Қабанбайдың бас қолбасы болып, «Дарабоз» атануы

Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қалмақпен қуа соғысып келе жатқанда, бір уақыт қалмақтар тәсіл жасапты. Бір тастың үңгіріне кіріп, бекініп жатып алып, жасырынып қалады. Артынан қуып келе жатқан Абылай қолы «жау қашты» деп бейғам болады. Сонда қалмақтар үңгірден шығып, Абылайдың қолын тұтқиыл шабуылмен қырарман болыпт...

Kazakh
Қабанбайдың бас қолбасы болып, «Дарабоз» атануы
Абылайдың қолы осы Арқаны бойлап, қалмақпен қуа соғысып келе жатқанда, бір уақыт қалмақтар тәсіл жасапты. Бір тастың үңгіріне кіріп, бекініп жатып алып, жасырынып қалады. Артынан қуып келе жатқан Абылай қолы «жау қашты» деп бейғам болады. Сонда қалмақтар үңгірден шығып, Абылайдың қолын тұтқиыл шабуылмен қырарман болыпты дейді. Бірақ жұрт ес жиып, соғыса бастағанда қазақ көп болғандықтан, қалмақтар қайта қашып, үңгірге кіріп алыпты. Сонымен, бекініп жатып садақ атып, Абылайға алғызбай қойыпты. Көп адамы қырылып, ашынған Абылай қолдағы батырларына жар салыпты: «Кімде-кім ерлік етіп, айласын тауып, осы қалмақты дәл осы үңгірден шығармай қырып беретін болса, бұдан былай қолбасылық дәрежені үнемі сол кісіге бұйырамын!» – депті. Сонда Абылайға ерген көп батырлардың ішінен үздік шыққан Қаракерей Қабанбай болған еді. Күндіз-түні талай ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпен көміп, қалмақты тұқыртып отырып, әлденеше күн аштықтан тұралатады. Сөйтіп, артынан жеңістің тойын тойлағанда, Абылай Қабанбайды қасына алып отырып: – Бар батырдан сен оздың, жеке дара шығып, озып тұрсың. Айтқаным айтқан, сертімнен шыққаным осы! Қайратың үшін бұдан былайғы жорықта ұдайы қолбасы сен боласың және бұдан кейін сенің атың Қабанбай емес, «Дарабоз» болсын! – депті.
English
Becoming the chief commander of Kabanbay and earning the title "Daraboz"
While Abilai's army was pursuing the Kalmyks along the Arka, at one point the Kalmyks devised a strategy. They entered a cave in a rock, fortified themselves, and hid. Abilai's pursuing army, thinking "the enemy has fled," became complacent. Then the Kalmyks emerged from the cave and launched a surprise attack on Abilai's forces. However, as the people regained their senses and began to fight back, the Kalmyks, outnumbered by the Kazakhs, retreated back into the cave. From their fortified position, they shot arrows, preventing Abilai from advancing. Many men were killed, and a frustrated Abilai called out to the heroes in his army: "Whoever shows bravery and finds a way to eliminate these Kalmyks without letting them out of this cave, I will appoint that person as the commander from now on!" Among the many heroes who followed Abilai, the standout was Karakerey Qabanbay. Day and night, he fought fiercely, blocking the cave's entrance with bullets, and starved the Kalmyks for several days. Thus, when they later celebrated their victory, Abilai sat beside Qabanbay and said: – You have surpassed all the heroes, standing out on your own. What I said is true, and I will not go back on my word! For your strength, from now on in every campaign, you will always be the commander, and from now on, your name will not be Qabanbay, but "Daraboz"! – he declared.