Абылайдың бір жорығы (ІІІ нұсқа)

Қарақалмақ Қатысыбанның ханы Абылайға елші жіберген екен: – Абылай менен менің таласым дін емес, дүние ғой! Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен өз қоластыма қараған қалмақтан бір сырттан табайын, Абылай да өз қоластына қараған қазақтан бір сырттан тауып келсін! Екеуін жекпе-жекке шығарайық. Менің сырттанымның кү...

Kazakh
Абылайдың бір жорығы (ІІІ нұсқа)
Қарақалмақ Қатысыбанның ханы Абылайға елші жіберген екен: – Абылай менен менің таласым дін емес, дүние ғой! Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен өз қоластыма қараған қалмақтан бір сырттан табайын, Абылай да өз қоластына қараған қазақтан бір сырттан тауып келсін! Екеуін жекпе-жекке шығарайық. Менің сырттанымның күші асса, малдан, жаннан Абылай безіп шықсын біз олжа қылайық. Абылайдың сырттанының күші асса малдан, жаннан қол жуып, екі қолды төбеге қойып, біз шығайық, Абылай олжа қылсын. Уәде осы болсын! – деп. – Жә, бәсе, – деп бұл сөзге Абылай да қол қойыпты. Қалмақта аты шулы атағы шыққан сырттан бар екен де, қазақта ондай білікті болып, ауызға ілініп, көзге түскен сырттан жоқ екен. Абылай хан сырттан тауып алуға ел аралапты. Шақшақ батырдың ауылына келіп түсіпті: – Хан келді! Хан келді! – деп жұрт жабырласып шығып жатыр дейді. «Шақшақ батырдың бір немересі бар Жәнібек деген» деп естуі бар екен. Бірақ түсін көрген жоқ екен. Далада алдынан жүгіргендердің ішінде ол тұлғалы жан көзіне көрінбеді дейді. Хан Шақшақ батырдың үйіне кіріп келсе, үй ішінде құрт қайнатқан қазан бар екен. Шешелері жүгіріп кеткен соң «құрттың түбі күйіп кетер» деп кеулеуіш алып қолына қазанды кеулеп, араластырып тұр екен. «Хан келді-ау!» деген хабарында жоқ, сәлем-пәлемді білмейді, құртын араластыра берген екен. Хан: – Батыр қайда десем, құрт қайнатып тұр екен-ау! – депті. – Үйде құрт қайнатуға жарамаған жаман, жауда ат ойнатуға жараушы ма еді? – депті. Жәнібекті тапқан қатын «Қатаған ханы» атанған хан Тұрсынның қызы екен. Тәшкен ханы болып тұрған күнінде Еңсегей бойлы ер Есім Қатағанды қырып, хан Тұрсынды өлтіріп, қынадай қырғын қылған шабыншылықта бір қызы Есім ханның олжасына үлеске түсіп, ол баласы[н] Салқам Жәңгірге қосқан екен де, бір қызы Шақшақ батырдың олжасына үлеске түсіп, бұл баласы[н] Қошқарға қосқан екен. Сонда Жәнібектің шешесі айтты дейді: – Аттың сырттанын өзім [ат]қа мініп, қазақ жылқысын үш жыл аралап, таптым. Ағаштың сырттанын тоғайдан тоғай қалдырмай, орманнан орман қалдырмай үш жыл аралап зорға таптым. Адамның сырттанын мырза Құдайлығымен төсекте жатқан бір түн түсімде берді. «Қалай берді?» десең, ұйықтап жатыр едім, үстіме келіп бір нәрсе шөкті. Бойым иіді, тұрып кетті. Немене екенін айырып біле алмадым. Бір сипап қалдым, жүнді барақ нәрсе екен. Бар, апар да, айқастыра бер! Бір кісіден өлсе, жыласам, көзіме ақ түссін! – депті. Абылай алып кетті, қалмаққа барды. Ертең ертеменен екі жақтан сырттандар жекпе-жекке шығыспақ болды. Түнде жатып Жәнібек бір түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жықтырды дейді. «Ханға айтып кетейінші» деп келсе, хан да түйсініп оянып, басын көтеріп отыр екен: – Батыр, жай ма? – депті. – Не жай болсын? Бір түс көріп, айтуға аузым бармайды. Қосымды жықтырып, арттырып, тарттырып қойдым. Сізге жолықпай кетпейін деп, өкпем аузыма тығылып, әрең келдім, – депті. Хан сонда: – Шыйеш! – деп атшысын шақырды, жетіп келді. – Уа, менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл атымды есіктің алдына алып кел! – деді. Тоқтау бар ма, атты көлденең ұстап алып келді. Жәнібекке: – Ұшып түрегел де, қолыңды жай! – деді, – а, Құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл қыл! – деп, – Нарқызылды сой да, тарат, – дейді, – енді шошыма, орнығып отыр да түсіңді айт, – деді. – Түсімді айтсам, тақсыр, қалмақ сырттанымен айқаса кеткенде ол мені найзамен шаншып түсірді. Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесуге ыңғайланғанда, кеудемде екі айдаһар жылан – бірі оң емшегімде қадалып, бірі сол емшегімде қадалып жатыр екен, – дегенде: – Түсің түс-ақ екен! Мұнан жақсы бола ма? Түсіңде сені ол шаншып түсіріп жүрсе, өңіңде оны сен шаншып түсіреді екенсің. Түсіңде сенің кеудеңе ол атша мініп жүрсе, өңіңде оның кеудесіне сен атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің тамағыңа ол қылыш жалақтатса, өңінде оның тамағына сен қылыш жалақтатасың. Оң емшегіңді емген айдаһар жылан – өзіңнің туайын деп тұрған балаң айдаһардай ақырып туады екен. Сол емшегіңді еміп жүрген – өзіңнен бір қыз туады. Онан бір жиен туады. Ол да айдаһардай ақырып туады. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстап туады екен. Өзің осынша өсіп-өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің? Бар, жекпе-жекке шыға бер! – деді. Хан түсін қолмен ұстатқандай жорыған соң, атын айтып сойып, талатып жатқан соң Жәнібек көркейіп, тасып кетті. Қайрат-қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті. Атына міне сала: – Жекпе-жек! Жекпе-жек! – деп айғай сала шапты. Қалмақ сырттанының құты қашып, аяғын әукелектеп басып, найзасын қалай толғарын білмей, өзінен қалбалақтап сасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағына қылышты ыңғайлағанда, шалқасынан жатқан қалмақ: – Тоқта, тоқта, – дейді, – түнде сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім-ау! Сенің түс жорушың жақсы жорығандығынан, менің түс жорушым жаман болғандықтан алып кеттің-ау! – дейді. Мұндай жанның басын қалай кесесің? Қолынан ұстап, Абылай ханға алып келді. Өзі де өскен-өнген жан екен. Он бір ауыл болған сабаз екен. Сол он бір ауылға тимеді де, өзге қалмақты тұттай жалаңаш қылып тонап, алып қайтты. Хан болса, осындай болсын!
