Өтегеннің түс жоруы

Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп: – Оу, бұл кімнің үйі? – депті. «Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық» деп ойлап таяқшы: – Не іздеп жүрсің, кім керек? – дейді. – Алпыс атаным бар еді, ішінде ақбас...

Kazakh
Өтегеннің түс жоруы
Абылай алпыс биін шақыртып алып түсін жорытып отырса, Айыртаудан Көкшетауға Өтеген батыр келе қалған екен. Батыр есік алдындағы таяқшыға дыбыс беріп: – Оу, бұл кімнің үйі? – депті. «Хан сарайын танымай жүрген бұл қандай қисық» деп ойлап таяқшы: – Не іздеп жүрсің, кім керек? – дейді. – Алпыс атаным бар еді, ішінде ақбас бурасы бар еді, соны жоғалтып, іздеп келем, – депті Өтеген батыр. Мұны естіген Абылай хан: – Мынау Құбыл екен ғой, – деп оң жағына отырғызып алып, түсін айтады. (Өтегенді жақындары «Құбыл» дейді екен). – Түсімде атым өліпті. Оның ішін жарып едім, қасқыр шықты, қасқырдың ішін жарып едім, түлкі шықты. Түлкінің ішін жарып едім, борсық шықты. Шешуін таппай тұйыққа тіреліп отырмын, – дейді Абылай хан. – «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деуші еді. Алпыс биіңмен жүз кісісіз. Соны шеше алмай отырып, қазақты қайтіп басқарасыз? – дейді Өтеген. Бұған іркіліп қалған Абылай: – Ендеше өзің айтшы. Қайтіп ел боламыз? – дейді. Сонда Өтеген батыр: – Атың өлсе, бұл заман тұлпар заман, ішінен қасқыр шықса, бұдан кейін қасқыр заман болады. Оның ішінен түлкі шықса, түлкі заман болады. Оның ішінен борсық шықса, борсық заман болады, бір жолмен барып, бір жолмен қайтатын, адал-арамы аралас болады, – деген екен.
English
The Dream Interpretation of Ötegen
Abilai had summoned his sixty judges and was interpreting a dream when suddenly, Otegen Batyr arrived from Aiyrta to Kokshetau. The batyr called out to the stickman at the door: – Hey, whose house is this? – he asked. Thinking, "What a crooked fellow who doesn't recognize the Khan's palace," the stickman replied: – What are you looking for, who do you need? – – I had a sixty-year-old camel, which had a white-headed bull inside, and I have come to look for it after losing it, – said Otegen Batyr. Hearing this, Khan Abilai said: – This must be Qubyl, – and seated him on his right side, interpreting the dream. (Otegen's relatives called him "Qubyl"). – In my dream, my horse died. When I opened its belly, a wolf came out; when I opened the wolf's belly, a fox came out. When I opened the fox's belly, a badger came out. I am stuck here, unable to solve it, – said Khan Abilai. – They used to say, "The Khan has the wisdom of forty men." You have sixty judges and a hundred men. How can you govern the Kazakhs while you are unable to solve this? – said Otegen. Taken aback, Abilai replied: – Then you tell me. How do we become a nation? – Otegen Batyr then said: – If your horse dies, this is the age of the thoroughbred; if a wolf comes out from it, then it will be the age of the wolf. If a fox comes out from it, it will be the age of the fox. If a badger comes out from it, it will be the age of the badger, a path that goes one way and returns another, will be a mix of honest and dishonest. –