Сапақ бидің ұтқырлығы

Бәйменнің шаршы топта Сапақ сияқты төбе биді көптің алдында сөгіпті деген сөз бар. Оның мәнісі: Бәймен бір топ адамдарымен жолаушылап келе жатып алдынан атылған мылтықтың дауысын естіді. Тезірек жүріп келсе Сапақ ауылының бір мергені киікті атып алып отырады. Бәймендер келуіне мерген жігіт киікті бұлардың қанжығасына б...

Kazakh
Сапақ бидің ұтқырлығы
Бәйменнің шаршы топта Сапақ сияқты төбе биді көптің алдында сөгіпті деген сөз бар. Оның мәнісі: Бәймен бір топ адамдарымен жолаушылап келе жатып алдынан атылған мылтықтың дауысын естіді. Тезірек жүріп келсе Сапақ ауылының бір мергені киікті атып алып отырады. Бәймендер келуіне мерген жігіт киікті бұлардың қанжығасына байлайды. Бәймен: – Киігің арам, астыңа басып жатырсың. Арам киігіңді Сапаққа апарып бер, сол жесін, – деп ілгері жүріп кетеді. Мерген жігіт киікті Сапаққа беріп жатып Бәйменнің сөзін биге айтады. Сапақ мырс етіп күліп жібереді. Арадағы өсекшілер Бәйменге: «Сапақ сенің қызыңды балағаттапты» деп жеткізеді. Бәйменнің көптің алдында Сапақты сөгуінің себебі осы екен. Өсекшінің кесірінен атақты екі би осылайша өкпелесіп тарасады. Арада бір-екі жыл өтіп Құлдықтан Бәймен жеңіліп хан қасынан Сырға көшіп келе жатқанын Сапақ естіп отыр еді. Түнімен көшкен көш сәскелете белгілі бір құдыққа келіп көліктерін тынықтырып алу үшін тоқтаса, құдықтың басында түйе суғарып үлкен бір қария тұрады. Оған Бәймен сыртынан келіп сәлем берсе, қариясы Сапақ болып шығады. Бәймен бұрылып кете алмай, Сапаққа жақындай түсіп: – Ассаламумағалейкум, Сапеке!, – дейді. Көзін алақанымен көлегейлеп Бәймен екенін анықтап алып Сапақ: – Уағалейкум уассалам! Бәймен би көштің бе сырға сиырыңмен, Бақшақтан Құлдық шықты ма бүйіріңнен. Қорада қасқыр соққан қара айғыр едің-ау, Кеше түсте дөнен қуып шықты ма үйіріңнен. Ақыры зиян тауып жер аудың ба, Тәкаппар мінезіңнің сүйірінен. Қанша мықты болсаң да осы соққы, Өтіп кеткен шығар-ау сүйегіңнен! – дейді. Сонда Бәймен атын бауырға осып-осып жіберіп: – Су ішпесең, у іш! Кеше түсте Құлдықтан оқ тиіп омақассам, бүгін сені суарамын деп Сапақтың ажал оғына тап болдым. Енді менің де өмірім ұзаққа бармас, – деп, Сырға көшімен жүре беріпті.
English
The Wit of Sapak Bi
There is a saying that Baimen scolded the prominent bi Sapak in front of a crowd. The meaning of this is: While Baimen was traveling with a group of people, he heard the sound of a gunshot ahead. As he hurried along, he saw a marksman from the village of Sapak shooting a gazelle. The marksman tied the gazelle to their saddle as Baimen approached. Baimen said: - Your gazelle is cursed, you are stepping on it. Take your cursed gazelle to Sapak, let him eat it, - and he walked ahead. As the marksman handed the gazelle to Sapak, he relayed Baimen's words to the bi. Sapak chuckled. Gossipers then told Baimen: "Sapak has insulted your daughter." This was the reason for Baimen's public scolding of Sapak. Due to the gossip, the two famous bis ended up being upset with each other. A year or two later, Sapak heard that Baimen had been defeated in Kulqut and was moving to Syrga from the khan's side. As the caravan traveled all night and stopped at a certain well to rest their vehicles, an elderly man was watering camels at the well. When Baimen approached him to greet him, it turned out to be Sapak. Unable to turn away, Baimen got closer to Sapak and said: - Assalamualaikum, Sapake! Upon shading his eyes with his palm and recognizing Baimen, Sapak replied: - Wa alaikum assalam! Baimen, are you moving with your cattle to Syrga? Did Kulqut come out from your side? You were a black stallion that a wolf attacked in the corral, Did your herd chase away the foal yesterday afternoon? In the end, did you suffer loss and get exiled? From the sharpness of your proud nature. No matter how strong you are, this blow, Must have passed through your bones! - he said. Then Baimen, striking his horse's flank, replied: - If you don't drink water, drink poison! Yesterday afternoon, I was hit by a bullet from Kulqut, and today I fell into Sapak's deadly arrow. Now my life will not last long either, - and he continued on his way to Syrga.