Тіленші жайында бірер сөз

Бекболат би ұзақ жасады, әбден қартайды. Арғынның игі жақсылары жиналып, Бекеңе сәлемдесуге келді. Сонымен қабат ойларын айтты: «Орнына қай баласын лайықтайтынын өз аузынан естігілері келетінін білдірді. Бекеңнің бәйбішесінен екі ер баласы, тоқалынан бір ұл, бір қызы бар еді. Бәйбішесі жанында отыр». Сұраққа жауап бере...

Kazakh
Тіленші жайында бірер сөз
Бекболат би ұзақ жасады, әбден қартайды. Арғынның игі жақсылары жиналып, Бекеңе сәлемдесуге келді. Сонымен қабат ойларын айтты: «Орнына қай баласын лайықтайтынын өз аузынан естігілері келетінін білдірді. Бекеңнің бәйбішесінен екі ер баласы, тоқалынан бір ұл, бір қызы бар еді. Бәйбішесі жанында отыр». Сұраққа жауап бере алмай, тұнжырап төмен қарап отыра берді. Кенет үйдің бір жағында түрулі тұрған жібек шымылдық түріліп, бір жас қыз шыға келді. Үй толы адамдарға бас иіп, сәлем берді де: – Уа, құрметті аталар! Он екі ата арғын сіздерді аз ғана қаракесектен шығып Бекем билеп еді, Бекемді әйел де болса шешем билеп еді. Бекем айтпайын демесе, шешемнен қаймықпаса, Тіленшіжанды айтпайтын несі бар, Тіленшіжанның ел билемейтін несі бар, – деді де, шымылдықты түсіріп, қыз көзден таса болды. Бекең басын көтеріп, қалың қабағын ашты да: «Сол шіркіннен үмітім бар», – деді. Бидің бұл шешімін жанында отырған бәйбішесі мақұлдады: – Сол шіркіннен менің де үмітім бар еді-ау! Бірақ... байдың әруағы ақ бура, Тіленшіжанның әруағы ақ тайлақ еді. Ол әлі шөгіп, әлі тұрады, әлі тұрып, әлі шөгеді. Осы шіркін ер жетіп, дәрежесі көтерілсе, елді бір түзеп, бір бұзып, мазасын кетіреді-ау деп ойлаймын, – деді қарт ана. Шынында, бәйбішеден туған екі ұл момын еді, тоқалдан туған Тіленші пысық, аса зейінді болатын. Ата мен ана балаға сыншы ғой, қарттар қателескен жоқ. Олардың пікірін жиналған жұрт қостады, Тіленшіні би көтеруге ұйғарды. Бұл кезде Тіленші жылқыда еді, малын жайып келіп, енді Нұраға қаптат қанды. Ақ киізін, асыл киімдерін алып, ел адамдары Нұра бойындағы мал суатына келді. Барлық мал суға түсіп, сусындап тұр. Малшылар суаттан кейінірек төбешікте киімдерін үйіп қойып, ойын соғып жүр. Тіленші сол асыр салып жүрген топтың ішінде. Ел адамдары өзен жағасына, бір қырқаға түсті де, Тіленшіні шақыртты. Ол киімдерін киіп, жиынға келіп сәлемдесті. Ақсақалдар оған ұрыса бастады: – Әкең қартайды, көзі тірісінде оның орнына сені би көтермекпіз. Ал, сен қойшы-қолаңшымен алысып-жұлысып, қадірлі басыңды кішірейтіп жүрсің. Мұның ұят емес пе? – десті. Тіленші сөйлеуге рұқсат алып, былай деді: – Әкем ханның да, елдің де қадірлі адамы болды. Оған ел жақсылары келсе, кідіріссіз кіріп, ұзақ әңгімелесетін, келгендегі шаруасын айтып, оны тындырып қайтатын еді. Ал момын шаруалар, әсіресе кедейлер мен малшы-жалшылар айбарлы биге кіре алмайтын, көп уақыт босқа тұрып, мұң-мүддесін, тілегін айта алмай, ренжіп қайтатын еді. Сонда мен: «Ержетіп, ел құрметіне бөленген адам болсам, әлсіз адамдар, момын шаруалар қаймықпай кіріп, арызын айта алатындай болсам-ау!» – дейтін едім. Сол мақсатпен кедейлерді, малшы-жалшыларды осы бастан жақын тартып, өзіме үйретіп