Жұрын батыр

Жігіт болып, ат жалын тартып мінгеннен кейін, тұңғыш бала ретінде әкесінің сырттай жүріп, ағайын болып саналатындардың ауылдарына жақын жерлерді жайлап, қыстаған көрінеді. Өзі қайратты, батыр мінезді, ұзын бойлы ақ құба кісі болған. Жұрын жас кезінде-ақ есті адам ретінде ел азаматының бірі болып танылып, есейе келе ел...

Kazakh
Жұрын батыр
Жігіт болып, ат жалын тартып мінгеннен кейін, тұңғыш бала ретінде әкесінің сырттай жүріп, ағайын болып саналатындардың ауылдарына жақын жерлерді жайлап, қыстаған көрінеді. Өзі қайратты, батыр мінезді, ұзын бойлы ақ құба кісі болған. Жұрын жас кезінде-ақ есті адам ретінде ел азаматының бірі болып танылып, есейе келе ел ағасы болып саналған. Оның сол кездерде жетім мен жесірлерді де назарынан тыс қалдырмай, адамгершілік жасаған. Жұрынның бірінші әйелі бес бала туған. Олардың ішіндеп көзге түсері Жаналы ұлы екен. Ол ерлігімен елге танымал болып, батыр атаныпты. Өзі жуан мойынды, қақпақ жауырынды, сом денелі, шапшаң қимылдайтын адам екен. Жаналының ақырған дауысы құлақ жарардай қатты болған. Бір күні таң алдында Жұрынның екінші әйелі босанып, ұл туыпты. Жаңа туған сәби шырылдап жылап, көпке дейін жұбанбапты. Таң атқасын «ел шетіне қалмақтар жақындап келе жатыр» деген хабар сап ете қалады. Жұрын жақын ауылдарға балаларын шаптырып, ауыл азаматтарына «тез аттансын!» деп хабарлайды. Қалмақтар жан-жақтан атой салып, шауып келе жатқан қазақтарды қорықпай қарсы алыпты. Өздері найзамен, қылышпен қаруланыпты. Жалпы саны отыз қаралы екен. Бұларға елден бұрын жеткен Жаналы қатты ақырып қалған кезде, оқыс дауыстан шошып кеткен аттар кейін бұрылып, зыта жөнеліпті. Мұндайда қарсыласа алмаған дәрменсіз жауды арқасынан соғу оңай болатын көрінеді. «Мынаның көзін құртпай болмас» деп ойлаған қалмақтың бір мықтысы Жаналының арт жағынан келіп, желкесіне найза қадапты. Найзаның ұшы дулығаның шынжырланып тоқылған көздерінен әрі қарай 2-3 елідей ғана кептеліп қалыпты. Жаналы бір қолымен желкесіндегі найзаның ұңғысынан ұстап алып, ілгері қарай еңкейіңкіреп, астындағы атын тебініп қалады. Аттың екпініне шыдамаған жау найзасынан айырылады. Қазақтар қашып бара жатқан қалмақтардың соңына түседі де, қалғандары Жаналыны қоршап тұра қалады. Ол «Мынаны алыңдар» дегенде, қасындағылардың ешбірінің де дәті шыдамапты. Сонда Жаналы: «Әй, осы шегені де ала алмай тұрсындар ма?» – деп найзаны өзі алып тастапты. Содан кейін қасында тұрғандар оны аттан түсіріп, қан ағып жатқан жеріне майда құм салып, ізінше күйдірген киізбен жараның ауызын күйдіріп, қанын тоқтатыпты. Жоғарыда айтылған оқиғадан бір жыл өткеннен кейін отыз шақты қаруланған қалмақ төлеңгіттері мен жасауылдары шеткі бір ауылдың мал-мүлкін тонап алып барады деген хабар жетеді. Тез арада жиналған қазақ жасағы қалмақтардан екі жарым еседей көп болады да, қалмақтарды қоршап алады. Қалмақтар қару жұмсап қаншама тырысқанымен қоршаудан шыға алмайды. Іс қиынға айналғанын сезіп, қалмақ тобы қазақтардан бітім сұрайды. Қазақтар өзара ойласып, келісімге келеді. Бітімдесіп кеткен қалмақтар сөзінде тұрмапты. Арада екі-үш ай өткенде қарулы жау жасағы елдің шетіне жақындап қалыпты. Бұл кезде Жұрын батырдың жасы үлкейіп, қайраты қайтыңқыраған шағы болғандықтан, ел жасағын оның баласы Жаналы батыр ұйымдастырыпты. Жұрын атын ерттеп жатқанда, қасына келген Жаналы: «Бұл сен баратын ұрыс емес. Ауылда қалып, бала-шағаның ортасында бол», – депті. Ел азаматтары жауға аттанып кеткен соң, үйде отыруға шыдамы жетпеген Жұрын Ахмет деген үзеңгілес досын ертіп, жауға шығады. Бірақ қалмақтар бұларды қоршап алып, әуелі Ахметті өлтіреді. Содан кейін Жұрынды найзалап жатқанда, жетіп үлгірген жігіттер оны жаудан арашалап алады. Ауыр жарақаттан қайтыс болған Жұрын батырды Естеміс тауы деп атайтын биік төбенің басына жерлепті.
