Кесенi қолына алып ойлап-ойлап, Бергенiн не жәйменен бiле алмады. Әлқисса, байбатша қатыны «қожам неге кешiктi?» деп түн болған соң көшеге шығып тұр екен, байбатшаны көрген соң айтқаны: – Байбатша, басы пiспей алма жеме, Ақылы жақсылардың үлкен кеме. Келушi ең күнде ерте сарайыңа, Кешiктiң не жұмысқа мұнша неге? – Шашылған малдарымды жия алмадым, Жылаған көзiм жасын тыя алмадым. Әйнектен хан қызына көзiм түстi, Құрметi өзгеше екен қия алмадым. – Душар кез Құдай Тағала қылған шығар, Қолыңа қалағаның тиген шығар. Әйнектен дидарыңды көрген болса, Бiр нәрсе көңiл етiп берген шығар. – Ендеше, бiздiң қатын Құдайға жақ, Құдайға жаққан адам күнәдан пәк. Қыз бердi алтын қақпақты асыл кесе, Мiнеки, мұның, қатын, ақылын тап. – Әйнектен дидарыңды көрген екен, Қолыңа қалағаның берген екен. «Әкем[нiң] алтын қақпақты құдығы бар, Табысалық бүгiн сонда келсең» деген екен. Дүниеден ойнап-күлмей кiм өтедi, Адамды дәулет бiтсе түрлентедi. Киiмiн екi ат жегiп киiп алып, Құдығын падишаның күзетедi. Байбатша жұрттан асқан дәулет бай-ды, Адамға дәулетi жоқ бейнет бар-ды. Түн ортасы болғанша отырды да, Түн ортасы болғаннан соң ұйықтап қалды. Ол жүрген хан қызынан үмiт етiп, Сол түнi бек қайғырды есi кетiп. Қызыл гүлдей жайнаған нұры балқып, Қырық қызбен Зейне Зайуб келдi жетiп. Келiптi уағдасына ендi батыр, Һәр жерде хайласыз жан бейнет тартар. Қырық қызбен Зейне Зайуб келгенiнде Қорылдап құлдан жаман ұйықтап жатыр. Қасына қырық қыз шулап өлең айтты, Сонда да оянбайды – ұйқы қатты. Бiр күмiс теңге, бiр алтынды қойнына салып, Мырзаны оята алмай үйге қайтты. Барады дүние өтiп баяны жоқ, Азырақ баян қылсам көңiлiм тоқ. Байбатша тұра келсе, күн шығыпты, Қасында Зейне түгiл, дәнеме жоқ. Байбатша күйме мiнiп той тойлайды, Дүниеге бай адамдар һеш тоймайды. «Қатыным бiреуменен ойнас екен, Менi қулық қылып жiберген екен» деп ойлайды. Оқиды жетiк молда жазған хатты, Һәр жерде хайласыз жан бейнет тартты. «Асықпай тұр, қатыным, мықтармын», – деп, Еркексiнiп ашуланып үйге қайтты. Әлқисса, кешiккен соң сәскеге дейiн байбатшаның қатыны шыдай алмай көшеде тұр екен, байын көрiп айтқаны: – Дәулеттiң қызығымен жүрдiңiз бе, Жерiнде уағдалы тұрдыңыз ба? Көңiлiң қараңғы көрiнедi, Ай, ерiм, қыздың жүзiн көрдiңiз бе? – Өзiмде аманатым, өлгенiм жоқ, Һешкiмнiң үкiмiне көнгенiм жоқ. Азғырдың менi неге шайтан болып, Сүйткенмен қыздың жүзiн көргенiм жоқ. – Дүниенi кiм ойламас еске түссе, Сарайыңа жан келмес қолынан дәулет ұшса. Бiлейiн Зейне қыздың келмегенiн, Кәнеки, түрегелiп белiң шешшi. Қандай жан құлақ қоймас мына сөзге, Нұр сипаты жарасады қызыл жүзге. Шешiнiп кәнеки деп тұра келсе, Бiр алтын, түсе қалды күмiс теңге. – Қасыңа Зейне Зайуб келген екен, Ниетi саған кетiп жүрген екен. «Мен жеттiм уағдаға, сен жетпедiң, Мынадай алтын сенiң басың» деген екен. Байбатша, ұйықтап жатып түске дейiн, Һешнеме ойламайсыз кешке дейiн. Зейне қыз патшадан туған болса, Еркем деп сенi сынар үшке дейiн. Жаяудың атты жемес несiбесiн, Пенденiң шайтан бұзар көрген түсiн. Көңiлi болса бiр нәрсе берер тағы, Ап келшi бүгiн [барып] бiр белгiсiн. Байбатша болып өткен бұл бiр шағы, Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы. Киiмiн екi ат жегiп киiп алып, Тұсына терезенiң келдi тағы. Байбатшаны көрген соң Зейне Зайуб Әйнектен үш дүркiн үш нәрсе тастады. Байбатша дәулетiне болады мас, Табылмас Зейне сынды қиылған қас. Байбатша аттан түсiп қолына алса, Бiр алтын тарақ, бiр топ маржан, бiр гауһар тас. Байбатша қайта жүрiп үйге келдi, Ақылы қатынының кемеңгер-дi. Байбатша әлгi үшеуiн қолына алып, Мәнiсiн қатынынан сұрайды ендi. – Қолыңа қалағаның берген екен, Әйнектен дидарыңды көрген екен. «Әкемнiң алма егетiн алтын шарбағы бар, Табысайық бүгiн сонда келсең» деген екен. Байбатша шарбағынан қызды тосты, Құданың бұрыс