Қисса қырық уәзір

Екi бетiнiң ақтығынан күн көрiнген, Үстiне iнжу-жауһар киiм киген. Тоқалы патшаның ғашық болып, Өртенiп, көрген сайын iшi күйген. Нұсқада жазбаған ұғлан атын, Дидарын көрген адам бiр талатын. Нужум ғылымын оқытуға берген, Түгесiп бiтiре алман оның затын. Сөйлейiн молда хабар бергендерiн, Ұғланға «сөз сөйлеме» дегендерi...

Kazakh
Қисса қырық уәзір
Екi бетiнiң ақтығынан күн көрiнген, Үстiне iнжу-жауһар киiм киген. Тоқалы патшаның ғашық болып, Өртенiп, көрген сайын iшi күйген. Нұсқада жазбаған ұғлан атын, Дидарын көрген адам бiр талатын. Нужум ғылымын оқытуға берген, Түгесiп бiтiре алман оның затын. Сөйлейiн молда хабар бергендерiн, Ұғланға «сөз сөйлеме» дегендерiн. Тоқал қатын балаға жала жауып, Азғырып падишаны жүргендерiн. Айтайын падиша не сөйлегенiн, Азғырып, сөзiменен билегенiн. Баласын өлтiрмек боп тұрғанында, Патшадан қырық уәзiр тiлегенiн. Патша баласынан күдер үзiп, Күндiз уәзiр, түнде қатын бұзып. Қырық уәзiр қырық күндей әңгiмемен Сөйледi падишаға күн өткiзiп. Сабақ алып, бала жүрген молдасынан, Тiлейдi ғылымдықты Алласынан. Молдасы шәкiртiне не дегенiн, Ағалар, мен айтайын сөз басынан. Молдасы бiр күн тұрып кiтап алды, Баланың талиғына көзiн салды. Бiр ауыз сөз сөйлесе, өлмек екен, Анық сөз, дәлелi бар талиғында. Шәкiртiне молдасы айтты тапқан сөзiн, Қырық күнше сөйлегенде өлмек кезiн. – Қазаға разы болмақ, жаным, – дедi, Шәкiртiм, талиғыңа салдым көзiм. Айтайын насихатым мақұл десең, Қырық күн тамам өткенше сөйлемең. – Әй, тақсыр, айтқаныңды мен қылайын, Мен үшiн қамқор болып, қайғы жемең. – Шырағым, айта берсем, кеңесiм мол, Табылар iздегенде туғыры жол. Қырық күн тамам өткенше сөз сөйлеме, Менiм саған айтатын жауабым сол. Айтқанын ол бала алды мақұл, Сақтайды һәм қашанда ұстаз хақын. Мұныменен сабақтан қайтып кешке, Қасына атасының келдi жақын. Һәркiмге һәрбiр бала келедi кез, Молдасы сөзiн айтқан көзбе-көз. – Қанша оқу, қанша жазу жаздыңыз? – деп, Атасы баласынан сұрады сөз. Үндемей бала тұрды ол сөзiне, Патша қайран қалып мiнезiне. Тағы да сұрап едi сөз асырып, Баласы үндемедi жауап қатып. – Шешесiне апар! – дедi бiр кәнизакқа, Қапасын айтар, мүмкiн, шешесiне. Ол кәнизак алып келдi анасына, Баланың көркiн көрiп, құса болып, Бұрыннан тоқал-шеше болған ғашық. Мұның ғашық болғанын бала бiлмес, Ғашықтықтан шешесi ойнап-күлмес. Әлгi қатын балаға ғашық болып, Құса болып жүредi ертеңдi-кеш. Ол кәнизак анасына келген алып, Шешесi бұрыннан жүр құмарланып. – Iшiнде қапалық бар баланың, – деп, Айтады бастан-аяқ алып барып. Анасы айтты: – Аулақта тұрайын, – деп, Мойнымды қарағыма бұрайын, – деп. Кәнизакқа айтты: – Өзiң бар бөлек үйге, Мен өзiм жеке қалып сұрайын, – деп. Баланы оңаша үйге келдi алып, Мойнына жақын келдi, қолын салып. – Әй, патша қарағым, сұлтаным, – деп, Һәрқашан ғашық болып жүрмiн налып. Үндемей бала тұрды, жауап бермей, Жiбердi шешесiнiң қолын сермей. Өзi дана, ақылды патша [бала] едi, Айтқанын көңiлiнен мақұл көрмей. Қасына тағы жақын келдi және Үндемей, сабыр қылды ғарiп бала. Анасы баласына ғашық болған, Алланың әмiрiне бар ма шара?! – Нелiктен үндемейсiң, жауап берiп? Егер де қабылдасаң, мақұл көрiп. «Әкемдi тiрi тұрған қайтем» десең, Бiр күнi өлтiрейiн ағу берiп. Және де үндеместен тұрды тағы, Һәрбiр сөз қатын айтып тұрса дағы. – Айтпасаң саған жала жабамын, – деп, Балаға тағы да айтты келдi дағы. – Әкеңдi өлтiрейiн кәрi, – дедi, Жұрт сенi өсек қылса бәрi, – дедi. Өз анасын баласы алды, – десе, Шаһардан менi шығар әрi, – дедi. Артымнан кiсi жiбер ұры қылып, Даладан ұстап алсын менi бiлiп. Менi содан кәнизак деп сатып алсаң, Мұрат хасыл қыларсың алып келiп. Һәрқашан сенi көрiп күйейiн, – деп, Атаңды өлтiрген соң тиейiн, – деп. Мойнына баласының қолын салып, Тағы да жақын келдi, сүйейiн деп. Жұмырықпен шешесiн қалды салып, Аузына бiр ұрғанда қанға малып. «Атаңа сенi шағып айтайын», – деп, Отырды бiр бұрышқа аң-таң қалып. Атасы жетiп келдi анасына, «Бiр жауап бердi ме?» – деп баласына. Патша көрген шақта қайран болды, Екiсiнiң шайтан кiрген арасына. Қараса, бiр бұрышта отыр бала, Патшаны көрiп, қатын қылды нала: – Менi мұндай харамзада ұрғаны, – деп, Өксiп-өксiп жылайды, көре сала. Балаң айтты: – Сен де жас, мен де жаспын, Саған ғашық боп жүрген мен бiр маспын. Әкемдi өлтiрген соң сенi алайын, Өзiм патша болғанда қор қылмаспын. Тағы да ғашық екен мұнан бұрын, Әкемнiң орны, – дедi, – маған орын. Көнбейсiң деп бетiме қойып қалды, Кәрiге тиген менiм қандай сорым. Бұл өзi – анасынан қалған жетiм, Тартқызған мына маған қасiретiн. Жақсы екен туғанынан тумағаны, Қызыл қан қылып отыр екi бетiм. Әй, патша, мына балаң – харамзада, Сiздi өлтiрмей қоймайды не қылса да. Өзiң өлмей, әуелi, оны өлтiр, Тиедi кесапаты бұл дүнияда. Патша мұны есiтiп ашуланып, Шыдамай ашуына қапаланып. Қатынның естiген соң мына сөзiн, Ұйықтамай таң атқанша күйiп жанып. Патша қаһарланып, iшi күйiп, Iшiне ашуменен әзер сыйып, Таққа мiнiп, жалладқа әмiр етiп, Көп жұртты ертеңменен алды жиып. Патша жұртын жиып тұрған шақта, Жамағат жылай бердi сол уақта. Уәзiрге бiреу барып, бердi хабар Жалладтар өлтiргелi келген шақта. Жалладтар өлтiруге келдi әзiр, Тiленiп, қырық уәзiр қылды назар. Баланы өлтiрмек боп тұрғанда, Қасына жетiп келдi бас уәзiр. – Әй, патша, қатын тiлiн алма! – дедi, Өзiңдi өкiнiшке салма, – дедi. Ұғылыңды бейкүнәһ өлтiрем, – деп, Артында арманда боп қалма, – дедi. Жиылған хүкiмiңе жанның бәрi, Жоқ шығар бұл ұғланның күнәһiлары. Алданса адам, егер, дүнияға, Қараңыз мархабатпен бұл балаға. Төрт пәленi Құдайым берер деген Нақақтан қан төгушi падишаға. Әуелi, өмiрiн қысқа қылар, – дедi, Екiншi, өзiне қас қылар, – дедi, Үшiншi, дұшпандар насрат тауып, Төртiншiсi, ғазапта болар, – дедi. Хақ Расул таһаратты алушы едi, Құмғанға тайаммом салып барушы едi. «Су барында тайаммом не керек?!» деп, Сахабалар таң қалып сұраушы едi. «Мен суға жеткенiмше ғұмыр бiтсе, Сол уақта қорқамын қаза жетсе». Әй, тақсыр, Пайғамбарым солай айтқан, Адамдар қор болмайды сөзiн күтсе. Және айтқан Пайғамбарым: «Бiледi, – деп, Үмбетiм ғапыл болып жүредi, – деп. Дүнияда қанша мехнат болса дағы, Бәрiн де қатыннан көредi», – деп. Лайық па қисынсыз қаһар көрсеткенiң? Баланы арманда ғып жөнелткенiң. Бiр патшаның хикаяты сiзге ұқсар, Жоқ екен ол хикаят естiгенiң. Бұл бала күнәһ қылған кiшiк, – дедi, Ашылсын ұжмағынан есiк, – дедi. Сөзiне уәзiрiнiң құлақ қойып, – Естiп мен бiлейiн, нешiк? – дедi. Бас уәзiр айтады: – Қылдым налыс, Көңiлiңдi ұғылыңнан қылма алыс. Мысыр шаһарының бiр падиша, Бiр күнi құрған бiр мәжiлiс. Алдында патшаның ғалымдары, Хикаят сөз қозғады оның бәрi. Айтады миғражды патшаға, Әй, тақсыр, бiлсiн деп ахуалдары. Ғалымдар патшамен көп кеңескен, «Миғраж бiр тамаша осы» дескен. Жетi қат жер, жетi қат көктi көрiп, Алламен тоқсан мың сөз сөйлескен. Басқан iз қайтып келсе, кеппей тұрған, Жылысы төсегiнiң бiтпей тұрған. Құмғанынан таһарат алған суы Ағып, тамған тамшысы кетпей тұрған. Патша айтты: – Кiтапта шариғат көп, Бiлдiрдiң сiздер маған осылай деп. Патша мына сөзге нанбас болды, Ақылға бiрде туғры келмейдi, – деп. Бес жүз жылдық жол болар һәрбiрiсi Қалайша жылдам келер барған кiсi? Молдалар патшаға: – Наныңыз, – дер, Әй, тақсыр, қиын емес Құдай iсi. Нанбады миғраждың болған кезiн, Патшаның бұза алмады бұл мiнезiн. Баршасы мұнан тарқап кеткеннен соң, Естiдi шайх Шәһәбудин мына сөзiн: «Патша инанбады бiр Құдаға», Жайылды бұ сөз ендi дүнияға. Бұ сөзiн Шәһәбудин мақұл көрмей, Әдейi iздеп келдi падишаға. Салмады қожаға да мархабатын, Сұрайды онан және шариғатын. – Жан қинап, алыс жерден келдiң iздеп, Бар едi менде қандай не қажетiң? – Мен шектiм сапар жолда мехнатты, Айтайын, сұрасаңыз шариғатты. Әй, тақсыр, келiп едiм соның үшiн, Сiзбенен құрайын деп мәслихатты. – Мехнат шегiп келуiң неге қажет? Сөзiн бiлген болсаң көп шариғат. Анық қожа екенiң бiлейiн мен, Көрсетшi таң қалғандай бiр ғаламат. – Нанбайтын пиғылыңыз бар-дүр сенiң, Ғаламатым көрiңiз ендi менiм. Бiр нәрсенi, әй, тақсыр, көрiп жүрме, Қақпағын жапсын, – дедi, – терезенiң. Әйнектi жапқызады патша сонда, Бiр азырақ мәслихат қып отырды анда. Ол қожа терезенiң бiрiн ашып, Айтады патшаға: – Не бар мұнда? Көрсеттi терезенiң бiрiн ашып, Топ-толы, көп әскер жүр араласып. Аттардың бәрi мiнген мойнына, Көрген соң сол патша қалды сасып. Қожа айтты: – Терезеден кейiн кет, – деп, Отыр сен орныңда, сабыр ет, – деп. Тағы да терезенiң бiрiн ашып, Патшаға айтады: – Тамаша ет, – деп. Патша қарауына ерiнбедi, Һеш нәрсе бұ жағынан көрiнбедi. Тағы ашып терезенiң үшiншiсiн, Қожекең бұ патшаға: – Келiң, – дедi. Патша қарады көзiн салып, Дүния өртенiп барады, күйiп-жанып. «Ұшқын ұшып келедi басыма», – деп, Көрген соң қорықты ендi қайран қалып. Тағы да айтты патшаға: – Кейiн кет, – деп. Ол көрiнген көзiңе хикмет, – деп. Бар екен бiр терезе суға қарсы, Қожекең оны ашады, тағы ептеп. Патша дарияға тағы баққан, Қараса, тау секiлдi толқын қаққан. Суға кетiп барады Мысыр шаһары, – Қожа, маддат мына су қайдан аққан?! Бiр терезе ашады тағы және, – Патша, мынаған да тағы қара. Көргенi патшаның бәрi хикмет, Қожаның ғылымына бар ма шара?! Қараса, бiр бақ екен ағашы өсiп, Ағаштың басында тұр, жемiс пiсiп. Тоты, бұлбұл басында сайрап тұрған, Япырмау, болады екен мұндай нәсiп! Көңiлi патшаның – болды жарым, Андан соң ашты дейдi мұның бәрiн. Әйнектiң бәрiн ашса, дәнеме жоқ, Патша қайран қалды ахуалдарын. Қожа айтты: – Бiр зор тас келтiр, – дедi, Iшiне таза судан толтыр, – дедi. Мен саған бiр ғажайып көрсетейiн, Шомылған соң тақытыңа отыр, – дедi. Қожекең патшаға айтты сөзiн, Iшiне түсейiн деп, жұмды көзiн. Ол суға патша түсiп кетсе, Бiр таудың етегiнде көредi өзiн. «Қай жаққа барамын?» деп алаңдайды, Патша не боларын бiле алмайды. Өз-өзiне патша: «Менi алдап, Тақытымды қожа алды-ау», – деп ойлайды. Патша ендi жүрдi қадам басып, Үстiнде киiмi жоқ, қорқып сасып. Тау басына қараса көзiн салып, Бiр талай адамдар жүр отын тасып. Отын кескен адамның көрдi бәрiн, Қасына жақын келдi, көңiлi жарым. – Не қылған адам едiң, жүдеген? – деп, Сұрады отыншылар ахуалдарын. – Мен өзiм саудагер адам едiм, Кемемен суға ағып барар едiм. Көп кiсi кемесiмен суға кеттi, Бiр тақтаймен құтылып, мұнда келдiм. Осылайша болды ғой менiм күйiм, Баратұғын ендi жоқ жақын үйiм. Отыншылар «Көр», – дедi мархабат қып, Ескi-құсқы жиып алып, бердi киiм. Патша айтты бұларға: – Кiмсiз? – дедi, Отын кесiп тауларда жүрсiз, – дедi. Олар айтты: – Мына жерде бiр шаһар бар, Сол шаһардан боламыз, бiл сiз, – дедi. Патша бұларменен бiрге кеттi, Олардың шаһарына барып жеттi. Бiр етiкшi жолықты бұл шаһардан, О дағы мұны сұрап тамаша еттi. Етiкшiге айтады өткендерiн, Кемемен суға ағып кеткендерiн. Бiр тақтаймен жабысып судан шығып, Отыншыға саламат жеткендерiн. Қартқа патша айтты тағы да: – Дат, Айтыңыз, – дедi, – маған мәслихат. – Саған мен бiр ақылды айтам, – дедi, Мүсәпiр сiз екенсiз, өзiңiз жат. Менiм айтқан ақылымды алшы, – дедi, Моншаның есiгiне баршы, – дедi. Моншадан көп қатындар шыққанында, «Ерiң бар ма?» – деп, хабар салшы, – дедi. «Ерiм жоқ» дегендерiн оның, – дедi, Қатындыққа аласыз оны, – дедi. «Күйеуiм бар» дегенiн қоя берiң, Бұ шаһардың осылай заңы, – дедi. Моншаға бұ сөзбенен тұрды барып, Бiр-бiрлеп сұрай бердi тұтып алып. «Ерiм бар» деп, көп қатын шығып жатыр, Бiр қатын келе жатыр кейiн қалып. «Бар ма дегеш?» ол қатын: – Жоқ ерiмiз, Мақұл десең, бiздермен бiр жүрiңiз. Мұны естiп, патша қуанады, Жетi жыл ғұмыр сүрдi кеше-күндiз. Туыпты ол қатыннан бiр ұл, бiр қыз, Жақсылап мына сөздi тыңдаңыз, сiз. Асап iшер бiр нәрсе қалмаған соң, Қатын тағы патшаға айтады сөз: «Бiр әрекет базардан әкел барып», Етiкшiге тағы да барды налып. Бастан кешкен өзiнiң сырын айтып, Мархабат қыла ма деп, мейiрiн салып. Қарт айтты: – Бiлемiсiң өнерiң көп, Патша айтты: – Һеш нәрсе бiлмеймiн, – деп. Жiгiтке бiраз ақша бердi дағы, Бұйырды: – Хамалшыға барыңыз, – деп. Һәркiмнiң жүгiн барып көтер, – дедi, Төрт, бес тиын ақша берiп кетер, – дедi. Аз да болса соларға қызмет қылып, Сол дағы нәпақаға жетер, – дедi. Мұнан соң хамалшыға кеттi-ау ендi, Жүк тасып, қызметтерiн еттi-ау ендi. Күнде-күнде тасыған шаршауменен, Кесiлiп мойын жерi бiттi-ау ендi. Ойға алып, жылаушы едi өткен iстi, Бiр күнде бiр теңiзге келiп түстi. Шомылып дарияға кiргенiнде, Өзiнiң тақытына көзi түстi. Патша қайран қалды бұлайынан, Өзiнiң мехнат шеккен талайынан. – Пайғамбардан ұялып, әй, қожеке, Тағы да қорықпаймысың Құдайыңнан. Қожаға айтты шомылып, суға кiрсе, Ғажап па жетi жылдай мехнат көрсе. – Отырсың тақытыңның, мiне, үстiнде, Көзiңе көрiнген жоқ һешбiр нәрсе. Көзiңе не көрiндi, сiрә, – дедi, Нанбасаң, уәзiрiңнен сұра, – дедi. Уәзiрден сұраған соң, о да айтты: – Жоқ болар Құдiретке шара, – дедi. Патша мұны естiп, қалды қайран, Сонда да көрген азап кетпес ойдан. Қожаны өлтiрмекке ниет қылды, – Әй, ғаяр, келдiң, – деп, – мұнда қайдан? Қожа айтты: – Олай болса, мен кiрейiн, Iшiнде не бар екен, бiр көрейiн? Қандай мехнат болады бұ басыма? Анықтап өз көзiмнен мен бiлейiн. Қожекең мұны айтып, суға кiрдi, Шам шаһарының iшiнде өзiн көрдi. – Судан қашан шыққанда басын кес! – деп, Патша жалладтарға әмiр қылды. Патшаға Шамда тұрып, жазды бiр хат, «Мен саған айтайында аз ғана дат. Пайғамбар миғражына нанбаған соң, Соның үшiн көрсеттiм бiр ғаламат. Мiне, хатты жiбердiм менен, – дейдi, Патша, құдiретке инан, – дейдi. Патша мұны оқып, жауап айтты: «Дүнияда оны өлтiрмей қойман», – дедi. Патшасына Шам шаһарының жазды бiр хат: «Мына қожаны өлтiрiп, қылғыл опат. Осындай аманыңда құтылмасаң, Көрсетер өзiңе де бiр ғаламат». Хат барды Шам шаһарының патшасына, Патша бұйрық қылды қаласына. Мұны естiп, ол қожа қашып кiрдi Бiр үлкен мағараның арасына. Жiбердi көп жiгiттi патша сонда, – Өлтiр, – деп, – басын кесiп табылғанда. Iшiне мағараның кiре алмады, Қараса, атты әскер толған онда. Патша бiле алмады не қыларын, Қожаның бұза алмады әскерлерiн. «Осылайша уақиға болды ғой», – деп, Бiлдiрдi бұ патшаға хабарларын. Бұ патша: – Уәзiрiм қайда? – дедi, Осыған бiр хайланы ойла, – дедi. Өйтiп алып амалдап, құтылмасаң, Жетпейдi ендi бұған хайла, – дедi. – Iстейiк ендi бұған бiр ғаламат, Беремiз, – деп айталық оған, – санат. Қыз-қатындар бiр жерге жиып алып, Құрайық оның үшiн – бiр халует. Хайлакер бiр қатынды және қосып, Бiр жерге ойнасаңдар жиылысып. «Дұғаны оқи алмайтын қай уақыт?» – деп, Қожадан сұрасаңдар «айтшы» десiп. Өтiрiк бiр хат жазып, болады дос, Мұнымыз кешу айтып, болады бос. Ғапыл боп қожа байғұс бұ сөзiне, Қатындар жиылғанда көредi хош. Ғайш-ғишрат еттiлер күндiз-кеше, Күн өттi бұл арада әлденеше. Дұғаны оқылмайтұғын қай уақыт? – деп, Қожадан сөз сұрады бiр күн кешке. Қожа байғұс қайырмады қатын бетiн: – Менiм айтқан тұтыңыз өсиетiм. Бойымда қай уақытта ғұсыл жүрсе, Дұғаға менiм келмес құдiретiм. Ол қатын патшаға хабар бердi, «Жиып қой үстiмiзге әскер ендi». Ол ғаяр осыны айтты дағы, Қасына ол қожаның қайтып келдi. Қосылды қожаменен тағы қатын, Көп әскер жиылып тұр өлтiретiн. Қожаның ғұсыл суын төктi және, Қатынның қараңыздар кесапатын. Ол қожа шомыламын деп, суға келдi, Қараса су жоқ, көзi көрдi. – Мен тыстан су әкеле қоямын, – деп, Ол қатын үйден шығып жүре бердi. Барды да көп адамға хабар айтты, Келдi де ол қожаны шәһид еттi. «Алланың әмiрiне разымын» деп, Қожекең бiр Алладан сабыр күттi. Әй, тақсыр, осылайша мұның өзi, Қожаға қаза болды қатын сөзi. Қатынның сөзiне разы болмау керек, Ұғланда мағынасы бар осы кезi. Бас уәзiр патшаға айтады ақыл, Есiтiп бұ хикаят, алды мақұл. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Үйiне қайтып келдi кешке жақын. Патша аңын аулап, үйге қайтты, Тағам iшiп отырды бек ләззатті. – Ұғылыңыз нешiк болды, патша? – деп, Қатыны отырған соң, жауап айтты. Патша: – Бiр Алладан күтем, – дедi, Көңiлiм менiм емес бүтiн, – дедi. Бас уәзiр тiлеп алды «өлтiрме», – деп, Не болса да болады ертең, – дедi. Патшаға қатын айтты жаман iстi: – Ертеңге қалдырма бүгiнгi iстi. Уәзiрдiң тiлiне ерсең жұбатады, Өткiзер хайламенен ерте-кештi. Харамзада маған жала жапты, – дедi, Өскен соң жаман пиғыл тапты, – дедi. Кiшкене ит баласын асырадым, Ер жеткен соң өзiмдi қапты, – дедi. Жас басынан байланды жаман атты, Өлтiрiңiз жалғаншы қиянатты. Асырап, оқ атуды үйреткенiм, Менiкi ақырында өзiмдi атты. Өзiме жiбердi ғой оқты, – дедi, Қан қылып, екi бетiм соқты, – дедi. Бiр патша хикаяты сiзге ұқсар, Сiз оның естiгенiң жоқ-ты, – дедi. – Мен өзiм бұл Мысырды қылдым мекен, Бұ бала менен туған харам ба екен? Патша тамашалап мына сөзiн, – Айтшы сен, ол хикаят қандай екен? Қатын айтты: – Өтiптi бiр падиша, Бар екен бiр басында көп тамаша. Бар екен бiр баласы бегiрек көркем, Молдадан оқу оқып жүрдi қанша. Бiр кәнизак ол патша алды сатып, Балаға ұрыспайды қабақ қатып. Азғана ол балада айып болса, Шығарар зынданынан бiр күн жатып. Бiр күндей жатқызады зынданына, Ертеңмен жiбередi ұстазына. Көп халық тамашалап сұрайды екен, Патша мұндай қылған амалына. Патша айтты: – Бұ бала өсер, – дедi, Залым боп, кiсi басын кесер, – дедi. Соның үшiн азапты қыламын мен, Әлбетте өз ойына түсер, – дедi. Бiр күн зындан жатқанымен өлмес, – дедi, Менменсiнiп мұнан соң өлмес, – дедi. Жапа көрмей рахатта болған адам, Сапаның қадiрiнi бiлмес, – дедi. Ауру халiн бiледi дерттi кiсi, Өзiне әдеп, еркiн жетер күшi. Алладан рахмат, пендеден дұға тиiп, Iзгiлiкке басады қылған iсi. Бiр патша қас болыпты мұныменен, Патшаны патша күндеген жөнiменен. Екеуiнiң балалары бiр молдадан Сабақты оқушы едi күнiменен. Бар екен қас патшаның бiр баласы, Бiр едi екеуiнiң қалпесi. Бiр молдадан оқиды екеуi де көп, Парық болар – оның екi арасы. Патша айтқан молдаға: – Ұрма, соқпа, Ғұмыры бес, алты күн, бар ма жоқ па. Қалпесi ұрмай, соқпай оқытады, Атасы өсиетiн берген шақта. Ол бала өсе-өсе залым еткен, Һәркiмнiң қызын тартып алып кеткен. Өзiнiң шаһарында болған жанды, Бұл бала оның бәрiн зар еңiреткен. Мұныменен бiр талай заман өткен, Нақақтан қанды төгiп түпке жеткен. «Балаңыз бiздi бұлай қылған», – деп, Көп халық падишаға арыз еткен. Падиша ұрсушы едi баласына, Көшенiң ойран салған арасына. Бiзбен соғып өлтiрдi қайсыбiрiн, Көрген бала жылайды анасына. Өзiнiң қылған iсiн жаратады, Базарға барған жанға оқ атады. Арақ iшiп, мас болып, тамам жанды Қорқытып, алды-алдына таратады. Көңiлi алданбай малдарменен, Өш болды шаһардағы жандарменен. Бiр күнi тақытында ұйықтап жатса, Атасын өлтiрiптi қанжарменен. Ертеңiнде патша мiндi тақытқа, Нақақтан қан төгiлдi һәр уақытта. Өскен соң, һеш әдебi болмас екен, Құдайым, мұндайыңнан өзiң сақта. Бiр күнi көп халайық сөз қосыпты, Мұны ендi өлтiрмекке кеңесiптi. Әдiл болған патшаға бiр хат жазды: «Қарадық хүкiмiңе бiз десiптi, Залым болған бүлдiрдi арамызды, Мұны өлтiрсек, патша қылдық балаңызды. Көп әскер жiберiңiз ендi бiзге, Қиратты ойран қылып қаламызды». Осылайша хат жазды барша уәзiр, Жiбермекке бiр кiсi қылды әзiр. Бiрталай құлдық қылып тартуменен, «Тақсыр-ау, осы, – дедi, – бiзден уәзiр». Патша оқыған соң қағаздарын, Неше мың жөнелтедi әскерлерiн. – Залым болған патшаны алып кел! – деп, Тезiрек аттандырды оның бәрiн. Патша бұйырған соң жарлық салып, Залымды бәрi тұрды қамап алып. Алдына патшаның алып келдi, Екi қолын артына байлап алып. – Мен мұны өлтiрейiн жерге тығып, Тыңдаңыздар, менiм айтқан сөзiм ұғып. Өз атаңды қалайша өлтiрiп едiң?! Сiз де сондай өлтiрiңiз бiзбен сұғып. «Менiм әкемдi сүйткен» деп, бiреу шықты, Келе сала о дағы бiзбен сұқты. Бiзбен сұққанында ойбай салып, Шырқырап, құлындай боп даусы шықты. – Сабыр ет, мен айтайын ендi халiм, Атама болсын, – дедi, – бұл обалым. Жасымда үйретпеген себебiнен, Дариға, һәлак болып шықты жаным. Тезiрек өлтiр менi, Алла, – дедi, Менi мұндай бәлеге салма, – дедi. Өз атама обалым болсын да деп, Менен болған ауара бар ма? – дедi. Мұны естiп, жалладтар жетiп келдi, Қылышпен оның басын екi бөлдi. Әуелi өзгесiн өлтiрдi де, Ақырында өзi де һәлак болды. Әдептi жас баланы патша еттi, Хүкiмi атасынан асып кеттi. Жақсының шарапаты деген мақал, Шаһарға әдiл болып, хүкiм еттi. Бұ хикаят сөйледiм оның үшiн, Қиянатты мен оның көрдiм iсiн. Осындай жас шағыңда өлтiрмесең, Өзiңнiң әрбiрден соң келмес күшiң. Қатыннан естiген соң хикаятты, Iшiне жан қорқысы келдi қатты. «Ертең мен оның басын кесермiн», – деп, Iшiнде бөлмесiнiң ұйықтап жатты. Патша бiраз ғана ұйықтап кеттi, Түбiне хайла сөзбен қатын жеттi. Үстiне тақытының мiнгеннен соң, «Ұғланды алып кел!» деп жарлық еттi. Ақылы ол ұғланның – болды бөлек, Бұйрық қылды, қылышпен шаппақ керек. Жалладқа: «Басын кесiп, ұр!» дегенде, Екiншi уәзiр келiп қылды тiлек. Екiншi уәзiр айтты: – Әй, тақсырым! Күнәһар қайдан бiлдiң бала сырын? Қатынның сөзiменен iс қылмаңыз, Бiлерсiз ақырында кемiстерiн. Әй, тақсыр, қоя тұрың, азғана дат! Басында қатындардың көп ғаламат. Қатындардың хайласы дүния құртқан, Айтайын, тыңдасаңыз, бiр хикаят. Патша айтты: – Берейiн тiлесеңiз, Күнәлiнiң бастарын тез кесермiз. Оның да мағынасы қандай екен? Тыңдаймыз, – деп, – хикаят сөйлесеңiз. Уәзiр айтты: – Бiр қожа Һиндустанда Бiр сұлу қатыны болған анда. Алла Тағала сақтасын зұлымдардан, Опасыз қатын екен бұ жалғанда. Бiр тоты сатып алған қожа және, Сөз сөйлер һәр уақытта бiрер пара. Ол қатын бiр жiгiтпен көңiл қосқан, Шайтанның азғыруына бар ма шара. Ол жiгiтпен қосылған қатын залым, Қатынның һеш бiлмедi қожа халiн. Қожа бiр күн даладан қонып келсе, Тоты байғұс бiлдiрдi ахуалын: – Бiр жiгiт бұ күн түнде келдi, – дедi, Қатының ғайш-ғишрат қылды, – дедi. Қожа байғұс қатыннан сөз сұрады: – Бұл үйге келiп жүрген кiмдер? – дедi. Қатын айтты: – Кiм келер маған? – дедi, Шыныңменен нанғаның ба оған? – дедi. Бiр құстың өтiрiгiне нанамысың? Диуаналық келдi ме саған? – дедi. Қожа байғұс: – Құстiкi жалған-ды, – деп, Қатыным ондай iстi қылмайды, – дедi. Бiр күн тағы қожекең сапар қылса, Жiгiтпенен құрады әңгiме-кеп. Жiгiтке қатын айтты тоты сөзiн: – Қожаға сөйлегенiн көрдi көзiм. Ендi мұнан құтылмасақ пәле болар, Мен бiр хайла қылайын бұған өзiм. Ол қатын осы сөзбен хайла тауып, Тотыны бiр шөлмекке бетiн жауып. Қасына бiр азғана суын құйып, Жiгiтпенен қосылды көңiлi ауып. Кәнизактар ол шөлмекке от салады, Тағы да бiрi келiп, су салады. Ашып-жауып шөлмектi әуре етiп, Тоты байғұс мұнысына таң қалады. Ол жiгiт ертеңiнде қалды кетiп, Даладан қожа байғұс келдi жетiп. Шөлмектен не уақиға көргендерiн, Қожаға тоты айтады мағлұм етiп. – Қожеке, дос демеңiз қатын жауды, Бұ күнде бiр жiгiтпен көңiлi ауды. Бiр шөлмектiң iшiне менi салды, Көк шатырлап, тағы да жаңбыр жауды. Қожа байғұс тағы да бұған нанбас, Қатын айтты: – Шындығы мұндай болмас. Әй, қожеке, күн қашан жауып едi? Мына тоты сөзiне нанып болмас. Қожа байғұс нанады қатын үшiн, Жасырып, бiлмей жүрген қылған iсiн. Сiз дағы қатын үшiн нанасыз ба? Бұ хикаят сөйледiм оның үшiн. Өлтiрме, қашан балаң сөйлегенше, Өзiңнен «мархабат» деп тiлегенше. Ең абзалы ұстазы табылмағы, Арманда өтедi ғой ол өлгенше. Қабыл көрдi мәслихат қылғанына, Баласын тағы салды зынданына. Ол күн тағы аң аулап, қайтып келдi, Қатыны жете алмай жүр арманына. Тағам iшiп қатынмен бiрге отырды, Қатын тағы баладан сөз келтiрдi. – Ынсапсыз ұғылыңды неге өлтiрмей Уәзiр сөзi әй, патша, не бiтiрдi? – Өлтiрмекке мен бұ күн бардым, – дедi, Сөзiңдi сенiң қабыл алдым, – дедi. Екiншi уәзiрiм кеп тiлеп алды, Оның үшiн зынданға салдым, – дедi. – Уәзiрiң хайла айтып қақсар, – дедi, Аяғың бұ зұлымнан ақсар, – дедi. Сенiң қылған, патша, бұл бiр iсiң, Бiр патша хикаятына ұқсар, – дедi. – Тiлейдi уәзiрiм бәрi, – дедi, Көңiлiн қия алмаймын оны, – дедi. Ол хикаят жоқ едi естiгенiм, Сөйлешi баян қылып кәнi, – дедi. Қатын айтты: – Ғаламда патша болған, Оның да бiр баласы хаста болған. Жазылмады дәрiгерге қаратса да, Патша бұл тараптан қайран қалған. Бiр күнi тағы келдi асқан дәрiгер, Болыпты сондай хаста Пәруардигар. Патша айтты: – Ұғланның хастасына Азырақ, шамаң келсе, дауасын бер. Ол дәрiгер бiлдi сонда қолын ұстап, Жүредi һәр нәрсеге Құдай бастап. Сұрасам анасынан бiлер едiм, Иншалла, дәрi бар он екi аспап. Сұрамаққа аулаққа, үйге барды, Дәрiгер: – Жалмаған адамдарды бұл қара жер. Жазайын ұғылыңды дәрi берiп, Баланың турасынан жауабын бер. Жасырма, бұ баланы таптың кiмнен? Әдейi сұрамаққа келдiм сенен. Осы жерде қалсын да айтқан сөзiң, Құтқарман һәрбiр iсiң мына менен. Жазайын балаңыздың мен науқасын, Жазылсын десең, маған айт турасын. Асылында баланы таптың кiмнен? Жасырын жерде бiлдiр уақиғасын. Ол қатын сыр бермедi жауап айтып, Қалады ол тәбибтың көңiлi қайтып. – Патшаның некахты қатынымен, Қандай жiгiт ойнайды бiрге жатып? Қатынның бұ сөзiне нанып қалды, Балаға барайын деп ой ойланды. Орнынан тұрып бара жатқанында, Жалма-жан етегiнен ұстай алды. – Патшадан бiр бала болмаған соң, Артында мирасқоры қалмаған соң, Қосылғаным бiр жiгiт бек анық едi, Бұл бала бiттi сонан қармаған соң. Дәрiгер айтты: – Асылы керек, – дедi, Болады дуа қылса бөлек, – дедi. Қосылған жiгiт асылы қай нәсiлден? Қатын айтты: – Асылы түрлi, – дедi. Қатынның айтқанынан тамам бiлдi, Қасына ол ұғланның және келдi. Тоқаш берiп және де дауа етiп, Бiлгенiн һәммасiнiң қылды-ау ендi. Көп дәрiгерлер мұны көрiп күндедi: – Ендi ем айтып, жоқ нәрсенi бердi, – дейдi. Өтiрiк айтқан iсiн қабыл көрiп, Патша мұны қабыл көрдi, – дейдi. Ол дәрiгер тағы емдедi бұл ұғланды, Аз күнде хастасынан сиххатланды. Баласы патшаның жазылған соң, Дәрiгерге көп нәрсе инғам қылды. Әй, патша, осылайша, мiне, кеңес, Бұ бала харамдығы бекер емес. Жақсы болса, шешесiн бүйтер ме едi?! Бұ дағы сiзден туған балаң емес. Қатынның естiген соң мына сөзiн, Бегiрек жаман бұзады өзi-өзiн. Өлтiрейiн ертең оның басын кесiп, Өзiңнiң бiраз тұрсаң көрер көзiң. Патша қайран қалды мұны естiп, «Не болса да болады талай iс», – деп. Жалладқа ертеңменен пәрмен еттi: «Ұғланның алып келiп, басын кес!» – деп. Қылышын ұстай алды келе сала, Патшаның бұйрығына бар ма шара?! Үшiншi уәзiрi жетiп келiп, Тiленiп, патшадан қылды нала: – Әй, тақсыр, Алла iсiне сабыр етiң, Дұрыс қой, иншалла, бұл ниетiм. Қатынның неше түрлi сөзiне ерiп, Тастама уәзiрiңнiң өсиетiн. Шайтан iсi болады бұны қылсаң, Хақтың iсi болады сабырлығың. Ұғылың өлiп, қалмаңыз өкiнiшке, Қатынның бiлесiз ғой жамандығын. Қадалса табаныңа бiр тiкенек, Иненiң ұшыменен алмақ керек. Тiлiменен жаласа ақырында, Андан соң рахаттық болмақ керек. Әй, тақсыр, сол секiлдi шаһизада, Арманда өлiп кетер дүнияда. Дұрыс сөздi сөйлемес қатын сiзге, Әгар тiрi тұрғанда жаны ұяда. Iстiң түбiн ойлаушы жақсы кiсi, Әй, тақсыр, мұндай емес Хақтың iсi. Ұғылыңды өлтiрмекте мұрады бар, Аямас сiздi қатын келсе күшi. Бiр патша құрады екен салтанатын, Уәзiрдiң тастамаған насихатын. Үш баласы бар екен, әдiл өзi, Дәл соған ұқсар екен хикаятың. – Жайылсын мына менiм әдiлетiм, Сiздердiң тастамайын өсиетiң. Патша уәзiрге құлақ қойып, – Ол қандай естiген хикаятың? – Бiр патша жаратыпты Жаппар ие, Қараған қол астына бар дүния. Жасы сонда болыпты жүз жиырма, Ендi қаза келерге жақын тая. Бар екен үш уәзiрi, үш ұғылы, Көп адам қызметiнде, болған құлы. «Патшалыққа үш балам қайсы лайық?» Уәзiрге сынатады ендi мұны. Патша айтқан: – Ғұмырым – болды ақыр, Ажал деген жақындап келе жатыр. Жүз жиырма жыл едi адам жасы, Оған жетпес пенделер өлiп жатыр. Адамдар, жақсы iстi қыла, – дедi, Сiздерге айтар сөзiм, мiне, – дедi. Патшалыққа үш балам қайсы лайық? Бiреуiн сiздер ендi сына, – дедi. – Сiздей боп адам тумас ұқсап, – дедi, Бiз көрдiк, әдiлдiгiң жасап, – дедi. Адамды сынамақтық екi нәрсе, Бiрi iшпек, бiреуi – мансап, – дедi. Уәзiр айтты: – Балаңды бiлсең сынап, Бiрiн патша қойыңыз, жұртты жинап. Әй, тақсыр, өзiңiздей болмаса да, Бiз дағы ұнатайық оны қалап. Әй, тақсыр, ақылдассаң бiзге, – дедi, Бiз бiр ақыл айталық сiзге, – дедi. Үш күндей, дәл тоғыз күн таққа мiнгiз, Онан артық ақыл жоқ өзге, – дедi. Үш күндей патшалық қылсын, – дедi, Үшеуi де патша боп көрсiн, – дедi. Қауқары бар болғаны бiлiнедi, Орныңызда сол патша болсын, – дедi. Патша үлкен ұғылын патша еттi, Үш күндей әдiлдiк хүкiм еттi. Пақыр кiсi залымнан теңдiк алып, Жаман болған iстердiң бәрi бiттi. Үлкенiнiң ұнатады әдiл iсiн, Зынданнан алып келдi үш кiсiсiн. Ұғыры, зинашы, бiреуi кiсi өлтiрген, Қалайша тергейдi деп бұ үшiсiн. Мұны да әдiлдiкпен хүкiм еттi, – Мұнан былай харамдық қылма, – дептi. Өлтiрсем ата-анасы жылайды, – деп, Алла Тағала тергер, – деп азат еттi. – Мұнан былай үшеуiң қылма бұрыс, Жақсы жүрсең басыңа қонар ырыс. Қырық жылдай бала асырап, адам қылып, Бiр сағатта өлтiрмек болмас дұрыс. Өз бойын бұ үш күндей тұрды тежеп, Һешкiмге қатты айтпады тiлiн безеп. Бұ дағы ақыл-ойға жаман емес, Мұнан соң ортаншыға келдi кезек. Төртiншi күн ортаншыға бердi тағын, Жақсының аша алмады артық бағын. Бұл артық ағасындай бола алмады, Атасы ұнатпады қылған шағын. Қызықты ойын, iстi тамаша еттi, Теңдiгiн жақсы адамдар алмай кеттi. Нақақтан қанын төгiп көп адамның, Күнәһiлi пенделердi азат еттi. Патша ортаншысын сынар үшiн, Зынданнан алып келдi үш кiсiсiн. Үшеуiнiң күнәһар куәсi бар, Хақтан күмәнi жоқ, бiлдi iсiн. «Шаһардың бұзады, – деп, – айналасын», Һәлак қып, үшеуiнiң кестi басын. Жетiншi күн кiшi ұғылына келдi кезек, Оның да көрейiн деп тамашасын. Тағы да кiшi ұғылы таққа мiндi, О дағы үш күндей патша болды. Ақты ақ, қараны қара қылып, Қара қылды қақ жарған әдiл болды. Үш кiсi тағы әкелдi зынданынан, Мұны да байқайын деп қылғанынан. Бiр-бiрлеп алып келдi күнәһiлiні, Бар ма екен күнәһiлары болғанынан. Әуелi кiсi өлтiргендi келедi алып, Байқады кiтабына көзiн салып. Өлтiрмектiң асылы – екi түрлi, Бұрыннан кiшi ұғылы жүрген танып. Жорамалы – өлтiрмек бiр түрлiсi, Қас болып, әдейi аңдып, жүрген кiсi. Қас қылып өлтiрмектiк екi түрлi, Мағлұм болды – кiтаптан һәрбiрiсi. Бiр кiсi темiрменен қастық қылар, Оған қарсы қысас ләзiм болар. Бiр кiсiнi ағашпен һәлак қылса, Оған қарсы малменен құнын төлер. Қате боп, ағашпенен һәлак еттi, Оған қарсы көрсетер кәфаратты. Қателiктiң мәнiсi, мiне, осылай, Байқаусызда бiреуге мылтық атты. Бiр адам мылтық атса жануарға, Аңнан өтiп, оқ тисе бiр адамға. Шарасын Хақ Тағала өзi берер, Кәфарат жоқ, қателiк қылған жанға. Қателiкке бiр құлын азат етсiн, Азат етiп, пақырға құрмет күтсiн. Оған халi келмесе, ол адамға Тұтасымен алпыс күн руза тұтсын. «Жорамалы өлтiрген» осы дестi, Жалладқа әмiр етiп, басын кестi. Екiншiде алып келдi ұғырыны, «Қалайша жазасы бар мұның?» дестi. Ұғырыға кiтап ашты бөлегiнен, Он теңге ақша ұрласа керегiнен. Шариғатта бұған жаза, мiне, осындай: Оң қолын кеспек екен бiлегiнен. Екiншi тағы ұрласа нетпек керек? Сол қолын бiлегiнен кеспек керек. Мұнан ары, үшiншi ұрлық қылса, Оң аяғын тағы кесiп алмақ керек. Төртiншiде, салмақ керек зынданына, Жазасы, мiне, осылай қылғанына. Жазасын көре бiле, азат қылды, Қайран қалды мұндай әдiл болғанына. Зинашыға тағы да жаза бердi, Жұрттың көбi кiшi ұғылын әдiл көрдi. Үш ұғылы тоғыз күндей патша болып, Атасына оныншы күн тақытын бердi. Патша үш уәзiрiн жиып алды, – Бiлдiңiз бәрiңiз де мына халдi. Қайсы балам патшалыққа лайық? – деп, Бiреуiн қоялық, – деп жарлық салды. Бас уәзiр жаратады үлкенiн, Екiншi уәзiр ұнатады ортаншысын. Кiшi ұғылын жаратады кiшi уәзiр, Балалардың шығармады шүбһәсiн. Патша айтты: – Бәрiңiз де қабыл, – дедi, Шүбһәсiн шығармадың оның, – дедi. Қайсысы патшалыққа лайық, – деп, Жияйын ертең жұрттың бәрiн, – дедi. Патша ертең жиды тамам жұртты, – Риза болыңыздар, қаза жеттi. Патша екенiмдi аямаңыз, Бар болса менде хақың алың, – дедi. – Һеш хақымыз жоқ, – дедi жанның бәрi, Қасында үлкен-кiшi, жас пен кәрi. – Хақымыз сiздiң үшiн кешiлсiн, – деп, Шулады бұлайша деп, жұрттың бәрi. – Разы болсаң менен, халық, – дедi, Қаза жақын екенi анық, – дедi. Мына тұрған, әдiлдер, үш баламның, Қайсысы патшалыққа лайық? – дедi. – Тақсыр-ау, хүкiмiңе қаратамыз, Бәрiн де патшалыққа жаратамыз. Жаман деп айта алмаймыз үшеуiн де, Жалғыз-ақ, кiшi ұғылыңды ұнатамыз. Өзгеге басымызды тартпан, – дедi, Өтiрiк, сiзге ғайбат айтпан, – дедi. Жоғары отырмақтық ғалым жiгiт, Артықтар надан болған қарттан, – дедi. Көп жұрты мұныменен тарқап кеттi, Кiшi ұғылын патша да қабыл еттi. Тақытына мiндiрейiн дегенiнде, Қасына екi ұғылы жетiп кептi. – Әй, ата, осы ма едi жөнi?! – дедi, Тақытыңа мiндiрсеңiз оны, – дедi. «Бұ дана, ақылды» деп тамам халық, Ұнатты екеумiзден мұны, – дедi. Халыққа аян едi өз халiмiз, Құрбандық – артық болса бұ жанымыз. Бiздерге тауып берсiн зерек болса, Бар едi сұрайтұғын сауалымыз. – Ұнаттым патшалыққа, сiрә, – дедi, Бар болса сауалыңыз сұра, – дедi. Патша кiшi ұғылына қарап тұрып, – Бұларға табамысың шара? – дедi. – Айтайын сауалына шамам келсе, Жауабым айтқанына рас келсе Бұларға менiм жоқ һеш таласым, Патша боламын мен, рұқсат берсе. Ағасы айтты: – Сұлтан демек не деген сөз? – Сұлтан демек, – дәлелдеп айтады тез. Патшалар – Алланың көлеңкесi, Сауалын тауып берер көзбе-көз. Ағасы айтты: – Абзалы анық, – дедi, Патша болмақ кiмдерге лайық? – дедi. – Нәсiбi – пәк, хисабы кәмiл болсын, Әдiлдер патша болсын халыққа, – дедi. Таң қалды екi ағасы iнiсiне, – Әдiл деп айта алар қандай кiсiнi? – Әдiл сол – шариғатпен iс қылады, Iнiсi тапты тағы мұнысыны. Ағасы айтты: – Не хал керек? – дедi, – Патша, уәзiр кiсi керек, – дедi. Уәзiрi һәм және ғалым болсын, Мұны көрiп ағасы «зерек», – дедi. Көрiндi iнiсiне оңай нәрсе, Қайран қалар iнiсi жауап берсе. Ағасы айтты тағы да iнiсiне, – Патша әдет қылмақ неше нәрсе? – Патша қылмақ екен төрт әдеттi: Ашық жүздi және болмақ сөзi тәттi. Үшiншiсi – тағы да болмақ жомарт, Төртiншiсi – пақырларға мархабатты. Ағасы айтты тағы да: – Патша iсi, Қасында жолдас болмақ неше кiсi? Iнiсi айтты: – Төрт кiсi болмақ, – дедi, Өнерлi болмақ керек һәрбiрiсi. Төртiнiң үлгiсi – болсын ғалым, Екiншi, мағрифаттан болсын халiң. Үшiншi, батыр болсын – қуаты көп, Төртiншi, ойыншылар жисын бәрiн. Ағалары айтты: – Таптың сөзiм, – дедi, Патша болмақ сенiң кезiң, – дедi. Жер жүзiнде жаралған тайпа көп, Қайсысына ұқсатар өзiн? – дедi. – Ғалымдарға ұқсатпақ патша өзiн, Молдалық себеп қылар осы кезiн. Iнiсi ағасына тура қарап, – Ендi сенен сұрайтын бар-дүр сөзiм. Патша, уәкiлменен уәзiрлерi, Тағы да дұшпанменен ғалымдары. Рағиясы – тағы да тамам халық, Не нәрсеге ұқсайды мұның бәрi? Iнiсi – артық болды дәрежесi, Таба алмай қайран болды екi ағасы. Атасы тақытына отырғызып, Шаһардың ендi болды падишасы. Атасы айтты: – Қуанышым, көрер көзiм, Ағаңнан артық туған сенiң өзiң. Өзiң айтқан сауалың өзiң шешшi, Не нәрсе, ағаңа айтқан әлгi сөзiң? – Дүния – бiр сахара жасыл, – дедi, Тамам жан – қой секiлдi нәсiл, – дедi. Патша – ол қойлардың күтушiсi, Далада бағып жүрген хасыл, – дедi. Қой иесi – болады бiр Құдайым, Айырып, мен айтайын оның жайын. Қойшының итi болар – бек пен уәзiр, Дұшпандар қастық қылар, қасқыр дайын. Қойшының рашеты – ғалым, – дедi, Тексерер қойларымның халiн, – дедi. Бiр зарар ерiспесiн даладан деп, Оларды күзетемiн бәрiн, – дедi. Бөрiменен серiкпiн өзiм, – дедi, Бiлемiн аңдып тұрған кезiн, – дедi. Осыны айтты дағы зар еңiреп, – Мағынасы осы болар сөзiм, – дедi. Патша тәубе қылды ендi өзiне, Ұғланның құлақ қойып һәр сөзiне. Жерден бiр үш топырақ алды дағы, Қойып қалды патша өз көзiне. – Тәубе қыл, – дедi, – көзiм, бұ шағыңда, Мұнша жасқа жеттiң ғой жасадың да. Әдiлсiздiкпен бұл малды жиып алдың, Әдiлдiк сөз бердiң ғой қай шағыңда? Тоярсың мұнан былай топыраққа, Нала болып жылайды жалғыз Хаққа. Көп халық мұны көрiп жыладылар, Патша бұлай зарлап тұрған шақта. Онан соң патша кiрдi сомғасына, Иманын өзi тiлеп бiр басына. «Мен өлгенде қандай ғып жоқтайсыз?» деп, Тамам елдi жиып алды өз қасына. Тамам жұрт шығардылар қасiретiн, Тақытына сап, патшаның жапты бетiн. Естiгендер бәрi де жылап жатыр, Тағы да алып келдi бар табытын. Бұлайша алып келдi жас пен кәрi, Жылады ұлық-кiшiк, жанның бәрi. «Атамыздың мiнер аты бұл болды» деп, Шулады көрген шақта балалары. Ол табыттың үстiне құрды шатыр, Төрт қатын төрт жағынан жылап жатыр. Бiр жағынан молдалар Құран оқып, Бiр жағынан алтын, жауһар шашып жатыр. Патша бiраздан соң жерге түссе, Осылайша болмағы рас, ақыр көшсе. – Өлiгiнi осылайша шығар деңiз, Жаназаны оқуды не рәуеш ше? «Бұлайша оқимыз» деп, жанның бәрi, Сап-сап боп келiп тұрды жас пен кәрi. Бiр жағынан шәкiрттерге уқуф жазып, Бiр жағынан оқыды молдалар. Патша баршаларын қабыл көрдi, Он-оннан ғалымдарға алтын бердi. Онан соң сауытпенен шарап iшiп, Жұрттың бәрiн тарқатып қоя бердi. Көзiне топырақ ұрды оңды-солды, Кiшi ұғылы патшалыққа әдiл жолды. Тарқалып жанның бәрi кеткеннен соң, Патша үш күннен соң опат болды. Уәзiр айтты: – Әй, тақсыр патшамыз, Бұ хикаят мен айттым ұнатсаңыз. Ақырында солардай қор болмайсыз, Уәзiрдiң мәселесiн жаратсаңыз. Уәзiрдiң тiлiн алды, көрдi көзiң, Һеш қабыл қылмағайсың қатын сөзiн. Ұғылыңыздан қапыда жұда болып, Қалмаңыз өкiнiшке ақыр өзiң. Осылай уәзiрi айтқан ақыл, Патша қабыл көрiп, алды мақұл. Аң аулап, кешке дейiн жүрдi дағы, Үйiне қайтып келдi кешке жақын. Үйiнде тағам iшiп отырды тез, Қатыны тағы бұзар көзбе-көз. – Ынсапсыз ұғылыңызды не қылдың? – деп, Патшадан тағы да сұрады сөз. – Уәзiр сөзiн мен қабыл алдым, – дедi, Аң аулап, мен далаға бардым, – дедi. Үшiншi уәзiрiм кеп тiлеп алды, Зынданға тағы бұ күн салдым, – дедi. – Әй, тақсыр! Патшасың өзiң күштi, Кiшкене деп ойлама осы iстi. Уәзiрдiң сөзiменен ғапыл болып, Алданып күнi-түнi күнiң кештi. Барады уәзiрлердiң хайласы асып, Келмесiн менiменен ақылдасып. Бiр патша хикаяты сiзге ұқсар, Қор қылған бес мәртебе дұшпан басып. – Уәзiрiм күнде айтар бiр мiнәжат, Қылады жырды қосып, көп қасiрет. Маған ол – ұқсар болса һәрбiр сөзi, Айтыңыз, естиiн бiр хикаят. Қатын айтты: – Өтiптi патша-хан, Қатты бiр патша болды дұшпан. Бiр күнi әскер жиып ол залымдар, Дағиф патша үстiне қаһар қылған. Келдi де қамап алды тамам елдi, «Әй, тақсыр, бұ фитнаны қойыңыз!» деп. Алдынан Дағиф патша жалбарды ендi, Патша жалбарса да болмады ендi. Дағиф патша уәзiрiне қайтып келдi, Бар екен iзгiлерден үш уәзiрi. Солардан ақыл, тәдбир сұрайды ендi, Бас уәзiрi айтады: – Жөнелейiк, Қайтарып шаһарға бiз келейiк. Онан басқа һешбiр ақыл табылмайды, Қалаға кiрiп алып бекiнейiк. Патша айтты екiншiге: – Сен не айтасың? Ол айтты: – Залымдардан тартпа басың, Не болса да бұ жолда соғысып қал, Әйтпесе, ақырында қор боларсың! Сұрады үшiншiден тағы және, – Әй, патша, айтқаныма тыңдап қара. Адамда ерлiк деген он болады, Тоғызы – хайламенен болар шара. Уәзiр айтты: – Дұшпан iсi хайла болар, Хайламенен жеңесiз, көңiл толар. Хайламенен бiткен iстi бiтiре алмас, Әгар да жиылса да жүз мың әскер. Хайламенен ерте-кеш кеңесермiз, Жиылып бойларымызбен теңесермiз. Жиылып жатқан жерiнде бас салайық, Ұстасақ, патша басын бiз кесермiз. Уәзiрдiң сөзiменен барды басып, Таң атқанша сап қылды араласып. Дағиф патша оларға ғалиб болып, Дұшпан патша шаһарына кеттi қашып. Қашып кетiп шаһардан әскер жиды, Дағифты өлтiрмекке жаны күйдi. Өзi келiп Дағиф соғысуға, «Келдi, – деп, – тезiректен» хабар тидi. Патша айтты уәзiрге: – Бар ма хайла? Үшiншi уәзiрде көп-тi айла. – Әй, патша, тағы дағы соғысайық, «Жаудан қашқан жаралы» деген қайда? Барайық әскерменен оны басып, Азырақ соғысайық араласып. Бiздерге олар берi қаптағанда, Шаһарға жөнелейiк бiздер қашып. Қайтадан жарқ етейiк асып-сасып, Тағы да соғысайық қанды шашып. Мұнан артық, әй, тақсыр, дүнияда, Һеш хайла таба алмаймыз ақылдасып. Осылай уәзiрменен ақылдасты, Барды да ендi оларға әскер басты. Дағиф патша – соғысып һәммалары, Олардан тағы дағы қайраты асты. Ол патша шаһарына барды қашып, Тағы да әскер жиды асып-сасып. «Дағиф патша тағы да жеңе ме?» деп, Сан қолмен және келдi қаһарланып. Дағиф патша айтады уәзiрлерге: – Хайлаң бар ма мына келген әскерлерге?! – Олай болса хайланы мен табайын, Азырақ пайда берсiн бұ ерлерге. Тiлiмдi менiм айтқан алсын деймiн, Бiр жаллад қылыш алып барсын деймiн. Байқаусызда әскерге кiрiп кетiп, Патшаның басын барып жарсын деймiн. Бiр жаллад қылыш алды, ол – бейшара, Қылышпен патшаны салды жара. Әскерлер жалладты ұстап алып, Қылдылар қылышпенен пәре-пәре. Жалладты қылышпенен шаһид еттi, Патшаны жаралы қып, қашып кеттi. Бiрнеше күн патша жазылған соң, Тағы да әскер алып, келiп жеттi. Уәзiрi: – Қыламын мен хайла, – дедi, Ерлерге хайла қылмақ пайда, – дедi. Патшаға достық үшiн бiр хат жазып, Жiбермекке бiр кiсi сайла, – дедi. «Ойлама жаманшылық бiзге, – делiк, Қарадық матиғ болып сiзге, – делiк. Келмеңiз ендi бiзге соғысуға», Жалынған мархабатты көргiзелiк. Бiз айтқан сөзiмiздi қабыл көрсiн, Бiр кiсi нама жазған алып кiрсiн. Байқаусызда ханына жетiп барып, Тағамға қосып, оған ағу берсiн. Айтқанындай әскерге барып кiрген, Ол патша бұл айтқанын қабыл көрген. Патшаға амалмен ағу берiп, Дағиф патша қасына қайтып келген. Патшасы ағу iшiп, қайтып кеттi, Қалаға кiргiзген соң талып кеттi. Тағы да дәрi етiп сақтанып, Әскер жиып, Дағифқа келiп жеттi. Дағиф патша уәзiрге ақыл салды, – Мына дұшпан тағы да келiп қалды. Үшiншi уәзiрi естiген соң, – Мен тағы табам, – дедi, – бiр амалды. Әй, патша, жазыңыз тағы бiр хат, «Iсiңiзде жоқ делiк, сiздiң ағат. Бiр адам ағу берген әскерiңнен, Әй, тақсыр, болдыңыз ба сау-саламат?» Мұны естiп әскерiн қырар, – дедi, Дос тұтып, өзi бiзге қарар, – дедi. Мұнан артық ақыл жоқ ендi бiзге, Иншалла, бұ хайла жарар, – дедi. Патша мұны көрiп, жазды хатын, Патшаға көрсетпекке ғаламатын. «Әй, тақсыр, аман-есен келдiңiз ғой, Тиетiн бәрiмiзге шарапатың». Ол патша бұ наманы оқып көрдi, Қаһарланып, ойран қылды тамам елдi. «Бұл әскер ендi менi өлтiрер» деп, Бiрнеше адамдарды шаһид қылды. Патша қырар болды өз әскерiн, Қылыштап, ойран қылды оның бәрiн. Қасындағы уәзiрi һәм бектерi Дағифқа жiбередi намаларын. «Әй, патша,қабыл ал мына сөзiм, Бiздерге қас қылғанын көрдi көзiң. Бiздерге бiрталай әскер жiбер, Байлатып жiберелiк мұның өзiн». Әскердiң жiбередi тамашасын, Қылыштап, ойран қылды көп жолдасын. Патшасын байлап алып келiп, Дағиф патша кестi оның басын. Қатын айтты: – Әй, тақсыр, бiлемiсiң? Менiм айтқан сөзiмдi көремiсiң? Ғапылдықтан ол патша һәлак болды, Сен дағы ғапыл болып жүремiсiң? Патша мұны естiп тамаша еттi, Қатынның айтқанына қорқып кеттi. Ұйқыдан тұрғаннан соң орнынан, Жалладқа: «Басын кес!» – деп әмiр еттi. Жалладқа бұйырады әмiр етiп, Тағы да төртiншi уәзiр келдi жетiп. – Әй, тақсыр, қатын сөзiн мақұл көрiп, Өлтiрме ұғылыңды һәлак етiп! Патшаға уәжип-дүр сабыр етпек, Уәзiрлердiң сөздерiн құрмет етпек. Ғапыл болу патшаға керек емес, Қатындар сөйлегенде хилаф етпек. Қатынның бiлесiз ғой ғаламатын, Тастама уәзiрлердiң өсиетiн. Есiтпеген екенсiз бiр ғажайып, Әй, тақсыр, Балғым-Бағур хикаятын. Патша айтты уәзiрге: – Сөйле, – дедi, Ұғланды шамаң келсе, тiле, – дедi. Төртiншi уәзiр сонда айтады ендi, – Ұғланға қылышпенен тиме, – дедi. Уәзiр айтты: – Бiр күн Мұса пайғамбарым, Қырмақ болды ғад қауымның кәпiрлерiн. Ұлығын Ғауж бин Ғанық дерлер, Соғысқа бармақ болды оның бәрiн. Мұсаның бар әскерi – төрт жүз сексен, Бәрiн де ғад қауымына алып кеткен. «Оларды бiз мұсылман қыламыз» деп, Ғад қауымының қасына барып жеткен. Оларға он екi адам елшi салды, Мұсылманнан бұларға жетiп барды. Зәнбилден төгiлдiлер бұлар барып, Кәпiрдiң үлкенiне қайран қалды. «Мұсаның кiсiсiнiң түрiн, – дейдi, Қимылдаған жердегi шыбын», – дейдi. Бұлар келiп, Мұсаға бердi хабар, «Бiз көрдiк кәпiрлердiң көбiн», – дейдi. Мұсаның өзi келдi ол кәпiрге, Соғайын деп кәпiрдi қара жерге. Кәпiрмен ұрысуға жақын келдi, Таяғын асасымен алып бiрге. Бiр тасты жерден алды ол – ғад кәпiр Мұсаны ұрайын деп келе жатыр. Мұсаны таспен ұрам дегенiнде, Құс болып бiр перiште келдi ақыр. Перiште тасты тесiп, ойып алды, Кәпiрге «лағнет» деп қамыт салды. Тас келiп мойнына түскен шақта, Ол кәпiр төменiрек келiп қалды. Мұсаның өз бойы бар дәл қырық кез, Қырық кездей таяғы бар, бiлмесеңiз. Жоғары қырық кездей және ұшып, Басына ол кәпiрдiң ұрады тез. Өлтiрдi ол кәпiрдi һәлак етiп, Мұсылман қалды сонда шаттық етiп. Бұл жерден мұсылмандар және жүрiп, Балғым-Бағур уәлаятына келдi жетiп. Бұлардан қорықсадылар оның бәрi, Мүридтер – ұлық, кiшiк, жас пен кәрi. – Иә, шайх, бiр хайланы қылыңыз, – деп, Бiздерге медет қыл, – деп қылды зары. Шайх айтты: – Һешбiр хайла болмас, – дедi, Дұғамыз оларға кәр қылмас, – дедi. Ол өзi – кереметтi пайғамбар-дүр, Қаһарланса, бiр жерде тұрмас, – дедi. Шайхтың тоқтамады ақылына, Көз салмай жаман iстiң ақырына. «Бiр дұға бiздер үшiн қылғызсаң» – деп, Жалынды жанның бәрi қатынына. Шайхқа қатын айтты: «Дұға ет!» – деп, Қатынға алданбады қожа беттеп. Қатын ендi шайтандай азғырды да, Айтқызды тағы бiр күн қожаны ептеп. Қатынның сөзiменен дұға қылды, Дұғасын Хақ Тағала қабыл қылды. Қырық жылдай сахарада Мұса қалды, Хақ Кәрiм оларға мұндай болды. Бiр күнi Мұса қылды мiнәжатын, Қожаның о да бiлдi ғаламатын. Мұса дұға қылған соң қожаң өлдi, Азғырды ақырында залым қатын. Мұса айтты: – Тiлегiмдi келтiр, – дедi, Құдай-а, көңiлiмдi бiтiр, – дедi. Маған қастық қылғанды дүнияда Имансыз ендi оны өлтiр, – дедi. Имансыз қожа кеттi дұғасымен, Қатынға алданам деп бiр ғасымен. Ол Мұса пайғамбарым дұға қылып, Аман-есен құтылды жолдасымен. Қожаға себеп болған залым қатын, Көрсеттi «дұға қыл» деп кесапатын. Қатынның хайла-мәкiр тiлiн алып, Алланың көрiп жүрме хикматын. Қалмаңыз өкiнiшке күнде талып, Қатынның хайла қылған тiлiн алып. – Ауға барып келейiн бұ күн, – дедi, Баласын зынданына қойды салып. Патша тағы ол күнi кеттi ауға, Бiрнеше киiк iздеп, барды тауға. Аң аулап, кешке тағы қайтып келiп, Отырды мәслихаттасып қатын жауға. Қатын айтты патшаға: – Келiңiз, – деп, Бiзбенен мәслихат қылыңыз, – деп. Тағам iшiп отырып, сөз сұрайды: – Бұ күн тағы нешiк болды ұғылыңыз? – деп. – Уәзiрлердiң мен сөзiн алдым, – дедi, Бiле алмай iстiң түбiн қалдым, – дедi. Төртiншi уәзiрiм кеп тiлеген соң, Зынданға тағы бiр күн салдым, – дедi. – Әй, патша, менiм көңiлiм дұрыс, – дедi, Уәзiрлер сөз сөйлейдi бұрыс, – [деді]. Хайла-мәкiр дегенге алданбаңыз, Менiмен мәслихат қылысып, – дедi. Мен жалғыз, олар бәрi – қырық кiсi, Ойлары – сiзден менi айырғысы. Хайла-мәкiр сөзбенен жұбатады, Бұлардың жаман-жаман һәрбiрiсi. Асылы – уәзiрлердiң жаман, – дедi, Қайсысы қасап баласы болған? – дедi. Нан пiсiрген баласы қайсылары? Оның үшiн айтады жалған, – дедi. Арақ сатқан баласы қайсылары? Әй, тақсыр, харамзада – мұның бәрi. Қайсылары зинадан туған шығар, Iшiнде жоқ бұлардың даналары. Алдыңнан өлтiрмекке түсер, – дедi, Өтiрiк сөзiменен қисар, – дедi. Уәзiрлердiң асылын Қызыр бiлген, Дәл соған хикаятың ұқсар, – дедi. Патша айтты: – Қылайын назар, – дедi, Ол қандай Қызыр бiлген уәзiр? – дедi. Уәзiрдiң асылдарын бiлген екен, Айтыңыз, естиiн қазiр, – дедi. Қатын айтты: – Бiр патша бұрын болған, Қызырға жан-тәнiмен ғашық болған. Өзi де жаннан артық әдiл екен, Бәрiне тамам елдiң хүкiм қылған. Қызырды айтар едi сөз сөйлесе, «Егерде бiреу тауып берем десе. Қалмас едi дүнияда һеш арманым, Тапқанға берер едiм не тiлесе». Бар едi бiр адам – ғарiп, пақыр, Ойланып патшаға келе жатыр. «Үш жыл тамам бiткенше кiм бар, кiм жоқ? Түбiнде құтылармын, – дедi, – ақыр. Үш жылдай күте берсем заман өтер, Иә, болмаса, оған шейiн қаза жетер. Болмаса, құтылармын бiр хайла етiп, Патшаға шынымды айтсам, маған не етер?!» Мұнымен патшаға келдi жетiп, Үш жылдай менi күтсең, құрмет етiп. Нәпақаланып сонымен мен тұрайын, Көрсетем мен Қызырды әзiрлетiп. Мұнымен патша [оны] қатты күттi, Патшадан көп алтын алып кеттi. Үш жылдай мұныменен рахат көрiп, Уәделi күндерi келiп жеттi. Уәдесi жеткен шақта асып-сасып, Бiр берiк жерге кiрiп, кеттi қашып. Күндерде бiр күн бiр қарт келiп, – Не болды, әй, бейшара, түсiң қашып? Ол қартқа сөз бермедi қапаланып, – Нелiктен сөйлемейсiң ашуланып? Жүр, – дедi, – патшаға бiз баралық, Қапаңнан құтқарайын бiрге барып. «Жарайды» деп, мұнымен бiрге кеттi, Патшаның күзетшiсiне барып жеттi. Күзетшiлер бұларды ұстап алып, Алдына патшаның алып кептi. Пақырға патша айтты: – Алтын бердiм, Қызырды табамын деп, қабыл көрдiң. Уағда күнi, мiне, жеткен жоқ па? Алдыма үш жыл өтiп, жаңа келдiң. – Оның рас, мен алдым сiзден алтын, Үш жылдай мен болмадым таба алатын. Қызырдың құрметiне кешпесеңiз, Көремiн ендi сiзiң хүкiмiңдi. Патша: – Өтiрiк сөз айттың, – дедi, Сен өзiң уағдадан қайттың, – дедi. Төрт уәзiрге айтады: – Төре бершi, Не десең де сонымен шаптым, – дедi. Бас уәзiр айтады: – Соймақ керек, Қасаптың тағанына қоймақ керек. Екiншiлей өтiрiк айтпасына, Көңiлiнен фитнаны жоймақ керек. Айтты Қызыр: – Сөздiң нәсiлi, – дедi, Жоқ екен уәзiрiңнiң нәсiлi, – дедi. Мұның сөзi әй, тақсыр, жалған емес, Куллу шәйин йаржиғу илә аслиһи*, – дедi. Патша айтты екiншi уәзiрге: – Сенiң де шараң бар ма пәлен дерге? Ол айтады: – Қазанға сап қайнат, – дедi, Ал дағы пiскенiнде, таста жерге. Қызыр айтты: – Бұ дағы рас, – дедi, Бұлардың сөзiне жоқ талас, – дедi. Мұныменен бұ сөзi тұра тұрсын, Тағы да бiреуiнен сұрас, – дедi. Үшiншiден сұрады тағы жауап: – Сен дағы айтасың, – деп, – қандай себеп? Ол айтады: – Құмарың тарқар, – дедi, Шапқылатып пiсiрiп, қылсаң кәбап. Тағы да Қызыр айтты: – Нәсiлi, – дедi, Бұлардың да белгiлi нәсiлi, – дедi. Бұлардың сөзiн бұзу керек емес, Куллу шәйин илә аслиһи, – дедi. Төртiншiден сұрады тағы және: – Сен дағы бiр төрелiк айтып қара. Онан соң ол уәзiр: – Әй, патша! Құданың құдiретiне бар ма шара?! Салмаңыз бұ дүнияның хүкметiне, Мұхаммед Расулының зейнетiне. Һешбiр зарар қылмаңыз бұ пақырға, Ол Қызыр пайғамбардың құрметiне. Қызыр айтты: – Куллу илә аслиһи тағы және, Төрт уәзiр – төрт түрлi, бар ма шара?! Патша ол Қызырға тура қарап, – Бiлгенiң бiраз, бiрақ айтып қара. Төрт уәзiр сөзiн айтты, Көзбе-көз Қызырға ол патша бұйырды тез. – Төрт уәзiр төрт түрлi айтқаныңда, «Куллу илә аслиһи» дегенiң не деген сөз? – Бас уәзiр – баласы едi қасапшының, Екiншiсi – болыпты сырашының. Үшiншiсi – баласы отбекшiнiң, Әй, тақсыр, мен айтайын сөзiм шынын. Төртiншi уәзiрiң – асыл затты, Өзi – әдiл болғанда, сөзi тәттi. «Қызырдың құрметiне азат қыл», – деп, Соның үшiн ләззаттi жауап айтты. Әй, тақсыр, осылайша жайы болды, Сөзiне төртiншiнiң көңiлiм толды. Қызырыңыз мен едiм, көрiп қал, – деп, Тысқа шығып ол баба ғайып болды. Ол патша қарамаққа тысқа шықты, Тыста тұрған һеш адам болған жоқ-ты. Құданың құдiретiне тамаша қып, Тақытына қайта мiнiп, шүкiр қыпты. – Келместi iздесем де ендi, – дедi, Уәзiрдiң асыл тегiн бiлдiм, – дедi. Һеш арманым жоқ болды дүнияда, Анықтап, өз көзiммен көрдiм, – дедi. Ол пақырды шақырып алып келдi, Тағы да алтын, күмiс оған бердi. Ол ғарiп мұратын хасыл қылып, Азат қып өз үйiне қоя бердi. – Әй, патша, харамзада анық, – дедi, Уәзiрлерiң – опасыз халық, – дедi. Ақырда жұда болма басыңыздан, Ғапыл боп, сөзге алданып қалып, – дедi. Патшаны тағы бұзды залым қатын, Айтқан соң уәзiрдiң хикаятын. Қатыннан мына сөздi естiген соң, – Көрсетем, – дедi, – ертең хүкiметiн. Ұйықтады бөлмесiне тақыттан түсiп, Қатынмен бiраз ғана сөз сөйлесiп. Ертеңмен жалладқа қылды бұйрық, «Өлтiр» деп, баласының басын кесiп. Қылышын жаллад келдi дiрiлдетiп, «Тезiрек кесемiн» деп қаһар етiп. Бесiншi уәзiрi мұны бiлiп, Қасына патшаның келдi жетiп. – Әй, патша, бiр азырақ қылғыл сабыр! Сабырсыздық – болады жанға жәбiр. Ұғылыңызды дүнияда қор қылмаңыз, Мархабатпен пақырдың тiлегiн бер. Әй, тақсыр, қатын залал елге, – дедi, Қармақ салып отыр ғой көлге, – дедi. Уәзiрдiң насихат, ақыл сөзiн Зая қылып жiберме желге, – дедi. Не қылсаң да, әй, тақсыр, қатыннан без, Күнiнде бұзып тұрар көзбе-көз. Iнжунi дариядан шығарып ап, Жiпке терген секiлдi айтамын сөз. Пайғамбар «Жарлығымды ұғар, – деген, Надандар шариғатты жығар, – деген. Бұзық iстен тыймаса бiлген кiсi, Үмметiм сенiмнен шығар», – деген. Ол патша ол Қызырды көрген болса, Пақырға алтын, күмiс берген болса. Бәрi де – бiр уәзiрдiң даналығы, Ол Қызыр көрiне келген болса. Әй, тақсыр, қатын айтар зұлматын, Тастама уәзiрiңнiң хикаятын. Әй, тақсыр, рұқсат болса, мен айтайын Бiр уәзiрмен Қызырдың өсиетiн. Патша айтты: – Сөзiңдi айтшы бiзге, Ұғланды бүгiн тағы бердiм сiзге. Бiлiнер бiр белгiсi бiраздан соң, Көңiлiмдi оған шейiн қылман өзге. Уәзiр айтты: – Бiр патша бұрын өткен. Халқына неше заман хүкiм еткен. Бар екен бiр данышпан уәзiрi, Өзi әдiл, хақиқатты сөзге жеткен. Патшаға уәзiр болды неше заман, Бiр күнi ғибадатты үйiне алған. Уәзiрлiктен қалдырды өзiн-өзi, Үйiне келдi дағы тағат қылған. Үйiне келдi дағы тағат қылды, «Бұрынғы өткен күнге тәубе», – дедi. Ол Қызыр уәзiрге күнде келедi екен, Уәзiрлiктен түскен соң келмей жүрдi. Көңiлiнде уәзiрдiң уайым көп, «Қызыр маған айтушы едi әңгiме-кеп. Уәзiрлiктен түскен соң келмей қалды, Бұрыннан да кiнәлi болдым ба? – деп. Бұрыннан көп келсешi ендi маған, Мәслихат құрар едiм мен де оған». Ол уәзiр осылайша зар жылады, «Қалайша жалбарамын ендi саған?» Уәзiрге Қызыр сонда келiп жеттi, Көрген соң бегiрек тағзым еттi. Уәзiр: – Күнде көбiрек келушi едiң, Әй, тақсыр, келмегелi көп күн өттi. Қызыр айтты уәзiрге: – Айтайын, дат, Арамызда бар едi мүнәсабат. Жақындық кеткен үшiн келмегенiм, Уәзiрлiктен қол тартып, қылдың тағат. Қызырдан осылайша ғибраттанды, Көңiлiне бiраз ғана пiкiр салды. Ол уәзiр патшаға келдi дағы, Уәзiрлiктi тағы да сұрап алды. Патша әдiлдiгiн көрiп жүрдi, Көңiлiнде даналығын бiлiп жүрдi. Уәзiрлiктi алған соң бұрынғыдай, Һәрдайым Қызыр тағы келiп жүрдi. Әй, тақсыр, мына айтқан көргiл сөзiм, Ол уәзiр хикаятын көрдi көзiң. Һәрдайым уәзiрiңнiң тiлiн алып, Жақсы ғұмыр сүргейсiң сенiң өзiң. Жырау боп, шаһзаданы тiлеп алды, Патша уәзiр сөзiн қабыл алды. Баласын зынданына салды дағы, Тағы да аң аулап, кетiп қалды. Ол күнi аңнан келдi арып-талып, Қатын және сұрайды ашуланып – Зынданға бүгiн тағы салдым, – дедi, Бесiншi уәзiрiм кеп тiлеп алды. Қатын айтты: – Әй, патша, инан, – дедi, Ата-анаға жамандық қылған, – дедi. Ата-анасын шағып бiр өлтiретiн, Бұ балаң – бiр зәһарлы жылан, – дедi. Әй, патша, келмедiң ғой қаһарыңа, Бұ бала душар болды баһарыңа. Жыланға жақын жүрген көп адамдар, Һәлак боп қалар деген зәһарына. Бұл бала – бiр жылан, дос болмаңыз, Мен айтқан ақылымды бос қылмаңыз. Уәзiрлердiң жалған айтқан бекер сөзiн, Әй, патша, менi десең, қош қылмаңыз. Бiр адам асырап бiр жыланды, Һәр күнiнде алдына тағам салды. Бiр күн жатқан жерiнде тоңған екен, Тамақ iшпей, бүктелiп жатып алды. Ол адам жылытайын деп ой ойланған, Қойнына мархабат қып тығып салған. Бiраздан соң жылынып ол жыланы, Ол кiсiнi iшiнен шағып алған. Өлтiрген бiр күн жылан ол адамды, Әй, тақсыр, дос демеңiз бұ жыланды. Сенiменен менi шағып бұ да өлтiрер, Осындайда өлтiрiң бұл наданды. Әй, тақсыр, харамзада – мұның заты, Тимейдi, тiптi, сiзге мархабаты. Бiр адам – шәрбат сатқан Мағриби, Дәл соның бұған ұқсар хикаяты. