Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр

Атақты Абылай хан тұсында қазақ пен қалмақ арасында әртүрлі соғыстар мен сойқан соқтығыстар аз болмаған. Сондай бір соғыста қазақтың қолын Абылай хан, қалмақтардың қолын Қалдан Серен бастайды. Сол кездегі дәстүр бойынша, екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шығуға тиіс болады. Сірә, алдын ала дайындалып келсе керек, қалмақ...

Kazakh
Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр
Атақты Абылай хан тұсында қазақ пен қалмақ арасында әртүрлі соғыстар мен сойқан соқтығыстар аз болмаған. Сондай бір соғыста қазақтың қолын Абылай хан, қалмақтардың қолын Қалдан Серен бастайды. Сол кездегі дәстүр бойынша, екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шығуға тиіс болады. Сірә, алдын ала дайындалып келсе керек, қалмақтар жағынан ала атты, ала сауытты алпауыттай бір батыр атын ойнақтатып ортаға шыға келеді. Ә дегенде тайсақтап сескенді ме, қазақтар жағынан жекпе-жекке жуырда ешкім шыға қоймаса керек. Содан бұған Абылай ханның өзі дайындала бастайды. Сол кезде бір қартаңдау тартқан батыр келіп: – Уа, хан ием, сен тоқта! Қарт болсам да, мен шығайын. Жазатайым мерт болсаң, жұрт қазақтың ханы қалмақ батырының қолынан қаза тапты дер. Ал, мен мерт болсам, бір шал шетінеді дер, – дейді де, хан рұқсат еткен соң, жекпе-жекке шығады. Бірінші кезек қалмақ батырына беріледі. Адуын батыр зілмауыр батпан шоқпармен салып жібергенде, қазақ батыры денесіне дарытпайды. Қазақ батыры: «тоқтат ендігі кезек менікі» дейді ақырып. Қазақ батыры қалмақ батырын денесіне дарытпай найзамен түйреп алып, атынан түсіріп кетеді. Атын ұстап әкеліп, батырдың алдына тартады да: – Уа, батыр, сен мені мүлдем құртатын болып ең. Бірақ оның болмады. Мен сені өлімге қимадым. Осы да жетер, атыңа мін де әскеріңе қайт, – дейді. Қалмақ батыры: – Мен елімнің алдына жан салмаған бір батыры едім. Екі жақтың қалың қол әскері екеуміздің жекпе-жегімізді көріп тұр. Мен өз ханыма кімнен жеңілдім деп барамын, – деп сұрайды. – Барқының ұлы батыр Нияз дегейсің ханыңа, – деп қазақ батыры әскеріне қарай жүре беріпті. Ертеңінде қалмақтар жағынан жаушы келіп: «Кешегі қазақ батырын Қалдан Серен ханымыз шатырына шақырып жатыр» деп хабар береді. Нияз батыр жанына екі батыр інісі Ақтайлақ пен Итқараны алып келсе, кірер жолына кілем төсеп тастаған. Батыр аттан түспестен кілемнің үстімен хан шатырының алдына бірден келеді. Мұнысын жақтырмай ашу шақырған хан «басыңды аламын» деп, қылышын суырғанда батыр Нияз кеудесін керіп, төсін айқара ашыпты. Хан қылышын қынабына салып, нөкерлерімен құрметтеп, аттан түсіріп алыпты. Хан шатырына қалмақтардың барлық батырлары жиналған екен. Содан Қалдан Серен Нияз батырға қарап тұрып: – Кешегі өзің найзамен түйреп, аттан түсіріп кеткен батырды танисың ба? Осылардың ішінен тура көрсет, таба алмасаң басыңды аламын! – дейді тағы да. Нияз батыр кешегі қалмағын дәл танып, тура көрсетіпті. – Жарайсың, батырым, көңілден шықтың. Енді не тілегің бар, соны айт! – депті қалмақ ханы. – Үш тілегім бар. Бірінші, екі арадағы осындай соғысты тоқтат, екіншісі, мынау екі көл мен екі төбеге таласпа, қазақтың өзіне бер, жаугершілікке барма! Ал үшіншісі, тілегім мойныңда қалсын, кезегі келгенде, кезінде сұрармын, – депті батыр Нияз. Қалдан Серен бұған келісіп, екі жақ тыныштықпен тарасыпты. * * * Сол заманда тағы соғыста Нияздың екі баласы бірдей