Абылай хан мен Тұрсынбай батыр (І нұсқа)

Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың Сары даласында бір қара ала атты кез болды дейді. – Кімсің? – деп, жөнін сұрағанда: – Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен – Балтакерей Тұрсынбай, – дейді. – Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе...

Kazakh
Абылай хан мен Тұрсынбай батыр (І нұсқа)
Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың Сары даласында бір қара ала атты кез болды дейді. – Кімсің? – деп, жөнін сұрағанда: – Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен – Балтакерей Тұрсынбай, – дейді. – Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе танық едім, батыр, жорықтас болайық, олжалас болайық, – дейді. – Жалғыз жүрсем, жан-жағым толып жүруші еді, көп ортасына кірсем, жабыланып кетуші едім. Сізбен бір сапар жолдас болайын, – дейді. Ханмен қосылып, Алатауға қарай бет қойып, бірге жүрді. Бір өзен аққан судың бойында көп мола бар екен. Абылай хан Балтакерей Тұрсынбай батырға айтты: – Анау тұрған бейітте бейіт ағашы бар ма екен, байқап келші, – деді. Батыр барып, аралап келді де: – Жалғыз-ақ көрде бейіт ағашы бар екен, өзгесі тас екен, – деді. Хан еш нәрсе демеді. Алатауға барды, қырғыз болсын, қалмақ болсын, ел шабысқан жоқ. Түзден ер басына бір түйе, бір аттан олжаласты. Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты. Піскен тамақ таусылды, мал сойып, ыстық қылып ішуге отын табылмады. Қол ашығыңқырап, жүдеп, баяғы көп моласы бар суға қонаға жетеміз ғой десіп келе жатады. Абылай хан көп қолға білдірмей, екі жігітті ілгері оздырды: – Бүгін қонатұғын жерде бір көрде бейіт ағашы бар деген. Ерте жарық барда соны тауып алып ақтарып, біреуің қайта өзінікіндей қылып, бетін жауып тегістеп, адам ашпағандай қылып қойыңдар. Түн болған соң, мен «бейіт ағашты алып кел!» деп Балтакерей Тұрсынбай батырды жіберейін. Көрді ақтарып, бейіт ағашты ала бергенде: «өлген менің көрімде әкеңнің көз құны бар ма еді?» деп ал жағасынан. Шошыр ма екен, шошымас па екен, батырлығын сынайық, – дейді. Хан жарлық қылған соң, екі жігіт ілгері озып барып, бірі ақырет оранып, ішіне түсіп жатып, бірі қайта жымпитып, өзінікіндей қылып жауып тастап, екі атпен өзі бір сайға барып, жасырынып жатты. Қас қарайып, сам жамыраған мезгілде қол судың бойына келіп қонды. Ыстық қылып ішейін десе, тамызық жоқ. Абылай хан Балтакерей Тұрсынбайға: – Баяғы өзің көрген бейіт ағашты сен тауып алып келмесең, бұрын көрмегендер қараңғыда барғанмен, таба алмайды ғой, – дейді. – Мен барып алып келейін, – деп, бара сала-ақ тас-талқан қылыпты. Бейіт ағаш сау етіп, ішіне түсіп кеткен соң, қолын созып, жиып ала бергенде, көрдің ішінде жатқан: – Өлген менің көрімде әкеңнің құны бар ма еді? – деп жағасынан шап беріп ұстай алғанда: – Уай, енеңді... Сен шалажансар өліп жатқан неме болсаң, мен шын өлтіріп кетейін, өлген кісі өліп көрде жата берер болар. Тірі кісі бейіт ағашын алып, жаға берер болар. Өлі саған бола тірі Абылай аштан өле ме? – деп, үстіне міне түсті дейді, жалма-жан қаруын суырып жатыр дейді, – басын шауып тастайын! – деп. Шын өлтіретұғынына көзі жеткен соң, астындағы батыр жалынды дейді: – Мен өлі емеспін, тірі кісімін, сізді сынамаққа хан бұйырып еді, – деп. – Солай десейші, мен шын анық өлмей, шалажансар жатқан бірдеме ғой деп ойлап қалдым, – депті. Бәрі бас қосып, бейіт ағашты алып келіп, ыстық қылып ішісіп отырғанда, хан: – Пенде болып, ешнәрседен қорықтың ба? – деп сұрағанда. – Тақсыр, неге қорықпаймын, он алты жасар күнімде әкем пәлен ханға нөкерлікке берді: «осы баламды батырлыққа баулып бер» деп. Сонда ханның жылқысын бақтым. Жарқырап жаз шыққан соң, күркіреп көк шыққан соң, бір ақ боран болып, жылқы ықты. Жылқыменен бірге мен ықтым. Үш күн, үш түннен соң күн шайдай ашылды. Жылқы жусады, мен де аттан түсіп, жата қалдым. Көзім ілініп бара жатса, өн бойым мұздай болып, шымырлап бара жатқан соң, көзімді ашып жіберсем, білектей қара шұбар жылан аузымның үстінен артылып түсіп бара жатыр екен. Аузымменен қауып қалып едім, басы бір бөлек, құйрығын бір бөлек екі жағыма бөлініп түсіп қала берді. Ортасын жұтып жібердім, қорықпасам, жыланды жеймін бе, өзімнің жан болып, қорыққаным сол, – деді. – Бәрекелді, батырлығыңа болайын, қатты қорыққан екен. Бұрынғы заманда батыр деп осындай жандарды айтады екен. Бұл уақытта торғайға әлі келмейтұғын бөдененің жұмыртқасында немелерді батыр, батыр дейді. Онысы – қанды шелек, көк тақым ұры. Кигеніне қарасаң, қуыс қурай...