жүрмін. Маған ісі түскендей болса, «өзіміздің Тіленші ғой деп бөгелмей кіріп, арманын жасырмай айтатын болсыншы» деген ойдамын. Жиналған жұрт түгел риза болып, Тіленшіні құрметпен би көтерді. Бекболат би ұзақ жасады, әбден қартайды. Арғынның игі жақсылары жиналып, Бекеңе сәлемдесуге келді. Сонымен қабат ойларын айтты: «Орнына қай баласын лайықтайтынын өз аузынан естігілері келетінін білдірді. Бекеңнің бәйбішесінен екі ер баласы, тоқалынан бір ұл, бір қызы бар еді. Бәйбішесі жанында отыр». Сұраққа жауап бере алмай, тұнжырап төмен қарап отыра берді. Кенет үйдің бір жағында түрулі тұрған жібек шымылдық түріліп, бір жас қыз шыға келді. Үй толы адамдарға бас иіп, сәлем берді де: – Уа, құрметті аталар! Он екі ата арғын сіздерді аз ғана қаракесектен шығып Бекем билеп еді, Бекемді әйел де болса шешем билеп еді. Бекем айтпайын демесе, шешемнен қаймықпаса, Тіленшіжанды айтпайтын несі бар, Тіленшіжанның ел билемейтін несі бар, – деді де, шымылдықты түсіріп, қыз көзден таса болды. Бекең басын көтеріп, қалың қабағын ашты да: «Сол шіркіннен үмітім бар», – деді. Бидің бұл шешімін жанында отырған бәйбішесі мақұлдады: – Сол шіркіннен менің де үмітім бар еді-ау! Бірақ... байдың әруағы ақ бура, Тіленшіжанның әруағы ақ тайлақ еді. Ол әлі шөгіп, әлі тұрады, әлі тұрып, әлі шөгеді. Осы шіркін ер жетіп, дәрежесі көтерілсе, елді бір түзеп, бір бұзып, мазасын кетіреді-ау деп ойлаймын, – деді қарт ана. Шынында, бәйбішеден туған екі ұл момын еді, тоқалдан туған Тіленші пысық, аса зейінді болатын. Ата мен ана балаға сыншы ғой, қарттар қателескен жоқ. Олардың пікірін жиналған жұрт қостады, Тіленшіні би көтеруге ұйғарды. Бұл кезде Тіленші жылқыда еді, малын жайып келіп, енді Нұраға қаптат қанды. Ақ киізін, асыл киімдерін алып, ел адамдары Нұра бойындағы мал суатына келді. Барлық мал суға түсіп, сусындап тұр. Малшылар суаттан кейінірек төбешікте киімдерін үйіп қойып, ойын соғып жүр. Тіленші сол асыр салып жүрген топтың ішінде. Ел адамдары өзен жағасына, бір қырқаға түсті де, Тіленшіні шақыртты. Ол киімдерін киіп, жиынға келіп сәлемдесті. Ақсақалдар оған ұрыса бастады: – Әкең қартайды, көзі тірісінде оның орнына сені би көтермекпіз. Ал, сен қойшы-қолаңшымен алысып-жұлысып, қадірлі басыңды кішірейтіп жүрсің. Мұның ұят емес пе? – десті. Тіленші сөйлеуге рұқсат алып, былай деді: – Әкем ханның да, елдің де қадірлі адамы болды. Оған ел жақсылары келсе, кідіріссіз кіріп, ұзақ әңгімелесетін, келгендегі шаруасын айтып, оны тындырып қайтатын еді. Ал момын шаруалар, әсіресе кедейлер мен малшы-жалшылар айбарлы биге кіре алмайтын, көп уақыт босқа тұрып, мұң-мүддесін, тілегін айта алмай, ренжіп қайтатын еді. Сонда мен: «Ержетіп, ел құрметіне бөленген адам болсам, әлсіз адамдар, момын шаруалар қаймықпай кіріп, арызын айта алатындай болсам-ау!» – дейтін едім. Сол мақсатпен кедейлерді, малшы-жалшыларды осы бастан жақын тартып, өзіме үйретіп жүрмін. Маған ісі түскендей болса, «өзіміздің Тіленші ғой деп бөгелмей кіріп, арманын жасырмай айтатын болсыншы» деген ойдамын. Жиналған жұрт түгел риза болып, Тіленшіні құрметпен би көтерді.
