Өтегеннің дүниеге келуі

Өтегеннің әкесі Өтеғұл елу бес жасқа келгенде, азамат болып, ер жетіп отырған он екі ұлы оба ауруынан қайтыс болыпты. Он екі ұлынан бірдей айырылған Өтеғұл күндіз-түні жылаудан көз ашпапты. Сөйтіп қан жылап жүргенінде Өтеғұлдың түсіне бір ақ сақалды шал кіріп: – Әй, Өтеғұл, өлген он екі ұлыңды қайта берейін бе, әлде он...

Kazakh
Өтегеннің дүниеге келуі
Өтегеннің әкесі Өтеғұл елу бес жасқа келгенде, азамат болып, ер жетіп отырған он екі ұлы оба ауруынан қайтыс болыпты. Он екі ұлынан бірдей айырылған Өтеғұл күндіз-түні жылаудан көз ашпапты. Сөйтіп қан жылап жүргенінде Өтеғұлдың түсіне бір ақ сақалды шал кіріп: – Әй, Өтеғұл, өлген он екі ұлыңды қайта берейін бе, әлде он екі ұлға татитын екі ұл берейін бе? – дейді. Сонда Өтеғұл: – Койшының аздығы да, көптігі де өлімтік, берсең, он екі өлікті койып, екі ұлыңды-ақ берші, – депті. Ақсақалды адам: – Ендеше, жылама! Он екі ұлыңа татитын екі ұл бердім, – дейді. Өтеғұлдың жасы елу беске, әйелінің жасы қырық тоғызға келгенде әйелі жүкті болып, ұл туады. Өлгенімді өтеді деп, атын Өтеген қояды. Өтегеннің артынан туған ұлының атын өлгенім табылды деп, Табылды қояды. Өтеген елі сүйген батыр, даңқты кемеңгер, халқының қамын ойлаған қамқоршы болыпты.
English
The Birth of Ötegen
When Otegen's father, Otegul, reached the age of fifty-five, he lost all twelve of his sons to an epidemic. Grieving the loss of all twelve sons, Otegul could not stop crying day and night. While he was weeping, an old man with a white beard appeared in Otegul's dream and said: – Oh, Otegul, should I return your twelve dead sons, or should I give you two sons who are worth twelve? – he asked. Then Otegul replied: – The number of sheep, whether few or many, does not matter in death; if you are going to give, just give me the two sons instead of the twelve dead ones. – The old man said: – Then do not cry! I have given you two sons who are worth twelve. – When Otegul was fifty-five and his wife was forty-nine, she became pregnant and gave birth to a son. He named him Otegen, meaning "I have passed away." The son born after Otegen was named Tabyldy, meaning "I have found what I lost." Otegen became a beloved hero, a renowned sage, and a caring protector who thought of his people's welfare.