Kazakh
Абылай туралы
Абылай хан жоңғарларды шапқан бір шабуылда мың адам барлаушы ғып алға жіберіпті. Оларды екіге бөліп, екі батырды бас етеді: қарабұжыр Қанжығалы Жантай және сол рудың үлкені Бөгенбай.
Батырлар ұзақ уақыт оралмайды. Абылай қатты маза- сызданады, олардың тағдыры туралы жырауы Бұқардан сұрайды.
– Менің батырларыма не болды, олар неге оралмай жатыр? – дейді. Оған Бұқар былай жауап береді:
– Жантай Талқын арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжанмен өтеді. Хан Баба кері қашады. Жантайдың Талқындағы жолы тар әрі қауіпті.
«Жантай батыр қатерге ұрынды» деп ойлайды Абылай.
– Жантай барады,
Барып ұлысты шабады.
Күлін көкке ұшырып,
Жантай әкелген ақша бет қызды
Хан Абылай алады.
Абылай кейіннен:
– Бұқардың айтқаны келгенде, төбем көкке жеткендей қуандым, – дейді.