Қабанбай мен Жәнібек

Қабанбай туралы Шыңжаңда тараған аңыз-әңгімелердің бірқыдыруына Жәнібек батыр араласып келеді. Бір күні Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек үшеуі жорыққа аттанады. Бұлардың кім екенін білмей артынан бір жалғыз атты адам салпақтап ереді де отырады. Әлгі үш батыр бір жерге келіп дамылдап ботқа жасап ішеді де, еріп келе жатқан жа...

Kazakh
Қабанбай мен Жәнібек
Қабанбай туралы Шыңжаңда тараған аңыз-әңгімелердің бірқыдыруына Жәнібек батыр араласып келеді. Бір күні Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек үшеуі жорыққа аттанады. Бұлардың кім екенін білмей артынан бір жалғыз атты адам салпақтап ереді де отырады. Әлгі үш батыр бір жерге келіп дамылдап ботқа жасап ішеді де, еріп келе жатқан жалғыз атты адамға жарты шара ботқа алып қойып, өздері ұйықтап қалады. Арттарынан ерген әлгі адам олар ұйықтап жатқанда келіп, ботқаның жарымын да тауыса алмай жатып қалады. Ұйықтап түрған батырлар жалғыз аттының тамақ ішкеніне қарап ынжық екенін аңғарады. Үш батыр ертеңінде тағы жүріп, бір шатқалдың басына барып тынығып жатқанда, жалғыз атты адам да келіп жетеді. Сәлден соң үш батыр аттарын әлгі адамға тапсырады да, өздері жаяу терең шатқа түседі. Түсерінде: «Шатқалдан «Жәнібек, Жәнібек» деген дауыс шықса, аттарды әкел, болмаса осы орыннан қозғалма!» – дейді. Әсілінде, бұл шатқал бас-аяғы тұйық, моңғол батырының ұрлаған жылқыны бекітетін жері екен. Ол дәйім қазақтардың жылқысын шауып әкеліп, осы араға бекітіп, ешқандай жанға күш бермей жатады екен. Талай рет, талай адам келіп, бұл шатқалға түскен жылқыны ала алмай қайтады. Қазақтардың жылқысы үшін бұл жер – бейне түбі жоқ оппа сияқтанады. Соның үшін бұл жолы үш батыр бас қосып, әдейі келеді. Келісімен бұлар моңғол батырымен жекпе-жекке шығады. Сайысқа ең алдымен жас батыр Жәнібек түседі. Екі батыр бірін-бірі ала алмай көп тіреседі. Ақыры, моңғол батыры Жәнібекті алуға айналады. Осы кезде Қабекең: «Жәнібек, Жәнібек!» деп айғай салады. Жәнібектің көк бөрісі бар адам екен, «Жәнібектеген» айқай шығысымен-ақ оның тұла бойына сұрапыл күш бітіп, қайраты тасып кетеді. Қапысын тауып жау батырын алып ұрып, қызыл қанға бояйды. Осы кезде әлгі жалғыз атты адам үш батырдың атын алып шатқалға түседі. Батырлар бұл араға бекітілген қалың жылқыны айдап еліне қайтады, жалғыз аттыға да бір үйір жылқы береді. Бошалаң жігіт өзіне жылқы айдатқан адамның кім екенін де сұрамапты. Бірақ сонан былай шыға өзі де күмәнданып: «Әкеу, біреулер бұл жылқыны қайдан алдың десе не деймін. Ел ұрлап әкелді деп қалмай ма? – деп ойлап, артына қайта бұрылса, алдынан шауып Жәнібек шығады. Жігіт қайтып келе жатқан жөнін айтады. Сонда Жәнібек: – Жарайды, жылқыны кім бергенін білуге келе жатқаның абзал болыпты. Болмаса, «осыны сұрай алмаған жаманды өлтіріп тастайын» деп келе жатыр едім. Еліңе бұл жылқыны Қабанбай берді де, – деп келген бетімен қайта жөнеле беріпті. * * * Жәнібектің әйелі Қабанбайдың әйелінен бал ашып, құмалақ салуды үйреніп жүрген кезі екен. Бір күні Жәнібек жорыққа аттанбақ болады. Әйелі оның жолын болжау үшін бал ашып көрсе, бір қырсық торуылдап тұрып алады. Неше қайталай салса да: «түзге шықса, Жәнібек өледі, үйде болса, әйелінің өзі өледі» болып түсе беріпті. Мұның байыбына бара алмаған ол Қабанбайдың әйеліне барыпты. Ол кісі бал ашып көріпті де: – Сен дереу үйіңе бар да, Жәнібек бөктерінетін тері тұлыптың түбін жар, құмалақты сонан кейін салып көр! – депті. Жәнібектің әйелі үйіне қайтып келіп тері тұлыпты жарса, түбінен үлкен қарасұр жылан шығады. Десе дегендей, қырсық осында тұр екен. Жәнібек оны бөктерініп түзге шықса, батырдың өзін шағып өлтірмек, ал үйде болса, әйеліне қас қылмақ екен. Жыланды өлтіргеннен кейін құмалақ салса, Жәнібектің жолы оңғарылып, үлкен олжамен қайтатындығы аян болыпты. * * * Көне көз қариялардын айтуына қарағанда, Қабанбай Жәнібектің талабымен қалың қол бастап, Алтай бетіне келген кезде Ертістің суы тасып, өткел бермейтін дәрежеде арнаға сыймай жатса керек. Сонымен, ел өтетін жерді біле алмай, қатты дағдарыпты. Мұндай қиын жағдайды ұққан соң, Қабекең өзінің кәдімгі төрт алмажайы – киелі түлкілеріне ақыл салыпты. Бұл киелі қызыл түлкілер батырға айсыз қараңғы түнде, жолсыз далада және осындай тасқын суға кезіккенде көмек көрсетіп, бағыт-бағдарын түзеп отырады екен. Бұл жолы да Қабанбай өзінің сол алмажайларының көмегімен Ертістің «Ақ ит» деген жеріне келіп, сол жерден есен-сау өтіп шығады, сонан тартып сол жердің аты «Қабанбай өткелі» аталыпты. Тағы сол көне көздердің айтуына қарағанда, сол жолғы сұрапыл соғыстың кешінде Қабекең тамақтанып отырып жанындағыларға: – Менің басыма тікен кіріп кеткен бе, бір нәрсе батады ғой, – депті. Сөйтсе, батырдың басына жаудың айбалтасынын жүзінің сынығы тұрып қалған, батыр оны ет қызуда елемеген тәрізді, тынығып отырғаннан кейін барып өзіне білініпті. Кейінгі ұрпақ Қабанбайдың сол бір төзімді ерлігін, яғни айбалтаның сынығын тікен құрлы көрмеген қажыр-қайратын ауыздан-ауызға таратып, аңызға айналдырып жіберген екен.