кетпес болса құсты. Қыз келгенше шыдамай ұйықтап қалды, Қайтып адам тоқтатар байлық масты. Пендеге қиын жұмыс – ғашық оты, Сүйегi Зейне қыздың мисле тоты. Тағы да Зейне келсе ұйықтап жатыр, Зейне қыз оята алмай толғаныпты. Толғанып Зейне Зайуб зар илейдi, Алланың бұйрығынан кiм қалмайды. Тағы да қырық қыз шулап өлең айтты, Сонда да ұйқысынан оянбайды. Қасына қырық қыз шулап өлең айтты, Сонда да оянбайды – ұйқы қатты. Бiр күмiс, бiр мыс теңге қойнына салып, Мырзаны оята алмай үйге қайтты. Оянса күн шығыпты сәске болып, Iшiнен нала болды қайғы толып. Iшiнен құса болып ой ойлайды, Менi сол алдап жүр ме қатыным деп. Үйiне сол байбатша келедi тез, Құдайдан тiлегiнiң қылады кез. – Осы [қыз] алдап жүр ме, рас па? – деп, Әуелi қатынынан сұрайды сөз. – Мен саған бiлдiрейiн бiлмегенiң, Нәсiбi таусылмайды өлмегеннiң. Кәнеки, түрегелiп белiң шешшi, Бiлейiн Зейне қыздың келмегенiн. Қатынның бұл сөзiне құлақ салды, Жоқ болса қылайын деп ашуланды. Шешiнiп кәнеки деп тұрып едi, Бiр күмiс, бiр мыс теңге түсе қалды. Сонда қатынның байбатшаға айтқаны: – Көңiлiң сенiң қызбен хош болыпты, Бақытыңа Зейне Зайуб тұс болыпты. Құп масқара болдың ғой осы жолы, Кешегi алтын басың мыс болыпты. Жете алмай уағдаңа болдың ғарiп, Тым болмаса келмедiң сөзге жарып. Көңiлi болса бiр нәрсе берер тағы, Ап келшi бiр белгiсiн бүгiн барып. Байбатша болып тұрған ол бiр шағы, Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы. Күймеге екi ат жегiп мiнiп алып, Тұсына терезенiң келдi тағы. Қырық қыздар қарамайды жауап айтып, Жоғалып байбатша тұр бейнет тартып. Қырық қыздар күндегiдей қарамайды, Қалыпты байбатшадан көңлi қайтып. Ол қыздар байбатшаны көзi көрдi, Байбатша қайтамын деп жауап қылды. Зарықтырып күн батып түн болғанда Әйнектен бiр нәрсенi алып бердi. Байбатша Зейне үшiн болып жүр зар, «Жеткiз деп мұратыма, Қадiр, Жаппар». Байбатша аттан түсiп қолына алса, Бiр күмiс бетiнде мың бiр ғалам жауабы бар. Үйге қайтып жөнелдi қолына алып, Мұратқа жете алмай жүр кейiп-налып. Iшiнен құса болып ой ойлайды, Жете алмай кетем бе деп құры қалып. Үйiне қайтып келiп жылайды зар: – Жете алмасам бойыма болады ар. Ендi осының, қатыным, ақылын тап, Бiр күмiс теңге бетiнде мың бiр ғалам жауабы бар. Қатынның берген жауабы: – Жетедi мұратына ердiң ерi, Сөз сөйлесе ашылар көңiл кiрi. Табысайық бүгiн сонан деген екен, Әкемнiң алтын тақыт құрған жерi. Мен саған бiлмегенiң бiлгiзейiн, Қолыңа қалағаның тигiзейiн. Даладан ат алдырып өзiң мiншi, Үйден мен киiмiңдi кигiзейiн. Қарашы Құдай берген оған бағын, Көтергей байбатшаның аруағын. Бiр ақыл осылайша қылайын деп, Тiледi байбатшадан сол қолының шынашағын. Балапты байбатшаны қыздың бәрi, Зейне Зайуб қыз серi сүйген жары. Тiлген соң байбатшаның шынашағын, Ашуы ұйықтатпайды, жақты дәрi. – Шынашақ, ұйқы келсе ашығайсың, Ұйықтаса өне бойға шашылғайсың. Қыз келiп амандасып тұрған шақта Сертiмше сахат тауып басылғайсың. Дүниеден ойнап-күлмей кiм өтедi, Адамды дәулет бiтсе түрлентедi. Киiмiн екi ат жегiп киiп алып, Патшаның кеңсе үйiн күзетедi. Тұрады түнi бойы таң атпайды, Бойына һеш пәленi жолатпайды. Ұйықтайтұғын мезгiлi болғанында, Дуылдап шынашағы ұйықтатпайды. Ол жүрген хан қызынан үмiт етiп, Ол жерде бiраз тұрды есi кетiп. Шыдамай шынашаққа тұрғанында, Қырық қызбен Зейне Зайуб келдi жетiп. Адамға гауһар иман – жан жолдас-ты, Бергейсiң ата-анаңа ықыласты. «Байбатша не асыл, не жасық емессiз», – деп, Көрiсiп Зейне Зайуб амандасты. – Шаһарың алыс емес күнде барсаң, Жаһанда дәулетiң мол жұрт аларсың. Жаһанда дәулетiң мол жаннан асқан, Сүйегiң асыл, жасық емессiз арсаң-сарсаң. Мұратқа сабыр қылған сонда жеттi, Құдайым сүйген құлын пендем дептi. Көрiсiп Зейне Зайуб тұрғанында, Ашуы шынашақтың сонда кеттi. Жiгiтке екi келмес жалған дүние, Ғашық қылып шайтан салды