қаза табады. Бірақ шау тартқан батыр ол соғысқа қатыспаған. Жұрт жиналып Ниязға келіп, қалмақтардан кегін алуды сұрайды. Бірақ батыр келіспей: – Бұл жолғы соғысты бастаған қалмақтар емес, қазақтар. Екі балам оған рұқсатсыз қатысты. Ризашылығым болған жоқ. Құн да, кек те іздемеймін, – деп кесіп айтады. Кейін тағы бір соғыс болып, онда басқалармен бірге қалмақ ханының бас уәзіріндей болған атақты бір батыры қаза табады. Осы соғыста қалмақтар Абылай ханды қолға түсіріп, тұтқынға алады. Осы хабарды естіген Нияз атқа мініп, баяғы екі батыр інісін ертіп Қалдан Серенге келеді. Нақ осы жолы ол өзінің үшінші тілегінің мойнында қалғанын қалмақ ханының есіне салып, сол үшін келгендігін мәлімдейді. – Соңғы соғыстарға қатысқаным жоқ. Қартайған шағымда қан төгіп, қырғын іздегім келмейді. Екі ұлымның да, басқаның да құнын сұрамаймын. Кек те іздемеймін. «Хан екі айтпайды» деген, сонау жолғы қалдырған үшінші тілегімді бер, соған келдім, – дейді Нияз батыр. – Айтқаным айтқан, бердім үшінші тілегіңді, айт! – депті Қалдан Серен. – Қазақтың басына көтерген ханы, қолбасшымыз Абылай ханды босат, үшінші тілегім осы! – дейді батыр. Хан бұған мүдіріп қалады да: – Уа, Нияз батыр, хан екі айтпайды деуші еді. Бірақ та, осы тілегің қинап тұр. Соңғы соғыста бетке ұстар қас батырымыз қаза тапқан, әйелі содан бері азалы күйде қара жамылып, қайғының күйігінде отыр. Күндіз-түні жылауда, көз жасын бұлауда. Ханың соның қарамағында берілген, онсыз босата алмаймын, – дейді. – Бәрін де біліп отырмын. Бірақ әйел алдына барып бас ұра алмаймын. Ханымызды босатуды ханнан ғана сұраймын! «Хан екі сөйлемейді» деп өзің де айттың, менің бұдан басқа үшінші тілегім жоқ», – деп батыр отырып алады. Сөзден тосылып, аз кем ойланған Қалдан Серен ақырында әйелді алғызып, мән-жайды түсіндіріп, сөз түйінін өзіне тастапты. – Қас батырыңыз кетті, өлер күйеуім өлді. Қайғыдан қажып, күйіктен күйреп отырғанымда рас. Тұтқындағы қазақ ханы менің қайғымды сейілтпес. Сізге батыр болмас, өлген де қайтып тірілмес. Қазақ батырына берген уағдаңыз болса, ханды босату, босатпау өз ықтиярыңызда, менің қарсылығым жоқ, – дейді әйел. Осыдан соң Абылай ханды тұтқыннан босатады. Абылай ханды тұтқыннан босатқанда ешбір соғыссыз, қайта Нияз батырды нөкерлерімен қоса той думанмен шығарып салады. Сол жолы да Нияз батыр шапқыншылықтарда қалмақтар қолында кеткен көптеген тұтқындағы адамдарын да босатып ала қайтады. Нияз батырдың Абылай ханды тұтқыннан босаттырғанын айғақтайтын тағы бір дерек бар. Бұл Абылай ханның ұрпағы Кенесары кезінде болған оқиға. Кенесары өз заманында патшалық Ресейдің қазақ жерін одан әрі отарлай беру саясатымен жүргізген шараларының бәріне қарсы болған. Патша өкіметіне жалпақтағандардың қайсысын болмасын жазалап отырған. Кенесарының қолына бірде орыстарға көмектескен деген желеумен Қаңтарбай батыр деген кісі түседі. Бұл – Нияз батырдың бергі ұрпақтараның бірі. Тұтқында бұғаулы отырған Қаңтарбай батырды Кенесары алдына алдырыпты. Сонда Қаңтарбай бармағын тістеп отыра беріпті. Кенесары жөн сұрастырып, жауап аларда: «бармағыңды неге тістей бересің?» деп сұрапты. Сонда Қаңтарбай батыр: – Бармағымды неге тістемейін. Егерде менің бабам Нияз батыр сенің бабаң Абылай ханды қалмақтың тұтқынынан босатпаса, одан сенің әкең мен, сен тумасаң, бүгін мен сенің тұтқының болып отырмас едім ғой. Мен соған өкініп, бармағымды тістеп отырмын, – депті.
