Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы (І нұсқа)

Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді: – Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сы...

Kazakh
Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы (І нұсқа)
Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді: – Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сырттан-ау!» деген біреуін таңдап шығарсын. Менің кісім Абылайдың шығарған кісісін күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан Абылай безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің кісімді күші асып, өлтіріп кетсе, малдан, жаннан қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз шығалық, Абылай олжа қылсын. Уағда осы болсын! – деп. Абылай хан: – Жарайды, болса болсын, – депті. Қалмақтың бұрыннан белгілі бір сырттаны бар екен, жолбарысты құйрығынан ұстап алып лақтырады екен және жерге бір-ақ қойып өлтіретұғын күші бар екен. Абылайда өйтіп сыналған белгілі сырттан жоқ екен. Өзінің сынауы бойынша, Шақшақ немересі Жәнібекті шығармақ болды дейді. Жәнібектің туған шешесі Есім хан өлтіретұғын Тұрсын ханның қызы екен. Ташкентті шапқанда Шақшақ батыр Есім ханның батырының басы екен. Тұрсын ханның бір қызын Есім хан баласы Жәңгір ханға олжалап алып бергенде, бір қызын Шақшақ батыр баласы Қошқар батырға олжалап алып беріп, Жәнібек сонан туып, сонда Жәнібектің шешесі Абылайға айтып тапсырып қосқан екен: – Аттың сырттаны жауһарлысын үш жыл іздетіп, зорға таптым. Ағаштың сырттаны жауһарласын үш жыл тарап зорға таптым. Адам сырттанын мырза Құдай бір күн төсекте жатқан түсімде берді. Осы жолы алып барып, ненің сырттаны болса да, бір айқастыр! – деп. – Ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың! – деп оған айтып қойды дейді. Сол түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қайтпақшы болып, «ханға айтып кетейін» деп жетіп келсе, Жәнібектің түсінен қорқып оянғанын хан да түсінде көріп: «маған келмей кетпес-ау!» деп басын көтеріп, тосып отыр екен. Таң жаңа сәуле беріп, ондағы-мұндағы көрінерлік мезгіл екен: – Батыр, жай ерте келдің бе? Асып-үсігіп бір нәрседен қысталып жүрсің бе, немене? – дейді. – Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққаннан: «осы жолы өліп кетсем, тұқымсыз кетермін» деп қайтуға ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін деп жүрегім аузыма тығылып, әрең келдім, – дейді. Хан сонда атшысын «Шыйеш» дейді екен: – Шыйеш! Мирақор! – деп шақырды, атшысы: – Алдияр, тақсыр! – деп жетіп келді. – Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл жирен атымды есіктің алдына алып кел! – дейді. Ханды онан басқа ат көтеріп жүре алмайды екен. Мирақоры атты есіктің алдына алып келгенде, Жәнібекке: – Жай қолыңды! – дейді. Жәнібек қолын жайып, ұшып тұра келгенде: – «Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа» – деп еді. А, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл қыл! – деп жирен атты түс садақасы деп айтып, жалма-жан сойдырып, талатып жіберді. – Айт, батыр, енді түсіңді, – дейді. – Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақтан жекпе-жекке пәленше деген жайсаңы шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа-шұрт болып қалғанда, мені ол найзамен шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда «енді бауыздап тастайды-ау!» деп кеудеме көз салсам, қарасам оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен, сол емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Шошып ояна келсем, түсім екен. Көрген түсім – осы, – дейді. – Түсің түс-ақ екен. Мұнан жақсы түс бола ма? Түсіңде сені ол шаншып түсірген болса, өңіңде оны сен шаншып түсіреді екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол мініп жүрген болса, өңіңде оның кеудесіңе сен атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің тамағыңа ол қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағына сен қылыш даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен, өзі асқан айдаһар ер болады екен, батыр атанады екен. Сол емшегіңнен айдаһар еміп жатса, өзіңнен бір қыз туып, онан туған жиен о да айдаһардай ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстай туады екен. Осынша өсіп-өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің, бар, жекпе-жекке кіре бер! Жүсіп пайғамбардың түсі болсын да, Жақып пайғамбардың жоруы болсын! – дейді. Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы қашып кетті, жүрегі тасып кетті, қайрат-қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп: – Жекпе-жек! Жекпе-жек! – деп айғайлап шыға шапты дейді. Қалмақтың жайсаңы құты қашып, аяғын тәлтіректеп басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен-өзі қалбалақтап, сасып, айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағынан қылышты тигізер тигізбесте шалқасынан жатқан қалмақ: – Тоқта, – дейді, – түнде сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім-ау! Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс жорушым ретін тауып айта алмағаннан алып кеттің-ау! – дейді. Сонда Жәнібек басын кесуге қимады, қолынан ұстап жетектеп, Абылай ханға алып келді. Өзі өскен-өнген жан екен, он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтыпты дейді. Жан болса, осындай болсын!