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Сөйлешi, қандай екен, кәнi, – дедi. Түбiнде әдiл болса Хақтық iсi, Бiрiңнiң аман қалмас жаны, – дедi. Қатын сонда айтады анықтап: – Көңiлiң қайғыланба, қабақ қатып. Бар екен бұрынғыда бiр зор шаһар, Бiр адам жүредi екен шәрбат сатып. Ол адам бұ шаһарға шәрбат сатты, Бiр баласы бар екен, бек ләззаттi. Жамалы Зылиқаға барабарды, Сыртынан көрген жанды таңырқатты. Айтайын өткендердiң әңгiмесiн, Таң қылды ол баланың һәр мүшесiн. Ол баланың жамалын көрмек үшiн Алушы едi бiр алтынға бiр кесесiн. Бар екен бiр адам Мағриби атты, Ғашығы көрген сайын болды қатты. «Бiр кесе шарабынан iшейiн» деп, Балаға бiр күндерде келе жатты. Сипатын бұ баланың айтып болмас, Мағриби – көрген шақта болады мас. Бiр алтынға бiр кесе шарап iшiп, Қасынан ол ұғланның һеш кете алмас. Жамалын бұ баланың көрiп жүрдi, Хал ахуалын һәрқашан бiлiп жүрдi. Балаға көрген сайын ғашық болып, Бiр кесеге бiр алтын берiп жүрдi. Ол бала атасына барып айтты, «Мағриби ғашық екен маған қатты». Мұндайын оқиғаны бiлген шақта, Атасы Мағрибинi шақырып апты. Атасы айтты: – Бiлдiршi, кiм екенiң? Ата-жұрт, ру, туған һәм мекенiң? – Мен де жайым айтайын, тыңдаңыз, – деп, О дағы баян қылды сыры, халiн. – Әй, тақсыр, сiзге айтар һеш сөзiм жоқ, Қояды кiмдi алмай дүния боқ. Сiзге менiм айтайын бiр арызым, Мұнда менiм тұратын мекенiм жоқ. – Ендеше мен айтайын сөзiм, – дедi, Көшiп кел қасымызға өзiң, – дедi. Құдай қосса, боларсыз жақсы көршi, Жаман-жұман адамнан безiң, – дедi. Мұныменен Мағриби тұрды бiрге, Ұғланға ғашығы артты, көрген жерде. Мұндай оқиға басына болды-ау ендi, Не керек, жақсы-жаман пәлен дерге. Бiр қымбат тас көрсеттi бұл ұғланға, Батты ғой ғашықтығы шыбын жанға. – Әй, ұғлан, бiр сүйдiршi бетiңiзден, Рақымың келсе, әгар, мұндай халға. Ол ұғлан мына сөзiн қабыл көрдi, Мағрибиге бетiнен бiр сүйдiрдi. «Әй, ұғланым, мен саған ғашық болдым», – Тағы сөзiн балаға айтып тұрды. – Мен бiлетiн бiр тылсым үйретейiн, Бiрге барсаң, ашып саған көрсетейiн. Сол қадыр алтын, күмiс мен берейiн, Сол жаққа қабыл алсаң, жөнелтейiн. Ол бала атасынан рұқсат алды, Қасына Мағрибинi ертiп алды. Ұғланды бұл шаһардан алып шығып Бұзылған, ойран жерге алып барды. Ол жерде бiр құдық бар, жетiп келсе, Жiгiтке мал қиын ба, Құдай берсе. Бiр ғажайып жер екен мұның өзi, Суы бар толып тұрған, келiп көрсе. Мағриби бiр қағазды жазды анда, Әфсүн оқып, құдыққа салғанында Суы оның түбiнен құрып қалды, Екеуi қайран болып тұрғанында. Екеуi ол құдыққа кеттi түсiп, Түбiне келiп түстi көңiлi өсiп. Түбiнде кiлт салған бiр есiк тұр, Тағы да жақын келдi, сөз сөйлесiп. Әфсүн оқып ашады ол кiлттi, Ашылған соң iшiне кiрiп кеттi. Бiр зәңгi тұр қолына бiр тас алып, Ұрайын деп тұрғанда келiп жеттi. Бiр әфсүн ол Мағриби оқып тұрды, Ол зәңгi тасын жерге тастай бердi. Бұларға серпiлiп жол бергенде, Екеуi iшкерiге жүре бердi. Жүре түсiп, және көрдi бiр пиала, Екеуi көзiн салды келе сала. Екi аждаһа тұр екен аузын ашып, Ұмтылды бұларға ендi көре сала. Бұл Мағриби оқыды бiр әфсүндi, Екi аждаһа бұ жерде мойны сынды. Аждаһаның екеуi өлген шақта, Есiгi ол құббаның ендi ашылды. Ол құбба ашылғанда кiрдi барып, Қарайды жан-жағына көзiн салып. Бiр жағында пұшмағының алтын екен, Бiр жағында күмiс жатыр домаланып. Бiр жағында асыл тас, гауһары бар, Бiр жағында, топырақта бiр тақыт бар. Ол тақыттың үстiнде өлген адам, Жазылған көкiрегiнде тақтайы бар. Екеуi көзiн салды қасына кеп, Жаранлар, айта берсем әңгiме көп. Мағриби оқыса бұл тақтайды, Бетiнде жазылыпты бұлайша деп: «Мен өзiм патша едiм тiрi шақта, Неше жыл пәрмен қылдым алтын тақта. Қорқытып көп тентектi қаһарменен, Қарамай әдiл болдым жақын-жатқа». Ол хатта жазған екен дүния – пәни, «Көрген жан, ғибрат қыл ендi менi. Жанға пайда болмады һешбiрiсi, Жинап едiм хисапсыз көп дүнияны. Бiзден соң, бұ қазынаны көрген адам, Бұ жерге Құдай айдап, келген адам, Ұстай бер керегiңе дұға қылып, Рұқсат – алсаңыз да бәрiн тамам. Құлақ сал, бұ сөзiме, әййуһан нәс, Бұ малды алудан һеш тартмағыл бас. Жинап қойған бұл жерге жарты мүлкiм, Қанша сарп қылсаң да ада болмас. Мағриби оқыды бұлайша жазған хатын, «Дүнияның көрдiм, – дептi, – әдiлетiн». Мағриби айтты: – Бiрақ қылған тарлық, Жазбапты кiм екенiн өзiнiң атын. «Дұға қыл мәбада, келсе халiң, Алсаңыз, рұқсат бердiм, менiм малым. Қол жайып бiздер үшiн дұға қылсаң, Бiр шаттық көрер мекен шыбын жаным». Тамам қылды хатын оқып болды дағы, Тақыт үстiнде кимиа топырағы. Қара топырақ және алды алтын, күмiс, Қайтар болды тамам қып алды дағы. Құдыққа бiр әфсүндi оқып салды, Аман-есен екеуi шығып алды. Ол қағазды құдыққа салған екен, Әуелгiдей суы толық болып қалды. Екеуi қайтты дағы үйге келдi, Күн-түнi ғайш-ғишрат қыла бердi. Ол ұғлан Мағрибиден: – Бұ тылсымды Үйрет, – деп, – ендi маған, – тiледi ендi. Разы боп, үйреттi неше заман, Ол бала Мағрибиден ұғып алған. Тылсымды әбден ендi үйренген соң, Ол ұғлан атасына хабар салған. Жауапты атасына бердi солай, – Бұл кiсi – керек емес бұдан былай. Тiл алсаң, заһар берiп өлтiремiн, Тезiрек қаза бергей, Жаппар Құдай. Атасы айтты: – Жай қойып жiберелiк, Баласы айтты: – Онанда у берелiк. Ұстаз ғой, бiзге тиер ренiшi, Қазынадан алтын, күмiс әкелейiк. Бұ сөздi Мағриби естiптi, «Жақсылығым жамандық болды, – дептi. Басыма көп бәлелер келмей тұрып», Мұны ойлап, алысқа көшiп кеттi. Қатын айтты: – Әй, тақсыр, сөзiң түзiк, Бұдан кейiн шығады бұдан бұзық. Ғапыл болып айрылма басыңыздан, Көрмейсiз бұ баладан, тiптi, қызық. Қатыннан естiп алып хикаятты, Патша таң атқанша сабыр еттi. Ертеңмен тақытына отырды да Жалладқа: «Басын кес!» – деп әмiр еттi. Алтыншы уәзiрi келiп жеттi, – Әй, тақсыр, қатын тiлiн алмаңыз, – деп. Келдi де патшаға зарлық еттi: – Әй, тақсыр, сабыр керек һәрбiр iске, Хақтығы бұ баланың түсiптi iске. Залымның хайласына алданам деп, Соңғы күнде қалмаңыз өкiнiшке. Қажетiн бала берер келушiнiң, Пақыр боп дүнияда жүрушiнiң. Естiген жоқ екенсiз хикаятын, Бұрынғы бiр қатын мен тiгушiнiң. Әй, тақсыр, сөз айтады залым қатын, Көрерсiз ақырында ғаламатын. Патша уәзiр сөзiн тамаша қып, – Айт, – дедi, – тiгушiнiң хикаятын. Уәзiр айтты: – Хазiрет Иса заманында, Бiр тiгушi болыпты бұ шаһарда. Оның бiр сұлу қатыны болған екен, Екеуi махаббаттық қылғанында. Ол екеуi бiр күнi құп кеңестi, Бiр-бiрiне қимастық сөз сөйлестi. Әгар да қатыны бұрын өлсе, Ол ерi: «Басқа қатын алман», – дедi. Ынтымақ қылды бұлар бiр тамаша, Бұ сөзбенен жүредi көп жылға ше. Бұ қатынның қабiрiн ер құшақтап, Жыламақ болды ертеден ақшамға ше. Алланың қатын өлдi пәрменiмен, Құданың пенде жүрер әмiрiмен. Күндiз-түнi ол жiгiт жылар едi, Құшақтап қатынының қабiрiмен. Ол жiгiт жылай бердi осылайша, Нұрланады ол қатын туған айша. Бiр күнi көр аралап жүргенiнде Жылаған бiр жiгiттi көрдi Иса. Қатынға бұрын келдi ажал Хақтан, Ол жiгiттi Иса көрдi қабiр жақтан. Тамашасын көргенде Иса сұрады, Жiгiтке: – Жылайсың, – деп, – не себептен? Жiгiт айтты жылаған хикаясын, Қатынға ауара қылған бекер басын. «Осылайша жылаймыз деген едiк», Исаға айтты қылысқан уағдасын. Қатынға дұға қылды тақсыр Иса, Оларға қиын емес қолын жайса. Құданың құдiретi – бәрi ғажап, Қабiрден тұра келдi күн мен айша. Иса кеттi тағы да өз жөнiмен, Құданың көп шүкiрлiк бергенiне. Жiгiт байғұс шаттанып, қуанады, Қатынының тiрiлiп келгенiне. Жiгiт айтты қатынға жақын келiп: – Мен үйден келейiн, – деп, – киiм алып. Осыны айтып үйiне бара жатыр, Қатыны разы болды онда қалып. Баласы патшаның далада екен, Қабiрдiң маңайынан өте берген. Сипатына қараса, ай мен күндей, Тiгушiнiң қатынын көзi көрген. – Сен не қылған адамсың, мұнда тұрған? Қатынға ғашық болып, мойын бұрған.* Сол себептен тұрғаным мен далада, Пақырлық бұ басыма келiп жеттi. Қатынның бiлiп алды ахуалдарын, Шаһзада ғашықтықтан көңiлi жарым. Үйiне патша ұғылы келгеннен соң, Бұйырды: «Алып кел» деп қызметкерiн. Қатынды қызметшiлер алып келген, Үстiне жақсы асылдан киiм берген. Тiгушi жiгiт келсе, қатыны жоқ, Қабiрдiң маңайынан iздеп жүрген. Мұны көрiп тiгушi жылайды ендi, Көзiнiң жасын төгiп, бұлайды ендi. «Кебiн киген бiр қатын көрдiң бе?» деп, Озған, барған кiсiден сұрайды ендi. Сұрай-сұрай қызметшiге ұшырады, Жылаған соң аяды бейшараны. Патшаның сол жiберген қызметшiсi, – Нелiктен жылайсың? – деп сөз сұрайды. Жiгiт айтты: – Қатыным өлген едi, Өлгенiн тақсыр Иса көрген едi. Мен үшiн қолын жайып, дұға қылды, Тiрiлiп, дүнияға келген едi. Мен үйге киiм үшiн кеткен едiм, Киiм алып, қабiрге жетiп едiм, «Патша ұғылы алды ма?» деп келемiн, Қабiрден өтерiнде көрiп едiм. Қызметшiлер айтады: – Құдай айдап Қатының кеттi патша ұғылын сүйiп. Тезiрек ендi бармасаң осы күнде, Қазiрде алғалы жатқан, неках қиып. Қатынына жетiп келдi, қадам басып, Патшаның баласымен дағуаласып. – Сен кiмнiң халалысың, әй, жаным? – деп, Қатыннан шаһзада сөз сұрасып. Қатын айтты: – Сөзiнiң бәрi жалған, Бұл – ұғыры, далада талап алған. Көп сауапты табарсыз, мұны өлтiрсең, Алдыңа ажал айдап келiп қалған. Патшаның ұғылы айтты: – Кiсiм қайда?! Залымның екi қолын артқа байла. Менiкi деп бiреудiң халал жұфұтын, Жеткенше дар түбiне жаяу айда. Ол тiгушi мұны көрiп, зар жылады, Осылай патша ұғылы қаһарланды. Жалладтар дарға асып өлтiрмекке, Екi қолын артқа байлап ап жөнелдi. Ол Иса барған жолдан келдi қайтып, Дарда тiгушi тұр, зарлық етiп. Жалладқа: – Бiр азырақ сабыр ет, – деп, Патшаның баласына келдi жетiп. – Тiгушiнiң қатыны мына отырған, Мен жолда бара жатып дұға қылғам. Тiрiлген соң отырған қабiрiнде, Мен тағы өз жөнiме кетiп қалғам. Қатын бекер деп отыр, мұны бiлiп, Иса тағы жiбердi дұға қылып. Құданың құдiретi қиын емес, О қатын тағы кеттi опат болып. Тiгушi пәлесiнен құтылды ендi, Үйiне қайтып келiп отырды ендi. «Бекерге мен жылаған екенмiн» деп, Көңiлiне қайғы-уайым толтырды ендi. Алтыншы уәзiр айтты: – Мұны ойла, Әй, тақсыр, қатында бар мұндай хайла. Ұғланның бiр куәсi бiлiнгенше, Әй, патша, бiраз күнше сабыр әйла. Тағы да шаһзаданы тiлеп алды, Патша тағы аңға кетiп қалды. Аңнан тағы үйiне келген шақта, Қатыны баласынан хабар алды. Қатынына айтады туғры сөзiн, Уәзiрдiң тағы тiлеп алған кезiн. – Бұ күн тағы зар жылап, тiлеп алды, Зынданға көндiрдiм оның өзiн. Қатын айтты: – Сөзiмдi қылдым бекер, Әлi бiр күн басыңа қаза жетер. Уәзiрлердiң тiлiне еремiн деп, Алданып, әй, патша, күнiң өтер. Әй, патша, бұ күн өзiм бiр түс көрдiм, Көргенде оны мен көңiл бердiм. Айтпақ парыз, есiтпек сiзге уәжiп, Уәзiрдiң хайла-мәкiр сөзiн тердiм. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Қатын айтты: – Жалған деме менi, – дедi, Бiр доп ұстап тұр екесiз, өзi алтын, Артық-дүр бұ ғаламнан сыны, – дедi. Бұл допты ойнайсыз аспанға атып, Бала сiзден сұрайды таңырқатып. Сұрағанда сен оған бермеп едiң, Ол допты пәре қылды таспен атып. Қайран боп, алысырақ барып тұрдым, Мен саған сынықтарын жиып бердiм. Сен оған қайран болып тұрғаныңда, Оянып, орнымнан тұра келдiм. Патша айтты: – Не болар тағбирi? Қатыны дәл өзiне жүредi ендi. – Қолыңда ұстағаның бiр алтын доп, Қараған қол астыңда халқың, – дедi. Қолыңнан тартып алған мәнiсiнi, Әй, патша, мен айтайын ендi оны: Бiр күнi ғашық болған өз балаңыз, Алсам деп халалдыққа ендi менi. Атамды өлтiрiп, алам мемлекетiн, Астындағы аламын алтын тақытын. Мен оған бой бермедiм айтқанына, Баланың көрген шақта ғаламатын. Айтқанынша мен сенi өлтiрсем, Бала сөзiн жерiне келтiрсем. Бұ күнгеше өз iсiн көрер едi, Балаға тағат қып бой берсем. Ол допты сындырғаны таспен ұрып, Әгарда патша болса деген құрып. Халқын тамам хараб етпек екен, Ғылымдық болмаған соң, Құдай ұрып. Ләңке менiм жиып бергендерiм, Бой бермей, сенi қабыл көргендерiм. Мен айтпасам, қолыңнан кетер едiм, Мен саған жақсылық қып жүргендерiм. Сiз түспе бұл баланың хүкiметiне, Әлi бiр күн кез боларсыз мехнатына. Ынсапсыз ұғланның хикаяты Бiр патшаның ұқсайды хикаятына. Ол қатын түсiн айтты көзбе-көз, Күнiнде һәрбiр парық шығарды сөз. – Нешiк екен ол патша хикаяты? Қатынға: – Айт, – дедi, – мұны да тез. Қатын айтты: – Бiр патша бұ жаһанда, Көп әскерi тағы да болған онда. Бiр ұғыры бар екен, хайласы артық, Патшаның хүкiм қылған шаһарында. Қожа болған екен және тағы, Салтанат өзге жаннан болған бақыты. Ол қожа бiр сапарға шықпақ болды, Қатынмен азық-түлiк алды дағы. Шаһардан қожа шыққан баһарынан, Манағы ұғыры шықты қарсы алдынан. Ол ұғыры қожаны талап алып, Жұда болды қатын мен пұлдарынан. Шаһардан қожа шықты Құдай бастап, Жалаңаштап қатынмен алды ұстап. Ол қожаның қатынын ұғыры алып, Бiр таудың тесiгiне әкеп тастап. Ол таудың тесiгiнде қожа қалды, Қатынын ұғыры залым тартып алды. Күнi-түнi ғайш-ғишрат қылып, Сегiз ай осы арада өтiп қалды. Ол қатын ұғырыдан буаз болды, Босатып ұғыры залым қоя бердi. Ұғырыдан босанып, шүкiр қылып, Қатынымен қосылып, көңiлi толды. Бұл екеуi бiр шаһарға барып кiрдi, Бiр жерден бiр пәтер-үй алып тұрды. Манағы ұғырыдан буаз болған, Ай-күнi бiтiп, сонда бiр ұл туды. Ол қожа бұ баланы алмады ендi, «Бұ бала бiзге пайда бермес»[деді]. Мұны айтып, бiр мешiттiң пұшмағына Баланы алып келiп, соған қойды. Патша үйден шығып бара жатып, Балаға көзiн салды таңырқатып. «Бұ бала кiмдiкi?» деп сұрағанда, Патшаға һәркiм айтты жауап қатып. Олар айтты: – Ата-анасы – пақыр, – дедi, Сол үшiн осы арада жатыр, – дедi. Асырамаққа болыпты бұл патша, – Тiрi болса, бiр кiсiге татыр, – дедi. Неше жыл асырады бала қылып, Ер жетiп, жiгiт болды батыр болып. «Өзiмнен соң тақытыма отырар» деп, Патша қуанады көңiлi толып. Ол бала жетi жасқа келiп жеттi, Ғылымдық үйретпекке молдаға iлiттi. Бiр көрген жан «Тағы да бiр көрсем» деп, Сипаты тамам жаннан асып кеттi. Андан кейiн он екi жасқа келдi, Соғысты үйретпекке тағы бердi. Өзi және өзгеден өткiр болып, Көргендер батырлығын тамаша еттi. Патшаның бiр қызы болды және, Бұл қызға ғашық болды осы бала. Һәр нәрсе тартады екен нәсiлiне, Құданың құдiретiне бар ма шара?! Бiр патшаның баласы айтты сөздi, Айттырып, алмақ болды осы қызды. Атасы разы боп бермек болды, Ол бала бiлiп жүрдi осы кездi. Ол бала бiр молдаға келдi жетiп, Бiр мәселе сұрады тамаша етiп. Ұғлан айтып: – Бiр адам бақшасының Жемiсiн жейтiн болса, өсiп кетiп. Молда айтты мына сөздiң тамашасын, Сұрайды осылайша мәселесiн. – Өзi жер ме ол жемiстi, өзге жер ме? Айт, – дедi, – мен көрмейiн дағуасын. Молда айтады: – Айт десең мұны маған, Анық дәлел болады осы саған. Ол жемiстi өзгеге бергенiңше, Шырағым, артық болар өзiң жеген. Бiр уәзiрi бар екен өзi дана, – Менiм айтқан сөзiмдi тыңдап қара. Сiз бiлмесең, оларды мен айтайын, Үш ғылымды жаратқан Хақ Тағала. Үш ғылым: бiреуi – дiн iлiмi, Екiншi – парасат-дүр – оның бiрi. Үшiншiсi – бейдiн, ғылым бiлмесеңiз, Парасатсыз болмайды – һеш бiлiмi. «Жеме» деп, тыйған болса Хақ Тағала, Пенде оған қылмайды һешбiр шара. Әгар да жемек болса қоспағанды, Болады махшар күнi – жүзiқара. Ұғланға уәзiр айтты былай кезiн, – Молдадан артық емессiң, сенiң өзiң. Оның мен – пәтуасына қойдым ниет, Жерге неге тастайын ғалым сөзiн?! Мұны айтып, ол бала шығып кеттi, Қыздар тұрған сарайға барып жеттi. Ол қызды бұ шаһардан алып шығып, Екiншi бұ шаһарға кiрiп өттi. Қыз жолдасы жариа тамашаға, Тезiрек хабар бердi падишаға. Артынан көрiп әскер барып жеттi, Екеуi шыққан кезде оңашаға. Ол бала патшадан бұғып қалды, Патша ағып өтiп, кетiп қалды. Әскерлер ендi қайта келгенiнше, Келдi де патшаның басын алды. Патшасы өлген соң әскер кеттi, Бiр шаһарға екеуi кiрiп кеттi. Баршалары не қылар ендi бұған, Көрсетер деп бәрi қорықты мехнатты. Атасын өлтiрiп, алды өз қарындасын, Әй, патша, бұ күн көрдiң тамашасын. Атасының өнерiн тағы қойып, Ұғырлық, харамдыққа қойды басын. Әй, патша, мен айттым ғой тамашасын, Алды ғой харамзада қарындасын. Бұ дағы харамзада сенi өлтiрiп, Алғысы келiп жүр ғой өз анасын. Әй, патша, бұ сөзiмдi айттым сiзге, Бiлiндi харамдығы көрер көзге. Уәзiрдiң хайла-мәкiр сөзiне ерiп, Мен тараптан көңiлiң қылма өзге. Қатыннан естiген соң хикаятты, Ұйықтайтын бөлмесiне барып жатты. «Ертеңмен өлтiрем» деп жатқанында, Сарғайып, бiр уақытта таң да атты. Патша ертеңмен мiндi тақытқа, Құдай-а, бұ ұғланды өзiң сақта. Жетiншi уәзiрi келдi жетiп, Жалладқа әмiр етiп тұрған шақта. Уәзiр айтты: – Әй, тақсыр, сөзiм тыңда, Бiр хикмет арасында бар ғой мұнда. Ұғланның куәһлары анық болып, Өлтiрiңiз, ұстазы табылғанда. Ұстазы табылғанда өлтiрерсiз, Хүкiмiңдi жерiне келтiрерсiз. Куәһлары табылар оған шейiн, Сөздерiн сол уақытта бiтiрерсiз. Әй, тақсыр, қабыл алма қатын сөзiн, Қорғайды хайламенен өзi-өзiн. Ертеңгi күн куәһлары мағлұм болып, Хақтығын қайтесiз көрсе көзiң. Әй, тақсыр, хайла-мәкiр – қатын даты, Мүмiннiң қабыл болар мiнәжаты. Бар екен бiр патша, екi уәзiр, Дәл соның сiзге ұқсар хикаяты. Патша айтты: – Естиiн өсиетiң, Берейiн бiр күн сiзге ұғлан датын. Бiр патша, екi уәзiр қалай екен? Айтыңыз, оның бiзге хикаятын. Уәзiр айтты: – Бұ жаһан сарайында, Бiр әдiл патша болған онда. Өзi әдiл болыпты шаһарында, Қарсылық қылар жан жоқ маңайында. Сөйлейiн ендi сiзге келсе халiм, Айтайын өткендердiң ахуалын. Бар екен патшада екi уәзiр, Бiрi надан болғанда, бiрi – ғалым. Бiр уәзiрi – ғалым едi әдiлеттi, Патшаға айтады көп өсиеттi. Бiр күнi сөз сөйлеген машурат қып, Мемлекет турасынан бiр мәслихат. Надан уәзiр патшаға бiр сөз айтты: – Малды ысырап қылмаңыз сонша қатты. Көп әскерге берсең де қас болады, Көресiң ақырында мехнатты. Соғыс күнде жиылып жетсiн, – дедi, Малыңызды сонда алып кетсiн, – дедi. Тұрған тұрсын орнында баяғыдай, Тұрмағаны шаһардан кетсiн, – дедi. Әскерге соғыс күнде берiң, – дедi, Сөзiмдi менiм қабыл көрiң, – дедi. Оған шейiн мал берме бiр адамға, Сақтанып һәр уақытта жүрiң, – дедi. Патшаға уәзiр сөзi қош көрiндi, Ғалым уәзiр ақылы бос көрiндi. Наданның айта салған бекер сөзi, Патшаның көңiлiне дос көрiндi. – Соғыста әскер келер мал болғанда, Көп шыбын жиылады бал болғанда. Соғыс күнде қасыңа жан жиылар, Қолыңызда малыңыз бар болғанда. Патша ғалым уәзiрге жарлық еттi: – Қасыма менiм жақын келгiл, – дедi, Маған бiраз әскердi жиып берiң, Бәрi де уазифасыз болсын, – дедi. Уәзiр айтты: – Уазифасыз адам болмас, Патша айтты: – Сөзге көңiлiм толмас. Соғыс күнде әскерге малды берсем, Жаныма һешбiреуi келмей қалмас. Уәзiр айтты: – Әскердi ап келейiн, Уазифасыз адамды жiберейiн. Патша мұнысына разы болды, – Алып кел, тамашасын мен көрейiн. Бiр ұстаны алып келдi ғалым уәзiр, Бiр сарайды жасатып бердi назар. Атты-жаяу соғыстағы әскер қылып, Есiгiнде көп сурет қылды әзiр. Патша көрейiн деп, келiп жеттi, Азырақ сыр айтып, тамаша еттi. Патша уәзiрден: – Бұ суреттi Нелiктен жасадыңыз мұнда? – дептi. – Мен айтайын, әй, патша сiзге, – дедi, Әскер бер деп айттыңыз бiзге, – дедi. Бiр де уазифа сұрамас бұл жiгiттер, Құлдық қылар көрiнiп көзге, – дедi. Патша айтты: – Бұлардың һеш жаны жоқ, Қалайша құлдық қылар, дүния боқ? Уәзiр айтты: – Әй, патша, жансыз сурет Нешiк құлдық қылады, уазифа жоқ? Уазифасыз адамдар, мiне, осындай, Нәпақасыз қызмет етпес бәрi солай. Бәрiне нәпақа берсең, жиылады, Көңiлге шүбһә алмас олай-бұлай. Уазифасыз керек болса, мiне, отырған, Жиылып атты-жаяу майдан құрған. Жанды кiсi нәпақасыз iс қыла ма? Лайық па шыбын жанын сатып алған? Уазифасыз, әгар да, адам алсаң, Нәпақасыз өзiңе әскер қылсаң. Жанын алған баласың ол адамның, Расын мен айтайын құлақ салсаң. Нәпақа бермесеңiз қайтып қылар? Қылмақ түгiл, өзiңе дұшпан болар. Патшаның маңайын көрмей кетер, Бiлмесең, оның жайы осы болар. Бiр бектiң бiр жiгiт қарындасы, Қызмет етiп жүредi ғазиз басы. Һеш нәрсе қызмет үшiн бермес ендi, Жiгiт есiмiн сұрады ол қожасы. Ол бекке жiгiт айтты хикметiн: – Қылтиман, – деп айтады, – менiм атым. Жiгiттен мұны естiп, бегi күлдi, Бұрыннан есiтпеген оның затын. – Қылтиман деген бола ма адамда есiм? Жiгiт айтты: – Күлдiңiз мұның несiн? Ондай айтпақ бiзге лақаб бекзада, Болған шақта жүрген кiсiң. Күнi бiтiп, ол жiгiт шығып келген, Екiншi бiр бекке тағы жүрген. Бiр көшеде бiр күнi өз бегiне Екеуi амандасып қарсы келген. Екеуi бiрге тұрып есендесiп, – Қылтиман, менен кетiп, қалың нешiк? – Екiншiлей бұл есiмiм айтпа, – дедi, Бұрынғыдай жүрген жоқ көңiлiм өсiп. – Әй, жiгiт, Қылтиман деп өзiң айттың, Өзiң айтқан атыңнан неге қайттың? Бұрынғыдай емессiң сенiң өзiң, Мұңайып, не себептен қайғы тарттың? – Сенде тұрсам, патшаша теңдес едiм, Адамнан һеш жамандық көрмес едiм. Күнiнде Қылтиман деп шақырсаң да, Соның үшiн уайым жемес едiм. Менiм бегiм қылмайды сендей инғам, Соның үшiн көңiлiм – қайғы мен қам. О дағы «Қылтиман» деп шақырады, Ойланып бұрынғыны, қайғыны алғам. Ол уәзiр патшаға айтады хал, Алдына алып қойды бiр табақ бал. – «Балға шыбын жиылады» деп едiңiз, Балда шыбын бар ма екен, көзiңдi сал? Ғалым уәзiр салады әңгiмеге, – Патша, һеш нәрседен уайым жеме. Шыбын келер бұ балға күн барында, Кеш болғанда келедi ендi неге? Әскерге нәпақа берсең, бар секiлдi, Бермесең, жайылып жүрген мал секiлдi. Уәзифаны уақытында бермегенiң, Шыбынсыз кешке жеген бал секiлдi. Мұны естiп, барша жаннан артық қылды, Жақсылар түбiн ойлап, бәрiн бiлдi. Бұ сөздердi уәзiрден естiген соң, «Бәрәкалла» деп, мың түрлi тахсин қылды. Һәр сөзiн естiгенде құмарланып, Бәлеге душар болмас, ғапыл қалып. Һәр уақытта патша ақылдасып, Уәзiрдiң жүрушi едi тiлiн алып. Әй, тақсыр, сiзде сондай қыласыңыз, Белгiлi – бiз қашаннан расшымыз. Қатын сөзiмен баланы өлтiрмеңiз, Қалатын артыңызда өрiсiңiз. Әй, тақсыр, өлтiрмеңiз шаһзаданы, Күйдiргендей боласыз дүнияны. Бұл өлген соң бiздердi кiм қарайды? Арманда өтiп кетер шыбын жаны. Сөзiне уәзiрiнiң құлақ салды, Патша амалсыздан қабыл алды. – Әй, тақсыр, бүгiнгi күн өлтiрме, – деп, Жер құшып шаһзаданы тiлеп алды. Кешке тағы қайтып келдi, аңын аулап, Күтедi залым қатын оттай қаулап. – Ұғылыңды бүгiн тағы не қылдың? – деп, Сұрайды патшаның көңiлiн аулап. – Аң аулап мен даладан келдiм, – дедi, Тамашасын һәр жердiң көрдiм, – дедi. Бүгiн тағы тiледi, өлтiрме, – деп, Жетiншi уәзiрiме бердiм, – дедi. Қатын айтты патшаға: – Қайырласыз, Ақырында өз басыңнан айрыласыз. Бүгiнде менiм тiлiм алмаймын, – деп, Патша, әлi бiр күн зар боласыз. Жұртқа патша едiңiз – өзiң әдiл, Шариғаттан сұрайын, сен оны бiл. Көңiлiмдi ренжiтпек саған күнәһ, Бар ма едi, иә жоқ па, қасыма кел. Хақы бар ер мен қатын арасында, Патша, менiм сөзiм аласың ба? Қатын келiп жаламақ тiлiменен, Iрiңi болса ердiң жарасында. Және де жеңiн түрiп, нанды баспақ, Тезiрек ер шақырса, қадам баспақ. Iстей тұрған iсiне қарамастан, Ерiнiң көңiлi үшiн жылдам саспақ. Қатынның ер үстiнде хақын берсе, Аш-жалаңаш етпесiн халi келсе. Қатынға бұйырмасын ойдың сыртын, Күнәһiсiз – күнәһ болар қатынды ұрса. Қызғанбасын қатыннан малды бiрақ, Қатынның етек-жеңi қысқарырақ. Қатынға бiр етектей ақшадан да Үш тұтам жабу берген артығырақ. Әй, тақсыр, осылайша ғарiп қатын Тастама ақыл айтқан өсиетiн. Естiгенiң жоқ екен, әй, патша, Ата шыпшық, ана шыпшық хикаятын. Патша: – Естиiн оны, – дедi. Айып қылып айтпайын сенi, – дедi. Мысалы оның және қандай екен? Айт, – дедi, – тамашасын, кәнi, – дедi. Қатын айтты: – Сүлеймен хүкiметiнде, Бiр қара шыпшық бар екен қызметiнде. Бiр күнi көрiнбейдi қара шыпшық, Өзiнiң жүретұғын мүлкәтiнде. Сүлеймен Самұрыққа әмiр еттi: – Қайда болса, тез жылдам тапқыл! – дедi. – Оны мен тауып әкеп берейiн, – деп, Самұрық тiлiн алып iздеп кеттi. Қара шыпшық Сүлейменнен кеттi, – дейдi, Ана шыпшық жанына жеттi, – дейдi. Ана шыпшық қара шыпшыққа ашуланып, – Келмегелi бiрталай күн өттi, – дейдi. Ол арада Самұрық келiп қалды, Шыпшықтың ләп ұрғанын тыңдай қалды. – Сүлейменнен қорқамысың менен артық?! Нелiктен келмейсiң?! – деп ашуланды. – Дүния, ғаламға мен сенi теңгермеймiн, Һәркiмнiң айтар сөзiн жөн көрмеймiн. Тафарраж үшiн барамын Сүлейменге, Соның үшiн жуырда мен келмеймiн. Самұрық кiрiп келдi, мұны көрiп, – Айда, жүр, – деп, – шыпшыққа мойын бұрып. – Кет! – дедi Самұрыққа қара шыпшық, Неге шапшаң жүр дейсiң, Құдай ұрып?! Самұрыққа: – Болады! – дедi қаһар етiп, Самұрық тағы тұрды бiраз күтiп. – Тағы да бiр жауап бер, шыпшық, – деп, Қасына және жақын келдi жетiп. Сол жерде шыпшық тағы ашуланды, Самұрықты өкшесiмен салып қалды. Самұрық неге ұшырағанын бiлмейiнше, Тезiрек Сүлейменге кетiп қалды. Шыпшықтың ләп озғанын баян еттi, Сүлеймен естiп тұрып, қабыл еттi. – Менiң сарайымды бұзамын дегенiне, Самұрық, ғажап етпе оны, – дедi. Ғифриттер тастарды күшке салған, Ләп ұрғанына шыпшықтың қайран қалған. Сүлейменге шыпшық сөзi туғры болып, Азат қылып, жайына қоя берген. Қатын айтты: – Әй, патша, қыл мехнат, Һәркiмнiң өз қатыны – жанға рахмат. Ұғлан маған қол ұзатып, қастық қылды, Ендi сiзге көрсетер көп мехнат. Әй, патша, бұл iсте ғапыл қалма, Халалыңның басына қайғы салма. Басыңызға бiр қорқу зиян бар-дүр, Уәзiрдiң хайла-мәкiр тiлiн алма! Патша қатынының осы сөзiн, Тағы да мақұл көрдi оның кезiн. – Ертеңмен өлтiрейiн, басын кесiп, Харамзада болғанда оның өзiн. Мұны айтып, төсегiнде ұйықтап кеттi, Дос болады деп ойлама, залым иттi. Тақытына ертеңiмен отырған соң, – Баланы алып кел! – деп әмiр еттi. Жалладқа бұйырады әмiр етiп, Патшадан алып қалар ендi нетiп. – Бiр тiлекпен мен бұ күн алайын, – деп, Сегiзiншi уәзiрi келдi жетiп. Уәзiр айтты: – Әй, тақсыр, қатын сөзiмен Өлтiрмекке тұрмысыз мұның өзiн. Әлбетте ғапу етпек керек деймiн, Қуанышың дүниядағы, жалғыз көзiң. Мұны өлтiрсек, қайтады дәулетiңiз, Әдiлдiк заманыңда көрсетiңiз. Инсанның мағынасы насиан деген, Бiлмесең, ақылдыға жөндетiңiз. Ақ сөзi уәзiрiң – бар мәзiрi, Бұларда куәһлары – бiр қадыры. Бiр хикаят айтайын тыңдасаңыз, Болыпты бiр патшаның бiр уәзiрi, Бар екен бiр патша өткен заман, Бiр уәзiрi бегiрек дана болған. Моншаға бiр күн уәзiр түскен шақта Жүзiгi суға түсiп, ой ойлаған. Жүзiгi суға түсiп, батпай жүрдi, Бiр ақыл уәзiр сонда ойлап тұрды. «Бiр зауал бұ басыма келедi», – деп, Киiнiп, һәрбiр жаққа мойын бұрды. Ол уәзiр қазынасына жiбердi адам: «Жасырсын алтындарым патшадан. Қазiр менi патша тұтатын-дүр, Мехнатсыз кiм кетер дүниядан?». Ол уәзiр моншадан шығып кеттi, Патша: «Ұстаңыз!» деп, әмiр еттi. Алып келiп зынданға салдырдылар, Көрсетiп ол ғарiпке мехнатты. Ол уәзiрдiң қазынада алтындарын Жасырып патшадан оның бәрiн. Мал-мүлкiн патша тағы алып қойды, Бiлген соң осындай ахуалдарын. Ол уәзiр зынданда бiр жыл қалды, Зынданшыдан бiраз тағам сұрап алды. Патшадан қорыққаннан ол зынданшы, Тағамды уәзiрге бермей қалды. Ақырында тағамды сұрап алды, Тағам алып зынданшы келiп қалды. Құданың бергенiне шүкiр қылып, Ол уәзiр жейiн деп алдына алды. Тағамды жейiн деп ой ойлаған, Алдына алғанында бетiн ашқан. Жоғары зынданның жиегiнен, Төбелесiп, түсiп кеттi екi тышқан. Сол жерде ол тағам болды нәжiс, Жарымы жерге оның төгiлдi ас. «Менiм iсiм қайырлы болады екен, Құданың құдiретiн айтып болмас». Уәзiр тағы бұйырды зынданына, Зынданшы болып тұрған адамына: – Қазынаға алтынымды алып кеп қой! Патша келсе, керек рахматына. Зынданшы уәзiр сөзiн қабыл алды, Алтынын қазынасына әкеп салды. – Уәзiрiм зынданнан шығарың, – деп, Патша адамдарға жарлық салды. Зынданнан уәзiрдi келтiредi, Құдайым мехнатын бiтiредi. Патша оны тәслим етпек үшiн, Көңiлiн уәзiрiнiң көтередi. – Бiр жылға шейiн көрдiңiз сiз мехнат, Құдайым ақырында бердi рахмат. Зынданға мен салған адамдарға, Уәзiрiм, мұнан кейiн қыл шапағат. Көресiң патшалардың әдiл iсiн, Һәрқашан мехнат шегiп жүрермiсiң. Жақсы-жаман қадiрiн сiз бiлсiн деп, Зынданға мен салғаным соның үшiн. Уәзiр айтты: – Әй, тақсыр, бiр Құдадан Мехнат көрмей өлмейдi туған адам. Қарап сұлтан: – Айтшы сөзiң, – деп, – Не келсе де разымын патшадан. Мұны естiп, патша қылды құрмет, Уәзiрлiгiн бердi де қылды iлтипат. Тамам елдi қаратып хүкiмiне, Бәрi де даналығына болып табиғ. Үйiне келген шақта жолдастары, Өзiнiң табиғ болған мұңдастары. – Сен қайдан шығаруын бiлдiңiз? – деп, Сұрайды уәзiрден оның бәрi: – Қайдан бiлдiң зынданға салар шағын? Патша бар малыңды алашағын. Онан кейiн тағы да уәзiр болып, Қайдан бiлдiң қайырлы болашағың? Уәзiр айтты: – Мен бiр күн түстiм монша, Жүзiгiм суға түстi – бiр тамаша. Ойладым, бiр қайырдың зауалы бар, Зынданға салар, – дедiм, – менi патша. Онан кейiн мен жаттым дәл бiр жыл, Маған ендi әкелдi тағамды, бiл. Екi тышқан төбелесiп, түсiп кетiп, Тағамды нәжiстедi, сен оны бiл. Зынданға зауал үшiн кiрдiм ендi, Бiр жылдай азап көрiп, тұрдым ендi. Тағамды тышқан төгiп тастаған соң, Азаптан құтылуым бiлдiм ендi. Бiр жылда азап көрiп тұрдым мехнат, Андан кейiн патша қылды құрмет. Дәулетiм тағы қолға түседi деп, Оның үшiн болды ғой, көңiлiм шат. Әй, патша, хикаятты сөйлер кезiм, Қатынның хайла-мәкiр көрдiң сөзiн. Кәмалдiң бiр зауалы болады ғой, Нақақтан өлтiрмеңiз оның өзiн. Шаһзада мұнан бұрын аман ба едi? Бiлмеймiз, талғамымыз жаман ба едi? Бiр қатын хайла-мәкiр сөзiн айтып, Алдайтын патшаны қиын ба едi? Құдыққа бiр тас салар бiр диуана, Бүтiн ғалам ала алмас ендi және. Шаһзада – бiр құстың жас баласы, Қонарын, ұшарын бiлмеген ғарiп бала. Әй, тақсыр, бұ баланың халi мүшкiл, Сабырменен түбiнде ойлап iс қыл. Сөйлемегiң себебi табылғанша, Азырақ миһлат бер, бiр, екi, үш күн. Соңында азат ет, тiлесеңiз, Иә, болмаса өлтiрiңiз, бермесеңiз. Өкiнiшке қалмаңыз ақырында, Насихат уәзiрiнiкiн көрмесеңiз. Ол уәзiр тiлеп алды жердi құшып, Жылады патша да тақыттан түсiп. Көндiрдi зынданына ол баланы, Аң аулап, тағы кеттi мақұлдасып. Үйiне тағы кешке келдi қайтып, Қош қылды уәзiрi көңiлiн байытып. – Бұ күн тағы ұғылыңды не қылдың? – деп, Қатын сөздi сұрайды аяңдатып. Патша айтты: – Бiр уәзiрiм тiлеп алды, Зынданыма көндiрiп тағы салды. Сегiзiншi уәзiрiм ғұзыр еттi, Ол бала ажалсыздан тағы қалды. Қатын айтты: – Әй, патша, сөзiм жетсе, Тәбибтар ауруға дәрi етсе, Жаза алмаса, екiншi дәру етпес, Жаза алмай қалмас едi, әбден күтсе. Дәл сондай ажиз қалдым менiм өзiм, Сiзге әсер қылмады жалғыз сөзiм. Сөйлеспейiн екiншi десем дағы, Шыбын жаным шыдамас осы кезiм. Бiр патша бiреу қолын кескен екен, Жыламастан сабырлық дескен екен. Басқаның қолын кескенде көп жылады, Қайырылып екi көзi түскен екен. Көрген жан сөз сұрады тамаша етiп, – Не себептен жыладың, зарлық етiп? Өз қолыңды кескенде жыламадың, Тұрып едiң бiрқатар сабыр етiп? – Мен жыладым көргенде оның үшiн, Қорықтым мүшкiл халде менiм түсiм. Мен жыласам мазақ қып күлер едiң, Өзiмдей деп жыладым көрген кiсiм. Сiз кеткенде, кетедi менiм басым, Бiздерден арманда боп айрыласың. Бiр патша балалары сiзге ұқсар, Бiр қазидың мен айтайын әңгiмесiн. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Айта бер өзiмiзге бiлген кептi. Сабыр етiп, уәзiрдiң тiлiн алдым, Болмасын сенiң дағы көңiлiң күптi. Қатын айтты: – Бiр патша бұ жаһанда, Үш дана ұғылы болған онда. Ажалдың жастығына басын қойып, Өсиет ұғылына айтты ауырғанда. Айтады үш балаға өсиетiн: – Бар, – дедi, – бiр жауһар, алтын мүлкәтiм. Жақсылап көмiңiздер ол жауһарды, Үшеуiңе лайық, тек болатын. Осындай алтын, жауһар малым – дедi, Үшеуiң оны бөлiп алың, – дедi. Өсиетiм тұтсаңыз менiм, әгар, Сiздерге баян еттiм халiм, – дедi. Атасы осыны айтып, кеткен өтiп, Үшеуi дәфiн қылды құрмет етiп. «Үшеуiмiз тең бөлiп алайық», – деп, Жанына ол жауһардың келдi жетiп. Атасының сөзiн тұтқан «мақұл» деп, «Теңгерiп бөлелiк» деп көңiлi өсiп. Үшеуi жетiп келсе, ол жауһар жоқ, Орнында топырақ жатыр желдер есiп. Үлкенi айтты ортаншыға: – Сiз алдыңыз, Олар айтты: – Бұ жерге келмедiк бiз. Ортаншысы кенжеге жабысады, Үшеуi: – Не себептен бiлмедiк бiз? Бiрiмiзде бар ғой, – деп дағуаласып, Ала алмай бiр-бiрiнен жанжалдасып. Бiр қазыға барады жүгiнiске, Бiздерге төре бер, – деп мақұлдасып. Қазы айтады: – Табайын риуаятын, Атаңыздың бұзбаңыз өсиетiн. Төрелiгiн сiздерге мен берермiн, Әуелi мен айтайын хикаятым. Бар екен бiр шаһарда жалғыз жiгiт, Бiр қызбен көңiл қосып, қылған үмiт. Жiгiт айтты ол қызға: – Келсе күйеу, Менiмен һәрқашанда мархабат ет. Ол күйеуiң келгенде, менi тастап, Кетесiз ғой оның, сiз, сөзiн қостап. Менi сүйiп жүруші ең, тастайсыз ғой, Һәр iске жүрген шығар Құдай бастап. Сен кетсең, не болады менiм халiм? Һәрқашан сенiң үшiн көңiлiм жарым. Менiменен жұбанып жүруші ең деп, Мұңының көңiлiндегi айтты бәрiн. Қыз айтты: – Сенен жақсы көрмен, – дедi, Нәпсiмнiң ықтиярына ермейiм, – дедi. Әуел келiп сенiменен қосылмайынша, Ол күйеуiме мұратым бермейiм, – дедi. Күйеуi ол қыздың бiр күн келдi, Жиылған көп халықтың тойы болды. Ғишратқа келерде жiгiтпенен, Өзiнiң ахуалын баян қылды: – Бiр жiгiтiм бар едi менiм, – дедi, Халалың болдым ендi сенiң, – дедi. Одан барып рұқсат мен сұрайын, Сен дағы мархабатың берiң, – дедi. Жiгiт айтты: – Уағдаң бекер демес, Бiздерге мағлұм қылып, етсең кеңес. Әуел барып, уағдаңды опа қылың, Рұқсатсыз маруарт қабыл емес. Рұқсат мен де сiзге бердiм, – дедi, Келген соң жамалыңды көрдiм, – дедi. Барыңыз да саламат қайтып келiң, Менен де оны жақсы көрдiң, – дедi. Жiгiттен мұны естiп, жөнелдi қыз, Әңгiме бастан-аяқ көрiңiз, сiз. Қыз кетiп, орта жолда бара жатса, Жол тосқан бiр ұғыры – келедi кез. Ұғыры келiп ол қызды ұстап алды, Сол жерде тонайын деп ойына алды. Қараса, ай мен күндей бiр сұлу қыз, Қайран болып бетiне көзiн салды. Қасына жақынырақ келдi жетiп, Ол ғарiп құтылады ендi нетiп? Қыз екенiн бiлген соң әлгi ұғыры, Сұхбатқа тiледi үмiт етiп. Айтады әңгiмесiн бастан кешкен, Қыз байғұс ғарiп болып қолға түскен. – Бiр жiгiтiм бар едi уағдаласқан, Ғашықтықтың шәрбатын тоя iшкен. Мен үшiн сарп қылып, бердi малын, Бiлейiн деп барамын оның халiн. Кейiн қалған күйеуiне тағы және, Сырының көңiлiндегi айтты бәрiн. Ұғыры айтты: – Iсiңiз олай болса, Апарайын жiгiтке, Құдай бұйырса. Мен дағы харам iстi қыла алмаймын, Маған да маруарт харам, ерiң болса. Осыны айтып, ұғыры ол қызды ендi Алып келiп жiгiтке кiргiздi ендi. Қыз келсе, ол жiгiттiң халi нашар, Өзi ахуалын бiлгiздi ендi. Қыз айтты әңгiмесiн қасына кеп, Жiгiт айтты: – Күйеуiң келдi ме? – деп, Рұқсат алайын деп, келдiң бе сен? Саған да рұқсатын бердi ме? – деп. Қыз айтты: – Мен рұқсат алдым, – дедi, Басымды ұзын жолға салдым, – дедi. Орта жолда ұстады бiр ұғыры, Қайран болып тағы да қалдым, – дедi. Ұғырыға сөйледiм хикаятым, Менiм тағы босатты мiнген атым. «Өзiңнiң жiгiтiңе апарайын», – деп, Жолдас боп маған салды мархабатын. Ол жiгiтке осылай айтты сөзiн, Жiгiт тағы босатты қыздың өзiн. – Рұқсат қып, ол жiгiт қоя берсе, Өз жарыңа барыңыз ендi өзiң. Саған мен қосылғанда көңiлiм толар, Бұ күннен соң қарындасым сендей болар. Жiгiтiңмен қосылып, маруарт ал, Маған да маруартың харам болар. Қыз шықты маруартын алды дағы, Есiкте ұғыры тұр және тағы. Оны және күйеуiне алып келдi, Тәңiрiнiң о да болса берген бақыты. Жiгiт және сұрады әңгiмесiн, – Сен барсаң, аман ба екен ғашық кiсiң? Қалайша рұқсат қып жiбердi ендi? Бiздерге мағлұм болсын қылған iсiң. Қыз айтты: – Сiз тыңдаңыз сөзiмдi ұғып, Сiзден мен рұқсат алып кеттiм шығып. Орта жолда жолықты бiр ұғыры, Қорықтым өлтiрер деп, жерге тығып. Мен айттым өз жайымды ұғырыға, Ол менi алып барды ғашық жарға. Оған барып, тағы да жайымды айттым, Бостандық о да бердi мен пақырға. Ұғыры алып келдi тағы мұнда, Ол жiгiт рұқсат берiп, қалды онда. Менiм жайым, әй, жарым, осы болды, Қайырлы ғұмыр берсiн Құдауанда. Бұл ғашық қосылысты бiр-бiрiне, Той тарқап, ел қайтады жер-жерiне. Махфузда Тәңiрiм неках қылған екен, Саламат маруарт бердi бұл ерiне. Бiр-бiрiне ғаламат маруарт берген, Ұғыры азат етiп қоя берген. Қайырлы ғұмыр берсiн бәрiмiзге, Үш бала, тыңдаңыз бiзге келген. Қайсысы маруартты мұның ендi? Бұған да сiздер төре берiң ендi. Бiр риуаят сiздерден болса керек, Үш ұғлан, хикаятым көрдiң ендi. Үлкен ұғылы: – Бiр дәлел бұған, – дедi, Маруартты күйеуi, бiлгiл, – дедi. Мұратын алатұғын көңiлдерiнде, Босатып сүйгенiне жүрген, – дедi. Ортаншы ұғылы айтады тағы және: Қазыға дәлел айтқан бұл үш бала, – Сүйген жiгiт маруартты екен, – дедi, Мұндай маруарт жаратпас Хақ Тағала. Күйеуiнiң айтқанын мақұл көрген, Сабырлығын бұ қыздан айтып жүрген. Уағда қылған мұратқа сабыр етiп, Қайтадан күйеуiне қоя берген. Кiшi ұғылы: – Маруартты ұғыры, – дедi, Алдына келгенiнде туғры, – дедi. Һешбiр зарар келтiрмей осы қызға, Күйеуiне апарып жүрдi, – дедi. Тиместен киiмiнiң бiреуiне, Алып барған екi жақтағы күйеуiне. Хақ маруарт ұғыры екен, – дедi, Таң қалам залал қылмай жүруiне. Қазы айтты кiшi ұғылына: – Дәлел, – дедi, Алтын, жауһар бар екен сiзде, – дедi. Бұ сөзге дәлелшi, сiз, болдыңыз, Қате жоқ көңiлдегi бiзде, – дедi. Ұғыры дәлел болар туғрыға, Туғрыға дәлел болар ұғырыға. Ғашық пенен мағшұқ – бiрге дәлел, О дағы дәлел болар ғашық жарға. Сен дәлелшi ұғырыға болдың, – дедi, Кiшi ұғылы, сен ұғры болдың, – дедi. Атаңның өсиетiн тәрiк қылып, Ұғырлық екi ағаңа қылдың, – дедi. Кiшi ұғылы естiп ахуалдарын, Шығарды қойнындағы алтындарын. Қазыға алып жерге қойған шақта, Үшеуi бөлiп алды оның бәрiн. Әй, патша, менiм халiм бiлсеңiз, Уәзiрге, бекер сөзге ересiңiз. Өзiмнiң де заһир ғой сiзге сырым, Менiм де туғрылығым бiлесiңiз. Олар бәрi қырық кiсi – ақылы көп, Өтiрiк айтар сiзге өлтiрме деп. Өлтiрейiн дегенде әмiр етiп, Бәрi де хайла айтады қазыға кеп. Уәзiрдiң алмаңыз, сiз, хикаятын, Ертеңгi күн заһир болсын әдiлетiң. Өзiм сiзге туғры болғандығым, Өзiм жалғыз болғанда, өзiм қатын. Қатыннан естiген соң бұ хикаят, – Сiз дағы қылып айттың бiр өсиет. Әдiлдiгiм тағы да заһир болсын, Қылғанда мен бермейiн көп мiнәжат. Патша мұныменен ұйықтап кеттi, Ертеңмен тақытына жақын жеттi. «Ұғланды алып кел!» деп жалладына, Уәзiрмен баршасына әмiр еттi. Патша бұйырған соң әмiр етiп, Қалайша қып алады ендi нетiп? «Падишаһтан мен тiлеп алайын» деп, Тоғызыншы уәзiрi келдi жетiп. – Әй, тақсыр, қабыл алма қатын сөзiн, Хайла-мәкiр екен, көрдi көзiң. Қатынның сөзiне ерiп өлтiрем деп, Қалмаңыз өкiнiшке сенiң өзiң. Әй, тақсыр, жарамайды ашу етсең, Ұнайды ақиқатты сөзге жетсең. Ұжмаққа кiредi екен туғры барып, Айыпты кiсiлердi құрмет етсең. Әй, патша, айтады бiзге хайла, Өлтiрмей, сабыр қылып, түбiн ойла. Уәзiрiңнiң насихатын харам көрiп, Алтынды мыс екен деп жерге қойма. Уәзiрдiң жерге қойма өсиетiн, Қияметте заһир болар әдiлетiң. Патша есiтпеген екенсiз ғой Һарун ар-Рашид пен жарианың хикаятын. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Ғұзырлап тiледiңiз менi, – дедi. Қандай екен олардың әңгiмесi? Соңында құрметтейiн сенi, – дедi. Уәзiр айтты: – Бұрынғы бiр заманда, Һарун ар-Рашид патша болған онда. Бағдат шаһарының халқы халифаға Ашуланды бiр күнi жиылғанда. Халифа халық үшiн ашуланып, Қарауылшыны алып келдi, хабар салып: «Рұқсатсыз есiгiме келгендердi, Зынданға көндiрiңiз бәрiн салып». Патша қарауылшыға қылды бұйрық, Екiншiлей – болмас мұндай қылық. Патша үш күндей шықпаған соң, Қасына һеш келмедi тамам халық. Келмедi патшаға һешбiр адам, Мұндай бұйрық болғанда патшадан. Сол уақытта отырып тағам сұрады, Өзiнiң қызметкерi-жариадан. Жариа әзiр келдi тағам алып, Патша iшпек болды қабыл алып. Патшаның етегiне ас төгiлiп, Өлтiрмекке жарианы қаһарланып. Қасына жақын келдi, өлтiрем деп, Жариа айтты: – Уалказамен алғайз, – деп. Патшаның ашуы басылды ендi, – Айтқанда түзiктiгiң әңгiме, – деп. Жариа айтты: – Патша болдың зерек, Адам әдiл болады ойы бөлек. Уәлғафин ғаннаси аяты бар, Патшаға, адамға ғапу керек. Патша айтты: – Жаратқан Кәрiм, – дедi, Ақылды адам – болады жарым, – дедi. Зынданда не қадыр адам болса, Сiздiң үшiн азат еттiм бәрiн, – дедi. Жариа айтты: – Патша болсаң әдiл, Уаллаһу иухиббул мухсинин аятын бiл. Патша әдiлеттi адам болса, Тоты-бұлбұл астында бiр қызыл гүл. – Әй, жариа, жақсылық айттың жайын, Сөзiңе жаным құрбан, айтқан сайын. Зынданда көп адамды азат қылдым, Бұ сөзге куә болсын бiр Құдайым. Құтқардым азат етiп жандарыңды, Айтқанда мақұл сөз халдарыңды, Зындандағы адамды азат етiп, Садақаға үлестiр бар малдарымды. Патша болды онда – бiр кемеңгер, Құдайым, барша жанның тiлеуiн бер. Осы күнде Һарун ар-Рашидтi атағанда, Оның үшiн «Рахмату Алла алейһи» дер Әй, тақсыр, уәзiрдi құрмет етсең, Қадiрлi дүнияда сөзiн күтсең. Ашуыңды мен тiлеп тұрғанымда, Шаһзада баланы азат етсең. Тiлейдi күнiнде бiр уәзiрiң, Бiр қатындай көрмейсiз оның бәрiн. Көп сауап табар едiң рахымыңнан, Шаһзаданың бағыштасаң күнәһiларын. Уәзiрi осылайша айтып салды, Патша тiлегенiн қабыл алды. Баласын зынданына көндiрдi де, Тағы да өзi ауға кетiп қалды. Тағы да қайтып келдi аңнан кешке, Көңiлi бұрылады һәрбiр iске. Ол күнi қолына аң түсiре алмай, Үйiне кейiп келдi әзер кешке. Отырып қатынымен iштi тағам, Патша тойған халда болды тамам. – Ұғылыңыз тағы бұ күнi не болды? Хабарын балаңыздың айтшы маған. – Тоғызыншы уәзiрiм тiлеп алды, Ол бала ертеңгiге тағы қалды. Пұрсатың қолыңда жалғыз балам, Күнiнде сөйлейсiң, – деп айтып салды. Қатын айтты: – Әй, патша, өкпелеме, Жақынын сүйген адам жек көре ме?! Бұл балаңнан жақсылық келген саған, Бұ түрiн бiрден артық көп келе ме. Осы малдың өзi – бiр харис, – дедi, Бұ харис – харамдыққа таныс, – дедi. Һәм өзiн бiлмей, һәм сөзiн бiлмей, Ақылсыз – тәдбирге алыс, – дедi. Бекер маған жабады жалаларын, Көрдiңiз жоқ екен саналарын. Атасының мажаз сөзiн бiлмей жүрген, Айтайын бiр патшаның балаларын. Атасының ишаратын бiлмей жүрген, Қолынан малы шығып жоққа кеткен. Ақырында бiр адам тауып берген, Сен оның хикаятын есiтпеген. Патша айтты: – Естиiн оны, – дедi, Адамның сөзге қанар жаны, – дедi. Iстiң түбiн абайлап мен байқайын, Хақ болса, өлтiрмейiн сенi, – дедi. Қатын айтты: – Сөйлейiн ендi мұны, Бар екен бiр патшаның үшеу ұғылы. Бұ жаһан сарайында болған халде, Көп адам – салтанаттың болған құлы. Құрыпты әдiлдiкпен салтанатын, Бiлмеймiн кiм екенiн оның атын. Бiр күнi қаза тағдыр жақын келiп, Айтыпты үш ұғылына насихатын. Патша өз жанынан үмiт үздi, Қасына үш баласын отырғызды. – Балаларым, жалғаннан өтпек болдым, Тастама дұғаңыздан ендi бiздi. – Не бұйырарсыз ата? – деп отырды олар, – Айтайын һәрбiрiңе бiр-бiр хабар. Үлкенiне: – һәр жерден үй сал, – дедi, Һәрқашан барғаныңда пайда болар. Ортаншы, насихатым алың, – дедi, Күнiнде бәкира қыз алың, – дедi. Кiшi ұғылына: – Сен һәр күнде бал, май аса, Үш түрлi насихатпен қалың, – дедi. Ата сөзiн үшеуi қабыл алды, Үлкенi һәр шаһарға жаңа үй салды. Ортаншысы күнiнде бiр қыз алып, Талақ қып, ертеңiнде қоя бердi. Кiшi ұғылы асады бал менен май, Бiлмедi ишаратын, Құдайым-ай. Екi ұғылы көп малды ысырап қылып, Үлкенi екеуiнен болыпты бай. Үлкенi – бай болыпты бiрер заман, Үйiне кiрген жаннан пәтер алған. Жарты хақын, пәтер хақы төлесе де, Сонда да бұ балаға болмас жаман. Бiр адам кеп бұлардың қылған iсiн, Көңiлiнде ұнатпады бұ үшеусiн. – Бар насихат сiздерге кiмдер айтқан? Малыңды ысырап қылып жүрермiсiң? Көңiлiме бұларыңыз ұнамайды, Сiздерге кiм үйреткен осы жайды? – Қолыңыздан дәулетiң кеткен шақта, Бетiңе дос-дұшпаның қарамайды. Мал деген – бұл адамның ғанибетi, Атамызға қаза келген құдiретi. Үшеумiзге үш түрлi ақыл айтқан, Осы едi атамыздың өсиетi. – Сiздер оның бiлмепсiз мағынасын, Құр босқа мал шығарып үй саласың. Үй сал дегенi – пәтер ал дегенi едi, Һәрқашан сыйлы болар жалғыз басың. Һәр шаһарға сайлаңыз пәтер деген, Малды шашсаң басыңа қатер деген. Қашан келсең пәтерiң даяр тұрар, Үй салуға осы да жетер деген. Бәкира қыз ал дегенi – алма деген, Бiреуге харам ойлап барма деген. Халал алсаң, өзiңе таза болар, Аллаға күнәлi боп қалма деген. Бал, май аса дегенi – жеме деген, Нәпсiңе көп ықылас берме деген. Аштықта аз-аз жесең бал болады, Залым нәпсi сөзiне ерме деген. Күнiнде ал дегенi бәкира қыз, Халалың мен шариғатқа көп жатпаңыз. Анда-санда бiр жатсаң халалыңа, Бәкира қыздан жақсы, сiз бiлiңiз. Атаңның насихатын ұста, – дедi, Бiлмегеннен кетiптi басқа, – дедi. Үшеуiңiз үш түрлi өнер қылып, Ишаратын тұтыпсыз қысқа, – дедi. Сiздерге мұндай iстi Құдай салды, Насихат атаңыздан сiзге қалды. Сөзiмдi үшеуiңiз тыңдаңыздар, Айтайын бұған лайық бiр мысалды. «Үшеумiз тыңдаймыз» деп тұрды сонда, Халалыңмен шариғатқа көп жатпаңыз. Бар екен ұлық шаһар бұ жаһанда, Оның бiр патшасы болған онда. Шаһарға патша болған әдiл болып, Қараған хүкiмiне қанша халық. Бұйрығын кәпiрлерге бiрге қылып, Бұ патша тұрушы едi хараж алып. Бұ патша кәпiрлерден алым алған, Дұшпанға неше түрлi қырғын салған. «Бұларға бахс етiп бермелiк», – деп, Кәпiрлер ғалымдарын жиып алған. «Бұларға ендi хараж бермелiк», – деп, Кәпiрлер кеңес құрды, әңгiме-кеп. – Бұларға бiр ишарат көрсетелiк, Таба ма, таба алмаса бiлелiк, – деп. Бiреуi патшаға келiп қалды, Бұлардың хайлаларын бiлiп алды. Раһибтiң бiреуi бұларға кеп: – Мен жеңейiн мұсылманды, – деп айтып салды. Бiреуiн раһибтiң күлдiрiптi, Кәпiрлер бұған алдап мал берiптi. – Патшаның әскерiн забун қыл, – деп, Патшаның ордасына ендiрiптi. Раһиб жауап айтты патшаға: – Ишарат айтамын, – деп, – молдаларға. Таба алмас, кәпiрлер хараж бермес, Айтайын, тақсыр, – дедi, – мен оларға. Патша айтты: – Кәпiрдiң дiнi бөлек, Қиын сөз құтылмайды, болса зерек. Патшада раһибқа жауап бердi: – Менiм де ғалымдарым тапса керек, Патша раһибқа: – Кiрсiн, – дедi, Жауабын бiзге айтып берсiн, – дедi. Өзiнiң ғұламасын жиып алып, Сауалын бұл раһибтың көрсiн, – дедi. Жиылып ғұламасы келдi бәрi, Патшаның ғалымы мен уәзiрлерi. Патша раһибқа: – Айт сауалың, Естiсiн қазiр мұнда жас пен кәрi. Раһиб бес бармағын жазып тұрды, Екеуiн төмен бүктеп, жерге бұрды. Ондан кейiн бесеуiн де салындырып, – Бұ неге ишарат? – деп сауал қылды. Патшаның ғалымдары таба алмады, Сол жерде һешбiр жауап бере алмады. Не хадисте, тәпсiрде һеш жоқ едi, Бәрi де бiр-бiрiне алаңдады. Һеш жауап болмаған соң молдалардан, Мәжiлiсте бар екен бiр шайх адам. – Сауалына жауабын айтсам керек, Сұрады рұқсатын патшадан. Патша бұл адамға рұқсат бердi, Қасына раһибтың жетiп келдi. – Не сауалың болса да, табамын, – деп, Ғалымдарға қажет жоқ, – деп, жауап қылды. Раһиб бес бармағын жазып тұрды, – Бұ неге ишарат? – деп, мойын бұрды. Бұл адам жұдырығын бүктеп алып, Раһиб бармағына қарсы қылды. Раһиб бес бармағын салындырды, Бұл адам жоғары ашып тұрды. – Менiм айтқан ишаратым осы едi, – деп, Раһиб патшаға жауап бердi. Патша не екенiн бiлмей қалды, Аулақта раһибты шақырып алды. Патша раһибқа: – Баян қыл, – деп, О дағы өз бiлгенiн айтып салды. Дәруiш айтты: – Ол раһиб бармақтарын Қарсы тұтты маған таман оның бәрiн. Сол рәуештi сұғармын деген едi, Ишаратпен мен бiлдiм ахуалдарын. Жұдырығымды көрсеттiм мен де аңа, Ұрам деген ишаратым тамағыңа. Ол және бармақтарын төмен салды, Сенi осылай бауыздармын тамағыңа. Мен тағы бармақтарым көтермегiм, Бұғағыңа жабысып өлтiрмегiм. Ишаратпен соғыстық екеумiз де, Осы едi көңiлiмде бiтiрмегiм. Патша шақырып