English
The hero who freed Abilai from captivity
During the famous reign of Abilai Khan, there were many wars and fierce clashes between the Kazakhs and the Kalmyks. In one such battle, Abilai Khan leads the Kazakh forces, while the Kalmyks are led by Kaldan Seren. According to the customs of that time, two heroes from each side were supposed to engage in a duel. Perhaps having prepared in advance, a giant warrior from the Kalmyk side, riding a spotted horse and wearing spotted armor, boldly steps into the arena. Initially, the Kazakhs seem hesitant, as no one from their side steps forward for the duel. Then, Abilai Khan himself begins to prepare for the fight. At that moment, an older warrior approaches and says: – O Khan, you stop! Even though I am old, I will go out. If you happen to perish, people will say that the Khan of the Kazakhs was killed by a Kalmyk warrior. But if I perish, they will say an old man has died, – and after receiving permission from the Khan, he steps forward for the duel. The first turn is given to the Kalmyk warrior. When the fierce warrior swings his heavy mace, the Kazakh warrior dodges the blow. The Kazakh warrior shouts, “Now it’s my turn!” He then thrusts his spear at the Kalmyk warrior, piercing him and bringing him down from his horse. He holds the horse and brings it to the warrior, saying: – O warrior, you were truly going to destroy me. But that did not happen. I could not bring myself to kill you. This is enough; mount your horse and return to your army, – he says. The Kalmyk warrior replies: – I was a warrior who never lost to anyone in my homeland. The armies of both sides are watching our duel. How will I return to my Khan and tell him who I lost to? – he asks. – Tell your Khan that you lost to the great warrior Niyaz, – the Kazakh warrior says as he walks back to his army. The next day, a messenger from the Kalmyks arrives, saying, “Our Khan Kaldan Seren is calling the Kazakh warrior from yesterday to his tent.” When Niyaz brings along his two younger warrior brothers, Aktailaq and Itqara, they find a carpet laid out at the entrance. Without dismounting, the warrior walks straight onto the carpet to the front of the Khan’s tent. The Khan, displeased with this, threatens, “I will take your head,” and draws his sword, but Niyaz, puffing out his chest, opens his torso wide. The Khan sheaths his sword and, honoring him with his retinue, has him dismount. All the Kalmyk warriors have gathered in the Khan’s tent. Then Kaldan Seren looks at Niyaz and says: – Do you recognize the warrior you pierced with your spear and brought down from his horse yesterday? Point him out among these! If you cannot find him, I will take your head! – he says again. Niyaz immediately recognizes the Kalmyk warrior and points him out. – Well done, my warrior, you have pleased me. Now tell me your wish! – says the Kalmyk Khan. – I have three wishes. First, stop such wars between us; second, do not dispute over these two lakes and two hills, give them to the Kazakhs, and do not go to war! And third, let my wish remain with you; I will ask for it when the time comes, – says warrior Niyaz. Kaldan Seren agrees to this, and both sides disperse peacefully. * * * In that time, in another battle, both of Niyaz’s sons perish. However, the aging warrior did not participate in that battle. The people gather and ask Niyaz to take revenge on the Kalmyks. But the warrior disagrees: – This time, it was not the Kalmyks who started the war, but the Kazakhs. My two sons participated without permission. I have no gratitude for that. I do not seek compensation or revenge, – he decisively states. Later, another battle occurs, and among others, a famous warrior who was the chief minister of the Kalmyk Khan dies. In this battle, the Kalmyks capture Abilai Khan and take him prisoner. Upon hearing this news, Niyaz mounts his horse and, accompanied by his two warrior brothers, goes to Kaldan Seren. At this time, he reminds the Kalmyk Khan of his third wish that he had left behind and states that he has come for that reason. – I did not participate in the last battles. In my old age, I do not wish to shed blood or seek slaughter. I will not ask for compensation for my two sons or anyone else. I do not seek revenge. You said, “The Khan does not speak twice,” so grant me the third wish I left behind, that is why I have come, – says warrior Niyaz. – What I said, I said; I have granted your third wish, now speak! – says Kaldan Seren. – Free our Khan, our commander Abilai Khan, this is my third wish! – says the warrior. The Khan hesitates: – O Niyaz warrior, they say the Khan does not speak twice. However, this wish troubles me. In the last battle, our leading warrior was killed, and since then, my wife has been mourning and is in deep sorrow. Day and night she weeps, her tears flow like a river. The Khan is under my command, and without him, I cannot release you, – he says. – I know everything. But I cannot bow my head before my wife. I will only ask the Khan to release our Khan! You yourself said, “The Khan does not speak twice,” I have no other third wish, – the warrior sits down. Caught off guard by the words, Kaldan Seren thinks for a moment and finally has the woman brought in, explains the situation, and leaves the conclusion to her. – Your great warrior is gone, my dying husband is dead. It is true that I am exhausted by grief and crushed by sorrow. The captive Kazakh Khan will not ease my grief. You may be a warrior, but the dead cannot return to life. If you have made a promise to the Kazakh warrior, whether to release the Khan or not is up to you; I have no objections, – says the woman. After this, Abilai Khan is released from captivity. When Abilai Khan is freed, it is done without any war, and instead, warrior Niyaz is sent off with a feast along with his retinue. That time, warrior Niyaz also returns, freeing many captives who had fallen into the hands of the Kalmyks during the raids. There is another piece of evidence that confirms warrior Niyaz’s role in freeing Abilai Khan from captivity. This incident occurred during the time of Abilai Khan’s descendant Kenesary. Kenesary opposed all the measures taken by the Tsarist Russia to further colonize Kazakh lands. He punished anyone who collaborated with the Tsarist government. At one point, a man named Qantarbay, who was accused of helping the Russians, is captured. This is one of the descendants of warrior Niyaz. Kenesary summons Qantarbay to him. There, Qantarbay keeps biting his finger. Kenesary, while inquiring, asks, “Why do you keep biting your finger?” Qantarbay replies: – Why shouldn’t I bite my finger? If my ancestor warrior Niyaz had not freed your ancestor Abilai Khan from the Kalmyk captivity, you and your father would not have been born, and today I would not be your captive. I regret that, and that is why I am biting my finger, – he says.