Абылайдың соңына ерген батырларын сынауы (ІІІ нұсқа)

Абылай хан болып тұрғанда бірнеше батырларымен жолға шығыпты. Соның ішінде Абылаймен тетелес Ораздың немересі Сапақ бірге шығыпты (Ораздан – Қожагелді, Қожагелдіден – Сапақ). Сапақ жүрген жерінде: – Менің ұлы атам Абылайға жолдас болып Түркістаннан келген. Мен де атамның жолын қуып ханның жорығына еріп жүрмін, – дейді...

Kazakh
Абылайдың соңына ерген батырларын сынауы (ІІІ нұсқа)
Абылай хан болып тұрғанда бірнеше батырларымен жолға шығыпты. Соның ішінде Абылаймен тетелес Ораздың немересі Сапақ бірге шығыпты (Ораздан – Қожагелді, Қожагелдіден – Сапақ). Сапақ жүрген жерінде: – Менің ұлы атам Абылайға жолдас болып Түркістаннан келген. Мен де атамның жолын қуып ханның жорығына еріп жүрмін, – дейді екен. Оған жұрт: – Ораз Абылайды елінен, жұртынан безіп, қиын жерде жанын қиып жолдас болған екен. Сен атаңның жолын қуа аласың ба? – десе, Сапақ мақтанып: – Неге болмайын, болам, – дейді екен. Көпшілік «осыны бір сынайық» деп жүріпті. Бір күні қоналқы жерде қатты жауын болып, ас пісіретін отын болмай тарығыпты. Сонда біреулер: – Мына жерде мола бар, соның ағашын алайық, – депті, – қараңғы түнде моланың ағашын кім бұзады, оған ерлік етіп кім барады, мына Сапақ болмаса, – депті. Сапақ: – Несі бар, мен барам. Атымды ұстарға біреуің еріңдер, – депті. Мана мазақтап жүрген көпшілік «мұны бір сынайық» деп күні бұрын молаға бір адамды жасырын жіберіпті де, оған: «сен жасырынып жатып, моланы бұза бергенде тұра ұмтыл!» – депті. Айтқанындай қасына жолдас алып Сапақ молаға келіпті де, атын жолдасына ұстата салып моланы бұза беріпті. Ар жағында аңдып жатқан адам Сапаққа тұра: – Бардың малын алдыңдар, қырғыз, қалмақтың жанын алдыңдар, енді менің моламды неге бұзасың, – деп ұмтылыпты. Сонда Сапақ: – Өлі сен түгіл, тірі Абылай қоста аш жатыр, – деп қарсы ұмтылғанда, ана адам: – Ала бер, ала бер, – деп тура қашыпты. Сапақтың атын ұстап тұрған адам о да қорқып, Сапақты тастап анадай жерге барып тұрыпты. Сапақ керегінше отын алып қайтыпты. Ертеңінде мұны Абылай естіпті. Сапақты шақырып алып: – Батыр аңғырт болатын, сен жүректі батыр екенсің. Бірақ жау тұра қашпайды, жүрекпен бірге амал да, айла да керек, – депті.
English
The testing of the warriors who followed Abilai (Version III)
When Abilai Khan was in power, he set out on a journey with several warriors. Among them was Sapak, the grandson of Oraz, who was a contemporary of Abilai (from Oraz to Kozhagedli, from Kozhagedli to Sapak). Wherever Sapak went, he would say: – My great-grandfather came from Turkistan to accompany Abilai. I am also following in my grandfather's footsteps, accompanying the Khan on his campaign. The people would respond: – Oraz accompanied Abilai, sacrificing his life in difficult times, fleeing from his homeland and people. Can you follow in your grandfather's footsteps? – to which Sapak proudly replied: – Why not? I can do it. The crowd thought, "Let's test this." One day, while camping, there was heavy rain, and they were struggling to find firewood to cook. Then someone said: – There is a graveyard nearby; let's take some wood from there. Who would dare to break the wood from the graveyard in the dark of night? Who would have the courage to go, if not this Sapak? Sapak responded: – What’s the problem? I will go. One of you hold my horse. The crowd, who had been mocking him, decided to test him and secretly sent someone to the graveyard the day before, telling him: "You hide there, and when Sapak starts breaking the wood, rush at him!" As he had said, Sapak arrived at the graveyard with a companion, handed his horse to his friend, and began to break the wood. The person lying in wait suddenly rushed at Sapak, saying: – You have taken the livestock, you have taken the lives of the Kyrgyz and Kalmyks, why are you breaking my grave? To which Sapak replied: – Even if you are dead, alive Abilai is with me, – and as he charged back, the man shouted: – Take it, take it, – and ran away. The person holding Sapak's horse also got scared and left Sapak behind, standing some distance away. Sapak collected as much firewood as he needed and returned. The next day, Abilai heard about this. He called Sapak and said: – A brave warrior can be naive; you are a courageous warrior. But the enemy does not flee easily; along with courage, you also need strategy and cunning.