Абылайдың Әтеке жырықпен соғысуы

Абылай орыс патшасына бағынбай онымен соғысып, жеңілетін болған соң, осы Алатауға қарай ауып келеді. Абылай Ұлы жүз бен қырғыздың шекарасын мекен қалған. Қырғыздар жақын тұрған қазақтарды жерінен айдап қуған екен. Содан Абылай қырғызға кісі салып: «Қазақ пен қырғыздың жерін ашып белгілейік», – деп кісі жіберіпті. Абыла...

Kazakh
Абылайдың Әтеке жырықпен соғысуы
Абылай орыс патшасына бағынбай онымен соғысып, жеңілетін болған соң, осы Алатауға қарай ауып келеді. Абылай Ұлы жүз бен қырғыздың шекарасын мекен қалған. Қырғыздар жақын тұрған қазақтарды жерінен айдап қуған екен. Содан Абылай қырғызға кісі салып: «Қазақ пен қырғыздың жерін ашып белгілейік», – деп кісі жіберіпті. Абылайдың жіберген кісісін қабылдамай, қырғыздың Әтеке деген батыры қабылдамапты. Сонан кейін Абылай қазақтарды жиып, қырғызбен соғыс ашты. Абылай қырғызбен неше күн соғысып, қырғыздың Жайын деген батыры Абылайдың оғына ұшқан. Бұл соғыста Жайын батырдың бес ұлы Абылайдың қолына түскен. Қырғыздың басшысы шал, өзі батыр – Әтеке батыр екен. Өзі салақтау жатады екен. Бұрынғы бір соғыста Орта жүздің бір жас бала жігіті Әтекенің қолына түскен екен. Оның аты – Алтыбай еді. Әтеке мұны жақсы болатын бала деп, өз тәрбиесіне алып, шайын қайнаттырып, атын ерттетіп жүреді екен. Қырғыздың батыры Жайын оққа ұшқаннан кейін, Абылай қырғыздарды қуып, Әтекенің жатқан жеріне шейін қуып келген. Әтеке Алтыбайға айтыпты: – Балам, қарашы, шаң қалай шығады? Әрине, ары ма, бері ма? – Ойбай, ата, шаң бізге таман қаптап келе жатыр! – дейді. Сонда Әтеке айтыпты: – Құдай төбеден ұрды десеңші, балам, атты жылдам ерттей гөр! – депті. Алтыбай жүгіріп, Әтекенің Ноқталыкер деген бәйге атын ерттеп жіберіпті. Соның арасынша Абылайдың батырлары қашқан қырғызды қуып, Әтекенің үстіне келіп қапты. Сонда Ноқаталы кер аспанға ырғып Әтекені мінгізбепті. Алтыбай Әтекені «қап» деп көтеріп аттың үстіне салып жіберіпті. Әтеке Ноқталыкерге мініп алғаннан кейін: – Балам, Құдай бақытыңды көтеріп, жолың болсын! – деп, өзі «шу» деп жеткізбей кетіпті. Әтекені мінгізіп жіберген баланы Абылайдың батырлары көріп қалыпты. Абылайдың өзі келгеннен кейін: – Әтекені кім мінгізіп құтқарып жіберді? – деп батырлардын сұрады. Сонда біреу айтыпты: – Осында бір қазақ бала мінгізіп жіберіпті. – Сол баланы маған тауып әкел, қанын ұрттайын, – деп Абылай бір тамақ ішпей, қанжарына таянып отырып алыпты. Абылайдың жолдасы Малайсары батыр, онан кейін көкжал Барақ батыр Алтыбайды қолтықтап Абылайдың алдына алып келіпті. Сонда Абылай қанжармен тап беріпті. Екі жолдасы айтыпты: – Алдияр тақсыр, мұның басын алғаннан біздің басымызды ал! – деп екеуі басын изепті. Сонда Абылай хан: – Жауқырай қайдан кез келіп едіңдер? – дейді де, қанжарын лақтырып тастапты. Абылай қанжарын тастаған соң: – Мына баланы қазірден бастап көзін жоғалтыңдар! – депті. Екі батыр баланы бір мықты атқа мінгізіп, екеуі босатып жіберіпті. Алтыбай еліне аман-есен барыпты. Абылай қырғызбен соғысып, оларды ықтатып Алатауды күнгей жағына асырып жіберіпті. Абылай өзі Ұлы жүзді мекен қылып, сонда тұрып қалған. Бұл кезде Абылай ханның жасы 73-те, сонан ауырып қайтыс болыпты. Ауырып жатқанда Абылайға Бұқар жырау деген Абылайдың жыршысы екен. Абылай ауырып нашарлап жатқанда Бұқар жырау қоштасқан екен. Сонда Бұқар жырау айтыпты: Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай, Қайырсыз мал бақтырған ханым-ай, Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам, Қалар ма екен жаның-ай! – деп, Абылайдың бетінен сүйген екен. Сонда Абылай: – Сен Бұқар жырауымсың, – деп көзін ашты. Жылы сөзбен қол беріп амандасты депті.