English
Kabanbay and Zhanibek
Many of the legends and stories about Kabanbay involve the hero Zhanibek. One day, Kabanbay, Bogenbay, and Zhanibek set out on a campaign together. Not knowing who they were, a lone rider followed them from behind. The three heroes arrived at a place, rested, and made porridge to eat, then fell asleep. The lone rider, unable to finish even half of the porridge they left for him, remained there while they slept. The sleeping heroes noticed that the lone rider was timid when they saw him eating. The next day, as they continued their journey and rested at the top of a gorge, the lone rider caught up with them. After a while, the three heroes handed their horses over to the man and descended into the deep gorge on foot. As they descended, they said, "If you hear a voice from the gorge calling 'Zhanibek, Zhanibek,' bring the horses; otherwise, do not move from this spot!" In fact, this gorge was a dead end, a place where a Mongolian hero kept the horses he had stolen. He would often raid the Kazakhs' horses and bring them here, preventing anyone from taking them back. Many times, many people had come and returned empty-handed after trying to retrieve the horses that had entered this gorge. For the Kazakhs, this place seemed like a bottomless pit. That is why this time the three heroes came together on purpose. As soon as they arrived, they challenged the Mongolian hero to a duel. The young hero Zhanibek was the first to engage in the contest. The two heroes struggled for a long time without gaining the upper hand. Finally, the Mongolian hero began to overpower Zhanibek. At that moment, Kabanbay shouted, "Zhanibek, Zhanibek!" Zhanibek, who had a blue wolf spirit, felt a surge of incredible strength as soon as he heard his name called. Seizing the opportunity, he struck the enemy hero and stained him with red blood. At that moment, the lone rider took the horses of the three heroes and descended into the gorge. The heroes drove the large herd of horses that had been secured in this place back to their homeland, giving a herd of horses to the lone rider as well. The young man did not even ask who the person was that had given him the horses. However, afterward, he began to doubt: "If someone asks where I got these horses, what will I say? Won't they think I stole them?" He thought, and when he turned back, Zhanibek appeared before him. The young man explained the situation. Then Zhanibek said: – It is good that you came to find out who gave you the horses. Otherwise, I was coming to say, "I will kill the one who could not ask this." This horse herd was given to you by Kabanbay, – and he continued on his way. * * * At that time, Zhanibek's wife was learning to read fortunes and cast lots from Kabanbay's wife. One day, Zhanibek decided to set out on a campaign. To predict his fate, his wife cast lots, and a misfortune kept appearing. No matter how many times she cast, it always indicated: "If he goes out, Zhanibek will die; if he stays home, his wife will die." Unable to understand this, she went to Kabanbay's wife. She cast lots and said: – You should go home immediately, and tear the bottom of the leather coat that Zhanibek wears, then cast the lots again! – she advised. Zhanibek's wife returned home and tore the leather coat, from which a large dark gray snake emerged. Indeed, the misfortune was lurking there. If Zhanibek went out, the snake would bite and kill him; if he stayed home, it would harm his wife. After killing the snake, when she cast the lots again, it was revealed that Zhanibek would return with great spoils. * * * According to the old wise men, when Kabanbay arrived at the Altai with a large army at Zhanibek's request, the water of the Irtysh River was overflowing and could not be crossed. Thus, they were in a great dilemma, not knowing where to cross. Realizing this difficult situation, Kabanbay consulted his usual four sacred foxes. These sacred red foxes would help the hero in the dark of night, in the pathless steppe, and when faced with such floodwaters, guiding him along the way. This time, with the help of his foxes, Kabanbay reached a place called "Ak It" on the Irtysh and safely crossed there, which later came to be known as "Kabanbay Crossing." According to the old wise men, during the fierce battle that followed, while Kabanbay was eating, he said to those around him: – Has a thorn gotten stuck in my head? Something is bothering me, – he said. It turned out that a shard of the enemy's mace had lodged in the hero's head, which he had not noticed in the heat of battle, and only after resting did he realize it. Later generations spread the tale of Kabanbay's endurance, that is, his resilience in not noticing the shard of the mace, turning it into a legend passed down through the ages.