Өтегеннің өкінуі

Өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шығар алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіп-жетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын жұрты келінді алып кетуге келгенде, ұзатылып бара жатқан қызын Өтеген батыр шақырып алып: – Балам, Құдай қалап, құтты орныңа қонбақсың, жасауыңнан бөлек осы үйден...

Kazakh
Өтегеннің өкінуі
Өтеген батырдың жалғыз қызы Мақпал тұрмысқа шығар алдында құда түскен жігіті қайтыс болып, қайнысы өсіп-жетілгенше бірер жыл үйде отырып қалыпты. Сонан қайын жұрты келінді алып кетуге келгенде, ұзатылып бара жатқан қызын Өтеген батыр шақырып алып: – Балам, Құдай қалап, құтты орныңа қонбақсың, жасауыңнан бөлек осы үйден не қалайсың, көңіліңе жаққаныңды ала ғой! – депті. Сонымен Мақпал ұзатылып кеткен соң, бірнеше күннен кейін Өтеген бәйбішесінен қызының не таңдағанын сұрапты. Бәйбішісі: – Мақпалжан алтын-күміс, асыл тастарды, қымбат та бағалы заттарды емес, сенің ескі тақияңды ұнатты ғой, – дейді. Сөйтсе, Өтеген батырдың талай жорықтарға киген ескі тақиясы төрде ілулі тұрады екен. Мақпалдың көзі соған түсіп, ырым етіп алған екен. Мұны естіген Өтеген батыр: – Басымдағы бағым қызға ауды. Қыздарым алғыр, өжет, ұлдарым жуас болады-ау, – деп өкініпті. Осы сөздің жаны бар сияқты. «Өтегеннің қыздары өжет, еті тірі, ұлдары момын болып келеді» деп отырады ауыл қариялары.
English
The Regret of Ötegen
Before getting married, the only daughter of Otegen Batyr, Makpal, lost her fiancé who had come to ask for her hand, and she stayed at home for a few years until her brother-in-law grew up. When her in-laws came to take the bride, Otegen Batyr called his daughter, who was about to be married, and said: – My child, by God's will, you are going to your new home. Besides your dowry, what do you want from this house? Take whatever pleases your heart! – he said. After Makpal was married off, a few days later, Otegen asked his wife what their daughter had chosen. His wife replied: – Makpal did not choose gold, silver, precious stones, or expensive valuables; she liked your old cap, – she said. It turns out that Otegen Batyr's old cap, which he had worn in many campaigns, was hanging on the wall. Makpal's eyes fell on it, and she took it as a good omen. Upon hearing this, Otegen Batyr said: – My fortune has shifted to my daughter. My daughters are sharp and bold, while my sons will be meek, – he lamented. There seems to be truth in this statement. The village elders often say, "Otegen's daughters are bold and lively, while his sons are gentle."