Шотан батыр

Әкесінің әділдігі мен көрегендігі бала Шотанға да дариды. Оның жастық шағы жоңғардың бейбіт жатқан қазақ еліне шабуыл жасауымен тұспа-тұс келеді. Шотанның ерлігі ерте танылады. Ол алғашқы ерлігін 1723 жылы Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қолының Қаратаудың Сығанақ асуында жоңғармен болған үлкен шайқаста көрсеткен. Осы соғы...

Kazakh
Шотан батыр
Әкесінің әділдігі мен көрегендігі бала Шотанға да дариды. Оның жастық шағы жоңғардың бейбіт жатқан қазақ еліне шабуыл жасауымен тұспа-тұс келеді. Шотанның ерлігі ерте танылады. Ол алғашқы ерлігін 1723 жылы Әбілқайыр бастаған Кіші жүз қолының Қаратаудың Сығанақ асуында жоңғармен болған үлкен шайқаста көрсеткен. Осы соғыста қалмақты қоғадай жапырып жүрген шұбар аттыға көзі түскен Әбілқайыр хан таңданыспен: – Бұл кім? – деп сұрапты қасындағы жігіттерінен. – Ол Назардың ұлы Шотан ғой. Үлкен ұрысқа бірінші рет кіруі, – дейді Мырзатай. Жас батырға көңілі толып, разы болған хан: – Бірінші ұрысы мынадай болса, қалмақтарға Алланың жіберген жаналғышы осы десейші, – депті. * * * ...Шотанның дүниеге келуі мен жасаған ерліктері туралы ел аузында аңыз-әңгімелер көп. Көп аңыздың бірі мынадай: Маңғыстау түбегіне көшіп келген күз айында Назар үйіне кешке қарай нар мінген, сеңсең бөрікті, қаба сақал, қара түрікпен «Құдайы қонақпын» деп сәлем беріп, кіріп келеді. Жайғасып, шай ішіп отырған қонақ сыртта жүрген Шотанның қатты шыққан дауысынан селк етіп, қозғалады. Үйде қонақ барын біліп: «Ассалаумағалейкүм!» деп Шотан есік ашып, үйге енгенде қонақ тағы да қозғалады. Бәрін жіті бақылап отырған Назар қонағынан: – Ұлымның сыртта даусы естілгенде бір қозғалдыңыз, үйге кіргенде тағы да селт еттіңіз. Айтыңызшы, осы баламда нендей қасиет бар, – деп сұрайды. Сонда қарт былай деп жауап беріпті: «Даусында қаһар бар, адам жанын шошытар, жүзінде суық ызғар бар қарсыласын жасытар». Назар қонағын сыртқа шығарып салғанда қарт та, түйесі де көзден ғайып болған екен. Содан ел ішіне «Қыдыр көрген Назар» деген сөз тарап кетіпті...
English
Shotan Batyr
The fairness and foresight of his father are also bestowed upon young Shotan. His youth coincides with the invasion of the peaceful Kazakh land by the Dzungars. Shotan's bravery is recognized early on. He demonstrates his first act of heroism in 1723 during a major battle against the Dzungars at the Syganak pass of the Karatau, led by Abulkhair of the Junior Zhuz. During this battle, Abulkhair Khan, noticing a gray horse that was wreaking havoc among the Kalmyks, asks in amazement: – Who is this? – he inquires of the young men beside him. – That is Shotan, the son of Nazar. It is his first time entering a big battle, – replies Myrzatai. Pleased with the young hero, the Khan says: – If his first battle is like this, then surely he is the avenger sent by God to the Kalmyks. * * * ...There are many legends and stories about Shotan's birth and his heroic deeds among the people. One of the many legends goes like this: In the autumn of the year when they moved to the Mangystau Peninsula, Nazar, riding a camel, enters his home in the evening, wearing a fur hat and a long beard, greeting with "I am a guest from God." As he settles down and drinks tea, the guest is startled by Shotan's loud voice coming from outside and moves. Knowing there is a guest in the house, Shotan opens the door and enters, greeting, "Assalamu Alaikum!" The guest is startled again. Nazar, who is observing everything closely, asks his guest: – When my son’s voice was heard outside, you moved, and now that he has entered the house, you are startled again. Tell me, what kind of gift does this boy possess? – he inquires. The old man then responds: "His voice carries wrath, it can frighten a soul, and there is a cold chill in his face that can intimidate his opponent." When Nazar sees his guest off outside, both the old man and his camel have vanished from sight. From then on, the saying "Nazar who has seen Qydyr" spread among the people...