мұндай күйге. Қырық қыздар құрмет етiп өлең айтып, Кiргiздi күйеулетiп оңаша үйге. Ол дүние бұл дүниеден қатты дейдi, Қызығы бұл дүниенiң тәттi дейдi. Екеуi ғашық болып қосылған соң, Екеуi түске дейiн жатты дейдi. Жарлығы падишаның сондай қиын, Жүрекке қорыққан болар түйiн. Бiреудiң ат шаптырған жиын тойға, Шақырды падишаны, болды жиын. Бұл тойдың патша келмей қызығы жоқ, Патшаның жұрттан бөтен бұзығы жоқ. Патша тойда отырып билiк қылса, Қолында мөр басатын жүзiгi жоқ. Патша қаһарланса қылар тарлық, Қылмысты патшадан көрдi зарлық. «Үйдегi мөһiрiмдi алып кел», – деп, Бады Сұлтан уәзiрiне қылды жарлық. Бейнеттен құтылады бұрын қашса, Адамнан ақыл кетер қарны ашса. Зейне қыз бiр жiгiтпен бiрге жатыр, Бады Сұлтан бұрылып есiк ашса. Есiктi ашуланып қатты салды, Бiр бүлiк қылайын деп есiне алды. Есiрiк сол жасауыл келдi дағы Патшаға iркiлместен айтып салды. Патша бiр ой ойлап бастайды ендi: – Оятпай төсегiнен ұста, – дейдi. Екеуiн оятпастан ұстап алып, Апарып бiр зынданға таста, – дейдi. Тастауға байбатшаны жұрт ұялды, Мырза едi дәулетi көп қайғыланды. Мырза едi дәулетi көп ұйықтап қалған, Түскенде ор түбiне сонда оянды. Бастайды һәрбiр жолға Алла Тағала, Патшаның үкiмiне бар ма шара?! Хан келгенше қашып кетiп қалмасын деп, Қойыпты күзетшiге екi-үш бала. Қыз айтады: – Әй, үш бала, сыйла-сәна, Қиын жерде жатыр деп қылма сәна. Сiздерге айтатұғын арызым бар, Үшеуiң құлақ салып тыңда-сәна. – Сенi патша қызы екен деп сыйламаймыз, Қиын жерде жатыр деп қиналмаймыз. Сөзiңнiң айтатұғын керегi жоқ, Не болса да жауабың тыңдамаймыз. Қыз айтты: – Әй, үш бала, өлемiсiң, Патшаның үкiмiне көнемiсiң? Сiздерге айтатұғын жауабым сол, Үйлерiн байбатшаның бiлемiсiң? – Күнiне екi барып келушi едiк, Шәй iшiп самауырдан қанушы едiк. Жаһанда қайыры мол байбатшаның Сарайын мекен қылған танушы едiк. – Балалар, не құп едi мұнан барсаң, Мiскiн деп бiз ғарiптен хабар алсаң. Үшеуiңе үш уыс алтын берер едiм, Үйiне байбатшаның барып келсең. – Пенде иман көрмейдi харам болса, Бейiштен иман арзан Алла десе. Бiреуiң қайда десе, бiз не деймiз, Дұшпанның тыста жүрген бiрi көрсе. Сонда баланың бiреуi айтады: Алтынды тегiн жатқан алайық та, Киiмдi қарақшы ғып қояйық та. Бiрiмiздiң орнымызға киiм тұрсын, Бiреумiз жап-жалаңаш барайық та. Әлқисса, сонда Зейненiң жалаңаш бармақшы болған балаға айтқан сөзi: – Тұрған қатын көңiлiн тындырғайсың, Дүниелiгiн үйiне жидырғайсың. Күншығыстағы әйнекте қатын отыр, Таспен ұрып әйнектi сындырғайсың. Әйнектi таспен ұрып сындырғайсың, Көңiлiм менiң келiп тындырғайсың. Қатын сонда бетiңе жалт қараса, Бiр таспен үйдiң үстiн тағы ұрғайсың. Ғарiп болып жатырмын сөйлеспестен, Ғарiп адам жатады көңiлi өлместен. Бiр тасты жерге тастап үш теп тағы, Берi қайт онан басқа тiлдеспестен. Адамдар аты бiрге болады адас, Жiгiттер, халал болсаң дiнге талас. Бар киiмiн тастады ол жас бала, Қатынға жетiп келдi жап-жалаңаш. Тұрған қатын көңiлiн тындырады, Дүниелiгiн үйiнде жидырады. Күншығыстағы әйнекте қатын отыр, Таспен ұрып әйнегiн сындырады. Әйнегiн таспен ұрып сындырады, Көңiлiн қыз ғарiптiң тындырады. Қатын сонда бетiне жалт қараса, Бiр таспен үй шатырын тағы ұрады. Сонда қатын «тоқта» деп жауап айтты, Алма бердi балаға өзi тәттi. Бiр тасты жерге тастап үш тептi де, Алманы алмай, сөйлемей кейiн қайтты. Қол жайса дұға қабыл батасына, Қанбайды сөздiң қулық қатасына. Үстiне қызыл қамқап тон жамылып, Жүгiрiп қатын келдi атасына. – Әй, ата, мұнша дәурен сүрдiңiз бе, Һешкiмнiң үкiмiне көндiңiз бе? Қу бала әлгi келген не деп кеттi, Баланың не айтқанын бiлдiңiз бе? – Өзiмде аманатым, өлгенiм жоқ, Ешкiмнiң үкiмiне көнгенiм жоқ. Балам-ау, мен кәрiден не сұрайсың, Баланың не айтқанын бiлгенiм жоқ. – Әй, ата, бай едiң бұл шаһарда жалғыз өзiң, Жұртыңа нанымды едi айтқан сөзiң. Сындырды