English
Jurin Batyr
After becoming a young man and riding a horse, he is said to have settled in areas close to the villages of those considered relatives, spending the winter there as the firstborn son of his father. He was a strong, brave, tall, and fair-skinned man. Even in his youth, he was recognized as a wise person and one of the citizens of the country, and as he grew older, he was regarded as a leader of the people. During those times, he did not neglect orphans and widows, showing humanity towards them. Jurin's first wife gave birth to five children. Among them, the most notable was his son Janaly. He became famous for his bravery and was known as a hero. He was a stout-necked, broad-shouldered, strong-bodied man who moved quickly. Janaly's roar was so loud that it could hurt the ears. One day, before dawn, Jurin's second wife gave birth to a son. The newborn baby cried loudly and did not calm down for a long time. As dawn broke, news suddenly arrived that "the Kalmyks are approaching the edge of the land." Jurin sent his children to the nearby villages and informed the village citizens to "set off quickly!" The Kalmyks, armed with spears and swords, boldly faced the charging Kazakhs from all sides. Their total number was about thirty. When Janaly, who had reached them before anyone else, let out a loud roar, the horses, startled by the sudden sound, turned back and fled. It seemed easy to strike down a helpless enemy who could not resist in such a situation. Thinking, "We must not let this one escape," one strong Kalmyk came from behind Janaly and stabbed him in the neck with a spear. The tip of the spear got stuck in the chainmail of his helmet, only a couple of inches beyond it. Janaly grabbed the spear's shaft with one hand and leaned forward, kicking his horse. The enemy, unable to withstand the horse's momentum, lost the spear. The Kazakhs pursued the fleeing Kalmyks, while the others surrounded Janaly. When he said, "Take this one," none of those around him had the courage to do so. Then Janaly said, "Hey, can’t you even take this spear out?" and removed it himself. After that, those standing nearby helped him down from the horse, poured fine sand on the bleeding wound, and then cauterized the wound with a burnt felt to stop the bleeding. A year after the aforementioned incident, news arrived that about thirty armed Kalmyk raiders and their followers were looting the livestock and property of a remote village. The quickly gathered Kazakh forces outnumbered the Kalmyks by two and a half times and surrounded them. Despite the Kalmyks' efforts to break free, they could not escape the encirclement. Sensing that the situation was becoming difficult, the Kalmyk group asked the Kazakhs for peace. The Kazakhs deliberated among themselves and agreed to a truce. However, the Kalmyks did not keep their word. After two or three months, an armed enemy force approached the edge of the land. By this time, Jurin the hero had aged, and his strength had diminished, so his son Janaly organized the Kazakh forces. As Jurin was saddling his horse, Janaly, who had come to him, said, "This is not a battle for you. Stay at home among the family." After the citizens had set off to battle, Jurin, unable to bear staying at home, took his friend Akhmet with him and went out to face the enemy. However, the Kalmyks surrounded them and first killed Akhmet. Then, as they were stabbing Jurin with spears, the young men who had arrived in time rescued him from the enemy. Jurin the hero, who died from severe wounds, was buried on top of a high hill known as Estemis Mountain.