English
One of Abilai's Campaigns (Version III)
The Khan of the Karakalpaks, Qatysban, sent an envoy to Abilai: – My dispute with you, Abilai, is not about religion, but about wealth! Let us not pit our people against each other for the sake of wealth. I will find a warrior from among the Karakalpaks under my command, and Abilai should find one from among the Kazakhs under his command! Let us have them fight in single combat. If my warrior is stronger, let Abilai flee with his wealth and life, and we will take the spoils. If Abilai's warrior is stronger, let us wash our hands of wealth and life, raise our hands to the heavens, and let Abilai take the spoils. Let this be our promise! – he said. – Well, that’s settled, – Abilai agreed to this. There was a renowned warrior among the Karakalpaks, but there was no one of such skill among the Kazakhs who had gained recognition. Khan Abilai traveled the land to find a warrior. He arrived at the village of Batyr Shakshak: – The Khan has come! The Khan has come! – the people were bustling about. There was a rumor that "Shakshak Batyr has a grandson named Janibek." However, he had not been seen. Among those running out to greet him, that tall figure did not come into view. When the Khan entered the house of Shakshak Batyr, there was a cauldron boiling with curds inside. After the women had run off, one of them took a ladle in hand, fearing that "the curds would burn," and was stirring it. There was no news of "the Khan has come!" and she did not know how to greet him, continuing to stir the curds. The Khan said: – When I asked where the warrior was, I found you boiling curds! – he remarked. – What good is a person who cannot even boil curds at home? Could he be good for riding in battle? – she replied. The woman who found Janibek was the daughter of Khan Tursyn, known as the Khan of the Qataghans. During the time when he was the Khan of Tashkent, the tall and strong Esim Khan slaughtered the Qataghans, killed Khan Tursyn, and caused a great massacre. One of his daughters fell into the spoils of Esim Khan, and he married her off to his son, Salqam Janğir, while another daughter fell into the spoils of Shakshak Batyr, and he married her off to his son, Qoshqar. Then Janibek's mother said: – I found the warrior's horse by riding around the Kazakh horses for three years. I searched the woods without leaving a grove behind and without leaving a forest behind for three years and barely found it. As for the human warrior, God granted me a vision of him one night while I was lying in bed. "How did he grant it?" you ask. I was sleeping when something settled on me. My body bent, and I stood up. I could not discern what it was. I touched it, and it was a furry creature. Go, take it, and let them fight! If I die at the hands of one person, may my eyes turn white! – she said. Abilai took him and went to the Karakalpaks. The next morning, both sides were to engage in single combat. That night, Janibek had a dream and woke up startled, and he ordered the camp to be struck. He thought, "Let me go tell the Khan," and when he arrived, the Khan was also awake, sensing something, and was sitting up: – Warrior, what is it? – he asked. – What could it be? I had a dream, and I cannot bring myself to speak of it. I ordered the camp to be struck, and I have drawn back and prepared. I barely made it here, holding my breath, not wanting to meet you, – he replied. The Khan then called for his horseman: – Bring my old Narqyzyl horse, which Bogenbay gave me, to the front of the door! – he commanded. Without delay, they brought the horse. To Janibek, he said: – Jump up and stretch out your hands! – he said, – O God, whatever I interpret from this dream, may you accept it! – and he said, – Slaughter Narqyzyl and distribute it, – he instructed, – now do not be startled, settle down and tell me your dream, – he said. – If I tell my dream, my lord, when I fought with the Karakalpak warrior, he stabbed me with his spear and knocked me down. As he was about to mount me and cut my throat, I saw two dragon snakes on my chest – one was piercing my right breast, and the other was piercing my left breast, – when he heard this, he said: – Your dream is indeed a true one! Can it get any better than this? In your dream, he stabs you down, but in reality, you will stab him down. In your dream, he rides on your chest, but in reality, you will ride on his chest. In your dream, he brandishes a sword at your throat, but in reality, you will brandish a sword at his throat. The dragon snake sucking your right breast will roar like a dragon when it is born. The one sucking your left breast will give birth to a girl from you. From her, a grandson will be born. He will also roar like a dragon when he is born. Your descendants from your son and your grandson from your daughter will be born riding steeds and holding flags. You are destined to grow and prosper. How can you die? Go, engage in single combat! – he said. After the Khan interpreted the dream as if handing it to him, and after slaughtering the horse and distributing it, Janibek became elated and overflowed with strength. His vigor and power surpassed what it had been before. As soon as he mounted his horse: – Single combat! Single combat! – he shouted and charged forward. The Karakalpak warrior lost his courage, stumbled as he stepped, not knowing how to wield his spear, and in the midst of his confusion, Janibek the Batyr stabbed him down, mounted him, and as he was preparing to cut his throat, the fallen Karakalpak said: – Stop, stop, – he said, – you had a dream, and I had a dream too. I had taken you and placed you under my feet! You took me because your dream interpreter interpreted it well, and my dream interpreter interpreted it poorly! – he said. How could one behead such a person? He took him by the hand and brought him to Khan Abilai. He was also a grown and developed person. He was a man of eleven villages. He did not touch those eleven villages but plundered the other Karakalpaks, leaving them completely naked, and brought them back. The Khan said, let it be so!