күншығыстағы әйнегiңдi, Шықты деп айтып кеттi жалғыз көзiң. Жалғызың уағдада тұрды, – дейдi, Өлiмге балаң мойын бұрды, – дейдi. Үйiңнiң төбесiне тас тастады, Төбеңнен сенiң Құдай ұрды, – дейдi. Жалғызың жұрттан [асқан] батыр едi, Қолында Бады Сұлтан жатыр, – дейдi. Бiр тасты жерге тастап үш тептi ғой, Жалғызың жер астында жатыр, – дейдi. Ақылмен қатын байғұс мұны бiлдi, Бұл неден болды екен деп iшi күйдi. Қызыл ала орамал қолына алып, Үш уыс алма, үш уыс алтын түйдi. Ана емшек бередi жас балаға, Сөз айтса құлақ қоймас масқараға. Қызыл ала орамал қолына алып Жүгiрiп қатын келдi үш балаға. Қатын кеп үш балаға көзiн салды, Үш бала шырайланып тұра қалды. Әуелi тасты ерiткен ас едi деп, Алманы алып алдына төге салды. Соқпақта көрмеген жан адасады, Дiн сақтаса пендеге жарасады. Күнi бойы аш жүрген үш балалар Алмаға опыр-топыр таласады. – Әйнектен үшеуiңдi көрiп едiм, Жасымда мен де сендей болып едiм. Күнi бойы ыстыққа шөлдеп тұр деп, Бiр қайыр қылайын деп келiп едiм. Әйнектен сен үш бала қарағаным, Құдайдан халал ниет сұрағаным. Өзiмдей мұсылманның баласы деп, Сiздердi бек қиналып аяғаным. Үш бала қатын айтқан тiлiне ердi, Жақсылық жамандықтың бәрiн көрдi. Осылайша баланы алдайын деп, Үш балаға үш уыс тiлла бердi. – Әй, бәйбiше, құлағың сал мына сөзге, Һеш жақсы адам көрмедiк сенен өзге. Бiз тараптан қалаған нәрсең бар ма, Арманың жеткiзелiк, айтшы бiзге. – Пәледен қырық жыл бұрын қашып едiм, Дәулеттiң арқасымен тасып едiм. Жалғыз-ақ арманым бар осы күнде Жер астын бiр көрмекке ғашық едiм. Жер асты жаман дейдi көрген адам, Бiзден бұрын қазадан өлген адам. Не қылса да жер асты жаман дейдi Кiтап Құран ашып бiлген адам. Келдiм мен соның үшiн байқайын деп, Жаман болса нәпсiмдi тартайын деп. Рас па жамандығы, өтiрiк пе? Сiздерден келдiм бiлiп қайтайын деп. Үш бала қатын айтқан тiлге нанды, Қатынның жауабына қайран қалды. Қолында қырық бiр құлаш арқаны бар Қатынды байлап алып құдыққа салды. Хан қызын бiлмегенiн бiлгiзедi, Жолымен өзi жүрген жүргiзедi. Өзiндей ханның қызын қатын қылып, Киiмiн тамам бiткен кигiзедi. – Балалар, ендi менi тартшы, – дейдi, Жаман-жақсы iс болса айтшы, – дейдi. Арманым жоқ, мен көрдiм құдық түбiн, Балалар, ендi менi тартшы, – дейдi. Үш бала қатын айтқан тiлге нанды, Қатынның жауабына қайран қалды. Қолында қырық бiр құлаш арқаны бар Зынданнан ханның қызын тартып алды. Байбатша жер астында күңiренiптi, Хан қызы тысқа шығып түрленiптi. Қайдан бiлсiн, қатын деп бала қалды, Қыз жөнiн бiлдiрместен жөнелiптi. Дүниенiң кiм шалқымас толығында, Дүниенi қиын көрмес жiгiт күнде. Келдi дағы құдықтан Зейне Зайуб Отырды қырық қызбенен қалыбында. Әлқисса, бұлар мұнда тұрсын, патшаның тойда отырып қапа болып жылағаны: Бастаған һәрбiр жолға Құдай дейдi, Шәрменде пенделердi қылма дейдi. Патша тойда отырып наза болып Қапа болып шыдай алмай жылайды ендi. Һауада жарқыраған жұлдызымнан, Баста жаға, маңдайда құндызымнан, Бiр перзент қыз да болса берiп едi, Залал көрдiм бұ сынды жалғызымнан. Жылында жұртымды екi қинаушы едiм, Қорқытып қойдан жаман санаушы едiм. Ұрлық пенен қарлығын қойдырам деп, Аптада шарбаққа елiм қамаушы едiм. Бүгiнде көрiп тұрмын көп қорлықты, Атағым патша болып жұртқа шықты. Жұртыма қаншама үгiт берушi едiм, Бұ күнде қызым менi жерге тықты. Патша болып тұрғанымды жұрт не қылсын, Өзiндей болғаныма кiм күйiнсiн. Бұрын айтқан насихатым тыңдаушы едi, Бiр иттi харами асқан жұрт не қылсын. Патша сонша жылап қайғы тұтты, Қасында көп жамағат арыз еттi. Патша тойда отырып жылап-жылап, Айлы уақыт болғанда үйге қайтты. Инедей қайыр болмас кей малдыда, Ес болмас сыйласаң да кей жарлыда. Патша тойдан үйге жылап қайтса, Тұр екен үлкен ханым қарсы алдында. Патша айтты: – Ей, қатыным, қосағымсыз Құдай қосқан, Тамам жұрт патша деп алдым тосқан. Сарайда бар