Қара дауыл

Ел жайлаудан қайтып, ойға беттеген мезгілі екен. Солайша Ұлытауды жазық даламен жалғастыратын сары адырлар күзек. Таудың етегі кілт түрілетін осы тұстан басталатын жалпақ далаға ел малын қаптатып жіберген. Қора-қора қойларды жайып жүрген қойшылардың қостары дала төсінен андыздап көрінеді. Ал салтанатты ақ боз үйлер шоғ...

Kazakh
Қара дауыл
Ел жайлаудан қайтып, ойға беттеген мезгілі екен. Солайша Ұлытауды жазық даламен жалғастыратын сары адырлар күзек. Таудың етегі кілт түрілетін осы тұстан басталатын жалпақ далаға ел малын қаптатып жіберген. Қора-қора қойларды жайып жүрген қойшылардың қостары дала төсінен андыздап көрінеді. Ал салтанатты ақ боз үйлер шоғыры көгалды алқап, ағашы қалың, суы мол бұлақ басына шоғырланған. Талдыбұлақ пен Алматы өзендерінің жағасын саялаған үйлердің шоғыр-шоғыр қарасы әр тұстан көз тартады. Әлмерек батыр түс ауа ат ерттеп мініп, ойдағы малшылар ауылын аралап қайту үшін даладағы мал жатқан жазыққа беттеп жүріп кетеді. Содан күн бата оралады да: – Біраздан кейін қатты дауыл басталады, – дейді келе сала үйдегілерге ескертіп, – ауыл-ауылға хабарлаңдар, қас қарайғанша үйлерін арқанмен бастырып, дауылға жығылмайтындай шараларын жасап алсын. Батырдың ескертуі лезде-ақ маңайдағы ауылдарға түгел естіледі. Сонда батып бара жатқан күннің қабағына қараған адамдар аспанды сықасқан қою қара қошқыл бұлт қымтай жауып тұрғанын көреді. Арғы көкжиектен қара бұлт қайнаған қазанның буындай будақтайды. Расында бір сойқанның сұрқы көрініп тұрған сықылды. Кейбіреулер мұны күздің әдеттегі сіреспе сұрғылт бұлты деп жориды да, бейғам отыра береді. Ал батырдың сөзіне ден қойғандар жаңбыр жауса, суы үйдің ішіне кірмесін деп үйлерінің іргелерін морлайды. Алды-артына арнайы қазық қағады да, ұзын қыл арқанмен бастырып, дауыл екпініне қозғалмастан төтеп тұратындай етіп бекітіп тастайды. Күн кешкіре құйқадай сықысқан қара қошқыл бұлт аспанды тұтастай қаптайды. Қатты жел тұрады. Тозаңды будақ-будағымен көкке көтереді. Бірте-бірте күшейген желдің арты жер-дүниені сапырылыстыра шайқаған дауылға айналады. Жаңбыр араласып, ышқына дүркіреген дауыл әлемді қара түнекке айналдырып жібереді. Сол қалыппен түні бойы тынбай, дамыл алмай соғады да, келесі күні түс әлетінде ғана басылады. Осы астаң-кестең кезінде Әлмерек батырдың айтқанын орындап, қам жасап алғандар: «Әруақты батыр емес пе, айтқаны айнымай келді», – десіп танданысады. Табиғаттағы тосын құбылыстың зардабын шекпегендеріне қуанысады. Ал ескертпеге немқұрайды қарағандардың үйлері жығылып, мылжа-мылжа болып күйреп қалған. Соның салдарынан паналап, бас сауғалар жер таппай, қатты азап тартады. Табиғаттың осынау тосын апатының зардабынан кейін бұл өңірдің елі енді Әлмерек батырдың аузына қарайды. Әрқашан айтқан болжамдарына сай әрекеттерді мүлтіксіз орындайды. Сөйтіп, батыр ылғи да мал қыстату, төл алу, жайлауға көшу, малды індеттен сақтау шаралары туралы болжам, бағдарын алдын ала айтып отырады. Соның арқасында ел-жұртта нақты шаралар қолданып, тосын апаттардан жапа тартып зардап шекпейді. Сөйтіп, Әлмерек батыр енді елге пайдалы ізгі ойларының арқасында «абыз» атанады да кетеді.
English
Black Storm
The people were returning from the summer pastures, heading towards the plain. Thus, the yellow hills that connected Ulytau with the flat land stood guard. The wide plain, which began from this point where the mountain's foot suddenly opened up, was filled with the herds of the people. The shepherds tending to the flocks of sheep could be seen from afar, their yurts dotting the landscape. Meanwhile, the majestic clusters of white yurts were concentrated near the lush meadow, thick with trees and abundant springs. The clusters of houses lining the banks of the Taldybulak and Almaty rivers caught the eye from all directions. In the afternoon, the hero Almerik saddled his horse and set off towards the plain where the livestock were grazing to visit the village of the herders. As the sun began to set, he returned and said: – A strong storm will start soon, – he warned the people at home, – inform the villages, let them secure their houses with ropes before it gets dark, so they can take measures to withstand the storm. The hero's warning quickly reached all the nearby villages. Those who looked at the setting sun saw that the sky was completely covered with thick, dark clouds. From the distant horizon, black clouds billowed like the steam from a boiling pot. It truly seemed like a disaster was looming. Some interpreted this as the usual gray cloud of autumn and remained carefree. Meanwhile, those who took the hero's words seriously hurried to protect their homes, ensuring that rainwater would not enter. They drove stakes into the ground in front and behind and secured their houses with long ropes, preparing to withstand the force of the storm without moving. As evening approached, the dark clouds thickened and completely enveloped the sky. A strong wind arose, lifting dust clouds into the air. Gradually, the strengthening wind turned into a storm that shook the earth. Rain mixed in, and the roaring storm plunged the world into darkness. It raged throughout the night without pause and only subsided the next day around noon. During this chaos, those who had heeded Almerik's advice and prepared said: "Isn't he a blessed hero? What he said came true," they marveled. They rejoiced at not suffering the consequences of nature's sudden phenomenon. Meanwhile, those who had been indifferent to the warning found their houses collapsed and in ruins. As a result, they suffered greatly, unable to find shelter or safety. After this unexpected disaster from nature, the people of this region now looked to Almerik for guidance. They consistently followed his predictions and acted accordingly. Thus, the hero always provided forecasts regarding wintering livestock, giving birth, moving to summer pastures, and measures to protect animals from disease. Thanks to this, the people implemented concrete measures and did not suffer from unexpected disasters. Thus, Almerik became known as "the sage" among the people due to his beneficial thoughts.