Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы

Өтеген батырдың қартайған шағы болса керек. Бір күні аң аулауға шыққан ол қасындағы аз ғана адаммен Шу өзенінің саласындағы көкорай шалғынға келіп, тынығып отырады. Осы арада серуен құрып, ерігіп жүрген қырғыздың бір топ тентектері кездесе кетеді. Қазақ пен қырғыз арасында бір түсініспеушілік орын алған кез болуы керек...

Kazakh
Өтегеннің айласы немесе қырық тазы туралы
Өтеген батырдың қартайған шағы болса керек. Бір күні аң аулауға шыққан ол қасындағы аз ғана адаммен Шу өзенінің саласындағы көкорай шалғынға келіп, тынығып отырады. Осы арада серуен құрып, ерігіп жүрген қырғыздың бір топ тентектері кездесе кетеді. Қазақ пен қырғыз арасында бір түсініспеушілік орын алған кез болуы керек, қазақтарды көрген әрі олардың мінген тұлпарларына, қымбат ер-тұрманына қызыққан әлгі қырғыздар: – Мынау қазақтың атақты батыры Өтеген ғой. Біз бұ ларды алдаусыратып ауылға алып кетейік те, қазақтардан құнын сұратайық. Қазақтар ол үшін барын беруге әзір. Сөйтіп бір олжаға батайық, – дейді де, қаннан-қаперсіз отырған Өтеген батырды жігіттерімен елдеріне алып кетеді. Елдеріне апарған соң батырдың өзіне бөлек үй тігіп, қадірлеп күтеді, бірақ қайтармайды. Арада біраз күн өткен соң қазақтарға: «Батыр керек болса, құнына бір түйенің мойныны гауһар тастан тізілген моншақ салып әкеп, алып кетіңдер!» – деп адам жібереді. Бір күні Өтеген батыр қырғыздарға: – Менің үлкен ұлым Қосағал келе жатыр, оның ашуы қатты. Үйлеріңді биікке тігіп, малдарыңа ие болындар, ертең мына жердің бәрін су алады, – дейді. Қырғыздар сенбейді, батырдың айтқанына құлақ аспайды. Ертесінде шынымен-ақ күн күркіреп, найзағай сатырлап, селдетіп жаңбыр құйып береді. Қырғыздардың отырған үйлерін, жерлерін тегіс су басып, естерінен танады. Құн сұрамақ тұрмақ, өз малдарына ие бола алмай қалады. Сөйтсе, Өтегеннің тұңғышы Қосағалдың қатты ашуланғанда күнді күркіретіп, найзағай ойнататын, жаңбыр жаудыратын қасиеті бар екен. Сонымен, Қосағалдың қолы қырғыздардың бар малын айдап, Өтеген батырды босатып әкетеді. Есін жиған соң қырғыздар жағы: – Бізден бір қателік өтті. Өтеген батыр кешсін, Қосағал қалаған малын алып, қалғанын қайтарсын! – деп кешірім сұрап келіпті. Сонда Өтеген батыр: – Жарайды, кешірдім. Бірақ қоятын бір шартым бар, соны орындасаңдар, малдарынды түгел қайтартам, орындай алмасаңдар, маған өкпелемеңдер! – дейді. Өтеген оларға алдына қырық тазы салып айдатып, бір батырларын жіберу керектігін айтады. Қырғыздар келіседі. Қырғыздар елдеріне барған соң, жан-жақтан тазы ит жинайды. Қырық тазы да табылады, оларды апаратын батыр да табылады. Бірақ әлгі батырлары қырық тазыны алдына салып айдай алмай мысы құриды. Себебі, ит адамның соңынан ілескенімен, еш уақытта алдыға салып айдауға көнбейді екен. Сөйтіп, оңай олжаға батпақ болған қырғыздар малынан айырылып бір ұятқа қалса, сөзден жығылып, шартты орындай алмай екі ұятты болыпты.
English
The Trick of Ötegen or the Forty Hounds
It must have been the old age of Otegen Batyr. One day, while hunting, he came to a lush meadow by the Shu River with a few companions and sat down to rest. At that moment, a group of mischievous Kyrgyz came across them. There must have been some misunderstanding between the Kazakhs and the Kyrgyz, as the Kyrgyz, seeing the Kazakhs and being fascinated by their steeds and expensive saddles, said: – This is the famous Kazakh hero Otegen. Let's deceive them and take them to our village, then we can demand a ransom from the Kazakhs. They will be ready to give anything for that. Thus, we will gain a fortune, – they said and took Otegen Batyr, who was unaware of their intentions, along with his companions to their homeland. After bringing him to their homeland, they set up a separate tent for the hero and treated him with respect, but they did not return him. After a few days, they sent a message to the Kazakhs: “If you want the hero back, bring a necklace made of diamonds for the neck of a camel as ransom!” One day, Otegen Batyr said to the Kyrgyz: – My eldest son, Qosagal, is coming. He is very angry. Set your tents high and take care of your livestock, for tomorrow this entire area will be flooded, – he warned. The Kyrgyz did not believe him and ignored the hero's words. The next day, indeed, the sky thundered, lightning flashed, and heavy rain poured down. The houses and lands of the Kyrgyz were completely flooded, and they were left in shock. Instead of demanding a ransom, they could not even take care of their own livestock. It turned out that when Qosagal was very angry, he had the power to make the sky thunder, lightning strike, and rain fall. Thus, Qosagal drove away all the livestock of the Kyrgyz and freed Otegen Batyr. Once they regained their senses, the Kyrgyz side said: – We made a mistake. May Otegen Batyr forgive us, let Qosagal take the livestock he desires and return the rest! – they came to ask for forgiveness. Then Otegen Batyr replied: – Alright, I forgive you. But I have one condition, and if you fulfill it, I will return all your livestock; if you cannot fulfill it, do not blame me! – he said. Otegen instructed them to send one of their heroes to lead forty hounds. The Kyrgyz agreed. After returning to their homeland, the Kyrgyz gathered hounds from all around. They found forty hounds, and they also found a hero to lead them. However, that hero was unable to drive the forty hounds ahead of him, as he was intimidated. The reason was that while dogs would follow a person, they would never be led ahead. Thus, the Kyrgyz, who sought an easy fortune, lost their livestock and were left in shame, and having been defeated in words, they were also embarrassed for failing to fulfill the condition.