ма екен, жоқ па екен Зейне Зайуб, Бiр дұшпан айтып жүр ме екен харами асқан. Халалдайын харамнан татып жүр ме, Кей адам өзiн надан етiп жүр ме. Зейнежанды бар ма екен көрiп келшi, Бiр дұшпан харами асқан айтып жүр ме? Бейнеттен құтылады бұрын қашса, Ажалдан құтылмайды малын шашса. Қырық қызбен Зейне Зайуб бiрге отыр, Жүгiрiп ханым келiп есiк ашса. Есiктi қуанғаннан қатты салды, Кiм екен мұны айтқан деп ашуланды. Патшаны сүйiншi деп қуантқалы, Патшаның сәлдесiн келiп жұлып алды. Патша мұны естiп бек қуанды, Орнынан қуанғаннан түрегелдi. Патшаның қуанғаны сондай болды, Қызына көремiн деп өзi келдi. Патшаның әдiл екен жұртқа өзi, Халқына жағымды екен һәр мiнезi. Патша келiп есiгiн ашып едi, Еңiреп қоя бердi жалғыз қызы. – Перзент қылып бердi маған Алла Тағалам, Көрсем көзiм сүйiнген сен бiр панам. Сағынған соң көргелi келiп едiм, Неге мұнша жыладың, жаным балам? – Ай, ата, қызметiңе жұрт таласты, Күн көрiп дәулетiңмен көзiн ашты. Сол себептi жылаймын, жан ата-еке, Бiр адам рұқсатсыз есiк ашты. Әлқисса, патшаның қуанып үйiне келiп Бады Сұлтан илән қырық жiгiттi шақырып айтқаны: Патша қаһарланса қылар тарлық, Қылмысты патшадан көрер зарлық. Құдықтағы қыз-жiгiттi алып кел деп, Бады Сұлтан уәзiрге қылды жарлық. Жөнелдi қырық жiгiттi ертiп алып, Зынданда қызды алмаққа көңлi барып. Мақтан қылып сөйлейдi қырық жiгiтке, Бады Сұлтан уәзiрi келе жатып. – Қандай жан құлақ қоймас мына сөзге, Нұр сипат жарасады қызыл жүзге. Жеткiздi Құдай менi мұратыма, Жүрушi едiм қылайын деп осы қызға. Зейне қыз жансыз оқтай бұлғақтайды, Сөйлесем тiптi сөзiмдi ұнатпайды. Менiң сөзiм тiкендей тиiседi, Өзi тауып алыпты жақсы байды. Пендесi Алла деген көрмес бейнет, Көредi өлмеген құр көп ғанибет. Жiгiттер, менi дағы осал деме, Әкесiн баласына қылдым жендет. Қырық жiгiт сөйлеп келiп арқан салды, Заулатып ор түбiне жетiп барды. Ханның қызметiне белiн бағлап, Мырзаны қатынымен тартып алды. Қырық жiгiт жаны тәттi өле алмайды, Кiм өлiп, дүниеде кiм қалмайды. Ханның қызы дегенi жазым шығып, Қырық жiгiт не қыларын бiле алмайды. Бес намаз және иман – жан жолдас-ты, Бергейсiң ата-анаға ықыласты. Ханның қызы дегенi бекер шығып, Қырық жiгiт қырылдық деп амандасты. Қырық жiгiт Бады Сұлтан тiлiне ердi, Қатынын байбатшаның көзi көрдi. Патшаның үкiмiне амал бар ма, Мырзаны қатынымен алып барды. Патша айтты: – Уәзiрлер, сайра, – дейдi, Ажалың жақындады, ойла, – дейдi. Байбатша, Зейне Зайуб демедiң бе, Әй, иттер, менiң қызым қайда? – дейдi. Әлқисса, «қызыңызды танымаймын» деп қырық жiгiттiң берген жауабы: – Тақсыр-ау, адам жақсы көрiнер пұлыменен, Халалдың жүрушi едiк жолыменен. Бiз сiздiң қызыңызды көрмедiк – танымаймыз, Тастадық Бады Сұлтан тiлiменен. Анда патшаның байбатшадан жауап сұрағаны: – Байбатша, сенiң көңiлiң әлдеқалай, Көңiлiң жасып қалыпты жылай-жылай. Қатыныңмен қалыпсың қолға түсiп, Түскенiң бiздiң қолға жайы қалай? – Бейнеттен құтылады бұрын қашқан, Ажалдан құтылмайды қара басқан. Жатырмын қатыныммен ор түбiнде, Бағана түрегелiп бетiмдi ашсам. – Мынау сенiң қосағың Құдай қосқан, Тамам жұрт патша деп алдым тосқан. Бар едi қырық жiгiтiм, уәзiрлерiм, Бар ма едi осыларда саған дұшпан. Әлқисса, сонда байбатшаның ендi қатыны сөйлеп патшаға жауап бергенi: Патша өзi дана ақылы кең, Қатынның патшаменен ақылы тең. Бады Сұлтан уәзiрдi өлтiрмекке, Сөйлейдi сонда қатын хайламенен. – Бұл iске жаман болған көңiлiм толмас, Болғанда Тәңiрi – қазы, Құран – жолдас. Бады Сұлтан бiр iске ренжiп едi, Нәрсе емес ондай үлкен, болар-болмас. Бады Сұлтан бiр күнi менi көрiп едi, Қасыма қалжыраңдап келiп едi. Бiр күнi оңаша үйде отырғанда Нәпсiмнен тiлеп маған бер деп едi. Көңiлiм ол iсiне ермеп едi, «Асықпа, қылармын» деп кетiп едi. Бiздiң ашқан бал болса, тақсыр ханым, Бұл iс Бады Сұлтаннан болды, – дейдi. Адам