English
The dream of Batyr Zhanibek during Abilai's campaign (Version I)
When Abilai Khan gathered his forces and marched towards the Kalmyk Khatysban, the Khan of the Kalmyks sent a messenger to Abilai, saying: – Abilai, our dispute is not about religion, but about wealth. Let us not let our people slaughter each other for wealth! I will find a Kalmyk warrior to fight in my place, and Abilai should choose someone from his own people (his nation) to fight as well. If my warrior defeats and kills Abilai's chosen warrior, let Abilai flee with his wealth and life, and we will take the spoils. If Abilai's warrior defeats and kills mine, let me wash my hands of wealth and life, raise both hands above my head, and let us leave, and Abilai can take the spoils. Let this be our agreement! – he said. Abilai Khan replied: – Alright, let it be so. – There was a well-known Kalmyk warrior who could grab a tiger by its tail and throw it down, killing it instantly with his strength. Abilai did not have such a tested warrior. According to his assessment, he decided to send out Zhanibek, the grandson of Shakshak. Zhanibek's mother was the daughter of Tursyn Khan, who was killed by Esim Khan. When Tursyn Khan's daughter was captured, Esim Khan's son, Jangir Khan, took one of Tursyn Khan's daughters, and Shakshak the warrior took another daughter for his son, Koshkar, and Zhanibek was born from her. Zhanibek's mother had told Abilai: – I searched for three years to find a warrior of the horse, and I found it with great difficulty. I searched for three years to find a warrior of the tree, and I found it with great difficulty. The warrior of man was given to me by the Lord God in a dream while I was lying in bed. This time, take him and let there be a clash of warriors! – she said. – Tomorrow, you will go out to face the Kalmyk warrior! – he told him. That night, Zhanibek had a dream and woke up startled, planning to break camp and return to his people, thinking, "I should inform the Khan." When he arrived, the Khan had also seen in his dream that Zhanibek woke up frightened: "I hope he doesn't leave without coming to me!" he thought, raising his head and waiting. The dawn brought new light, and it was a time when things could be seen: – Warrior, did you come early? Are you in a hurry about something? – he asked. – Your Majesty, I had a bad dream. Out of fear from that dream, I thought, "If I die this time, I will leave without descendants," and I was preparing to return, my heart in my throat, I barely made it here, – he replied. The Khan then called his horseman, whom he called "Shiyesh": – Shiyesh! Mirakor! – he called, and the horseman replied: – Aldiyar, Your Majesty! – as he came. – Bring my old Narqyzyl chestnut horse that Bogenbay gave me to the front of the door! – he said. No other horse could carry the Khan. When Mirakor brought the horse to the door, he said to Zhanibek: – Spread your hands! – Zhanibek spread his hands and came forward. – "Give charity for a good dream, and give charity for a bad dream," he said. Oh God, why should I interpret this dream? Accept it as a charity for the chestnut horse! – he said, and quickly had it slaughtered and distributed. – Now tell me, warrior, about your dream, – he said. – If I tell you my dream, Your Majesty, a Kalmyk warrior named so-and-so came out to fight, and I came out from this side. When we clashed, he stabbed me with his spear. As he was about to mount me and cut my throat, I thought, "He will surely slaughter me!" and when I looked at my chest, I saw a dragon snake sucking my right breast. I woke up startled; it was just a dream. This is what I saw in my dream, – he said. – Your dream is indeed a good one. Can there be a better dream than this? If he stabbed you in your dream, in reality, you will stab him. If he was on your chest in your dream, in reality, you will be on his chest. If he prepared a sword for your throat in your dream, in reality, you will prepare a sword for his throat. The dragon snake sucking your right breast will be born from you, and it will play on you as a child, and it will become a great dragon, a warrior. If it is sucking your breast, a girl will be born from you, and the child born from her will also roar like a dragon. Your descendants from a son and your grandchildren from a daughter will ride steeds and carry banners. You are destined to grow and prosper. How can you die? Go, enter the duel! May it be the dream of Prophet Yusuf and the interpretation of Prophet Jacob! – he said. After the Khan interpreted the dream as if it were written with a hand, and while he was distributing the horse, Zhanibek's fear vanished, his heart swelled, and his strength surpassed what it was before. He called for his horse and mounted it: – Duel! Duel! – he shouted and charged out. The Kalmyk warrior lost his courage, stumbled as he stepped, not knowing how to wield his spear, floundering and panicking as they were about to clash. Zhanibek the warrior stabbed him down, and as he was about to strike his throat with the sword, the Kalmyk, lying on his back, said: – Stop, – he said, – you saw it in a dream, and I saw it too. I would have taken you and placed you under my feet! You took me because your dream interpreter interpreted it well, while my interpreter failed to find the right words! – he said. Then Zhanibek could not bring himself to behead him; he took his hand and led him to Abilai Khan. He was a grown man, from eleven villages. He did not touch those eleven villages but plundered the other Kalmyks naked and returned with the spoils. May a soul be like this!