English
Abilai Khan and Tursynbai Batyr (Version I)
When Abilay Khan set out on a campaign, it is said that there was a black and white horse in the vast, desolate Sary Dala of Betpak. – Who are you? – he asked. – If you don't count my old boots, I have much to offer; if you don't count my old bow, I have much to say. I am Baltakerey Tursynbay, – he replied. – Well done, I was familiar with your name, I recognized your face; let us be companions in this campaign, let us share in the spoils, – he said. – When I walk alone, I am surrounded; when I enter a crowd, I am overwhelmed. Let me accompany you on this journey, – he said. Together with the Khan, they headed towards Alatau. There were many graves by the flowing river. Abilay Khan said to Baltakerey Tursynbay: – Check if there is a grave tree at that tomb over there, – he said. The warrior went to check and returned, saying: – There is only one grave tree, the rest are stones. – The Khan said nothing. They reached Alatau, and whether Kyrgyz or Kalmyk, no one attacked the people. They managed to gather one camel and one horse from the steppe. After winter set in, they hurried back. Their cooked food ran out, and they couldn't find firewood to cook meat hot. They were feeling weak and thought they would reach the water with many graves. Abilay Khan discreetly sent two young men ahead: – It is said that there is a grave tree where we will camp tonight. In the early morning, find it and dig it up; one of you should cover it back up as if it were your own, smoothing it over so that it looks untouched. After dark, I will send Baltakerey Tursynbay to bring the grave tree! When he digs it up and takes the grave tree, ask him: “Is there a price for your father’s eyes in my grave?” Let’s see if he gets scared or not; let’s test his bravery, – he said. After the Khan issued the order, the two young men went ahead, one wrapped in a shroud and lying inside, while the other covered it back up to make it look like his own, and they hid in a ravine with two horses. As dusk fell and the night deepened, the group settled by the water. They wanted to drink hot but found no fuel. Abilay Khan said to Baltakerey Tursynbay: – If you don’t find that grave tree you saw before, those who have never seen it will not be able to find it in the dark, – he said. – I will go and get it, – he said, and immediately smashed it to pieces. After the grave tree was safely inside, he reached out to gather it when he heard from inside the grave: – Is there a price for your father’s eyes in my grave? – and he lunged at him. – Oh, your mother... If you are a half-dead thing lying here, I will truly kill you; a dead person can lie in the grave, but a living person can take the grave tree. Will the living Abilay die of hunger for you? – he said, and he jumped on him, saying he would chop off his head! Once he realized he was truly going to kill him, the warrior shouted: – I am not dead; I am alive; the Khan ordered me to test you, – he said. – Then say so; I thought you were truly dead and lying half-alive, – he replied. When everyone gathered and brought the grave tree, sitting around drinking hot, the Khan asked: – As a human, were you not afraid of anything? – – My lord, why should I be afraid? When I was sixteen, my father gave me to serve a certain Khan: “Train my son to be a warrior,” he said. So, I tended the Khan's horses. When spring blossomed and the sky thundered, a snowstorm came, and the horses took shelter. I took shelter with them. After three days and three nights, the sun shone brightly. The horses grazed, and I dismounted and lay down. As I was dozing off, my body turned icy, and I felt a shiver. When I opened my eyes, a thick black striped snake was slithering over my mouth. I bit it with my mouth, and its head fell off one side, its tail on the other, and I swallowed the middle. If I were not afraid, would I eat the snake? My fear was for my life, – he said. – Well done, I commend your bravery; you were truly scared. In ancient times, such people were called warriors. Nowadays, they call those who cannot even catch a sparrow in a quail's egg warriors. That is a bloody bucket, a blue-thighed thief. Looking at what they wear, they are just hollow reeds...