әдiл болмайды жалған бiр сөз болғанда, Қисық ағаш жатпайды керулi тез болғанда. Осы қылды ғой деп келедi көңiлiме, Айтқан сөз уағдаға кез болғанда. Патша мұны естiп ашуланды, Семсерiн ашуланып қолына алды. «Бұзық iс қылғанға – мiне осы» деп, Бады Сұлтан батырдың басын алды. – Бұл iске жаман болған көңiлiм толмас, Болғанда Тәңiрi – қазы, Құран – жолдас. Қосайын байбатшаға мен қызымды, Харамға бiр шыққан соң халал болмас. Жұртына шапан жауып ат мiнгiздi, Және жазып қолынан хат бергiздi. «Естiгендi өсек қылып айтпаңдар», – деп, Барша жұртқа аузынан ант бергiздi. Сонда жұрт шапан киiп, ат мiнедi, Және сызып қолынан хат бередi. «Тақсыр-ау, сiзге өсек айтпаймыз», – деп Барша жұрт аузынан ант бередi. Той қылып қырық сегiз күн дулатыпты, Қызықпен тамам жұртты шулатыпты. Сексен нарды толтырып қазына артып, Сонымен Зейне қызды ұзатыпты.
English
The Tale of Zeyne Zayub
I took a pen in my hand to write a letter, It has been quite a while since people have gone astray. Today, as I see, they are disappearing, Let me tell a little story and speak a few words. If a sinner escapes from sinful deeds, A person loses their mind when they are hungry. In the time of the king of the universe, There was a wealthy nobleman with great fortune. Whoever God has destined to be rich, If a person keeps their faith, it is well. In the time of the king of the universe, There was a wealthy nobleman with great fortune. The young man was at the age of twenty-five, The nightingale speaks with human tongue and cheek. In his city, there was no one who could match him, Even the deity had given him his fortune. The king was just in his words to the people, His every character pleased his nation. Without showing, he kept hidden The king's only daughter, Zeyne Zayub. Zeyne's words were sweet like honey, Those who saw her lost their patience. Those who beheld her beauty could not leave, Her radiance was like the fourteenth moon. It seemed as if the nature of that beauty Was known to the soul, as if it were a curse to the wicked. Such a beautiful girl was born to the king, The king's heart was at peace with the birth of his child. He gathered his people to celebrate, The king collected the nation he ruled. With justice, he tormented his people, Scaring them, he considered them worse than sheep. To stop theft and corruption, He confined his people to the fence every week. The king imposed strictness on the people, They would lament their grievances to the king. “Gather beautiful girls in the city to be my daughter's attendants, Bring them here,” commanded Badı Sultan to his minister. Badı Sultan gathered the beautiful girls, All came dressed in silk and brocade. All of them were beautiful, Those who saw them could not restrain their desires. The sun shone on Zeyne's face, The moonlight did not reach her throat. The girls brought from the city Could not match even her fingernail. God, the Creator, crafted this world, A person submits to God's power. In the city, there were no girls more beautiful, Forty girls were reluctantly made attendants. The forty girls sat in one palace, They entertained themselves, playing every game. As the nobleman was coming with two horses, He encountered the girls' palace. Through the glass, many girls could be seen, All were eager to step forward. All forty girls were like swans, Zeyne was transformed like a parrot. The nobleman was more generous than anyone, He was the one who frequented the market daily. Falling in love with Zeyne, that nobleman, Watched that glass day and night. A faithful person quickly reached their goal, God said, “My beloved servant.” The nobleman was a person of grandeur, The king's daughter was at home, lost in thought. While the king's