алды раһибты, – Мағынасын сөйлеңiз оның, – дептi. Дәруiшпен қалайша ишаратың? Баян қыл, – деп, – араңызда болған кептi. Раһиб айтты: – Әй, патшамыз, қылмағым, Оған мен қарсы тұттым бес бармағым. Бес намаз оқығаның хақ па? – дедiм, Хақ-дүр, – деп, ол көрсеттi жұмырығын. Бармағымды мен жерге салындырдым, Көктен жаңбыр не үшiн жауар? – дедiм. Жоғары тұтқаны ол бармақтарын, Шөптерiн су шығарар осы жердiң. Патшаға айтты бұлай ахуалын, Ишаратпен бiлiскен бұлар халiн. Дәруiш ишаратын бiлмесе де, Патша оған бердi жарым малын. Үш балаға бұлай деген дана кiсi, Осылайша ишарат деп, атаң кiсi. Үшеуiңнiң қылғаның лайық емес, Қалайша жақсы болар оның несi? Қылған iсiн үшеуi жойды, – дейдi, Бұрынғы әдеттерiн қойды, – дейдi. Сол секiлдi сiздер де болмаңыздар, Сөзiмiз ендi тамам болды, – дедi. – Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Жақсы-жаман ұғылыңыз қылған iсiн. Мен бiр ақыл иесi өзiм – қатын, Қырық уәзiр – азғырар залым кiсiң. Бiр күнi Баязит Бистами хазiреттерi, Бiр ауырған ит әкелген көргендерi. Һәрқашан тәрбиелеп осы иттi, Жақсылықтан жақсылық деп жүргендерi. Баязит жақсылықты көп iстеген, Тауфиққа заманында бек күштеген. Сау-сиххат болған соң, ол жазылып, Аяғын Баязиттiң ит тiстеген. Бистам айтты: – Иттiгiн етер деген, Жақсылығым басыма жетер деген. Iзгiлiк қып мен сенi күтiп едiм, Аяғымды тiстедiң бекер деген. Ит сонда тiлге келiп: – Бекер, – дедi, Жақсылығың басыңа жетер, – дедi. Бiлмеймiсiң адамың адамдық қып, Итiңiз иттiгiн етер, – дедi. – Әй, патша, сенiң дағы бұ балаңыз, Харамға ықтималы бар бұ жалаңыз. Халал болса, маған туғры келмес едi, Себеп болған балаға – сiз бенен бiз. Iшiне от түскендей көзi жайнап, Ашуы патшаның келдi қайнап. «Бiр хикмет бұл арада бар шығар» деп, Патша қатынымен отыр ойлап. – Әй, қатын, тастамайын сенi, – дедi, Ертең өлтiрермiн оны, – дедi. Болса да таңертең бiз көремiз, Кеудесiнде мың болса да жаны, – дедi. Патша мұны айтып ұйықтап кеттi, Ертеңмен тақытқа мiнiп әмiр еттi. Жалладқа: «Басын кесiп ұр!» дегенде, Оныншы уәзiрi келiп жеттi. – Әй, тақсыр, патшалар қайда барса, Қайыр қылсам дер, – дедi, – қолда болса. Есiгiне келгенге қайыр берiп, Көп сауап патшаға әдiл болса. Көп жанның патшалар досы, – дедi, Көңiлдiң табылады хошы, – дедi. Қатарын һеш адамның шықпайтұғын, Бiреуi әдiлдiктiң осы, – дедi. Ауыр жүктiң астында малды көрсе, Захматтан құтқармақ шама келсе. Бiр арық есек келiп сүйкенiптi, Наушеруан зәнжiрiне жақын келсе. Есектi құзырына алып келген, Арқасы тiлiм-тiлiм көзi көрген. Мархабат қып өзiне шөп жегiзiп, Өзiнiң мақамына қоя берген. Мұндай iс уәжiп болар патшаға, Пақырмен мархабат қыл ғарiптерге. Хайла-мәкiр сөзiне ұйымаңыз, Азғырушы дүнияда қатындарға. Қатынның бiлесiз ғой кесепатын, Жақсы қатын шығарар ердiң атын. Мысырдың патшасы ұғылыменен, Айтайын залым қатын хикаятын. Уәзiр тағы сөйледi сөзiн бастап, Тыңдады патша да мұны қостап. – Әй, тақсыр, қатын сөзi хайла-мәкiр, Баланы өлтiрмекшi сiздi қыстап. Уәзiр айтты: – Мысырдың шаһарында, Патшаның екi ұғылы болған онда, Бұ залым дүнияның халiне қарап, Өлмейтұғын жан болмас бұ жаһанда. Бай болсын, керек болсын пақыр, Ойлап патша, өлмегiн бiлiп жатыр. Мұны бiлiп патша пiкiр қылды: «Келедi бұ пендеге өлiм ақыр». Кiшi ұғылын патша алып келдi, Бiр ұста тiгушiге мұны бердi. Өнер деген адамға парыз болар, Тiгушi үйретпекке қабыл көрдi. Тiгуге ұста болды аз заман, Жан таң қалар тiгiсiне қарағанда. Тiгушiден үйренiп үйге келдi, «Шүкiр, – деп, – мұныңа да Құдауанда». Бiр күнi патша да дүния салды, Артында, тақытында екi ұл қалды. Үлкенi бұл шаһарға патша болып, Атасының мал-мүлкiн жиып алды. Үлкенi әдiл болды, хүкiм шашып, Уәзiр, бегiменен ақылдасып. Кiшi ұғылы тақуа, тiгушi боп, Бiр күнi Қағбаға кеттi қашып. Ол бала Қағбаға барып жетсе, Аяғын тасқа басар тәуап етсе. Кемер белбеу тауып алды тас астынан, Бiр қожа жолығады жүрiп кетсе. Қожа сонда дабырлап дауыстаған, Қолына екi бөлек тас ұстаған. Таспенен көкiрегiне өзiн ұрып, Бұлайша һәр адамға сөз бастаған: – Бiр кемерiм бар едi алтындаған, Жасымнан жиған малым онда болған. Жарымын тапқан жанға беремiн, – деп, Ол қожа мұны айтып айқайлаған. – Ана сүтiнен халал болсын жарым малым, Беремiн тапқан жанға оның бәрiн. Патша ұғылы бiлдi кемер оныкi екенiн, «Айтайын, – дедi, – мұның ахуалын». Тiгушi ой ойлайды бiлейiн деп, «Дүнияда халалдықпен жүрейiн, – деп. Әкем малы опа қылды қашан маған? Пақырды жылатқанша берейiн», – деп. Қожаға жетiп келдi, жүгiре басып, – Кемерiң менде едi, – деп асып-сасып. Естiп қуанғаннан әлгi қожа, Жарымын бермек болды көңiлi тасып. Белбеудi қолына алып, жiбiн сөктi, Iшiндегi жауһарын жерге төктi. Екiге бөлдi оның алтындарын, Қожаның айтқанына болмас кектi. Қожа айтты тiгушiге: – Келiң, – дедi, Жақсылығың бiлдiм мен сенiң, – дедi. Ризасыз жартысын аламысың? Ризалығымды аламысың менiм? – дедi. Тiгушi: – Менiң сөзiм көрiң, – дедi, Өзiңiз ризалығыңызбен берiң, – дедi. Ризасыз нәрсенi мен алмаймын, Мал деген пәни нәрсе, бiлiң, – дедi. Ол жартыны екiге бөлдi және, – Әй, жiгiт, мына маған бермен қара. Менiм сен ризалығыммен аламысың, Ризасыз болмассың бұған, сiрә? – Риза боп аламын бұған, – дедi, Ризасыз болмаймын саған, – дедi. Бiраз ғана қалдырды бөле-бөле, Риза болмасын тамам, – дедi. – Әй, жiгiт, риза болсаң бiзге, – дедi, Мен бiр дұға қылайын сiзге, – дедi. Менiм дұғам Хақ қасында қабыл болса, Мұратыңды көрсетер көзге, – дедi. – Риза боп алайын оны, – дедi, Адамның не көрмейдi жаны, – дедi. Дұға деген – адамға бақи нәрсе, Мал деген – дүнияда пәни, – дедi, Ол қожа қол көтерiп дұға қылды, Тiгушi разы боп «Әмин», – дедi. – Мұратыңа жетесiз, иншалла, Өзiңнiң қажетiңе барғыл, – дедi. Ол тiгушi бiр азырақ ой ойлады, Пайданы өз басына бек ойлайды. «Үйге қайтсам, өз ағам қас болар, – деп, Бұл қожамен кетейiн», – деп ойлайды. Қожаменен бiрге кеттi Бағдатқа, Көңiлi терiс емес жақын-жатқа. Барса да онан пайда ете алмады, Қиын жер қандай нәзiк адамзатқа. Жiгiт айтты қожаға: – Маған, – дедi, Бiр айтатын iсiм бар саған, – дедi. Тiгушi: – Достың болса, менi қосшы, Бiрiгiп тiгiн тiксем оған, – дедi. Ол қожа бұл жiгiттi әкеп келдi, Өзiнiң бiр достына әкеп бердi. Ол досты бұ жiгiттi құрметтедi, Бiрге жолдас болуға қабыл көрдi. Қасына жолдас қылды мақұл көрiп, Қолына киiм бердi кесiп тұрып. Жiгiттiң тiккен iсiн бек ұнатты, Көп адам қайран қылды, мұны көрiп. Бұ жiгiт көп адамнан өнерi асты, Тiккенiн көрген адам таңырқасты. Мысырдың тiгушiсi пәс боп қалды, Қандай қылып тiксе де жете алмасты. Мен, Ақылбек өлең қылдым оның өзiн, Сiздерге баяндайын болған кезiн. Ол жiгiт тiгiн тiгiп жата тұрсын, Не болғанын айтайын қожа сөзiн. Ол қожа қатыны көп ұрысты, Бiр-бiрiне бiр қатар низағ түстi. Ашуменен қатынын «үш талақ» деп, Өзiнен шығарғаны жаман iстi. Ашуы басылған соң, алмақ болды, Үш талақ айтқанына бек өкiндi. Қатыны да риза боп ол қожаға, Молдадан iстiң жөнiн сұрай келдi. Молдаларға айтады бұл бiр кеңес: – Бәрiңiз бұл риуаят байлауын шеш. Молдалар да бұларға жауап бердi: Тахлилсiз алмағың дұрыс емес. Ол қожа бiр азғана ой ойлады, «Кiмге тахлил еттiрем?», – деп ойлады. Патша ұғылы ойына келiп түстi, «Жат жерден келген жiгiт» деп ойлады. Шақырған соң тiгушi келдi жетiп, Қатынына қосады тахлил етiп. Екеуi бiр бөлмеге келгенiнде, Қатыны ғашық болды көңiлi кетiп. Қатын сонда бөлмеге қылды жарық, Жiгiттiң жүзiн көрдi жақын барып. Екi толған ай қосылды бiр-бiрiне, Қатынға да ғашық болды жiгiт ғарiп. Екеуi бiр-бiрiне болды ғашық, Қарады бiр-бiрiне бетiн ашып. Ғайш-ғишрат еттiлер бұл екеуi, Көңiлiн бiрге қылды ақылдасып. Жiгiтке көңiл қосты залым қатын, Алдына әкеп көрсеттi күмiс, алтын. – Қожадағы, мендегi бұ алтындар, Атамнан қалған мирас бұ дәулетiм. Тағы да мен айтайын ақыл, – дедi, Қожа сөзiн алмаңыз мақұл, – дедi. Менi айыра молдаға сiздi апарар, Қазыларға бармаңыз жақын, – дедi. Қатын сөзiн ол жiгiт мақұл, – дедi, Ертеңiнде жiгiтке қожа келдi. «Қазыға баралық» деп екеуiн, Келдi де пақыр қожа жауап қылды. – Қазыға мен бармаймын, қожа, – дедi, Қатынды бiз айырмақ қып, – дедi. Қожа айтты: – Бұ сөздi неге айттыңыз? Туғры кiсi деп едiм сенi, – дедi. Көп халық бұ қожаға ақыл айтты: – Өткенге өкiнсеңiз, – дейдi, – қатты, Сiзден кеттi ол қатын, оныкi-дүр, Бiр-бiрiне бекiткен насихатты. Ол қожа бек қайғылы болды, – дедi, – Болған iс орнына болды, – дедi. Қайтейiн дағуаменен iс бiте ме? Құданың құдiретi болды, – дедi. Ол қожа төсек салып хаста болды, Зағыпырандай сарғайып жүзi солды. Ол жiгiттi андан соң шақырып алып, – Мiнеки, менiм халiм мұндай болды. Әй, жiгiт, Қағбаға барған едiң, Белбеуiмдi сен тауып алған едiң. Мал-мүлкiмдi, қатынымды нәсiп ет, – деп, Осылай саған дұға қылған едiм. Болсамшы кемерiмдi мен алмаған, Қатыным шығып кеттi Құдай ұрған. Өз халалым, мiнеки, сендiк, Мал-мүлкiм, қатын едi қарап тұрған. Әуелде қойған екен сiзге қалап, Дұғаны сiзге берiп қылдым талап. Ақыретке көшуге болдым жақын, Қойыңыз өз қолыңнан тәрбиелеп. Әй, жiгiт, не айтамын сiзге? – дедi, Өз дұғам көрiндi ғой көзге, – дедi. Мұнан кейiн мал-мүлкiм сiзге болсын, Бұ кiсiлер куә болсын бiзге, – дедi. Отырған үлкен-кiшi куә болды, Қожаның күннен-күнге беңзi солды. Тiгушiге насихатын айтты дағы, Үш күннен соң аурудан опат болды. – Әй, тақсыр, сөйледiм хикаятты, Қатыннан қожаға келген ғаламатты. «Сенi сүйем» дегенiне инанбаңыз, Ақырында көрсетер кесапатты. Алданар дүнияда қатынға ерi, Халалдығы табылмас мыңнан бiрi. Қатынның хайла-мәкiр сөзiне ерме, Осы болар шаһзада өлер жерi. Патшадан баланы тiлеп алды, Зынданының iшiне тағы салды. Аң аулап далаларда жүрдi дағы, Үйiне кешке жақын келiп қалды. Патша сарайында отырды ендi, Қатыны ләззат тағам келтiрдi ендi. – Ұғылыңыз бұ күн тағы не болды? – деп, Баладан сөз келтiрiп бiтiрдi ендi. – Бiр уәзiрiм тiледi бұ күн, – дедi, Алармын бiр-бiрiңнен кегiм, – дедi. Баланы өлтiрейiн дегенiмде, Тiледi уәзiр менен бегiм, – дедi. Қатын айтты: – Бұлардың сен баршасын, Қиссаның саған айтар тамашасын. Уәзiрдiң хайла қылған сөзiне ерiп, Бiр күнi менiм, сенiң кесер басың. Балаңыз жапсырады жала маған, Уәзiрлер басыңызды сиқырлаған. Олардың сөздерiне еремiн деп, Басыңнан жұда болар осы жалған. Баланы өлтiрмексiң күнде кеше, Мен айттым ақылымды әлденеше. Уәзiрдiң хайласына еремiн деп, Маған һеш инанбасаң бұ күнгiше. Бұл бала жақсы болар қалмағаны, Уәзiрдiң көңiлiңдi аулағаны. Өзiңе пайда сөзiм кәр қылмады, Қатынның саған айттым зарлағаны. Қалмайды қанша айтсам да қатын атым, Залымдар маған жабар жаман атын. Патша, есiтпеген бiр сөзiм бар, Айтайын бiр саудагер хикаятын. Патша тыңдайтұғын оның өзiн, Бастады тағы қатын сеңа сөзiн. «Нешiк ол хикаят?» деген халде, Айтады бiр хикаят болған кезiн. Қатын айтты хикаят патшаға, – Құлағың сал берi, – деп, – тамашаға. Бұрын бiр саудагер болған екен, Дүния деген жетедi осыншаға. Болыпты саудагердiң екi ұғылы, Көп болған өзiнiң де малы, пұлы. Көп жанды қаратыпты тамашаға, Насихат ұғылына айтты өлер күнi. Бiр күнi өз жанынан үмiт үздi, Қасына екi ұғылын отырғызды. – Сiздерге насихат сөз мен айтайын, Қойғайсың таза жуып ендi бiздi. Бұ күннен соң жүзер жыл хисап етiп, Маңар ақша бергейсiң нияз етiп. Атасының өсиетiн бұлар «жөн» деп, Тiрiсiнде фәдие бердi тамам күтiп. Атасының бердiлер фәдиесiн, Өздерiне қалдырды қазынасын. Бiрнеше күннен соң опат болды, Оқытты атасының жаназасын. Жаназасын оқытып, көрге қойды, Топырағы бұйырған жерге қойды. Екi ұғылы пасықтық iстi қылып, Атасының сөздерiн тамам жойды. Екеуiне жүз жылдық еншi бердi, Малды ысырап қылуға бұлар жүрдi. Атасының достарының насихатын, Екеуi қабыл қылмай жүре бердi. Бiреуi хамалшы боп ақша бердi, Хамалшыға көтертiп базар келдi. Шарапты базарларға алып келiп, Көп жанға «таласың» деп қышқырар едi. Көп адам халуаны талар едi, Ол бала бұ iсiне күлер едi. Дайым оның iстерi осыменен, Көп малды ол ысырап қылар едi. Бiреуiнiң әдетi кәбап қылып, Арақ iшiп есiрер кеме мiнiп. Алтынды дарияға лақтырып, Шоп еткенi тұрушы едi қош көрiнiп. Мұныменен бiрқатар заман өттi, Қолынан атасының дәулет кеттi. Екеуi де малынан жұда болып, Ақырында жарлы болып малы бiттi. Екеуi жол үстiнде тiленедi, Бұлардың түрiн көрiп жұрт күледi. Бiр тиын ақша бермей көрген адам, Қасынан жауап бермей жөнеледi. Соңында әкесiнiң құрбылары, Патшаға бардылар оның бәрi. – Осылайша бiр халге түстi, – дедi, Пәленше саудагердiң балалары. Саудагер патшаға айтты сөзiн, Екеуiнiң не қылған ахуалдарын. – Бiздiң де балаларымыз сондай болар, Алып келiп азапта екеулерiн. Бұлайша деп тiледi патшадан, Бұлардан ғибрат алсын көрген адам. Осылайша хәрекет қылмасына, Тиылсын мұны көрiп һәрбiр надан. Патша әскерiне әмiр еттi, Екеуiн тезiрек алып кеп жеттi. – Екеуiңнiң не қылғаның, бұларың не? Жалладқа: «Басын кес!», – деп әмiр еттi. Жалладтар бұл екеуiн ап жөнелдi, Құдаға мың мәртебе көп зарланды. – Патшаға айтатын датымыз бар, Сол жерде бұл екеуi көп жалынды. Екеуi патшаға келдi жетiп, Бiрнеше жалладтар зарлық етiп. – Екеумiз осындай болмағамыз, Өткен халiн айтады мағлұм етiп. – Тiлегiмiз бармады алға, – дедi, Тапсырды бiздi атамыз малға, – дедi. Малды қойып, Аллаға тапсырмады, Сондықтан түстiк мұндай халге, – дедi. Әй, тақсыр, заһир болды әдiлетiң, Бiз көрдiк дүнияның мехнатын. Атамыз себеп болды халiмiзге, Екеумiз тұтамыз деп насихатын. Бiз мұндай жамандыққа тұрмас едiк, Жақсылық ол өлгенше қоймас едiк. Атамыздың өсиетi себеп болды, Хисапсыз көп малдарын жемес едiк. Патша айтты: – Сiздер мұны айтпасаңыз, Басыңды жамандыққа тартпасаңыз. Екеуiңнiң басыңды кесер едiм, Райдан тезiректе қайтпасаңыз. Инғам-ихсан бұларға көп қылыпты, Қазынадан бiрқатар мал берiптi. Екеуiн де құрметтеп бұл патша, Үйлерiне апарып көндiрiптi. Әй, патша, мен айттым хикаятты, Балаңызда бар екен ғаламатты. Залым болған ұғылыңды өлтiрсек деп, Қатыны көңiлiнен мұңын айтты. Өзiңдi өлтiрместен бұрын өлтiр, Хүкiмiңдi жерiне ертең келтiр. Зинһар сен ғапыл болма бұл баладан, Әдiлдiгiң заһир қып тамам бiтiр. Қатыннан естiп алып хикаятты, – Көп қылдың, – дедi, – маған мiнәжатты. Мен оны ертең өлтiрем, – деп, Көңiлiн жұбатып жауап айтты. Патша бөлмесiнде ұйықтап кеттi, Залым қатын хайламен зарлық еттi. Сабах садық тақытқа мiнiп ертеңмен, Жалладқа: «Алып кел!» – деп, әмiр еттi. Жалладқа: «Алып кел!» – деп жарлық етiп, Патша бұйырғанда әмiр етiп. Он бiрiншi уәзiрi жетiп келiп, Патшадан тiледi зарлық етiп: – Әй, тақсыр, әдiл едiң мархабатлы Көп жанға хүкiм шашқан сиясатлы. Шаһзада өткенде не боламыз? Бегiрек көркем едi ғиззатлы. Iс қылсаң бiр Алланың сөзiменен, Хақ Расул пайғамбардың өзiменен. «Ақырзаманда ғылымдар көтерiлер» деп, Кiтаптан өзi көрген көзiменен. Мұнан соң заманақыр жақын келер, Адамнан нақақ жерде қан төгiлер. Адамның надандығы көптiгiнен, Жақыннан дұшпан шығып некен олар. Алданба хайла-мәкiр сөз қылғанды, Әй, тақсыр, дос демеңiз сұм жалғанды, Ғарiп пенен мiскiнге мархабат қып, Қолтығынан көтермек жығылғанды. Осылай пайғамбарым айтқан сөзi, Бiреудiң жығылғанын көрсе көзi. Шамасы келе тұра тұрғызбаса, Қасiретке салғандай өзiн-өзi. Әй, тақсыр, сiздi бұзар залым қатын, Көресiң һәр уақытта ғаламатын. Әй, патша, есiтпеген менiм сөзiм, Уәзiр ұғылы мен патшаның хикаятын. Патша айтты: – Естиiн, сөйле, – дедi, Ұғылымды халалдықпен тiле, – дедi. Оның да хикаяты нешiк екен? Сiз дағы бiр нәрсенi бiле, – дедi. Уәзiр айтты: – Бұрын бiр патша өткен, Халыққа неше заман хүкiм еткен. Ол патшаның бар екен уәзiрi, Уәзiрге ай мен күндей бiр ұғыл бiткен. Ол уәзiрi ақылды, дана екен, Баласының болыпты жүзi көркем. Ұғылының көркемдiгiне қайран қалып, Патшасы ғашық боп жүрген екен. Патша көрмей тұрса жалғыз сағат, Та[ғаты] тақ болады бек қабағат. Ата-анасы патшадан қорыққаннан, Сабыр қылып ойлайды көп қасiрет. Патша бiр күн мас боп арақ iшiп, Балаға жақын келдi көзi түсiп. Басқа бiр баламенен ойнап отыр, Жалладқа: – Өлтiр! – дедi, – басын кесiп. Патша: – Уәзiр ұғылын өлтiр, – дедi, Хүкiмiмдi жерiне келтiр, – дедi. Жат баламен ойнады әдепсiздiк қып, Тезiрек көз көрмеске жытыр, – дедi. Көтерiп күншiлiгi ашуланды, Шыдамай ашуына оттай жанды. Мастықпенен айтқанын қайдан бiлсiн, Жалладтар түбiне ап жөнелдi. Дарға алып кеттi ендi олар, Уәзiрдiң өзiне де бердi хабар. Уәзiр мұны көрiп, жетiп келiп, Олардан көп тiленiп, зары қылар. Уәзiр айтты: – Балаға қылмаңыз қас, Патша арақ iшiп, болып тұр мас. Әгар да өлтiргенiң ертең бiлсе, Сiздердi өлтiрмей, сiрә, қоймас. – Өлтiр! – деп, – бұйрық қылды бiзге, – дедi, Басын кесiп көрсет, – деп, – көзге, – дедi. Әй, уәзiр, ұғылыңды бiз берелiк, Сен бiр ақыл үйретсең бiзге, – дедi. Уәзiр айтты: – Зынданға барың, – дедi, Бiр адам басын кесiп алың, – дедi. «Уәзiрдiң ұғылының басы осы» деп, Патшаның алдына салың, – дедi. Уәзiрдiң бұл ақылын ұғып алды, Зынданнан адам басын кесiп алды. Жалладтар: – Бiз баланы өлтiрдiк, – деп, Патшаның алдына басын салды. Жалладқа патша сонда киiм бердi, Халықтан алтындаған асыл ердi. Баласын уәзiр байғұс алып келiп, Үйiне көргiзбестен тығып қойды. Патшаның ертеңiнде есi кiрдi, Жиғызып, жалладтардан жауап сұрды. – Өзiңiз әмiр етiп өлтiрттiң, – деп, Сырының бас-аяғын айтып бердi. Бiлдiрдi патшаға ахуалын, «Аһ!» – деп, аузынан шықты жалын. – Сүйiнiп, жұбанғаным ұғылы едi, – деп, Ендi былай не болар менiм халiм? Иләһ, бала жүзiн көрер ме екенмiн?! Дүнияда менiм халiм бiлер ме екен?! Қияметте сұраса менен сауал, Бере алмасам, азаптар Жаппар ием. Не болар сауалында менiм халiм?! Осы едi қазынада жиған малым. Онсыз маған тәрiктiк харам-дүр деп, Патша өзiн-өзi кетiрдi әлiн. Жемектен, iшпектен қалды патша, Халуат, бiр бөлек үй салды патша. Нала болып жылайды кеше-күндiз, Патша қайғыланып онда жатса. Iшiне патшаның қайғы толды, Баланың қасiретiнен өлер болды. Мұндай халiн көргенде патшаның, Баласын уәзiр байғұс алып келдi. Баласын киiндiрiп алып жүрдi, Мұндайын патшаның уәзiр көрдi. Баласын есiк түбiне қойды дағы, Бұрынырақ алдына өзi кiрдi. Уәзiр көрсе, патша қылған нала: Мұндай халге салдың, – деп, – Хақ Тағала. Жанымды оның үшiн алсаңшы, – деп, Болмайды бұ жаһанда ондай бала. Уәзiр айтты патшаға: – Көп жыладың, Өзiңе мұндай неге қайғы салдың? Адамдықтан шықтың нала болып, Алтын-күмiс тақытыңды бiлмей қалдың. Патша айтты: – Сөйлемен ендi саған, Нелiктен ақыл айтып, келдiң маған? Өз iсiңе жүре бер ендi жылдам, Балаға көңiлiмдi бердiм оған. Уәзiр айтты: – Әй, патша, Хақ Тағала Тiрiлтiп қасыңызға келсе бала, Сүйiншi сұрап бiреу келсе сiзге, Не нәрсе берер едiң оған және? Патша айтты: – Қуанып көңiлiм толса, Берер ем қазынамда малым болса. Баланы өз орныма патша қылып, Мүлкiмдi берер едiм, Құдай бұйырса. Бар екен патшада көп қасiрет, Уәзiр баласына қылды ишарат. Бала келiп патшаның қолын өптi, Қуанышы көп болды, бек қабағат. Патша көрген халде кеттi талып, Бетiне уәзiр септi күллi су алып. Басын жерден көтерiп тұра келдi, Сүйедi мейiрi кеп алдына алып. Үйiне уәзiр байғұс қайтып кеттi, Көңiлiн патшаның қуанышты еттi. Ертеңiнде тағы да уәзiр келiп, Қасына патшаның жақын жеттi. Патша айтты: – Уәзiрiм, сөзiм саған, Балаға көп қайғылы болдым оған. Сүйiншi үшiн қазынамды бердiм сiзге, Жарқыным, разы бол ендi маған. – Әй, патша, менiм малым – өз малыңыз, Бәрiн де, Құдай қосса, сiз алыңыз. Менiм ұғылым сiздiкi болады ғой, Қайырлы өмiр берсiн Жаппарымыз. Патша бұл сөзiне болады шат, Құрбандықтар бауыздап бек қабағат. Баланы көп шаһарға патша қылып, Көңiлiнен кетiредi көп қасiрет. Әй, тақсыр, құлақ салсаң бұ кеңеске, Қатынға ұйымаңыз ерте-кешке. Сол патша уәзiр ұғылын өлтiргендей, Қалмаңыз ақырында өкiнiшке. Ол патша қасiрет шексе уәзiр ұғылы, Үйiне һеш келмедi малы, пұлы. Шаһзада, қараңыз, өз балаңыз, Қатын сөзiмен өлтiрме ендi мұны. Бұлай деп шаһзаданы тiлеп алды, Баланы зынданына тағы салды. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Сарайға тағам iше келiп қалды. Қатын тағы сөз ашты баласынан, Аң аулап патша келдi даласынан. Бiреуiн басын кесiп өлтiруге, Патша бiле алмай тұр жаласынан. – Он бiрiншi уәзiрiм тiлеп алды, Ол бала қазасыздан тағы қалды. Мұны естiп қатыны патшаға, Неше мәкiр-хайланы айтып салды. – Әй, патша, үш түрлi iс – надандық-дүр, Бұ күнгi iстi ертеңге қалдырмақ-дүр. Екiншiсi, пайдасыз сөз сөйлемек, Үшiншiсi, мағынасыз сөзге ермек-дүр. Уәзiрлерiң айтады сiзге жалған, Көңiлiне шайтан оның ұялаған. Менiм сөзiм кәр қылмай патшаға, Олардың көңiлi бәрi малға ауған. Һәртүрлi сөз сөйлейдi сiзге дайын, Оларға сiз ересiз айтқан сайын. Бiр Сиса хикаятын естiп пе едiң? Айтайын, әй, патша, оның жайын. Қатын айтты: – Бұрынғы бiр заманда, Бiр Сиса атты болыпты ғалым молда. Жүз жыл тағат қылыпты сомғасында, Көңiлiнде ойлағаны жалғыз Алла. Бiр сағат босанбайды ғибадаттан, Қорқады кеше-күндiз жалғыз Хақтан. Бiр ауыз сөзi елге ем болады, Һеш қорлық көрмейдi екен жақын-жаттан. Жазылар ауырғанға дұға қылса, Хастаны алып барар қайда болса. Кереметi ел iшiнде заһир болып, Науқастар құтылмайды алдына алса. Патшаның хаста болды жалғыз қызы, Молданың аты мәшһүр осы кезi. Қасына бiр Сисаның «Алып бар» деп, Бұйрық қып патшаның айтқан сөзi: – Бұ қызым сиххат тапсын дұға қылып, Молдаға қызды бердi алып келiп. Өз қасына бұл қызды алмақ болып, Ол қожа разы болды мұны бiлiп. Ол қызды көрген халде көңiл айтты: «Қалайша мұрат алам мұнан?» – дептi. Қожаны ағу берiп азғырғаны, Уасуасын көңiлiне салып кеттi. Көңiлiне ағу салды шайтан бiлiп, Хадимдер қызды берер ертең келiп. Олардан оңашаға алып қалып, «Жазамын де соңында дұға қылып». Көңiлiне шайтан салды бұлайша деп, Хадимдер қызды бердi қожаға кеп. – Сiздер қайт қызды мұнда тастап, Артыңыздан дұғамен жазамын, – деп. Ол қожаның көңiлi тасып ендi, Ол қыздың жетiп келдi қасына ендi. Үш мәртебе бетiнен өптi оның, Шайтанның уасуасы асып ендi. Ол қожа құшақтап осы қызды, Қасына жақынырақ отырғызды. Тап тақаты, ихтияры қолдан кетiп, Бәкира мөһiрiн оның бұзды. Шайхтың нәпсiсi риза болды, Ақырда iстерiне бек өкiндi. Ол шайтан қожаға тағы және, Азғырып уасуасын айтып тұрды. Адамның суретiнде шайтан келдi, – Иә, шайх, патша ертең келер, – дедi. Ғайш-ғишрат еткенiң бұ қызбенен Бәрi де сырыңды бiлер, – дедi. Қожа айтты шайтанға: – Ендi не етем? Бұ қызды тастап мен қайда кетем? Адам деп нанып қалды бұ малғұнға, – Бiлселер дүниядан ақыр өтем. – Менiм етер пайда осы сенiң, – дедi, Ақылым пайда болар менiм, – дедi. Бұл қызды қазiр жылдам өлтiр дағы, Үйiңнiң бiр жағына көмiң, – дедi. Шайтанның құп ұнатты мына сөзiн, – Ертең келер хадимдер саған өзiң. «Дұғаменен шипа боп кетiп қалды, Үйiне жiбергемдi патша қызын. Дұға қылдым үйiне кеттi, – деңiз, Осы халде үйiне жеттi», – деңiз. Қаладан iздеп-iздеп таба алмайды, Андан соң құтылармыз сiзбенен бiз. Бұл Сиса қабыл алды шайтан сөзiн, Өлтiрдi сол арада патша қызын. Сомғасының бiр жағында пұшмағына, Көмедi тезiрек оның өзiн. Ертеңiнде хадимдер жетiп келдi, Қожаға: – Патша қызы қайда? – дедi. – Дұға қылдым саламат болды дағы, Үйлерiне жiбердiм оны, – дедi. Мұны естiп хадимдер iздеп кеттi, Шаһардың арасынан қызды iздептi. Бiр қарттың суретiнде шайтан келiп – Не нәрсе iздейсiң? – деп келiп жеттi. – Бәрiмiз iздеп жүрмiз патша қызын, Бiлмеймiз қайда екенiн оның өзiн. Адам болып ол шайтан ендi оларға, Бастан-аяқ хикаят айты сөзiн: – Ол қожа өлтiрдi қызды, – дедi, Жалғаншы деп ойлама бiздi, – дедi. Өлтiрiп сомғасына көмгенiнде, Мен салып тұрып едiм көздi, – дедi. Шайтаннан естiп алып хадимдерi, Жүгiрiп қожаға келдi оның бәрi. Сомғасының пұшмағын қарап көрсе, Жаңа көмген табылды қыздың тәнi. Қожа мен қыз сүйегiн алып кеттi, Патшаның алдына барып жеттi. Қызының өлгенiн көрген халде, Биһұш болып сол жерде талып кеттi. Патша шығарыпты ғалымдарын, Қасына алып келдi оның бәрiн. – Шариғат қалай жаза қылады? – деп, Сұрады баршасынан ахуалдарын. Ғалымдар: «Асыңыз», – деп пәтуа бердi, Заһидтi дарға асып кердi. Қысылып заһид сонда дарда тұр, Қарсысына шайтан келiп көзi көрдi. Шайтан айтты: – Құтқарайын сенi, – дедi, Тәңiр деп бiлемiсiң менi? – дедi. Шайх айтты оған: – Мен айтар едiм, Әгар болса құтқармақ жөнi, – дедi. Ол малғұн азғырды ғой шайхты ептеп, Бейшара айта алмады «Әрмен кет!» деп. – Әгарда менi Тәңiр дейтiн болсаң, Айтады: – Маған қарап сәжде ет, – деп. Ол қожаны бұ малғұн бұзып кеттi, Қасына жақынырақ келiп жеттi. – Көзiңнiң құйрығымен сәжде қыл, – деп, Көзiнiң құйрығымен сәжде еттi. Өлтiрмекке кiсi келдi, дарға асып, Тағы да шайтан келдi асып-сасып. – Жолдан шығып, имансыз өттiң, – дедi. Бетке түкiрiп ғайып боп кеттi қашып. Сондай заһид шайтаннан һәлак болды, Әй, патша, бұзып алма туғры жолды. Малғұнның айтқанына көнемiн деп, Мiнеки, бар дәуренi бiр-ақ солды. Осындай азғырғанда молдаларды, Нелiктен бұзбай тұрсын уәзiрлердi. Хайла-мәкiр сөйлеген сөзiне ерiп, Әй, патша, дос көрмеңiз һәм оларды. Бұ шайтанның үш түрлi тұзағы бар, Адамға һәрбiр түрлi ағуа салар. Садақа бергенiңде «аз бершi» деп, Берместен бұрын, оның көңiлiн алар. Не үшiн малың жоққа бiтiресiң? Саған қарттық келгенде не көресiң? Садақа-қайыр берсең аз ғана бер, Соныменен тозаққа сен кiресiң. Әгарда кiшкене сал мешiт салсаң, Үлкен қылма, әгарда, көпiр қылсаң. Қайыр қылсаң бердiм деп жұртқа сөйле, Қор болмай сендер менiм тiлiмдi алсаң. Әй, патша, бұлардың iсi жаман, Болмайды ақырында басың аман. Ұғланның жала жауып харамзада, Кесапатын тигiздi, мiне, маған. «Ертең өлтiрем» деп ұйықтап кеттi, «Баланы алып кел!» – деп қаһар еттi. Жалладқа: «Басын кес!» деп бұйырғанда, Он екiншi уәзiрi келiп жеттi. – Әй, патша, патшадан насихат-дүр, Ерлерге қатын сөзi кесапат-дүр. Сараңдықтан сақтаның дүнияда, Сараңдық қияметте мехнат-дүр. Расул айтқан ұжмаққа сараң кiрмес, Сараңдар ұжмаққа жақын жүрмес. Сөздерiн қатын, қыздың қош көргеннiң, Ерлердiң бiр басына опа болмас. Уәзiрдiң насихатын алмасаңыз, Лайықсыз қатын сөзi тыңдасаңыз. Сөзiмен амал қылмақ дұрыс болмас, Бiлерсiз өзiң надан болмасаңыз. Ақылды, дана болса дұшпан адам, Дұшпаннан опасыз-дүр дос-надан. Бiр күндерде наданнан жауыз шығар, Жақсы лақабын қор болмас бiлген адам. Пайғамбар айтқан екен бiр риуаят, Екi аразға қосылмақтық айтса өсиет. Бiр патша бұрынғыда болған екен, Қасына бiр дәруiш келген екен. Патша сұрады ғой оның халiн, Әуелiнде танымай тұрған екен. Дәруiш айтты: – Танымадың нелiктен сiз? Бiрге болып жүремiз кеше-күндiз. Патша айтты: – Мен сенi танымаймын, – Халiмдi мен айтайын тыңдасаңыз. Ендi таны, тәңірiңмен көзiңдi салып, Патша Абдал сөзiне ғажаптанып. Бұл Абдал сөз бiр сөз айтып, «Бұ дәруiш өкiнсiн» деп ой ойланып. – Әй, Абдал, тәңiрлiк қыласың сен, Мына тұрған баланы көресiң сен. Тәңiр болсаң зорайтшы екi көзiн, Һәрбiр түрлi нәрсенi бiлесiң сен. Дәруiш айтты: – Мен өзiм екi ағайын, Айтпасаң да бiлемiн оның жайын. Белiнен жоғарғысына ол хүкiм етер, Белiнен төменгiсiн зорайтайын. Қарындасым көкке хүкiм етер деймiн, Менiм жерге құдiретiм жетер деймiн. Белiнен төменгiсiн зорайтайын, Көңiлiңiз осыменен бiтер деймiн. Патшаға мына сөзi қош көрiндi, Дәруiшке бiрқатар малын бердi. Бұған ұқсас бар едi бiр хикаят, Патша: – Естиiн оны, – дедi, Уәзiр айтты: – Сұлтан Махмұд заманында Бiр дана, хас уәзiрi болған онда. Уәзiрдiң өз есiмi Аяс екен, Патшаға қызмет қылғанында. Аясқа бiр күн келдi бiр дәруiш, – Әй, уәзiр, мен айтайын саған бiр iс. Құдай тағала құрметi үшiн мына маған, Патшадан берiңiз алтын-күмiс. Аяс айтты дәруiшке: – Сөзiм, – дедi, Патшамен ауға шығам өзiм, – дедi. Ертең ауда жүргенде менiменен, Қарсыласып жолықсаң өзiң, – дедi. Сол халде қолың көтерсең дұғаға «Құстың тiлiн бiлем» де патшаға. Бiр нәрсе бергiзейiн Құдай үшiн, Андан соң кем болмайсың дүнияға. Ол дәруiш үйiне қайтып кеттi, Патша мен ол Аяс аңға кеттi. Аң аулап Аяспенен жүргенiнде, Қасына ол дәруiш келiп жеттi. Дәруiш патшаға: – Кезiм, – дедi, Құстың тiлiн бiлемiн өзiм, – дедi. Аяс та патшадан көп өтiнiп, – Мен де құстың үйренсем сөзiн, – дедi. Патша айтты Аясқа: – Барың, – дедi, Құстың тiлiн үйренiп алың, – дедi. – Мен құс тiлiн үйренiп жеткенiмше, Бұ дәруiшке нәпақа салың, – дедi. Патша уәзiрiн құрмет еттi, Күнде қызыл алтын беруге әмiр еттi. Неше заман дәруiш Аяс жанында, Тұрды да патшаға келiп жеттi. – Әй, патша, құстың тiлiн бiлем, – дедi, Үйренiп қасыңызға келдiм, – дедi. Аястың мақұл көрiп мына сөзiн, Ауға шықса қасына ертiп жүрдi. Дәруiшке хисапсыз мал бердiрдi, Қайда барса қалдырмай ертiп жүрдi. Бiр күнi, жол қасында бiр ағашта, Екi байғыз отырған оны көрдi. Патша айтты Аясқа: – Бермен жүр, – деп, Екi байғыз не дедi, сөйлеп көр? – деп. Құстың тiлiн үйрендiм деп едiңiз, Не айтқанын сiз маған хабар бер, – деп. Ағашқа Аяс тұрды құлақ салып, Патша уәзiрiне жақын барып. «Бiрiнде ұғыл, бiрiнде жалғыз қыз бар, Екеуiн қоспақшы қабыл алып. Бұ құс тағы қызына мейiр үшiн, Әгар жетсе алуға сенiң күшiң Бес жүз шаһар сұрайды ойран болған, Шамаң келiп бiтiрсең тозған iсiн. Бұ құсқа алатын құс жауап берер, Мынаның айтқан сөзiн қабыл көрер. Сұлтан Махмұд патша заманында, Саған ол бес жүз түгiл мыңды берер». Патша айтты Аясқа: – Қылатұғын, Бес жүз шаһар бiр-бiрiнен алатұғын. Әлде залым болдым ба заманымда, Шаһардың бәрi қирап болатұғын. Екеуi уәзiрменен үйге кеттi, Өзiнiң мақамына келiп жеттi. Уәзiрдiң жалған сөзi қош көрiнiп, Қирап болған үйлердi құп түзеттi. Әй, патша, бұ хикаят оның өзi, Патшаға қош көрiндi жалған сөзi. Андан басқа көп сауап хасыл қылған, Бек абзал патша боп өткен кезi. Әй, тақсыр, менiм айтқан жауабым көр, Жалмайды жан бiткендi бұл қара жер. Сұлтан Махмұд көп сауап қылған үшiн, Бағыштап «Рахмату Алла алейһи» дер. Уәзiрдiң сөзiменен амал қылсаң, Ризамыз баршамыздың басын алсаң, Шаһзада ғұмырын тiледiлер, Бiз разы емеспiз қайғы салсаң. Уәзiрден естiп алып хикаятты, Зынданға ұғылын салып ауға кеттi. Кешке дейiн аң аулап жүрдi дағы, Өзiнiң сарайына келiп жеттi. Тағам iшiп қатынмен бiрге отырды, Ұғланнан тағы және сөз келтiрдi. – Ұғылыңыздың бұ күнде халi нешiк? Жұбатып бiлмесеңiз күн өлтiрдi. – Бұ күн тағы мен салдым зынданыма, Бұзылдым уәзiр зарлық қылғанына. Қатын айтты: – Сөзiме инанбайсың, Бiлмейсiң уәзiр залым болғанына. Хайласы уәзiрлердiң болды күштi, Көрерсiз ақырында күйiнiштi. «Арруиа уаһил мумин»* деген Расул, Мүмiнге түсiнде айтар сүйiнiштi. Бiр түс көрдiм мен бүгiн жаман, – дедi, Қырық басы бар аждаһа, инан, – дедi. Басы оның зәһарлы болған екен, Артында көп әскерi толған, – дедi. «Тақытыңменен жұтам, – деп, – сенi», – дедi, Үш мәртебе қасыңа келдi, – дедi. «Зәһарды саған таман шашамын», – деп, Қорқытты көрiп тұрған менi, – дедi. «Уәзiрдiң сөзiн алып өттiң, – дедi, Қатыныңның ақылын неттiң? – дедi. Тақытыңмен сенi жұтам», – деп тұрғанда, Қорыққанымнан оянып кеттiм, – дедi. Патша айтты: – Тағбирi не болғаны? Қатын айтты: – Жүресiң ендi әнi. Ол аждаһа көргенiм ұғылыңыз-дүр, Өлтiрмекке ойлаған ендi сенi. Қырық басы – қырық уәзiр оның, – дедi, Жылан әскер-ғауам халқыңнан, – дедi. Зәһарды саған шашпақ тiлегенi, Тақытыңды алмақ едi сенiң, – дедi. Қышқырғаным менiм саған сиясатым, Сақтанып менiм тұт насихатым. Бiр патша менен Шолханың сөздерiне, Сенiң маған ұқсайды хикаятым. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Қатын айтты: – Аяймын сенi, – дедi. Мен айтайын хикаят құлағың сал. Әгарда қабыл алсаң менi, – дедi. Қатын айтты: – Iлгерi заман өткен, Бiр ұлық патша хүкiм еткен. Бiр күн оның бiр кiсi жанына кеп, Өзiнiң бiр хайласын айтып кеткен. Патша, сөз айтайын әлi, – дедi, Мен ғарiп-мағлұм болсын халi, – дедi. Халалдан туған кiсi оны көрер, Тоқимын қасиеттi салы, – дедi. Харамнан туған кiсi көрмес деймiн, Нендейiн нәрсе екенiн бiлмес, – дедi. Әгар маған «тоқы» деп әмiр етсең, Бiздей ғарiп аянып жүрмес, – дедi. Осыны айтты дағы үйiне кеттi, Шолханың тамам жаннан хайласы өттi. Патша ғажаптанып бiр салыны Тамашалап «тоқысын» – деп әмiр еттi. Сол халде патшаға келдi жетiп, Бiр талай хараж алып қалды кетiп. Алса да бұ харажды осы Шолха, Бiрнеше күн патша тамаша етiп. Патшаға бiр күн келдi Шолха тағы, Тәңiрiнiң о да болса берген бағы. Бiр қағаздың жақ жағын қаттап тiгiп, Патшаға әкелiп бердi дағы. Алдына патшаның әкеп қойды, – Ол салыны тоқыдым мен, – дедi. Патша қағазды ашып көрсе, Һеш нәрсе қарағанда көрiнбейдi. Патшаның көп әскер адамдары, Қарады тамашалап оның бәрi. Қараса да һеш нәрсе көрiнбедi, Патша тұрып сонда ой ойлады. Патша қапа болды осыған бек, «Һеш нәрсе көрiнбейдi осынан» деп. Көңiлiнен патша: «Аһ», – дедi, «Мен харамнан туған екенмiн, – деп. Һешбiр шара болмайды ендi, – дедi, Жақсы салы деймiн мен мұны, – дедi. Халыққа мен масқара болғанымша, Онанда мен мақтайын соны», – дедi. Патша айтты: – Бұ салы бек жақсы екен, Шолха жiгiт жақсылап қылған екен. Мұны мен шүбһәсiз бек жараттым, Тағы да бiр салы болса. Жiгiт айтты: – Әй, тақсыр, бiр бөрiктi Және тiгiп берейiн оны, – дептi. Бiр бөрiктi Шолха жiгiт тағы бердi, Дәл салының порымындай оны тiктi. Шолха жiгiт оны да тiгiп салды, Патшадан хисапсыз алтын алды. Алып келiп патшаға кигiзгенде, Бектерi, уәзiрлерi қайран қалды: – Әй, тақсыр, жақсы болған салы, – дедi, Қалайша қып iстеген оны? – дедi. Әй, тақсыр, тахсин етiп бөрiгiңiздi, Жаратты уәзiрiңнiң бәрi, – дедi. Патша бiр уәзiрiн ертiп алды, Халуат бөлмесiне алып барды. – Осы салыны мен тiптi көрмеймiн, – деп, Айтады бөрiкiнен бiр хабарды. – Харамзада екемiн өзiм, – дедi, Көрмеймiн осы салының өзiн, – дедi. Патшаның айтқанын уәзiр дағы – Мен де сiзге айтайын сөзiм, – дедi. Бiз дағы көре алмаймыз осы салыны, Мұны естiп, бәрi де қайран қалды. «Бiр хикмет арасында бар екен» деп, «Харамзада бәрiмiз» деп ойланды. Болмады сұрай-сұрай көңiлге тоқ, Шолха бекер iстеген дүния боқ. Ақша алуға көрсеткен бұ хайланы, Ақиқатын байқаса, асылы жоқ. Әй, патша, «Ертең өлтiрем, – деп, Хүкiмiмдi жерiне келтiрем», – деп. Өлтiрем деп айтасың, өлтiрмейсiң Уәзiрiңнiң көңiлiн бiтiрем деп. Әй, патша, түс көргенiм бұ күн, – дедi, Бiлмейсiң мағынасын оның, – дедi. Менiм сөзiм Шолханың салысындай, Ақырда аман қалмас жаның, – дедi. Басыма келер менiм бiр машақат, Бектердiң хайласы бар бек қабағат. Ұғылыңды өлтiрмей тұрасың сен, Ақырда болса керек бiр мехнат. Қатыны мұны айтып жылай бердi, Патша зарлағанын қабыл көрдi. – Ертеңгi күн қай уәзiрiм тiлесе де, Мен оны өлтiрем, – деп жауап бердi. Бұл iсiм кiшкене емес, бiлгiл, – дедi, Ертеңмен өлтiргенiм, көргiл, – дедi. Мұны айтып бөлмесiне кiрiп жатты, Уәзiрлерге «Алдыма жүргiл», – дедi. Алдына уәзiрлерi келдi бәрi, Патшадан тiлемекке баршалары. – Бұ күнгi әдiлдiгiм заһир болсын, Бiлiндi бұлардың ахуалдары. Жалладтар жетiп келдi қаһар етiп, Патша бұйырған соң әмiр етiп. «Ұғланның мойнын ұр!» деп бұйырғанда, Он үшiншi уәзiрi келдi жетiп. Уәзiрi жақын келдi: – Ғапу қыл, – деп, Патша қаһарланды: – Тек отыр! – деп. Бiр қағазды патшаға уәзiр бердi, «Әй, тақсыр, мұнда бар тамаша-кеп». Патша бұ қағазға салды көзiн. «Патша, байқа! – дептi, – мiне сөзiм. Астарлапты қарадым түнекүнi, Талиғында нахошты болған кезiн. «Бiр бәле шаһзадаға келер деген, Қырық күнше нахошты болар деген. Сөйлесе оның басы кесiлер», – деп, Патша оқып көрдi бұлай деген. Бiр жолы тiлек қылды қырық уәзiр: – Әй, тақсыр, өлтiрмеңiз мұны қазiр, Қырық күн тамам өткенше ғапу қылың, Ақырында бұл iсi болар әзiр. Бiлiнер ақырында харамдары, Өзiнiң қылған онда ахуалдары. Нахошты өткенше өлтiрме, – деп, Тiледi патшадан оның бәрi. – Ақырында табылар бiр мехнат, Арасында бар шығар бiр маламат. Патша рұқсат берсе айтар едiм, Бұған ұқсас бар едi бiр хикаят. Уәзiр айтты: – Жаһанда патша өткен, Аллаға һәрдайым да құрбан еткен. Ұғыл-қызы жоқ едi патшаның, Жетi ықылым үстiнен хүкiм еткен. Патша һәр уақытта бердi құрбан, Құрбанын Хақ Тағала қабыл қылған. Бiр ұғыл бердi, – дедi, – Жүсiп дейiн, Сипаты туған айдай нұрлы болған. Патша бiр күн жиды мұнажжимдерiн, Шаһарда қанша болған ғалымдарын. – Ұғылым талиғында не бар екен? Бұйырды: – Кiтап аш! – деп оның бәрiн. Мұнажжимдер аша бердi кiтап алып, Қарады бiр-бiрiне қайран қалып. Сұрады патша ендi олардан: – Нелiктен қарадыңыз көзiң салып? – Жиылды қанша молда бәрi мұнда, Сөзiмнiң дәлелi бар анығында. Отыздан алпысқа жеткенiнше, Нахошты күндерi бар талиғында. Мұныменен бiрталай заман өттi, Қасынан ғалымдары тарқап кеттi. Атасының тәрбиесiнде ол баласы, Шаһзада жетi жасқа келiп жеттi. Атасы артық көрiп тәрбие еттi, Бiр күнi оқысын деп молдаға iлiттi. Аз заманда ғылымды тамам етiп, Ғылымы талай жаннан асып кеттi. Атасы шаһзаданы абзал көрдi, Аз күнде балиғатқа толып келдi. Өзiндей бiр әдiл патшаның, Балаға оның қызын алып бердi. Туыпты шаһзададан екi бала, Сондай қылып жаратқан Хақ Тағала. Екеуiн де молдаға оқытқан соң, Ғылым хасыл қылыпты – екi дана. Екi ұғылымен шаһзада ау аулады, Екеуiмен бармаған жер һеш қоймайды. Атпенен аңын аулап келдi дағы, «Ендi сумен жүрейiн» деп ойлайды. Бiр күнi дарияға кiрмек болды, Алланың не салғанын көрмек болды. Кемеменен қырық кiсi бiрге болып, Қасына екi ұғылы ермек болды. Кемеге қырық үш кiсi кiрдi ақыры, Бiрнеше күн дарияменен келе жатыр. Дариядан ұғыры фиранк бұларға кеп. Соғысып мұны жеңдi өңкей батыр. Бұларға ұғыры фиранк соғыс салды, Шаһзаданы екi ұғылымен ұстап алды. Қырық кiсiнi қалдырмай бiрге алып, Өздерiнiң үйлерiне алып барды. Көрсеттi бұларға көп мехнатты, Адам жейтiн зәңгiге мұны сатты. Жалғыз-ақ екi ұғылын алып қалды, Қырық бiрiн көп зәңгiлер алып қайтты. Бұларды алып барып қойды, – дейдi, Бiреуден күнде сойып жедi, – дейдi. Күнде-күнде пiсiрiп асханаға, Бұлардың бәрiн дағы жойды, – дейдi. Ендi кезек келедi шаһзадаға, Бұ пақыр көп жылады бiр Аллаға. Зәңгiлердiң қолынан қарғып кетiп, Қаңғырып қашып кеттi айдалаға. Одан келiп, бiр шаһарға барып кiрдi, Патшаның әскерi мұны көрдi. «Бұл жүрген бiр далада дұшпан ғой» деп, Бәрi де шаһзадамен соғысып қалды. Шаһзада бұларды жеңер болды, Патшаның алдына бiреу келдi. Патша келiп қараса ендi мұны, Әскердi ойран қылған көзi көрдi. Қайран қалып шаһзаданы ертiп алды, «Мұндай батыр болар ма!» деп көзiн салды. Үстiне асыл киiм кигiздi де, Патшаның бiр сұлу қызын алды. Патша тарту үшiн қызын бердi, Екi жыл бұ қызбенен дәурен сүрдi. Екi жыл ғайш-ғишрат еткеннен соң, Үшiншi жыл бұ қызы опат болды. Бұ шаһардың әдетi бұлайша екен, Онда бiр терең құдық болады екен. Қатын өлсе ерiменен бiрге қылып, Ол құдықтың iшiне салады екен. Тiрiлей шаһзаданы салмақ болды, Бұ ғарiп ылажы жоқ бармақ болды. Құдық аузын бекiтiп бiр таспенен, Қыз қасында шаһзада қалмақ болды. Құдыққа жiгiтпенен қызды салды, Шаһзада мехнатта тағы қалды. Таспен аузын құдықтың бекiткен соң, Жан-жағына бұрылып көзiн салды. Көзiн салса жан-жаққа бiр қыз көрдi, Қасына шаһзада жақын келдi. – Жаңа түскен келiн едiм, ерiм өлдi, Бiр ылаж болар ма екен ендi? – дедi. Қараса, құдық iшiне өлiк толған. Шаһзада Құдаға нала қылған. Екеуi зар еңiреп отырғанда, Бiр жағынан бiр дауыс пайда болған. Жануар келген iзiмен жүрiп кеттi, Тесiктен өтiп тауға барып жеттi. Тау жанында бар екен ағын дария, Бiр кеме тауып алып мiнiп кеттi. Бұ кемеге мiндiлер шүкiр етiп, Арада неше заман, көп күн өтiп. Жемiс салып кемеге бұлар жүрiп, Тағы да үлкен тауға келдi жетiп. Кеменi тасқа соғар, бiрде жарға, Күн менен түн бiлiнбес ғарiптерге. Кемеге кiрген суды төгiп тұрар, Һешбiр дамыл бермедiлер пақырларға. Бiрде бұлай ағады, бiрде бұлай, Бұларға мехнат берген Жаппар Құдай. Кеудесiнде қалады құр жандары, Арада көп күн өттi жылай-жылай. Бiр таудың етегiне жеттi бұлар, Кемедегi суларын төктi бұлар. Ол таудың етегiнен бұлар шығып, Сахара даласына өттi бұлар. Бiр қуаныш болды ендi бейшараға, Аман-есен шыққан соң сахараға. Ол таудағы жемiске тойып алып, Бiр көрiнген келдi бұлар мұнараға. Шықтылар сахараға мидай дала, Қандай күйге саласың Хақ Тағала. Алыстан мұнараға келсе жетiп, Төбесi мұнараның ақ пиала. Бiр талай алған екен алыс жердi, Ол мұнара қалаға жақын келдi. Әйнекке жақын келiп көзiн салса, Пиаланың үстiнен жазу көрдi: «Әй, бұ жерге келсе, әгар, адам, – дейдi, Бұ мұнараны көрсеңiз тамам, – дейдi. Алты аяқты жануар бауыздасаң, Бұ тылсым ашылады саған», – дейдi. Жазуды бұлар оқып тамам қылған, Баянсыз өте шығар дүния жалған. «Алты аяқты жануар болар ма?» деп, Қызбенен екеулерi қайран қалған. Құданың құдiретiне таң қалады, Қайда барса қызбенен бiр барады. Кемеде бұлар жүрiп бек кiрлеген, Тылсымның есiгiнде бит қарады. Бит қарап бұл екеуi отырды онда, Тылсым есiгi ашылды сол заманда. «Алты аяқты жануар болар ма?» деп, Екеуi ғажап қылып отырғанда. Алты аяқты жануар не дегенiн, Екеуi ендi бiлдi бит екенiн. Кiрiп барса, iшiнде бiр бақша бар, Жемiстен жедi бұлар тiлегенiн. Қараса, бiр бақ екен – жемiсi көп, Шығыпты һәр алуан асылдан шөп. Жемiстiң бiрiн үзiп асағанда, Көп екен алтын-күмiс, жауһары бек. Бұдан өтiп тағы да жүредi ендi, Ол мұнара тұсына келедi ендi. Бiр құббаның iшiне ашып кiрсе, Тағы да бiр құббаны көредi ендi. Ол құббаға екеуi кiрдi бұлар, Онда бiр тақыт бар, көрдi олар. Ол тақыттың үстiнде алтын табыт, Бiр тақтайда жазылған жазуы бар. Бұларға мал қиын ба, Тәңiрiм берсе, Неше түрлi тамаша, асыл нәрсе. Алтын табыт үстiнде бiр тақта бар, Тақтайда хат жазулы бұлар көрсе: «Мен едiм үлкен патша тiрi уақытта, Көп заман пәрмен еттiм алтын тақытта. Қаһарменен қорқытып көп әскердi, Қарамай әдiл болдым жақын-жатқа. Хисапсыз болып едi менiм малым, Адамға мағлұм болар менiм халiм. Дию, перi хүкiмiмде болған едi, Хайуан, жолбарыспен оның бәрiн. Мен өзiм мың жыл ғұмыр сүрген, Өлерiмдi мен бiлмей жүрген едiм. Бiр күнi хаста болып ауырған соң, Дүниядан ендi өлерiмдi бiлген едiм. Ойладым дәуренiм ендi сола, Қайғырды екi жұртым маған бола. Үш күнде бұ құббаны тамам етiп, Мен үшiн бұл шарбақты қылды мола. Басымда екi шашма бар-дүр, бiлiң, Қасымызға, адам ұғылы, жақын келiң. Бұл шәрбатты iш дағы алтыннан ал, Менiм үшiн Аллаға дұға қылың». Бұлайша деп жазылған хаты бiттi, Екi шашма қасына жақын жеттi. Бiреуi – сүт шашманың, бiрi – шекер, Бұл қабiрдiң қасында көп күн өттi. Сүттi алып, шәрбаттi iшiп кеттi, Бұл қабiрде бiрқатар заман өттi. Шәрбат, жауһар, алтын-күмiс бұлар алып, Кемесiнiң жанына келiп жеттi. Кемемен бұлар кеттi сумен ағып, Бiр тауға келдi бұлар толқын қағып. «Жемiс болса бiз терiп алайық», – деп, Екеуi биiк тауды көрдi бағып. Екеуi судан шығып таудан асты, Үстiне бiрнеше адам ұшырасты. «Бұларды патшаға берелiк», – деп, Бәрi де ұстамаққа жапырласты. Бұларды жапырласып ұстап алды, Шаһзада бұларға көзiн салды. Бастары жоқ, көздерi кеудесiнде, Көздерi еңбегiнде қайран қалды, Патшасына бұл екеуiн алып барды, Бұларды тұтқынға ендi олар салды. Бiр күнi бұлардан қашып шығып, Дариядағы кемеге мiнiп алды. Шаһзада отыз жыл дарияда, Неше түрлi мехнат көрiп бұл арада. Хисапсыз мақұлықтан құтылып келсе, Бiр шаһар көрiнедi айдалада. Шаһарға бұлар сонда ағып барды, Тағы да көп адамдар ұстап алды. – Бiр дұшпанды, әй, тақсыр, әкелдiк, – деп, Екi қолын артына байлап салды. Патшасы бұлардың сұрды халiн, Шаһзада айтты бұған ахуалын. Мұны естiп патшасы: – Кете, – дедi, Мен өлсем сiздiкi-дүр жиған малым. Бiз өлсек сiздiкi-дүр бар малымыз, Жалғыз қызым бар едi сiз алыңыз. Атаңнан кеткенiңдi мен бiлемiн, Бiздерге баян болған өз халiңiз. Шаһзада айтады: – Маған, – дедi, Мен бiр жауап айтайын саған, – дедi: Мен туғанда мұнажжимдер кiтап ашып, «Отыз жыл нахошты бар бұған», – дедi. Нахоштым бiткен жоқ әлi, – дедi, Қызыңызды мен алсам оны, – дедi. Басымдағы мехнатым себеп болып, Оның да жаман болар халi, – дедi. Мұны естiп патша мұнажжимдерiн Жиғызып келтiрдiлер оның бәрiн. Шаһзада нахошты өттi ме екен? Ғалымдар, тауып бершi ахуалдарын. Ғалымдар кiтап ашып өткен екен, Нахошты күндерi бiткен екен. – Шаһзада, сүйiншi ендi бiзге, Қуаныш, шаттық күнiң жеткен екен. Патша бек шаттанып айтқан сөзiн, Шаһзаданы ұғыл қылды оның өзiн. – Мен өлсем, сiздiкi, – деп, – жиған малым, Қосады неках қылып жалғыз қызын. Бiрнеше күннен кейiн патша өлдi, Шаһзада орнына патша болды. Патша боп тақытына отырғанда, Көп адамдар қасына жақын келдi. – Базарға келдi, – дедi, – фиранктер, Қолында сатам деген екi ұғылы. Мұны естiп патша: – Келсiн, – дедi, Базардағы фиранкке бердi хабар. Фиранктер алып келдi екi бала, Патша қайғыланды көре сала. Шаһзада бұрынғы екi ұғылы екен, Мұндай қылған оларды Хақ Тағала. Сұрады фиранктерден: – Мұның кiм? – деп, Олар айтты: – Сататын құлымыз, – деп. Бұлардан патша да хабар сұрды: – Менiң де жоғалған бұл ұғылымыз, – деп. Бұлар сырды патшаға баян қылды, Көңiлiне патшаның шатлық болды. Тақытына қайта барып отырды да, Фиранктi шапқылатып һәлак қылды. Бiрнеше күн тұрдылар ендi бұлар, Басындағы халдерiн баян қылар. «Осындай бiр шаһарға патшамын» деп, Атасына бiреуден бердi хабар. Атасының орнына патша болды, Мехнаттан құтылып, көңiлi толды. Екi жаққа ол бiрдей хүкiм етiп, Бұл сөзiм осыменен тамам болды. Әй, патша, соның үшiн хикаятты, Отыз жыл олар шектi мехнатты. Сол секiлдi шаһзада хикаяты, Басында арылмаған ғаламаты. Қор болар бақыттары қайтқан адам, Iшiнде мехнаттың жатқан адам. Алтын деп ұстағаны топырақ болар, Дәулеттен мехнатты артқан адам. Нахошты өткенше сабыр етiң, Бiр хабар қылса керек Құдiретiм. Қатынның хайла-мәкiр тiлiн алып, Қырық уәзiр айтатын сөзiң күтiң. Патша қабыл көрдi жылағанын, Қырқының тiлекпенен сұрағанын. Аң аулап үйiне келген халде, Қатын сөзiн айтатын сiздерге оның. Тағам iшiп қатынмен бiрге отырды, Патша заманында iс бiтiрдi. – Нешiк болды ұғылыңыз тағы да? – деп, Баладан қатын залым сөз келтiрдi. – Қырық уәзiр тiледi менен, – дедi, Үзгенiм жоқ үмiтiм сенен, – дедi. Не болса да болады ертең ерте, Теңгерiп халалдығын көзiм, – дедi. Қатынға патша айтты уәзiр сөзiн, Отыз жыл нахошты болған кезiн. Қатын айтты: – Бұл айтқаны уәзiрлердiң, Нахошты көрiнген сенiң өзiң. Уәзiрiңнiң белгiлi жамандығы, Сiзге айтқан ол бекер дұшпандығы. Өз басыңа ол келген нахош-дүр, Арамзада нахошты болғандығы. Бiр жұмадан берi мен буаз болдым, Саған жаны ақырымен дос болдым. «Биллаһи инан»* деп ант еттi, Шүбһәсiз харамдығын анық бiлдiм. Әй, патша, бұ балаңыз халал емес, Айтқаныма наныңыз, уайым жемес. Екеумiздi қырық уәзiр айырмаққа, Күн жұбатып айтады күнде кеңес. Өзiңiз де нанасыз көп жалғанның, Көңiлiн қайтармайсыз зарлағанның. Хикаятын есiтпеген сенiң өзiң, Баласы дүнияда болғанның. Қатын айтты: – Бұ жаһан сарайында, Ұлық патша болған бұ жалғанда. Ұғыл-қызы жоқ екен ендi оның, Сүйегi сырқырайды зарлағанда. Бiр шайх және болған бұ шаһарда, Патша шақырыпты жиылғанда. – Йа, шайх, маған бiр дұға қылғыл, Дүнияда мен болдым көп арманда. Шайх айтты: – Бiр Аллаға қылсаң құрбан, Иншалла, бiр ұғыл болар саған. Андан соң ұғыл берер дұға қылсам, Патша разы бол ендi маған. Патша құрбан қылды семiз қойды, Етiне дәруiштер тамам тойды. Бiр кәсе тағам берiп патшаға, Дұға қып, шайх сонда көңiл қойды. – Бұ тағамды патша iшсiн, – дедi, Бiр ұғыл, иншалла, болар, – дедi. Мұны есiттi патшаға әкелген соң, «Бiр ұғыл Хақ Тағала бердi», – дедi. Патшаға Хақ Тағала ұғыл бердi, Жылаған көздiң жасын қабыл көрдi. – Дұға қылып себепкер болдыңыз, – деп, Шайхқа бiр хисапсыз малын бердi. Патша бiр күн айтты ол қожаға: – Мiнәжат қылсақ, – дедi, – бiр Аллаға. Бiр ұғыл тағы маған берер ме екен? Мен үшiн қол көтерсең бiр дұғаға, – Бұрын да сiзге дұға қылғам, – дедi. Аллаға тағы керек құрбан, – дедi. Дәруiшке бiр малды құрбан етсең, Бiр ұғыл болса керек саған, – дедi. Ол қожа қылмақ болды мiнәжатты, Құрбан қылды бiр үлкен семiз атты. Патшаға тағы да тағам бердi, Ақырда ұғыл бердi нұр сипатты. Патшаның қатыны хамле болып, Бiр ұғыл туды, – дедi, – айдай толып. Дәруiшке патша құрбан етiп, Қожа дұға қылған соң себеп болып. Бiр күнi патша көрдi ол қожаны, – Мен үшiн және қылсаң бiр дұғаны. Үшiншi балам болсын дүнияда, Инғам-ихсан қылайын тағы сенi. Қожа айтты: – Тағы да құрбан етiң, Аллаға қабыл болсын бұл ниетiң. Дәруiшке құрбан берiп дұға қылсам, Иншалла, ұғыл берер Құдiретiм. Мұны айтып ол қожа қайтып кеттi, Патша бiр қашарды құрбан еттi. Дәруiштер құрбанды асадылар, Патшаға тағам алып келiп жеттi. Патшаға ұғыл бердi Хақ Тағала, Балиғлыққа толыпты бұл үш бала, Харамзада болыпты ең кенжесi, Екi үлкенi болыпты ғалым дана. Үлкенi бек қабағат дана болды. Ортаншысы баһадүр өткiр едi. Кiшi ұғылы – харамзада, қан төгушi, Патша бұған қатты ренжiр едi. Бiр күнi қожаменен сұхбаттасып, Патша отыр едi сөз сөйлесiп. Кiшi ұғылын баяндап айтады сөз: – Туғанынан тумағаны оның, – десiп. Әй, қожа, менiм үшiн дұға етiң, Һәр iсi қиын емес құдiретiң. Екi ұғылым болса да жетер едi, Үшiншiнi тiлемеген болсам едiм. Қожа айтады: – Бiлдiрсем оның кезiн, Тыңдап тұр, әй, тақсыр, менiм сөзiм. Кiшi ұғылың харамзада болуына, Балаға себеп болған өзiңе-өзiң. Үлкенiне қой бердiң бек қымбатты, Екiншiге шығардың семiз атты. Үшiншi ұғылыңа құрбан қылдың, Харамзада қашардан кесапатың. Қойды берген балаңыз қойдан жуас, Атты құрбан қылғаның баһадүр хас. Қашар берген, мiнеки, кiшi балаң, Харамдық өлгенiнше қылмай қоймас. Жақсылық, өнеге iстi құрмас деймiн, Мойнын жақсылыққа бұрмас деймiн. Һәр нәрсе асылына қайтып келер, Арпа шашқан, бидай қып ормас деймiн. Осылайша қожа айтты оның затын, Харамзада көрсетер кесапатын. Ақырында кiшi ұғылын ол патша, Өлтiрмей таба алмады рахатын. Әй, патша, жақсылық кем бұ баладан, Харамзада екеу дер бiлген адам. Бiрi оның зинадан туған болар, Бiреуi – асыраушы хасыл надан. Бұ сөзiн қош көредi патшасы, – Бұ ұғылдың ертең болар тамашасы. Уәзiрдiң мен сөзiн алмағаймын, Олардың мағлұм болды маған қасы. Патша ұйықтап кеттi бөлмесiнде, Жалладқа әмiр еттi ертесiнде. Он төртiншi уәзiрi жетiп келiп, – Сабыр қыл, уәзiрiң сөйлесiн де. Әй, тақсыр, қатын сөзiн қабыл алма, Хайла-мәкiр сөзiне құлақ салма. Қатынның хайласымен өлтiрем деп, Ақырда өкiнiшке ғапыл қалма. Кiсi өлтiрiп, құтыла ма баласынан?! Кiм асар жер мен көктiң арасынан?! Көктегi перiштелер құтылмады, Дүнияда залым қатын хайласынан. Сұраймыз «өлтiрме» деп ұғлан датын, Тигiзген бұ балаға кесапатын. Әй, тақсыр, рұқсат берсең маған, әгар, Айтайын һарут-марут хикаятын. – Жоқ едi естiгенiм оны, – дедi, Әй, уәзiр, хикаятың, кәнi? – дедi. Қырық уәзiр бәрi де тамам отыр, Шаһзада қалай болар халi? – дедi. Уәзiр айтты: – Құлақ қой бұ сөзiме, Қатынның жұрт таң қалар мiнезiне. Бар Құдай перiштелерге айтыпты сөз, Халифа жаратамын, – деп, – жер жүзiне. Перiштелер айтады бiр Аллаға: – Халифа жаратасың дүнияға. Пасық-фасад көп шығар бұл адамнан, Бiз болсақ тұрар едiк уағдаға. Тәңiрiм айтқан: – Бiлмейсiң мен бiлгендi, Ғайыптан нелер кетiп, не келгендi. Халифа қойсам, қоямын адамдардан, Сiздердiң айып көрем тiлегендi. Перiште айтты: – Халифа болған адам, – дедi, Нәпсiлерiн күтедi надан, – дедi. Пасық-фасад көп болып қан төгедi, Дүнияда қылған iсi жаман, – дедi. Тәңiрiм айтыпты перiштеге: – Нафс берсем, Дүнияға ендiрейiн мақұл көрсең. Адамнан артығырақ iстер едiң, Өзiңнiң