Абылайдың өз түсін жоруы

Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті (әркім әр түрлі айтады). Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік алдында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жолсыз ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көлдің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға келсе, есіктің а...

Kazakh
Абылайдың өз түсін жоруы
Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті (әркім әр түрлі айтады). Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік алдында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жолсыз ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көлдің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап жатыр екен. Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қарап секіретін түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз бетімен жүре беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян келіп кідіріп, бәрі де көз алдында өз бетімен кетті. «Манағы құрақты көлім сор болды ма? Бұлақ болды ма? Шалшыққа айналды ма? Не болғанын қарауға өзім де жиреніп жатып оянып кеттім», – дейді. Естушілер не деп жоруын білмей, жақсылыққа жоруға қисынын таба алмай, жамандыққа жоруға ханына бата алмай отырыпты. Сонда Абылай өзі былай деп жорыпты: – Менің көрген жыным, айдын шалқар көлім, ол мына менің көрген дәуірім, мына отырған сендерсіңдер. Ана жапырылып көрінген менің қоғадай жапырылып бас иіп тұрған халқым. Оның ақыры былай болды. Шіркін, халқым, дәуірің осындай болады екен ғой! Көрген арыстаным – ол дұшпаным. Қанша дұшпаным қайрат етсе де, әсер етпеді. Оның артындағы қасқыр, түлкі, қоян – олар менің кейінгі тұқымдарым болар. Олардың ақыры қоянға ұқсап, ел-жұрт қараудан да жиренетін болады екен ғой! – деп жорып, өзі қатты күйзелген екен. Сонда қасындағылар да: – «Түс – түлкінің боғы», жақсыға жорыңыз, түс көрушіден емес, жорушыдан, – деген екен.
English
Abilai's Interpretation of His Dream
Abilai either at home or on a campaign, had a dream (everyone says differently). In his dream, while sitting in a thick thicket, he looked out the door and saw a large lake in front of the door. The reeds and bulrushes were flattened, leaning towards the windless side. "Oh my, why are the reeds of this lake flattened without wind?" he thought, and when he stepped outside, there was a lion staring back at him at the door. Abilai froze in fear. The lion seemed ready to leap, gathering its strength menacingly, and then walked away on its own. After that, a wolf, a fox, and a rabbit came to that place and lingered, all leaving on their own before his eyes. "Did the reeds of that lake become a swamp? Did it become a spring? Did it turn into a puddle? I was so disgusted to see what had happened that I woke up," he said. The listeners, not knowing how to interpret it, could not find a way to interpret it as good, nor could they dare to interpret it as bad for their Khan. Then Abilai interpreted it himself: – The anger I saw, the vast lake, that is my era, and you are the ones sitting here. The flattened reeds I saw represent my people, who are bowing down. This is how it ended. Oh my people, so this is how your era will be! The lion I saw is my enemy. No matter how much my enemies try, they have no effect. The wolf, fox, and rabbit behind it – they might be my descendants. Their end will be like that of the rabbit, and they will become something that the people will be disgusted to look at! – he interpreted, deeply distressed. Then those around him said: – "A dream is just a fox's dung," interpret it as good, it's not the dreamer but the interpreter that matters.