daughter was at home, her heart wandered, She was about to throw something from the glass. Taking the trust she had received, She would not be humiliated anywhere. She did not know what that thing was, She took it in her bosom and returned home. If a Muslim calls upon Allah, They will not be humiliated if they care for the afterlife. If she took what was in her bosom in her hand, It was a precious cup with a golden lid. As the nobleman walked, he pondered, He had no thoughts that he had not considered. Holding the cup in his hand, he thought and thought, He could not understand what it was he had received. Once upon a time, the nobleman's wife stood outside, asking, “Why are you late?” When she saw the nobleman, she said: – Nobleman, do not eat the unripe fruit, The wise ones are like great ships. You used to come early to your palace every day, Why are you so late today? – I could not gather my scattered livestock, I could not hold back the tears from my eyes. My eyes fell upon the king's daughter through the glass, Her honor was different; I could not resist. – Perhaps it is God's will that you have encountered this, What you desired may have come to your hand. If you have seen her face through the glass, Perhaps she has given you something to cherish. – Then our wife must be close to God, A person close to God is pure from sin. She gave a precious cup with a golden lid, Here, my wife, find your wisdom. – You have seen her face through the glass, What you desired has been given to you. “My father has a well with a golden lid, He said, ‘Let’s meet there today if you come.’” Who passes through this world without playing and laughing? Wealth adorns a person in various ways. Dressed in his clothes, with two horses, He guards the king's office. The nobleman stayed up all night without sleeping, He did not let any trouble come upon him. When it was time to sleep, His little finger would not let him rest. He stood there hoping for the king's daughter, He stayed there for a while, losing his senses. Unable to endure, when his little finger stood up, Zeyne Zayub came with forty girls. A diamond is the soul's companion, May you be blessed with kindness from your parents. “Dear nobleman, you are neither precious nor ugly,” Zeyne Zayub greeted him. – Your city is not far; if you go daily, You will have plenty of wealth in the world. In the world, your wealth is greater than anyone's, Your lineage is noble; you are not ugly. With patience, he reached his goal, God said, “My beloved servant.” As Zeyne Zayub stood there, The anger of his little finger then subsided. In this deceptive world, The devil has led him into such a state. The forty girls honored him, singing songs, They brought him into a private room to marry. This world is said to be harder than the next, The pleasures of this world are said to be sweet. Once they fell in love and united, They say they lay together until noon. The king's decree was so harsh, Perhaps the heart was afraid of the knot. Someone invited the king to a gathering, The king was summoned, and the gathering took place. This feast would not be enjoyable without the king, There is no one more troublesome than the king. If the king sits at the feast and rules, He has no ring to seal the decree. If the king becomes angry, he will impose strictness, The grievances will be seen as crimes by the king. “Bring the girl and boy from the well,” Badı Sultan commanded his minister. The forty young men set off, They intended to bring the girl from the dungeon. Boasting, they spoke to the forty young men, As Badı Sultan's minister was on his way. – Who would not listen to these words? The beauty of the girl suits her red face. God has brought