English
Ablai's Battle with the Atake
Abilai, refusing to submit to the Russian Tsar and fighting against him, retreated towards the Alatau after being defeated. Abilai settled on the border of the Great Zhuz and the Kyrgyz. The Kyrgyz had driven the nearby Kazakhs away from their lands. Then Abilai sent a messenger to the Kyrgyz, saying: "Let's open and define the land between the Kazakhs and the Kyrgyz." However, the Kyrgyz warrior named Atyke did not accept Abilai's messenger. After that, Abilai gathered the Kazakhs and declared war on the Kyrgyz. Abilai fought with the Kyrgyz for several days, and the Kyrgyz warrior named Zhayyn fell to Abilai's arrow. In this battle, Zhayyn's five sons were captured by Abilai. The leader of the Kyrgyz was an old man, a warrior named Atyke. He was somewhat careless. In a previous battle, a young boy from the Middle Zhuz had been captured by Atyke. His name was Altybay. Atyke took him in, believing he would be a good boy, and raised him, preparing tea and saddling his horse. After the Kyrgyz warrior Zhayyn fell, Abilai pursued the Kyrgyz all the way to where Atyke was lying. Atyke said to Altybay: – My son, look, how is the dust rising? Is it coming this way or that way? – Oh, grandfather, the dust is coming towards us! – he replied. Then Atyke said: – God has struck from above, my son, quickly saddle the horse! – he said. Altybay ran and saddled Atyke's racehorse named Noktaliker. In the meantime, Abilai's warriors caught up with the fleeing Kyrgyz and came upon Atyke. At that moment, Noktaliker jumped into the air, not allowing Atyke to mount. Altybay lifted Atyke and placed him on the horse. After Atyke mounted Noktaliker, he said: – My son, may God elevate your fortune and bless your path! – and he took off without looking back. The warriors of Abilai saw the boy who had helped Atyke. When Abilai himself arrived, he asked the warriors: – Who helped Atyke escape? – One of them replied: – There is a Kazakh boy who helped him. – Bring that boy to me, I will drink his blood, – said Abilai, sitting down with his dagger without eating. Abilai's companion, the warrior Malaisary, and then the fierce Barak warrior brought Altybay to Abilai. At that moment, Abilai lunged with his dagger. His two companions said: – Aldiyar Taksir, take our heads instead of his! – and both nodded. Then Abilai Khan said: – Where did you come from, you little ones? – and threw away his dagger. After Abilai threw down his dagger, he said: – From now on, lose sight of this boy! – he ordered. The two warriors mounted the boy on a strong horse and let him go. Altybay returned home safely. Abilai fought against the Kyrgyz, driving them across the Alatau to the sunny side. Abilai himself settled in the Great Zhuz and remained there. At this time, Abilai Khan was 73 years old, and he fell ill and passed away. While he was ill, a bard named Bukhar Zhyrau, who was Abilai's poet, came to bid farewell as Abilai's condition worsened. Bukhar Zhyrau said: Oh, the lady who embraced without a thick shawl, Oh, the lady who tended to the cattle without kindness, If I mention three people from the three zhuzes, Will your soul remain? – and he kissed Abilai on the cheek. At that moment, Abilai opened his eyes and said: – You are my Bukhar Zhyrau, – and he greeted him with a warm handshake.