Қозыүй батыр

[Қозыүй батыр] 1718 жылы болған шайқаста жоңғарлар қолына түсіп қалады. Жоңғарлар қол-аяғын байлатып, дүре соқтырып, ағаш қалыппен кысқанда да ол тістеніп отырып алған. Сонда жоңғар қонтайшысы: «Қазақтың талай батырын көріп едім, мынадай хас батырын көрмедім. Қол-аяғын босатып, зынданға тастаңдар», – депті. Содан Қозыү...

Kazakh
Қозыүй батыр
[Қозыүй батыр] 1718 жылы болған шайқаста жоңғарлар қолына түсіп қалады. Жоңғарлар қол-аяғын байлатып, дүре соқтырып, ағаш қалыппен кысқанда да ол тістеніп отырып алған. Сонда жоңғар қонтайшысы: «Қазақтың талай батырын көріп едім, мынадай хас батырын көрмедім. Қол-аяғын босатып, зынданға тастаңдар», – депті. Содан Қозыүй батыр үш жыл зынданда жатып, жоңғарлардың бір қызының көмегімен зынданнан қашып шығады. Босанып шығысымен қол жинап, Өтеген батырдың сарбаздарына келіп қосылады. Өтеген батырмен үнемі бірге болып, талай көзсіз ерліктер істеген. Жорықтардың бірінде жоңғар ауылын шауып, жоңғар шонжарларының қолға түскен үш қызының бірін немере інісі Жаналыға, екіншісін ағасы Амандыққа, үшіншісін туысы Жиембетке қосады. Жасы ұлғайғанда өзімен ілесіп келген Ботбай руының балаларын Іле, Қаскелең, Жиренайғыр өзендерінің бойларына орналастырды. Кейін бұл жерден көшіп Шу мен Қарабалта өзендері бойына келіп орналасады. Бұл жер әлі күнге дейін «Қозыүй батыр қонысы» деп аталады.
English
Kozyuy Batyr
[Kozyuy Batyr] In the battle of 1718, he falls into the hands of the Dzungars. The Dzungars bind his hands and feet, beat him, and even when they crush him with a wooden mold, he endures it with grit. Then the Dzungar khan says, "I have seen many brave warriors of the Kazakhs, but I have never seen such a true hero. Free his hands and feet, and throw him into the dungeon." After that, Kozyuy Batyr spends three years in the dungeon and escapes with the help of one of the Dzungar khan's daughters. As soon as he is free, he gathers a force and joins the troops of Batyr Otegen. He is constantly with Batyr Otegen and performs many fearless feats. In one of the campaigns, he raids a Dzungar village and gives one of the three daughters of the captured Dzungar nobles to his cousin Zhanaly, another to his brother Amandyk, and the third to his relative Zhiembet. As he grew older, he settled the children of the Botbay clan who followed him along the banks of the Ili, Kaskelen, and Jirenaygir rivers. Later, they moved from this place and settled along the banks of the Shu and Karabalta rivers. This place is still known today as "Kozyuy Batyr's Settlement."