English
A few words about Tіlenshі.
Bekbolat bi lived a long life and grew very old. The good people of the Argin gathered to greet Bekbolat. At the same time, they expressed their thoughts: "They wanted to hear from his own mouth which of his sons he would deem worthy to take his place. Bekbolat had two sons from his first wife and one son and one daughter from his second wife. His first wife was sitting beside him." He sat quietly, unable to respond, looking downcast. Suddenly, a silk curtain that was standing on one side of the house was drawn back, and a young girl appeared. She bowed to the people in the house and greeted them: – Oh, esteemed grandfathers! The twelve clans of Argin have come from a small Karakesek, and Bekbolat ruled over you; even though Bekbolat was a man, my mother ruled over him. If Bekbolat does not wish to speak, and if he is not afraid of my mother, what is there that Tilenchi cannot say, and what is there that Tilenchi cannot rule over the people? – she said, and then she lowered the curtain and disappeared from sight. Bekbolat raised his head and opened his thick eyebrows, saying: "I have hope in that young one." The first wife sitting beside him approved of this decision: – I had hope in that young one too! But... the spirit of the rich is like a white bull, and the spirit of Tilenchi is like a white calf. He still lies down, still stands, still stands, and still lies down. I think that if this young man grows up and rises in status, he will either correct or disrupt the people, causing them distress, – said the old woman. Indeed, the two sons born of the first wife were meek, while Tilenchi, born of the second wife, was sharp and very attentive. The father and mother are the critics of the child, and the elders were not mistaken. The gathered people supported their opinion and decided to elevate Tilenchi to the position of bi. At that time, Tilenchi was with the horses, having brought them to graze, and now he was rushing to Nura. The people took their white felt and precious clothes and came to the watering place for the livestock by the Nura. All the livestock were in the water, drinking. The herders later piled their clothes on a hill and were playing. Tilenchi was among the group that was playing. The people went down to the riverbank, to a hill, and called for Tilenchi. He put on his clothes and came to the gathering to greet them. The elders began to scold him: – Your father is growing old; while he is still alive, we intend to elevate you to the position of bi in his place. Yet, you are wrestling with shepherds and laborers, diminishing your esteemed self. Isn’t this shameful? – they said. Tilenchi asked for permission to speak and said: – My father was a respected person among both the khans and the people. When the good people of the land came to him, they would enter without delay and have long conversations, stating their matters and resolving them. But meek farmers, especially the poor and the herders, could not enter the formidable bi; they would stand for a long time without being able to express their grievances and wishes, returning disappointed. Then I would think: "If I grow up and become a person respected by the people, I would like weak people and meek farmers to be able to enter without fear and express their complaints!" – I would say. With that goal, I have been drawing closer to the poor and the herders from the very beginning, teaching them. If they have business with me, I hope they will think, "It’s our Tilenchi, let’s enter without hesitation and express our desires openly." The gathered people were all pleased and respectfully elevated Tilenchi to the position of bi.