ықтиярыңа қоя берсем. Перiштелер айтады: – Алла сақта! Адамдай бiз болмаймыз не қылсақ та. Адамның баласындай iстермiз бе, Құлдық қып жер жүзiнде жүрген шақта. Тәңiрiм айтты перiштеге: – Бiлiң, – дедi, Екi заһид жiберелiк, көрiң, – дедi. Жаман iс iстер ме екен, iстемес пе? Дүнияға адам боп жүрiң, – дедi. Бiр жолы сынамаққа ойла, – дедi. Араңызда заһидтерден сайла, – дедi. Адамға берген нафстi берейiн мен, Қылмас па екен жамандық, хайла? – дедi. Перiштелер жiбердi екi заһид, Бiрi Һарут болғанда, бiрi – Марут. Адам қылып ендiрдi жер жүзiне, Бiреуi жас болғанда, бiрi – қарт. Бұл екеуi бiр үйге келiп кiрдi, Ол үйде сұлу қатын көзi көрдi. Екеуi де қатынға ғашық болып, Сол жерде қосылмаққа қабыл көрдi. Қатынменен отырды шарап iшiп, Неше заман харамнан сөз сөйлесiп. Қатын айтты: – Даладан ерiм келер, Бұлар айтты: – Ерiңiз неме? – десiп. Қатын тағы: – Тез келер ерiм, – дедi, Бiрiмiздi өлтiрер, бiлiң, – дедi. Ерiм келсе, екеулеп өлтiрiңiз. Ғайш-ғишрат бiздермен қылың, – дедi. Екеуi мақсұттарын бiтiрдiлер, Келгенде қатын ерiн өлтiрдiлер. Тәңiрiм перiштеге жауап айтып, Бұларды тахсинге келтiрдiлер. – Көрдiң бе заһидтардың не қылғанын?! Кiсi өлтiрiп, шаһидтық бiр қылғанын. Адамның барлық iсiн бiрақ iстеп, Бастарынан өткiзбей бұ жалғанын. Перiштелер естiп қатты ұялды, Ұялғаннан бастарын төмен идi. – Әй, Құдай, не бiлсең, бiлесiң сен, Һеш нәрсенi бiлмеймiз бiздер, – дедi. Хақ Тағала ол қатынды жұлдыз қылды, Ұшырып алып келiп көкке қойды. Дүнияда Зуһра жұлдыз дегендерi, Бiлмесең, бiлдiрейiн осы болды. Һарут пенен Марутқа жарлық қылды, Дүния ақырет азабына ықтияр қылды. Ақыреттiң азабы бақи болды, Оны қабыл қылмаймыз бiздер, – дедi. Дүнияның азабы болар қаны, Ықтиярлы боламыз бiздер оны. Бабылдың құдығына асып қойды, Екеуiнiң азапты шыбын жаны. Бастарынан төмен қып асып қойды, Йасинның уақытында онда қойды. Йасиндi кешiктiрiп оқымақта, Бұларға көп сауапты хасыл қылды. Қияметке ше құдықта тұрса керек, Қатынның себебiнен көрсе керек. Перiштенi құтқармай залым қатын, Һәркiмге хайла-мәкiр қылса керек. Әй, патша, мен айттым хикаятты, Қатыннан қанша болған ғаламатты. Көктегi перiштелер құтылмады, Көрсеттi оларға да мехнатты. Шаһзада жанында қайда қалды? Ұғылыңа бекерлiктен жала салды. Патшаға уәжiп-дүр сабыр қылмақ, Бұ күнгiнi ғапу қыл, – деп тiлеп алды. Патша бұл уәзiрге ұғылын бердi, Зынданға тағы салып жүре бердi. Өзi және ауға кетiп қалды, Кешке жақын болғанда үйге келдi. Сарайына келген соң iштi тағам, Тағамнан соң келтiрдi хасыл кәлам. – Он төртiншi уәзiрiм тiлеп алды, Тағы да өлмей қалды бұ күн балам. Қатын айтты: – Бұ күн мен мұнажжимдердi Үйiме алып келдiм ғалымдарды. Iшiмдегi қыз ба екен ұғыл ма екен? Сөзiме баян қыл деп ахуалдарды. Мұнажжимдер кiтап ашып: – Сенiң, – дедi, Қарныңдағы балаңыз ұғыл, – дедi. Әй, патша, өлтiрiң бұл харамды, Маған да разы болып тұрғыл, – дедi. Өзi ғид, дәулеттi болар, – дедi, Ғұмырында iзгiлiк қылар, – дедi. Мұнажжимдер үшбу сөздi баян қылып, Бұ күн мен шатлық болып тұрмын, – дедi. Әй, патша, бұ балаңыз харамзада, Һеш жақсылық көрмейсiң дүнияда. Қырық уәзiр һәммасы қастық қып, Жалған өсек тасып жүр екi арада. Бұлардың алданасың ғаламатына, Күнде жалған сөйлеген насихатына. Сенiң болған iстерiң осы кезде, Баңхұрлар ұқсамасын хикаятына. Патша айтты: – Әдiл ма екем өзiм? – дедi, Осы бiр сабыр қылмақ кезiм, – дедi. Хикаятым баңхұрға ұқсар болса, Сөйле, бiр естиiн сөзiң, – дедi. Қатын айтты: – Бiрнеше баңхұр халық, Һәрқашан жүредi екен ауға барып. Тағамды алды дағы баршалары, Бәрi де жемек болды қабыл алып. Тағамды артып келдi хамалшыға, Кiрдiлер бұлар келiп кiрханаға. Тағамды бұлар келiп ашады ендi, Бiреуi бiреуiне жауап қылды: – Есiк ашық тұр екен, жауып кел! – деп, Бiрiсi бiреуiне әмiр қылды. Екiншiге әмiр қылды үшiншiсi, Бармады жұмсаса да һәрбiрiсi. Бұлардың арасында жанжал болды, Есiктi жаппаған соң һешбiр кiсi. Бiрiсi айтты: – Бекiтейiк оны, – дептi, Һешбiр сөз сөйлемейiк тамам! – дептi. Қайсымыз осы жерде сөз сөйлесе, Барып сол жауып келсiн бұ есiктi. Иттифақты қылысып бұлар ендi, Есiктi жаппақ үшiн бармады ендi. Бұлар мұнда үндемейдi отырғанда, Есiктен тамам иттер келiп кiрдi. Тағамды бiтiрдiлер иттер келiп, Һешқайсы «Кет!» демедi көре тұрып. Бұл иттер еттiң бәрiн бiтiргенде, Артынан және бiр ит келiп кiрдi. Ол ит келiп һеш тағам таба алмады, Жан-жағына бар ма деп алаңдады. Сонда да бұлар үндемей тұр, Иттифақтан басқаны қыла алмады. Бiр баңхұрға ит сонда жақын келдi, Аузындағы жұғынын жалай бердi. Аузындағы жұғынын жалағанда, Ет екен деп ернiн тiстеп алды. Бәрi де үндемес деп отырды тек, Үй iшiне көп иттер жиылды бек. Баңхұрдың ернiн келiп тiстеп алды, «Салбырап, бөлек тұрған ет екен» деп. Баңхұр онда «Уф!» – деп жiбердi, «Есiк жап деп айтар» деп үндемейдi. Қасындағы жолдасы мұны естiп, – Есiктi сен жабасың ендi, – дедi. Бұл айтады оларға: – Ендi, – дедi, Тамам ит қасымызға келдi, – дедi Тағамның бәрiн iшiп-жеп бiтiргенде, Жапқанда ендi пайда бар ма? – дедi. Ақымақ боп бәрiмiз үндемедiк, Есiктi жаппаймыз деп шала жедiк. «Үндемей отырамыз осыған» деп, Бәрiмiз де тағамды итке бердiк. Бұлар болды бәрi де өкiнiшке, Ақымақ боламыз деп болмас iске. Соның үшiн, әй, патша, мен айтайын, Сүйiнiп құлақ салсаң бұ кеңеске. Әй, патша, өкiнiшке қалмағайсыз, Харамзада қасына бармағайсыз. Уәзiрiңнiң сөзiне еремiн деп, Қазаға басыңызды салмағайсыз. Халал болған балаңыз iшiмде тұр, Әй, патша, бұ сөзiме мойныңды бұр. Дос болып һәрқашан айтқанымды, Осы менiм бойымда жақсылық сыр. Айтады уәзiрiңiз бекер сөздi, Мен саған айтамын әдiл жүздi. Туғры жолды Тәңiрiм маған берген, Олар саған көрсетер жаман ердi. Қатыннан мұны естiп тағы патша, Ұйықтайтұғын сарайына жатты патша. Ертерек орнынан тұрды дағы, «Баланы алып кел!» – деп айтты патша. Жалладтар ол баланы алып келдi, Өткiр қылыш қолында әзiр қылды. Қырық уәзiр тамамы бәрi де отыр, Он бесiншi уәзiрi жақын келдi. Он бесiншi уәзiрi қылды нала: – Әй, тақсыр, мойын бұрып бермен қара. Бiр әдiл, мәшһүр патша болған екен, Оған бiр ұғыл берген Хақ Тағала. Бiр күнi ол баласы хаста болды, Сарғайып зағыпырандай жүзi солды. Һешбiр дауа тәбибтерi қыла алмады, Ақырда дүниядан өлер болды. Тәбибтер бұ балаға болды аң-таң, Һешбiрi ем болмайды дуа қылған. Баланы һешбiр адам жазбағанға Патша өз-өзiнен қапа болған. Баласы жылар едi «Атакем» деп, Атасы жылар едi осыған бек. – Сенiң қатты ауырса жүрегiңiз Менiм де ауырады жүрегiм, – деп. Патша қапасынан қайғы болды, Сарғайып зағыпырандай жүзi солды. Қылса да һешбiр дауа қыла алмады, Ол бала қаза жетiп опат болды. Патша бiр дәрiгерiн алғызды ендi, Ол баланың қарнын жарғызды ендi. Жүрегiнде қадалып бiр сүйек тұр, Баласын қабiрiне салғызды ендi. Таза арулап, кебiндеп көрге салды, Көр iшiнде бейшара жатып қалды. Мұндайын оқиғаны көрген халде Патша тұра алмастан талып қалды. Патша неше заман қайғыланды, Сүйегiн бiр пышаққа сап қып алды. Бiр күнi жейiн деп ол патша, Алдына жаңа пiскен қарбыз алды. Патша пышақпенен қарбыз жарған, Андан кейiн жанына тастай салған. Аз заманда пышақты алып көрсе, Қарбызға тиген жерi ерiп қалған. Патша мұны көрiп «Аһ!» – дедi, – Баламның бұ дуасы қарбыз едi. Әй, халайық, қараңыз бұл пышақты, Сабының ерiп бiткен бәрi, – дедi. Һеш дуа қыла алмаған бұған, – дедi. Мұның дертi жабысты маған, – дедi. Көрер көзiм дүнияда, мейiрбаным, Қалайша сабыр қылам оған, – дедi. Мұныменен бiр қатар заман өттi, Патшаның күннен-күнге беңзi кеттi. Бұ баланың қайғысы үлкен дерт боп, Ақырында өзiне қаза жеттi. Әй, тақсыр, соның үшiн қылдым нала, Өзiңiзден мұндайын туар халал бала. Бұ күн маған ғұмырын ғапу қылғыл, Қайырлы ғұмыр берсiн Хақ Тағала. Ұғылын берiп, патша кеттi аңға, Ғажайып, үлкен жұмыс аңдағанға. «Өлтiрем» деп тұрған уәзiр алар, Көңiлi иiледi һәрбiр жанға. Үйiне кешке жақын келдi тағы, Һәркiмнен патшаның артық бағы. Қатын және баладан сөз шығарды, Алдына түрлi тағам қойды дағы. Патша айтты: – Бiр уәзiрiм тiлеп алды, Зынданыма баланы тағы салды. Ертең ерте болады не болса да, Ол бала бұ күн аман қалды. Қатын айтты: – Өлтiрiң оны, – дедi, Һеш қабыл алмай жүрсiз менi, – дедi. Ол ұғланың аждаһа, сенi жұтар, Адамның құтылмайды жаны, – дедi. Өлгенше құтылмайсың захматтан, Қайғылы болсаң керек мехнаттан. Һәр күнде мен айтамын ақылымды, Һеш қайырың болмайды хикаяттан. Харамзада болғаны бұл ұғланның, Ақырында қиналар шыбын жаның. Бұрынғы өтiп кеткен замандағы, Хикаятына ұқсайды патшаның. Қатын және хикаятын айтар болды, Патша iстiң түбiн байқар болды. – Сөйлешi, естиiн оны, – дегеш, Қатын тағы өзiне тартар болды. Қатын айтты: – Сөйлейiн бiр хикаят, Бұрынғылар жазыпты бiр риуаят. Лұқпанның заманында ұлық патша, Көрсеттi қаһарланып бiр сиясат. Патша бұ Лұқпанға қаһарланған, Неше, қанша әскерiн жиып алған. Терең құдық iшiне салды дағы Аузын таспен жауып, тығып салған. Лұқпанның бiр шекләуiгi һәм бар едi, Һәрқашан оны иiскеп жүрер едi. Құданың хикметiне қараңыздар, Бiр иiскесе қанағат болар едi. Иiскесе қарны ашпас, сусамайды, Бойына һешбiр бәле жоламайды. Өз қолымен жасаған оның өзiн, Бұрынғы һәрбiр адам бiле алмайды. Мұныменен бiрқатар заман өттi, Бұ патшаға ажалдың уақыты жеттi. Ол патшаның бар екен жалғыз ұғылы, Атасының орнына патша еттi. Бiр күнi бұл патша хаста болды, Сарғайып зағыпырандай жүзi солды. Бiр сүйек тамағына қадалыпты, Таба алмай дәруiн ажиз болды. Табибтер патшаға жауап айтты: – Бiр Лұқпан табиб бар-ды бек һәйбатты. Хастаға дуа қылса дүнияда Һеш жазылмай қалған жоқ захматты. Онан басқа дәрiгерлер бекер едi, Оның даңқы дүнияға жетер едi. Әгар келсе қасыңа Лұқпан дәрiгер, Ауруыңа бiр дәрмен етер едi. Патша айтты: – Оның өзi қайда? – дедi, Бар болса iздемекке ойла, – дедi. Әгар келсе саламат қасымызға, Бiр шара қылса керек хайла, – дедi. Олар айтты: – Атаңыз қаһар еткен, Бiр құдықтың iшiне тастап кеткен. Осы күнде саламат болмақ түгiл, Сүйектерi күл болып, шiрiп бiткен. Патша айтты: – Саламат болған шығар, Өзiне ол бiр хайла қылған шығар. Ол құдықты қараңыз баршаларың, Осы күнде мақам қып тұрған шығар. Олар келiп құдықтан тауып алды, Лұқпанға патша халiн айтып салды. «Лұқпан тiрi екен» деп патшаға Тапқандардан оған да хабар барды. Лұқпан айтты: – Мен жерге жүргенiмде, Мамықтан төсек керек һәр күнiнде. Күнiнде бiр ұғыл мен бiр қыз керек, Қойнына жазыламын кiргенiмде. Әуелi жазылайын өзiм, – дедi, Патша қылса, әгар, сөзiм, – дедi. Менi бұлай патша емдемесе, Науқасының қыла алман кезiн, – дедi. Құдықта Лұқпан солай сөз қатады, Мұнысын патша да ұнатады. Күнiнде бiр ұғыл, бiр қыз қасына кеп, Мамыққа Лұқпанменен бiр жатады. Патшаға Лұқпан келдi тағзым күтiп, Қасына жақынырақ келдi жетiп. Хастасының бiр жөнiн бiлмек үшiн, Тамырын, әуел, көрдi қолын тұтып. – Әй, патша, хасталығың ауыр, – дептi, Өзiңiздiң балаңыз бар ма? – дептi. Өзiңiздi қаныменен шомылуға, Ұғылыңның керек екен қаны, – дептi. Болмаса ауруың кетпес, – дедi, Басыңа басқа дәру өтпес, – дедi. Балаңыздың қанына шомылмасаң Науқасыңыз тiптi де бiтпес, – дедi. Патша айтты: – Разымын өлгенiме, Қабыл қылман баламды көмгенiңе. – Басқасын өзiңiз бiл, емiн айттым, Әй, тақсыр, айып қылма бiлгенiме. Осыны айтып ол Лұқпан шығып кеттi, Патшаның науқасы жанына өттi. Бұдан басқа һеш дуа қыла алмады, Патша күннен-күнге беңзi кеттi. Лұқпанды және бiр күн шақырып алды, Шақырған соң қасына келiп қалды. – Әй, Лұқпан, басқа дәру болмас па екен? Тағы да баян қылсаң осы халдi. – Әй, патша, ұғылың керек қаны, – дедi, Құрбан болсын Аллаға жаны, – дедi. Өзiңiз саламатта ұғлан болар, Истиғмал қылсаңшы оны, – дедi. – Әй, Лұқпан, ғажаптандым сөзiңiзден, Хастаның пайда болған кезiңiзден. Ұғылымды бауыздасаң, әгар, – дедi, Көрсетпе жырақ қылып көзiмiзден. Лұқпан айтты: – Қайғырма бұл ұғланға, Бiр дуа болса керек шыбын жанға. Алыс жерге бауыздау керек емес, Көз алдыңа пайдалы бауыздауға. Ұғланды Лұқпанға әкеп бердi сонда, Патша қайғылы боп тұрды сонда. Ұғланның қол-аяғын берiк байлап, Қолына бiр пышақты алды сонда. – Әй, патша, қара, – дедi, – мұның мәнiн, Тамағына хайуанның жақты қанын. Патша көрген шақта баласын, «Аһ!» – деп аузынан шықты жалын. Тамағына қан жағып алып тұрды, Пышақты тақап сонда салып тұрды. Лұқпанның қылғанына көзiн салып, Бiр азырақ «Аһ!» – деп налып тұрды. Патша «Аһ!» дегенде даусы қатты, Сүйегi тамағынан оқтай атты. Тамағынан сүйегi жерге түсiп, Патша ендi болды саламатты. Лұқпан ер ол баланы тұрғызады, Қуаныш патшаға қылғызады. – Мiнеки, ұғылыңыз саламат, – деп, Мойнын патшаның бұрғызады. Әй, патша, жан-жағыма алаңдадым, Ойыма бөтен нәрсе сала алмадым. Осы қылған хайладан һешбiр басқа, Әй, патша, бұдан өзге таба алмадым. Патша мұны көрiп тахсин қылды, Лұқпанға хисапсыз мал ихсан қылды. Құданың бергенiне шүкiр қылып, Орнына бұл баланы патша қылды. Әй, патша, бұл хикаят оның үшiн, Бауыздады о дағы жаны үшiн. Ол ұғланды бауыздап өлтiргеннен, Һәлак етiп бұзыңыз мұның түсiн. Әй, патша, ақыл айтам халiңiзден, Харамдық артық емес малыңыздан. Бұ баланы өлтiрiңiз дүнияда, Өзiңiздiң артық емес жаныңыздан. Дүнияда құтылмайсыз мехнаттан, Ұғланның туғрасы машақаттан. Әй, тақсыр, құтылмайсыз уәзiрлерден, Сол патша ауырғандай захматтан. Патша мына сөздi қабыл алды, Ұйықтайын деп бөлмесiне кiрiп алды. Тақытына ертеңмен отырды да, Жалладқа: «Алып кел!» – деп жарлық салды. «Ұғланды алып кел!» – деп әмiр етiп, Бұйырған соң патша қаһар етiп. – Мен үшiн мұны ғапу қылсаңыз, – деп, Он алтыншы уәзiрi келдi жетiп: – Әй, патша, ғалым сенiң дәулетiңе, Қатынның құлақ қойма насихатына. Уәзiрiңiз сөздерiн жерге қойма, Уәзiрiңiзге ақыл айтар әдiлетiңе. Әй, патша, мағлұм тұр ғой хадис, аят, Жаман сөзге ерсеңiз кетер дәулет. Кәләму ан-нәс әла қадри уқулиһим, Һәркiмнiң ақылына көре сөз айт. Ақылы жетпес iстi сөйлемейсiң, Аз ба, көп пе ақылын тартып бiлсең. Һәркiмнiң хал-шамасы қандай болса, Ақылына қарата құрмет етсең. Әй, патша, сөз сөйлесе қабыл алың, Адамдардың өзiне бiлек салың. Қатынның хайла-мәкiр тiлiн алып, Не болар махшар күнi сенiң халiң. Бiлерсiз ақылменен ғаламатын, Фаһимменен өлшесең асыл затын. Есiтпеген екенсiз, әй, патша, Бiр дәруiшпенен патшаның хикаятын. Уәзiр айтты: – Бiр патша болар едi, Патшаның есiмi Айдын едi. Бiр күнi тақытында отырғанда, Қасына бiр дәруiш келiп едi. Дәруiш сөз сөйлеп отыр едi, Һәркiм қиын сөз айтса табар едi. Қандай қиын сөз айтса да бәрiн айтар, Патша бұған қайран болар едi. Дәруiштiң сөздерi қош көрiндi, Патша: – Бұ күн қайтпан, отыр, – дедi. Дұға оқып дәруiш разы болды, Бiрқатар сөз сөйлесiп бiлер едi. Патшамен екеуi шықты сыртқа, Патша хүкiм қылған тамам жұртқа. Ол күнi күн бегiрек суық едi. Дәруiштi патша жағыпты отқа. Дәруiш бiр дұғаны оқып алды, Құданың хикметiмен жанбай қалды. Мұның өзi шарапатты дұға екен, Өзiнiң диуарына жазып қойды. Патша бұған айтты бiр мысалды, Дәруiш патшаға құлақ салды. – Мен бiр сауал айтайын, дәруiш, – деп, Бiр-бiрiнiң сөздерiн қабыл алды. – Әй, дәруiш, бiр патша өткен, Қасына бiр дәруiш келiп кеткен. – Төрт жардың қайсысын сүйейiн? – деп, Дәруiшке айтады болған кептен. Дәруiш айтқан: – Сүймеймiн мен оларды, Қасында бiрге жүрген жарандарды. Патша айтты: – һешкiмдi сүймеймiсiң, Сахаба, әулиелер һәм соларды? – Патша, көңiлiнде мұны, – дедi, Һешкiмдi сүйе алмаймын сенi, – дедi. Пәкiстан шаһарында бiр гөзәл бар, Әй, патша, мен сүйемiн оны, – дедi. Патша ойлар дiн үшiн күйер едi, Пайдасы һәр адамға тиер едi. Әлидi сүйер едi раббысы болса, Сенi болса, баршасын сүйер едi. Әлгi сөз патшаға қош көрiндi, Дәруiшке бихисап малын бердi. Мiне патша дәруiшке осыны айтып, Һәрқашан хикаяттар сөйлер едi. Патшамен сөйлесер неше заман, Бiр күнi қайтарға ой ойлаған. Ол күнi iшiп-жеп отырғанда, Патша ұйықтамаққа ой ойлаған. Патша айтты: – Әй, дәруiш, қайт, – демедi, Тағы да хикаяттан айт, – демедi. Әскерi патшадан әдеп сақтап, – Әй, дәруiш, басыңды тарт, – демедi. Патша айтты: – Шырақты сөндiрiңiз, Жарық кетсiн бұларды көндiрiңiз. Қызметшiлер бұ сөзiн аңдамады, – Тағы да бiр жауаппен бiлдiрiңiз. Дәруiш айтты қызметкерге: – Тiлiмдi алың, Ошаққа бiр жақсы жарма салың. Ошаққа ағаш салың, жарық болсын, Сөзiмiздi бәрiңiз қабыл алың. Патшаның есiмi Айдын едi, Дәруiштiң есiмi Иақты едi. – Шараменен сенi мен ұрдым, – дедi. Сен менi жармаменен ұрдың, – дедi. – Әй, патша, шараменен ұрдың менi, Ағашпенен мен ұрдым сенi. Ошақ екi жағында рахат тауып, Өткiзейiк екеумiз дүнияны. Әй, патша, сiзге айтқан мына сөзiм, Дәруiш патшаға айтқан кезiн. Осындай ұятсыз жан болғандарды, Қайсы бiр адамдардан көрдi көзiң. Қырық уәзiр қол астыңда тұрылды ғой, Бұлардың даналығы көрiндi ғой. Жақсылығын өзiңiзге жамандығы, Неше дүркiн тәжiрибе қылынды ғой. Айтады ғибрат ал деп асыл сөздi, Осы айтқан сөзiме салғыл көздi. Бұлардың сөзi бос деп шетке қағып, Ақымақ қылмасаңшы бәрiмiздi. Патша айтты: – Мен қалам қайран, – дедi, Шүбһәсiн табамын қайдан? – дедi. Қатынның туғрасынан хақ Пайғамбар, «Өзiңе дана қатын үйлен», – дедi. Және айтқан «Дұшпан қатын алмасын, – деп, Балаша және көңiл салмасын», – деп. Иннәма амуәлукум уа ауләдукум фитнәт едi, Ойлаймын «Бала залым болмасын» деп. Кiнәсiз болса неге сөйлемейдi? Себебiн сұрасам да үндемейдi. Ашылмас менiм көңiлiм сөйлемесе, Жақсы деп, не жаман деп жөндемейдi. Ойлаймын: «Құр емес, – деп, – жамандықтан» Көңiлiне бiр фитна толғандықтан. Сөйлеуге құдiретi жоқ қой деймiн, Өзiне сенiмi кем болғандықтан. Уәзiр айтты: – Бiр себеп бар-дүр, – дедi, Соның үшiн уәзiрлер тiлер, – дедi. Уаллаһу индәһу әжрун азим деген, Үлкен күнә қылса да сөйлер, – дедi. Патша мұны көрiп қабыл алды, Баланы зынданына тағы салды. Қасына қанша әскер ертiп алып, Аң аулап жапан түзге кетiп қалды. Қасында жолдасы бар батыр, мықты, Патша көп дұшпанын жерге тықты. Баршасы аңды iздеп жүргенiнде, Бұлардың бiр жағынан айқай шықты. Айқайға бұлар сонда кеттi шауып, Ол күнi ала алмады аңды тауып. Патша жолдасынан жалғыз қалып, Көңiлiне қорқу түсiп, қылды қауiп. Жолдасын таба алмады қарап жүрiп, Патша жан-жағына мойнын бұрып. «Бұлай болмас, бiр хикмет бар шығар» деп, Қорыққаннан киiм кидi алмастырып. Патша жолдасы жоқ жалғыз жүрдi, Бiр мүсәпiр үйiне келiп қонды. Ертең ерте ол үйден шықты дағы, Даладағы қойшыға душар болды. Патша ол қойларға көзiн салды, Бiр жетiм қозы көрiп қайран қалды. Ол қозы бiр қойға жақын барса, Мүйiзiменен қозыны сүзiп қалды. Ол қозы әлгi қойдан күдер үзiп, Барады екiншiге көзiн сүзiп. Ол қой келiп сүзгенде жығылыпты, Ендi қойға бармады мүлде безiп. Патша айтты: – Мына қозы кезер, – дедi, Нелiктен қойдың бәрi сүзер? – дедi. Қойшы айтты: – Анасы өлген оның, Сол себептен күдерiн үзер, – дедi. Патша мұны ойлап: «Алла, – дедi, Һәркiмдi мұндай күйге салма», – дедi. Бұдан былай тағы да жүре-жүре, «Кешегi жолдастарым қайда?» – дедi, Қойшыдан айырылып ол жүре бердi. Бiрталай алған екен талай жердi, Патша тағы да жүре-жүре, Жолдасынан айырылған жерге келдi. Шаһзада қайғылы бiр басынан, Мехнат пенде көрер Алласынан. Патшамыз ол жерде тұра тұрсын, Айырылған мен айтайын жолдасынан. Айқай жаққа бәрi де шауып кеттi, Һешбiр нәрсе көрiнбей тарап кеттi. «Патшамыз үй жаққа кеткен екен, Бiздер де кiдiрмейiк ендi», – дейдi. Кiдiрмей бұлар бәрi үйге келдi, Хамалшыға: – Келдi ме мұнда? – дептi. Нәубетшi-хамалшылар: – Келген жоқ, – деп, Сұрасып бiр-бiрiнен бiлдi-ау, – дедi. Нәубетшiлер бас уәзiрге хабар бердi: – Патшамыз келген жоқ бүгiн, – дедi. Бас уәзiр айтады нәубетшiге: – Зынданның аузында тұрғыл, – дедi. Өзi келiп шаһарды аралады, Қанша iздеп патшаны таба алмады. Бiр уәзiрге, қызметшiге бұйырады, Һеш дәрмен, сабыр, қарар қыла алмады. Уәзiрге, айтты қызметшiлерге: – Барғыл! Бiр хабарды оларға салғыл, – дедi. Өзiң оған қосылып далалардан, Патшаны iздеп тауып алғыл, – дедi. Һешкiмге бiлдiрмесiн сырын, – дедi, Айырылған қарасын жерiн, – дедi. Кешегi жерлерiнен таба аларда, Патшаны үйiне алып келiң, – дедi. Уәзiрi: «Жарайды», – деп жүрiп кеттi, Қызметшi әскерге келiп жеттi. Қатын және бұ халдi көрген халде, «Патша келмеген» деп қайран еттi. Қатын да бас уәзiрден сұрап бiлдi, – Бұ кеше бiр зор мүшәурат бар-дүр, – дедi. Келсе де қатын жанына патша бармас, Мұнда бiр уақиға, хал болған, – дедi. Қатын және iшiнен ой ойлады, Ойды ойлаған һеш қоймайды. «Бұлар менiм пайдама iстегендер, Мұнда бiр шаттық бар-дүр» деп ойлады. Қызметшiлер патшаны iздеп кеттi, Кешегi жерлерiне барып жеттi. Патша да ол қонған ауылынан, Бұларға душарласып қуаныш еттi. Қызметшiлер патшаны келiп көрдi, Бiреуiнен бас уәзiрге хабар бердi. – Мен де патшаның алдынан шығайын, – деп, Арғымағын секiртiп жүре бердi. Бұл арада патша ой ойлады, Жақсылық-жамандықты бек ойлады. «Ұғланды бұлар патша қылған екен, Ендi маған ағу берер, – деп ойлады. Ендi бiлдiм бұлардың қасын, – дедi, Iшпейiн маған берген асын, – дедi. Қатын сөзi тегiнде рас екен, Бекерге әуре болған басым», – дедi. Уәзiр келiп патшаға сәлем бердi, Жер өбiп алдында жылай бердi. – Әй, тақсыр, далада жалғыз жүрмек, Сiздерге лайық емес бұлай, – дедi. Шаһзада және жатыр зынданында, Бәрiмiз iздедiк бүгiн түнде. Бас уәзiр қызметшiге менi қосып, Жiбердi сiздi iзде деп менi мұнда. Патша айтты: – Баланы шығарды ма? Бас уәзiр сiздерге бұйырды ма? – Әй, тақсыр, зынданнан шығарған жоқ, Тысқары әдiлдiгiңнен болар деме. Әй, патша, бiз iздедiк сенi, – дедi, Бұйырды әскерменен менi, – дедi. Түн болғанда қақпаға кiргiзбейдi, Бұйрықсыздың жөнi бола ма? – дедi. Патша бұған дағы тұрды нанбай, Уәзiрлердiң сөзiне құлақ салмай. Уәзiрiне бiр сөздi айтып салды, Патша мiнезiне шыдай алмай. – Бас уәзiр сiздi iздеп жүрдi, – дедi, Һеш адамға айтпады сырды, – дедi. Менi сiзге iздете жiбердi де, Өзi жолдың аузында тұрды, – дедi. Патша сөзiн айтты ендi нанып, – Әй, уәзiр, тыңда, – дедi, – құлақ салып. Бас уәзiрге сен тағы барғыл, – дедi, Ол үйге қайта барсын хабар алып. Ол үйге ендi тағы барсын, – дедi, Жалладтарға хабарым салсын, – дедi. Қазiр бiздер қайтуға күн ерте ғой, Олар дағы қуанып қалсын, – дедi. Бiреуi бас уәзiрге келдi жетiп, Патшаның барлығын мағлұм етiп. Патшамыз келгенше сабыр қарар, Һәрбiрi өз орнында тұрды күтiп. Патша кешке үйге қайтып келдi, Уәзiрiн көрген халде шаттық қылды. Сарайына келдi де қатынменен, Тағам iшiп отырып тамам қылды. Қатыны жәбiр көрдi патшадан, Кешегi бастан кешкен уақиғадан. Падиша бастан кешкен әңгiмесiн, Бiрiн қоймай сөйледi бәрiн тамам. Қатыны бұған айтар әңгiме қып, Дәрiмен көзiн қызартқан жылаған боп. Алдады падишаны бұл хайламен, «Мен үшiн қатын жылаған десiн де» деп. Қатын айтты: – Мұндай iс болған екен, Уәзiрлерiң сақтанып тұрды бекем. Бұ жолы һешбiр зарар болмаса да, Екiншiде бiр жаман болады екен. Далада қалмақтығың жарамайды, Кiмнiң дос, кiмнiң қас екенiн жан бiлмейдi. Алладан келген қаза өзi басқа, Оған һешкiм қайранды қыла алмайды. Уәзiрлер бұ жолында қылмас, – дедi, Екiншiде, сенi аман қоймас, – дедi. Ұғланды орныңа патша қылып, Көңiлiн басқа жанға бұрмас, – дедi. Бұ баланы үйреткен соң жауыздыққа, Ғұмырында келмейдi жақсылыққа. Бұл бала бiр күн болар, сен өлерсiң, Һеш ғибадат қылмайды жалғыз Хаққа. От мысалды болады патшалар, От дегеннен қорқады арысландар. Арыслан болсаң дағы сақтанмағың, Ақырда бұ басыңа қайғы болар. Бұған мысал ұқсасы бар-дүр деген, Қара құлақ арысланменен бiрге жүрген. Қара құлақтан сұрады: – Не себептен, Бұ арыслан қасына жүрдiң? – деген. Ол айтты: – Бұ жыртқыш жануар-дүр, Өзiнен кiшiлердi аулаған-дүр. Асағаннан қалғанын мен асармын, Бұдан мен қорқамын арыслан-дүр. Бұған мен жалынамын дұшпан көрсем, Маған пайда тiлейдi жақын жүрсем. Бұдан және қорқатын бiр себебiм, Жолбарыс деп менi жыртар жақын келсем. Ақылды адам осындай болсын, – дедi, Патшадан қорқысып жүрсiн, – дедi. Патшаның жанында қара кiсi, Қара құлақ секiлдi болсын, – дедi. Қара кiсi патшаға тимей өтсiн, Маңайына жоламай алыс кетсiн. Қурбе сұлтан атэш сузан буд, Патшадан артығына қанағат етсiн. Қара құлақ қанағат қылса арысланға, Кiсiлер сондай керек патшаларға. Алығына кiшiлер қол созар ма? Дүнияда қанағат керек барша жанға. Дұшпан келсе патшаға сынамақтық, Һәрқашан алдына кеп жығылмақтық. Үмiтпенен қорқыныш арасында, Өлшеп сөйлеп бiлемiн ұнамақтық. Бiр сөзбенен адамдар мансап табар, Бiр сөзден мансабынан түсiп қалар. Бiр сөзбенен адамның басы кетер, Сөйлеген сөз мылтықтың оғы болар. Ауыздан бiр шыққан сөз қайта келмес, Тiлегiн залымдардың Тәңiрiм бермес. Әдiл сөздi сөйлеген түзу адам, Мылтықтың оғыменен атса да өлмес. Айтайын Махмуд патша хикаятын, Қалайша көрсеткен ғазаблығын. Есiтпеген екенсiз, әй, патша, Хасан мүмiндi уәзiрдiң мүһләтiн. Патша айтты: – Сөйлешi, естиiн, Көңiлiңдегi күнәңдi кешiртейiн. Хақ болса сенiң iсiң шүбһәсiз, Бастарын зұлымдардың ұшыртайын. Қатын айтты: – Патша Махмуд өзi, Бiр уәзiрi бар едi нұрлы жүзi. Есiмi уәзiрдiң Хасан едi, Өзiне себеп болған жалғыз сөзi. Патша уәзiрлiктен түсiрдi ендi, Қазынаға салыпты малын ендi. Хасан мүмiндi не қылсын сабыр етiп, Көшеде тентiректеп жүредi ендi. Көшеде жалғыз өзi жүредi ендi, Ойнаған бiр топ бала көредi ендi. Баланың бiрi – уәзiр, бiреуi патша боп, Уәзiрдi түсiрмекке келедi ендi. Уәзiр болған бала айтады патшаға: – Менi неге қалдырдың оңашаға? Сен өзiң әдiлмiсiң, емеспiсiң? Отырсың хүкiм қылып дүнияға. Патша болған бала айтады: – Әдiлмiн, – деп, Сенi мен уәзiрлiктен түсiремiн, – деп. – Мен бiр жауап айтайын, әй, патша, Бiр азырақ айтамын сабыр қыл, – деп. Мен өзiм пақыр едiм келмей тұрып, Қолыңда сенiң уәзiр болмай тұрып. Саған келiп бай болдым, мiне, – дедi, Қайтадан өзiң алдың Құдай ұрып. Өз малымды өзiңiз алдың, – дедi, Менi мұндай бәлеге салдың, – дедi. Ендi менiм ғұмырымды қайтарып бер, Бiле алмай осы жерiн қалдың, – дедi. Патша болған бала таппады һешбiр шара, – Қайтадан уәзiр бол, әй, бейшара! Мұны естiп Хасан уәзiр үйге келдi, Жақсыға жол бередi Хақ Тағала. Баланың сөзiндей қып жазды бiр хат, Патшадан хабар алды қылып құрмет. «Қайтадан уәзiр болсын Хасаным» деп, Тағы да кешiктiрмей бердi рұқсат. Әй, патша, мына сөзiм тыңда, – дедi, Ақырында ғапыл боп қалма, – дедi. Бiлген кiсi «фаһим» деп сөзiн айтар, Жаман сөзге құлағың салма, – дедi. Бұ сөз өзi үш түрлi болған сөз-дүр, Бiреуi – Хақ, екеуi тек аббас-дүр. Жалған сөз ғайбатпенен бұл екеуi, Миға салып қараңыз қашан тұз-дүр. Дана сөздi айырар дана кiсi, Наданның хайуандай қылған iсi. Хайуанша қарны ашумен тоғын iздер, Ақылменен жөн табар бiлiмдiсi. Осы бала ақылдыдай жөн таба алмас, Кiнәсi мойнында үндей алмас. Ертең аман бермей өлтiрiңiз, Болмаса өз жаныңа қылады қас. Патша мұны естiп қабыл еттi, Iшiнде сарайының ұйықтап кеттi. Ертеңмен орнынан тұрды дағы, «Баланы алып кел!» – деп әмiр еттi. Баланы алып келдi жалладтары, Қасында бiрге отырды уәзiрлерi. «Иә, тақсыр, бұ күнше ғапу қыл» – деп, Жылады патшаға баршалары. Он жетiншi уәзiр айтты: – Асықпаңыз, Қазiр де кiнәлi емес бұ балаңыз. Күнәһiлi ма, балаңыз күнәһiсiз бе, Анық мағлұм болған жоқ, сiз ойлаңыз! Асықпақтық болады шайтан iсi, Iстi айырмай қыла ма бiлген кiсi. Иннә Аллаһу лә иуахиз уммати ғамма хадасат биһи ан фусиһа, Ма ләм тәтәкәлләм биһи ау тағмал биһи. Осылай Пайғамбарым бар хадисi, Пайғамбар хадис айтып қылды кеңес. Бiлген жан осы сөзiн жалған демес, Тiлмен сөйлеп, қолымен iстегенше. Жамандықты ойлағанымен күнәһiлi емес, Қияметте Тәңiрiм сұрар балаңызды. Нақақ жаптың балаңа жалаңызды, Сол халде айтасыз не деп жауап? Кезiнде куәһ тұтар бәрiмiздi, Қатыныңның ақылын бiлдiң бе? – деп, Тексерiп әдiл патша болдың ба? – деп. Күнәһiлi ме, күнәһiсiз емес пе едi, Шариғаттың хүкiмiмен қылдың ба? – деп. Бұл күнде қайсы таза, сiз бiлмейсiз, Сол себептен айырып жөн демейсiз. Осы күнә қатыннан бола қалса, Қияметте, әй, тақсыр, сiз не дейсiз? Басыңызға машақат, қайғы келер, Әй, патша, алда қандай заман болар?! Ер адамның шәһуаты жалғыз екен, Ұрғашыда шәһуат тоғыз болар. Жәбiрейiл Алладан келген екен, Адамға он алманы берген екен. «Жегiзбеңiз Хауаға мұны, сiрә, Шәһуаты көп болар» деген екен. Жәбiрейiл Хақтан келдi кiсi болып, Алманың iшi тұрған дәнге толып. Бiреуiн жеп, Адам ата кетiп қалды, Ұжмақта бiр дарурат iсi болып. Адам ата ұжмаққа кеткен екен, Хауаға «Бұ тоғызды жеме» деген. Шайтан келiп Хауаға ағуа қылып, Бәрiн де Хауа түгел жеген екен. Шайтанның уасуасын қабыл алды, Көңiлiне уасуасылық сөзiн салды. Еркектiң бiреу жеген шәһуаты аз, Сонан берi адамға мирас қалды. Әйелдiң шәһуаты көп қабағат, Тоғызын жеп Адамнан болды-ау ұят. Қатындардың шәһуаты көп дегеннен, Мысал үшiн айтайын бiр хикаят. Уәзiр айтты: – Мекке мен Мәдинеде, Бiр жылы аштық болды дүнияда. Бiр қатынның бар екен көп бидайы, Сауда қылып отырды бұ шаһарда. Бұл қатынға бiр жақтан жiгiт келдi, – Бидайыңнан сатыңыз маған, – дедi. Қатын және жiгiтке ғашық болып, – Қосылар уақыт бар ма саған? – дедi. Әй, жiгiт, бидай берем келгеннен соң, Көңiлiмнен сенi жақсы көргеннен соң. Менiменен қосылып зина қылғыл, Мен саған ғашық болдым бiлгеннен соң. Мен саған бiр жүк бидай берем, – дедi, Сенiмен бiрге өзiм жүрем, – дедi. Хақысыз бiр жүк бидай берген халде, Айтатын ақылыңа ерем, – дедi. Мұны естiп ол жiгiт жедi уайым, «Қалайша құтыламын, – деп, – әй, Құдайым. Мен бұған қосылмайын бермесе де», Ойлапты көңiлiнен сары уайым. «Құдай-а, бидай iздеп мұнда келдiм, Залым қатын қолына душар болдым. Құдай-а, разымын не қылсаң да, Жақсы-жаман iсiңе шүкiр қылдым». Қатын айтты: – Қосылмасаң маған, – дедi, Бiр уақиға қыламын саған, – дедi. Мына жiгiт келдi де менi басты, Сабырың бола ма екен оған? – дедi. Үйiмдi басты келiп менi, – деймiн, Қосылмасаң өлтiремiн сенi, – деймiн. Онанда менiменен ғишрат қыл, Айтатын не жауабың бар ендi? – деймiн. Мұны көрiп ол жiгiт қылды нала, «Қалайша құтыламын, – деп, – Хақ Тағала? Бидай алып үйiме барғанменен, Басыма мына қатын болды пәле. Құдай-а, хабарыңа қылдым тәуап, Мұнымен зина қылсам, болмас сауап. Қиямет күн перiште сауал сұрса, Беремiн құдiретiңе не деп жауап? Әгар зина қылмасам, рәсуа қылар, Қиямет күн сұрау – сауал болар. Мәңкүр-нүңкiр қасыма келсе жетiп, Мен ғарiптiң заманы қандай болар?» Мұны айтып ол жiгiт қарап тұрды, Бiр аулақ жерге таман барып тұрды. «Осы жерде еркек ағзам» кесейiн деп, Қолына бiр пышағын алып тұрды. Пышақ алып ағзасын кеспек болды, Қазiрде шыбын жаннан кешпек болды. Дүнияда күнәдан таза болып, Ақыретте кәусар шарап iшпек болды. Құдайдан бiр тiлектi тiледi ендi, Бiр аулақ таса жерге келедi ендi. Ағзасын кесейiн деп тұрғанында, Жүретұғын бiр жолды көредi ендi. Ол жолмен тысқа шығып жүре бердi, Бiрталай жүк тиеген бидай көрдi. «Құданың маған берген бақыты шығар», Аяңдап жiгiт байғұс соған келдi. Он түйе тұр үстiнде жүктер артқан, Һәр түрлiден һәрқайсысына артқан-тартқан. Құданың бергенiне шүкiр қылып, Баршасын алып жiгiт үйге қайтқан. Мұны алып жiгiт ғарiп үйге келдi, Бидайды алды дағы шүкiр қылды. Пендеге Тәңiрiм берсе қиын емес, Мұнымен неше заман шаттық болды. Қарады залым қатын үйдiң бәрiн, Жiгiт таба алмады бiр хабарын. «Үйiмдi бiр жiгiт кеп басқан-ды», – деп, Өзiнiң шаһарына айтты бәрiн. Кiсi жиып қараса, жiгiт кеткен, Қарағандар қайран боп ғажап еткен. Қатынның залымдығы қабыл болмай, Үйiне қайтып кеттi адам бiткен. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Қатынның нәпсi арзусын бiлемiсiң? Асықпай тәптiш қылып байқамасаң, Балаға мәкiрлiгi ерiспесiн. Қатынның шәһуатын сiз ойлап бiл, Әйел деген дүнияда ынсапсыз құл. Тыймастан бетiменен қоя берсе, Күнiнде ойнас қылар жетi мезгiл. Жалғыз-ақ өз ерiнен қорқып қылмас, Шариғат бұйрығынан һеш кете алмас. Асыл зада дана боп туған қатын, Харамнан өзiн-өзi тыймай қоймас. Шаһзаданы патшадан алды тiлеп, Уәзiрдiң қабыл көрдi сөзiн елеп. Патша тағы аңға кетiп қалды, «Заманы әлдеқандай болады» деп. Патша аңын аулап қайтып келдi Сарайына, тағамға әзiр болды. Қатын тағы ұғланнан хабар сұрды, Қатынға естiгенiн баян қылды. Қатын айтты: – Айтайын, мұны бiл, – деп, Бақарат хәкiм айтқан хадис бұл, – деп. Кун фил хирси әла таффақуди ғуйубик лиғадууика Өз ғайыбыңды бiтiрерге ижтиһад қыл, – деп. Аплатон патшада бiр сөз бiткен, Екi патша екi сөз жазып кеткен. «Дос-дұшпаным сүйiнсiн» деген адам, Қас қылғанды өлтiрiп тамам еткен. Ойлаймын арманда боп кетерсiң, – деп, Харамға жаман ауып етерсiң, – деп. Дос сүйiнiп, дұшпаным кейiсiн десе, Өзiнде болған айыпты бiтiрсiн, – деп. Мен болмасам тез һәлак етер едi, Мұратына өздерi жетер едi. Әлхамдуллилаһи күнәһтан пәк болдым мен, Күнәмдi барша уәзiр күтер едi. Уәзiрлерiң жиылып баланы аяр, Һәркiмге залымдықпен сөзiн жаяр. Сенiменен баланы бұзып жүрген, Әй, патша, уәзiрлерiң – бәрi аяр. Оның сен құлақ салдың ғаламатына, Ойың кем қатыныңның насихатына. Қырық аяр бұрыңғыда болған екен, Дәл соның болар ұқсар хикаятына. Патша «естимiн» деп қылды мейiл, Қатынның ойлағаны – харам пейiл. – Жұртыма әдiл болып тұрсам дағы, Осы жұмыс болды ғой маған залал. Қатын айтты: – Мен сiздерге сөздерiм бар, Бұрыңғыда бар екен Бағдад шаһар. Қырық аяр бұл мекенде болған екен, Құлақ сал бұ сөзiме, патша жар! Қырық аярдың бiреуi ұғлан бала, Бұларды аяр еткен Хақ Тағала. Бiреуi бiр алтынды шығарды да: – Тағамға кiм барады, бермен қара? Әкелсе халуаны бiреу барып, Бiр халуалық барса екен, алтын салып. Халуаны алған соң өзiменен Алтынды келсе, – дедi, – бiрге алып. Үндемей бәрi отырды сабыр етiп, Бiр ұғлан «Барамын» деп келдi жетiп. Ол бала халуаға кетiп қалды, Бұлар мұны келгенше қалды күтiп. Ол ұғлан келiп жеттi халуашыға, Халуа, шарап алыпты бұ сомаға. Алтынды қойған жерден алып кеттi, Халуашы бiлiп айтты: «Уаһ, дариға!» Халуашы қолына алды екi құмған, Ол үйден жеткенiнше кеттi ұғлан. Ұғлан үйге жетпестен бұрын барып, Есiгiнiң алдына барып тұрған. Үйiне ұғлан қазiр жетiп келдi, Аяры есiкте тұр мұны көрдi. – Алтынды алдың ба, сен? – дегенде Жолдасым деп, «Менде» деп жауап бердi. – Маған бер, – деп ұғланнан алтын алды, Құмғанын ұғланға бере салды. – Су толтырып құмғанға келшi, – десе Байқамай, ұғлан сонда қабыл алды. Алтынын халуашы алып кеттi, Ол ұғлан құмған алып суға жеттi. Қолында алтыны жоқ құмған алып, Қасына жолдасының жетiп кептi. Жолдастары: – Алтының қайда? – дедi, Ұғлан айтты: – Бiрiңе бердiм, – дедi. Һешбiрi жолдасының алғаны жоқ, Халуашы алғанын ендi бiлдi. Халуашы үйiне ұғлан кеттi, Есiгiне тағы да барып жеттi. Қатынның суретiнде өзiн қылып, Үстi-басын сұлулап, құп түзеттi. Аярды есiгiнде тұрды күтiп, Сол халде халуашы келдi жетiп. Қатын болып аярдың көңiлiн алып, – Алтынды маған бер, – деп қолын тұтып. Мен тұрмын сенi күтiп сасып, – дедi, Есегiм көшеге қашып кеттi. Алтыныңды маған бер алып қоямын, Жылдам тауып алуға асық, – дедi. Алтынды ұғланға тағы бердi, Есектi iздеп көшенi қарай бердi. Есектi халуашы iздегенде, Алтынды алып үйiне жүре бердi. Есектi таппай үйiне қайтып келдi, – Таппадым, – деп қатынына жауап қылды. – Не нәрсе таппадың? – деп айтты қатын, – Есегiм, – деп халуашы айта бердi. Бай айтты: – Мен таба алмай үйге қайттым, Қатын айтты: – Есек деп қашан айттым? Диуана болғаның ба өзiң? – дедi, – Көңiлiмдi қарап тұрып жабырқаттың. Халуадан үйге қайтып келдiм, – дедi, Есiкте бiр қатынды көрдiм, – дедi. Сен екен деп алтынды оған берiп, Есек iздеп көшеде жүрдiм, – дедi. Ол ұғлан екенiн ендi бiлдi, Аярлардың есiгiне барып тұрды. Ұғлан мұнда мұнан бұрын келгенi жоқ, Жолдасым деп аярды тағы көрдi. – Алтынымды алдың ба, ұғлан? – дедi, Байқамай ұғлан тағы «алғам», – дедi. Алтынды баладан алды дағы, – Мiнеки, суға барсаң құмған, – дедi. Құмған алып ол бала суға кеттi, Алтынмен халуашы үйге жеттi. Алтыны жоқ тағы да суын алып, Жолдасына тағы да жетiп кептi. Алтын жоғын тағы да бала бiлдi, Жүгiрiп халуашыға жетiп келдi. Қатынымен халуашы ұйықтап қалған, Екеуiнiң арасына кiрiп келдi. Бiр уақытта: – Алтының қайда? – дедi, Аярлар алады, – деп, – ойла, – дедi. Алтынды берiк жерге тығайын мен, Сақтанбай бостау жерге қойма, – дедi. – Жүгiңнiң арасында алтын, – дедi, Берiк жерге тығып қой, қатын, – дедi. Аяр келiп тағы да алмасын ол, Ұғлан аяр адамға батыл, – дедi. Алтынды ұғлан алып жетiп келдi, Жолдасы мұны көрiп қайран қылды. Бұлар ұйықтап қалғанша келген екен, Алтынды көрдi дағы күле бердi. Қырық аярлар: – Бiлмедiң мұны, – дедi, Бiз тамаша қыламыз сенi, – дедi. Аярлықты бiздерден оздырдың сен, Бiздерге қиын болар жөнi, – дедi. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Сөйлегенiм ғибрат бiлемiсiң?! Бұ баланың аярлығы сол секiлдi, Бұдан былай ұғланға келмес күшiң. Ұғланның сөйлемеуiне алданбаңыз, Соңында өкiнумен құр қалмаңыз. Уәзiрлердiң бәрi мұндай аярлар-дүр, Оларға ақыл айтып сөз салмаңыз. Патша қатынынан мұны бiлiп, «Ертеңмен өлтiрем, – деп, – һәлак қылып». Қатыны разы болып қала бердi, Ұйықтауға сарайына жатты келiп. Ертеңмен тақытына келiп мiндi, Қасына уәзiрлерi келдi-ау ендi. Жалладқа «Басын кес!» деп бұйрығымен, Қаһарын ұғланға қылды-ау ендi. Жалладтар жетiп келдi қылыш алып, Патша отырған соң қаһарланып. Он сегiзiншi уәзiрi жетiп келдi, – Бұ күнше ғапу етiп мейiрiң салып. Әй, әпендем, ғапу қыл, көңiлiң келсе, Патшаға уәжiп-дүр екi нәрсе. Әуелi, өз халқыңа рахмат етiп, Екiншi, мархабат-дүр ашу келсе. Ғұмыры ұзын бұлай болған патшаның, Мехнаты көп болар дүнияның. Қаза келсе, көрер көз болар көрмес, Қайда болса құтылмас шыбын жаның. Хақ Расул бiлмеймiсiң шариғатын, «Мақұлықтарға сал деген мархабатын. Перiштелер рахмат айтар», – деген, Әй, патша, қабыл қыл менiм датым. Патша мархабатты болса, әгар, Жомартқа көп болады жан достар. Сұлтан Махмуд патшаның хикаяты, Дәл сiзге ұқсайтұғын сөздерi бар. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Ұғланның саламатта жаны, – дедi, Сұлтан Махмуд дегенiң не деген сөз? Бiздерге қалай ұқсар халi? – дедi. Уәзiр айтты: – Сұлтан Махмуд болған екен, Бiр күнi сайрандықта жүрген екен. Далада бұл патша жалғыз жүрдi, Әскерiнен айырылып қалған екен. Патша сол уақытта жалғыз жүрдi, Алыстан жалғыз атты кiсi көрдi. Қасына бұл патша шауып келiп, Бiр-бiрiне жолығып сәлем бердi. Патша айтты: – Сен өзiң кiмсiң? – дедi, Не iстеп бұ далада жүрсiң? – дедi. – Жерiм менiм мемлекет бiлмесеңiз, Асылымды ата-анам бiлсiн, – дедi. Бұ кiсiнiң сөзiне ғажап етiп, Қасына тағы жақын келдi жетiп. Қара есекке мiнiптi, киiмi қара, Патшаға бармаққа ойы кетiп. Патша айтты: – Барасың қай тарапқа? Ол айтады: – Барамын патша жаққа. – Не мұратың бар? – десе, ол айтады: – Он мың теңге патшадан сұрамаққа. Борышымнан құтылармын оны берсе. Патша айтты: – Қайтесiң ол бермесе? Ол айтты: – Мың болмаса жүздi берсiн, Бермесе қала берсiн мақұл көрсе. – Бермесе, – патша айтты, – тағы жүздi, Қайтесiң себебiн оның өзiнi? – Есегiм төрт аяғы қатынының пәленiне, Ол айтып жүре бердi осы сөздi. Патша ғажаптанып жүре бердi, Кешке жақын болғанда үйге келдi. Патшалық тақытына отырған соң, Есiкшi шақырып алып келдi. – Менiм айтқан сөзiмдi бiлсiн, – дедi, Қара есектi бiр адам келсiн, – дедi. Қарадан киiм киген арық кiсi, Келгенде маған жiбер, кiрсiн, – дедi. Мұны естiп есiкшi шығып кеттi, Ол кiсiсi қақпаға келiп жеттi. Сәлем берiп патшаға отырды да, Қарағанда таныды да дұға еттi. – Он мың теңге сұраймын сiзден, – дедi, Борышты алмағы бар бiзден, – дедi. Патша айтты: – Он мыңды Алла берсiн, Адамнан табыла ма тезден? – дедi. – Патша, һәм сiз маған мыңды берсең. Патша айтты тағы да: – Алла берсiн, – Мың болмаса жүздi бер, – деген екен. «Алла берсiн» дегенде: – Көзiң көрсiн, Қасыңа борышы бар келдi, – дедi, Әй, патша, саламат бол ендi, – дедi. Қара есегiм есiкте байлаулы-дүр, Сiзге айтар сөзiм жоқ ендi, – дедi. Шықты да қайтайын деп жүре бердi, Есiкшi айтты: – Алғаның жоқ сенiң, – дедi. – Есегiм төрт аяғы өз жолыма, Бермесе жүрем ендi өзiм, – дедi. Патша бұл айтқанды мақұл көрдi, Он мың теңге қолына санап бердi. «Қара есек есiкте байлаулы» деп, Осы сөз мирас болып қалған ендi. Патша айтты: – Борышқа жетер, – дедi, Һешбiр сөз сөйлемейдi бекер, – дедi. Мұның ойы мехнаттан рахат таппақ, Бермесең өз жөнiне кетер, – дедi. Әй, патша, ұғлан үшiн қылдым нала, Қайырлы ғұмыр берсiн Хақ Тағала. Ендi бұл хикаятым тамам болды, Бұған ұқсас бiр сөзiм бар-дүр және. Бiр қожа һүндiстаннан барды, – дедi, Бағдатқа сапарын салды, – дедi. «Қандай малды аламын бұ шаһардан?» Жолда тұрып пiкiрде қалды, – дедi. «Не болса да шаһардан бiлейiн, – деп, Жақсы-жаман малдарын көрейiн», – деп. Мал алмағы шаһарға кiрген, – дедi, «Базарын мен аралап жүрейiн», – деп. Мұны ойлап шаһарға кiрген, – дейдi, Ол шаһар базарында жүрген, – дейдi. Бiр жiгiт өз сақалын жұлып алып, Бұ қожаның қолына берген, – дейдi. – Әй, қожа, бiлiп едiм келгенiңдi, Бұ шаһарда мал үшiн жүргенiңдi. Менiм берген малымды разы болып, Жүз теңге үшiн алыңыз бергенiмдi. Қожа сонда қағазын ашып тұрды, Сақал түгi екенiн көзi көрдi. – Мұны мен не нәрсеге жаратамын? Һеш нәрсеге тұрмас, – деп жауап бердi. Дәруiш айтты: – Ал дағы ақшасын бер. Қожа бұған: – Бiр ақша бермейiн, – дер. Жiгiт айтты: – Жүз сомға тұрмай ма осы? Жүз болмаса тағы да бағасын көр. Қожа айтты: – Керек болар не нәрсеге? Дәруiш айтты: – Тұрмай ма он теңгеге? Қожа тағы: – Он сомға тұрмас, – дедi, Алғанменен жарайды сақал неге? Дәруiш айтты: – Тұрмай ма бес сомға да? Қожа айтады: – Тұрмайды оған және. – Бес сомға сақалыңыз татымаса, Неге алып жүресiз дүнияда? Мал iздеп келген болсаң осы тұсқа, Әй, қожа, сенiң өзiң ақылың қысқа. Сақалың бес теңгелiк болмаған соң, Неге асып жүресiң бекер, босқа? Дәруiштiң бұ сөзi қош көрiндi, Ол қожа оған жүз сом ақша бердi. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Һәрқашан сондайларды қабыл көрдi. Әй, патша, дос көрмеңiз бұ жалғанды, Һәлак нәрсе демеңiз ойға алғанды. Һәрқашан патшаға уәжiп болар, Орнынан тұрғызбақ жығылғанды. Он сегiзiншi уәзiрi тiлеп алды, Баланы зынданына тағы салды. Аңнан қайтып тамақта отырғанда, Қатын тағы баланы сұрай қалды. – Бiр уәзiрiм тiледi бұ күн тағы, Уәзiрлерiм болады ұғлан жағы. Зынданға салдым дағы аңға кеттiм, Не болады ақырда сөз аяғы. Қатын айтты: – Басыңнан дәурен өтер, Балаңыз патша болып қаза жетер. Дәркүмән болғаныңыз сақтық емес, Жаһанда қорлық болмас мұнан бетер. Әй, патша, бұ балаңыз өзi затсыз, Тақытыңа бiр күн мiнер мехнатсыз. Бойында заты да жоқ, iлiмi жоқ, Харамзада туғаны өзi ұятсыз. Хисап несiп бiлмейдi арасының, Патшасы бұ шаһар қаласының. Хикаятың хикаятына ұқсар екен, Бұрынғы бiр саудагер баласының. Патша айтты: – Таппадым һешбiр шара, Хикаят естимiн бiрер пара. Сөйлешi, естиiн нешiк екен, Тыңдайын оны және айтып қара. Қатын айтты: – Урфа деген шаһарында, Бiр етiкшi тағы да болған онда. Бiр дәруiш келiптi бұған және, Етiгiн жыртылғанын көрдi сонда. Жыртығын етiгiнiң жамап бердi, Дәруiш бек қабағат разы болды. – Әй, етiкшi, сен рас менi аясаң, Жүрегiмнiң тесiгiн жама, – дедi. Етiкшi құрметтедi тағам берiп, Етiгiн жамап бердi тамам қылып. Ол дәруiш қуанды ендi бұған, Мархабатты болғанға жалғыз жүрiп. Етiкшi айтты: – Сапарға жүрем, – деп, Алланың не салғанын көрем, – дедi. Маған қандай насихат айтасың сен? Жыртығыңды мен жамап берем, – дедi. Дәруiш айтты: – Айтайын үш насихат, Сөзiмдi ұғып алсаң бек қабағат. Әуелгi насихатым, жолдас алғыл, Жаман жолдас жаныңа бiр захмат. Жолдасың өзiңнен де болсын асыл, Сапарда жақсылығы болар хасыл. Ар-рафиқ сүммә ат-тариқ деп хадис айтқан, Бұрынғы пайғамбарым хақ Расул. Екiншi насихатым тұт көңiлге, Сапарда қонбағайсыз сусыз жерге. Екiншi насихатым кеш қалмаңыз, Күн барында қоныңыз һәр шаһарға. Дәруiш насихатын ендi тұтты, Бiрнеше күннен кейiн сапар еттi. Қасына бiрнеше жолдас алып, Көрiнген бiр шаһарға барып жеттi. Ол көрiнген халифтың шаһары екен, Сол халде намаздыгер мезгiл екен. Қасындағы жолдасы бұған айтты: – Күн батпай сол шаһарға кiрсек екен. Етiкшi айтты: – Күн кеш болып қалды, Бармаймын мен шаһарға, – деп айтып салды. Етiкшi болмаған соң жолдастары, Мұны тастап, шаһарға жетiп барды. Бұл етiкшi бiр суға жатты келiп, Бұл шаһарды алыстан тұрды көрiп. Жақын жерде, қабiрге жатқан екен, Бiр нәрсеге құлақ салды естiп тұрып. Бiр-екi адам дыбысы құлақ салса, Бейiтке келе жатып жақын барса. Қабiрге бiр нәрсенi қойып кетiп, Жақын келiп жанына абайласа. Ол кеткен соң тұрды да қадам басты, Ол қабiрдiң жанына жақындасты. Бiр тастың iшiнде өлiк жатыр, Қызыл қанын көргенде жаман састы. Ол қыздың қып-қызыл қан тұла бойы, Өлтiрмекке байқасам қылған ойы. Бұл кiшкене кешiксе қыз байғұстың, Болып қала жаздайды шыны түбi. Өкпесiне қол салса, соғып жатыр, Шала-жансар, өлiмшi болып жатыр. Бiр қолында бар екен алтын жүзiк, Қасына алайын деп келдi әзiр. Есiн жиып, сөйледi бейшара қыз, – Жүзiгiмдi алам деп не қылғансыз? Әй, жiгiт, қорықпаймысың Құдайыңнан, Нелiктен пайғамбардан ұялмайсыз? Қыз: – Менiм байла, – дедi, – жараларым, Көр, – дедi, – Құдай үшiн, тәнлерiм. Бұл жарадан өлмеспiн деп ойлаймын, Шын қаза жiбермесе бiр Жаппарым. Әй, жiгiт, баққыл, – дедi, – менi, Мұнан өлмен жетпесе тура қаза. Иншалла жазылсам, қайтарамын, Сенi мен ренжiтiп қылман наза. Бұлай дегеш, қызды ол баға бердi, Жарасына дәрудi жаға бердi. Қыздың өзiн һешкiмге көрсетпейдi, Бiр бөлек пәтер үйге алып келдi. Бiреудiң бөлмесiне пәтер келген, Анасы осы қызды iздеп жүрген. Iздесе де һеш жерден табылмады, Ол жiгiт қыздың сөзiн мақұл көрген. Бiр күн айтты жiгiтке: – Мұнда кел, – деп, Сұрады: – Қалам, қағаз тауып бер, – деп. Алып келiп қолына берiп едi, Алғыс бердi: – Рахмет, жақсы ер, – деп. Хат бердi бұған: – Базар барып кел, – деп, Бұ базардың адамын танып кел, – деп. Бадахшан дүкенiнде бiр қожа бар, Не берсе де сiз мұнда алып кел, – деп. Хатында айтты: «Әй, қожа, маған, – дедi, Жүз сом ақша бергейсiз бұған», – дедi. Ақшаны бұған тамам бергеннен соң, «Тағы айтатын сөзiм бар саған, – дедi. Ата-анама бiлдiрме, менiм жайым, Бұ кiсiге жүз теңге қылғыл дайын. Һешкiмге айтпағайсыз сырымызды, Бәрiмiзге ғұмыр бергей бар Құдайым». Ол хатты құп болар деп қолына алды, Саудагерлер жиылған жерге барды. Бадахшан базарында ол қожаға, Айтқанындай қағазды оған бердi. Ол қожа қағаз ашып оқып тұрды, Сәлемге келген соң мұны көрдi. Чекмеженiң аузын ашты дағы, Қазiр бұған жүз алтын санап бердi. Етiкшi қызға келдi алтынды алып, Қыз санады дiлләнi қолына алып. – Ендi бiр жақсы пәтер алғыл, – дедi, Көшiп барды бiр жақсы пәтер алып. Бiр күнi бiр хат бердi тағы да алды, Ол хатты ол қожаға әкеп бердi, Төрт жүз теңге тағы да бердi бұған. Оны тағы ол қызға әкеп бердi, Қыз әкесi қарады һәр үйлердi. Үйдiң бәрiн қыдырып тамам қылды. «Осы үйде болмасын деп жоқ қызымыз», Етiкшi тұрған үйге бұлар келдi. Есiгiн қыз бекiтiп жауып тұрды, Тыстағы бұларға дауыс бердi: – Алыс жердiң адамы мұнда тұрған, Үйiмдi неге бастың сiздер? – дедi. Сол халде зорлықпенен бұлар кiрдi, Төсегiнде ауырған қызды көрдi. Дәру сүртiп көзiне ауырған боп, Қыз сонда хайла қылып жатыр едi. Бұлар көрiп бұл қызды ойлайды ендi, «Патшаның қызына ұқсар, – дейдi. Жүзi сары, өңi арық», – дейдi дағы, Қасына патшасының қайта бердi. Патша қызы қожаны шақырып алды, Бастан кешкен халдерiн баян қылды. – Патшаға бар дағы мен өзiмдi «Жат кiсi екен» дегiзiп нандыр, – дедi. «Құп болар» деп ол қожа кетiп қалды, Патшаның жанына жетiп барды. Алыс жердiң адамы, хаста екен, Нандырды патшаға осы халдi. Қыз айтты етiкшiге: – Келiң, – дедi, Бiр сауыт ақша берем бiлiң, – дедi. Пәкiстанда бiр жiгiт бар-дүр, – дедi, Есiмi – Ғазнафiр аға, көрiң, – дедi. Бiлдiрме оған барып өз халiңiз, Базарға оны iздеп сiз барыңыз. Саудаласпай ақшасын бергiл дағы, Жаратқан, қымбатты мал алыңыз. Етiкшi қыздың сөзiн қабыл алды, Саудагерлер жиылған жерге барды. Ғазнафiр ағаға келдi дағы, Жаратқан өз малдарын көрiп қалды. Етiкшi қайтiп келдi малын алып, Алдына қыздың әкеп қойды салып. Үй-iшiне жаратты әкелгенiн, – Ғазнафiрге бiр iс қыл, тағы барып. Қыз айтты: – Айтқаныма көнгiл, – дедi, Ғазнафiр ағаға барып келгiл, – дедi. Бiр сауыттағы ақшаны үшке бөлiп, Екеуiн һадийа қып бергiл, – дедi. Өзiне баға қойғыз әуел барып, Сонда саған сөз айтар қайран қалып. Етiкшi: – Келгенiмде сырыңды айт, – деп, Ғазнафiрге жөнелдi алтын алып. Ғазнафiрге келдi де алтын бердi, Мұны көрiп қайранға қалып тұрды. – Тамыр болып жүрелiк екеумiз де, Бiздiң үйге бiр қонақ болғыл, – дедi. Етiкшi өз үйiне қайтып келдi, – Ертең қонақ болам, – деп айтып келдi. Ол қызға келдi дағы пұлын берiп, Ғазнафiр шақырғанын баян еттi. Қыз сонда мұны естiп: – Мақұл, – дедi, Мен де сiзге саламын ақыл, – дедi. Үйi-жайын көргенде ұнатсаңыз, Қонаққа өзiн тағы шақыр, – дедi. Етiкшi «мақұл ғой» деп мына сөзi, Ертеңгi күн – қонаққа барған кезi. Көп зияпат әйлады Ғазнафiр аға, – Қонақ бол, – деп шақырып қайтады өзi. Ғазнафiр бұған келiп қонақ болды, Отырып дастарханда ойнап-күлдi. Ғазнафiрдi жiбермей «жатқыл» деп, Қыз келiп етiкшiге көп жалынды. Ғазнафiрге осы қыз көрiнбейдi, Тыстан қызмет қылуға ерiнбейдi. «Мұнда жат» деп өтiндi жатпақ болды, Қуанып мына қыз да күлiмдейдi. Ғазнафiрдi жатқызды қонақ үйге, Етiкшi де өзiнiң жатады үйге. Ұйықтамай етiкшi де жатты сонда, Ғазнафiрдi қыз қандай салар күйге. Қыз тұрды қолына қылыш алып, Түн ортасы кезiнде тұра салып. Етiкшi де ол қызға жақын келiп, Қыз мұндай қылған халде қапаланып. Қыз айтты: – Өлтiремiн мұны, – дедi, Мен тұрмын дос көрiп сенi, – дедi. Алатұғын бар едi бiр қысасым, Мен айтсам, шариғаттың жөнi, – дедi. Етiкшi айтты: – Асылы нешiк мұның? Қыз айтты: – Айтайын ендi шыным. Бұ шаһардың ханының қызы едiм, Ғазнафiр аға – болған ерiм менiм. Моншаға бара жатып көрдiм мұны, Ет сатар қасапшы едi күнi-түнi. Көрген соң ықтиярым қолдан кетiп, Бойыма ғашықтықтың түстi жыны. Ғашық оты iшiмде қайнаған шоқ, Бұған мен аямадым дүния боқ. Кiргiздiм өз қолыма мал күшiмен, Бұған қылған инғамым хисабы жоқ. Мұның малы қолындағы менiм малым, Бiр күнi болды маған бұл халалым. Есiм мен түсiм кiрiп қайғым кетiп, Төзе алмады қосылмаққа менiң халiм. Жазылдым кеселiмнен қайғым кетiп, Ара-тұра кеп жүрдi тамаша етiп. Екi көңiл бiр жерде жарасқан соң, Өзiм де барсам дедiм ниет етiп. Бiр күнi барайын деп келдiм iздеп, Қақпа қағып сөйледiм «Жауап бер» деп. Бiр жариа алдыма шыға келдi, – Есiкте қақпа қағып тұрған кiм? – деп. Мен айттым жариаға: – Ғарiп қызбын, Iлесiп мен барамын өзiңiзбен. Ғазнафiр ағаны мен iздеп келдiм, «Ғашықты мағшұқ тартар» деген сөзбен. Жариа айтты: – Сен бұ күн қайтқыл, – дедi, Тыныш барып үйiңе жатқыл, – дедi. Қасында Ғазнафiрдiң бiр досты бар, Ертең келiп жұмысыңды айтқыл, – дедi. Мұны естiп сол жерде күйдiм оттай, Бiр iс қылып келсем дедiм үйге қайтпай. Ашуым кеп қақпадан қарғып түсiп, Өлiмнен үйге кiрдiм басым тартпай. Ғазнафiр отыр келсем күлiп-ойнап, Қасында бiр қыз отыр, гүл-гүл жайнап. Ашуланып үстiне қарғып мiнiп, Ол қызды ұрып-ұрып шықтым айдап. Мен ұрған соң, ол байғұс кеттi қашып, Ғазнафiр сөйлемедi аузын ашып. Өзiн де бiраз ұрдым Ғазнафiрдiң, Жалынған соң отырдым ашу басып. Андан соң мен отырдым ашу басып, Баяғыдай отырдық құшақтасып. Байқаусызда қолына қанжар алып, Қасыма кеп отырды түсi қашып. Тұрды да қанжарменен сұққылады, Есi ауып, пақырың тiк құлады. Екi кiсi көтерiп алып келiп, Өзiң алған табытқа тыққылады. Прикащик едi ол маған алтын берген, Хатымды менiм жазған оқып көрген. Ақшаның неге керек болғандығын, Хатпенен бәрiн тамам айтып берген. – Мұны қазiр сен ендi өлтiр, – дедi, Қысасымды тамам қып бiтiр, – дедi. Ертең барып патшадан сүйiншi алып, Мұның малын өзiңе келтiр, – дедi. Етiкшi айтты: – Өлтiрейiн қазiр саған, Өз қылғанын қылайық бiз де бұған. Атаңыздың алдына алып барып, Шын халал боламысың өзiң маған? – Саған халал болмасам да менiм өзiм, Менен артық байқасаң уәзiр қызын. Ол өзi менен де бегiрек сұлу, Қосайын халал етiп оның өзiн. Ғазнафiрдi етiкшi өлтiрдi ендi, Басына туғыры қаза келтiрдi ендi. Ертеңгi күн патшадан сүйiншi алып, Етiкшi өз жұмысын бiтiрдi ендi. Патша да қызын көрдi бек саламат, Қуанды сол халiнде ол қабағат. Етiкшiге Ғазнафiрдiң малын берiп, Инғам-ихсан, сиясат қылды құрмет Уәзiрлер патшаға: – Көрiң, – дедi, Бiз бiр ақыл айталық, бiлiң, – дедi. Бұ жiгiт қайсы қызды алам десе, Сүйген қызын аямай берiң, – дедi. Патша айтты: – Қызым бiр күн болған ғайып, Сонда нәзiр айтып ем қолды жайып. «Кiм тапса қызым соған берем» деп ем, Бұ сөзiм халықтарға кеттi ұлғайып. Қызым разы болмай тұр айта көрсе, Тағы да бiр айтайын ақыр көнсе. Шешесiн жiберейiн көндiруге, Анасының ұнатқан сөзiне ерсе. Қызына өз шешесiн жiбердi ендi, Етiкшiнi ұнатқанын бiлдiрдi ендi. Бiрнеше қатындарды ертiп алып, Күшпенен қызын барып көндiрдi ендi. «Қыз көндi» деп патшаға хабар бердi, Патша да қуанып мақұл көрдi. Халқын жиып қырық күндей тойын қылып, Етiкшiнi «күйеуiм» деп шаттық қылды. Халыққа тойын қылып бердi нәзiр, Үлкен-кiшi жиылып келдi әзiр. Қызын берiп ұғланның малыменен, Етiкшiнi тағы да қылды уәзiр. Етiкшi патшаның қызын алды, Уәзiр боп тамам жұртқа үлгi салды. Зауық-сафа еттi ол бұ қызбенен, Осылай мұратына жетiп қалды. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Өлгенi Ғазнафiрдiң қатын үшiн. Ол етiкшi, әнеки, мұрат тапты, Дәруiш насихатын алған үшiн. Әй, патша, мен айттым мұның кезiн, Саған айтқан насихат, ақыл сөзiн. «Ертеңмен өлтiрем» деп ұйықтар болды, «Баланы өлтiремiн менiм өзiм». Патша ерте тұрып тақытқа мiндi, «Баланы алып кел!» деп бұйрық қылды. Жалладқа «Басын кес!» деп бұйырғанда, Он тоғызыншы уәзiрi жетiп келдi. – Әй, патша, сабырлық қыл мұндай iске, Берiңiз уәзiрлерге ерте-кешке. Адамға мұндай ұғлан табыла ма? Кiрмесе ойлағанда ұйқы-түске. Бұған ұқсас бар едi бiр хикаят, Хақ Расул айтыпты һәр риуаят. Әй, тақсыр, қатын сөзiн алмағайсыз, Адамға көрсетедi көп ғаламат. Уәзiр айтты: – Хасан Басыр әулие өткен, Әуелiнде гауһар алып сауда еткен. Сауда қылып келейiн деп бiр күндерде, Патшаның қасына барып жеткен. Патшаменен сату қылды ендi сонда, Уәзiр де сауда қылып тұрды сонда. – Бiз шығамыз сайранға бұ күн, – дедi, Сен дағы бармаймысың? – дедi сонда. «Барайын» деп Хасан Басыр қабыл еттi, Атқа мiнiп бұлармен жүрiп кеттi. Сахараға шыққан соң бұларменен, Бiр ақ шатыр жанына келiп жеттi. Шатырдың дәл қасына бұлар барды, Төбесi аспан көкке парапар-ды. Жақын келiп тоқтады бұларменен, Келген жанның бәрi де қылды зарды. Бiр әскер ғалым келдi Құран алып, Баршасы оқыды онда налып. – Өттiңiз, әй, шаһзада, дүниядан, Бәрiмiздiң көңiлiмiзге қайғы салып. Құранды оқыдылар көп ғалымдар, Қол көтерiп қылдылар көп дұғалар. – Алла Тағала iсiне разымыз, Сабырдан басқа ендi не шара бар?! Сабырдан басқа бар ма сiзге жауап, Құдайым оқығанды қылсын сауап. Ғалымдар Құрандарын болды дағы, Шатырды үш мәртебе қылды тәуап. Есiгiнде тұрды да қылды зары, Шаһардың ғұлама мен ғалымдары. – Құранды оқымақта пайда болса, Күн-түнi оқыр едiк, – дедi, – бәрi. Ендi нешiк етейiк, шаһзада?! Сабырдан басқа iс жоқ дүнияда. Алланың өз әмiрi осы болған, Жақсы-жаман хүкiмi бiр Құдада. Мұны айтып жылады ол ғалымдар, Тағы келдi бiр әскер – ақсақалдар. Заһидтар мен баршасы зiкiр айтып, Олар дағы оқыды көп дұғалар. Үш мәртебе тәуап қылды ақсақалдар, Нала болып есiгiнде зiкiр салар. – Дұғаменен бiр шара болса едi, Жанымызды құрбан етер едiк, – дедi олар. Алланың хүкiмi-дүр жоқ-дүр шара, Оқыдылар дұғаны бiрер пара. – Бойсынудан ғайри нәрсе болмайды екен, Дүнияда мақұлықат ғалым әре. Мұны айтып қайтып кеттi ақсақалдар, Қатар-қатар тағы келдi жариалар. Жүздерi толған айдай нұрлы болған, Қолдарында бiр табақ жауһары бар. Олар да үш мәртебе қылды тәуап, – Махшарда тәңiрiм қылсын бiзге сауап. Тәуап қылып болғанда жариалар, Есiктен үш мәртебе бердi жауап. – Амал нешiк бiздерден, шаһзада, Малменен шара болса дүнияда. Қолымыздағы жауһарды берер едiк, Бейзауал хүкiмi бар бiр Құданың. Сабырдан басқа ендi жоқ-дүр нәрсе, Қосылармыз арасат күнi келсе. Қолымыздан келетiн һеш себеп жоқ, Өткенге ауыр болар жылай берсе. Мұны айтып жариалар қайтып кеттi, Хисапсыз әскер келiп тағы жеттi. Олар дағы шатырға нала қылып, Қабiрiн үш мәртебе тәуап еттi. Есiгiне келдi де қылды фаған, – Шаһзада, не шара бар ендi саған?! Соғыспенен бiр шара болса едi, Қылар едiк жанымызды сiзге құрбан. Шаһзада, жатқаның болды қабiр, Сiзге ендi қыламыз бiз де сабыр. Алланың хүкiмiне жоқ-дүр шара, Сабырсыздық – болады жанға жәбiр. Он сегiз мың ғаламның патшасы, Пенденiң оған жоқ-дүр һеш шарасы. Әскерлер мұны айтып кетiп едi, Ендi келдi шаһзада ата-анасы. Патша келдi уәзiр, бектерi бар, Үш мәртебе тәуап қып жылады зар. – Екi көзiм қарасы, әй, құлыным, Бiздерден саған ендi не шара бар?! Ғылымменен табылса саған шара, Ғалымдарды жияр ем мен – бейшара. Инғам-ихсан қылғанда шара болса, Табар ем оны дағы ғалым әре. Алланың әмiрiне ас-сабру-р-раһман, Һеш шара жоқ дүнияда қанша жаннан. Разы болудан басқа не бар ендi?! – деп, Атасы осылайша қылды фаған. Хасан Басри сұрады уәзiрлерден: – Не себептен жылайды осынша адам? Уәзiр айтты: – Патшаның жалғыз ұғылы Ажал жетiп, қайтқан-дүр дүниядан. Оқымақта, жазмақта абзал едi, Бiр күнi қаза жетiп өлген едi. Разы болмасыны көп халықтың, Осы шатыр iшiне көмген едi. Соның үшiн жылайды зарлық етiп, Шаһзада болған соң құрмет етiп. Жыл уақыт болғанда бiр мәртебе, Бiз шатырға келемiз тәуап етiп. Мұны естiп Хасан Басри болды пақыр, Бұ шатырдың жанында жылап жатыр. Ғарiптердi мойнына тамам алып, Өз басына келгендей заман ақыр. Хасан Басри – әулие, бiр абзал ер, Соларды да жалмады-ау сұм қара жер. Соның үшiн есiмiн атағанда, Хасан Басри «Рахматулла алейһи»*дер. Сауда қылмай жалғанда сопы болды, Дүнияға ықтиярсыз ғалым болды. Тауфиқты көңiлiне илһам толып, Тағатпенен күнi-түнi машғұл болды. Әй, патша, бала қайғысы, мiне, осындай! Қайырлы ғұмыр берсiн, патша, Құдай. Қатынның сөзiменен өлтiрем деп, Арманда боп жүрме сiз де сондай. Тiледi осылайша әлгi уәзiр, Патша тiлегенiн қылды нәзiр. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Тағы да сарайына келдi әзiр. Қатынмен бiрге отырып iштi тағам, Тағамнан соң шығарды хасыл кәлам. – Он тоғызыншы уәзiрiм тiлеп алды, Зынданда жатыр, – дедi, – тағы балам. – Һәркiмнiң өз ақылы болмас тәттi, Әй, тақсыр, бiлмедiң бе бұл хадистi? «Мән истағна минәл ақыли зәлла» деген, Алмаса дос жарынан насихатты. Қатын айтты: – Қатын тiлiн алмай жүрсе, Үлкен қорлық ақылын төмен көрсе. Саған оңай емес қой осы iсiң, Пендеге қорлық берер сегiз нәрсе. Әуелi, жерге барса шақырмаған, Барғанда рұқсатсыз iшсе тағам. Екiншi, жат қатынмен ойнамақ-дүр, Үшiншi, өтiрiк сөз – хасыл кәлам. Төртiншi, патшаны қорламақ-дүр, Бесiншi, үлкеннен жоғары отырмақ-дүр. Алтыншы, бекер сөздi сөйлемек-дүр, Жетiншi, сараңнан қарыз сұрамақ-дүр. Сегiзiншi, дұшманның үйiне бармақ, Уәзiрлер арамызға сөздi салмақ. Олардың сөздерiне ерген адам, Арманда өзiне де қайғыны алмақ. Көп болар сiзге айтатын жалған сөзi, Қырық дана уәзiрлердiң оның өзi. «Ұғланға бiз жәрдемшi боламыз» деп, Сiзге дұшман болғаны осы кезi. Уәзiрлердiң ересiң өсиетiне, Ұғланның қылып жүрген ғаламатына. Сенiменен екеумiз ұқсап тұр ғой, Бақшашы бiр кәрi шал хикаятына. – Ұғланның саламатта жаны, – дедi, Айырмыш дәлел болса, кәнi? – дедi. Патшаның мысалына ұқсар болса, Ол қартты естиiн оны, – дедi. Қатын айтты: – Iлгерi бiр заманда, Бiр қарттың гүл бақшасы болған онда. Ұғылыменен екеуi есек мiнiп, Ғажап болды бақшаға бiр барғанда. Бақшаға екеуi де қадам басты, Алдынан бiр көп кiсi ұшырасты. Олар айтты: – Қарашы ақымағын, Қарт жаяу, есек мiнген бала – дестi. Мұны естiп ол баба жүредi ендi, Есегiнен баланы түсiрдi ендi. Баланы жаяу ерттi арт жағынан, Өзi мiнiп есекке жүре бердi. Бiр әскер тағы келдi бұларға ендi, – Бала жаяу, өзi мiнген есек, – дедi. Мұны естiп ол қарт және тағы, Баланы өз алдына алады ендi. Тағы да ұшырады бiр көп адам, – Қарашы бұ қартқа, – деп, – ақымақ адам. Баланы алдына алып, өзi артында, Есектi мiнген, – дедi, – бұ бiр надан. Мұны естiп баланы артына алды, Алдына өзi отырып жүре бердi. Бiрнеше адам жолықты тағы және, Олар айтты бұ қартқа: «Мына қара Есегiнiң алдына өзi мiнген», Не қыларын бiлмедi бұл бейшара. Сөзден адам құтылған күнi бар ма?! Сөйледi жолыққаны бiрер пара. Мұны естiп есегiн қоя бердi, Ендi екеуi түстi де жаяу жүрдi. Һешбiр адам жолықпай мұнан кейiн, Бақшасы алыс екен зорға кiрдi. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Һәр адам һәр түрлi айтар сөздiң түсiн. Осы қартты неше түрлi айтар болса, Оның сен не қылғанын көрермiсiң? Бiр патша аяғына тiкен кiрген, Бiр адамға бұйрық қып: «Қара» деген. Әлгi кiсi аяғын қарады да, – Түзелiптi, тақсыр, – деп жауап берген. Екiншi бiр адамға: «Қара» деген, Ол айтыпты: – Аяғың түзелмеген. Патша айтты: – Дұрыс сөз табылмады, Һәр түрлi сөз сөйледi бұлар деген. Әй, патша, залал емес қатын сөзi, Һәр түрлi боп шығады сөздiң тезi. Харамзада ұғылыңды өлтiргiз, Сiзге пайда қылмайды оның өзi. Қатын сөзiн қабылдап алды патша, Сарайында ұйықтауға қалды патша. Орнынан ертерек тағы тұрды, Ұйқысы һеш келмейдi тақытта жатса. Тақытына ерте мiндi, қаһар етiп, «Баланы алып кел!» деп әмiр етiп. – Бүгiнше менiм үшiн ғапу қыл, – деп, Жиырманшы уәзiрi келдi жетiп. – Әй, патша, мен айтайын iзгi сөзiм, Уәзiрлерiң айтады сөздiң тезiн Шаһзада жанына қас қылмаңыз, Сiзден, сiрә, кем көрмен менiм өзiм. Хақ Расул кiтапта бұйырыпты, Адамға ақыл айтса, әгар, – дептi. Iзгiлiкке сөйлесiн не нәрсеге, О дағы үмбетi үшiн қайғы жептi. Сөз бiлмеген артық-дүр тек тұрмағы, Жiгiтке мал бередi болса бағы. Менiм үшiн кiнәһiн ғапу қылып, Әй, тақсыр, өлтiрмеңiз мұны тағы. Һәр iске сабыр керек, әй, патша, Адамға пайда бар ма тегiн жатса?! Қатын бұзар адамның әдiлетiн, Қас көрер уәзiрлер сөзiн айтса. Бiр патша хикаяты ұқсар сiзге, Әй, тақсыр, разы бол бәрiмiзге. Патша айтты: – Естиiн оны, – дедi, Шүбһәсi шықпады көрер көзге. Уәзiр айтты: – Бiр патша бұрын өткен, Халқына заманында хүкiм еткен. Бiр күнi сайран етiп аң аулауға, Қасына қанша әскер ертiп кеткен. Сайранда жүредi екен осы патша, Жарамас қас қылғанның дәмiн татса. Бiр дәруiш жол үстiнде отыр екен, Патша үйге қайтып келе жатса. Патша бұған бұрды мiнген атын, Мұның да бiлейiн деп ғаламатын. – Мың алтын бiреу маған берсе, – дедi, Менiм бар айтатұғын насихатым. Патша айтты дәруiшке: – Сөйле, – дедi, – Мың алтын қазiр маған бергiл, – дедi. Патша мың алтынды берген халде, Дәруiш: – Мен сөйлейiн ендi, – дедi. Айтады дәруiш сонда: – Патша, – дедi, Бiр iстi iстер болсаң сабыр, – дедi. Iстiң түбiн пiкiрлеп iстегейсiз, Менiм айтар насихатым осы, – дедi. Патша мына сөзiн естiп тұрды, Қасына бiрталай әскер ердi. Уәзiр айтты: – Мұны һәркiм бiлер, Күлдi де осыны айтып жүре бердi. Патша әскерменен үйге келдi, Дәруiштiң бұ сөзi хош көрiндi. Осы сөзiн қадақтап бағанаға, Жазып-жазып бәрiне тамам қылды. Бiр патша бұ патшаға қас болыпты, Қыларға һешбiр хайла таба алмапты. «Қай күнi өлтiрем?» деп ойына алып, – Бiр шара болар ма екен ендi? – дептi. Қан алушы патшаға барса, – дедi, Патша тез шақыртып алса, – дедi. Ағулы бiр нушатарны мен берейiн, Соныменен өлтiрер салса, – дедi. Қан алушыға патша келдi жетiп, «Патшаны өлтiрем» деп мағлұм етiп. – Көп алтынды берейiн ендi саған, Өлтiрсең патшаны зәһарлатып. Мұны айтып он мың алтын бередi оған, – Бiр жәрдемшi бола көр, жаным, маған. Қан алушы өлтiрмек боп разы болып, – Бiр жәрдем тигiзейiн, – дедi, – саған. Бiр күнi мына патша хаста болды, – Шақырып қан алушыны келiң, – дедi. Қан алсын маған келiп, – деген халде, Қан алушы қасына жетiп келдi. Қан алмаққа патшаға келдi жетiп, Зәһарды берейiн деп қастық етiп. Қызметшiге бұйырды «Тас әкел» деп, Ойланды алмақ үшiн қан шiрiтiп. Қызметшiлер көп тасты әзiр қылды, Ол қаншы бiр тасты алып келдi. Бiр тасты қолына алып ұстағанда, Жазылған бетiндегi жазу көрдi. «Оқығаның, мұны байқап аңдағайсыз, Мүмiнге қастық үшiн бармағайсыз. Бiреуге жаманшылық ойласаңыз, Пiкiрлеп, iстiң түбiн ойлағайсыз». Бұлайша деп жазылған жазу көрдi, Ол қаншы оқыды да ғажап қылды. «Мен бұған қастық қылсам, менi өлтiрер», Iстiң түбiн пiкiрлеп, ойлап бiлдi. «Жамандыққа һәр адам өзi бастар, Патша өлгенiнде менi жаныштар». Мұны ойлап ол қаншы қорықты дағы, Жаңадан iстедi басқа нушатар. Басқа нушатар iстеуге даярланды, Патша мұнысына көзiн салды. – Басқа нушатар нелiктен жасадыңыз? Қаншы ендi айтпасына ой ойланды. – Бұ нушатар жарамайды сiзге, – дедi, Жамандығы көрiнер көзге, – дедi. Патша мұны: – Айт, – деп тұрды зорлап, Нелiктен айтпадыңыз бiзге? – дедi. – Патша, мен айтайын ендi, жаным, Бұ сырды сiзден аяп не қылайын. Бiр дұшпанның қас болған қастығымен, Бұл нушатар сол үшiн қылдым дайын. Бiр патша қас болыпты сiзге, – дедi, Сiздi «өлтiр» деп бұйырды бiзге, – дедi. Бұл тастағы жазуды көрген халде, Көңiлiм менiм болды өзге, – дедi. «Iстiң түбiн пiкiрле» дедi бұ тас, Соның үшiн мен сiзге қылмадым қас. Өзiң қылған қастығың өзiңiзге, Бұ сырды соның үшiн әйладым паш. Соның үшiн басқаны iстедiм мен, Ол патшаның қастығын тастадым мен. Бұ зәһарлы нушатарды төктiм дағы, Жаңадан бұларды ендi ұстадым мен. Патша айтты: – Бар едi әдiлетiм, Байқағаның бек жақсы iстiң артын. Дәруiш «мың алтын» деп арзан айтқан, Бұ сөздiң шын бағасы он мың алтын. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Әдiл болған iстерге келер күшiң. Сол дәруiш насихаты падишаға Жақсылық келтiргенiн көрермiсiң. Өкiнiшке қаларсыз ақырында, Қатын тiлiне ерсең де бұ күн мұнда. Қиямет күн болғанда сауал сұрса, Не деп жауап бересiз, Тәңiрi алдында? Басқасын өзiң бiл, – деп тұрды уәзiр, Патша рахымлы қылды назар. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Патша сарайына келдi әзiр. Тағам iшiп қатынмен отырды ендi, Көңiлiне һәр ойды келтiрдi ендi. – Бұ күн тағы ұғылыңызды не қылдың? – деп, Қатыны тағы жауап бiтiрдi ендi. – Жиырманшы уәзiрiм қылды нала, Бұ күн тағы қалып тұр осы бала. Шүбһәсi көңiлге тағинсыз, Қайырлы ғұмыр берсiн Хақ Тағала. Қатын айтты: – Болды ғой қиын көрсе, Пендесiн есiркейдi жылай берсе. Мамұн деген халифа айтқан екен, «Келiспес, – деп, – патшаға төрт нәрсе». Әуелi, әдiл бегi ғапыл болмақ, Екiншi, насырлары күншiл болмақ. Үшiншi, хақырлар ұятсыз боп, Төртiншi, уәзiрлерi жауыз болмақ. Хәкiмдер айтқан, беклерде болмас некен, Жалғаншыда опа жоқ қайғы жеген. Күншiл болған адамда рахат жоқ, Ұғылық бiлмейдi надан деген. Әй, патша, бұл уәзiрлер қиянатты, Тiлiн алған адамдар мехнатты. Сен бұлардың сөзiне иланасың, Уәзiрлерде бiреу жоқ сиясатты. Мағлұм-дүр уәзiрлердiң қиянаты, Арамызға салғаны ғаламаты. Өзiңменен ұғланның осы iсi, Түрiктерге ұқсайды хикаяты. Патша айтты: – Естиiн оны және, Бiзге жауыздық қылды ма осы бала? Шүбһәсi қалайша шығар екен? Оған шейiн тағы да сөйлеп қара. Қатын айтты: – Бiр ауылдың адамдары, Бiр шаһарға жөнелдi оның бәрi. Шаһардан қайтқанында ендi бұлар, Айтылар падишаға ахуалдары. Қайтып келе жатқанда тоқтап тұрды, Бiр азырақ сарымсақ, нанды жедi. Жуа ащысы кiргенде көздерiне, Жас ағып етегiне төгiлдi ендi. Ауылға жақындады оның бәрi, Алдынан қарсы шықты балалары. Аталарының көздерi қызыл екен, Балаларға мағлұм-дүр ахуалдары. Балалар мұны көрiп ой ойлайды, Көңiлiне сыйған ойды бек ойлайды. Көздерi қызарғанын көрген халде, «Шаһардан кiсi өлген бе?» деп ойлайды. Балалар жүгiредi үйге таман, Қараса атасының көзi жаман. Балалар ауылға кеп сөз айтады: – Шаһардан өлiптi, – деп, – қазалы адам. Ауылға бұлар тағы келедi ендi, Ауылдың жылағанын көредi ендi. Бұлар бәрi ауылға келген халде, Жылаған халайықты көредi ендi. Қой-қойласып тоқтатты мұның бәрi, Ауылдан кiсi өлген деп ахуалдары. «Өткенге өкiнбеңiз сiздер де», – деп, Жылады мұны айтып баршалары. Тоқтатты ауыл қарты осылай деп, Шаһардан келген айтты: – Кiм өлдi? – деп. Бұлар айтты: – Ауылдан жан өлген жоқ, Шаһардан өлген адам болмаса, – деп. Бұлар айтты: – Шаһардан өлген жан жоқ, Бәрi де сау-саламат, тамағы тоқ. Балалардың наныпты өтiрiгiне, Бәрi де бос жылаған дүния боқ. Әй, патша, бұ хикаят көрдiңiз бе? Баланың не қылғанын бiлдiңiз бе? Ол сенi өлтiрместен бұрын өлтiр, Дос болар деп бұларды жүрдiңiз бе? Қатыннан мұны естiп жатты патша, «Ертеңмен өлтiрем» деп айтты патша. Ерте тұрып тақытына мiнгеннен соң, Әмiрiн жалладына айтты патша. Баланы алып келдi жалладтар, Қасына бiрге отырған уәзiрлерi. – Әй, тақсыр, бұ күнгi күн ғапу қыл, – деп, Тiледi патшадан оның бәрi. Жиырма бiрiншi уәзiр жетiп келдi, Патшаға хикаят сөйледi ендi: – Түнi-күн асатирны оқығанда, Бiр хикаят, әй, тақсыр, көрдiм ендi. Бұрын бiр патша өткен әдiл болып, Ғалымдарға айтыпты әзiр қылып: – Бiр кiтапты мен үшiн шығарыңыз, Мұтәллаға қылайын тамам болып. Андан соң бiр кiтапты ғалымдары, Тасниф қылып шығарған оның бәрi. Оның абзалын патша оқып көрiп, Ғажап, қайран көрдi баршалары. Сондағы кiтап сөзi: «Адам, – дедi, Дос көрме дүнияны жаман, – дедi. Дүнияға мейлiнше мағрұр болып, Ақырында боларсың надан, – дедi. Дүния көрсетедi өзiн-өзi, Халыққа мәшһүр-дүр айтар сөзi. Ернi ұзын болғанда, тiсi де ұзын, Адамдарға жайнаған екi көзi. Өзiңдi-өзiң сақта бұ харамнан, Достығың айырмасын һәр адамнан. Захматын тигiзбе дүнияның, Көресiң мехнатты ая ханнан. Дүнияда мәшһүр болсын әдiлетiң, Және де жомарттықпен шықсын атың. Өзiңдi өзiң құтқар бұ дүниядан, Тартарсыз байқамасаң мехнатын. Жарығы дүнияның – қараңғылық, Барлығы дүнияның болған жоқтық. Жаңалығы байқасаң ескiлiк-дүр, Болады дүнияда мұндай қылық. Мал-мүлкi бұл адамның болар обал, Кәсiп қылсаң, әгарда, қылғыл халал. Иманды болмағыңа себеп болмас, Молданың бiрге жүрiп, ғылымын ал. Малыңды iзгiлiкке қылғыл сарп, Құтылғыл парызыңнан Мекке барып. Ғылымменен бiрге бол қайда барсаң, Үйренгiл молдалардан һәрбiр әрiп. Және де дос көрмеңiз қатын сөзiн, Ғылымменен тақуа болғыл өзiң. Қиямет, махшар күнде сауал болса, Қалайша жауап бердiң көрсе көзiң. Қатынға өлгенiңше сырыңды айтпа, Азаптан құтылуға дiнiң сақта. Қатынның тәнi-зағиф, хайласы артық, Ежелден туғры жолдан кейiн қайтып». Осылайша жазылған сөзiн көрдiм, Шариғаттың махкамын көзбен көрдiм. Әй, патша, кiтап сөзi, мiне, осындай, Мағынасын олардың оқып бiлдiм. Әй, патша, қор қылады қатын сөзi, Һәркiмнiң жалғыз ұғылы – көрер көзi. Қатын сөзi – адамға хайла-мәкiр, Дұшпандығын айтады оның өзi. Қатынның көрiп жүрме ғаламатын, Тастама уәзiрлердiң насихатын. Естiгенiң жоқ едi дүнияда, Қатынменен бiр патшаның хикаятын. Патша айтты: – Естиiн, сөйле, – дедi, Құдадан жақсылықты тiле, – дедi. Һәрдайым да ғұмырың ұзын болсын, Бәрiн де бiр Құдайым бiле, – дедi. Уәзiр айтты: – Бiр патша бұрын болған, Қатыны зұлымдықпен хайла қылған. Неше-неше шаһзада ғашық болып, Бiр жiгiттi жақындық қып қасына алған. Ғашық боп бұ жiгiттi асыраған, Патшаға көрсетпей тығып қойған. Патшаның жоғында қосылысып, Неше заман екеуi ғишрат қылған. Қатынға жiгiт айтты қасына кеп: – Бiр күндерде патша көредi, – деп. Бiз екеумiз қылғанды патша бiлсе, Көрсетер басымызға әңгiме-кеп. Қатын айтты жiгiтке: – Сенi, – дедi, Көрсе, әгар, патша менi, – дедi. Жiгiтiм бұ сандықта деп айтамын, Осылайша болады жөнi, – дедi. Қолымыздан келедi сөйлер сөзiм, Бұл сандықта жатарсың сенiң өзiң. Патшаға айтармын туғры жөнiн, Артынан өкiнтермiн оның өзiн. Екеуi отырғанда ғишрат етiп, Сандыққа салды жiгiттi тас бекiтiп. Патша келе қалды қазiр жетiп, – Неге жылдам бекiттiң мұны нетiп? Қатын айтты: – Әй, патша, бұ сандыққа, Жiгiт салдым ғишрат мен қылмаққа. Соның үшiн тезiрек бекiттiм мен, Жылдам келiп тұрғаның осы жаққа. Бiр жiгiттi ғашық боп алдым, – дедi, Ғишратпен қызық көрiп қалдым, – дедi. Үстiме сен тезiрек келген үшiн, Ол жiгiттi сандыққа салдым, – дедi. Патша айтты: – Аш сандықты өлтiрейiн! Хүкiмiмдi жерiне келтiрейiн. Ғашықтықпен сандыққа салған болсаң, Ойлаған харамыңды бiтiрейiн. Қатын айтты: – Әй, патша, тыңда, – дедi, Неге жiгiт саламын мұнда?! – дедi. Себебiн мен сынамаққа айтып едiм, Менiм айтқан хайланы ойла, – дедi. Рұқсатсыз қылам ба һәрбiр iстi?! Сенiң үшiн мақсұтты ерте-кешнi. Өзiң – патша, мен ханым болған халде, Төсекке жатқызам ба жат кiсiнi?! Сынауға айтып едiм саған, – дедi, Нелiктен ашуландың маған? – дедi. Қандай сұлу болса да сенен басқа, Көңiлiмдi берем бе оған! – дедi. Бұ сандықта жоқ менiм һешбiр кiсiм, Құда сақта, қылам ба ондай iсiн! Иғтиқадың түзiк пе, дұрыс па деп, Мен саған айтып едiм сынар үшiн. Айтқаныма инанып ашуландың, Өткiрiрек қолыңа қылыш алдың. Менiм айтқан бекер сөзiм рас тұтып, Нелiктен, әй, патша, қапаландың? Патша инанып жалбарды көп, – Менiм саған айтқаным қата екен, – деп. Менi сен де сынауға айтар болсаң, Һеш шүбһә жоқ екен көңiлде, – деп. Мұны айтып патша шығып кеттi, Сандықтан ол жiгіттi алып кептi. – Көрдiңiз бе мен қандай хайла қылдым? Менiм айтқан хайланы бiлмей кеттi. Жiгiтпенен машғұл болды ғайш-ғишрат, Қатындарда болады көп ғаламат. Әй, патша, тыңдасаңыз осы сөзiм, Соның үшiн айтқаным бұл насихат. Қатында толып жатыр хайла-мәкiр, Болыпты бұрынғыда осындайлар. Ерiнiң шариғатын хилаф етiп, Ойлайды залымдықпен һәрбiр ойлар. Соңынан өкiнерсiң ақырында, Пайда жоқ өкiнсең де ең соңында. Қатынның сөзiменен iс қылмаңыз, Арманда өтiп кетер бұ жалғанда. Шаһзаданы уәзiрлер тiлеп алды, Патша зынданына тағы салды. Аңнан кеп тағам iшiп отырғанда, Қатын тағы баланы сұрай қалды. – Бiр уәзiрiм тiледi ол баланы, Зынданыма салдырдым тағы оны. Салмасыма болмады тiлеген соң, Уәзiрлерiм сөйледi әңгiменi. Қатын айтты: – Бұ бала асылсыз-дүр, Асылсыздан һеш пайда бiлiмсiз-дүр. Халал зада бала деп айтып болмас, Атасына тартуы мағлұмсыз-дүр. Менi жақсы көрмедi анасындай, Бұл өзi Нұх пайғамбар баласындай. Пайғамбардан туса да кәпiр болды, Әй, патша, бiлмесеңiз бұ да сондай. Кемеге Нұх пайғамбар рух салған, Бiр баласы осындай залым болған. Иннәһу ләйса мин әһлика иннәһу амал ғайри салих. Бұл аят ғибрат боп сонан қалған. Балалар атасына тартпағанда, Наданға насихатын айтпағанда. Ақылды жан болды деп кiм айтады? Бойында мәнi болса жаппағанда. Бiлмейдi ақылы жоқ өз ұятын, Кiсi емес бұ балаңыз ел тиятын. Патша, тыңдасаңыз мен айтайын, Бiр патша мен дәруiш хикаятын. Қатын айтты: – Әуелгi бiр заманда, Бiр әдiл патшасы болғанды онда. Аң аулап һәрдайымда жүредi, Бiр дәруiш ертiп алып өз қасында. Қасына дәруiштi ертiп алып, Жүредi қаршығаны құсқа салып. Екеуi түз далаға барады ендi, Құс алатын дағдылы жерге барып. Бiрқатар көп құсқа келедi ендi, Қаршыға дәруiште жүредi ендi. Дәруiш қаршығаны жiбере алмай, Ұшырып тамам құсты жiбердi ендi. Онан өтiп бiрқатар құсқа келдi, Қаршыға дәруiште жүредi ендi. – Мына құсқа қаршығаны жiбершi, – деп, Патша дәруiшке дауыс бердi. Дәруiш те не екенiн байқамады, Қаршығаны ұстап тұрып: «Әй, қап!», – дедi. Екiншi айқайлады тағы патша, Босатып қаршыға жiбердi ендi. Қаршыға бара алмай құсқа таман, Екi көзi қызарып болған жаман. Патша дәруiшке жақын келiп, – Қалды ма жiбере алмай жаның аман? Дәруiш айтты: – Нелiктен ашуландың? «Қаршығаны жiбер» деп айқай салдың. Жiбер дедiң жiбердiм, не айыбым бар?! Ұша алмай қалғанына қапаландың. Патша дәруiшке келедi ендi, Адамның асылсызын бiледi ендi. Дәруiштiң сөзiне ғажаптанып, Iшi-бауыры қатқанша күледi ендi. Мұныменен екеуi үйге келдi, Сөзiне дәруiштiң күлiп келдi. «Асылына тартады һәр нәрсе» деп, Уәзiрменен бегiне келедi ендi. – Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Ұғланың харамзада көрер көзге. Әгарда өлтiрмесең мұны, сiрә, Дүнияда опа қылмас бәрiмiзге. Патша қатын сөзiн қабыл алды, Бәрi де сарайында ұйықтап қалды. Ертеңмен тақытына отырғанда, Шақырып жалладтарын алдына алды. Алдына уәзiрлерiн әзiр қылды, Тағы да өлтiрерiн бала бiлдi. Жалладқа: «Мойнын үзiп ұр!» – дегенде, Жиырма екiншi уәзiрi жетiп келдi. Уәзiр айтты: – Әй, патша, нашар халiм, Мен сiздi тиямын деп келе ме әлiм? Инна Алла мағал уалии ма дама йағдилу фәнза жара Уккила илә нәфсиһи сүммә салата алейһи-ш-шайтан* Шайтанды ерiктi қылар болса залым. Расул айтты: – Үмбетiнiң көп қамын жеп, Патша залым болса, күнәһiсi көп. Ииакум уа-з-зулму фә иннәһу йухариббу қулубакум Айтыпты «Зұлымдықтан сақтаның» деп. Зұлымдық қылғандығын өзi бiлмес, Шайтанға ерiк берсе, иман көрмес. Әдiл болмай дүниядан өтiп кетсе, Ұжмақта хор қызымен ойнап, күлмес. Қатынның құлақ қойма ғаламатына, Құлақ қой уәзiрлердiң өсиетiне. Сенiменен баланың осы едi, Бiр патшаның ұқсайды хикаятына. Патша: – Естиiн оны, – деген, Уәзiр байғұс хикаяттан бек сөйлеген. – Патша, бұ баланы ғапу қыл, – деп, Һәрбiрi һәр күнiнде көп тiлеген. Уәзiр айтты: – Бiр патша бұрын өткен, Бiр баласы бар екен еркелеткен. Баланың сұлулығы бек тамаша, Өзi һәм кәмелетке толып жеткен. Көзi бар қарағанда дәл жанған өрт, Болғанда қасы қара, тiсi меруерт. Үйiнен шыға алмады базар жаққа, Болады көрген жанға бiр үлкен дерт. Шаһзада қылады күнде сайран, Көрген жан дидарына қалды қайран. Базарға шыққан кезде көргендерге, «Алыс жүр» деп айтады әлде қайдан. Жалладын жүрушi едi алып бiрге, Ғашықты өлтiредi көрген жерде. Көрген жан әлде қайдан қашушы едi, Сыртына шығармады пәлен дерге. Бiр дәруiш ғашық болды шаһзадаға. «Мұндай нұрлы келмес, – деп, – дүнияға». Көргенде ғашықтықтан жақын келер, Шыққанда шаһзада һәр сайранға. Шаһзада айтар едi: «Әрмен жүр!» – деп, Қорқытып сөйлер едi: «Өлтiрем!» – деп. Сонда да кетпедi өз қасынан, Қимайды өлтiруге дәруiш деп. Сайранға шығушы едi жұмасында, Шаһзада тамаша көп бiр басында. Дәруiш те сарайында жүрер бiрге, Шаһзада шыққанда өз қасында. Сайранға шығар кезiн бiлушi едi, Жамалын көремiз деп келушi едi. Арт жағынан сап-сап боп тезлеп кеп, Оқ атымдай жерден тұрып көрушi едi. Дәруiш бiрге жүрiп сайран еттi, Көргенде ғашықтықтан жүдеп кеттi. «Осындай бiр дәруiш кетпедi» деп, Жалладтар патшаға мағлұм еттi. Патша мұны естiп: – Өлтiр, – дедi, – Хүкiмiмдi жерiне келтiр, – дедi. Әдiлдiгiм һәркiмге заһир болсын, Жұмысымды, жалладтар, бiтiр, – дедi. Бiр уәзiрi патшаға келдi жақын, – Әй, патша, мен айтам, – деп, – сiзге ақыл. Нақақ жерде қан төкпек келiспейдi, Дәруiш Хақ қасында iсi мақұл. Алланың хабарына қылғыл тәуап, Әй, патша, пақырларға қылғыл сауап. Қиямет күн болғанда сауал сұрса, Бересiз бiр Аллаға не деп жауап? Патша айтты: – Iс жөнiн бiлгем, – дедi, Қайтадан тiрiле ме өлген? – дедi. Әйтеуiр, халық айтқан бiр сөзi-дүр, Кiм барып қияметтi көрген? – дедi. Уәзiр: – Өлтiрме, – деп зарлады ендi, Патша қияметке нанбады ендi. Қиямет күн дегенiн бұл уәзiрдiң, Сөзiне қабыл көрiп салмады ендi. Патша жастығында ұйықтап кеттi, Қияметтi уәзiрден хилаф еттi. Ұйқыға патша кеткен халде, Түсiнде көрдi, – дедi, – қияметтi. Алдында құрылып тұр сират көпiр, Неше адамды қуып жүр опыр-топыр. Бiрнеше адам қуанып кiтап оқып, Бiрнеше адам қайғырып жылап отыр. Ұжмақтың жемiстерi шашылып тұр, Есiгi имандыға ашылып тұр. Оттары жаһаннамның қыздырылып, Күнәһiлiнiң етiне басылып тұр. Қайсылары ұжмаққа кiрiп келген, Iшiнде хор қызымен ойнап-күлген. Неше түрлi жемiсi даярланып, Алдына «менi же» деп өзi келген. Жеймiн деп бiр жемiстi үзiп алса, Қайта шығар орнына көзiн салса. Тоқтаусыз хор қыздары шарап iшер, Патша қайран қалып жақын барса. Келедi забаниа жаһаннамға, Азап қылып отқа сап һәр адамға. Жылаған дауыстары ғарышқа жетiп, Патша қайран қалып тұрды таңға. Шөлдесе, бiр iшiм су сұрап iшер, Баршасы тәнiнiң отқа пiсер. Су орнына бередi заһар заққұм, Жұтқанда iшек-қарны жерге түсер. Патшаны таразыға келедi алып, Амалын таразыға өлшеп салып. Сауабын күнәһiсi аз басып тұрды, Кiргiздi жаһаннамға алып барып. Патша жаһаннамға кiрiп келдi, Неше түрлi азап бар, байқап бiлдi. Жақындап жаһаннамға барғанында, Артынан айқайлаған дауыс бердi. – Балаңа ғашық болып кетер едiк, Бiз дағы мұрат iске жетер едiк. Ғашықтарға мархабат қылған болсаң, Бiз де бұ күн жақсылық етер едiк. Бiр забаниа келдi де қаһарланды, Патшаны жағасынан ұстап алды. – Қияметке нанбаған сен бе едiң?! – деп, Қатран қазанына әкеп салды. Қасына жылан, шаян жақын жеттi, Азабы патшаның жанына өттi. Тамұғының азабының ащысынан, Оянып ұйқысынан патша кеттi. Патша тұра келiп ойлады ендi, – Өлтiрмесiн дәруiштi, қайда? – дедi. Түсiмде қияметтi көзбен көрдiм, Тезiрек дәруiштi ойла, – дедi. Жалладтар дәруiшке келдi жетiп, Дәруiш жылап жатыр зарлық етiп. – Құдай-а, менi сақта бұ баладан, Жалладтар өлтiредi менi тұтып. Құдай-а, көрiк бердiң шаһзадаға, Һеш күнәһiм жоқ едi патшаға. Жанымды құдiретiңмен қабыз әйла, Тұрмаймын опасы жоқ дүнияға. Патша айтты баласына: – Барың, – дедi, Дәруiштi топырақтан алың, – дедi. Жылаған тоқтата көр көзІнiң жасын, Тезiрек мейiрiңдi салың, – дедi. Дәруiшке шаһзада жетiп келдi, Басын жерден көтерiп мұны көрдi. Шаһзада жаны ашып келгендiгiн, Дәруiш көзiн ашып ойлап бiлдi. Шаһзада көтерiп құрмет еттi Басын жерден көтерсе қаза жеттi. Патшаның көңiлi сонша жұмсап, Жаназалап дәруiштi дәфiндеттi. Қосты дәруiштi жердi қазып, Шаһзада қайғысынан жүдеп-азып. «Бұл бiзден шаһид болды дәруiш» деп, Қабiрiне қойдылар жазу жазып: «Күнәһiнiң бәрi болды өзiмiзден, Мұны бiз дұшпан көрдiк көңiлiмiзден. Һәза шаһидул ғашық мәта мин ғашиқинә фә һуа миннә. Қаталық бiр iс болды, – дедi, – бiзден». Патша мұнан кейiн күймес болды, Шаһзада ғашығына тимес болды. Нұрын адам көргенде рахмет айтып, Һешкiмге қатты жаза бермес болды. Әй, тақсыр, сөзге ұйыма ғафлаттай, Дүнияда надан болған адамзаттай. «Әддуния сағатун фәжағалаһа тағатан» Өтуi бұ дүнияның бiр сағаттай деген, Мәңгiлiк рахатты қолдан берме, Ғафлаттың жолына түсiп жүрме. Тағатпенен ғұмырды кешiрiңiз, Жауыздың саламатты тiлiне ерме. Уәзiрдiң тiлегенiн қабыл алды, Баланы зынданына тағы салды. Уәзiрлерiн таратып орнына, Аңын аулап далаға кетiп қалды. Келiптi кешке таман аңнан қайтып, Отырды қатынымен тағам татып. – Бұ күн тағы балаңыз не болды? – деп, Сұрады патшадан жауап қатып. Патша айтты: – Бiр уәзiрiм тiлеп алды, Баланы зынданыма тағы салды. Не болса да болады ертеңгi күн, Тағы да бұ күн ұғылым аман қалды. Қатын айтты: – Айтайын сiзге кеңес, Уәзiрлер қастық ойлар, уайым жемес. Нағибу заманана уал ғайбу финә уа ләйса фи заманана ғайбун сиуана, Заманды айыптамақ керек емес. Қырық уәзiр бұзықтық көп айтады, Һәрбiр уасуасасын ұлғайтады. Замананың бұ жүрген пенделерi, «Заманамыз бұзылды» деп айтады. Заман емес, бұзылған халық едi, Адамның бұзылуы анық едi. Һәрбiрiсi бiр түрлi сөзiн айтып, Көңiлiңе уасуасаны салып едi. Жалғаннан сiзге сөйлер һәр түрлiктi, Арасында бiреу жоқ бiр бiлiктi. Балаңызды патша қылмақ үшiн, Менiм үшiн қылады күншiлiктi. Көремiсiң олардың хикметiн, Бiрiнiң-бiрi жедi ақыр етiн. Патша, естiгенiң һеш жоқ екен, Патша мен қызметшi хикаятын. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Саламат қалар ма екен жаны? – дедi. Шүбһәсi бiлiнсе ақырында, Өлтiрмейiн мен дағы сенi, – дедi. Қатын айтты: – Бұрынғы өткен заман, Бiр патша болыпты мүлкi аман. Бiр кiсiсi патшаның қызмет қылып, Мiнезi патшаға болмас жаман. Қызметшi патшаға сөз айтады, Жақсылығын қалдырмай бек айтады. – Һәр уақытта бiр iстi iстер болсаң, Өзiң үшiн қыласың, – деп айтады. Патша ол қызметшiнi құрмет қылды, Һәр уақытта қасына ертiп жүрдi. Патшаның басқа бiр күншiлерi, Бiреуi жамандап айтып жүрдi. – Патша, сенiменен мәслихат құрған, Ол дәруiш сiзбенен көңiл бұрған. Ертең келсе, қасыңа жолатпаңыз, Кесел ауруы бар, жұғатұғын. Ол кiсi бұлай дедi хасыл кәлам, Нандырды патшаны әбден тамам. Қызметшiге сарымсақты ас жегiздi, Неше түрлi ләззаттi қылып тағам. Тағам iшiп болғанда айтады сөз: – Қасына патшаның барсаңыз тез. Аузыңды жеңiңмен тұтып отыр, Жасырын сөз айтқанда көзбе-көз. Патша сенi бiлiп қалмасын, – деп, Басыңа бiр бәленi салмасын, – деп, Қасына патшаның жақын барсаң, Сарымсақтың иiсi бармасын, – деп. Қызметшi күншiнiң сөзiн тұтты, Қасына патшаның жақын жеттi. – Бiр сөзiм бар айтатын, қызметшi, Патша: – Берi таман келшi, – дептi. Қызметшi келмей тұрды кейiнiрек, Патша ойлады: «Кешегi адам болған зерек. Бойында ауру бары рас екен, Тегiнде өлтiретiн мұны керек». Патша бiр хат жазып бердi бұған, – Ендi сөзiмдi айтайын, – дедi, – саған. Пәлен жерде Субас дейтiн бiр адам бар, Осы хатты апарып бершi оған. Тезiрек ендi мұнан жылдам барың, Субасқа мұнан барып хабар салың. Қағазды тамам оқып болған халде, Инғам-ихсан қылғанын өзiң алың. Қызметшi шықты да қадам басты, Манағы күншi кiсi ұшырасты. – Қағазды қайда алып барасың? – деп, Қызметшiмен екеуi жауаптасты. Қызметшi айтты: – Хат бердi патша маған, Субасқа апарамын, – дедi соған. Инғам-ихсан қылғанын алып қайтам, Iстерiмдi айтайын ендi саған. Күншi айтты: – Һәрдайым да боласың сен, Патшаға қызмет қыласың сен. Патшаның жанында көп отырып, Инғам-ихсан қылғанын аласың сен. Осы жолы мен оған барайын да, Патшадан мен хабар алайын да. Патшадан һәрқашан да көп алдың ғой, Осы жолы ихсаныңды алайын да. Қызметшi ойлайды берейiн деп, Мұның да айтқанына ерейiн деп. Сарымсақты ас берiп қылды құрмет, Һәрқашан жақсылық қып жүрейiн деп. – Бұ қағазды, мiнеки, бердiм сiзге, Қайырлы ғұмыр берсiн екеумiзге. Сарымсақты ас берiп қылдың құрмет, Соның үшiн мархабат қылдық сiзге. Ол күншi бұл қағазды алып кеттi, Субастың мақамына барып жеттi. – Патшадан бiр хабар әкелдiм, – деп, Қағазды Субастың қолына iлiттi. Субасқа бұ қағазды келтiрдi ендi, Жұмысын бұл адамның бiтiрдi ендi. «Бұл қағазды кiмде-кiм алып келсе, Ұстап алып мұндарды өлтiр, – дептi. Бұл адамның терiсiн сойың, – дептi, Кешiкпешi, мұның басын жойың, – дептi. Терiсiне саламды тығып қойып, Жүретұғын жолыма қойың», – дептi. Осылайша жазылған хаты бiттi, Субас әзiр қызметшiлерiне әмiр еттi: «Бұл адамның терiсiн сой!» дегенде, Қасына қызметшiлер келiп жеттi. Бұ күншi мұны бiлiп зарлық еттi: – Бұ қағазды мен емес алған, – дептi. Жолда маған жолығып келген жерде Бiр кiсi мұны маған берiп кеттi. Мұның айтқан сөздерiн тыңдамады, Үстiндегi терiсiн жұлмалады. Терiсiн сойып алып салам тықты, Патшадан бұйрықсыз қыла алмады. Бұ кiсiнiң терiсiн бiтеу сойды, Пышақпен тiлiп-тiлiп көзiн ойды. Терiсiн бiтеу сойып сабан тығып, Патшаның жүретiн жолына қойды. Патша бiр сағатта жолға келдi, Сойып қойған адамды көзi көрдi. Қызметшi кiсi емес күншi адамы, Бұ жерде қайран қалып үйге келдi. Патша тақытына отырды ендi, Көшеге шығып жұмысын бiтiрдi ендi. Арасындағы оқиғаны бiлейiн деп, Шақырып қызметшiнi келтiрдi ендi. Патша айтты: – Қасыма келдiң, – дедi, Менiменен кеңестi құрдың, – дедi. Мен шақырсам өзiңдi жауап алып, Нелiктен жеңiң тұтып тұрдың? – дедi. – Әй, тақсыр, шақырғанға келдiм, – дедi, Сiзiң менен кеңестi құрдым, – дедi. Күншi адамнан сарымсақты ас жеп едiм, Соның үшiн аузым тұтып тұрдым, – дедi. Патша айтты: – Қағазды қайда қойдың? Не себептен күншiнiң басын жойдың? – Әй, тақсыр, мұнан шығып кеткенiмде, Ол адам сұрағанда берiп қойдым. Ол айтты: – Патшаға бардың, – дедi, Патшадан һәр хабар салдың, – дедi. Бұл жолғыңды мен барып алайын да, Инғам-ихсан көбiрек алдың, – дедi. Мен ойладым қадiрiн бiлейiн деп, Бұған да рахым қылып жүрейiн деп. Сарымсақты ас берiп құрмет қылды, Бұл жолғы инғамымды берейiн деп. Һешкiмге бермеушi едiм инғам-ихсан, Әмiр етiп бiреуге хабар салсаң. Субасты шақырып сiз сұраңыз, Әгар менiм сөзiме инанбасаң. Патша айтты: – Күншiлiк болмас екен, Адамға һешбiр зарар қылмас екен. Әлхасуду лә иасуд* деген сөзiң, Өзi үшiн дегенiң рас екен. Ол күншi сенi азғырып келдi, – дедi, Жазасын Тәңiрiм оның бердi, – дедi. Жамандығы ақырында өзiн тапты, Сен өзiң рахат бол ендi, – дедi. Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Жамандығы көрiндi көрер көзге. Ақырында жамандығы өзiн тапты, Жаманның кесапатын көрдiңiз бе?! Қатын айтты: – Жаратқан Құдай, – дедi, Күншiлiгi болыпты бұлай, – дедi. Қырық уәзiр һәммасы күншiлiк қып, Ұғланды азғырып жүр солай, – дедi. – Ертеңмен өлтiрейiн оны, – дедi, Түбiнде қор қылмасын сенi, – дедi. Осыны айтып сарайда ұйықтап қалды, – Сөзiңнiң бар көрiнедi жөнi, – дедi. Патша сарайында ұйықтап кеттi, Ертеңмен жалладына әмiр еттi. Жалладқа: «Мойнын үзiп ұр!» – дегенде, Жиырма үшiншi уәзiрi келiп жеттi. Уәзiр айтты: – Бiр сағат әдiл хүкiм қылсаң, Жетпiс жылғы ғибадаттай, құлақ салсаң. Бiр сағат залымдықпен хүкiм қылсаң, Жетпiс жылғы ғибадатты жойды, нансаң. Әй, патша, қорламаңыз шариғатты, Пайғамбар айтып өткен табиғатты. Қиямет күн болғанда имандысыз, Дүнияда ұғып жүрсең өсиеттi. Қатынға дүнияда жүз бермеңiз, Ақыретте күнәһқа кез келмеңiз. Қырық уәзiр ақылын, насихатын, Далаға бейсауап қып жiбермеңiз. Әдiл патша тұтыңыз әдiлетiн, Бiлесiз хайламенен кесапатын. Әй, патша, жоқ екен ғой естiгенiң, Қожа менен ұғылының хикаятын. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Шаһзада аман қалсын жаны, – дедi. Екеуiнiң шүбһәсi бiлiнбей тұр, Айып қылма, жаранлар, менi, – дедi. Уәзiр айтты: – Бiр саудагер болған екен, Оның өзi өнерлi қожа екен. Өлерiнде ұғылына өсиет бердi, Бiр күнi қаза тағдыр келген екен. Қожа айтты: – Әй, ұғылым, өлермiн мен, Құдай маған бiлдiрдi, бiлермiн мен. Сөзiмдi тұт мен айтам, жаным балам, Саған соны өсиет қылармын мен. Мен айтқан өсиетiм алың, – дедi, Ысырап қылып бiтiрме малың, – дедi. Әгарда малың бiтсе, тiленбеңiз, Мына тұрған ағашқа барың, – дедi. Һәркiмнен көп болмасын қасың, – дедi, Дұшпаныңнан көп болсын досың, – дедi. Қашан малың ысырап болып бiтсе, Өзiңдi мына ағашқа асың, – дедi. Баласы бұ қожаның сөзiн тұтты, Мұны айтып дүниядан өтiп кеттi. «Өсиет сөзiн атамның қылайын» деп, Қожаны қабiрiне дәфiн еттi. Атасы бiлдiредi ахуалын, Атасының ысырап қылды қалған малын. Мүкәммалын ысырап қып бiтiрген соң, Өзiнiң жаман болған көрдi халiн. Атасының өсиетiн көңiлiне алып, Ағашқа бiр жiп алып тұрды барып. Ағашқа жiптi байлап өзiн асты, Ағаштың биiктiгiне қайран қалып. Ағаш сонда құлады салмағына, Жерден тұрып қарайды жан-жағына, Ағаш асты – топ-толы алтын-күмiс, Аңғарды өсиет себеп болғанына. Алтын-күмiс, жауһарға толды ендi, Бұрынғы дәулетiндей болды ендi. Бұрынғы қатасына бек өкiнiп, Сауда қып андан кейiн тұрды ендi. Бiр күнi сапар шықты сауда етiп, Бiр адамға кез болды жолға жетiп. Ол адам ойнатады көп жыланды, Өзi және бағып жүр бәрiн күтiп. Iшiнде бiр жылан бар, жуас едi, Бұ бала оны көзi көрдi. Ол адамнан жыланды сатып алып, Бiрнеше күн болғанда үйге келдi. Әфсүн-дұға үйрендi ол адамнан, «Маған қастық қылар, – деп, – осы жылан». Ол жыланға көп жақын жоламады, Үйiне алып келiп асыраған. Бiр күн жылан қыз болды бiр сiлкiнiп, Қасына бұ баланың тұрды келiп. Қызға айтты: – Халiң маған баян қылың, Сенi кiм жылан етті мұндай қылып? Қыз айтты: – Менiм саған сөзiм, – дедi, Шын патшаның қызы едiм өзiм, – дедi. Бұ жыланшы әфсүн оқып, жылан қылып, Далада душар болған кезiм, – дедi. Ол адам дұғаменен сиқырлады. Андан кейiн тәнiмде хал қалмады. Өзiмнiң суретiме кiре алмадым, О дағы маған рақым һеш қылмады. Мен онда жылан болып жүрдiм, – дедi, Бiрқатар қолыңызда тұрдым, – дедi. Ол өлiп, сиқыры батыл болды, Қыз болып қасыңызға келдiм, – дедi. Өз шаһарыма барайық ендi, – дедi, Менiм де суретiме келдi, – дедi. Саған мен де рақым қылсам керек, Көрейiк менiм шаһар, елдi, – дедi. Ата-анама бiлдiргiл осы халды, Сенiң үшiн бередi жиған малды. Мал алма тiлiмдi алсаң, сiз алғайсыз, «Айна-шыны» деген бiр орамалды. Орамал қасиетi неткiзедi, Жаманды маңайынан кеткiзедi. «Пәлен жерге апар» деп қарасаңыз, Көзiң ашып-жұмғанша жеткiзедi. Мұны айтып жiгiтке «Бермен жүр» деп, Қолынан жетеледi «Көзiң жұм» деп. «Аш» дегенде қараса көз алдында Қыз айтты: – Бұ шаһарды көзбен көр, – деп. Көрiндi көздерiне үлкен шаһар, Төбесi, биiктiгi көкке барар. Екеулерi шаһарға барып кiрдi, Мұндай ғажап бар екен тамашалар. Қыздың жылап көрiстi ата-анасы, Қызыл қан екi көзден ағып жасы. Бастан кешкен айтады оқиғасын, Жыланға барған жайын бұл баласы. Ата-анасы үйiне жетпек болды, Жiгiттен қызды алып кетпек болды. Қыздың аман келгенiн қуаныш қып, Үлкен бiр той, тамаша етпек болды. Қыз айтты: – Ата-анама сатқыл, – дедiм, Бiздiң үйде қонақ боп жатқыл, – дедiм. Ата-анамның берген малдарыны, Үйiңе алып өзiңiз қайтқыл, – дедiм. Жiгiт маған инанды уағда етсем, Рұқсатсыз жарамас үйге жетсем. Соның қылған уағдасын қылмағанға, Бұл ендi өкпелейдi тастап кетсем. Жiгiтке анасы айтты: – Не аласың? – деп, Не нәрсеге ықтиярлы боласың? – деп. – Айна-шыны алам, – деп жiгiт айтты, Соныма разы боп қаласың, – деп. Анасы ұнатады: – Жарайды, – деп, Ықтияр атасынан сұрайын, – деп. Бұл хабарды бiлдiрдi атасына – Қызыңды алып келген жiгiт бар, – деп. Айна-шыны сұрайды бiзден, – дедi, Ол қыздан үмiтiңдi үзбен, – дедi. Атасы разы болды бермегiне, – Жарамас тайғанымыз сөзден, – дедi. Күзгiнi атасынан жiгiт алды, «Үйiме жеткiзгiл, – деп айтып салды. Бiр Алланың есiмi үшiн жеткiз» десе, Ол жiгiт өз үйiне келiп қалды. Бұ шаһар патшасының бiр қызы бар, Бегiрек көркем болған жүздерi бар. Бұ жiгiт осы қызға ғашық болып, «Қалайша қосылам?» деп болады зар. – Ол қызды ғашықтықпен өлтiр, – дедi, Сен, күзгi, жұмысымды бiтiр, – дедi. Бiр Құданың есiмi, Хақы үшiн, Қасыма патша қызын келтiр, – дедi. Бұл күзгi патша қызын алып келдi, Екеуi күлiп-ойнап, ғишрат құрды. Қыз айтты: – Менiм әкем мұны бiлсе, Екеумiздiң бiрiмiздi жояр, – дедi. Қыз бен жiгiт орамалға қарап тұрды, «Екеумiздi қыз үйiне жеткiз», – дедi. Екеуi көз жұмғанша онда барып, Ол қыздың төсегiнде көзi көрдi. Жiгiтке қайран болды қылған iсiн, Қыз айтты: – Сен кiмнiң баласысың? Жiгiт айтты: – Саудагер қожа – әкем, Сен ендi басқа жанға барамысың? Қыз айтты: – Өз үйiңе бiз барайық, Ғайш-ғишрат сонда барып бiз қылайық. Сен дағы көңiл берме бөтен жаққа, Һәрқашан сүйген жарың бiз болайық. Жiгiттiң үйлерiне бұлар келдi, Неше күндер ғайш-ғишрат қылады ендi. Қызының ордасында жоқ болғанын, Ата-анасы хабарын бiледi ендi. Қарады ата-анасы неше күндей, Әуре-сарсаң болады һешкiм бiлмей. Тамам үйдi ата-анасы қараса да, Қыз бар деп уақыт өттi һешкiм бiлмей. Тамам жәду қатынды жиып алды, Сиқырменен үйлердi қарап қалды. Жiгiттiң үйiне алып кеткендiгiн, Қатындар терезеден байқап алды. Сиқырдың қуатымен үйге кiрдi, Орамалда сиқыр барын көзi көрдi. Қызбенен орамалды алды дағы, Алдына падишаның жетiп келдi. Жiгiт мұнда оянып ашты көзiн, Қасынан көре алмады патша қызын. Мұны ойлап шаһарына жүрiп кеттi, Iздеп тауып алам деп оның өзiн. Мұныменен қыз шаһарына iздеп келдi, Патшаның өз үйiне көздеп келдi. Iздеп жүрген дұшпанға қарсы ұшырап, «Қыз күйеуi қосылғанбыз» деп келдi. Шаһарға алып келдi Құдай бастап, Мұндағы мүкәммалын бәрiн тастап. «Мен едiм қыз күйеуi» деген халде, Дұшпандар iздеп жүрген алды ұстап. Патшаға мұны ұстап алып барды, Естiдi бiр басында болған халдi. «Бұ жiгiттi тез тауып алып кел» деп, Һәр адамға мұнан бұрын хабар салды. Патша мұны көрiп ашуланды, Ашуына шыдамай оттай жанды. Қалғандарға ғибрат болуы үшiн, Бiр құдыққа жiгiттi әкеп салды. – Мұндай iс неге қылдың, харамзада?! Мен патша болғанымда дүнияда. Неше түрлi азаппен өлтiрермiн, Кеудеңде шыбын жаның мың болса да. Әмiр етiп: – Құдыққа салсын, – дедi, Қаза жетiп Аллаға барсын, – дедi. Аузын бiр таспенен жапқызады, Бұ жiгiт мұнда өлiп қалсын, – дедi. Бұ жiгiт бұл құдықта қалды, – дедi, Құдайым мехнатын салды, – дедi. Ол жiгiттi құдыққа салған халде, Бетiн тастай бекiтiп алды, – дедi. Бiр мысық, бiр итi бар бұ жiгiттiң, Пендеге һәр iсi бар құдiреттiң. Ит пен мысық жiгiтке жақын келiп, Тидi бiр пайдасы осы иттiң. Бұл зынданның басына бұл ит келдi, Бiр жағын тесемiн деп тырнай бердi. Тырнай-тырнай зынданды тесiк қылды, Тесiкпенен жүгiрiп мысық келдi. Тышқан онда хисапсыз болады екен, Адам келсе құдыққа толады екен. Адамды жер едi бiр сағатта, Ғарiп адам сүйегi қалады екен. Мысық онда тышқанның қырды бәрiн, Мұндайын бiлген халде ахуалдарын. Келгендерiн тышқанның қырып-қырып, Құдыққа төбе қылып үйдi бәрiн. Тышқандар мұны көрiп болды ғарiп, Бiр мысық тастаған соң қырғын салып. «Құдықта мұндай пәле бар екен» деп, Өзiнiң патшасына айтты барып. Патшасы жарлық еттi: – Барып кел, – деп, Сол жiгiтке бiр хабар салып кел, – деп. Бiзден мына құтқарсын бұл бәленi, Не деп айтқан жауабын алып кел, – деп. Жiгiтке тағы келдi мұның бәрi, Ит пен мысық – жiгiттiң жолдас жары. – Патшамыз бiр хабар айтты сiзге, Бәленiң сiзде бар деп ахуалдары. Баршы деп жарлық еттi бiзге, – дедi, Бiз бiр сөздi айтамыз сiзге, – дедi. Бiздерден не сұраса алсын, – дедi, Бәленi бiзден қылсын өзге, – дедi. Жiгiт айтты тышқанға: – Келдiң, – дедi, Мысықтан бәрiң қорқып жүрдiң, – дедi. Патшаның сарайына бiр жол жаса, Сол халде тiлегiңдi бердiм, – дедi. Патшаңыз әскерiн жисын, – дедi, Менiм айтқан әмiрiм қылсын, – дедi. Жер астынан сарайға бiр жол жаса, Кеңдiгi жүрген адам сыйсын, – дедi. Бұлайша жауап бердi жiгiт онда, Тышқандар хисапсыз боп жиылғанда. Зынданнан сарайға баратын қып, Астынан бiр жол қазды тез заманда, Патшаның қызына жiгiт келдi, – Түнеукүнгi күзгiмiз қайда? – дедi. Қыз айтты: – Бекiтулi қазынада, Хадимдер сонда апарып қойған, – дедi. Жiгiт тағы тышқанға әмiр еттi, Бiр жолды қазынаға жасап бiттi. Ол жiгiт күзгiнi алып қызға келiп, Өзiнiң шаһарына ендi кеттi. «Қыз жоқ» деп патшаға хабар жеттi, Мұны бiлiп қатындарға әмiр еттi. Тамам жәду қатынды жиды дағы, Жiгiттi шаһарынан iздеп кеттi. Жiгiттi тауып алды жылдам барып, Өлтiрiптi жiгiттi қылыш алып. Қызбенен орамалды алып келдi, Патша қуанады бек шаттанып. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Бұл жiгiт хикаятын бiлемiсiң? Ол қожа саудагердiң бұ баласы, Қатыннан қаза тапты көремiсiң. Қатынның хайласы бар, мiне, осындай, Тiлiн алса жауыздар не қылмаған?! Толған айдай ұғылыңды һәлак қылып, Өкiнiшке қалмаңыз, падишам-ай. Ұғланды патшадан тiлеп алды, Патша зынданына тағы салды. Аң аулап, кешке дейiн жүрдi дағы, Өзiнiң сарайына келiп қалды. Отырды қатынменен сөз сөйлесiп, Ләззаттi өз алдына тағам iшiп. Қатын және патшадан сұрамақшы, – Не болды бұ балаңыз бұ күн? – десiп. Патша айтты: – Мен аңға бардым, – дедi, Баланы зынданыма салдым, – дедi. Мұны естiп ол қатын патшаға – Мен дағы шүбһәлi боп қалдым, – дедi. Қатын айтты: – Әй, патша, бұ балаңыз, Арманда ақырында құр қаламыз. Ұстазынан дәрiстi оқымаған, Бiр мехнат көредi бұ жаныңыз. Оқығаны ұстазынан хайла-мәкiр, Тiлiңдi аузыңмен бiр күн байлар. Сенi сондай пәлеге жiбермекке, Пұрсатты күзететiн хайласы бар. Уәзiрдiң ересiз ғаламатына, Бұл менiм құлақ қоймай өсиетiме. Сенiң бұл хикаятың ұқсайды екен, Рәмiл шәкiртiнiң хикаятына. Патша: – Естиiн оны және, Бiзге шүбһәлi болды осы бала. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Қайырлы өмiр берсiн Хақ Тағала. Қатын айтты: – Сөйлейiн хикаятым, Бұрынғының жазып қойған риуаятын. Мысырдың шаһарында, әй, патша, Болыпты ерi жоқ бiр қарт қатын. Болыпты бұл кемпiрдiң жалғыз ұғылы, Берiптi һәр өнерге ендi мұны. Һешбiр хасыл өнерден қыла алмады, Фасад-пасық болыпты жүрген күнi. Анасы айтты: – Осынша адам бола алмадың, Кәсiптен һешбiр хасыл қыла алмадың. Неше түрлi өнерге салып едiм, Бiреуiн де үйренiп бiле алмадың. Анасы айтты: – Әй, балам, жүргiл, – дедi, Тағы да өнердi бiлгiл, – дедi. Өнершiге мен барып берейiн де, Аз заманда үйренiп келгiл, – дедi. – Әй, ана, алып жүргiл менi, – дедi, Бар екен бұ сөзiңнiң жөнi, – дедi. Қай өнердi мен көрiп ұнатқанда, Барып мен үйренейiн соны, – дедi. Бұ баласын жетелеп алып жүрдi, Аралатып екеуi базар келдi. Бiр молдаға шешесi сөз сөйлесiп, «Үйрет» деп Рәмiлдi оған бердi. Молда «үйретем» деп алып кеттi. Өзiнiң мақамына барып жеттi, Рәмiлдiң керектi қағидасын, Балаға аз заманда бұл үйреттi. Ұстазы айтты: – Әй, балам, ертең, – дедi, Мен өзiм бiр қой болып кетем, – дедi. Менi сатып, мойнымда жiптi берме, Қазiр сенiң алдыңа жетем, – дедi. Ертеңiнде ұстазы бiр қой болды, Бұл бала базарына алып келдi. Мың ақшаға ол қойды сатты дағы, Мойнынан жiбiн алып үйге келдi. Кешке жақын ұстазы келдi жетiп, Өзiнiң кеткендiгiн мағлұм етiп. Тағы бiр күн балаға сөз айтады, Арада бiрнеше күндер өтiп. – Ертеңмен мен боламын бiр семiз ат, Базарға менi тағы апарып сат. Жүгенiмдi берместен алып қайтқыл, Ақырында әй, балам, боларсың шат. Ат болып әлгi молда жатты және, Базарға алып келдi атты және, Басынан өз жүгенiн өзi алып, Бiреуге мың дiлләға сатты және. Кеш болғанда молдасы қайта келдi, Мұны көрiп бұ бала шаттық қылды. Молдасы анасына әкеп бердi, Анасы бiр мәртебе дұға қылды. Бала айтты анасына: – Кәнi, – дедi, Базарға сатқыл ертең менi, – дедi. Бiр көгершiн болармын мен құбылып, Читлегiмдi бермеңiз жөнi, – дедi. Анасы бала сөзiн қабыл алып, Базарға сатпақ болды мұны апарып. Өз шәкiртi екенiн молда бiлiп, Көгершiнге қарады көзiн салып. Әлгi молда қатынға жетiп барды, Ақшаға көгершiндi сатып алды. Бұл қатын ақшаны алды дағы, Молдаға читлектi бермей қалды. Молда айтты: – Артық берем, бергiл, – дедi, Базардан читлектi көргiл, – дедi. Мұнан артық аласың арзанына, Менiм айтқан сөзiмдi көргiл, – дедi. Көп ақшаға қызықты қатын ендi, Молдаға читлектi сатады ендi. Көгершiндi бұ молда алды дағы, Тезiрек өз үйiне қайтады ендi. – Мұндай iстi қыласың, балам, – дедi, Сенi тағы бiр күйге салам, – дедi. Заманымда мұндайын iстер қылдың, Басыңды сенiң кесiп алам, – дедi. Молда ендi көгершiндi қоя бердi, Далаға ұшып тағы кете бердi. Молдасы қаршыға боп мұны қуды, Қайда барса артынан жете бердi. Патша отыр екен мәжiлiс құрып, Көгершiн жақын келдi мойын бұрып. Қаршығадан кетерге һеш халi жоқ, Алдына келiп түстi бiр гүл болып. Қызыл гүл болды бала қаршығадан, Патшаның алдына түсiп қалған. «Мезгiлсiзде нағып түстi мына гүл?» деп, Патша қайран қалып қолына алған. Молдасы шайыр болды топқа келiп, Шиғырды сыбызғымен тамам бiлiп. Мұндайын оқиғаны көрген халде, Отырды патша да қайран болып. Патша айтты: – Не сұрайсың менен? – дедi, – Қызыл гүлдi сұрайын сенен, – дедi. Екiншi сұрағанда бермек болды, – Шиғырың бек жақсы екен инан, – дедi. Берейiн деп гүлдi бердi бары, Қызыл гүл қолдан түсiп болды тары. Шайыр онда әтеш боп тере бердi, Бұларға онда мағлұмсыз ахуалдары. Әтеш барып бiтiрiп бiреу қалды, Ол ендi адам болып тұра қалды. Адам болып бiр тары тұра келiп, Әтештiң басын келiп жұлып алды. Патша қайран қылды осы халдi, Бұ баладан сұрады оқиғаны. Бастан кешкен сөйледi әңгiмесiн, Естiгендер һәммасы қайран қалды. Бұл хикаят сөйледiм мұны, – дедi, Бұ бала да сүйтедi сенi, – дедi. Ол бала, әнеки, өз молдасын, Қалайша өлтiрген оны, – дедi. Сенi сондай өлтiрер мына бала, Һәрқашан ұстазының тiлiн ала. Мен не болсам болайын сен аман бол, Қалайша күйге салды Хақ Тағала. Саған да пида болсын шыбын жаным, Харамзада өлтiрiң, мейiрбаным. Қырық уәзiр қырық түрлi хайланы айтып, Жолдасы азғыратын бар-дүр оның. Қояды қатынына ықыласты, Өзге сөз бұл қасында ұнамасты. – Мен оны ертеңмен өлтiрем, – деп, Патша жастығына қойды басты. Ерте тұрып патша мiндi тақытқа, Құдай-а, шаһзаданы өзiң сақта. Уәзiрi патшаға келдi жақын, Патша қаһарланып тұрған шақта. Патша осылайша қаһар етiп, Жалладтар баланы алып келдi жетiп. Уәзiрлер тiлек қылып алмақ үшiн, Бiреуi жетiп келдi зарлық етiп. Уәзiр айтты: – Әй, тақсыр, нәпсiге ерме, Қатынның уасуасын жақсы көрме. Балаңызды өлтiрiп өкiнiш жеп, Өз обалың өзiңе, менен көрме. Хақ расул шариғатын бiзге шашты, Бойынан жауыздардың иман қашты. «Құл хақ уа ләу кәна муррән» деген, Сөзiңнiң расын айт болсада ащы. Сөзiң ащы болса да айт расын, Шаһзада баланың кесiп басын. «Даләтул мухтәл» деген қатын өткен, Сөйлейiн, тақсыр, сiзге хикаясын. Уәзiр айтты: – Мысырдың шаһарында, «Даләтул мухтәл» бiр қатын болған онда. Ол қатынның болыпты екi ерi, «Екеуi де менiм ерiм» дерлер онда. Бiрi – ұғыры, ерiнiң бiрi – ғаяр, Екеуiнен малы жоқ мұнан аяр. Екеуiнiң тағамын мезгiлiнде, Бұ хайлакер қатын онда қылды даяр. Ұғыры кеп базарға бiр мал сатты, Екiншi бiр кiсi кеп жауап қатты. Малын алған кiсiге бiр кiсi кеп, – Бұл мал менiкi, – деп жауап айтты. Бұдан бұрын жоғалған қанша малым, Оларды да сен алдың оның бәрiн. Ол кiсi айтты: – Сөзiңдi бiлiп сөйле, Әзiр де сатып алдым бұл малдарын. Ұғыры мұны бiлiп үйге келдi, Қатынға келген жерде жауап берiп: – Ұғырлығым жұрт сездi, мен кетейiн, Әй, қатын, рұқсат бер маған, – дедi. Бередi ұғырыға рұқсатын, – Тартпа, – деп, – бұ шаһардың хикметiн. Жарты нанмен бередi жарты құйрық, Ұғырымен амандасып қалды қатын. Аздан соң базардан келдi ғаяр, – Ғаярлығым жұрт сезiп бiлiп қояр. – Осыны жолға азық қыл, – дедi де, Жарты нан, жарты құйрық қылды даяр, Ұғыры нанын алып жүрiп кеттi, Ағашты бiр дарияға келiп жеттi. «Осы судың жанында тағамданып, Кетейiншi», – дедi де отырыпты. Артынан ғаяр дағы келдi бұған, Отырысты тағамға ендi тамам. «Тағам iшiп бiр жолдас болайық», – деп, Нан менен құйрықтарын қолына алған. Ғаяр келдi ұғырының қасына ендi, Өнерi бiр-бiрiнiң асып ендi. Жарты құйрық, жарты нан онда да бар, Ұғырының қарады асына ендi. Екi нанды қосқанда бiр нан болды, Құйрықты қосқанында бiрдей болды. Екi тағам бiрдей боп тұрған халде, Екеуi бiр-бiрiне қайран болды. Ғаяр айтты: – Сұрамақ айып емес, Екеумiздiң тағамымыз болды теңдес. Үйiңiз қай орында, қай шаһарда? Бастаңыз халiңiзден бiзге кеңес. Ұғыры айтты: – Мекенiм – Мысыр шаһар, «Даләтул мухтал» деген бiр қатын бар. Сапарға бұ күнгi күн шығып едiм, Жолдасым, бiздiң мекен онда болар. Ғаяр айтты: – Ол қатын менiкi едi, Мысыр шаһар менiм жұртым болар едi. Сiзнiкi емес, бәрi де мүкәммалым, Нелiктен маған айттың жалған?! – дедi. Ұғыры айтты: – Мекенiм Мысыр бiткен, Ол менiм өз халалым, неках еткен. Мазақ етiп айттың ба, диуана ма?! Қышқырып бiр-бiрiне дағуа еткен. Ғаяр айтты: – Бұл даумен бiтпес, – дедi, Қышқырыс ол қатынға жетпес, – дедi. Барып бiздер сұралық ол қатыннан, Бөтенге бiрiмiзден кетпес, – дедi. Екеуi ұнатады «Жарайды» деп, Арасында болған соң әңгiме-кеп. Екеуi де келдi қайтып үйге «Қатыннан оқиғаны сұрайық» деп. Қатынға бұлар айтты хикаятын, Қатынның бiлген екен ғаламатын. Қатын айтты: – Мен мына бұ күнгеше, Екеуiңе болдым мен бiрдей қатын. Екеуiңе қатындық қылдым, – дедi. Бiр нанды екеуiңе бөлдiм, – дедi. Ендi қайсың өнерiң артық болса, Мен соның жамағаты болдым, – дедi. Ғаяр айтты: – Мен бұ күн базар барам, Ғаярлық мен көрсетiп қылған жалам. Андан соң көрсетерсiң сен хайланы, Екiншi билiктi саған қылам. Екеуi мұныменен базар кеттi, Көп адамның iшiне барып жеттi. Бiр фиранк бiр кесеге мың алтын сап, Қойнына салды дағы жүрiп кеттi. Бұл фиранктiң қойнынан ғаяр алды, Аулақта iшiнен тоғыз алтын алды. Атын жазған жүзiгiн кесеге сап, Байқаусызда қойнына қайта салды. Бұл iстердiң һәммасын ұғыры көрiп, Ғаяр тағы фиранкке келдi жүрiп. Жағасына жабысып ашуланды, Жұмырықпен басына ұрып-ұрып. – Кесеменен қайда менiм алтындарым?! Ұғырлап алып қойдың оның бәрiн. Фиранк айтты: – Кете бер, менi тұтпа, Мен сенi танымаймын ахуалдарын. Ғаяр айтты: – Танымасаң танымассың, Мақамға жүр, – дедi, – алыпсың сен. Разы болып фиранктi мақамға [апарды] – Өтiрiк маған жала салыпсың сен. Фиранктен қазы сұрды: – Алтының, – деп, Iшiндегi алтының қанша едi? – деп. Фиранк айтты: – Iшiнде бiр мың алтын, Бұ маған өтiрiк жала салады, – деп. Ғаярға айтты: – Қанша алтын алдың? Өтiрiк неге бұған жала салдың? – Iшiндегi тоғыз жүз тоқсан бiр дана, Iшiне жүзiгiмдi бiрге салдым. Санаса ғаярдiкi дұрыс болды, Фиранктiкi кемдiктен бұрыс болды. Басына бұ фиранктiң шыбық салып, Мехнатты байғұсқа бiр iс болды. Алтын алып ол ғаяр үйге келдi, Ұғыры да қасында бiрге келдi. Қатынға қылғандарын айтқан екен, Үшеуi қайран қалып күле бердi. Бiр хайланы ұғыры қылмақ болды, Қатынды қай асқаны алмақ болды. Екеуi қолдарына бiр жiп алып, Патшаның сарайына бармақ болды. Екеуi сарайға түсiп келдi, Ұғыры бiр ашқышты тауып бердi. Қазынаның есiгiн ашты дағы, Ол ұғыры ғаярды кiргiздi ендi. Ғаярға: – Iлгерiрек бар, – деп айтты, Алтыннан көтергенше ал, – деп айтты. Онан шығып қазынадан бiр қаз алып, Ғаярға: – Мұның iшiн жар, – деп айтты. Ол ғаяр разы болды: – Жарайын, – деп, Табаға бәлiш қылып салайын, – деп. – Сен мұнда тамамда мұның бәрiн, Мен өзiм патшаға барайын, – деп. Ғаяр айтты: – Барасың неге? – деп, Онда барып жаныма тиме, – дедi. Ұғыры айтты: – Патшаға қатты айтам, Сенiкi ме, менiкi ме? – дедi. Ғаяр айтты: – Сарайға түстiм, – дедi, Патша қазынасын тиістiм, – дедi. Тiл алсаң айта көрме патшаға, Алтынменен қатыннан кештiм, – дедi. Ұғыры айтты: – Қазiр де айтарсың сен, Ертеңiнде сөзiңнен қайтарсың сен. Патша қылғандарым сезiп қойса, Мұнан да өз басыңды тартарсың сен. Осыны айтып патшаға келдi кiрiп, Қарады жан-жағына мойын бұрып. Бiр ұғлан сипап отыр патша аяғын, Ұғыры оған келдi жақын жүрiп. Отыр екен әлгi бала сағыз шайнап, Ғаяр да қарап тұрды мұны абайлап. Сағызын шайнағанда оянады, Отырды ұғыры да қулық ойлап. Ұғыры тақ астында жасырынды, Ұғланның аузына салды қылды. Есiнеген шағында тартып алды, Ол бала қарап-қарап таба алмады. Ұғлан және ұйқыға кетiп қалды, Балаға ұғыры және жетiп барды. Хошбуйдi мұрнына түтеткенде, Ол бала ессiз болып талып қалды. Бiр зенбiлге баланы салып қойды, Диуарға апарды да асып қойды. Қайтып кеп патшаның бiр жағында, Аяғын ол ұғыры уқалайды. Патша бiр уақытта қимылдады, Аяғын бала болып уқалады. – Әй, патша, мен айтайын бiр хикаят, Әлде жақсы сiзге, әлде жарамайды? Патша: – Сөйлеңiз оны, – деген, Ұғыры айтты: – Бiр адам уайым жеген, Бiрi – ғаяр, бiреуi ұғыры екен, Патшаның қазынасына бiр күн келген. Ол екеуi бiрiгiп ұрлық қылған, Патшаның бiр қазысын кәбап қылған. Бiр қатынға екеуi таласыпты, Патша қайсысына жұфұт қылған? Патшаға сөйледi тамам халдi, Қатынменен екеуiнде болған халдi. Екеуi де бiрiгiп ұрлық қылып, Патшаның қазынасынан алды малды. Есiктен ғаяр қарар: – Жүрсеңшi, – деп, Тiптi ендi қатын маған тимесiн, – деп. Ұғыры да ишарат қылар ғаярға ендi, – Айландыр барып қазды, күймесiн, – деп. Есiкте ғаяр қорқып тiтiреген, Ұғырыға: – Қайтайық ендi, – деген. Сөз арасында ғаярға ишарат қып, – Қазың күйiп қалмасын, – деп жауап берген. Айтады бұ ғаярды келтiргенiн, Қаздарының бiреуiн өлтiргенiн. Қазынадан екеуi алтын алып, Тамам қылып жұмысын бiтiргенiн. Тақытқа өзiнiң кеп тығылғанын, Айтады ғаярының сөз салғанын. Ұғланның аузынан сағыз алып, Дәрi салып ессiз боп жығылғанын. – Бұл екеуi үйiне барар деймiн, Қатынға ықтиярын салар деймiн. Әй, патша, бұған төре берiңiз сiз, Бұл қатынды қайсысы алар деймiн? Патша айтты: – Менiм бұл датым, – дедi, Ұғырыға ықтияр қатын, – дедi. Патшаның қазынасына кiрген екен, Ғаярдан қылған iсi батым, – дедi. Ғаярменен екеуi шығып кеттi, – Қатын ендi кiмдiкi? – деп жауап еттi. Ғаяр айтты: – Бұл қатын сiздiкi ендi, Қайтайық жұмысымыз ендi бiттi. Ұғыры айтты: – Қайта барып сұрайын? – деп, Әлгiнде айтып ендi «менiкi» деп. Ғаяр айтты: – Қатын түгiл өзiмдi де, Ал ендi тез қайтайық, – деп жалынды көп. Қатынның үйiне ендi кетiп қалды, Алдына алтындарын әкеп салды. Өнерi бұл ғаярдың асқаннан соң, Ұғырыны өзiне ер қып алды. Патша ерте тұрды орнынан, Алтын жоқ қайран қылды порымынан. Баланы iздеп жүрiп тауып алды, Диуарға мұны асып қойғанынан. Патша мұны көрiп болады аң-таң, Ұғыры алтын алып кетiп қалған. «Кiмде-кiм айтса дағы жаза жоқ» деп, Базарына дәлилдер хабар салған. Уәзiр менен бектерге айтты бәрiн, Жоқ болған қазынада алтындарын. – Түнде маған бiр хикаят айтқан едi, Бiлмедiм кiм екенiн ахуалдарын. Бiр адамды базарға жар салғызды: – Алтынын патшамыз көп алғызды. Шүбһәсiз күнәһiсiн кешер оның, Патша өзiн-өзi құр қалғызды. Алғаны өзiнде тұрсын, – дедi, Жұрт менiм әдiлдiгiм бiлсiн, – дедi. Екi хисап үстiне мал берермiн, Хақтығын өзi айтып берсiн, – дедi. Ұғыры мұны естiп майдан келдi, – Ол алтынды ұғырлаған мен-дүр, – дедi. Хадимдер мұны көрiп ап жөнелдi, Алдына патшаның алып келдi. Патша ұғырыдан сұрды хабар, Ұғыры айтты: – Оны қылған өзiм болар. Патша айтты: – Мұныңның асылы нешiк? Ұғыры бастан-аяқ тамам қылар. Ұғыры бастан-аяқ айтты бәрiн, Ғаяр менен екеуiнiң ахуалдары. «Қайсымыз бұл қатынды алар?» деп, Оздырып өнерлерiн қылғандарын. Патшаға сөйледi бастан-аяқ, Бiр ауыз сөзiн бүгiп тастамай-ақ. Патша мұны естiп қалды қайран, Өнерi бiр адамның осындай-ақ. Патша айтты: – Сенi артық көрем, – дедi, Һәрқашан әдiлдiкте жүрем, – дедi. Алған малың өзiңде тұрсын ендi, Тағы сондай малымнан берем, – дедi. Ол қатын сенiкi-дүр, тағы және Салмасын бұдан кейiн ғаяр жала. Өнерiң бек тамаша қылғаныңыз, Мен сенi ұғлан дедiм көре сала. Ұғыры мұны көрiп тәуба қылды, Қатынын қайтадан некахтанды Өлгенiнше құл болды қызметiнде, Ақыры дүниядан олар да өлдi. Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Қатынның хайлаларын көрдiңiз бе? Екi ердi бiр өзi хайламенен, Алғанын мәкiрлiкпен бiлдiңiз бе? Хайласы қатындардың осылайша, Құтылмас мәкiрменен хан – падишаһ. Бұ күнше сабыр қылмақ сiзге лайық, Ақырда өкiнiштi болғаныңша. Баланы ол уәзiр тiлеп алды, Ол күнi зынданына тағы салды. «Не болса да бұ бала ертең болсын», Аң аулап даласына кетiп қалды. Үйiне келдi кешке аңын аулап, Қатыны қарсы шығар оттай қаулап. Ұғланды өлтiрмекке әңгiме айтып, Зәнталақ азғырады омыраулап. Қатынменен отырып iштi асын, Патша өлтiрген жоқ бұл баласын. – Бұ күн тағы ұғылыңыз не болған? – деп, Қатын тағы бастады әңгiмесiн. – Уәзiрiм бұ күн тiлеп алды, – дедi, Баланы зынданыма салды, – дедi. Ертең болар ұғылым не болса да, Ол бұ күн азат болып қалды, – дедi. Қатын айтты: – Ұғылың бұ күн қалған, Уәзiрлер күн жұбатар сөзi жалған. Пұрсатты күзетiп тұр күн өткiзiп, Басыңнан жұда болар осы жалған. Оларға табиғ болар көп халайық, Балаңыз – харамзада, не қылайық? Патша, есiтпеген бiр сөзiңiз, Бiр хикаят бар едi бұған лайық. Патша айтты: – Сөйлешi, естиiн, Күнәңiз жоқ болғанда кешiртейiн. Уәзiрлердiң сөзiне ұйымайын, Шырағын бұл баланың өшiртейiн. Қатын айтты: – Сөйлейiн бiр хикаят, Бұрынғылар жазыпты бiр риуаят. Бiр патша дүнияда бұрын өткен, Қылады халқына көп сиясат. Бiр досты бар едi патшаның, Һәрқашан әңгiме айтып келер оның. Һәр күнде мәслихатпен отырады, Айтады патшаға әңгiменiң. Бiр күнi патшаға келдi жетiп, Патшамен сөз сөйлесiп келiп-кетiп. Бiр нама патша бердi бұл адамға, Алты жүк қар берсiн деп мазақ етiп. Патша айтты: – Субасқа барғыл, – дедi, Оған барып бiр хабар салғыл, – дедi. Бұл қағазды ол оқып болған халде, Не берсе де өзiңiз алғыл, – дедi. Ол адам бұ қағазды алып жеттi, Үйiне кешiкпей қайтып кеттi. «Бiр адамға оқытып бiлейiн» деп, Бiлетұғын бiреуге осыны әйлатты. Ол оқыды қағазды қолына алып, «Бұл кiсi саған барса қағаз алып. Алты жүк қар берiңiз ендi бұған». Мазақтап осылайша қойған салып. Бұл айтты: – Бiр мәжiлiсте берейiн, – деп, Патшаның бұйрығын көрейiн, – деп. Оқытқан соң қайтадан қолына алды, Бойыма өзiм сақтап жүрейiн, – деп. Бұл адам патшаға қайтiп келдi, Бұ кiсiнiң оқығанын айтып келдi. Патша: – Бердiңiз бе? – дегенiнде, – Бiр мәжiлiсте берем, – деп айтып күлдi. Ол адам Субасқа келдi жетiп, Жаз күндерi болғанда қыстан оқып. Субас тұрып оқыды бұ қағазды, Жазғанын патшаның тамаша етiп. – Патша неге жазды маған? – дедi, Күлем бе, жылайын ба бұған? – дедi. Жаз болғанда, мiнеки, жерде қар жоқ, Ендi ненi берейiн саған? – дедi. Бұл айтты: – Жарлығы осы болар, Қар болмаса, хисаптап ақша болар. Патшаның мазағын дұрыс көрiп, Алты жүкке хисаптап ақша берер. Алты жүкке хисаптап ақша берген, Патшаға «Бердiм», – деп хабар берген. Мұның мұндай ғажапты қылғанына, Патша ниетiн қабыл көрген. Әй, патша, бұ хикаят аңданамыз, Ақырда нәумиз болып құр қаламыз. Патша жарлық қылған «Қар берейiн» деп, Жазды күткен адамдай бұ балаңыз. Ақырында сiздi тез һәлак етер, Халықтың бәрi оны құрмет етер. Ғапыл болып жүргенде күн өткiзiп, Басыңнан, әй, патша, дәурен өтер. Тағы да қабыл алды қатын сөзiн, Ұйқыға жiбередi екi көзiн. Қатынға жауап бердi ол патша, «Ертеңмен өлтiрем» деп оның өзiн. Ерте тұрып тақытына мiндi және Әмiр еттi жалладқа патша ағла. Жалладтар, уәзiрлер қарсы келiп, Зынданнан келедi ұғлан бала. Сиясат майдандарын «құр» дегенде, Жалладқа «қылыш алып тұр» дегенде. Жиырма бесiншi уәзiрi жетiп келдi, «Ұғланның басын кесiп ұр!» дегенде. Уәзiр айтты: – Әй, патша, көп халайық, Оларды бiз тiлеп не қылайық? Әзiрде қол-аяғы байлаулы тұр, Өлтiрмегiң болмайды сiзге лайық. Шариғат сөз сөйлеген пайғамбарлар, Бiр күнi сөз сөйлеген сахабалар. Пайғамбардан сұрады бұлайша деп: – Асылы бұл иманның нелiк болар? Иманның жаны не-дүр және басы? Ауырлығы жапырағы не тамашасы? Жерi менен желiсi немене екен? Бiздерге мағлұм болсын мағынасы. Бұларға пайғамбарым жауап айтты: – Иманның асылы дер ғинаятты. Басы оның шүбһә дат, – деп айтады, Жаны оның ықылас, рахмат-дүр. Жаны – Құран, көңiлi ықылас-дүр, Ауырлығы және оның ғылым хас-дүр. Жерi оның – адамның көкiрегi, Жапырағы тақуа адам нас-дүр. Бұтағы оның құрмағы бiр Алладан, Көңiлi – маруартты болған адам. Жемiсi бiр Аллаға шүкiр етпек, Бiлмекке уәжiп болар һәрбiр надан. Адамзат сабыр қылсын мехнат жетсе, Көрмегендi болады күнi бiтсе. Ләин шакартум лә әзиданнакум* деген Алла, Нығметiн арттырады шүкiр етсе. Бұл аят пайғамбардан қалған iз ғой, Сахабалар естiп көзбе-көз ғой. «Пенделер, бергенiме шүкiр етсең, Нығметтi арттырамын» деген сөз ғой. Әй, патша, ынсап маруарт қылғаныңның, Дәл жартысы болады иманыңның. Қатынның маруартсыз сөзiменен, Мойнын кеспеңiз ұғланыңның. Бұған ұқсас бар едi бiр хикаят, Бұрынғылар тастады көп риуаят. Бiр раһиб маруартты болған үшiн, Екi дүния iшiнде болды халғат. Әй, тақсыр, есiтпедiң оны, – дедi, Патша: – Естиiн, кәнi, – дедi. Хикаят әдiл болса сөзiңдегi, Ғарiптiң азаттықта жаны, – дедi. – Әй, патша, мен сөйлейiн бiр хикаят, Пайғамбар жазған екен бiр риуаят. Пайғамбар бiр соғысқа бармақ болып, Сахабаға сөйледi көп саясат Пайғамбар Рұм шаһарына бармақ болды, Құдай қосса, шаһарын алмақ болды. Халид бин Уалид – бiр сахаба, Артынан бұлардың бармақ болды. Орта жолда адасты бара жатып, Һешкiмге сөзiн бермей жауап қатып. Бiр тауға келе жатып ұшырады, Ол жерге бұ да барды таңырқатып. Халид тұрды тамашалап тау басында, Бiр мiнбар қойылыпты ортасында. Көп халық ортасында жиылып тұр, Кiм екенiн сұрап бұл байқасын да. Бұлардан сұрады: – Асылыңыз кiм? Өзiңiз жаратылған жисмiңiз кiм? Нелiктен жиылдыңыз осы жерге? Һәм және өзiңiз есiмiңiз кiм? Олар айтты: – Боламыз қабиладан, Жиылғаны бұл жерге әскер адам. Осындай жиылатын мұратымыз, Бiзге бұйрық болады патшадан. Жылында бiр мәртебе жиыламыз, Осы таудан шығады раһбанымыз. Жылында бiзге келiп уағыз айтар, Мiнбарға отырады халифамыз. Бұ күн – оның келетiн күнi, – дедi, Уағыздың айтатұғын жөнi, – дедi. Таудан қашан келедi күтiп тұрмыз, Отырып бiз көремiз соны, – дедi. Халид сонда: – Кетпейiн бұдан, – дедi, Раһибты көрейiн мұнан, – дедi. Мұны айтып атынан түскенiнде, Қара киген келедi адам, – дедi, Бiр адам қара киген таудан келдi, Халықтар тауадуғ құрмет қылды. Мiнбарға отырған соң ол бiр адам, – Сiздерге мен айтпаймын уағыз, – дедi. Уағыз бұ күн айтпаймын сiзге, – дедi, Халықтар: – Неге айтпайсыз бiзге? – дедi. Бұ кiсi айтты: – Мұхаммедтен бiр адам бар, Оның дiнi болады өзге, – дедi. Мұхаммед үмбетiнiң дiнi бөлек, Осы күнде әскерi де тұрса керек. Олар сонда қарасты бiр-бiрiне, «Япырмау, қайда? – дедi, – Қалай зерек?!» Халид және олардай киiм киген, Кiсiлер бiрiн-бiрi қарап жүрген. Раһиб айтты: – Сiздер бекер бүлiнбеңiз, Өзiм тауып алам, – деп жауап берген. Халид сонда ойлады: «Бұлар менi Жасырынсам, өлтiрем дер ендi сенi. Онан да өзiмдi-өзiм айтайын да, Мұнан артық табылмас маған жөнi». – Мен едiм пайғамбарға үмбет болған, Оған үмбет болмаған ғасыланған. Мұхаммед пайғамбардың құрметiне, Мың жаным болса дағы аңа құрбан. Көп халық бұл Халидтi ендi бiлдi, Өлтiруге баршасы қасад қылды. Раһибтың алдына сүйреледi, Қожасы: – Сабыр, дат қылғыл! – дедi. Жетпiс мыңның iшiнде бiр адамды, Қылмаңыздар, көңiлде ойлағанды. Ынсапсыз, маруартсыз жақсы болмас, Бекер һәлак қылмаңыз ғарiп жанды. Раһиб бұлай дегеш тоқтап қалды, Сөзiне бұ Халидтың құлақ салды. Мiнбардың дәл қасынан орын жасап, Халидты өз жанына шақырып алды. – Пайғамбар болармысың сахабадан? Иә болмаса, боламысың ұлық надан? Халид айтты: – Сахаба мен емеспiн, Ұлылық қылмаймын ғарiп адам. – Сенен мен сауал сұрар кезiм, – дедi, Ғылымның бiлермiсiң сөзiн? – дедi. Ғылымнан қанша бiлдiң? – дегенiнде, – Бiлемiн бiразырақ өзiм, – дедi. Раһиб айтты: – Хақ Тағала сөз таратқан, Ұжмақта неше түрлi iс жаратқан. Дүнияда оның мысалы бар-дүр, – дедi, Мен оны инанмадым жалғыз Хақтан. Ұжмақта түп ағашы асыл ерсе, Бармаған жерлерi жоқ, һәркiм көрсе. Мысалы дүнияда бар-дүр, – дедi. Әй, адам, мен сұраймын қандай нәрсе? Халид айтты: – Сөзiңiз жөн емес пе? Хақ қасында дiнiңiз кем емес пе? Он сегiз мың ғаламның бәрiн аралар, Дүния дағы мысалы күн емес пе? Раһиб айтты: – Жауабың жақсы ерсе, Ұжмақта төрт жылға бар мағлұм көрiнсе. Бiр жерден шықса дағы қосылмайды, Дүниядағы мысалы нендей нәрсе? Халид айтты: – Адамның бiр тәнiнде, Су шығар бiр қарыстай жерлерiнде. Бiреуi – құлақ суы, ащы болар, Бiреуi – көздiң суы, тұзды онда. Бiрiсi – мұрын боғы, исi келер, Төртiншi – ауыз суы, тәттi болар. Раһиб, сiз сұрасаң, бiз айталық, Төртеуiнiң мағынасы осы болар. Раһиб айтты: – Пайғамбарың оң болады, Бiр тақыт бар ұжмақта мол болады. Биiктiгi тағы да мысал бар ма? Ұзындығы бес жүз жылдық жол болады. Халид айтты: – Жан жаратқан ие, – дедi, Жаман жан бұ сөзiңе күйе, – дедi. Кiшкене балалар да мiне берер, Дүнияда мысалы түйе, – дедi. Раһиб айтты: – Ұжмақта адамдар көп, Айтады: – Хауыз кәусар iшедi, – дедi. Дүнияда мысалы бар ма оның? Айтады: – Таһаратқа жүрмейдi, – деп. Халид айтты: – Айтайын және, – дедi, Сөзiме менiм бермен қара, – дедi. Дүнияның мысалын көрмеймiсiң, Ананың құрсағында бала, – дедi. Раһиб бiр мәселе сұрарында, Халид айтты бiр жауап тағы онда: – Әй, раһиб, ынсап қыл ендi маған, Сұраймын бiр мәселе мен саған да. Халид айтты: – Ұжмақтың ашары не? Раһиб айтты: – Иман етпек Расулына. Халид тағы қайтарды бұған жауап: – Бұ сөзiңiз дұрыссыз, бұл немене?! Исаның Тәңiрi үшiн дұрыс сөйле! Бұ сөздi дұрыстығын бiлмес деме. Ант қылды: – Турасын сөйлеңiз, – деп, Әй, раһиб, һеш нәрседен уайым жеме. Раһиб айтты: – Бұл бiлмей қоймас, – дедi, Сөз туғрысын бiлмей қылмас, – дедi. Қорқу кетiп бұл ант қылды, – Тағы да басқаларды сұрмас, – дедi. Мен бұған табиғ болдым, жарандарым, Маған ерсең жақсы-дүр сiздер бәрiң. Олар айтты: – Бiздер де матиғпыз, Ұнаттық бұ жiгiттiң ахуалдарын. Раһиб айтты: – Ашқышы лә илләһа илла Алла, Жан жаратқан болады жалғыз Алла. Мұны көрiп бәрi де матиғ болды, Халид айтты: – Көңiлiнде өзiң қолда. Үйреттi шариғатты патшаға, Қаратты Халид өзi тамашаға. Шарапатты маруарт бұған ауып, Имамдық құрып тұрды осыларға. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Халидтiң маруартын көрмеймiсiң? Маруартты кiсiнiң не болғанын? Олардың хал-жайын бiлемiсiң? Ынсапсыздың халдерi не болады? Маруартты адамдар өкпеледi. Арманда өтiп кетер шаһзада, Қайғыңыз өзiңiздiң мол болады. Уәзiрден естiп ол патша, Аң аулап кетiп қалды сыр тамаша. Зынданға бұ баланы салды дағы, Кешке жақын келдiлер өзi оңаша. Қатынменен отырып iштi тағам, Екеуi тағам iшiп болды тамам. – Бұ күн ұғылыңыз не халде? – деп, Тағы да сөз шығарды хасыл кәлам. Патша айтты: – Бiр уәзiрiм тiлеп алды, Баланы зынданыма тағы салды. Не болса да болады ертең және, Ол бала азат болып тағы қалды. Қатын айтты: – Көп кiсi ұялады, Ұялып қылған iсi не болады? Бұрын бiр харасаны болған екен, Хикаятың ұқсасы сол болады. Патша: – Естиiн оны, – деген, Қатын тағы патшаға сөз сөйлеген. Шүбһәсы бiлiнбей патша жүр, Қатыны арманда боп өлем деген. Қатын айтты: – Бiр пақыр бiр заманда, Халi пақыр харасандық болған онда. Мақтанып һәртүрлi сөз сөйлер екен, Көршiмен әңгiмемен отырғанда. Көршiлерге мақтанып жүрер едi, – Харасанға мен солай қылдым, – дедi. Олар да мұны естiп һәр заманда, Алдында сөйлестiрiп отырар едi. Бұл пақыр кәбап жедi, майын сүрттi, Аузын сүртпей көршiге барып жеттi. Тiсiн шұқып, мұрттарын сүртiп онда, Мұны көрiп көршiсi мазақ еттi. Олар айтты: – Сiз демде асағансың, Осындай тағам жейсiң һәрқашан сен. – Бүгiн бiраз етпенен бәлiш жедiм, Өзге нәрсе жемедiм көремiсiң. Бүгiн мен боз ат мiнiп базар бардым, Базарды ашан қылып араладым. Көңiлiм ашылды һәрқашанда, Жамандарды қамшымен жараладым. Мұны айтып ләп ұрғанда ұғылы келдi, Келдi де атасына жауап бердi: – Һәрқашан мұртыңды майлайтұғын, Майыңды бiр мысық кеп жедi, – дедi. – Балам, – дедi, – сөзге құлақ салың, – дедi, Өзге бiр шөлмектен алың, – дедi. Баласы айтты: – Бiр жапырақ майдан басқа, Өзге май көргенiм жоқ наның, – дедi. – Боз атты суардың ба, балам? – дедi, Мен дағы талайдан кек алам, – дедi. Баласы айтты: – Ат түгiл мен есектi Көрмедiм, соған қайран қалам, – дедi. Баласы мұны айтып үйiне жеттi, Харасаны ұялып үйге кеттi. – Менi мұндай ұялтып айтқаның, – деп, Баласына таяқтап ашу еттi. Әй, патша, мен айттым бұл хикаят, Ұғланда, мiне, осындай бар ғаламат. Мұны өлтiрмектен басқа һеш шара жоқ, Бұрынғыдан қалып тұр бұл риуаят. Қатыннан мұны естiп бiлмесiн бе, Патша ұйықтап жатты бөлмесiнде. Ерте тұрып тақытында хүкiм қылды, Тағы да шаһзада өлмесiн де. Тақытына отырды да әмiр еттi, Баланы өлтiрмекке қаһары кеттi. Жалладқа әмiр етiп «Ұр» дегенде, Жиырма алтыншы уәзiрi келiп жеттi. – Әй, патша, қатын сөзi iзгi емес, Уәзiрлер жақсы қылып сөйлер кеңес. Уәзiрдi жерге қойып ұйымаңыз, Қатындар хайласынан уайым жемес. Уәзiрдi құрмет қылмай тұрсаңыз сiз, Ғылым үшiн бiр жолға берсеңiз сiз. Хаққа ғасы болмай ма әдiл патша? Қатынға шын инанып жүрсеңiз сiз. Хақ Тағала сақтасын пәлесiнен, Бұ бала құтылмай жүр жаласынан. Қандай бала демеңiз, әй, патша, Бұл өзi мехнаттың анасынан. Мен ғарiп артық көрем ұғлан затын, Уәзiрдiң жерге қойма өсиетiн. Есiткенiң жоқ екен, әй, патша, Бұрынғы Нұғманның хикаятын. Уәзiр айтты: – Өткен заман Мысыр шаһар, Онда бiр Нұғман атты бiр кiсi бар. Бiр ұғлан медресеге берген екен, Нұғманның пақырлық халдерi бар. Кәсiбi суды тасып келедi екен, Һәркiмге оны сатып жүредi екен. Соныменен жамағатын хәракаттап, Һәр адам пақырлығын бiледi екен. Мұныменен бiрқатар заман өттi, Баласы хатам карда болып жеттi. Молдасы ишарат қылды «һадийа» деп, Ол бала мұны естiп үйге кеттi. Атасына: – һадийа керек маған, – дедi, Атасы айтты: – Не беремiн саған? – дедi, Су тасыған түйеңдi берiп келгiл, Одан басқа не беремiз оған, – дедi. Түйенi молдасына бала бердi, Мұндайын оқиғаны қатын көрдi. Түйе бергеш, бiр тиын таба алмады, Ол күнi аш болып үйге келдi. Қатын айтты: – Әй, қарт, ақыл қайда? Бiр түйе табушы едi күнде пайда. Молдаға һадийа қып бердiң оны, Хәракат қайдан болар осы жайда? Бұ бала тумай тұрса көрмес едiк, Һешкiмге һадийа қып жүрмес едiк. Туғаны да бар болсын, оқығаны, Медресеге тумаса бермес едiк. Қатыны осылайша ұрысты қатты, Мұны көрiп Нұғман да күйедi қатты. Көңiлi бек бұзылып сол сағатта, Азырақ төсегiнде ұйықтап жатты. Түсiнде ақ сақалды адам келдi, «Нұғман, орныңыздан тұрғыл, – дейдi. Сенiң көп ризығың Шам шаһарында, Тезiрек сонан барып алғыл», – дейдi. Түсiнде хабар бердi осылайша, Бұ адам кiрген жоқты түске жайша. Оянып: «Рахман ба, шайтан ба?» – деп, Тағы да ұйықтар үшiн жатты оңаша. Түсiне үш мәртебе келiп кiрдi, Нұғман бармағына қабыл көрдi. – Мен солай Шам шаһарына барамын, – деп, Қатынға ақылдасып жауап бердi. Қатын айтты: – Қаңғыртпа мұнан бетер, Қаза келсе, адамзат үйiнде өтер. Түйемiздi бердiң де аш қалдырдың, Ендi және қашарға ойың кетер. Қатыны: – Бармаймын, – деп жауап еттi, Нұғман жалғыз өзi жүрiп кеттi. Бiрнеше күн арада күн өткiзiп, Шам шаһарының iшiне барып жеттi. Нан пiсiрген бiр үйге келiп қонды, Жарты нан ол үйден тағам жедi. Адам келдi ақ сақалды ұйқысында, «Ендi қайт ризығың алдың», – дейдi. Оянды ұйқысынан Нұғман сонда, «Жарты нанға машақат шегiп келдiм мұнда». Қайтарға ниет етiп жүрiп кеттi, «Не үшiн келгенiм, – деп, – Құдауанда». Аз заманда үйiне қайтып келдi, Қолында нәрсесi жоқ қатын көрдi. – Бiрқатар машақат шегiп келгенiңде, Қолыңда дәнеме жоқ, қайда? – дедi. Түйемiздi бердiң сен һадийаға, Шығарма бұ қылықты жарияға. Диуана болғаныңнан жаман болды, Мұнан да келмесеңшi дүнияға. Нұғман Шам шаһарға барып келдi, Неше заман мехнатта арып келдi. Нұғман және ұйқыға кеткенiнде, Ақсақалды ол адам танып келдi. Ол айтты: – Әй, Нұғман, ұйқыңнан тұр, Менiм айтқан сөзiме мойныңды бұр. Орныңнан тұр дағы қаза берсең, Ризық басыңның ұшында тұр. Үш мәртебе түсiне бұлай кiрдi, Қолына күрек алып тұра келдi. Қатынменен екеуi қаза берiп, Бiр заманда астынан мәрмәр көрдi. Көтерiп, қопарады мәрмәр тасын, Құдайым мұсылманды жарылқасын. Екеулеп мәрмәр тасты қопарғанда, Бiр сандықта көрдiлер қазынасын. – Патшаға апарам ендi, – дедi, Құдайым мұны кiмге бердi? – дедi. Қатын айтты: – Бермеңiз патшаға, Нелiктен жомарттығың келдi? – дедi. Болмай-ақ патшаға келедi алып, Қарады патшаға көзiн салып. – Әй, тақсыр, жерiңiзден тауып едiм, Бiлейiн деп келiп ем қолыма алып. Патша бiр адамға оқытты ендi, Жан-жағын көрiп, жерiн қарады ендi, Бiр жағын тамаша етiп қарап тұрса, Бiр әдемi жазылған жазу көрдi. Патша әмiр еттi өз тағында, Нұғманның талас бар ма бұ бақытында? «Һәза садақа мин ғинда Алла алә Нұғман» Бұл жазуы бар екен бiр жағында. Баршасы қарады да қайран көрдi, Тағы да бiр жағын айналдырды. «Ли әжлил хурмат аләл әл Құран» деген, Тағы да бiр жағынан жазу көрдi. Патша айтты: – Әй, Нұғман, саған берген Алладан қазына ғой, өзi келген. Һеш адамның мұнда жоқ бiр iсi, Дәл сiзге тиiстi қып белгiлеген. Патша және сұрады: – Атың кiм? – деп, Ол айтты: – Есiмiм – Нұғман, – деп. Бәрi де бұған ендi разы болды, – Һешкiмге мұны бермей, өзiң ал, – деп. Нұғман қабыл көрдi разы болып, Қатынына бередi үйге келiп. Сол алтынды өзiне хәракаттап, Андан кейiн өлгенше рахат болып. Әй, патша, бұ хикаят мына сiзге, Ұғланды қорламаңыз өзiңiзде. Құранды құрметтеген адамдарды, Қалай құрмет қылды көрдiңiз бе? Ғылымды құрметтесең берер нығмет, Көрмейсiз бұ дүнияда һешбiр мехнат. Шаһзада, уәзiрлердiң ғылымына, Құрмет етсең табарсыз көп рахат. Патшадан тiлейдi бұлайша деп, Ол уәзiрi айтқанда әңгiме-кеп. Мұны көрiп патша разы болып, «Не болса да болады ертең бұл» деп. Патша аң аулады кешке дейiн, Баласы зынданында оған шейiн. Шүбһәсы бiлiнбей патшаның, «Қайсы өледi?» – деп кеттi бейiм. Аңнан қайтып отырды сарайына, Қатын төрге салады талайына. Тағам iшiп қатынмен бiрге отырып, Сөз бастап тағы келдi маңайына. Тағам iшiп болды да бастады сөз: – Зынданға тағы салдым көзбе-көз. Бiр уәзiрiм тiледi бұ күн және, Ертең ендi тоқтатпай өлтiрем тез. Қатын айтты: – Әй, патшам, тiл алмадың, Күндегi насихатым қыла алмадың. Уәзiрлердiң хайлакер сөзiн алып, Өзiң де бiр мiнезде тұра алмадың. Бұрынғы Хақ Расул пайғамбарым, Айшаның қабыл көрген ахуалдарын. Оның айтқан сөзiменен жүрер едi, Қалайша бұзасыңыз оның бәрiн? Айшаның бұл айтқан сөздерiне, Рахат болған екен өздерiне. Солардай қатынына мұштақ болып, Ақылдарым көрмейдi көздерiңе. Сiз де анық бiлмейсiз жаласының, Қадiрiн бұл бiлмей жүр анасының. Хикаятың хикаятына ұқсайды екен, Бұрынғы екi саудагер баласының. Құлағыңа кiрмейдi менiм сөзiм, Уәзiрлерге еруiңе жеттi көзiм. Патша айтты: – Сөйлешi хикаятың, Бiр сөздi тыңдайтұғын келдi кезiм. Қатын айтты: – Бұрынғы Шам шаһарында, Екi ұлық саудагер болған онда. Бiрiнiң Жүсiптейiн ұғылы болған, Армансыз кiм өтедi бұ жалғанда? Бiр күнi махаллада бала жүрген, Екiншi саудагер қызы мұны көрген. Қақпасынан бұ бала өткенiнде, Қарауға жоғарыдан кезi келген. Он төртiншi айдай болған жүзiн ашып, Туғры бiр-бiрiне жүз қарасып. Қыз дағы бұ ұғланға қарағанда, Көңiлiнде жан-тәнiмен болды ғашық. Қыз бiр алма лақтырды бұл ұғланға, Бұл жерге түсiрместен алды қолға. Қымбатты киiм киген сол уақытта, Қыз әкесi үйiнде болмағанға. Қыз және өз үйiне кiргiзедi, Өзiнiң ғашықтығын бiлгiзедi. Бiр-бiрiнен шафталу алысып ол, Нәпсiсiн бiр-бiрiне көнгiзедi. Сол халде қыз атасы қайтқан екен, Екеуi ойын ойнап жатқан екен. Үйiне кiрейiн деп қыз атасы, Есiктi қатты-қатты қаққан екен. Қыз айтты бұ балаға: – Нетелiк бiз? Бiр жаққа көрiнбестен кетелiк бiз. Бiр жерге сен де қазiр тығылыңыз, Ақырында мұратқа жетелiк бiз. Қыз айтты: – Мал тұратын бiр амбар бар, Тезiрек ендi сен соған бар. Менiм әкем, мiнеки, есiк қақты, Мұнан артық болмайды һеш хайлалар. Бала барып амбарға тығылады, Сонда барып тұрмаққа ой қылады. Аяғы түсерiнде тайып кетiп, Басқыштан бала жерге жығылады. Қырық басқыштан түскенше болды пәре, Өтiптi дүниядан мына бала. Бұ хикаят сөйледiм оның үшiн, Залымдықтан әй, патша, мiне қара! Әй, патша, бұ балаң да ақылсыз-дүр, Өзгеге қайыры жоқ бiр надан-дүр. Ғапыл болмай, әй, патша, ақырында, Харамзада харамды ойлаған-дүр. Ойламас харамнан басқа нәрсе, Мұнан ғибрат алады һәркiм көрсе. Күнде бiр хикаятты уәзiр сөйлер, Сiз дағы ересiз ғой айтып жүрсе. Сенi һәлак етедi бiр күн бала, Әуелi, маған келiп салды жала. Дос көрiп айтқанды зая қылып, Бередi мехнатты Хақ Тағала. Һәлак етер бiр күнi уәзiрлерiң, Дос көрiп жүрсеңiз оның бәрiн. Бұ балаға һәрдайым сөзiн берiп, Айтады харамзада ахуалдарын. Қатын сөзiн патша қабыл алды, «Ертеңмен өлтiрем» деп ұйықтап қалды. Ертеңмен орнынан тұрды дағы, Патша тақытына мiнiп алды. Бiр талай «өлтiрем» деп заман өттi, Жалладқа: «Алып кел!» – деп әмiр еттi. Баланы зынданынан шығарды да, Уәзiрi, жалладтары келiп жеттi. Баланы алып келдi әзiр жылдам, Патша тақытында әмiр қылған. Жиырма жетiншi уәзiрi жетiп келiп, Қасында патшаның нала болған. – Әй, патша, уәжiп болар бiлмегенге, Ғылымды бiлдiрмектiк көрмегенге. Бiлмегендi ұялмай сұрау керек, Мағрифат үшiн жүз суын төгер жөнге. Ғалым кiсi сол болар бiле тұрар, Бiлмеген көп бiлгеннен және сұрар. Соның үшiн ғылымды бiлiп алып, Ақырында, әй, патша, ұжмақ болар. Надан кiсi ғылымды бiлмес болар, Бiлгеннен және тағы сұрамас болар. Сұрауға ұялады шайтан болып, Өзi және ойымен қылмас болар. Әй, тақсыр, молдалардан сұрасаңыз, Шүбһәлi болып тұр тамашаңыз. Баланы өлтiрмегiң дұрыс десе, Бiр ауыз сөз айтпайық бұл баршамыз. Қатынның сөзiменен ренжiтпе, Уәзiрлердiң сөздерiн тастап кетпе. Дүнияда ұғылыңды һәлак қылып, Ақырда, әй, патша, арманда өтпе. Көрiнбейдi күнәһiсi қылушының, Өтiрiк не болады жүргушiнiң? Патша, есiтпеген екенсiз ғой? Хикаятын айтайын отыншының. Уәзiр айтты: – Iлгерi бiр заманда, Бiр отыншы болыпты бiр шаһарда. Оның бiр жауыз қатыны болған екен, Ақша жинар едi қолға алғанда. Ол жiгiттiң қолына ақша берсе, Алдында бұл ғарiптiң тағам болса. «Қатынына тұзы ашты» деп айтар екен, Һәрқашан iшкенiнде тұзды қылса. Екiншi тағамды бiр пiсiргенде, Iшiне асла тұзды салмас онда. Қатынның жауыздығын тия алмады, Қатыннан асқан бар ма бұ жалғанда? Бiр күн жiптiк ақша алды жiгiт, Отынды байламаққа қылады үмiт. Артығырақ қатыннан ақшаны алды, Құдай-а, ғарiптерге мархабат ет. Қатынға «жiп алам» деп жауап айтып, Ол күндiз жiп ала алмай келдi қайтып. Ақша қойнынан қатын көрiп, Жiгiттен жылдамырақ алды тартып. Қатын айтты: – Пиғылың тар екен, – деп, Көңiлiң дүнияда қара екен, – деп. Бұл ақшаны жiп алмай қайтып келдiң, Ойнасың менен басқа бар екен, – деп. Ол жiгiт ант еттi һеш болмады, Қатынға жiгiт сөзi кәр қылмады. «Отынға жiп үшiн алдым десе», Сонда да жауыз қатын инанбады. Қатын айтты: – Мiнезiң ұнамас, – деп, Алмаған ол жiбiңдi мойныңа ас, – деп. Жiгiт айтты: – Жауыз, дұға қылдың жаман, Көңiлiң болған екен маған қас, – деп. Қатын айтты: – Бұ дұға аз-дүр саған, Отынға жiптi алам дедiң маған. Ойнасыңа бермексiң бұл ақшаны, Қалайша инанамын, – дедi, – бұған? Қатынды ол түнi ұрып соқты, Жауыздығын сонда да қойған жоқ-ты. Ол күнi не болса да болып жатып, Таң атып, тағы да ғауға шықты. Қатынға тағы да айтты ашуланып, – Тiлiме инанбадың белiң салып. Артымнан мен отынға кеткенiмде, Келмегейсiң бiр атқа мiнiп алып. Мұны айтып отынға жүрiп кеттi, Далада, көп ағашқа ендi кептi. Тағы да қатын өзi бiр ат мiнiп, Байының дәл қасына барып жеттi. Ол жiгiт бiлген жоқ-ты отын тердi, Бiр құдықтың қасына жақын келдi. Бiраздан соң ол жiгiт жалт қараса, Келiп тұрған қатынын көзi көрдi. Құдыққа жақынырақ келiп тұрған, Ол жiгiт қарамаққа мойын бұрған. – Әй, қатын, кейiнiрек тұрғыл! – десе, Iлгерiрек жүредi Құдай ұрған. – Әй, қатын, мен айтамын әрмен тұр! – деп, Менiм айтқан сөзiме мойын бұр! – деп. Айтқан сайын басасың аяғыңды, Мен қашан жауап айттым «Алға жүр!» деп? Iлгерi қатын және тағы жүрдi, Құдықтың ернеуiнде бiр тас көрдi. Жиегiн қатын келiп басқан кезде, Ол тастың айналасы қопарылды. Тас сонда қопарылды соғылысып, Ол қатын таспен бiрге кеттi түсiп. Құдыққа жiгiт көрiп жүгiредi, Көңiлiнде «өлдi ғой» деп зәресi ұшып. Жүгiре түсiп тоқтады және жiгiт, Алуға ол қатынды қылмады үмiт. Отын алып үйiне келдi қайтып, Жаратқан мұндай қылып бiр құдiрет. Үйiне қонды дағы келдi қайтiп, Қатынды алмақ болып ендi тартып. Құдыққа бiр жiп салып тұрды дағы, – Әй, қатын, ұста! – дедi жауап айтып. Қайтадан ол жiптi алады ендi, Екi есе қатыннан ауыр болды. Тартып алса құдықтан бiр ғифрит, Ол жiгiт қорыққаннан қайран болды. Ғифрит айтты: – Қорықпаңыз менен, – дедi, Бiр жақсылық мен көрдiм сенен, – дедi. Қатыннан қорыққанымнан мұнда келдiм, Һеш жалғаным жоқ болды инан, – дедi. Ол қатын құдыққа келiп тұрды, Құлағымды бiр жұлқып мойным бұрды. Сен жаңа айқай салып тұрған үшiн, Ұстаған құлағымды қоя бердi. Сен маған бұл жiбiңдi бердiң, – дедi, Сенiң қылған жақсылығың көрдiм, – дедi. Бұ жiптен ұстай алмай қалды қатын, Қасыңа мен құтылып келдiм, – дедi. Саған да мен жақсылық қылсам керек, Ойласам залым қатын тұрды бөлек. Қойнынан төрт жапырақ бұған бердi, – Саған да осы нәрсе болар керек. Бұл шаһар патшасының тұтам қызын, Жапырақпен хаста қылам оның өзiн. Сенен басқа дәру қылса жiбермейiн, Келгенiңде ем болмай сенiң сөзiң. Бұл жапырақты ол қызға сүрткенiң, Осы болар менiм саған үйреткенiм. Жапырақпен жазғанда хаста қызды, Ихсанын саған берiп билеткенiм. Ғифрит осылайша айтты, – дедi, Жiгiт те өз үйiне қайтты, – дедi. Ол қатынға салмады iлтипатын Талақ қып, өзiнiң басын тартты, – дедi. Ғифрит бұдан кетiп шаһарға кетiп, Патша қызын сарайдан көзi көрдi. Қызды тұтып, сол сағат хаста қылып, Ақылсыз болғанынан талады ендi. Қыз сонда «басым» деп жылар едi, Атасы тәбибтердi жиып келдi. Патша қызы саламат бола ма деп, Бәрi де тәбибтердiң дәру бердi. Һешбiр дәру қонбады қылғанында, Патша қызы хаста болып тұрғанында. Атасы да бегiрек жылар едi, Қызының зар еңiреп тұрғанында. Үшiншi мұнажжимдi де кәр қылмады, Патшаның қызы тiптi жазылмады. Осыған дауа қылар табылар деп, Патша базарына жар салады: «Қызымды мұсылман жазса алсын, – дедi, Дауасын бар Құдайым салсын. Әгар да кәпiр жазса инғам алып, Дүнияда разы боп қалсын», – дедi. Патша жар салады осылайша, Жар салып осылайша тұрсын жайша. Қиссамыз бiздiң келедi ол жiгiтке, Толықсып қыз ауырсын туған айша. Ол жiгiт бiр күнi базар келген, Жалған деп ғифрит сөзiн үйренбеген. Базарға келе салып қарап тұрса, Һәркiмге үлестiрiп қағаз берген. Қағазда: «Жазса бiреу қызым, – дептi, Құрбандығы болар едiм өзiм, – дептi. Мұсылман жазса қызымды берер едiм, Кәпiр жазса разы қылар кезiм», – дептi. Ол жiгiт ой ойлады: «Барайын, – деп, Ғифрит жапырағын салайын, – деп. Құдайым бiр шипасын бермес пе екен? Дәрiгер боп патша қызын алайын», – деп. Патшаның сарайына келдi жiгiт, Патша қызын жазуға қылады үмiт. Патша отырғызды қыз қасына, «Құдай-ау, бұ балама мархабат ет». Сол сағат қыз жазылды дәру берiп, Патша күйеу қылды қабыл көрiп. Бек болған соң патшаның қызын алып, Көп халық құрмет еттi соңына ерiп. Бар екен бұл патшаның дос патшасы, Артық-дүр екеуiнiң тамашасы. Оның да бiр қызы хаста болып, Пар емес бұ қызына қазынасы. Ол патша бұл жiгiттi бiледi ендi, – Қызымды жаза ма? – деп тiледi ендi. Қызымды жазып берсең беремiн, – деп, О дағы бұ шаһарға келедi ендi. Кеткен соң бұл жiгiт те бiрге кеттi, Өзiнiң мақамына барып жеттi. Ол патша құзырына «кiргiз» дедi, Қарады қызындағы болған дерттi. Жiгiт келсе ғифрит онда отыр, Ол қыздың дәру қылып басында отыр. Тарығып ол жiгiтке жауап айтты: – Әй, адам, менiм айтқан сөзiме бұр. Бiр жақсылық мен қылдым сiзге, – дедi, Бұл араға бекер келдiң бiзге, – дедi. Бiр қызды бердiм саған патшадан, Қылмашы көңiлiңдi өзге, – дедi. Бұл қызды мен алайын ендi, – дедi, Тәңiрiм саған жөндi бердi, – дедi. Әгарда бұ қызды алам десең, Өз қызыңыз аламын мен де, – дедi. Жiгiт айтты: – Келгем жоқ бекер, – дедi, Бұ дәурен басыңыздан өтер, – дедi. Түнеу күнгi қатын шықты ол құдықтан, Артымнан, мұнда қазiр жетер, – дедi. Ол қатын ол құдықтан шығып кептi, Қайда барсам айрылмады бiрге бопты. «Мiне жетер» дегенiн естiгенде, Ғифрит қыз қасынан шығып кеттi. Жiгiттен патша қызы саламаттанды, Әлгi қызды ол жiгiт тағы да алды. Бұ хикаят сөйледiм оның үшiн, Қатыннан сақтанбақ сонан қалды. Әй, патша, қатын деген қатты дұшпан, Адам түгiл бұлардан перi қашқан. Ол жiгiт алған жоқ қайтып келiп, Дүнияда қатынның хайласы асқан. Олардан шаһзада қайда қалды? Тiл алмай, өзi қиуға салды. Жауыздан айрылды да пақыр жiгiт, Екi бiрдей патшаның қызын алды. Бұлай деп шаһзаданы тiлеп алды, Патша зынданына тағы салды. «Аң аулап даладан келемiн», – дедi. Патша сахараға кетiп қалды, Патша сарайына келдi жетiп, Қатыны сұрайды сөз жауап етiп: – Ұғылыңыз бұ күн тағы нешiк болды? Патша ақылынан пиғыл тартып. – Ғұзырлық бiр уәзiрiм айтты, – дедi, Зынданға бұ күн тағы жатты, – дедi. Қатын айтты: – Әй, патша, бұ балаға, Салдың ғой мейiрiңдi қатты, – дедi. – Ұялдым уәзiрден өзiм, – дедi, Баланы қия алмады көзiм, – дедi. Хикаят сөйлегенде ерiп кеттiм, Жерге мен тастамадым сөзiн, – дедi. Қатын айтты: – Бұ бала қатты дұшпан, Анық бала екен деме Құдай қосқан. Қырық уәзiрдiң хайласына ермеңiз сiз, Олардың мәкiрлерi жұрттан асқан. Олардың ұйымаңыз ғаламатын, Қатынның көресiз ғой мехнатын. Есiтпеген екенсiз, әй, патша, Бүрге менен сақалсыз адам хикаятын. Қатын айтты: – Бүргелер жиылысқан, «Адам ұғылы болды деп бiзге дұшпан. Сүлейменге арыз қып барайық», – деп, Бүргелер осылайша дағуаласқан. Арасынан өткiнрегiн сайлап алды, Баруға Сүлейменге ойлап алды. – Адаммен дағуамыз бiздiң бар, – деп, Сүлейменнiң алдына келiп қалды. Бүргелер Сүлейменге арыз еттi: – Сақалды адам болмасын мұнда? – дептi. Сүлеймен бәрiн де шығарды да, Қасынан бәрi дағы тарап кеттi. Бүргелер: – Патша, – дедi Сүлеймендi, Бар мақұлық тақсырға сөйлегендi. – Адамдар бит секiлдi өлтiрмейдi, Сүлейменге бәрi де тiлегендi. – Адамдар бит секiлдi өлтiрмейдi, Жанымызға туғры қаза келтiрмейдi. Тырнағына әуелi уалайды, Жұмысын сығуменен бiтiрмейдi. Әуелi өлтiредi уалаған соң, Уалап өлтiрмесiн һеш мұнан соң. Сықса екен бит секiлдi бiздердi де, Бұл айтқан жауабымыз бәрi де оң. Сүлеймен ұғландарға жауап бердi, Бәрi де жауап сөзiн мұны көрдi. Iшiнде бiр көсе адам қалған екен, Келдi де Сүлейменге баян қылды: – Бiз биттi ұстағанда тұрады, Бiрақ сығып өлтiремiз оларды бек. Бүргелер өлтiрерде ұшып кетер, Бiр жаза артық етер бұлайша деп. Сол себептен беремiз бiр жазаны, Қалайша өлтiремiз бiздер оны? Уалап өлтiрмесек қашып кетер. Солайша бiз қыламыз шықсын жаны. Ендi тағы сөйледi көп бүргелер: – Бит секiлдi тұрамыз ендi бiздер. Бит секiлдi тырнақпен опат қылсын, Мұнысын бәрiмiз де мақұл көрер. Онда көсе айтады: – Сөзiм көрсiн, Бiздiң қылған iсiмiз мақұл дерсiн. Бит секiлдi бiз оны өлтiрейiк, Секiрмеске қолынан қағаз берсiн. Олар айтты: – Қағазды бере алмаймыз, Бит секiлдi болып бiз жүре алмаймыз. Қалайша қып бiздердi өлтiрсе де, Әуелгi әдетiмiздi қоя алмаймыз. Сүлеймен жауап бердi бүргелерге: – Сiздер қағаз бермейсiздер бұл ерлерге. Уалап та, сығып та өлтiредi, Болмайды бұларға ендi пәлен дерге. Мұны естiп бүрегелер шығып кеттi, Тысқа шығып бәрi де кеңесiптi. «Билiк айтқан бiздерге кiм екен?» – деп, Бiр-бiрiне қарасып «көсе» дептi. Бұлар бәрi әскерiне барып жеттi, Көсенiң айтқанынан бiлiп кеттi. Мұны естiп бәрi де «көсе» адамға, Қияметке жеткенше қас боп кеттi. Бүргелерге бiр дұшпан болды көсе, Бәрi оның талайды жақын келсе. Олар да секiрмеске болар едi, Жиылып бұл адамға кепiл болса. Көсенi көрсе бұлар талар болды, Қанын iшiп, жандарын алар болды. Бүргенiң адамға қас болуына, Осындай көсе адам себеп болды. Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Көсе ұғлан осы болар бәрiмiзге Сiз дағы ол бүргедей қате болма, Көсе пәле болды ғой көрер көзге. Патша қатын сөзiн қабыл алды, Өзiнiң сарайында ұйықтап қалды. Ерте тұрып тақытына мiнген халде, Алдына уәзiрлерiн жиып алды. Алдына жетiп келдi уәзiрлерi, Бiр ұғланды тiлеген оның бәрi. Жиырма сегiзiншi уәзiрi кеп, Тiлеген патшадан ахуалдары. Уәзiр айтты: – Алмаңыз қатын тiлiн, Өлтiрме дүнияда қызыл гүлiң. Қиямет күн тiрiлесiз оның бiрлән, Мұхаммед пайғамбардың әмiрiн қылың. Қатынның бiлесiз ғой ғаламатын, Сөйледi дүнияның мехнатын. Патша, тыңдасаңыз мен айтайын, Молда мен бiр ұғырының хикаятын. Уәзiр айтты: – Бағдат шаһары өткен, Бiр заһид болған екен дiнiн күткен. Бiр күнi мәсжидтен өте берiп, Бiр адам бiраз ақша берiп кеткен. Әлгi молда алтынды қолына алды, «Бiрнеше нәрсе алам» деп базар барды. Бұл ақшаға бiрқатар балдан алып, Үйiне қайтайын деп кетiп қалды. Бiр ұғыры бұл молданы көрдi тұрып, Қарады ақшасына мойын бұрып. «Дәуде болса молдада ақша көп, – деп, Мен тонап алайын, – деп, – Құдай ұрып». Әлгi молда сомғасына келдi кiрiп, Артынан ұғыры да келдi жүрiп. «Кешке таман мен тонап алайын» деп, Бiр жерге жасырынды онда тұрып. Ол молда сомғасында қылды тағат, Ұғыры аңдып тұрды бiрер сағат. Ол молда ғибадаттан босанбады, Өкiндi келгенiне бек қабағат. Қырық шiлтеннiң бiреуi келiп тұрды, Ұғыры да келгенiн бiлiп тұрды. – Бүгiнгi күн бiрiмiз өлiп едi, – деп, Молдаға есiк ашып жауап бердi. Молда да сөз тыңдады құлақ сала, Есiктi ашып тұрды бiраз ғана. – Бiрiмiздiң орнымызға керек едiң, Осылай бұйрық қылды Хақ Тағала. Молда айтты: – Келсеңiз маған, – дедi, Мен бiр адам берейiн саған, – дедi. – Бұл ұғыры барсын да менiм үшiн, Пiрiмiз, разы бол бұған, – дедi. Қырық шiлтен жағасынан тұтып алды, Өзiнiң жолдасына алып барды. Молдаға жақын келiп тұрған үшiн, Ұғыры қырық шiлтеннiң бiрi болды. Әй, патша, бұ хикаят оның үшiн, Ғылымның шарапатын көремiсiң. Сол ғалымның хақы үшiн, падишаһым, Шаһзаданы маған да беремiсiң?! «Берейiн» деп бұған да бердi ұғланды, Уәзiр де мұны көрiп бек шаттанды. Ауға шығып тағы да қайтып келiп, Қатынымен патша тағамданды. Қатыны сөз ашты тағамнан соң: – Менiм айтқан сөзiмнiң бәрi де оң. Менiм, әгар, тiлiмдi алмасаңыз, Саған ақыл бермеймiн мен бұнан соң. Менiм саған туғрылығым кәр қылмады, Уәзiрден басқа сөзiм һеш болмады. Менiм, әгар, ақылым болмаса едi, Сенiң тәнiң жер астында шiрiр едi. Әбуғалисинаның насихаты, «Тышқанды қырам» деген ғаламаты. Бiр патша өкiнiште қалғанындай, Саған менiм кәр қылмас өсиетi. Сенде сондай қаларсыз өкiнiште, Сабыр деген жарамас мұндай iсте. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Айтайын әңгiменi ерте-кеште. Қатын айтты: – Халаб деген шаһарда, Бiр патша бар едi әдiл онда. Өзi әдiл, қылықты болған екен, Һәрқашан әдiлдiктi құрғанында. Ол шаһарда тышқандар болыпты көп, Адамдар қорқады екен олардан бек. Алатұғын бұларды мысығы жоқ, Қорқады әлдеқандай қылады деп. Бiр күнi Әбуғалисина келген екен, Мәслихат патшаменен қылған екен. Патшамен екеуi әңгiме айтып, Тышқанды кеңес қылып тұрған екен. Патша айтты: – Әңгiме қылдың, – дептi, Бiр сөзiм саған айтар келдi, – дептi. Бiр қайран оқуменен қылсаң екен, Бiлмесең бұл шаһарда тышқан көп-тi. – Қылайын бiр қайранды ендi бұған, Оқуменен ғажап қыл дедiң маған. Тышқанға бiр ғаламат мен қылайын, Айтатын насихатым тағы саған. Һешкiмге хабарымды бермегейсiң, Тышқандар келгенiнде күлмегейсiң. Айтқанымды өсиетiм тұтпаймын деп, Ақырында өкiнiште жүрмегейсiң. Бұ шаһардың көп ғажап қақпасынан, Тышқандар жиылады қақ қасынан. Үндемей де, күлмей де сiз тұрғайсыз, Бiреу келiп салса да қақ басыңнан. Патша айтқанына разы болды, Әбуғали әзiрде атқа мiндi. Шаһардың бiр жерiне майдан құрып, Бiр әфсүн ат үстiнде оқып тұрды. Жиылды һәмма тышқан өз қасына, Тышқанның жалғыз ұғылы ортасында. Патша да қарайды сарайынан, Не боларын ақырда байқап сонда. Бiреуiн Әбуғали һәлак еттi, Тышқандар бәрi де келiп жеттi. Бiр табытқа өлгенiн салғызды да, Тышқанның төртеуiне көтерттi. Көтерiп табытпенен бұлар жүрген, Сан мың тышқан бәрi де бұған ерген. Төрт бөлiнiп тышқандар өлгенiне, Қабiрге қоймақ үшiн ап жөнелдi. Әбуғали жаназа оқып тұрды, Бәрi дағы бұларға мойын бұрды. Қабiрге қоямын деп кетерiнде, Тышқанның бiрi қалмай бәрi ердi. Патша сарайында мұны көрдi, Әбуғалиға жабылып тышқан ердi. Тышқанның көп хошемет қылғанына, Патша қоя алмастан қатты күлдi. Патша күлгенiнде бұған қарап, Тышқандар алды-алдына кеттi тарап. Патша мұны көрiп қайран қалды, Бiлмекке Әбуғалиден мұны сұрап. Әбуғали жауап бердi патшаға: – Мен шықтым майдан құрып оңашаға. Жиылған тышқандар өлмек едi, Әгар да күлмесеңiз тамашаға. Мен әфсүн оқығанда келер едi, Бәрi де қазасына жүрер едi. Әй, тақсыр, күлмесеңiз сонда маған, Тышқанның бәрi дағы өлер едi. Әгар да күлмесеңiз тiлiмдi алып, Халықтар қалар едi рахаттанып. Сiздiң күлiп, мiнеки, жiбергеннен, Олардың бәрi кеттi өзiм қалып. Патша бек өкiндi күлгенiне, Тышқанның тарап кетiп жүргенiне. Өкiнiшке қалыпты ақырында, Тыңдамай насихатты бергенiне. Әй, патша, бұ хикаят айттым ендi, Қаларсыз өкiнiшке сiз де ендi. Бәдбахт балаңызды ғапу етiп, Өкiнiш ақырында болады ендi. Патша қатын сөзiн қабыл алды, Өзiнiң сарайында ұйықтап қалды. Ерте тұрып орнынан, жалладына Әмiр қылып, ұғланы келiп қалды. Ұғланды алып сонда келдi жетiп, Жалладқа: «Өлтiрiң!» – деп қаһар етiп. Патшаның қаһарын көрген халде, Уәзiрлерi қасына тағзым етiп. – Сиясат майдандарын құр дегенде, Мойныңды әдiлеттiкке бұр дегенде. Жиырма тоғызыншы уәзiрi кеп, Жалладқа әмiр етiп: «Ұр!» – дегенде. – Әй, патша, мен айтайын бiраз кеңес, Ұғланның халалдығы бекер емес. Һүндiстан шаһарында бiр патша, Өлмекке тақалыпты қалам демес. Һүндiстан бiр патшасы өтер болды, Қазадан дүниядан кетер болды. Ұғылына бiр қағазды бердi дағы, Опасы дүнияның бекер болды. – Әй, ұғылым, бұ қағазбен амал қылың, Жалғанның опасызын мұнан бiлiң. Мен дағы өсиеттi мұнан бiлдiм, Сен дағы амалыңды бiлiп жүрдiң. Ұғлан да оқыды үшбу хатты, Жазыпты бұ қағазға насихатты. «Бұ насихат, әгар да, қылмасаңыз, Тартасың дүнияда мехнатты. Бiреудiң жақсылығына жақсылық қыл, Жамандыққа жақсылық болады, бiл. Бiреу сенен қажеттi сұраса, әгар, Халiңнiң келгенiнше, қажетiн қыл. Кiсi айыптарын жүзiне айтпа, Адам сөзiн өзiңе тағы тартпа. Қарсы кеп кiсi сөзiн сөйлегенде, Пенденi өкпелетiп жауап қатпа. Бiр хаста болса, сұрағыл кiсi халiн, Кiсiнiң рұқсатсыз алма малын. Халыққа тiлегейсiң жақсылықты, Кiсiнiң бетiне айтпа ахуалын. Өзiңiз жаратпаған адамдарға, Жауап қатып жүрмеңiз надандарға. Насихатын һәркiмнiң тұтып жүргiл, Жақынырақ жүргейсiң ғалымдарға. Сақтанғыл дүнияда жауыздардан, Және намаз бiлмейтiн надандардан. Бұ сөзiм мағынасын хилаф тұтпа, Алғайсың жақсылықты адамдардан». Патша құлақ қойды насихатына, Құлақ қойма қатынның ғаламатына. Әй, патша, бұл бiр iсiң ұқсар екен, Бұрынғы Шымырының хикаятына. Уәзiр айтты: – Бұ жаһан сарайында, Бiр бақал кiсiсi болған онда. Оның бiр гөзәл, махбүб қатыны бар, Қатынның хайласы мол бұл жалғанда. Ол қатын бiр жiгiтпен болды қимас, Ерiнен қорықпаса қатын қоймас. Бiр күнi ол жiгiт қатынға айтты: – Әгар да ерiң бiлсе бiздi қоймас. Қатын айтты: – Сен менi бiле алдың ба? Дүнияда хайланы қыла алдың ба? Сен жағымнан келедi өз қолынан, Ерiмнiң қылсам дағы көз алдында. Қорықпаңыз сiз осылай менен, – дедi, Жiгiт айтты: – Қорқамыз сенен, – дедi. Қатын және: – Бiр жерде бiр ағаш бар, Сен соған барып тұрғыл инан, – дедi. Мен де ақыл айтамын жолдасыма, Хайла-мәкiр көп болар бiр басыма. Қашан мен ишаратты саған қылсам, Жүгiрiп, тезiректен кел қасыма. Жiгiтке осылай деп айтты, – дедi, Күйеуi де үйiне қайтты, – дедi. Ол жiгiт үйiне барды дағы, Манағы ағаш қасына жатты, – дедi. Ерiне қатын айтты: – Тұрайықшы, Пәлен жерде бiр ағашқа барайықшы. Зауық-сафа етерге екеумiз, Сол ағаштың қасында болайықшы. Ерi де ұнатады: – Жарайды, – деп, Ағашқа зауық-сафа етейiк, – деп. Екеуi ол ағашқа барып тұрып, Қатын сонда шығарар әңгiме-кеп. Қойнынан бiр дәрудi қатын алды, Ерiне берiп тұрып айтып салды. – Бiр нәрсе екеу болар мұны жесе, Ол ерi мұны естiп қабыл алды. Жеп алды екеуi де ол жемiстi, Қатын хайла қылады һәрбiр iстi. Қатын айтты: – Ағашқа мен шығайын, Биiктен қарайын да сенi, – дедi. Қатын айтты ағашқа шығып тұрып, Төмен тұрған ерiне мойнын бұрып: – Әй, ерiм, оныңызды жүзi қара, Бұл қатынды аласың Құдай ұрып. Ерi айтты: – Мен қатын алғаным жоқ, Сенен басқа кiсiге барғаным жоқ. Неге өтiрiк айтасың маған бекер? Көңiлiмдi бөтен жарға салғаным жоқ. Қатын және нанбады мынау ерге, – Қойныңдағы қатынмен жаттың бiрге. Қазiр мен бұ ағашқа шыққан кезде, Қосылдың қатынменен осы жерге. Ер пақыр ант еттi нандыруға, Жалғанда инанмаңыз қатын қуға. Қатын айтты дәруiнiң ғаламаты, Ойланды ендi ерiн шығаруға. Ол ерi шығайын деп оңтайланды, Әлгi қатын баланы шақырып алды. Ол ерi ағашқа шыққан кезде, Жiгiтпенен қосылып зауықтанды. Ерi көрiп: – Қай ақымақ жiгiт? – деп, Жақсылықтан қылмайсыз үмiт? – дедi. Тал түсте қатынымды алғаныңды, Маңайыма жоламай, әрi кет! – дедi. Көз алдында кiсiден ұялмайсың, Алладан неге қазiр қорықпайсың?! Қатын айтты: – Жалған сөз сөйлемеңiз, Дәрiнiң мағынасын бiле алмайсың. Ағаштан ерi жерге қадам басты, Жалғанда хайлалары мұндай асты. «Жерге түссе, әзiр де көрмесiн» деп, Ол арада далаға жiгiт қашты. Әй, патша, бұ хикаят дедiм сiзге, Қатыны бұзық қылды көрер көзге. Екiншiлей қатынға инанбаңыз, Кесапат көрсетедi бәрiмiзге. Көп болар қатындардың хайлалары, Аз болар ерлерiне пайдалары. Қатын сөзi шариғатта пәтуасыз, Ерлерден үш есе хайлалары. Ерлердi қатын сөзi бүлдiредi, Қуантып шайтандарды күлдiредi. Уәзiрден бұ хикаят естiген соң, Ұғланды зынданына көндiредi. Ол күнi өзi тағы ауға кеттi, Ақшамда сарайына келiп жеттi. Қатын менен екеуi тағам iшiп, Сұрады ұғылынан болған кептi. – Уәзiрiм тiлеп алды бүгiн тағы, Ол бала болып тұр ғой уәзiр жағы. Шүбһәсi екiсiнiң бiлiнбедi, Алланың шаһзадаға артық бағы. Қатын айтты: – Ұғылыңыз ынсапсыз, Балаға мүптала сiз бен бiз-дүр. Оны сен өлтiруге кешiктiрiп, Ақырында сауаптан үмiтсiз-дүр. Тiлдерiн уәзiрлердiң аласыңбай, Ақырында арманда боп қаласыңдай. Сенiң бұл харамзада ұғылыңыз, Қызыр алейһи сәлам өлтiрген баласындай. Тимес кесапаты бәрiмiзге, Үлкен-кiшi, жас пен кәрiмiзге. Қызырдың баласындай деген кезде, Патша айтты: – Тыңдайық айтшы бiзге. Қатын айтты: – Бұрынғы хазiрет Мұса, Бiр күнi уағыз айтқан жұрт жиылса. Халықтар бұл Мұсаға жауап бердi: – Дүнияда ғалым бар ма сiзден аса? Мұса айтты: – Әй, пақыр халық, – дедi Менен басқа ғалым жоқ, анық, – дедi. Менен артық – Алланың жалғыз өзi, Болмасын осы сөзiм танық, – дедi. Мұсаға бiр Алладан келдi хабар: «Мұжаммағұл бахринда бiр ғалым бар. Ол сенен екi есе дәрежесi, Көрмекке осы жерден сен онда бар». Аллаға хазiрет Мұса айтты сөзiн, Бұл хабар бiр Алладан келген кезiн. – Қай мекенде екенiн бiлмеймiн мен? Иләһи нешiк табам оның өзiн? Бұйырды Хақ Тағала: – Барғыл! – дедi, Азыққа балық басын алғыл, – дедi. Сол балық тiрiлiп суға кiрсе, Сол халде Қызыр келер, нанғыл, – дедi. Бұ сөзiн бiр Алланың қабыл алды, Бiр балықтың басындай азық салды. Иушиғтың баласы – бiр пайғамбар, Қасына жолдас қылып ертiп алды. Жол жүрдi бiрнеше күн бұлар дала, Жаратқан һәр нәрсенi Хақ Тағала. Мұжаммағұл бахринға келiп тұрса, Ол жерден бiр тасты көрдi және. Ол тасты жастанып ұйықтап кеткен, Тiрiлiп балық басы суға кеткен. Орнынан ертеңiнде оянады, Тағы да бiр мақамға барып жеткен. Балықтың тiрiлгенiн Иушиғ көрген, Ұмытып айта алмаған жүре берген. Бiр күн, бiр түн бiр жерге келгенiнде, Ол Мұса: – Азық жейiк ендi, – деген. – Ол балық суға кеткен көрдiм, жаным, Айтуға менi ұмыттырған Iбiлiс лағин. Ол тасқа бұлар жүрiп қайта келдi, Балық бiлген халде ахуалын. Қайта келсе бұ таста бiр адам тұр, – Жамағат, бұ сөзiме мойныңды бұр. Қай мекенде, қай мақұлық боласыз? – деп, Ол Мұса пайғамбардан жөн сұрап тұр. – Атым – Мұса, пайғамбарым, жүрдiм деген, Сенiң де ахуалың бiлдiм деген. Ғалым деп естiген соң даңқыңызды, Үйренбекке ғылымнан келдiм деген. – Түздегi атым – Қызыр, мен – бiр ғайып, Мен сенi келгенiңе қылман айып. Менiменен бiрге жүрiп көргенiңдi, Һешкiмге айтпағайсыз елге жайып. Атымды мәшһүрленген бiлген болсаң, Мен үшiн талап етiп келген болсаң. Бiрақ ендi сен сабыр ете алмассың, Бiр жүрiп тамашаны көрген болсаң. Мұса айтты: – Сенiменен кетейiн мен, Қайда барсаң, бiрге боп жетейiн мен. Не тамаша көрсем де сұрамасқа, Әй, тақсыр, мен де сабыр етейiн. – Ендеше сен сұрама көргенiңдi, Мен де саған айтпайын бiлгенiмдi. – Иншалла, мен сабыр етсем керек, Сенiмен бiрге болып жүргенiмдi. Екеуi жолдас болып жүрiп кеттi, Бiр дария жағасына барып жеттi. Ол кемеге мiнгенiнде жөнеледi, Ортасына бiрқатар жүрiп өттi. Ол Қызыр бұл кеменiң бiлген жайын, Сындырып, қопарады бiр тақтайын. Қасына Мұса келдi сұрамаққа, Жаратқан қатердi абзал, бар Құдайым. Мұса айтты: – Бiздер мiндiк ақша бермей, Бiздер қалай жүремiз бұлар келмей? Тақтайын қопарасың бұ кеменiң, Суға ғарық болмай ма бұлар жүрмей? Қызыр айтты: – Әй, Мұса, тұра алмассың, Бәрiбiр ғылымыма келе алмассың. Мен саған айтпадым ба келген жердi, Менiменен сабыр етiп жүре алмассың. Мұса айтты: – Мағзұр тұт ендi маған, Екiншiлей айтпайын тiптi саған. Тамашаны көргенде сұрамайын, Тәуба қылып қояйын тағы бұған. Бұлар мұны сөйлесiп тұрған тамам, Екi абзал қосылған жақсы адам. Һауадан қара шыпшық келдi дағы, Су алды бiр ұрттам дариядан. Мұсаға айтты Қызыр: – Мұнда келгiл, – дедi, Су алған бұ шыпшықты көргiл, – дедi. Екеумiздiң ғылымымыз Хақ қасында, Бұл шыпшықтың суындай, бiлгiл, – дедi. Бұйрықсыз Хақ Тағала қылмас, – дедi, Надандар ғылымға көңiл бұрмас, – дедi. Сенiң ғылымың менiм ғылымыма қарағанда, Бiр тамшы су қадiрлi тұрмас, – дедi. Кемеден құры жерге бұлар шықты, Қызырдың тамашалы сөзiн ұқты. Көп балалар бiр жерде ойнап отыр, Алланың құдiретi болар мықты. Бiреуiн өлтiредi Қызыр келiп, Қасына Мұса келдi қайран болып. – Нелiктен өлтiрдiңiз бiреу ұғлан? Мұны маған айтыңыз баян қылып. – Әй, Мұса, айтпадым ба мен бағана, Сабыр ете бiлмедiң бұған және. – Әй, тақсыр, мағзұр тұт күнәһiмдi, Бiлмедiм қаталықпен мен бейшара. Мұнан соң қасыңа ертiп сөйлесем мен, Болмаған жамандарды тiлесем мен. Мағзұр тұт көңiлiңдi, иә, Қызыр, Өзiңдi жақсылықтан бiлсем мен. Ендi тағы iлгерi бұлар жүрдi, Бiр қария адамға және келдi. Қариядан тағамды жедi дағы, Тағы да iлгерiрек жүре бердi. Бiр үйдi келiп көрдi ауып тұрған, Екеуi бiраз ғана мойын бұрған. Бiр жағын Қызыр келiп ұстай алып, Түзетiп орнына қайта қылған. Мұса айтты: – Әй, тақсыр, бiле алмадың, Бұйрықсыз Хақтың iсiн қыла алмадың. Бұл тамды орнына түзеткенге, Нелiктен иесiнен ақша алмадың? – Әй, Мұса, кәр қылмады өсиетiмiз, Аллаға қабыл болсын тағатыңыз. Өткен iстiң айтайын мағынасын, Айрылатын ендi болды уақытымыз. Ол кеменiң iшiнде пақыр-ғарiп, Бiз мiндiк кемесiне оған барып. Ол кеме бұзылмаған жақсы болса, Патшасы кетер едi тартып алып. Ол пақырға жақындары жат болып-дүр, Оны сатып мал қылса, шат болып тұр. Ол ғарiптер кеменi жаратқаннан, Киер киiм, астына ат болып тұр. Қопардым мен тақтайын оның үшiн, Мен өлтiрген баланы бiлемiсiң? Өскенде, бек күнәһiлi болмақ едi, Адамдар ренжiр көрсе iсiн. Мұсылман адам едi ата-анасы, Өскен соң, ол бала болар ғасы. Күнәға батпай тұрып оны өлтiрдiм, Тiрi болып жүргенiнде бар ма опасы?! Бұзылып тұрмақ екен осы бiр там, Жетiм менен пақырды мен ұнатам. Бұзылса, жетiм бала зар еңiреп, Сағынып ата-анасын тұтар матам. Астында қазына бар жасырылған, Қазiрде осы бұзылса һәркiм алған. Соңында түзеткенде бұл пақырлар, Ол жауһарды қолына жиып алған. Соңында бөлiп алар бұл ғарiптер, Осы күнде жығылса һәркiм талар. Тыңдасаңыз хикаят, иә, Мұса, Сөзiмiз осыменен тамам болар. Бұл сөздi бiлдiрмеңiз жұртқа жайып, Сенi мен сұрады деп қылмаң айып. Мұсаны терiс қаратып Қызыр Нәби Көрiнбей, сол сағатта болды ғайып. Әй, патша, бұ хикаят мағынасы, Адамның ғасы болған бiр баласы. Күнәһiсi тимесiн деп оны өлтiрген, Әй, патша, осылайша тамашасы. Сiз дағы бұ баланы өлтiрiңiз, Жанына туғры қаза келтiрiңiз. Сөзiне уәзiрлердiң ере бермей, Бiр-ақ күнде жұмысты бiтiрiңiз. Қатыннан мұны естiп таң-тамаша, Ұйықтар үшiн сарайға келдi патша. Ертерек орнынан тақытқа мiнiп, Алдырып жалладтарын тұрды патша. Алдына ұғлан бала жеткенiнде, Әмiрiн жалладтары күткенiнде. Отызыншы уәзiрi жетiп келдi, «Өлтiр» деп жалладқа әмiр еткенiнде. Уәзiр айтты: – Әй, патша, сабыр рахман, Өлмеген құл жетедi сабыр қылған. Һәр iске сабыр қылсын, – деп айтыпты, Мұхаммед үмбетiне бұйрық қылған. Адамның шайтан жүрер тамырында, Һәрқашан уасуасын қылғанында. Асықпақтық шайтанның асыл iсi, Мойныңыз бiр тарапқа бұрғанында. Уәжiп-дүр асықпайтын патшаға, Осындай құлақ қойың тамашаға. Қатынмен қатын болар асыққан құл, Сiзге залал айтады оңашаға. Ұғланның шын асылын бiлемiсiң? Сөздерiн уәзiрлердiң көремiсiң? Екi бiрдей қабиладан кiсi өлген, Неше бастар кесiлген қатын үшiн. Уәзiр айтты: – Тыңдасаңыз құлақ салып, Бәни ғарiптен бiр адам, аты – Ғариб. Бәни Назыр қабиласынан бiреу келдi, Ешкiсiн бұ ғарiптiң алмақ болды. Ол сатып алмақшы боп тұрғанында, Сегiз пұт бидайға бермек болды. – Алты пұт бидай, – дедi алмақ кiсi, – Сегiз пұт бидай, – дедi бермек кiсi. Кiмге сатсам, талақ болсын қатыным, – деп, Ант еттi сол жерде бұл екiсi. Алушы айтты: – Артық алман алты пұттан, Сауда қып алып жүрген жақын-жаттан. – Артық алсам, қатыным талақ болсын, Ашулансаң соғысып қазiр аттан. Сатушы айтты: – Сатпаймын сегiзден кем, Сен алмасаң ешкiмдi қурайды нем? Қатыным талақ болсын кiмге сатсам, Қарап тұрып болам ба саған мен жем? Екеуi бiр-бiрiне соғыс салды, Алушы ғарiп қолына бiр тас алды. Келдi де қаһарменен бiр-бiрiне, Басына бiр таспенен салып қалды. Басының бiр бөлiгi сынып түстi, Ашумен бiр-бiрiне болған күштi. Ешкi иесi – Ғарибтiң туысқаны, Алмақшы бұл Ғарибтi өлтiрiстi. Екi жақтан әскермен атқа мiнген, Тау секiлдi майданда адам өлген. Бәни Назыр әскерi қырғын тауып, Бәни ақыл қабиласы ақыр жеңген. Бәни ақыл қабиласы болды ғалиб, Бәни Назыр Хәбiш бекке кiсi салып. Хәбiштен екi жүз атты әскер келiп, Бек қатты соғыс қылды қаһарланып. Екi жүз әскер бұған келдi, – дедi, Жазасын Бәни ақыл бердi, – дедi. Ешкiге артық баға айтамын деп, Бәни Назыр қабиласы жеңдi, – дедi. Әй, патша, бұ хикаят еттiм баян, Қатын сыры болады елге аян. Қатынның тiлiменен iс iстесе, Махшарда жесе керек жылан, шаян. Жер өбiп тiлеп алды шаһзаданы, Зынданына салады ол баланы. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Тағам iшiп қатынмен тағы әнi. Тағам iшiп қатынмен бiр отырды, Патша һәр уақытта iс бiтiрдi. – Бұ күн тағы ұғылыңыз не болды? – деп, Қатын тағы баладан сөз келтiрдi. Патша айтты: – Тiледi бiр уәзiрiм, Олардан қия алмадым бар мәзiрiн. Не болса да болады ертең тағы, Көңiлiм ұнатады iс әзiрiн. – Сөзiне уәзiрлердiң ере берме, Баланы күнде-күнде бере берме. Пұрсат күзетедi оның бәрi, Өз обалың өзiңе менен көрме. Ұғланның душар болдың ғаламатына, Уәзiрiңнiң құлақ қойма өсиетiне. Бұ iсiң әй, патша, ұқсар екен, Бiр патша, уәзiрменен хикаятына. Қатын айтты: – Бiр патша болған екен, Қасына бiр дәруiш келген екен. Дәруiш: – Мен бiр дұға бiлем, – дедi, Әңгiме, сөз сөйлеп тұрған екен. – Мен өзiм пақырлықта жүрем, – дедi, Қасыңа һәрқашанда келем, – дедi. Өлiп қалған жансызға дұға оқып, Тiлесем, һәр суретке кiрем, – дедi. Патша үлкен қазға әмiр етiп, Бiр адам алдына келдi жетiп. – Осы қаздың суретiне кiршi, – дедi, Көрейiк бәрiмiз де тамаша етiп. Дәруiш дұғаны оқып, бiр қаз болды, Көрген жанға бiр талай ғажап болды. Әрi-берi қаз болысып жүрдi дағы, Дұға оқып, тағы да өзi болды. Патша таң-тамаша мұны көрiп, Дәруiштен үйрендi ақша берiп. Бiрнеше күн патшаға бiлдiрдi де, Өзiнiң мақамына кеттi жүрiп. Патша үйренiп тамам жеттi, Патша уәзiрменен аңға кеттi. Сахарада аң аулап жүрдi дағы, Даладан бұл екеуi киiк тұтты. Киiктiң суретiне кiрдi патша, Әрi-берi айналып жүрдi патша. Қайтадан оқып алып ол дұғаны, Өзiнiң кеудесiне кiрдi патша. Уәзiрi таң-тамаша қайран қалды, Iлгерi тағы аңға кетiп қалды. – Мұны қайдан үйрендiң? – дегенiнде, – Дәруiштен бiлдiм, – деп айтып салды. Уәзiр айтты: – Өтiнемiн, – дедi, – сiзге, Үйретшi ол дұғаны ендi бiзге. Патша қош уақытына туғры келiп, Үйреттi бiрнеше күн көрер көзге. Уәзiрi патшадан дұға үйренген, Қайда болса, өзiмен бiрге келген. Аң аулап бiр күн ендi жүрдi дағы, Бiр ағаштың жанында тоты көрген. Уәзiр айтты: – Әй, патша, бiлшi, – дедi, Менiм айтқан сөзiме көншi, – дедi. «Дұғамен мен суретке кiрем» деп ең, Мына үлкен тотыға кiршi, – дедi. Патша сонда тоты болады ендi, Бiр ағаштың басына қонады ендi. Уәзiрi ол дұғаны оқыды да, Өзiн ол патша қылады ендi. Бiр құлына дұға оқып, қылды өзiн, Уәзiрдiң қас қылғанын көрсiн көзiң. Патшаны тоты қып тастап кеттi, Уәзiрге үйретем деп дұға сөзiн. Уәзiрi патша болып үйге келдi, Ханым байғұс ишаратпен мұны бiлдi. Қасына патша болып уәзiр келсе, Өтiрiк ханым сонда хаста болды. Уәзiр ой ойланып тұрсын, – дедi, Ертеңгеше саламат болсын, – дедi. Уәзiрдi төсегiне келтiрмедi, «Сабыр етем, саламат болсын», – дедi. Хайланы әлгi ханым ете тұрсын, Көңiлi уәзiрiңде бiте тұрсын. Тоты болған патшадан сөз қозғайын, Ол уәзiр бiрер күнше күте тұрсын. Патша тоты болып ойлады тек, Уәзiрге үйреткенiне өкiндi бек. Сарайға кеп бақшашыға сөз айтады: – Менi қазiр мың дiллаға сатыңыз, – деп. Қызықты мың алтынды дүнияға, Апарып сатпақ болды базарларға. Мұны бiлiп бақшашы читлегiмен Көрсеттi, алып келiп адамдарға. Бiр қатын бар екен хайласы асқан, Һәркiммен бiр мәртебе сұхбаттасқан. Бiр қосылса, мың алтынды алады екен, Осындай бұ залымды шайтан басқан. Бiр күнi бiр саудагермен ғишрат құрған, Түсiнде ғишратпен мойын бұрған. Сұхбат бiр-бiрiмен қылса да, Сонда айырылып кетiптi, Құдай ұрған. Ертерек қатын сонда ояныпты, Оянып жан-жағына қараныпты. Орнынан тұрды дағы базар барып, Саудагер байдан барып сұраныпты. Қатын айтты: – Саудагер келдiң, – дедi, Менiмен түнде ғишрат құрдың, – дедi. Бiр сұхбат қылғаныңыз бiр мың алтын, Қазiр соны бөгелмей, бергiл, – дедi. Саудагер: – Мен қасыңа барғаным жоқ, Бұ сөзiмнiң биттей де жалғаны жоқ. Бұзбаймын некахымды сенi көрiп, Жат қатынды жақсылар алғаны жоқ. Қатын ақыр саудагерге болды ғалиб, Шақыртты мақамға қазiр барып. Ол тоты бұларды көрген халде Қасында сөз сұрайды, шақырып алып. Тотыға баян қылды бастан-аяқ, Жалған сөз арасына тастамай-ақ. Бұларға тоты билiк қылмақ болды, Өзге жанның сөзiне қарамай-ақ. Тоты айтты саудагерге: – Барғыл, – дедi, Мың алтын мен айнаны келтiр, – дедi. Сол үшеуiн алдыма алып келiп, Андан соң жұмысыңды бiтiр, – дедi. Саудагер бiр мың алтын келедi алып, Күзгi менен айнаны қабат барып. Тотының алдына алып келдi, Тамам жұрт көзiн салды қайран қалып. Айна алдына қояды бiр мың алтын, Ол айнаға түсiрдi бар суретiн. Айна iшiнде көрiндi мұның бәрi, Қараңыз, бұл тотының ғаламатын! Тоты айтты ол қатынға: – Берi кел! – деп, Баян қылып алдымда жауап бер, – деп. Бар едi не мұратың бұл кiсiде? Осы менiм билiгiм, мақұл көр, – деп. Тотыға қатын және келдi жақын: – Бар едi бұл кiсiде менiм хақым. Тоты айтты: – Алтынды ал айнадағы, Бар екен түсiңiзде сенiң хақың. Қатын айтты: – Айнаға көзiм салам, Алтын жоқ бұл айнада, қайдан алам? Тоты айтты: – Айнаның iшiнде тұр, – Сенiң мен бұ сөзiңе қайран қалам. Тоты айтты: – Мен де қайран бұ сөзiңе, Осындай түсте көрген өз көзiңе. Аралап ал барып шамаң келсе, Ұқсайды көрген түсiң бұл кезiңе. Хақың жоқ бұл кiсiде сенiң, – дедi, Дағуа деп айтасың ненi? – дедi. Түсiнде көрген iстi өңiңде даулап, Бұ сөзiң бола ма екен жөнi? – дедi. Әдiлдiкпен жауап бердi тоты бастап, Әдейi дағуаласқан мұны хастап. Алдына тамам халық айтқаннан соң, Ұялды қатын жеңiн қолына ұстап. Жұрт айтты: – Сатып ал, – деп саудагерге, Жiберме бұ тотыны бөтен жерге. Өзi әдiл, мүләйiм көрiнедi, Не керек жақсы-жаман пәлен дерге. Саудагер алмақ болып жауап сұрады: – Бағасы не болады мұның? – дедi. – Бұл тотымның бағасы бiр мың алтын, Берейiн бұ бағаға алсаң, – дедi. Ханымға мағлұм болды осы хабар, Базардан өзi барып сатып алар. Қарсы алдында дарбазаға асып қойды, Сөздерiн һәрдайым да тыңдап тұрар. Ханымға патша болған уәзiр келдi, – Саламат болдыңыз ба әлi? – дедi. Хаста болдым дегенге келмей жүрмiн, Қосылайын жазылсаң сенi, – дедi. Ханым айтты: – Хастамын, менi күтшi, Жаныма бiр шыбындай рахмат етшi? Ойнасаң жариалар толып жатыр, Сенi менiм маңайымнан әрмен кетшi. Мұны естiп уәзiр қалды кетiп, Қосылды жариалармен ғишрат етiп. Ханымға: – Мен бiр дұға бiлемiн, – деп, Қасына уәзiр бiр күн келдi жетiп. Ол тоты көрiп, «Аһ!» дер мұның бәрiн, Қатын мен уәзiрдiң ахуалын. Уәзiрi: – Мен бiр дұға бiлем, – дедi, Өзiнiң хайла-мәкiр қылғандарын. Ханым айтты: – Ендеше бiлшi, – дедi, Мына тұрған жариаға кiршi, – дедi. Уәзiр айтты: – Болмайды жандыларға, Жансызға кiргенiмдi көршi, – дедi. Асханадан әкелдi үлкен қазды, Ол тоты читлекте қылған назды. Уәзiрi ол дұғаны оқығанда, Қаз болып сол жерде қанат жазды. Ханым онда көргенде тамаша еттi, Читлектен ол тоты шығып жеттi. Уәзiрi «қыйғақ-қыйғақ» деп жүргенiнде, Патша өз тәнiне кiрiп кеттi. Уәзiрдiң қаз болатын кезi келдi, «Қаз болам» деген әлгi сөзi болды. Патшаға ханым сонда қарай қалса, Баяғы патшаның өзi болды. Уәзiр қаз болып қалды осы жерде, Ол ханым қайран қалды көрген жерде. Ханымға бастан-аяқ патша айтты, Далада сейiл құрып жүргендердi. Патша қазды көрiп қаһар еттi, Қорлығы өз басына бұрын жеттi. Мойнынан ұстай алып уәзiрiн, Диуардан диуарға ұрып һәлак еттi. Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Уәзiрдiң жалғаны бар көрер көзге. Әй, патша, уәзiрiңнiң сөзi жалған, Пұрсатты күзетiп хайла қылған. Әуелi бұ баланы өлтiрмесең, Басыңнан жұда болар осы жалған. Патша мұны естiп қорықты қатты, Қатынның бұ сөздерi жанға батты. – Ертеңмен мен оны өлтiрем, – деп, Айтса да бәрi маған насихатты. Бұлардың инаншы жоқ баршасында, Андай арман болғанда патшасында. Жақсылыққа ниетi асла жоқ-дүр, Хайла-мәкiр сөзi бар тамашасында. Осыны айтып патша ұйықтап кеттi, Ертеңмен жалладқа әмiр еттi. Ұғланды алдына алды дағы, Патшаның қасына барып жеттi. Әдiлдiк майданымды құр, – дегенде, Алдыма бәрiң келiп тұр, – дегенде, Отыз бiрiншi уәзiрi жетiп келдi, «Жалладқа басын кесiп ұр!» – дегенiнде. – Әй, патша, қатын сөзiн қабыл алма, Пәлеге мұныменен ақыр қалма. Ұғланның туғыр iсiнен әптира-дүр, Басыңа арманда боп қайғы салма. Күнәһ жоқ шаһзада туғрасында, Шүбһә бар екiсiнiң арасында. Уәзiрiңiз сөздерiн жерге қойып, Әй, тақсыр, қайғы болар бiр басыңа. Пендеге опасы жоқ дүнияның, Пенделер дәмiн татар көп жапаның. Әй, патша, мен айтайын бiр хикаят, Бiр соқыр кiсi мен халифаның. Мен тiлеп алайын деп келдiм жетiп, Бастайын бiр хикаят мағлұм етiп. Жалладқа әмiр етiп тұрған халде, Тыңдады уәзiрiнiң сөзiн күтiп. Уәзiр айтты: – Рашид халифа заманында, Бiр соқыр кiсi тағы болған онда. Иiскеп жүрiп нәрсенi табады екен, Бiр нәрсе кiсi алмай жоғалғанда. Бiр құтышығы патшаның жоғалыпты, Бiлмедi сұрағанмен «Кiм алыпты?». Қанша сонда жиылған адамы көп, «Кiм алған екендiгiн қара», – дедi. Iшiнде құтышықтың лағыл, алтын, Және де фейрузы бар, көп болатын. Асыл тастар iшiнде тағы да бар, Қараңыз уәзiрiнiң әдiлетiн. Сандалып таба алмады жанның бәрi, Қанша сонда жиылған жас пен кәрi. Бiр-бiрлеп қағып-соғып сұрағанда, Арасынан шықпады алғандары. Патша ол соқырға әмiр еткен, Шақырып әкелуге кiсi кеткен. «Сiздi патша шақырады» деген шақта, Қасына халифаның келiп жеткен. Патша айтты: – Қасыма келгiл, – дедi, Сен өзiң хақтыққа жүргiл, – дедi. Бiр нәрсемiз жоғалды, бiз бiлмеймiз, Дана болсаң соны айтпай бiлгiл, – дедi. Ол соқыр жан-жағын қармалған, Бiр құрманың сүйегiн тауып алған. Патшаға сол жерде жауап бердi: – Нәрсенi бiлдiм мен, – деп, – ол жоғалған. Жоғалғаның құтышық болған екен, Iшiне лағыл, алтын толған екен. Үшiншiсi, iшiнде фейруз бар, Бәрi де бiр асылдан қылған екен. Патша айтты: – Ұрлап алған кiм-дүр, айтқыл? Соқыр айтты: – Ат қараушы алған екен. Патша жауап берiп алғанда оны, – Ол оны қандай жерге қойған екен? Соқыр айтты: – Ат қараушы алған едi, Құдыққа оны ұғырлап салған едi. Онан басқа һеш адам алғаны жоқ, Бiр залым қораңызда болған едi. Бұлайша патшаға айтты халiн, Жиғызды тамашаға жанның бәрiн. – Осыдан бұл құтышық шығар ма? – деп, Төккiздi құдықтағы судың бәрiн. Суларын төккiзедi әмiр етiп, Бiр құдықтың сулары қалды бiтiп. Iшiнен құтышықты тауып алып, Һәмма жандар қалдылар тамаша етiп. Патша айтты: – Шақырғанда қазiр келдiң, Табасың жоғалғанын тамам елдiң! Тап дедiм адам айтпай құтышықты, Мен тұрамын қайран қалып қайдан бiлдiң?! – Әй, тақсыр, батылменен таба алмадым, Сiз маған айтқан кезде алаңдадым. Қолыма бiр ишарат түсе ме деп, Отырып, жан-жағымды қармаладым. Қармалап, құрма сүйегiн алдым тауып, Сүйегiн құтышық деп қылдым жауап. Iшiнде мұның дәнi болғандықтан, Лағыл бар дегенiм сол көңiлiм ауып. Және де iнжуге ұқсар құрма түрi, Iнжу бар дегенiм сол, соған көре. Құрманың жапырағы фейрузге ұқсар, Фейруз деп оның үшiн айттым, сiрә. Жемiстiң кейi қызыл, кейi – сары, Көбiрек қызыл екен мұның бәрi. Қызылырақ болғанға лағыл дедiм, Осылайша болады ахуалдары. «Кiм алған?» – дедiң маған мойын бұрып, Сол уақытта ат кiсiнедi тыста тұрып. Соның үшiн ат қараған алған дедiм, Харамдық қылған екен Құдай ұрып. «Қайда қойған?» – дедiңiз алған шақта, Құдықтан су алды бiреу әлгi уақытта. Оның үшiн қиуға салған дедiм, Ғайыпты бiлмектiк жалғыз Хақта. Патша мұны көрiп қалды қайран, Бәрiнде ақылменен тапты қайдан?! Соқырға мың түрлi тахсин қылды, Тапты деп парасатпен бәрiн ойдан. Әй, патша, сiздiң де уәзiрлерiң, Өтiрiк һеш айтпайды зәрра бәрiң. Бәрi де достықпенен ақыл берер, Оның үшiн сөйледiм ахуалдарын. Өлтiрме шаһзаданы болар қасiрет, Соңынан шегiп жүрме сiз мехнат. Кеше-күндiз жанарсыз қайғы отына, Оның үшiн болады һәр ғаламат. Жер өбiп шаһзаданы тiледi ендi, Патша бұ күн тағы бередi ендi. Зынданда көндiрдi де аңда жүрiп, Кешке жақын үйiне келедi ендi. Отырды қатынымен тағам iшiп, Бiр пара мәслихат сөз сөйлесiп. Сөз ашты қатын залым шаһзададан: – Не болды бұ күн тағы ұғылың? – десiп. – Бұ күн және тiледi уәзiрлерiм, Олардың қия алмадым көңiлдерiн. Баланың басын кесем деп тұрғанда, Уәзiрдiң көңiлi үшiн болады арым. Қатын айтты: – Әй, патша, құдiретiңдi, Осы бала кетiрдi қадiрiңдi. Ақырында қалам деп өкiнiшке, Елге ашып көрсетпей өз бетiңдi. Патшасың һәрбiр елге даңқың кеткен, Түбiңе осы бала ақыр жеткен. Сөйлейiн бiр хикаят тағы сiзге: Бiр патша, екi қазы бұрын өткен. – Естиiн мұны да – дедi патша, Құлақ қойып сөзiне тұрды патша. Қатын сонда бастады әңгiменi, Не дегенiн тыңдауға келдi патша. Қатын айтты: – Қайсария шаһарында, Екi қазы бар екен дайым онда. Бiр-бiрiне дұшпандық етер едi, Патша құзырында болғанында. Бiр күнi патшаға бiрi келдi, – Менiм сөзiм тыңдаңыз, тақсыр, – дедi. Пәлен қазы ұғылыңа ғашық екен, Соны айтайын деп келдiм сiзге, – дедi. «Қолыма түссе, – дедi, – оңашада, Армансыз болар едiм дүнияда». Соның үшiн айтуға келiп едiм, Әй, тақсыр, көрмей қоймас бұл арада. Патша мұны естiп ашуланды, Ашуменен шыдамай оттай жанды. – Бұл екi қазымның бiреулерi Орнынан түссiн, – деп бұйрық салды. Мұны барып бiлдiрдi ол қазыға. – Қарсылық қылдыңыз ба патшаға? Орныңыздан түсiрдi бұ күн, – дедi, Кетесiң бұ шаһардан оңашаға. Орнынан бұ қазысы қалды түсiп, Тиыш жүрмей екi бидi шайтан қысып. Түспеген қазы мұны бiлдi дағы, Патшаға барайын деп сөз сөйлесiп. Алдына патшаның жетiп келдi, Иiлiп қол қусырып тағзым қылды. – Әй, тақсыр, маған дағы рұқсат бер, – деп, Патшадан өзiн-өзi тiледi ендi. – Әй, тақсыр, мен кетейiн өлмей тұрып, Дүнияның машақатын бiлмей тұрып. Басқа жерге мекен қып мен тұрайын, Сiзден бiр шүбһә сөз келмей тұрып. Патша айтты: – Кетесiң не нәрсеге? Көңiлiң қалды сенiң менен неге? Көргенiң шүбһәңдi бәрiн сөйле, Алар жаның ажалсыз өлер деме. – Әй, патша, мен естiдiм сiзден хабар, Бiз қазиды түсiргенсiз, неден болар? Осындай аманымда мен кетейiн, Оған болған бiр күнi маған болар. Ол қазы ғашық екен балаңызға, Ажалдан қорқуменен қаламыз ба? «Балама ғашықсың» деп түсiрдiңiз, Қарсылық сiзге жауап саламыз ба, Шаһзадаға ғашық екен ол бiр қазың. Мен де бұған ғашықпын, сөзге наның, Менi де бiр күн сондай түсiрерсiз. Қайда барсам құтылар менiм жаным? Заманда, жақсы тұрған кезiңiзде, Қата болса, кешiңiз сөзiмiздi. Менiм де бiр күн болар шүбһәмiз, Бiр мекенде тұрайын өзiмiзде. Патша айтты: – Жақсылар дос болады, Өтiрiк, ғайбат, өсек бос болады. Сенi мен басқа жерге жiбермеймiн, Көңiлiң не нәрсеменен хош болады? Қазы айтты: – Сiз қараңыз порымына, Ол қазының дiлла бер өз қолына. Менiм көңiлiм сонымен қош болады, Қазиды қазы етсең өз орнына. Падишаһ бұ қазиды құрмет күттi, Ол қазиды орнына қазы еттi. Дұшпан болған ол қазы дост болып, Достықтан құрметi асып кеттi. Әй, патша, бұ хикаят болды тамам, Бәрiмiздi жаратқан Жаппар ғалам. Надан достан ақылды дұшпан артық, Бұл ұғлан наданына қайран қалам. Бұл ұғлан себебiнен кайфiм кеттi, Хайласы қырық уәзiр асып бiттi. Мен едiм жалғыз досты бұ патшаның, Бетiне қарай алмай жүзiм кеттi. Өмiрiн мен тiлеймiн бұл патшаның, Бiлмеймiн уәзiрлердiң ахуалын. Бұдан басқа һешбiр сөз сөйлемедiм, Күйедi жалғанына шыбын жаным. Кем болар бұ баланың пайдалары, Асып тұр уәзiрлердiң хайлалары. Бұ келген падишаһыма бiр зор бәле, Тиiп тұр бұ басыма залалдары. Сөзiмдi һешбiр адам мақұл көрмес, Қатын деп сөздерiме туғры бiлмес. Өзiңдi өлтiрместен бұрын өлтiр, Кеудеңде бiр жаныңа аман бермес. Қатыннан мұны естiп ашуланды, – Ертеңмен өлтiрем, – деп айта салды. Бұ сөзге қарағанда иланам, – деп, Iшiнде сарайының ұйықтап қалды. Орнынан тұрды ерте қаһарланып, «Баланы алып кел!» деп тұрды бәрi. Бұйрығына патшаның амал бар ма?! Баланы жалладтар келедi алып. Жалладтар қаһарына келдi жетiп, Уәзiрлер баршасы құрмет етiп. – Әй, тақсыр, қатын тiлiн алмаңыз, – деп, Алдына патшаның тағзым күтiп. – Әй, патша, қатын тiлiн алмағайсыз, Ақырында өкiнiшке қалмағайсыз. Уәзiрлердiң сөздерiн жерге қойып, Шайтанға жолдас болып бармағайсыз. Әй, патша, бiр күн Мысыр патшасы, Бектерi – уәзiрлердiң тамашасы. Бiр күнi мәслихат қып отырғанда, Әңгiме айтқан екен хикаясы. Бiрiне патша айтты: – Жайың қалай? Қатында сұмдық болар талай-талай. Жақсы ма екен халалың, жаман ба екен? Көңiлiңде шүбһә бар ма, олай-бұлай? Ол кiсi айтты: – Әй, патша, менiм халiм, Қатыныма беремiн тапқан малым. «Қай шағыңда мен сенен не көрдiм?» – деп, Бiр өзiме бермейдi оның бәрiн. Патша айтты тағы да бiр кiсiсiн: – Қалай болар қатынмен сенiң iсiң? Жақсы ма екен халалыңыз жаман ба екен? Қатыныңмен жауыздық көремiсiң? – Әй, патша, мен айтайын сiзге тағы, Бұ пақырдың һәр күнде артық бақыты. «Сенен мен қашан опа көрiп ем?» – деп, Бетiмнен де алады қатын тағы. Бермейдi өз ақшамды өзiмiзге, Қарсы жауап бередi сөзiмiзге. Ертеңдi-кеш қылады жауыздығын, Жақсылық көрсетпейдi көзiмiзге. Һәрбiр уәзiр қатыннан мiндi тауып, Патша мұны көрiп қылды қауiп. – Жалғыз менiм ханым-ақ жаман ба? – деп, Сынап едiм бiр күнi көңiлiм ауып. О да осындай, маған да жауап берген, Һеш қатын жоқ ерлерiн жақсы көрген. Қатыннан қатын сыры артық емес, Дариға, ерлер малын босқа берген! Менiм дағы қатыным шикаят етер, О да маған бiр қатар ұрсып бiтер. Қатыннан разы болған һешбiреу жоқ, Ғарiп адам дүнияда арманда өтер. Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Қатыннан разылық жоқ көрер көзге. Пұрсатты жiберме қолыңыздан, Қатынның хайлаларын көрдiңiз бе? Әй, падиша, балаңызды һәлак етпе, Көресiз, ғалымдарды қорлап кетпе. Қатындардың тiлiне еремiн деп, Арманда өзiңiздi-өзiң тентiретпе. Рахатты мехнатқа ауыстырма, Екi шайтан бiр жерге таластырма. Өзiңiздiң дәулетiң қолдан кетер, Екi жақты бiр жерге алыстырма. Қатыннан разы болған һеш адам жоқ, Мұндай жауыз жаһанда көргенiм жоқ. Әзәзiлдiң сөзiне еремiн деп, Басыңнан жұда болар дүния боқ. Бұлайша уәзiрiнен сөз естiдi, Баласына тағы да рахмат еттi. Баласын зынданына салды дағы, Далаға ермек үшiн аңға кеттi. Және келдi үйiне ақшам болып, Отырды сарайына тағы келiп. Қатын менен екеуi тағамдарын, Асадылар сол халде тамам болып. Қатын тағы ұғланнан хабар сұрды, Падишаһ тағы айтады оған сырды. – Бұ күн тағы ұғылыңыз не болды? – деп, Сөз сұрап патшаға мойын бұрды. Патша айтты: – Бiр уәзiрiм ғұзыр еттi, Ұғланды және тiлеп зарлық еттi. Алдымда зарлық сөзiн көрген халде, Сүйегiмнен сөздерi өтiп кеттi. Уәзiрге тiлегенде бердiм, – дедi, Көз жасын оның қабыл көрдiм, – дедi. Сөзiн жерге қоя алмай уәзiрлердiң, Аң аулап кешке дейiн келдiм, – дедi. Қатын айтты: – Ұғылыңның махаббаты Болмас өз басыңа қасiретi. Сөздерiн уәзiрлердiң аламын деп, Қолыңнан әлi кетер бұ дәулетi. Шығарғыл көңiлiңнен мехнатын, Алланың ойласаңшы рахматын. Дүния ақырет дәулетi келер саған, Фазылдың қыла қалсаң хикаятын. Падишаһ: – Естиiн оны, – дедi, Ғарiптiң аман қалды жаны, – дедi. Фазылдың хикаяты не деген сөз? Сөйлешi естиiн, кәнi, – дедi. Қатын айтты: – Фазыл тамашасын, Бiр күнi алдына алған бiр баласын. Атасы бұ балаға қарап едi, Сөйлесiн тiзесiнде таң қаласың. Баласына мейiрi келiп күйдi, – дедi, Баласын алдына алып сүйдi, – дедi. Бетiне атасының бала қарап, Бiр сөзi көңiлiне тидi, – дедi. – Әй, ата, менi сүйме, сүй Алланы, Әлi бiр күн өледi адам жаны. Фазыл айтты: – Әй, ұғылым, сүйем, – дедi, «Алланы сүймейсiң», – деп күйдi тәнi. – Алланы сүйемiн, ұғылым, – дедi, Алланың мен – бiр ғарiп құлы, – дедi. Бала айтты: – Екi махаббат жарамайды, Бiреуiн дүнияда қылың, – дедi. Фазыл айтты: – Алладан келген хабар, Осы жауап Алладан келген болар. Тiзесiнен баланы түсiрдi де, Ол екi махаббаттың бiрiн қылар. Алланы сүймек үшiн ниет қылды, Баладан үмiт үзiп жерге қойды. Алланың махаббатын көңiлiне алып, Ғибадат күнi-түнi қылар болды. Аллаға ғибадат қылды бұ кемеңгер, Жалмайды жанның бәрiн сұм қара жер. Фазылдың ендi атын атағанда, Фазыл рахмат Алла алейһи дер. Ұғланның қош көрмедi махаббатын, Күнi-түнi шегедi қасiретiн. Ақыреттiң жарағын қылмақ үшiн, Тартады бұ жаһанның мехнатын. Әй, патша, бұ хикаят дедiм сiзге, Ол бала жауап берген көрер көзге. Бұ баланы өлтiрiп құтылмасаң, Ақырда залал болар бәрiмiзге. Харамзада ұғланды һәлак етiң, Алланың көрем десең рахматын. Уәзiрлердiң тiлiне ере берсең, Көресiң дүнияның ғаламатын. Падишаһ осылайша сөз естiдi, Қатынның бұ сөздерiн қабыл еттi. «Ертең мен оны өлтiрем» деп, Өзiнiң сарайында ұйықтап кеттi. Ерте тұрып тағы да мiндi тақытқа, Құдай-а, шаһзаданы өзiң сақта. Уәзiрлерi тiледi жетiп келiп, Падишаһ қаһарланып тұрған шақта. Уәзiрлер өз қасына жиылғанда, Бәрi де ұғлан үшiн қиылғанда, Отыз үшiншi уәзiрi жетiп келдi. Жалладқа: «Басын кес!» – деп бұйырғанда. Уәзiр айтты: – Әй, падишаһ, осы бала, Шешесi бекерге салды жала. Баршасы уәзiрлердiң тiлек еттi, Һешкiмнiң жаны ашымас бұған бола. Өкiнiшке қаларсыз ақырында, Арманда өлiп кетер бұ күн мұнда. Менiм үшiн, әй, тақсыр, бергiл мұны, Армансыз кiм өтедi бұ жалғанда? Мұратың тыймақ болса мұны, әгар. Неше күн қинағаның жетер болар?! Қатын сөзiн разы қыламын деп, Арманда ақырында қайғы болар. Көп ерлер арманда өткен қатын үшiн, Қатынды тыйып алшы, келсе күшiң! Бұ күн маған ғапу қыл бұл баланы, Ғұмырын дәл бұ күнше беремiсiң? Әй, патша, мен сөйлейiн әңгiменi, Адамға дос демеңiз дүнияны. Өлтiрме шаһзаданы дүнияда, Әгар да құрметтесең, сiрә, менi. Бiлесiз бұ қатынның ғаламатын, Тастама уәзiрiңiз өсиетiн. Падишаһ, мен айтайын тағы сiзге, Бұрынғы бiр жiгiттiң хикаятын. Уәзiр айтты: – Бiр жiгiт бұрын өткен, Бiр қатын сұлулығы асып кеткен. «Дүнияда мұндай сұлу жоқ» дегендi, Бұл жiгiт естидi болған кептен. Қатынға жiгiт ғашық жүзiн көрмей, Жөнелдi iздемекке күндiз-түндей. Неше заман жол жүрiп келе жатыр, Сонда да бұ қатыннан хабар бiлмей. Келе жатса, көп адам егiн еккен, Бұл егiн кәмiл болып өсiп жеткен. Әбден өскен жерiнде отқа өртейдi, Күл болып, жанып қалар бидай бiткен. Бұ жiгiт мұнан өттi ғажаптанып, Бұлайша болуына қайран қалып. Анан өтiп тағы да келе жатса, Бiр адам тас көтерер қайраттанып. Бiр тасты көтермедi есi кетiп, Екеу қылып көтердi қайрат бiтiп. Үш тасты бiр көтерiп алып кеттi, Тағы да жiгiт тұрды тамаша етiп. Бiр тасты көтере алмай тұрып едi, Екеуге көңiлi аз болып едi. Бек тамаша ғажапқа қалды жiгiт, Үш тасты бiр көтерiп жүрiп едi. Ол жiгiт тамаша етiп мұнан өттi, Қойға мiнген бiреуге келiп жеттi. Бiр кiсi мiнгенiнде көтере алмай, Үш кiсi бiр өзiне мiнiп кеттi. Бұған және тамаша қылды жiгiт, Көңiлi ол қатыннан болады үмiт. Қатынның келiп кiрдi шаһарына, Құдай-а, һәр пендеге мархабат деп. Шаһардың келiп жүрдi ортасына, Қатынның қандайлығын байқасын да. Жүре-жүре тағы да келiп тұрды, Бiр шалдың тамашалы қақпасына. Бұ жiгiт қайран қалып таң болып жүр, Шаһардың һәр көшесiн аралап жүр. Үйiне кiрейiн деп келе жатса, Алдында есiгiнiң бiр шал отыр. Шал айтты: – Сен өзiң кiмсiң? – дедi, Не iздеп бұ шаһарда жүрсiң? – дедi. Мұнда не хал, келгенiң себебi не? Не нәрсеге мұқтаж боп тұрсың? – дедi. Жiгiт айтты: – Шаһарыңда бiр қатын бар, Сол қатынды көрмекке ажарым тар. Сұлу дедi, атағын мен естiдiм, Мен болдым алайын деп бек ынтызар. Шал айтты: – Мен тұрмын баяндатып, Алдыма келiп тұрсың жауап қатып. Қарайып ғажайыптан тағы өзiңiз, Нендейiн нәрсе көрдiңiз келе жатып? – Мен көрдiм келе жатып жолда, – дедi, Егiн еккен адамдар онда, – дедi. Бiрқатар өскен кезде от салады, Алланың хикметi сонда, – дедi. Екiншi, және көрдiм тас көтерген, Алып һәрбiр тастарды бiр көтерген. Бiр тасты көтере алмай тұрып едi, Үш тасты көтергенде тез жүгiрген. Айтады таңғажайып көргендерiн, Бiр қойға үш кiсiнiң мiнгендерiн. Және тағы мiнем деп ұмтылғанда, Мiне алмай үстiне жүргендерiн. Қарт айтты: – Не екенiн бiлдiңiз бе? Қасына ғажап үшiн келдiңiз бе? Ол жақтан бұл жаққа келiп тұрсың, Фаһим деп оны және жүрдiңiз бе? Жiгiт айтты: – Мен жақын келгенiм жоқ, Қасына тамаша үшiн жүргенiм жоқ. Оны маған мағлұм қылып айтпасаңыз, Нендей нәрсе екенiн бiлгенiм жоқ? – Бiлмесең оның жайы болар, – дедi, Егiн еккен мақтаншақ олар, – дедi. «Мен қандай тәуап қылдым Аллаға» деп, Амалдарын рияланып қылар, – дедi. Қойға мiнген Алланың дүниясы, Ауырлығы ол тастай көп күнәһiсi. Мал бiтсе, кей адамға ниетi жоқ, Осындай бiлмесеңiз тамашасы. Дүния ғой мысалда көрiнгенi, Бай адамдар көңiлi мiнгендерi. Пақырлар ол қойға мiне алмаған, Нашарлықтан жете алмай жүргендерi. Бiр тасты көтере алмаған себебiнде, Ауырлар бiр күнәнi қылса пенде. Қылдым деп бiр күнәһiнi көтере алмас, Ол бiр тас сол адамның мысалында. Жiгiт мұны естiп тахсин еттi, Қарияның сөздерiн тамаша еттi. Осылайша баянын бiлем өзiм, Хақ Тағала жаратқан хикметтi. Жiгiт айтты: – Ол қатынды көрдiңiз бе? Сөзiме тамаша қып жүрдiңiз бе? Менiм келген жұмысым осы сiзден, Сол қатынның мақамын бiлдiңiз бе? Ол шал бұған қарап айтты, – дедi, Ниетiн бұ жiгiттiң таратты, – дедi. – Бұ шақты ғибратты қылмайсың, – деп, Жiгiттiң жаңғағына шапты, – дедi. Алмаған ақыл айтқан шалдың сөзiн, Күнәһқа бара жатқан көрдi кезiн. Ол жiгiт һошсыз болып көзiн ашса, Iшiнде жаһаннамның көредi өзiн. Әй, падишаһ, бұ хикаят қыласың сен, Өзiңiз һәр нәрсенi бiлесiң сен. Неше кiсi қатын үшiн күнәһ тапқан? Жауыздың тiлiн мақұл көресiң сен. Ол жiгiт бұ ажалдан пәре болды, Көңiлi залымдардың ала болды. Әй, падиша, көп адамдар бiр Аллаға, Жүздерi қатын үшiн қара болды. Әй, патша, қатын тiлiн алма, – дедi, Өлiмге шаһзаданы салма, – дедi. Қапыда, тексермей өлтiрем деп, Ақырында қайғыға қалма, – дедi. Уәзiрi тiлеп алды әңгiме айтып, Зынданда шаһзада қалды жатып. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Өзiнiң сарайына келдi қайтып. Қатынменен отырды тағамды жеп, Қатын тағы бастап әңгiме-кеп. Патшадан отырып жауап ашты: – Ұғылыңыз бұ күн және не болды? – деп. – Аң аулап мен далаға бардым, – дедi, Сөзiңе неше күндей нандым, – дедi. Пәленше уәзiрiм тiлеген соң, Зынданға оның үшiн салдым, – дедi. Қатын айтты: – Әй, патша, бiр Аллаға, Бұл бала көп тұрмасын дүнияға. Уәзiрлердiң сөзiне инанбаңыз, Кесапаты тиедi ата-анаға. Бар едi бұған ұқсас бiр хикаят, Уәзiрлердiң сөздерi бар ғаламат. Достығым болғанға ақылым көп, Оның үшiн көрмеңiз көп мехнат. Айтайын бiр хикаят бұған ұқсас, Өзiңiз заманыңда әдiлiң шаш. Уәзiрдiң тiлiменен жолдас болма, Шайтанға жақын келмей, күн бұрын қаш. Патша: – Естиiн оны, – дедi, Ғарiптiң қалар ма екен жаны? – дедi. Қатын және айтады әңгiмесiн: – Патша, өлтiрме менi, – дедi. Қатын айтты: – Бiр заманда бiр адамның, Бiр жауыз ұғылы болған оның. Һәр заманда уанбай жылар екен, Анасының тынышын алып бейшараның. Анасы уатады жылай берсе, Жiгiт байыр көз жасын Тәңiрiм көрсе. «Аз бердiң» деп баласы жылар едi, Анасы һәр уақытта тағам берсе. Бiр күнi зор қазанға ас пiсiрген, Атасы бұ баланы алдына алған. Көп қылып тағам берсе, теуiп төктi, Анасы мұны көрiп ашуланған. – Бiздерге жақсы бала Құдай берсiн, Тамаққа ие болмай, нағып жүрсiң?! Аз тағамды аз дейсiң, көптi төгiп, Бүйткенше тамағыңа пышақ кiрсiн! Төгiлген қолындағы табақты алып, Анасы бұлай деген ашуланып. Баласы жер бауырлап жылай бердi, Екеуi және отырды қапаланып. Құдай-а, бiз пендеңе бердiң мал, – деп, Түстi ғой басымызға мұндай хал, – деп. Жылатып тынышымды алып қойғанынша, Дүнияда бұл баланың жанын ал, – деп. Әй, падиша, өлтiрмесең бұл баланы, Өзiңiзге салады бiр пәленi. Һеш адам мұнан пәле көрмей қалмас, Мекен қылып тұрса да айдаланы. Қатыннан падиша естiп хикаятты, «Ертең өлтiрем» деп ұйықтап жатты. Қатын бұған шаттанып тағы қалды, Сабах садық сарғайып таң да атты. Құрулы падишаһтың алтын тағы, Баланы өлтiрмекте бұ күн тағы. Қатынның тiлiменен қылмақшы едi, Жеңiп жүр шаһзада артық бағы. Тақытына мiнгеннен соң, әмiр еттi: – Баланы бұ күн тағы келтiр, – дептi. Бұ күнгi әдiлдiгiм заһир болсын, Жалладтар, басын кесiп өлтiр, – дептi. Жалладтар бұ баланы келедi алып, Өлтiрмекшi қылышпен даярланып. – Әй, тақсыр, қатын сөзi бiр пәле, – деп, Отыз төртiншi уәзiрi келдi налып. Уәзiр айтты: – Әй, патша, сiз – бiр қойшы, Қатынның жалған айтқан сөзiн қойшы. Азғыратын шайтанға бойың бермей, Уәзiрдiң ақылымен басын жойшы. Сiз – қойшы, қой секiлдi көп халықтар, Қиямет, махшар күнде хисап болар. Не деп жауап бересiз бiр Аллаға?! Қойлардың хисаптарын сiзден алар. Шаһзада – алдыңда байланған қой, Бiр күнi қиямет күн болады ғой. Қатынның тiлiменен өлтiрсеңiз, Тәңiрiм сiзге азап қылады ғой. Көп болған қатындардың жауыздығы, Жаманнан кем болады жақсылығы. Өзiнiң баласына жала қылып, Көп болар қатындардың надандығы. Баласыз һәрбiрiнiң ғаламатын, Һарамзада бiлесiз мұның затын. Падиша, естiгенiң жоқ екен ғой, Ғұжым менен бiр қатын хикаятын. Падишаһ: – Естиiн сөйлесеңiз, Бiздерден бұ баланы тiлесеңiз. Оның мағынасы нешiк екен? Қатын тiлiн алады демесеңiз. Уәзiр айтты: – Ғұжымның диарында, Бiр саудагер әдiлдi болған онда. Малының көптiгiн өзi бiлмес, Һәрқашан хисабына қарағанда. Үйiне бiр мүсәпiр қонақ болды, Алдына түрлi-түрлi тағам толды. Бiр итпенен бiр қатын iштi тағам, Мұны көрiп ол адам қайран болды. Мүсәпiр мұны көрiп кеңеседi, Саудагер байменен көп сөйлеседi. – Бiр аяқтан итпен қатын ас iштi, Мәнiсi мұның қалай бұл? – деседi. Саудагер: – Мен айтайын халiм, – дедi, Көп едi бұған берген малым, – дедi. Бұған бiр күн көрдiм де ғашық едiм, Айтпадым ахуалым бәрiн, – дедi. Күң қылып бұ қатынды сатып алдым, Ғашықтықтан мен оған құмарландым. Маған көңiл бермедi ғашық болып, Бiр құлмен қосылғанын бiлiп алдым. Барша малым қолында болған оның, Һәрқашан ғашығына күйедi жаным. Өзiме қатын етiп бiрнеше күн, Бiрқатар малды берiп мен алғаным. Және бiр құлым бар едi сатып алған, Екеуi бiр-бiрiне көңiлiн салған. Екеуi менi бiр күн өлтiрмекшi, Басымнан жұда болмақ осы жалған. Бiр күнi қатын айтты маған келiп: – Бiр жерге барайық деп зауық қылып. Мен бiлмеймiн екеуi көңiл қосып, Уағда өлтiрмекте бiрге болып. Бiр жерге қатынменен келдiк бiрге, Менен бұрын құл келген осы жерге. Қатын мазақ еткен боп қалжыңдасып, Ұят жерiмдi ұстады бiздей ерге. Ұстаған әуретiмдi жiбермейдi, Мұны бiлiп құл залым бөгелмейдi. Ұят жерiме жабысып тұрғанында, Сол жерде құл мен қатын екеулейдi. Таса жерден өз құлым келдi маған, Мен сырымды айтайын ендi саған. «Сенi өлтiрiп, қатынымды аламын» деп, Үстiме алып соғып қармалаған. Бар едi бiр төбетiм қасыма ерген, Һәрқашан мен оған да нанды берген. Нан жеген соң ол дәндеп қалмаушы едi, Қайда барсам өзiммен бiрге жүрген. Қара төбет тiсiмен алды тартып, Ұят жерiмдi жiбермес қатын жатып. Қара құлды үстiмнен алған кезде, Мен де орнымнан тұрдым ғой қаһарланып. Қолыма қаһарланып қылыш алдым, Ол құлды қылышпенен екi жардым. Қатынға ғашықтықтан өлтiрместен, Мехнатқа салмаққа қайғыландым. Ол құлды өлтiрдiм қылғанға қас, Бұ қатынға ғашық боп салдым ықылас. Қатынға иттi қосып бiр аяқтан Қорлау үшiн бiр жерден беремiн ас. Әй, қонағым, осылай менiм жайым, Бұл сырды сiзден аяп не қылайын. Екеуiн де қорлап мен беремiн, Һәркiмге тауфиқ берсiн бар Құдайым. Әй, патша, инанбаңыз үш нәрсеге, Қас болар өлмей тұрып қатын ерге. Қылыш пенен және атқа һеш сенiм жоқ, Неше түрге түсесiң кiрмей көрге. Бұ күнде шаһзаданы һәлак етпе, Уәзiрлердiң сөздерiн тастап кетпе. Неше кiсi осылай ғапыл болған, Қатынның дүнияда сөзiн күтпе. Патша ұнатады «жарайды» деп, Уәзiрлер сөйлеген соң әңгiме-кеп. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Отырды қатынның қасына кеп. Отырып қатынменен iштi тағам, Тағамнан соң шығарды хасыл кәлам. – Пәленше уәзiрiм кеп ғұзыр еттi, Зынданда тағы бiр күн қалды балам. Қатын айтты: – Мен – саған боламын дос, Уәзiрлердiң бiлмейсiң сөздерi бос. Хайла-мәкiр айтқанын қабыл етiп, Инанып шын көңiлден боласың қош. Менде жоқ ойымда һеш қиянат, Уәзiрлердiң ойында бар ғаламат. Рұқсат болса, әй, патша, мен айтайын, Бұған лайық бар едi бiр хикаят. Қатын айтты: – Бұ жаһан әлi кеткен, Бiр шаһарда бiр әдiл падиша өткен. Аң аулап һәрқашанда жүредi екен, Құс салып, далада ит жүгiрткен. Бар екен қаршығасы құсқа салған, Екi-екiден күнiнде құстар алған. Көрген жан осынан да қайран қалып, Қасына жолдас болып бiрге барған. Ол жұртта бiр бегi бар, Әмiр Сарұм, Естiдi өнерiнiң мұның бәрiн. «Өз көзiменен бiрге жүрiп қарайын» деп, Бiлмекке келдi бiр күн ахуалдарын. Патшаға Әмiр Сарұм келдi жетiп, Көрем деп қаршығаны тамаша етiп. Ертеңмен жолдас болып бiр жүредi, Падишаһ ғиззат-құрмет мұны күтiп. Патша қаршығаны құсқа салды, Екi-екiден келгенiн ұстап алды. Бiрнеше құстарды ап келдiлер, Әмiр Сарұм көргенде қайран қалды. Патша айтты: – Бұ құсты бердiм саған, Әдейi көрмекке келсең маған Күнiнде екi құсты тұтар осы, Не қылсаң разы бол ендi бұған. Әмiр Сарұм мұнысын қабыл еттi, Шаттанып ойланып тұрды, – дептi. Төмен қарап бiразырақ падишаһқа, Андан кейiн падишаһқа жауап еттi. – Әй, падишаһ, бар едi он екi ұғылым, Және тағы бар едi мың сан құлым. Мұның бәрiн һадийа үшiн бердiм сiзге, Қаршығаға беретiн осы пұлым. Падишаһ айтты: – Әуелде құсты тұтты, Дүнияда тамашалы өнер еттi. Мың құлымен он екi ұғылы тағы алады, Бұл кезде мұның құны асып кеттi. Падишаһ неше түлiк берген малын, Әмiр Сарұм осындай көрдi халiн. Жақсылыққа жақсылық қылсаң керек, Осындай көргенiнде ахуалын. Бұ баланы қылмаңыз саламаттық, Әлi бiр күн салады ғаламаттық. Күзетiп пұрсатты уәзiрлер тұр, Ұғланға берейiн деп сиясаттық. Падишаһ қатын сөзiн қабыл еттi, Өтiрiк демей тағы да сөзiн күттi. «Ертеңмен мен оны өлтiрем» деп, Өзiнiң сарайында ұйықтап кеттi. Орнынан ерте тұрып тақытқа мiндi, Жалладқа: – Алып кел! – деп әмiр еттi. Уәзiрлер ғұзыр қылып тiлемекке, Баланы тағы алдына алып келдi. Патша тақытында отыр қаһар етiп, Баланы алып жалладтар келдi жетiп. Отыз бесiншi уәзiрi жетiп келiп, Тiледi шаһзаданы ғұзыр етiп. Падишаһ айтты: – Есiтпейiн мына сөзiң, Кiсiге кеңес бермей тек тұр өзiң. Уәзiр айтты: – Оқиын бiр Құранды, Сiздерге айтатұғын осы кезiм. Оқимын сiзге Құран мағынадан, Табылмас, ойласаң да көп күнәһтан. Есiтпеген адамға бiр зор қата, Дүнияда надандар ондай адам. Падишаһ айтты: – Астағфиралла, тәубә қылдым, Не айтсаң да сөзiңе құлақ қойдым. Уәзiр айтты: – Хақ Тағала бұл Құранда, Бiр аят мен айтайын тамам қылдым. Қул ин кунтум тухиббуна Аллаһа фатта Алла уа иағфир лакум зу нубакум уа Алла биғуниу иухбибкум ғафур рахим. Әй, патша, Хақ Тағала бұл айтты, Бұйырып хақ Расул бiздерге айтты. Көктен жерге енбегiне себеп осы, Мұнафиқтар айтыпты ғаламатты. Айтады: – Пайғамбарым Расул, – дедi, Сiзде бар нұр, иман, нәсiл, – дедi. Сенi бiздер сүйемiз, Пайғамбар, – деп, Хақ досты, сiз болдыңыз асыл, – дедi. Инанып осылайша айтар едi, Көңiлiн Ислам дiннен тартар едi. Мұхаммедтiң көзi жоқта «сиқыршы» деп, Бәрi де кәпiрлiкке қайтар едi. Сол сағатта Хақ Тағала бұйырыпты: – Иә, Мұхаммед Расул, достым, – дептi. Пайғамбар Хақ, бiр Алла бар-дүр, – деп, Исламға көндiрiңiз оны – дептi. Пайғамбар: – Ғафур рахым Алла деген, Бекерге күнәһiлi боп қалма деген. Инаныңыз Аллаға бiр екен деп, Өзiңдi мехнатқа салма деген. Әй, патша, бiр Алланы бiр деп бiлген, Үмбет боп Мұхаммедтiң қасына ерген. Бұл аят мағынасы осы болар, Һеш адам қор болмайды қабыл көрген. Пайғамбар өтiп кеткен дүниясынан, Жәбiрейiл елшi болған арасынан. Әй, патша, бiр хадистi мен айтайын, Дүнияда қатындардың турасынан. Болмаңыз қор, күнәһiлi босқа деген, Қалдырдым һәр кiтапта насихат деген. Һунна нақисат ал-ақыл уа ад-дин, «Шашы ұзын, ақылы болар қысқа» деген. Дүнияда iзгi болып, дiнiңдi күт, Және тағам iшсеңiз, халалдан жұт. Шауируһунна уа халифу хунна деген, Қатынмен кеңес, тағы хилафын тұт. Қатынның естiгейсiз әңгiмесiн, Жөн айтты деп аласыз оның несiн. Қыл дегенiн терiс көрiп былай қойып, Қылма деген нәрсесiн қыл болса есiң. Ұғланның бiз бiлемiз артық затын, Көңiлге ойлағанда кифаятын. Падишаһ рұқсат берiп, айт десеңiз, Бұған ұқсас бар едi хикаятым. Падишаһ: – Естиiн оны, – дедi, Ғарiптiң саламатта жаны, – дедi. Ол қандай ғажап екен есiтпеген? Сөйлеңiз алдыма кеп, кәнi, – дедi. Уәзiр айтты: – Бiр кiсi үйге шыққан, Төбенiң биiгiнен жерге баққан. Төбеден мен қалайша түсемiн? – деп, Жердегi қатынына жауап қатқан. Қатын айтты: – Көрсетшi қайратты iс, Сенде бар бойыңда қуат пен күш. Ерлiк қылып, әгар да тiлесеңiз, Биiк емес бұл жерден секiрiп түс. Әлгi жiгiт қатын сөзiн қабыл алған, «Биiк емес екен» деп бiр ойланған. Қатынның сөзiменен секiрем деп, Жерге түсiп аяғы сынып қалған. Қатын деген көрсетер мехнатты, Өз бойынан жiбермес захматты. Қатынның тiлiменен секiрем деп, Жазылмай аяғынан бiр жыл жатты. Бiр жылда зорға тұрды тәуiр болып, Көңiлiне зағыпырандай қайғы толып. Жүре түсiп аяғы оңалмады, Әлгi сиххат болған бөтен болып. Екiншi жыл төбеге тағы шықты, Құданың құдiретi болған мықты. Төбеден тағы түсем деп тұрғанда, Үйiнен қатыны қарсы шықты. – Қалайша түсемiн? – деп жауап бердi, Қатыны үйден шығып мұны көрдi. – Секiрсеңiз аяғың сынады, – деп, Қатыны: – Байқап түс, – деп аяп жүрдi. Аяғың түзелмеген әлi, – дедi, Осы күнде нашар-дүр халi, – дедi. Ол жiгiт: – Ихтилаф мен қылайын, Көңiлiмде разы қылман оны, – дедi. Сенiң сөзiң маған да әсер еттi, Мұхаммед пайғамбардың сөзiн тұтты. Секiрiп түскенiнде тағы жерге, Аяғы бұрынғыдай түзелiп бiттi. Дәрхал сонда аяғы түзелiптi, Қатын шiркiн дұшпандыққа кезiнiптi. Әй, падишаһ, менiм үшiн баланы бер? Қызыл тiлiм алдыңда безiнiптi. Уәзiрi осылайша бiлдiредi, Тағына патшаны мiндiредi. Бұл хикаят көңiлге бiр қош болып, Баланы зынданына көндiредi. Ол күнi аңға кеттi даласына, Көңiлi әлi сүйiнiптi баласына. Күнiнде өлтiремiн десе дағы, Уәзiрлер ақыл айтар арасына. Бiр-бiрден һәр күнiнде әңгiме айтып, Қатыннан һәркiм жүрер қапа тартып. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Өзiнiң мақамына келдi қайтып. Қатынмен тағам iшiп бiрге отырды, Аң аулап келгенiмен не бiтiрдi? – Бұ күн және ұғылыңыз не болды? – деп, Қатын тағы баладан сөз келтiрдi. Падишаһ хабар бердi мағлұм етiп, Қатынның хайлаланған сөзiн күтiп. – Бұ күн тағы зынданға салдым, – дедi, Бiр уәзiрiм тiледi ғұзыр етiп. Қатын айтты: – Не үшiн өлтiрмедiң? Хүкiмiңдi жерiне келтiрмедiң? Күнiнде уәзiрлерге ере бермей, Жұмысын бүгiн неге бiтiрмедiң? Бұ дәурен қалпында, тiптi, тұрмас, Ажалға серiк болып мойын бұрмас. Сөзiне уәзiрлердiң еремiн деп, Қастығын осы бала қылмай қалмас. Көресiң әлi бiр күн захматын, Уәзiрдiң бiле алмай ғаламатын. Падишаһ есiтпедiң мен айтайын, Бiр падишаһ пен баланың хикаятын. Қатын айтты: – Бiр падишаһтың жүзi көркем, Оның бiр жалғыз ұғылы болған екен. Бiр күнi мектепке бердi мұны, Молда сабақ оқып жүрген екен. Ұғланның жұрт тамаша бiлгенiне, Сабағын өзi бiлiп жүргенiне. Өзi зерек, данышпан болды бала, Қуанар ұстазы ерте келгенiне. Бiр күнi тыңдатады ол баланы, Сабаққа бiрде тiлi келе алмады. Қайтадан тәкрар қылды арт сабағын, Болғанын не хикмет бiле алмады. Мұнымен бала жүрдi екi-үш күндей, Қайран болды мәнiсiн адам бiлмей. Атасына молдасы мағлұм еттi: – Бұрын ол оқушы едi һеш бөгелмей. Атасы баласынан хабар сұрды: – Әй, балам, айтшы, – дедi, – маған сырды? – Әй, ата, мен халiмдi айтайын, – деп, Еркелеп бұл баласы мойын бұрды. – Әй, ата, мен базарға жүрдiм, – дедi, Асылған көп сурет көрдiм, – дедi. Уатып бiр таяқпен ұрсам, – деп, Көңiлiме бекiтiп мен бiлдiм, – дедi. Көңiлiме келдi сонда осы нәрсе, «Сындыр», – деп алдыма алып маған берсе. Һәрқашанда уату ойлағаным, Соларды сындырғаным көзiм көрсе. Атасы бiр қызметшi қосып бердi, Алдына молдасының алып келдi. Баланың қолына бiр таяқ берiп, Үшеуiн бiр кебiтке жөнелдiрдi. – Ол бала тiлегенiн қылсын, – дедi, Уатып қандилдердi жүрсiн, – дедi. Иесiне хақысын бергеннен соң, Баланың көңiлi бiтiп келсiн, – дедi. Молдасы бұл баланы алып келдi, Иесiне қандилдiң хақын бердi. Қолындағы таяқпен жалғыз салып, Көңiлi тыныштанып қайтып келдi. Келiп сабақ оқыды ұғлан бала, Андан соң тiлiн ашты Хақ Тағала. Һәрқашан молдасынан сабақ алып, Көңiлiнен тазаланып кеттi бала. Көңiлiнен ойлағаны кеттi, – дедi, Бұл хисаптың баршасы өттi, – дедi. Әй, патша, бұл хикаят оның үшiн, Осылайша кеңесiм бiттi, – дедi. Һәркiмнiң ойлағаны болмас, – дедi, Ойлағанды қылмайын қалмас, – дедi. Бұ ұғлан ойлағаны бұзықтық-дүр, Оны бiр күн қылмай да тұрмас, – дедi. Әй, патша, бұл ұғланды өлтiрмесең, Жұмысын бұл уақытта бiтiрмесең. Сiзде сондай бiр күн де армандасыз, Бұл шақта туғры қаза келтiрмесең. Патша қатын сөзiн қабыл еттi, Өзiнiң сарайында ұйықтап кеттi. Ерте тұрып тақытына мiндi дағы, Жалладқа: – Алып кел! – деп әмiр еттi. Жалладтар алып келдi бұл баланы, Ғарiптiң қалар ма екен шыбын жаны? Отыз алтыншы уәзiрi жетiп келiп, Ғұзыр қылып тiлемекке тағы да оны. Уәзiр айтты: – Әй, патша, нетпек керек? Сөздерiн уәзiрлердiң күтпек керек. Қатынның сөздерiн қабыл алмай, Әлбетте, бұған сабыр етпек керек. Көп болар қатындардың хайлалары, Құтылмаған Алланың жарандары. Кiсi сөзiн, әй, тақсыр, қабыл етпең, Өз көңiлiнде болмай ма пайдалары. Дүнияға келгендер жөн болатын, Тастама уәзiрлердiң өсиетiн. Есiтпеген екесiз, әй, падишаһ, Бiр саудагер жiгiттiң хикаятын. Падишаһ: – Естиiн, әлде нешiк? Алладай бiр қазасыз болса нәсiп. Бiлiнбей шүбһәсi осы маған, Сiздер жүрсiз баланы халал десiп. Уәзiр айтты: – Iлгергi заман өткен, Бiр дәруiш мүсәпiр болып өткен. Бiр ауылға кеш қонды ертесi күн, Оларға көп насихат берiп кеткен. Дәруiшке олар айтты: – Ақылым мол, Оң жақта ұғырлар болады жол. Сол жақтағы жолменен жүргейсiз сiз, Менiм саған айтатын кеңесiм сол. Дәруiш ұғыры жаққа жүре бердi, «Ұғыры не нәрсемдi алар? – дедi. Өзiм бiр мүсәпiрмiн, немдi алады, Алары менен басқа болар», – дедi. Осыны айтып дәруiш жүре бердi, Екiншi мезгiлiнде онда болды. Көзiне үлкен сарай көрiнедi, Iшiне есiк ашып барып кiрдi. Есiк ашып iшiне кiрдi сонда, Түн жартысы болғанша тұрды онда. Қараңғы түн болғанша онда тұрып, Сол халде бiр дәруiш болды пайда. Дәруiш қорқып андан тұра келдi, Аттан қалған пiшенге жасырынды. Дәруiш қарап тұрса бұғып жатып, Қырық ұғыры есiк ашып үйге кiрдi. Дәруiш шөп астынан қарап тұрған, Бiреудiң қол-аяғын байлап қойған. Мойнына арқан тағып алып келген, Басына әлдеқандай заман болған. Қырық кiсi шам жағып жарық қылды, Ақтарып һәрбiр жердi қарап жүрдi. «Күндiз бiреу келмесiн сарайға», – деп, Iш-тысын бұл сарайдың қарады ендi. Дәруiштi таба алмады қарап жүрiп, Қарады шөп астынан мойын бұрып. Қырқының бәрi ұйықтап қалғанында, Дәруiш орнынан келдi тұрып. Ұғыры тағам iшiп ұйықтап қалған, Дәруiш бұларға көзiн салған. Қол-аяғы байлаулы жiгiт ояу, Қасына тезiректен жетiп барған. Сұрайды хал-ахуалын қасына кеп, Байлаулы жiгiт жатыр уайым жеп. – Қол-аяғың байлаулы халiң нешiк? Сұрайды: – Қалайша едi асылы? – деп. – Сұрарға уақыт жоқ оның, – дедi, Қол-аяғым шешiңiз менiм, – дедi. Айтарға уақытым бегiрек тар ғой, Бұ халде мехнатта халiм, – дедi. Жiгiттiң қол-аяғын шеше бердi, Орнынан саламат боп тұра келдi. Қолына бiр қанжарды алды дағы, Һәммасын ұғырының қыра бердi. Һәммасын бiр қанжармен қырып бiттi, Қорлығы бейшараның жанына өттi. Залымның қысасын қайырып ол, Баршасын бұл арада һәлак еттi. Андан соң бiр фонарды жарық қылып, Жолдас қып дәруiштi кеттi жүрiп. Жүре-жүре бұзылған тамға келдi, Қарады жан-жағына мойын бұрып. Дәруiшке: – Шамыңды аш жарық болсын! Не тамаша бар екен көзiң көрсiн? Фонарды жарық қылды мұны естiп, Бiр қызбенен жiгiттi ендi бiлсiн. Бөлмеде бiр қыз жатыр жiгiтпенен, Дәруiш қайран қалды көргенiмен. Дәруiшпен келген жiгiт мұны өлтiрдi, Өзiнiң дұшпандығын бiлгенiмен. Қыз айтты: – Өлтiрдiң бұ жiгiттi, Жолдастары келедi оның, – дедi. Таңертең келгеннен соң соның бәрi, Өлтiрер ұстап алып сенi, – дедi. Жiгiт айтты: – Олар мұнда келер деме, Келiп сенiң ахуалың бiлер деме. Өлтiрдiм оның бәрiн бұ күн түнде, Олардан һеш қорықпа, уайым жеме. Бөлменiң бiр жағында алтын-күмiс, Һәр түрлi жауһарлар бар, толған емiш. Дәруiшке жiгiт айтты: – Алғыл мұнан, Мен де саған қылайын жақсылық iс. Ат бердi тоныменен, алтындарын, Дәруiш өзi алды оның бәрiн. – Асылы нешiк едi бұл iстiң? – деп, Сұрады ендi жiгiттен ахуалдарын. Жiгiт айтты: – Асылы оның, – дедi, Бес шақырымда егiнiм бар, менiм, – дедi. Менi аңдып жүретiн қырық ұғыры, Қорқушы едi һәрқашан жаным, – дедi. Бұларды қуар едiм егiнiмнен, Күн бұрыннан қашар едi көргенiмнен. Құдай қуат бергенде осы менi Бәрi де ала алмаушы едi келгенiмен. Бiр күн жүрiп далада ұйықтап қалғам, Жолдасым бәрi үйге кетiп қалған. Ұйықтап жатқан жерiмде бұлар келiп, Қол-аяғым бекiтiп байлап алған. Басыма таяқ салып ұстап алған, Жолдасымды таба алмай ғапыл қалған. Душар болдың сарайға өзiң келiп, Басымнан өтпек едi дүния жалған. Мен саған өз халiмдi баян еттiм, Қасыма рахым етiп келiп жеттiң. Дәруiшке көп малды бердi бұ күн, Iстерi бұлай болар Құдiреттiң. – Әй, дәруiш, менiм тiлiм алсаң, – дедi, Айырылған жолдасыма барсаң, – дедi. Менi iздеп олар бәрi жүрсе керек, Осы жерде тұрғанда алсын, – дедi. Дәруiш жiгiт сөзiн қабыл еттi, Атқа мiнiп жолдасына жүрiп кеттi. Жолдасына ол хабар бере тұрсын, Қыз-жiгiттен сөйлейiн ендi кептi. Жiгiт айтты ол қызға: – Тағам iсте, Һеш тағам жегенiм жоқ бүгiн кешке. Өзi мұны айтты да ұйықтап қалды, Қазiр де даярланып тағам пiстi. Қыз ойлады көңiлiнде: «Жүрмек едiң, Қашан менiм қасыма келмек едiң. Бiреу себеп болмаса саған, әгар, Асылып мойныңнан өлмек едiң. Өлтiрдiң ерiм менен жолдасымды, Сенiң де аман қойман бiр басыңды. Сенiмен ғишрат мен қылмаспын, Артыңа қалдырайын бұл асыңды». Тез мұны ойлады да пiсiрдi асты, Iшiне сол уақытта ағу қосты. Орнынан тұрды жiгiт оянды да, Жiгiтке залым қыз қылған қасты. Оянған соң алдына тағам толды, Жiгiт байғұс жегенде һошсыз болды. Құдыққа бұл жiгiттi салмақ болып, Қыз залым бейшараға дұшпан болды. Жiгiттi қыз көтерiп алған ендi, Бiр құдықтың iшiне салған ендi. Бiр дұшпанның қас болған жөнiменен, Құдықта жалғыз өзi қалған ендi. Сөз сөйлейiк ол кеткен дәруiштен, Жолдасына хабар берген мынау iстен. Құдайға мың мәртебе шүкiр қылып, Дәруiшпен келуге жолға түскен. Баршасы жолға түсiп қызға келдi, Қасында жiгiтi жоқ көзi көрдi. – Қасындағы ол жiгiт қайда? – десе, Кетiп қалған, – дедi де жауап бердi. Жiгiттi бұлар тосты кешке дейiн, Һеш хабары болмады оған шейiн. – Ол жiгiт келмедi, қайда едi? – деп, Қыздан тағы сұрарға келдi бейiм. – Бiлмеймiн қайда екенiн кеткен, – дедi, Бұлар ойлап «Ол қайда жеткен?» – дедi. Ойлады «Iстiң түбi бұлай болмас, Қорлығы бұ залымның өткен, – дедi. Мұнда бiр уақиға болған шығар, Бұ залым оған қастық қылған шығар. Бұ дұшпан қас болған турасынан, Бiр жерде бейшара боп қалған шығар». Қол-аяғын байлады қызды тұтып, – Тезiрек айта ғой, – деп қаһар етiп. Айтпасаң өлтiремiз сенi тұтып, Бiр жерде қалған шығар қайғы жұтып. Бұларға қысылғаннан сөйлер ендi, – Бар едi бiр ойнайтын ерiм, – дедi. Бiр тамыр болар едiм оныменен, Һәрқашан өз қасыма келер едi. Келетiн уақытында келер, – дедiм, Менiм бұл жiгiтiмдi көрер, – дедiм. Ол жiгiтпен қосылып жүргенiмдi, Жiгiттен жұрттың бәрi бiлер, – дедiм. Бұрынғыдай қосылайын оған, – дедiм, Көңiлiмдi мен бермен бұған, – дедiм. Мал алып ғишрат қылып ерiмменен, Жақсылық солай болар маған дедiм. Ол қыздан осылайша хабар алып, Құдықтан жiгiттi алды бұлар барып. – Мұны нешiк қиуға сен салдың? – деп, Қызды өлтiруге келдiлер қаһарланып. Қорлығы бұ залымның жанына өттi, Құдықтан шығарады бұ жiгiттi. Ол қызға мың түрлi лағнет айтып, Қанжарменен тезiрек һәлак еттi. Айырылды бiрге жүрген жолдасынан, Жамандығы асқан соң бiр басынан. Өзiн-өзi жәһаннамға кiргiздi ғой, Дүнияда ақ болмаған туғрасынан. Әй, патша, бұ хикаят айттым сiзге, Көрiндi харамдығы көрер көзге. Сол жiгiттi құдыққа тастағандай, Кесапаты бұ қатынның тиер бiзге. Дүнияда иман күтер ердiң ерi, Шаһзадаға кiрiптар осы жерi. Туралық осылардан табылмайды, Дүнияда бар болмас мыңнан бiрi. Қатында көп болады шәһуат, пұрсат, Екi есе ерден және бар қиянат. Кесiлген бас орнына қайта бiтпес, Ақырында тартпаңыз көп мехнат. Ол күнi шаһзаданы тiлеп алды, Баланы зынданына тағы салды. Уәзiрдiң сөзiн қабыл көрдi дағы, Ол күнi және аңға кетiп қалды. Сөйлемес һеш адамға жауап қатып, Сарайына аңнан келдi қайтып. Қатынмен тағам iшiп болды дағы, Тағы да сөз ашты жауап айтып. Қатын тағы: – Осылай жөнiмiз, – деп, Не болды тағы ұғылыңыз? – деп. Падишаһ айтты: – Бiр уәзiрiм тiлеп едi, Бiздердiң ғұзырымыз көрiңiз деп. Қатын айтты: – Балаға еш сенiм жоқ, Бiр күнi һәлак етер көңiлiне тоқ. Менiм айтқан ақылымды алмайын деп, Басыңнан жұда болар дүния жоқ. Бұлардың бәрi дұшпан болар деймiн, Қолыңнан тәж-тақытыңды алар деймiн. Бұл халде өлтiрмесең бұл ұғланды, Дұшпандықты бәрi дағы қылар деймiн. Бiлмейсiз харамзада ұғлан затын, Көргiзер дүнияның хикметiн. Есiтпеген екенсiз мен айтайын, Алладин сұлтанның хикаятын. Қатын айтты: – Алладин құпияда, Ол өзi әдiл екен дүнияда. Бiр күнi ауруханаға кеткен өзi, Бiлмекке ауруларды бұл арада. Падишаһ ауруханаға барған екен, Ауруға барып көзiн салған екен. Iшiнен бiр ұғланы мұны көрiп, Падишаһтан бiр хабар алған екен. – Мен өзiм ұғлан едiм хаста болған, Әке-шешем жат жерде кейiн қалған. Мен келгелi жиырма үш күн болып қалды, Һәрбiр адамменен де хабар алған. Аурухана бастығы азап еттi, Қылмайды бiздерге һеш мархабатты. Шығармай бұ ханадан кеше-күндiз, Қайтарға рұқсат бермей хабис еткен. Менiм бұл жылағаным көремiсiң, Жүруге ендi менiм келер күшiм. Менi ендi құтқарыңыз, әй, патша, Мұхаммед пайғамбардың құрметi үшiн. Мұндай ақыл айтқан соң ұғлан бала, Падишаһ рақым қылды көре сала. Тас болып қол-аяғы байлаулы екен, Жүгiрiп барып шештi келе сала. Падишаһ бұл ұғланды қабыл көрдi, Қойнынан шығып тұрған пышақ көрдi. Ұғлан айтты: – Ұстаның баласы едiм, – Пышақты маған бер, – деп жауап бердi. Падишаһқа қынынан суырып берген, Есiкке пышақты алып ұғлан келген. – Мына жатқан боқтарды шығарың! – деп, Пышақпен өлтiрем, – деп жауап берген. Тiлiңменен ренжiттiң ғарiптердi, Неге рақым қылмайсың сен бұларды? Пышақпенен жарамын сенi, – дедi Шығарың терезеден тезектердi! Ол бала падишаһты қорқытты ендi, Көредi бiр сағатта мехнатты ендi. Қашып шығар далаға есiгi жоқ, Тезектердi тесiктен ырғытты ендi. Зындан басы бұл арада келдi жетiп, Бала да ендi қорықты зыр-зыр етiп. Пышақты қолындағы тастай берiп, Падишаһқа жетiп келдi қолын тұтып. – Құдай үшiн тастама ендi, – дедi, Сiзге разы болайын мен де, – дедi. Һәр күнде ұрып бiздi соғатұғын, Қазiр де зындан басы келдi, – дедi. Зындан басы падишаһқа қайран қалды, Жылдам ендi ұғланды ұстап алды. Мұндай iс падишаһқа қылғаннан соң, Тас қылып қол-аяғын байлап салды. Падишаһтың қолын жуды зындан басы, Ұғланның бiлiндiлер қылған қасы. Әй, падишаһ, бұ хикаят оның үшiн, Ұғланның адамға жоқ һеш опасы. Әй, падишаһ бұ хикаят ендi бiттi, Падишаһ сол баладан қорқып кеттi. Екiншi де аурулардың халiн бiлiп, Ендi жалғыз бармасқа ант еттi. Әй, патша, бұл балаң да харамзада, Бiлiнбей қалмас қастығы дүнияда. Балаңызбен уәзiрлер пайда қылмас, Әгар аман тұрғанда жаны ұяда. Ұғланың уәзiрлерге уағда еткен, Тiл алмасаң бұ қастық жаныңа өткен. Оның айтқан ақылын алмағайсыз, Дүнияда ғарiп басым ауара еткен. Олардың қабылдама жалған сөзiн, Қиянатты екенiн көрдi көзiң. Қатынның достығын бiлмеймiн деп, Арманда кетпегейсiз ақыр өзiң. Падишаһ қатын сөзiн қабыл еттi, Зарлығы бұ малғұнның жанына өттi. «Мен оны ертең өлтiрем» деп, Өзiнiң бөлмесiне ұйықтап кеттi. Таңертең орнынан тұрады ендi, Әдiлдiк майдандарын құрады ендi. Баланы өлтiрмекшi болғанында, Отыз жетiншi уәзiр кеп сұрады ендi. Тағы да бұл уәзiр зарлық еткен, Баланы алып, жалладтар келiп жеткен. «Қылышпен мұның басын кесiңiз!» – деп, Падишаһ қаһарланып әмiр еткен. Уәзiр айтты: – Сақтанайық жауызынан, Бiздiң айтқан ақылға сiз де илан. Ханас пенен Хауаның хикаятын, Ғибрат, сiз, алғайсыз ендi сонан. Уәзiр айтты: – Бұрынғы Адам ата, Жиылған жанның бәрi соған бота. Қас болам деп адамға шайтан малғұн, Ұжмақтан шыққан екен бiржолата. Адам мен Хауа шықты ол ұжмақтан, Шын қаһар келгенiнде жалғыз Хақтан. Бiр күнi шайтан келдi өш алмақ боп, Жаранлар мықты болсаң сонан сақтан. Шайтанның бiр баласы бар, аты – Ханас, Һәрқашан дұшпандығын қылмай қалмас. Хауаның қасына ол малғұн келiп, Жалғыз ол баласын қылды жолдас. – Қасыңда осы балам тұрсын, – дедi, Хауа айтты: – Өзiң нағып жүрсiң? – дедi. Сенiң үшiн ұжмақтан бiздер шықтық, Бала болмай, бұл кәпiр құрысын, – дедi. – Сен шықсаң, шықтым мен-де, – дедi, Не мұратың бар едi сенде? – дедi. Балам тұрсын тезiрек келемiн, – деп, Балам жаман болғанын жөнде, – дедi. Баласын тастап кетiп ғайып болды, Бiр жақтан Адам ата жетiп келдi. Шайтанның баласы тұр хайуан болып, Мұның мағлұм екенiн ендi бiлдi. – Не нәрсе бұл жаныңда тұрған? – дедi, Хайуандай мойнын бұрған, – дедi. Адамға Хауа сонда жауап бердi: – Бұл – шайтанның баласы қойған, – дедi. Ханасқа Адам ата қаһарланып, Қолына жетiп келдi қылыш алып. Ханасты пара-пара қылды дағы, Бiр жаққа өзi тағы кетiп қалды. Адам ата кеткен соң шайтан келдi, Келген соң баласы жоқ көзi көрдi. – Баламды қасыңа қойып кетiп едiм, Қайда кеткен, Хауа? – деп жауап бердi. Хауа айтты: – Адам ата келген, – дедi, Хайуанның ахуалын бiлген, – дедi. Нәрсе екенiн айтқанымда қылыш салып, Ол Ханас қазiр сонан өлген, – дедi. «Ханас» деп, бiр қышқырды шайтан тұрып, Баласы: «Ләббайка» деп келдi жүрiп. Хайуан қып тағы да қоймақ болды, Ол малғұнды тағы да Құдай ұрып. Ол малғұн ғайып болып тастап кеттi, «Ханасты тастама» деп зорлық еттi. Ол малғұн ғайып болып кеткен халде, Бiр жақтан Адам ата келiп жеттi. Қасына Адам ата жетiп келдi, Хайуанды тағы да көзi көрдi. – Мұны неге тағы да қалдырдың? – деп, Хауаға Адам ата ашуланды. Қылышын қолына алды тағы және, Ханасты қылды сонда пара-пара. Төрт жаққа лақтырды етiн бөлiп, – Осылай қылсам бола ма, – дедi, – шара? Ханастың етiн сонда пара қылды, Бiр жаққа Адам ата жүре бердi. Адам ата бiр жаққа кеткенiнде, Шайтан малғұн тағы да жетiп келдi. Ол шайтан: – Менiм балам қайда? – дедi, Хауа ана: – Мен айтайын ойла, – дедi. Адам ата қылышпен бауыздады, Сендерден бiзге болмас пайда, – дедi Ол малғұн «Ханас» деп бiр қышқырды, – Иә, ата, ләббайка, – деп жетiп келдi. Тағы да: – Балам тұрсын келгенiмше, – деп, Хауаның қасынан ол ғайып болды. Адам ата жетiп келiп ашуланды, Қаһарланып Хауаға қамшы салды. Қатынын ашуланып ерлер ұрмақ, Бiлмесеңiз бұл мысал сонан қалды. Ханасты қылышпенен басады ендi, Қазанға суды құйып асады ендi. Адам ата, Хауа ана – екеулерi Пiсiрiп, оның етiн асады ендi. Адам жоқта тағы да шайтан келдi, – Қасыңдағы менiм балам қайда? – дедi. Хауа айтты: – Балаңды бiз өлтiрiп, Етiн пiсiрiп, асадық оны, – дедi. «Ханас» деп ол малғұн дауыс бердi, «Ләббайка» деп ол Ханас жауап бердi. Хауа ананың қарнында әлгi Ханас – Әй, ата, мен мұнда, – деп хабар бердi. – Жақсы орын тауыпсың, балам, – деген, Адамға уасуасаны салам, – деген. Түрлi-түрлi азғырып сөз айтармыз, Сен iштен, мен тыста болам, – деген. Уасуасаға қоярмыз бiз бұларды, Жаһаннамдық қылармыз һәм оларды. Бiздерден құтылмас һеш дүнияда, Адам болған ұғланның баршалары. Әй, патша, бұ хикаят, – дедiм, – мұнда, Шайтаннан құтылмайды һешбiр пенде. Сонан берi азғырып шайтан жүрер, Қан секiлдi адамның тамырында. Қан болып тамырында шайтан жүрер, Оның берген ағуасын өзi көрер. Өз тәнiңдегi малғұнның тiлiн алсаң, Құдайым қияметте жаза берер. Жақсы қылып тексермей шаһзаданы, Әй, патша, арманда қып өлтiрме оны. Соңында қалар сiзге қасiреттерi, Арманда өте кетер ғарiп жаны. Уәзiрдiң хикаятын қабыл алды, Баланы зынданына тағы салды. Аң аулап кешке дейiн жүрдi дағы, Кешке жақын үйiне келiп қалды. Қатынменен отырып iштi тағам, Тағамнан соң шығарды хасыл кәлам: – Бiр уәзiр ғұзыр қылып тiлеген соң, Тағы да қалды, – дедi, – бұ күн балам. Қатын айтты: – Әй, падишаһ, уәзiрлердiң, Тiлiне ере бердiң һәм олардың. Инанба сөздерiне һеш уақытта, Дүнияда арманда өтер ғарiп жанның. Олардың амал қылма сөзiменен, Мәслихат қыласың өзiменен. Бiр хикаят айтайын, әй, патша, Көрiп тұр тамашасын көзiңменен. Қатын айтты: – Бiр падишаһ бұрын өткен, Үш уәзiрi бар екен ел билеткен. Үшеуiнiң арасына дағуа кiрiп, Бiр-бiрiне дұшпандық олар еткен. Бiр-бiрiн падишаһқа жамандаған, Падишаһ олар сөзiне инанбаған. Падишаһтың жанында бiр жiгiт бар, Олардан бiр күнi алтын алған. Бұларға жiгiт айтты: – Сөйлесеңiз, Пышылдап кешке келiп кеңесiңiз. Сөз арасында сөйлесiп отырғанда, «Падишаһты өлтiрер уәзiр» деңiз. Жiгiттен бұлар мұны қабыл еттi, Кешке келiп пышылдап кеңес еттi. «Бұлардың айтулары Хақ екен», – деп, Падишаһ бұлардың сөзiн күттi. «Рас екен бұлардың сөйлер сөзi, Ол уәзiр дұшпан екен маған өзi». Мұны ойлап өлтiрiптi ол уәзiрдi, Көрген соң бұларды падишаһ көзi. Олар алтынды алды уағда еткен, Бiр жерде болғанында талас еткен. Бiр-бiрiне: – Маған көбiрек керек, Алтынға ол екеуi дағуа еткен. Бiреуi айтты: – Көп бер маған, – дедi, Падишаһқа жамандадым оған, – дедi. Падишаһ өлтiрмейдi мен айтпасам, Азырақ тисе керек саған, – дедi. Екеуiне осылай дағуа кiрген, Қасынан ол падишаһ өте берген. Өлген уәзiр ақтығы бiлiндi ғой, Хақтығын екеуiнен ақыр бiлген. Падишаһ: – Залымдарды бiлдiм, – дедi, Екеуiнiң дұшпандығын көрдiм, – дедi. Нақақтан өлтiрткенiн көрдiңiз бе? Қастарынан мен естiдiм, бiлдiм, – дедi. Әй, патша, сенiң де бұл уәзiрлерiң, Нанасыз деп айтамын оның бәрiн. Уәзiрлердiң тiлiне еремiн деп, Бiлмейсiз балаңыздың ахуалдарын. Балаңызға уағда қылған, – дедi, Дұшпандықты олар ойлап тұрған, – дедi. Оларды қызғанасың қадiр көрiп, Сiздi ол қызғана ма, не бұрған? – дедi. Падишаһ қатын сөзiн қабыл еттi, Өзiнiң сарайында ұйықтап кеттi. «Ертеңмен мен оны өлтiрем» – деп, Жалладтар, уәзiрiне әмiр еттi. Осылайша падишаһ қаһар етiп, Жалладтар баланы алып келдi жетiп. Отыз сегiзiншi уәзiрi жетiп келiп, Тiлейдi падишаһтан зарлық етiп. – Әй, падишаһ, қабыл алсаң насихатым, Көрерсiз дүнияның мехнатын. Қатындардың тiлiне еремiн деп, Көресiң дүнияда ғаламатын. Насихат ауыр келмес көңiлiңiзге, Қайғыға қалмаңыз соңыра бiзге. Пайғамбардың сүннетiн тастамаңыз, Әгар да өз дiнiңiз болса да өзге. Пайғамбарым бұйырды бiзге сүннет, «Бiр кiсiден көрсеңiз, – дедi, – мехнат». Жарамас iс көрсеңiз бiр кiсiден, Шамаңыз келгенiнше маниғ ет. Әгар да тия алмасаң қолыңменен, Иә болмаса, көндiрiңiз тiлiңменен. Үгiт-насихат айтыңыз шамаң келсе, Бұрынғы шариғаттың жолыменен. Оған күшiң келмесе көңiлiңменен, Иқрар қылмай дұшпан бұл тiлiңменен. Бұл хадисiң бойынша амал қылың, Һәрқашан жөн табылар бiлiмменен. Әй, патша, амал қылың өлгенiңше, Насихат сiзге айталық бiлгенiмше. Шайтанның жауызынан сақтанайық, Қатынның тiлiн алып жүргенiңше. Қатынның тiлiменен амал қылма, Өз басыңа қасiрет-қайғы салма. Хайла-мәкiр көп болар дүнияда, Арманда шаһзададан ғапыл қалма. Опасы жоқ пендеге дүнияның, Қайғы мен қасiретте болар жаның. Әй, патша, мен сөйлейiн бiр хикаят, Бұрынғы бiр базарканмен жарианың. Уәзiр айтты: – Мысырда бiр базаркан, Бiр жариа сатып алып көп мал берген. Үйiне қайтып келiп жариа қып, Өзiнiң халалындай мақұл көрген. Бар екен базарканның бiр маймылы, – Асыра, – дедi жариаға, – ендi мұны. Тәрбиелеп бiрнеше күн күте бердi, Базаркан бұйрығымен күнi-түнi. Ол жариа маймылдан буаз болған, Ай, күнi бiтiп одан бала туған. Базарканның тағы да бұйрығымен, Баланы тәрбиелеп құрмет қылған. Ағзасының баршасы адам болған, Құйрық жағы есектей жаратылған. Базаркан мұның етiн асамаққа, Алты айға толғанында бауыздаған. Бiр зор қазан iшiне құйған суды, Осындай жариадан бала туды. «Мұның етiн пiсiрiп, асаймын» деп, Баланың қол-аяғын мықтап буды. Бiр сұмдық жариаға ойлатады, Баланың етiн салып қайнатады. Ет-сүйегi айырылып пiскенiнше, Жарианың өзiне жайлатады. Жариа мұны көрiп ой ойлады, Өзiне сыйған ойды бек ойлады. «Бұл баламды өлтiрген қасасына, Өзiңдi өлтiрейiн» деп ойлады. Жариа мұны ойлап есiрдi ендi, Базарканға тамам қылып пiсiрдi ендi. Етi менен сүйегi салынған соң, Қазанын суытуға түсiрдi ендi. Қазанды жерге алып қондырады, Сорпасын тасқа қойып тұндырады. Жетiншi тағы тасқа салып қойып, Әзiрлеп асайтұғын қылдырады. Бiр тасқа салды сонда пiскен еттi, «Әзiрле» деп жариаға шығып кеттi. Ұғланның етiн ендi асайын деп, Таһаратқа отырып қайтып кептi. Қайтып келсе жариа ағу салған, Асайын деп қолына қасық алған. Дәмiн татып ол қарап бiлдi дағы, Қасықты жариаға сiлтеп қалған. Сiлтегенде жариаға тиген ендi, Бiр қолына ағу тиiп күйген ендi. Дәмiн татып қарағанда кеткен екен, Базаркан қап-қара боп өлген екен. Iшiне ағу кiрiп өлiп қалған, Қолына ол жариа дәрi салған. Жарианың қолы бiттi саламат боп, Басынан базарканның өттi жалған. Базаркан өлiп кеттi қаза жетiп, Сатып алған жариа қастық етiп. Дәрi салып жариа қолын жазған, Қалғанын әлгi еттiң сауда етiп. Бала етiн керекке бәрiн сатқан, Жариа қастық қылды дәмiн татқан. Әйелге бұ жаһанда сенiм бар ма? Қас қылды қожасына Құдай атқан. Әй, падишаһ, қатындарда мұндай хайла, Ерлерге һеш уақытта жоқ-дүр пайда. Һәр уақытта сақтанбақ фитнасынан, Залалын, әй, тақсыр-ау, ақыр ойла. Падишаһ уәзiр сөзiн қабыл еттi, Зарлығы бейшараның жанына өттi. Баланы зынданына салды дағы, Далаға бұ күн тағы аңға кеттi. Аңнан қайтып келедi сарайына, Кеңестiң құлақ қояр талайына. Қатынмен тағам iшiп тағы отырып, Падишаһ та жалынады Құдайына. – Ұғылыңның көңiлi болды алаң, – дедi, Не болды бұ күн тағы балаң? – дедi. – Бiр уәзiрiм тiледi «өлтiрме» деп, Ертеңмен оның басын алам, – дедi. Қатын айтты: – Әй, падишаһ, менiм сөзiм, Сөзiме қоя алмадың көңiл көзiң. Уәзiрлердiң тiлiне еремiн деп, Арманда өте көрме ақыр өзiң. Ұғланның көрiп жүрме ғаламатын, Бiлмейсiз уәзiрлердiң асыл затын. Әй, падишаһ, есiтпеген бiр сөзiң бар, Нұх пайғамбар баласының хикаятын. Қатын айтты: – Айтайын хикаятты, Құраннан бұрын жазған риуаятты. Құдайым Нұх пайғамбарға бұйрық қылды, «Дүнияға су жiберем топан атты». Хақ Тағала осылай әмiр еттi, Нұх пайғамбар қауымына дiн үйреттi. Қауымының бәрi де қарсылық қып, Сөздерiн шариғаттың алмай кеттi. Тағы да бiр Алладан әмiр келген, «Халықтар саған қарсы келдi деген. Сенi қорлап ауара қылған үшiн, Топан суын жiберем ендi» деген. Нұх пайғамбар сол халде қылды кеме, Үй-жамағатына айтады: «Уайым жеме». Топан су қаптағанда мiнбек болды, Адамзат қаза келмей өлер деме. Кеменi Нұх пайғамбар тамам қылған, Үй жамағатымен бәрi де мiнiп алған. Қарсылық Нұх пайғамбарға қыламын деп, Қауымының бәрi де ғарық болған. Екi-екiден кемеге мақлұқ салған, Жалғыз-ақ сонда алмаған тышқан қалған. Нұх пайғамбар бар едi төрт баласы, Бiреуi кемесiне мiнбей қалған. Бiрi Хам баласының, бiреуi – Сам, Бiрi – Иафис, бiрi – Кәнған өлең қылсам. Қырық күндей топан болыпты жер жүзiне, Насихатын кiтабынан абайласам. Кәпiр болған баласы сөз сұрады: – Неше күн топан болар? – деп сұрады. Бiр құбба жасап алып ол баласы, Топан суы бiткенiнше ол тұрады. Құдайым кәпiр қылған ол баласын, Құббаның бiтеп алған айналасын. Қырық күндей топан болып жер жүзiне, Құданың құдiретiне таң қаласың. Нан, су алып, құббаға кiрген, – дейдi, «Аман-есен құтылам» деп жүрген, – дейдi. Өзiнiң сiдiгiне ғарық болып, Сол құббаның iшiнде өлген, – дейдi. Атасының тiлiн алмай болды кәпiр, Мұнан басқа кәпiрлер толып жатыр. Кәпiрлiгi баланың өзiн тауып, Ғарық боп сiдiгiне өлген ақыр. Биiк таудан қырық кездей топан болған, Кәпiрлердiң бәрi де ғарық болған. Кемеге мiнiп алып Нұх пайғамбар, Өзiнiң үй-жамағатымен аман қалған. Әй, падишаһ, пайғамбар ұғылы болды мұндай, Пайғамбардың ұғылы емес балаң ондай. Атасына кәпiрлiк көрсетедi, Бiлмейсiң асыл тегi бұ да сондай. Әй, падишаһ, бұ да сондай харамзада, Күнәһiсi тимей қалмас дүнияда. Күнәһiсi өзiн-өзi табар едi, Уәзiрлер жәрдем болды бұл арада. Бұ балаң сондай болып өтер деймiн, Қолыңнан тәж бен тақытың кетер деймiн. Ұғланменен иттифақ қылғандар-дүр Бiр күнi басыңызға жетер деймiн. Падишаһ қатын сөзiн қабыл алды, Осындай көңiлiне қайғы салды. «Мен оны ертеңмен өлтiрем», – деп, Өзiнiң сарайында ұйықтап қалды. Ерте тұрып тақытына мiндi және, Бұйрығын жалладына қылды және. Уәзiрлерге тағы да әмiр етiп, Зынданнан тағы шығып келдi бала. Жалладқа: «Басын кес!» – деп әмiр еткен, Күнiнде уәзiрлердiң сөзiн күткен. Падишаһ қаһарланып тұрғанында, Отыз тоғызыншы уәзiрi келiп жеткен. – Әй, падишаһ, бұл iстi тәптiш қылың, Машураттап тексерiп әбден бiлiң. Хақ Тағала машурат бұйырған-дүр, Уәзiрлердiң сөздерiн құрмет көрiң. Әгар падишаһ бiздердей пақырлардың, Сөзiн тыңдап қабылдаса һәм олардың. Ұғылыңды жалған iспен һәлак қылма, Соңынан өкiнерсiң, оны бiлiң. Күнәһ жоқ тыңдасаңыз осы сөзде, Асылдығы бiлiнер көрер көзге. Мұңар ұқсас муафиқ бiр хикаят, Әй, падишаһ, тыңдасаңыз бар-дүр бiзде. Падишаһ: – Естиiн оны, – дедi, Ғарiптiң аман қалар жаны, – дедi. Шүбһәсi бiлiнгәш бiреуiнiң, Не болар ақырында халi, – дедi. Уәзiр айтты: – Бiр патша болған екен, Оның бiр күтушiсi бар болған бекем. Патша оны жақсы көредi өзiн, Һәр уақытта қызмет етiп жүрген екен. Аттар бастығы сайлады оны және, Болады һәр пендеге Тәңiр пана. «Мирахор» деп айтады оның атын, Халғаттар патшадан күнде ала. Басқа уәзiр Мирахорды көре алмады, Бiр-бiрiне жақсы сөз бере алмады. Күнде-күнде жамандап жүрсе дағы, Патшадан мұны, сiрә, жоя алмады. Бұлар бiр күн сайлады түрлi кеңес, Падишаһтан Мирахор қайғы жемес. Падишаһ бұлар сөзiн есiтсе де, Ғұмырында инанып, асла сенбес. Бас уәзiрдiң бiр көркем қызы бар-ды, Қызын көрген адамдар қайран қалды. Қыз айтты: – Күтушiге бiр сөз айтам, Қылады айтқанымды, – деп ойланды. Әкесi айтты: – Бiлгенiң болса сөйле, Мирахорды ихтилаф қып оны сөйле. Ерiк бердiк, рұқсат не қылсаң да, Нәрсе бiлсеңiз де өзiң бiле. Қыз өзi ғаят сұлу, жүзi көркем, Көрген жан ғашық болып жүрген екен. Көзiне сүрме тартып хайла қылып, Һәртүрлi киiм киiп келген екен. Мирахордың үйiне кеттi жүрiп, Есiк қақты ол тыста келiп тұрып. Есiк ашса Мирахор бiр сұлу қыз, Қайран қалды жүзiне қарап тұрып. Мирахор қызды көрiп болды ғашық, Жүре алмады ғашықтықтан аяқ басып. – Шын көңiлiңмен сен менi сүйемiсiң? Қыз тұрды бiраз ғана жауаптасып. – Мен саған ғашық болып жүрем, – дедi, Дидарыңды тамаша көрем, – дедi. Мирахор қыздың мойнын құшақтап ап: – Жанымды сұрасаң да берем, – дедi. Қыз айтты: – Ғашық болсаң маған, – дедi, Көңiлiм менiм сенбес бұған, – дедi. Ғашықпын деп айтасың қосылмаққа, Инанбаймын, Мирахор, саған, – дедi. Мирахор: – Уаллаһи биллаһи сүйем, – дедi, Әгар да қосылмасаң күйем, – дедi. Қыз айтты: – Сүйемiсiң менi қазiр? Мирахор: – Сүйгендiктен тием, – дедi. Қыз айтты: – Шын маған ғашық болсаң, Әгар да қатерiмдi менiм алсаң. Сарайдағы патшаның мiнетұғын, Сүйiктi жақсы атын бауыздасаң. Мирахор: – Ғашық болып жүрем, – дедi, Сенiң мен сөзiң мақұл көрем, – дедi. Патшаның бұл атын бауыздасам, Соңында не деп жауап берем? – дедi. Қыз айтты мойнына асылып тұрып: – Жан аға, тыңда, – дедi, – мойын бұрып. Хаста боп өлдi дерсiз падишаһқа, Менiм сөзiм тыңдаңыз мақұл көрiп. Қолынан ықтияры кетiп қалды, Мирахор қолына пышақты алды. Сарайдағы ол атты бауыздады да, Қайтып келiп қызбенен зауықтанды. Қызға айтты: – Осында отыр, – дедi, Әгар қабыл алсаңыз менi, – дедi. Қыз айтты: – Ертең әкем iздер, Мұнда тұрсам құр хараб қылар, – дедi. Ақыр да разы болып қайтарады, Өз үйiне ол қыз да жөнеледi. Мирахор қыздың көңiлiн қыламын деп, Падишаһтың атына қайғы ойлады. «Бiреуге айтсам жарамас мұны, – дедi, Кiсi қылам бөркiмдi сенi», – дедi. Кiсiменен сөйлескендей қылады да, Бөркiн падишаһ қылып қойды, – дедi. Өзi тысқа сол халде шығып кеттi, Бөрiктi падишаһ қып қайтып кептi. Отырып падишаһының сөзi қылып – Атымды аңға барам ертте, – дептi. Өзi болып падишаһқа келдi, – дедi, – Атыңа бүгiн қаза болды, – дедi. Бiлмеймiн не болғанын сарайында? Алланың әмiрiмен өлдi, – дедi. Падишаһ боп тағы да сөз шығарды: – Қараңыз, тамағында пышақ бар-ды. Кеше сау, қайтiп өлдi бүгiн? – дедi, Бiр уақиға болғанда онда барды. Қараса, тамағына пышақ тиген, Мұны ойлап Мирахор жаны күйген. «Туғрасын сөйлесем жаза болмас, Айтпаймын падишаһқа мұны» деген. Қайтадан тысқа шығып қайтып келдi, Падишаһ боп: – Атымды ерле! – дедi. – Әй, падишаһ, ай мен күндей бiр сұлу қыз, Қасыма түнде маған келдi, – дедi. Қыз айтты: – Менi сүйсең, әгар, – дедi, Падишаһтың сарайында ат бар, – дедi. Ол атты менiм үшiн бауыздасаң, Менiм де көңiлiм разы болар, – дедi. Маған қыз осылай деп оған, – дедi, Ғашығым артар едi бұған, – дедi. Туғрасын сөйлейiн, әй, падишаһ, Ол атты бауыздадым соған, – дедi. Ат болмаса берер ем жаным, – дедi, Менiм болған осылай халiм, – дедi. Әй, падишаһ, осылай жауап сiзге, Мен айтайын уақиға менiм, – дедi. Кiм қызы едiң сен, жаным? – дедiм, Ақылымды алдың сен менiм, – дедi. Бас уәзiрдiң қызы едiм менiм өзiм, Мирахор қабыл қылып алса, – дедi. Мынау менiм басым, қылыш бар, мiне, – дедi, Не өлiм, не ғұмыр бар маған, – дедi. Жан қасында ат қайда қалды? Туғрасын сөйлейiн оның, – дедi. Мұны ойлап падишаһқа жүрiп кеттi, Ордасына Мирахор келiп жеттi. Падишаһ атының халiн сұрағанда, Бөрiгiндегi кеңесiндей баян еттi. – Бүгiн түнде уәзiр қызы келдi, – дедi, Маған кеп ықылас бердi, – дедi. Жамалын көргеннен соң ғашық болып, Көңiлiм менiм оған ердi, – дедi. Қыз айтты: – Ғашық болсаң маған, Мен бiр жауап айтайын саған, – дедi. Падишаһтың сүйiктi атын бауыздаңыз, Бiр ақылды айтарсыз оған, – дедi. Сонан соң қыз сөзiне ердiм, Атыңызды бауыздап келдiм, – дедi. Атты түгiл жанымды бермек едiм, Жамалын қайран қалып көрдiм, – дедi. Ол қыздың жамалына таң қаласың, Сөзiмнiң айттым сiзге туғрасын. Жан қасында атыңыз қайда қалды?! Ат үшiн керек болса, мiне басым! Патша Мирахорды қабыл еткен, Бұрынғыдан екi есе артық күткен. Уәзiрдiң қызын және алып берiп, Падишаһтың қасында дәурен еткен. Қастығы уәзiрлердiң болды достық, Жақсы ақылды бiздер де сiзге қостық. Уәзiрлер арасында жалған сөз жоқ, Әй, тақсыр, бұл iсiңе қылма бостық. Мирахор күйеу болды бас уәзiрге, Не керек жақсы-жаман пәлен дерге. Соңында падишаһқа уәзiр болды, Өлгенше падишаһпен болды бiрге. Әй, падишаһ, ақылға ақыл салды, Уәзiрлiктi Мирахор қабыл алды. Кiсi жоқта бөрiкпен кеңес ету, Оның үшiн айтады бұ мысалды. Әй, падишаһ, бұ хикаят айттым сiзге, Туғралығы пайдалы көрер көзге. Мирахор асылып өлмекшi екен, Көңiлi қыз үшiн болса өзге. Жақсылардың сөздерiн қабыл етпек, Ақылды пенделердiң сөзiн күтпек. Әй, патша, шариғатта қарсылық-дүр, Сөздерiн жауыздардың шынға бiтпек. Падишаһ уәзiр сөзiн қабылдаған, Баланы зынданына тағы салған. Сөздерiн уәзiрлердiң жерге қоймай, Аң аулап, тағы падишаһ кетiп қалған. Аң аулап, кешке жақын үйге келген, Қатыны ләззаттi тағам берген. – Бiр уәзiрiм тiледi ғұзыр етiп, Сөзiн жерге салмадым көңiл бөлiп. Ертең болса керек не болса да, Өзiнен олардың сөзiн күтпек. Қатын айтты: – Падишаһ бiр сөзiңде, Тұра алмадың қайырылып, сен өзiңде. Уәзiрдiң хайла-мәкiр тiлiн алып, Ақылым кәр қылмады бұ кезiнде. Бiр күн олар тiлiн алдың, бiр күн менi, Не болар мендей ғарiп шыбын жаны? Бiр уәзiрiң бiр түрлi сөз сөйлесе, Зынданыңа саларсыз ол баланы. Көресiң дүнияның мехнатын, Бiлмейсiң бұ баланың ғаламатын. Әй, падишаһ, естiгенiң жоқ-дүр сенiң, Бiр қарт пенен падишаһтың хикаятын. Қатын айтты: – Бiр падишаһ болған екен, Шаһарында бiр шал бар дiнге бекем. Бұл қарттың белгiлi даналығы, Шаһарына бұрын мағлұм болған екен. Есегiн бiр күн мiнiп сөйлер ердi, Падишаһтың уәзiрiн кемiтер едi. «Падишаһтың қасындағы уәзiрлерi, Есегiме тұрмайды» дерлер едi. Бұ сөздi патша да есiттi ендi, Шақырып шалды алды қасына ендi. – Нелiктен уәзiрлердi жамандадың? Падишаһ сөз мәнiсiн сұрады ендi. – Әй, патша, тәжiрибем бар бұ сөзiмде, Рұқсат болса сөйлейiн бұ кезiнде. Падишаһ рұқсат берiп: – Сөйле, – дедi, Қандай мағына болса да бiр өзiңде. – Әй, падишаһ, есекке мен мiнер едiм, Бiр көпiрден һәрқашан жүрер едiм. Бiр тесiкке аяғын тығып алып, Һәр күнде мен де оны бiлер едiм. Екiншiлей жүргенде ол тесiктен, Есегiм жақын бармай алыс кеткен. Ол тесiкке аяғын тықпайтұғын, Есектiң бiр түсуiмен жанына өткен. Сен һәрқашан уәзiрдi алсаң тұтып, Малдарынан айрылар қайғы жұтып. Һәрқайсысын өлтiрiп жiбересiң, Бiр жаза қылғанына мағлұм етiп. «Падишаһ залымдардың басын кесер, Басына келмес бұрын қылман» десер. Сонда да қорықпай уәзiрлерiң, Қаһарлы тесiгiңе тағы түсер. Зынданға кiрiптар болар бәрi оның, Ақылы көп қарасам есегiмнiң. Аяғы бiр түсумен үйрендi бұл, Артықтығын, кемдiгiн миға салың. Қарттан естiп, бәрi де: – Дұрыс, – дейдi, Бұ сөзiнде һеш бiр жоқ бұрыс, – дейдi. Халықтар кiдiрдi осы шалға, Шариғатқа келмейдi бұрыс, – дейдi. Әй, падишаһ, бұ хикаят оның үшiн, Бұ қарттың даналығын көремiсiң? Уәзiрлердiң сөзiне еремiн деп, Арманда болып өзiң жүремiсiң?! Падишаһ қатын сөзiн қабыл еттi, Зарлаған соң тағы да сөзiн күттi. «Мен оны ертең өлтiрем», – деп, Өзiнiң сарайында ұйықтап кеттi. Ерте тұрып тағына мiндi падишаһ, Әдiлдiк майданын құрды падишаһ. Баланы зынданына алып келiп, Жалладқа: «Басын кес!» – деп тұрды падишаһ. Жаллады қылыш алып келдi жетiп, Падишаһтан сұрарға үмiт етiп. Жалладқа әмiр етiп тұрғанында, Қырқыншы уәзiрi келдi жетiп. – Әй, падишаһ, төрт нәрсе iске тамам, Әуелгiсi, бектерге ақыл салған. Екiншi, сақтанбақ дұшпандардан, Үшiншiсi, насихат ақыл алған. Төртiншi, достардан алмақ жәрдем, Анадан өлмей қалмас туған адам. Әй, падишаһ, қабыл қыл насихатым, Болған жоқ шаһзада һешбiр надан. Бiз оның көргемiз жоқ қылған iсiн, Хақтығын шаһзаданың көремiсiң. Талай күнәһ шығады қатындардан, Падишаһ, көзiң көрмей бiлемiсiң. Шәһуат, пұрсат бұларда болады көп, Қайдан бiлдiң қатынды хақ екен деп?! Бiр тiгушi қатынын мен айтайын, Әй, падишаһ, тыңдасаңыз әңгiме-кеп. Уәзiр айтты: – Iлгергi бiр заманда, Бiр тiгушi шаһзада болған онда. Мұның бiр гөзәл, махбүб қатыны бар, Бiр жариа сатып алған тағы сонда. Қатыны жарианың жұмсады ендi, – Мамықты түтушiге бергiл, – дедi. Мамық салып киiмге келгiл-дағы, Менiм бұл сөзiмдi бiлгiл, – дедi. Мамықты түтушiге алып кеттi, Үйiне аз заманда барып жеттi. Мамық түтушi көрсеттi лайқалысын, Ұялып бiр жаққа жариа кеттi. Екiншi жақтан тағы да көргiздi ендi, Өзiнiң ұятсызын бiлгiздi ендi. Үйiне қайтып келiп ол жариа, Қатынға лайқалысын бiлгiздi ендi. – Мен мамықты алып онда жүрдiм, – дедi, Бiр тамашасын жоқта бiлдiм, – дедi. Лайқалысы екеу екен түтушiнiң, Айтып отыр қатынға «Көрдiм», – дедi. Ол қатын жариаға жауап бердi: – Өзiң барып шақырып келгiл, – дедi. Сенi абсытай осында шақырды деп, Менiм бұл жауабымды бiлгiл, – дедi. «Абсытай шақырады», – деп алып келдi, Келген соң киiм тiгiп отырды ендi. – Түн ортасы болғанша отыралық, Дедi дағы ол қатын инандырды. Түн ортасы болғанша отырды ендi, Андан кейiн iстерiн бастады ендi. Бiреу екен лайқалысы қарағанда, – Екеу ме? – деп түтушiге айтады ендi. – Екiсiменен, – деп қатын жауап бердi, Қатынның өзiнiң ерi оянды ендi. Оянып қатынының фәржiсiне, Қолын созып тағы да қармалады. Түтушiнiң лайқалысы қолға кiрдi, Шегiнiп түтушi де кейiн тұрды. – Екiсiменен дегенiң немене? – деп, Қатынынан өз ерi сұрай бердi. Қатын айтты: – Мен түсiмде көрдiм, – дедi, Сен дария iшiнде жүрдiң, – дедi. Жалғыз қолмен жүзесiң дарияда, Суға ғарық болғаның бiлдiм, – дедi. – Екi қолмен жүз, – дедiм оның үшiн, Жалғыз қолмен жүзгенде кетер күшiң. Ерi айтты: – Айтқаның сенiң рас, Түсiмде қорқынышта менiм iсiм. Мен дарияда түсiмде ғарық болдым, Бiр балықты қолыма ұстап жүрдiм. Мен ұстағаш, қолымнан сусып шықты, Соның үшiн мен саған көңiл бердiм. Махаббат қойды ендi әуел оған, Бұл хикаят, әй, падишаһ, дедiм саған. Қатындардың тiлiне ере бермей, Әй, падишаһ, рақым қыл ендi бұған. Әй, падишаһ, хайла-мәкiр көп бұларда, Һеш уақыт иман жоқ қатындарда. Қатындардың тiлiмен өлтiрмеңiз, Бересiз не деп жауап Тәңiр алдында? Падишаһ уәзiр сөзiн қабыл еткен, Зарлағаны уәзiрдiң жанына өткен. Зынданына баланы салды дағы, Өзi тағы ол күнi аңға кеткен. Үйiне келiп аңнан отырады, Қатын залым сөз бастап құтырады: – Бүгiн және ұғылыңыз не болды? – деп, Падишаһқа түрлi кеңес толтырады. – Тiледi бiр уәзiрiм оны, – дедi, Қимадым зарлаған соң жаны, – дедi. Тiлегiн олардың да тастамадым, Не қылсам өлтiрермiн оны? – дедi. – Әй, падишаһ, уәзiрлерiң қылған хайла, Қылмайды ғұмырында сiзге пайда. Олардың ұғланменен уәдесi бар, Сiзге жәбiр көрсетер осындайда. Мысыр деген шаһардың сұлтанының, Айтайын хикаяты болғанының. Уәзiрiнiң мажырасын естiмедiң, Оларға не оқиға салғанының. Қатын айтты: – Мысырда падишаһ өткен, Оның да бiр ұғылы бар қастық еткен. – Менi падишаһ қылыңдар, уәзiрлер, – деп, Ол бала бiр күн тұрып кеңес еткен. – Атамның падишаһ болсам орнына, Әкемнiң мен түспеспiн порымына. Не тiлесең сiздерге берем, – дедi, Түсiрсең падишаһлық өз қолыма. Уәзiрлер мұның сөзiн қабыл еттi, Атасының орнына падишаһ еттi. Үйлерiнен шығарып бала әкесiн, Мехнат көрсетпекке бұл ғарiптi. Һәрқашан баламенен ғишратта, Бұлар жүрген бiрiгiп мәслихатта. Өз орнынан айрылып падишаһ қалды, Қайғыменен көңiлi қасiретте. Уәзiрлер соғысарға қылған ойды, Бұрынғы жақсылықтың бәрiн жойды. Уәзiрлердiң әскерi ғалиб болып, Падишаһ қашайын деп көңiл қойды. Падишаһ махремiн шақырып алды, Қасына жолдас қылып ертiп алды. Киiмдерiн бiр түнде алмастырып, Екеулерi далаға кетiп қалды. Шаһардан бұлар ендi қашып жүрдi, Бiр мағара iшiне келiп кiрдi. Жетi күн, жетi түн өткенiнше, Мағараның iшiнен шықпай тұрды. Жаңа падишаһ бұ тараптан жүрген iздеп, Көп кiсiге бұйырды «Жаһан кез», – деп. Бұларды таба алмай сонда дағы, Жүрсе де жұрттың бәрi жердi көздеп. Мағарадан далаға келдi бұлар, Бiр ауылға тағы да келдi бұлар. Бiр кемпiрдiң үйiне мүсәпiр боп, Бұл екеуi мейман боп қонды олар. Ол кемпiр бидай салып, егiн еккен, Падишаһтың шыққанына көп күн өткен. Палас, кiлем астына кемпiр жайып, Екеуiн тәрбиелеп құрмет еткен. Падишаһ «Тағам бер» деп бередi алтын, Кiмнiң кiм көрiп бiлер салтанатын? Түрлi-түрлi нығметтен алып келiп, Уақыт болды тағамды даярлайтын. Жауап сұрды бұлардан кiм екенiн, – Қайда, – деп, – руғ, туған һәм мекенiң? Бұлар айтты: – Падишаһтың құлдарымыз, Бiлемiз оның қашып жүр екенiн. Әй, адам, оны iздеп жүргенiмiз, Бiзге хабар берiңiз көргенiңiз. Өз халiңдi, шешеке, бiздерге айтшы? Естiп яки падишаһты бiлгенiңiз? – Мен қорқамын бұл жерде сiзден, – дедi, Падишаһ ұғылы атасынан безген, – дедi. Өлтiрмекшi баласы ол падишаһты, Не жауапты сұрайсың бiзден? – дедi. Падишаһ айтты: – Iздер ме жаңа патша? Сiзге жауап тидi ме хабарлатса? Кемпiр айтты: – Ол неге iздемесiн? Қоймайды жатқанын қайда жатса. Күнде-күнде жар салар базарларға, «Дүнияда падишаһ көрген адам бар ма?» Өз ұғылы, уәзiрi қас қылыпты, О да болса құдiрет, амал бар ма?! Жаңа падишаһ һәр жерге хабар салған, «Кiмде-кiм падишаһты ұстап алған. Дүниялiгiм бәрiн де берем» деген, Қашқан падишаһ қолына түспей қалған. Һәр жерге осындай боп, хабар жетер, – Қашып кеткен падишаһ ендi нетер? Бiреу, әгар, үйiне сақтап тұрса, – Бiле қалса, ол адам басы кетер. Ол кемпiр осылай айтып салды, Падишаһ мұны естiп қапаланды. – Падишаһ екенiмдi айтсам ба? – деп, Қасындағы жолдасына ақыл салды. Жолдасы жауап бердi: – Өзiң бiл, – деп, Падишаһ кемпiрге айтты: – Мұнда кел! – деп. Ол табиғ болған уәзiрдiң iштерiнде, Сұрады қандай адам бiлесiң? – деп. – Олардан бiр уәзiр өзiм бiлем, Һәрқашан мен үйiне барып келем. – Әй, кемпiр, бiр сөзiм бар, сақтармысың? Кемпiр айтты: – Не десең, мақұл көрем. Айтыңыз сырыңызды күтейiн мен. Айтпасқа соған уәде етейiн мен, Һешкiмге паш қылмасқа уәде, Басым кетсе, бiрге кетейiн мен. – Әй, кемпiр, баласынан сасып жүрген, Мен едiм, сол падишаһ қашып жүрген. Жаңа падишаһ дұшпан-дүр менiм балам, Орнымды падишаһ болып басып жүрген. Мұны естiп ол кемпiр алаңдады, Қорыққанынан бетiнде қан қалмады. «Ендi менi бiлселер өлтiредi», – деп, Тағы да бiраз тұрып ой ойлады. Аяғына жығылды падишаһтың, – Ұғылың, қызың бар ма ендi сенiң, жаным? Кемпiр айтты: – Бiр жалғыз ұғылым бар, Онан басқа перзент жоқ ендi менiм. – Әй, шеше, осы жерде тұрыңыз тек, Менiм айтқан ақылымды алмаңыз кек. Әгар да тәж бен тақытым қолға кiрсе, Қасыма жалғыз ұғылың қыламын бек. Сен тұрма бұл арада ой ойланып, Сен келшi сол уәзiрден хабар алып. Һешкiмге менi айтпай өзi келсiн, Қасыңа айтыңыз шақырып алып. Кеш болып, уәзiрге кемпiр кеттi, Уәзiрдiң өз үйiне барып жеттi. Уәзiрге мағлұм қылды падишаһ халiн, Ол кемпiр мұны айтып зарлық еттi. Уәзiр айтты: – Бара тұр мен барайын, Тағзым рұқсат падишаһтан мен алайын. Мұны айтып ол кемпiр үйге келдi, Падишаһ жүр: – Жеткiзгiл, – деп, – бар Құдайым. Уәзiрi кеш болғанда киiм кидi, Суретiн ауыстырып мұнда келдi. Падишаһ өз уәзiрiн көрген халде, Зарланып мұңын айта қоя бердi. Падишаһ айтты: – Мұндай болды менiм халiм, Сiздi мен ренжiтiп алдым малың. Болған iс болып қалған қайта келмес, Жәрдем қыл мұндай болды ахуалым. – Әй, падишаһ, қабыл едi пәрменiңiз, Сiздiң де қиналмасын бұ жаныңыз. Уәзiр болсам, мен сiздiң құлың едiм, Малым алсаң, әуелде өз малыңыз. Әй, падишаһ, күнәһiң жоқ сiздiң, – дедi, Өз күнәһiм бар болған бiздiң, – дедi. Алдымнан жаяу жүрiп жеткенiңше, Алдайық көрген жанның көзiн, – дедi. Көргендер қызметшiм деп ойласын, Үйiме қонақ болсын ғазиз басың. Қашан тақытың қолыңа кiргенiнше, Менiменен үйiмде сiз боласың. Падишаһ уәзiр сөзiн қабыл еткен, Уәзiрiнiң үйiне жаяу жеткен. Бiр талай уәзiрiнiң мақамында, Падишаһ бiр Алладан сабыр күткен. Бiр күнi әскер жиып соғыс қылды, Баласының уәзiрiн забун қылды. Қиянатты уәзiр мен бектерiн, Падишаһ һәммаларын һәлак қылды. Өлтiрттi падишаһ өз баласын, Әй, тақсыр, мұны көрiп таң қаласың. Уәзiр мен бектердi жиып алып, Падишаһ һәммасының алды басын. Әй, падишаһ, бұ хикаят оның үшiн, Уәзiрдiң қылғандарын көремiсiң? Өз баласы дұшпандық қылды мұндай, Бұларға сiз инанып жүремiсiң? Осындай иттифақта уәзiрлерiң, Дос көрiп жүресiз оның бәрiн. Не нәрсе бұ басыма келедi? – деп, Не болар ертең менiм халiм? Падишаһ қатын сөзiн қабылдады, Өзiнiң сарайында дамылдады. – Сенiң бұл хикаятыңа қарағанда, Бұлардан һешбiр пайда табылмады. Хақ екен сенiң айтқан сөздерiңiз, Құдай бiлер, аман қалмас шыбын жаны. Қатын және қуанып тұра келдi, – Уәзiрлердiң өлтiрiңiз бәрiн, – дедi. Жаңа уәзiр қой дағы ғишрат қыл, Олайша қылмайынша болмас, – дедi. Падишаһ қатын сөзiн қабыл еттi, Өзiнiң сарайында ұйықтап кеттi. Ертеңмен тақытына отырды да, «Баланы алып кел!», – деп әмiр еттi. Әдiлдiк қаһарына келдi падишаһ, Уәзiрдiң бәрiн жиып тұрды падишаһ. – Анасының ахуалын айтар ма екен? Сұраңыз бұ баладан, – дедi падиша. Бас уәзiр жауап бердi: – Бiтiрейiк, Жұмысын бұ күндерде жетiрейiк. Құзырыңызға ол келiп сұралса екен, Алдыңызға рұқсат болса келтiрейiк. Падишаһ: «Алып кел!» – деп әмiр еттi, Баласын бiреу алып келiп жеттi. – Әй, ұғлан, анаңа не iс қылдың? Сөйлеуге бердiң бұ күн рұқсатты. Тағы да шаһзада үндемедi, Жақсы-жаман жауаптан сөз демедi. Ол бала сөйлемеске кеткен екен, Падишаһ қаһарланып жөн демедi. Бас уәзiр айтты: – Әй, тақсыр, жоқ қой молда?! Бiр хайла қылар едi осы жолға. Молданы iздегенiмен таба алмады, Түспедi қарағанмен тағы қолға. – Молда жоқ, – падишаһқа хабар бердi, Жоқ дегенге иқрар мұны көрдi. Падишаһ не қыларын бiлмедi ендi, – Жиылып осы жерде тұрың, – дедi. Падишаһ: – Жарлығымды көрсiн, – дедi, Жалладтар әзiр болып келсiн, – дедi. Әдiлдiгiм заһир болсын бүгiнгi күн, Бұ бала ажалды боп өлсiн, – дедi. Падишаһ осылайша қаһар етiп, Жаллады қылыш алып келдi жетiп. Падишаһ айтты: – Қылышың өткiр ме едi? Уәзiрлердi он-оннан отыртып. Он-оннан уәзiрлердi отыртты, Ендi бiлдi Құдайдан қаза жеттi. Қылыш қолына алып жалаңаштап, Жаллады үшбу халде зарлық еттi: – Мен бiр жауап айтайын, Қылышымды тартайын. Iшiмдегi зарымды, Сiздерге айтпай қайтейiн. Өлтiрсем, бәрiң өлерсiң, Алда ненi көрерсiң? Бiраз толғап байқайын, Арманда болып жүрерсiң. Азаматтар, жарандар, Он сегiз мың ғаламдар. Қуатты болған қолым бар, Қылышыма қараңдар. Қатын тiлi кесерсiң, Ақыл болса кешерсiң. Арманда өтер шаһзада, Ендi басы кесiлсiн. Падишаһ әмiрiн қыла ма, Арманда болып жылама. Жалғызыңнан айрылып, Биiк таудан құлама. Алла мұны оңдар ма? Көкiрегiңде мұң бар ма? Қылышым өткiр, жарандар, Тiлейтұғын жан бар ма? Әй, падишаһ, жыларсыз, Ақырында бiлерсiз. Қаталықпен өлтiрiп, Қайғысынан өлерсiз. Дұрыс емес бұл iсiң, Мықты болған қол күшiм. Кесiлген бас оңалмас, Өткiр болған қылышым. Қата қылмай, әй, падишаһ, Ойласаңшы дұрысын! Шаһзаданы өлтiрiп, Қайтармаңыз ер iсiн. Асыл жасқа жала қып, Өгейлiгi құрысын. Қазiр шапсам өтедi, Қара жерге жетедi. Тыңдайтұғын жан бар ма?! Арманда болып кетедi. Ол жаллад осылай деп тұр зарланып, Қия алмай шаһзаданы үш айналып. «Ұстазы шаһзаданың келедi» деп, Бiлдiрттi падишаһқа бiреу барып. Адамдар бұл молдаға келдi жетiп, Падишаһ қаһарын мағлұм етiп. Қара жерге тигiзбей екi аяғын, Падишаһқа алып келдi дедектетiп. Падишаһ айтты: – Есiткенiм әңгiме-кеп, Баланы бердiм сiзге бiледi деп. Қырық күндей сөйлемедi жалғыз әрiп, Бұған сен айтқанба едiң, сөйлеме деп? – Сөйлеме деп айтқаным рас едi, Бұлардың сөзiнде жоқ талас, – дедi. Мен рұқсат қылғанда осы бала, Иншалла, сөйлемей қалмас, – дедi. Қырық күндей нахошты бар бiлгенiмде, Талиғын бiр күн ашып көргенiмде. Бiр әрiп сөз сөйлесе, өлмек екен, Тiрi боп жер жүзiнде жүргенiнде. Ендi уақыт тамам боп бiткен жерi, Нахошты күндерiнiң кеткен жерi. Ендi рұқсат сөйлеуге бұ балаға, Жаман кетiп, жақсылық жеткен жерi. Ұғланды алып келдi молдасына, Ғарiптiң қайғы толған бiр басына. – Әй, балам, не оқиға, хабарың бар? Бiр шайтан кiрген шығар арасына. Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим, Қайран боп тамам халық көзiн салса. – Қатыннан не оқиға болды маған?! Салды ғой, жүзi қара, маған жала! Бисмиллаһи деп қозғайын, Пиғылымды бұзбайын. Сабақ оқып жүрушi едiм, Әдiл жолдан азбайын. Ұстазыма келушi ем, Сабағымды бiлушi ем. Iлiмдiкке тоя алмай, Құмар болып жүрушi ем. Бiр күн және келгенiм, Алып сабақ жүргенiм. Ұстазым маған бiр қарап, Туғры айтты бiлгенде. Шақырды маған: – Берi кел, – деп, Қаза келсе, жөнел, – деп. Мен бiр ақыл айтайын, Сөзiм қабыл, жөн көр, – деп. Жас алғаным көзiме, Құлақ салдым сөзiне. Мен бiлейiн артымнан, Кiтап ашқан өзiме. – Қайда кетер тұрағың? Естiп тұрсын құлағың. Талиғыңа қарап ем, Бiр сөз көрдiм, шырағым. Ендi сөздi сөйлеме, Сөйле десе, үндеме. Бәле келер басыңа, Бiреу сөзiн жөн деме. Сөз сөйлесең, өлесiң, Қазалы өлiм көресiң. Тұта алмасаң сөзiмдi, Арманда боп жүресiң. Ұстазым айтты бұлай деп, Үйге келдiм «мақұл» деп. Сөз сұрады бұ әкем: – Қанша оқу бiлдiң? – деп. Сөйлемедiм бiр әрiп, Ашуланды қабарып. Бiр кәнизакты анама, «Әкел, – дедi, – апарып». Бiр кәнизакқа тапсырды, Айта ма деп бiр сырды. Анама алып келген соң, Өтiрiк жала жапсырды. Маған келдi: – Балам, – деп, Сенi бай қып алам, – деп, Атаңызды өлтiрiп, Аузына у салам, – деп. Халық қылса жаласын, «Алды десе анасын», Сатып жiберiп жариам деп, Қайта сатып аласың. Анам айтып қабысты, Бетiме келiп жабысты. Үндемей сабыр қылсам да, Ендi ойладым намысты. Шыдай алмай дертiне, Түстi менiм көтiме. Жақын келiп сүйерде, Қойып қалдым бетiне. Менiменен ұрысып, Ол отырды бүрiсiп. Аузы-мұрны қан болып, Екi жақта қонысып. Әкем келдi көрем деп, Менiм жайым бiлем деп. Сөйлемедiм бiр әрiп, Шешесiнен бiлем деп. Шешем отыр қан болып, Әкем тұрды таң болып. Жаратылған сенен де, Осындайда жан болып. Падишаһ тiлiн аласың, Жұртқа хүкiм саласың. Падишаһты көрдi де, Маған жапты жаласын. – Ғашық болған бұ балаң, Менiм үшiн қайғы алған. Қазiр мұны өлтiршi, Басыңнан өтер бұ жалған. Мұрады сенi өлтiрмек, Жаныңа қаза келтiрмек. Уәзiрменен бас қосып, Жұмыстарын бiтiрмек. Шешем шықты бұлай деп, Өтiрiктен қайғы жеп. – Падишаһ, менен сұрасаң, Балаң жайы солай, – деп. Әкем жаман ақырды, Аруағын судай сапырды. Жалладтарын бұйырып, Уәзiрлерiн шақырды. Уәзiр тiлер күнiнде, Шешем бұзар түнiнде. Әкем қыстап сұраса, Сөйлемедiм бiрiн де. Сөйлемедiм бұл iстi, Уәзiрлер маған болысты. Менi сұрап алам деп, Ынтымағын қылысты. Бiр шайтан келiп кiрiстi, Көңiлiне салды бұрысты. Уәзiрлер айтар әдiлiн, Шешем айтпас дұрысты. Ғұмырымның өткенi, Шаттық күнiм жеткенi. Қырық нахошты күндердiң Осылай тамам бiткенi. Шаһзада мұны айтып жылады ендi, Көл қылып көздiң жасын бұлады ендi. – Маған қылған оқиға осылай, – деп, Шаһзада жердi құшып құлады ендi. Молдасының жүр екен сөзiн күтiп, Жылады шаһзада қайғы жұтып. Падишаһ қайран қалып мына сөзге, Бармағын аузына тұрды тұтып. Қас қылған шаһзада кемеңгерге, Залал қылған жарамас мұндай ерге. Қимылдата бiлмедi қызыл тiлiн, Падишаһ жақсы-жаман пәлен дерге. Барша жұрт бұл қатынға қылды қайран, Падишаһ және сұрды жариадан. – Шаһзада сөздерi рас-дүр, – деп, Бәрi де жарианың куәһ болған. – Тақсыр-ау, бiз есiттiк қатын сөзiн, «Шаһзадаға ғашықпын» деген кезiн. «Сiздi өлтiрiп, балаға қосылам» деп, Жалынып, арыз қылып айтқан сөзiн. Падишаһ баласының мойнын құшып, Келiп бетiн сүйедi, тақыттан түсiп. Қатынға «Мың түрлi лағынет» деп, «Болады екен мұндайын хайла» десiп. Уәзiрлерiн баршасын құрмет еттi, Киiм берiп падишаһ бәрiн күттi. – Сөздерiңiзге екiншiлей сенемiн, – деп, Падишаһ: – Күнәм кеш, – деп ғұзыр еттi. Қырық күндей нахошты ендi бiттi, Дос болады деп ойлама қатын иттi. Уәзiрлердiң тiлiне ендi нанып, Баланың халалына жаңа жеттi. Уәзiр айтты: – Бiздер жаман қыламыз ба? Жауапқа жауап бермей қаламыз ба? Бiздiң тiлдi сыйладың рахмет-дүр, Құданың жазбағанына боламыз ба? Әй, падишаһ, бiз сөйледiк болады деп, Шариғаттың бұйрығын қылады деп. Көргенде қаһарыңнан қорқып едiк, Хайлакер қатын тiлiн алады деп. Бiз тiлеп, әй падишаһ, жүрер едiк, Қатынның жауыздығын бiлер едiк. Баланы нақақ iспен өлтiрсеңiз, Артынан бәрiмiз де өлер едiк. Уәзiрлер бұлайша деп айтты бәрiн, Оқиға көңiлiнде қайғы-зарын. – Хан, сұлтан болғанында – бiздер құрмет, Бiлемiз қатындардың ахуалдарын. Падишаһ бiр қара есек келгiзедi, Қатынын оның үстiне мiнгiзедi. Есек құйрығын аяғына байлап қойып, Есектi қамшыменен жүргiзедi. Есек қашты далаға жалт-жұлт етiп, Қатын жерге құлады түсiп кетiп. Һәрбiр тастың басында етi қалды, Құр сүйегi қалады етi бiтiп. Жақсылығың келедi басыңызға, Сауабың қарсы келер қасыңызға. Бiр Құданың жазғаны болмаса, әгар, Инанба дұшпан түгiл досыңызға. Кiсiге шұқыр қазсаң ықтималды, Өзiңдi бар Құдайым оған салды. «Шұқыр қазсаң, терең қыл» деген сөз бар, Оның үшiн айтады бұ мысалды. Қас қылсаң, көңiлге қайғы толар, Дұшпан құтылып, өзiңнiң көңiлiң солар. Кiсiге деп шұқыр қазсаң, терең қазғыл, Өзiңiз шыға алмасқа тәуiр болар. Құлақ сал, ағаларым, сөзiмiзге, Дүния харам көрiнер көзiмiзге. Жақсылық жамандықты қылған болсаң, Келедi аумай, талмай өзiңiзге. Падишаһ андан кейiн қылды тойды, Той қылғаны хисапсыз малдар сойды. Уәзiр мен бектердi жиып алып, Бұрынғы қапалықтың бәрiн жойды. Қырық күндей ойын-күлкi, тамаша еттi, Шаһзаданы құрметтеп тақытта күттi. Қырық күнде зауық етiп тамам халық, Жұрт тарқап шаһарынан ойын бiттi. Андан соң неше жыл ғұмыр сүрдi, Падишаһ әдiлдiкке мойын бұрды. Хақ Тағала һәр қайсымызға тауфиқ берiп, Андан соң шаһзада да падишаһ болды. Қатынның күнәһiлары болар қиын, Өлеңдi келiстiрген бiздiң зиһн. Қатынның хайласымен аман сақтап, Амин бихурмат сайдил мурсалин. Жамағат сауап таппақ мiнезiңнен, Күнәһiлi болмағың бар бiр сөзiңнен. Бiреуге обалыңды арта көрме, Жамандық кiсiде жоқ, көр өзiңнен. Ағалар, ғибрат ал осы сөзден, Түзелер қисық ағаш қорған тезден. Бақсының асасындай салдырармыз, Қартайып нұр кеткенде қызыл жүзден. Һәртүрлi жаратқан Пәруардигар, Шариғат дәмiн татсаң алма, шекер. Жақсы деп, иә жаман деп, күмән қылма, Қатынға жан тiл бiрлән сену бекер. Бек көркем, халалдықпен дiн қосқан, Көңiлiң жаман сөзге тез суысқан. Қатынның кейбiр хилаф тiлiне ерiп, Араз боп көрмей кетер бiр туысқан. Айыбыңды жаман қатын күнiнде ашқан, Осалдық мiнезiңдi жұртқа шашқан. Даулы әйелдiң мiнезi мен қылығынан, Бiз түгiл, дию менен перi қашқан. Жауызбен шамаң келсе қоспа басты, Көтерiп жүрмегейсiз ауыр тасты. «Қатыным осылайша сөз айтты» деп, Басыңды билеткенiң жарамас-ты. Сүлеймен пайғамбарым, падишаһ өткен, Қатыны жұлдыз болып, көкке кеткен. Һарут пен Марут деген перiштелер, Құдықта қатын үшiн демi бiткен. Әйелде не мiнез жоқ тiзе берсе, Үмiтiн көрген сайын үзе берсе. Тәуекелге тапсырып жүрмесеңiз, Қойнында қатын тұрмас безе берсе. Қиссаны мен жазбаймын ермек үшiн, Кiтаптан өлең қылып термек үшiн. Мирас қып кейiнгiге жаза салдым, Оқыған жан ғибрат алып бiлмек үшiн. Ақылбек Сабал ұғылы – менiм атым, Ағалар, айып қылма насихатым. Тамам қып бiтiрдiм өлең қылып, Қатын мен қырық уәзiр хикаятын. Бұл өзi – Османия кiтап сөзi, Нұсқасын мен ғарiптiң көрген көзi. Мен ғарiп қазақша қисса қылдым, Бұрын өлең болған мұның өзi.
English
This language variant is not available
This language variant is not available