me to my goal, I was walking to this girl. Zeyne's girl flutters like an arrow, If I speak, she does not like my words. My words prick like thorns, She has found a good husband for herself. A person who believes in God does not see hardship, They see only the abundance of the living. Young men, do not consider me weak, I have made a killer of a father for his son. The forty young men spoke and cast a net, They rushed to the bottom of the pit. They tied the nobleman to the king's service, And took him with his wife. The forty young men, sweet as honey, cannot die, Who dies in this world? The king's daughter is said to be a disaster, The forty young men do not know what to do. Five prayers and faith are the soul's companions, May you be blessed with kindness from your parents. The king's daughter is said to be a disaster, The forty young men greeted each other, saying they were doomed. The forty young men followed Badı Sultan's words, They saw the nobleman's wife. Is there any way to act against the king's decree? They took the nobleman with his wife. The king said: “Ministers, speak,” “Your death is near; think,” he said. “Did you not say Zeyne Zayub? Oh, dogs, where is my daughter?” he said. Then the forty young men replied, saying, “We do not know your daughter”: – Your Highness, a person loves with their wealth, We were walking the path of the lawful. We did not see your daughter; we do not recognize her, We left it to Badı Sultan's words. Then the king asked Badı Sultan for a response: – Badı Sultan, your heart is somehow sad, Your heart has softened and you are crying. You have fallen into our hands with your wife, What is the situation of your capture? – A person escapes from hardship, But they cannot escape from death. I am lying with my wife at the bottom of the pit, If I had stood up earlier, I would have shown my face. – This is your companion whom God has joined, I have gathered the entire nation, waiting for you. I had forty young men, my ministers, Were there any enemies among them? Then the nobleman's wife spoke to the king: The king is wise and has a broad mind, The wife's wisdom is equal to the king's. To kill Badı Sultan, The wife then spoke with cunning. – My heart is not satisfied with this deed, When God is the judge, the Quran is the companion. Badı Sultan was angry about one thing, Such a thing is nothing, it is trivial. One day, Badı Sultan saw me, He came to me, exhausted. One day, when I was sitting alone at home, He asked me to give him my desire. My heart did not follow his request, “Do not hurry; I will do it,” he said and left. If our child is born, Your Highness, This deed was done by Badı Sultan, she said. A person does not become just when a false word is spoken, A crooked tree does not lie straight when it is bent. This is what my heart has come to, When the spoken word becomes a promise. Hearing this, the king became angry, He took his sword in anger. “This is the punishment for the wicked deed,” He took the head of Badı Sultan the brave. – My heart is not satisfied with this deed, When God is the judge, the Quran is the companion. I will give my daughter to the nobleman, Once it has gone to the forbidden, it cannot be lawful. He covered his people with cloaks and mounted horses, And he wrote a letter with his own hand. “Do not speak of what you have heard as gossip,” He made everyone swear an oath. Then the people wore cloaks and mounted horses, And they wrote a letter with their own hands. “Your Highness, we will not speak of gossip,” Everyone swore an oath. They celebrated for forty-eight days, With joy, they made the entire nation rejoice. They filled eighty camels with treasure, And thus, they married off Zeyne.